Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы



ЖОСПАР

Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы қарым.қатынас (БҰҰ). 2
Қазақстан және Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі Ұйым арасындағы қарым.қатынасы (ОБСЕ). 18
Қазақстан мен Солтүстік Атлант Келісімі Ұйымының қарым.қатынасы.(НАТО) 21
Қазақстанның Оңтүстік.Шығыс Азия мемлекеттерімен қарым.қатынасы.(АСЕАН) 23
Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы. 26

ЖОСПАР

Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы қарым-қатынас (БҰҰ).
2
Қазақстан және Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі
Ұйым арасындағы қарым-қатынасы (ОБСЕ). 18
Қазақстан мен Солтүстік Атлант Келісімі Ұйымының қарым-
қатынасы.(НАТО) 21
Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы.(АСЕАН)
23
Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы. 26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы қарым-қатынас (БҰҰ).

Қазақстан БҰҰ-на 1992 жылы 2 наурызда мүше болды.Бұл оқиға
Республиканың Халықаралық ұйымдар жүйесіне кірігуінің бастапқы сәті
болды.Республикамыздың Премьер-Министрі болған Қ.Қ.Тоқаев өзінің кітабында
Қазақстанның БҰҰ-на кіруі өзінің мәні жағынан тарихи шара болып келгендігін
атап көрсетті.
БҰҰ-да сөз сөйлегенге дейін қазақстандық дипломаттар:Қазақ КСР сыртқы
істер министрлері Б.Бөлтірікованың және М.И.Исеналиевтің БҰҰ Бас
Ассамблеясының жұмысына қатысқандығын атап кеткен жөн.Алайда сол кезде
Қазақстан халықаралық құқықтың субьектісі болған жоқ.Сондықтан
Республиканың дербес сыртқы саясаты жөнінде сөз қозғау мүмкін емес-тің.
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің маңызды бағыты БҰҰ-
ның ең өкілдік органы-Бас Ассамблеядағы жұмысы болып табылады.Тәуелсіз
мемлекеттің өкілі ретінде Қазақстан делегациясы қатысқан бірінші форум БҰҰ
Бас Ассамблеясының 47 сессиясы (1992 ж.) болды.
БҰҰ БА-ның 47 сессиясында көпшілік алдына алғаш шығып және БҰҰ БА-ның
кейінгі жұмысына белсенді қатысып,біздің Республикамыз өзін тым қауіпсіз
әлемнің құрылуына,ғаламдық тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосуға ұмтылған
осы әмбебап және беделді әлемдік ұйымның жаңа толық құқылы мүше -мемлекеті
ретінде жария етті.
Қазақстан делегациясының БА-ның 47 сессиясының жұмысына қатысуының
қорытындыларын жасай отырып, ҚР Сыртқы Істер министрі Қ.Қ.Тоқаев
Қазақстанның әлем сахнасына алғаш шығуы сәтті өтті деп
қорытындылады.Біздің мемлекетіміз іс жүзінде ғаламдық қауіпсіздікке
көмектесетін әлем қауымдастығының қатарында лайықты орын алды.
Қазақстан делегациясы БҰҰ БА-ның 49 сессиясының жұмысына белсенді
қатысты.ҚР-ның БҰҰ-ғы тұрақты өкілі А.Х.Арыстанбекова БҰҰ БА-ның 49
сессиясы Төрағасының орынбасары болып сайланды.БҰҰ БА-ның осы сессиясында
295 қарар қабылданды.Қазақстан 20 қарардың қосавторы болды.Сессияның
мәжілістерінде және БҰҰ-ның басты комитеттерінде Қазақстандық делегация
мүшелері 13 ресми баяндамамен сөз сөйледі.
Қазақстан әскери-саяси,әлеуметтік-экономикалы қ,гуманитарлық сипаттағы
көптеген мәселелердің шешілуіне,сондай-ақ халықаралық –құқықтық,қаржы және
әкімшілік-бюджет мәселелерінің талқылануына тікелей қатыстырылды.Қазақстан
делегациясы БҰҰ-н реформалау,Әлеуметтік даму мақсатында жоғары деңгейдегі
дүниежүзілік кездесу,Халық саны жөніндегі конференция, Ядролық қаруды
таратпау тұралы келісімшарт,т.б. жөніндегі конференция өткізу мәселелерін
қарастырды.
Қазақстанның БҰҰ-да танығандығын оған Ғарыш кеңістігін бейбіт
мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің (КОПУОС) толық құқықты мүшесі
мәртебесін беру тұралы БА-ның 49 сессиясының шешімі дәлелдеді.Осы сессияда
Қазақстан БҰҰ-ның әлемде ақпарат ролінің күшейген сайын беделі жоғарылай
түсетін ақпарат жөніндегі комитетінің мүшесі болды.Қазақстан сонымен бірге
Елді мекен жөніндегі комиссияның (ХАБИТАТ) құрамына сайланды.
БҰҰ-ның құрыду күні мен Жарғысының қабылдануынан бастап
өзгеріске ұшыраған жағдайларда ұйымның бұрын қолданған тұрақты
бейімдеу тәжірибесі бізді енді қанағаттандыра алмайды. Алдағы
жүзжылдықта нәтижелі жұмыс істеу үшін БҰҰ өзінің маңызды
әлеуетін:оның ішінде бар болатын өзара толықтырушы және нығайтушы
механизмдерін ашып көрсетуі тиіс.Басқаша айтқанда БҰҰ-ның
реформалануы біртіндеп емес, түбегейлі болуы тиіс.Осыған байланысты
БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннанның есептеуінше үш қадам жасауы
қажет.Олардың әрқайсысы мүше-мемлекеттер тарапынан қолдауды талап
етеді.
Бірінші қадам БҰҰ Хатшылығы шеңберінде Ұйымға оның алуан түрлі
қызмет саласында бірыңғай механизм ретінде қызмет жасауға мүмкіндік
беретін тиісті құрылымдарын құруымен байланысты. Бұл барлығы да
тар қатармен жүріп қызмет етеді дегенді білдірмейді.Бұл осындай
механизмнің әрбір құрамдас бөлігіне тән нақтылы өзіне тән
ерекшеліктерін жоюды да қамтымайды.Сонымен қатар, Бұл Ұйымның оған
кіретін стратегиялық бағыттағы бөлімшелерін пайдалануға мүмкіндігінің
болуын қажет етеді.Олардың арасындағы бәсекелестікті айтпағанның
өзінде жарыстыра салыстырушылық пен олардың жұмысында жарыса
жүргізуден аман болуы қажет.Осы мақсатқа қол жеткізуге реформа
жөніндегі ұсыныстардың көбісі бағытталған, олардың ең маңыздылары
Бас Хатшының бірінші орынбасары қызметін, Аға басшылар Тобын,
Стратегиялық жоспарлау Тобын, 4 секторлық атқарушы комитеті мен даму
мәселелері жөніндегі БҰҰ –ның Тобын құруды көздейді.
Екінші негізгі қадам Ұйымның директивтік органдары мен Бас
Хатшы арасында қызметтерді қайта бөлумен байланысты.Ең бастысы
қырғи қабақ соғысы дәуіріне тән сыртпен қатынасты үзу саясаты
тәжірибесімен байланысты себептермен Ұйымды бұзып тастаушы елеулі
мөлшердегі факторлар негізінде директивтік шешімдер жатыр.Мүше-
мемлекеттер есепті болуды талап етеді және оған лайық, алайда
Хатшылыққа да өзіне жүктелген міндеттерді шығындар тұрғысынан ең
тиімді түрде орындау үшін икемділік қажет.Қазіргі жағдай бірде бір
жақтың мүдделеріне жауап бермейді.Бұл проблеманың шешілуіне БҰҰ Бас
Хатшысы Кофи Аннанның реформа жөніндегі бірнеше ұсыныстары соның
ішінде БА-ның күн тәртібі мен жұмысын ретке келтіруге және жаңа
мандаттарды лимиттейтін ережелердің қабылдануына қатысты ұсыныстар
жіберілген.
Ең соңында, жүйелердің ең тиімділері шеңберінде негізгі рольді
кадрлар атқарады.БҰҰ қызметкерлері белгілі бір шамада олардың
қызметтерін тиімді орындалуын ынталандырмай, қиындататын ережелер мен
мәселелердің болуы себебінен жұмсалып жататын аса бай ресурсты
білдіреді.Ұйымға мансапты дамытудың өміршенді бағдарламасы, мақтау мен
жазалауға үлес жұмыс нәтижелерінің нақтылы өлшемдері мен
бағалаулары, сондай-ақ оған қызмет ететіндерге энтузиазм беретін
және біріктіретін корпоративтік мәдениет қажет.
Қазіргі заманның талаптарына уақытында жауап беретін
жаңартылған БҰҰ өз бетінше байып қана қоймайды жаңа жүз жылдықта
сенім-сезімін беретін болады.
БҰҰ-на мүше-мемлекеттердің көбісі оны реформалауды
қолдайды.Олар XXI ғасырдың басында ешбір халықаралық құрылым егер
бүгінгі күннің өзінде Батыс Еуропада,Оңтүстік-Шығыс Азия мен
Солтүстік Америкада жаңа күш орталықтарының қалыптасуында көрініс
беріп отырған жаңа ғаламдық тепе-теңдікті ескермейтін болса ғаламдық
қауіпсіздік пен әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын тиімді
шеше алмайтындығын жете түсінді.
Жалпы БҰҰ-ның құрылуына келер болсақ,Біз өмірде ешқашан
бұдан маңызды шешім қабылдамаймыз- осындай сөздермен БҰҰ Жарғысын
жасау жөніндегі Сан-Франциско конференциясының төрағасы қорытынды
мәжілісті жапты.Оның сөзі әділ болды. Соғыстан кейінгі тарихта
жарты ғасырдан астам бұрын -1945 ж. 26 маусымда қол қойылған
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы сияқты естілетін, терең мағынасы бар
ұжымдық халықаралық құжат болған емес.
БҰҰ Жарғысын жасау бойынша конференция теңіз жағасындағы
американдық Сан-Франциско қаласында болып өтті.Онда фашистік Германия
мен милитаристік Жапонияға қарсы соғыс жарияланған 50 мемлекет
өкілдері жиналып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Декларациясына қол қойды.
Кейінірек оларға Польша қосылды. Бұл мемлекеттер – БҰҰ - ның алғашқы
мүшелері болды.
850-ден астам делегат жалпыға бірдей бейбітшілікті сақтауға
көмектесүі тиіс халықаралық ұымның Жарғысы бойынша бар күшін салып
жұмыс істеді.Конференцияның әртүрлі комитеттері 400-ге жуық мәжіліс
өткізді және осы мәжілістер барысында пікір алысулар мен
шиеленіскен даулар жағдайында Жарғының әрбір тұжырымы, әрбір сөзі
тараз басына салынды.Әрине, бірқатар мәселелер бойынша түйінді
келіспеушіліктер пайда болды. Алайда, бейбітшілікке ұмтылыс, тиімді
халықаралық ұйым құруға деген ниет ала ауыздық пен қайшылықтарды
жеңе алды.
1945 ж.25 маусымда конференция делегаттары соңғы реет Сан-
Францискода Опера театрының залында пленарлық мәжіліске жиналды.
Конференцияның төрағасы делегаттардың назарына БҰҰ Жарғысының
жобасын ұсынды. Осы әлемдік оқиғаның тарихи мәніне орай ол қол
көтерумен дауыс берудің дәстүрлі әдісіне бас тартуға шақырды.
Жарғының қолдауға салынған кезде дауыс беру әдеттен тыс әдіспен
өткені бекер емес. Иә деп дауыс беруге ықылас танытқандардың
барлығына төраға орындарынан тұруларын ұсынды. Оған жауап ретінде
барлық делегаттар орындарынан тұрды. Барлығы да түрегеп тұрды—жай
қызмет атқарушылар, баспасөз,радио өкілдері мен 3 мыңға жуық
қонақтар.
1945 ж. 24 қазанда бес ұлы державалар — КСРО, АҚШ, Англия,
Франция, және Қытай бекітуші грамоталардың бекітіліп, сақтаутауға
беріліп және құрылтайшы-мүшелердің басқа көптеген мемлекеттерінің
парламенттері мақұлдағаннан кейін БҰҰ Жарғысы күшіне енді. БҰҰ
құрылды, осы кезден күрделі кең пішінді әлемдегі оның қиын жолы
басталды.24 қазан тарихқа БҰҰ күні деген атпен еніп, жыл сайын
атап өтіледі.
БҰҰ-ның құрылуының алдында әмбебеп халықаралық қауіпсіздік
ұйымын құру туралы шешімі орын алған 1942 ж. 1 қаңтардағы 26
мемлекеттердің Вашингтон конференциясы ,1943 ж. 30 қазандағы КСРО,
АҚШ, және Англия сыртқы істер министрлігінің жалпыға бірдей
қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу декларациясы болды. 1943 ж. 1 желтоқсанда
бұл шешім одан жоғары деңгейде: одақтас мемлекеттер — Ұлыбритания,
КСРО,АҚШ, басшыларының Тегерен конференциясында расталды.
1944 ж.21 тамызда Думбартон-Окста (Вашингтон қаласының маңы)
КСРО, АҚШ өкілдерінің конференциясы шақырылды. Конференция жарғының
жобасын дайындады.Кейінірек жобаны Қытай мақұлдады.
Қырым конференциясында үш мемлекет өкілдері Ұйымның Жарғысын
дайындауды аяқтау үшін 1945 ж. Сәуірде Сан-Францискода конференция
шақыру жөнінде келісті.АҚШ пен Англия Ман-Францискода КСРО-ның
Украйна мен Белоруссияның БҰҰ-ң құрушы мемлекеттеріне айналсын
деген ұсынысын қолдауға міндеттеме алды.
Сөйтіп. БҰҰ-ң құру туралы идеялар мен нақтылы шешімдер
екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, гитлерлік Германия мен оның
одақтастарының болмай қалмайтын жеңілісі айналасында айқын көрініс
бере бастаған жаңа әлемдік тәртіпті орнату жағдайында туды.
Сол кезде адамзат тарихындағы ең қантөгісті және қиратушы
екінші дүниежүзілік соғысының барлық қорқынышын басынан кешірген
халықтар дүниежүзілік соғыс апатының ешқашан қайталанбауы үшін
сенімді кепілдіктер орнатуға батыл тұрды. Адамдардың үміттері мен
армандары әркімнің өзінің өмірін өз қалауынша құру құқығын
қамтамасыз етуге бағытталды.Әлем халықтар арасындағы қатынастарда
жаңа дәуір басталатынын, бұл қатынастар мемлекеттердің бейбіт
ынтымақтастығы ұстанымына негізделетінін күтіп, сенім артты.
БҰҰ-ның құрылуы бейбіт сүйгіш күштердің соғысқа қарсы ,
халықтар арасында достық қатынастарды дамыту үшін күресте
маңызды белес болды.Ұйым жалпыға бірдей бейбітшілік пен
қауіпсіздікті сақтау, экономикалық және әлеуметтік өрлеуге жәрдемдесу
үшін халықаралық ынтамақтастық органы ретінде ойластырылып,
құрылды.Әлбетте, бұл фашистік агрессия алдында әлсіз болып қалған
ұлттар Лигасының тәжірибесі емес,ортақ ортақ күресте гитлерлік
Германияны талқандаған Гитлерге қарсы ұлы коалицианың тәжірибесі
еді.Ұлттар Лигасының басты кемшілігі оның агрессия актілеріне
қарсы, бейбітшіліктің бұзылуына қарсы тиімді және шешімді шаралар
қабылдауға мүмкіндігінің болмауында, оған қоса агрессияны тоқтату
және бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға әрекетті механизмінің
болмауынан тұрды.
Әлемнің үміті БҰҰ Жарғысында нақтылы көрініс тапты. Жарғы
Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің саяси-құқықтық негізі болды.Оны
жасауда бейбіт сүйгіш елдерге бейбітшілікті сақтау мен барлық
мемлекеттердің,үлкен және кішілердің теңдігін қамтамасыз етудің
жаңа принциптік мәселелерінің қойылуына қол жеткізуге сәті
түсті.Соның арқасында БҰҰ бейбітшілік пен халықтардың өрлеуінің
нағыз құралына айналды.
БҰҰ Жарғысы преамбуладан (кіріспеден) және 111 баптан құралған
19 тараудан тұрады. БҰҰ Жарғысы басқа көптеген халықаралық
құжаттарға қарағанда, Біз,Біріккен Ұлттар халықтары, келер ұрпақты
соғыс апатынан сақтап қалуға батылдыққа толы боламыз деген
сөздерімен басталады.
БҰҰ Жарғысының ерекшілігі БҰҰ-ның басты огандарының өздері
олардың қызмет саласына қатысы бар,БҰҰ Жарғысының ережелерін
түсіндіре алуында және іс-тәжірибе жүзінде түсініктеме беруінен
де тұрады.БҰҰ Жарғысы мемлекеттердің міндеттемелері БҰҰ Жарғысы
жөніндегі басқа қандай да бір халықаралық келісім бойынша
олардың міндеттемелерімен қайшылықты болғанда, артықшылық күшке БҰҰ
Жарғысы жөніндегі міндеттемелер ие болатынын көздейді.Сөйтіп БҰҰ
Жарғысы прогрессивті дамудың негізі болып табылады.Оның бірінші
бабында мынандай мақсаттар қойылған:
1.Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап тұру...
2.Ұлттар арасында тең құқылық және халықтардың өзін-өзі билеу
принципі негізінде достық қатынастарды дамыту...
3.Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық
сиппаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру...
4.Осы ортақ мақсаттарға қол жеткізуде ұлттарндың іс-
әрекеттерін келістіру үшін орталық болу...
2 бапта былай делінген 1 бапта көрсетілген мақсаттарға
қол жеткізу үшін, ұйым және оның мүшелері келесі Принциптерге
сәйкес әрекет жасайды:
1.Ұйым оның барлық Мүшелерінің егеменді теңдігі принципіне
негізделеді,
2.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері осы Жарғы
бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді адал орындайды...
3.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері өздерінің
халықаралық дауларын бейбіт әдістермен, халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікке және әділеттілікке қауіп төндірмейтіндей шешеді;
4.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері өздерінің
халықаралық қатынастарында күшпен қоқан-лоққы жасаудан немесе оны
кез-келген мемлекеттің аумақтық қол сұғылмаушылығы немесе саяси
тәуелсіздігіне қарсы қолданудан тартынады.
5. Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері оның осы
Жарғыға сәйкес жасайтын барлық әрекеттерінде оған қолдан кегенше
көмек көрсетеді.
6.Ұйым оның Мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің осы
принциптерге сәйкес әрекет жасауын қамтамасыз етеді,өйткені ол
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет болуы
мүмкін;
7.Осы Жарғы ешбір жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымына іс
жүзінде кез-келген мемлекеттің ішкі құзіреттілігіне кіретін
істерге араласуға құқық бермейді...
Сөйтіп, БҰҰ Жарғысында тең құқылық, өрлеу және бостандық
идеяларының күрделі халықаралық-құқықтық жағынан танылуы мен
бекітілуі орын алды.Бұл,сөз жоқ, бейбітшілік пен демократия
күштерінің ірі саяси табысы болып келеді.Міне, сондықтан да БҰҰ
Жарғысы,сөзсіз қазіргі заманның ең танымал халықаралық құжаттардың
бірі болып табылады.Ең жақсы тексеріс ─ бұл уақытпен тексеру екені
белгілі.БҰҰ Жарғысы уақыт сынынан өтті.
Шын мәнінде,БҰҰ өзінің Жарғысына дәлме-дәл сәйкес әрекет
еткен еткен жағдайда ғана,өз қызметінде қолайлы нәтижелерге
жеткен, бейбітшілік нығайтуға жәрдемдесті және халықтарға белгілі
бір пайда әкелген.Және керісінше, оның жарғысы әрбір кезде
бұзылмағанда бұл оның әдеттегі қызметін қиындатты және іс
жүзінде БҰҰ-н әрекетсіздік пен сәтсіздікке дұшар етті, ол өзінің
міндеттерін толық атқара алмады.
Сан-Францискода соңғы мәжілісте сол кездегі АҚШ-тың бұрынғы
президенті Трумен былай деп мәлімдеді: Егер біз Жарғыны қолдана
алмайтын болсақ, бізге еркін және қауіпсіздік жағдайында осы
Жарғыны талқылап қабылдау үшін осында жиналуға мүмкіндік беру
үшін өз өмірлерін салған барлықтардың алдында сатқын болып
қаламыз.Егер біз, -деп жалғастырды ол,- оны өзімшілдік істерде –қандай
да бір ұлттың немесе үлкен емес ұлттар тобының мүддесіне
пайдалануға талпыныс жасайтын болсақ — біз осындай сатқындықта тағы
да кінәлі боламыз.
БҰҰ-ның 50-жылдан астам тарихы барысында Батыстың ұйымды
өзінің саясатына қызмет етіп қоюға, оны ұлт-азаттық қозғалысты
басу және қазіргі заманғы мемелекеттер мен халықтардың ішкі
істеріне араласудың құралы ретінде пайдалануға әрекет жасаған
оқиғалар да болды.
БҰҰ-ның бас пәтері Нью-Йоркте Манхэтен аралындағы ыңғайлы
39 қабаттық ғимаратта орналасқан.Көлемі 18 акр (7,3 га) жер
учаскесінде БҰҰ-ның саябағы мен архитектуралық кешені орналасқан,
оны Ұйымға миллиардер Рокфеллер сыйға тартқан және қазірде
халықаралық аумақ аумақ болып табылады. Бұл учаскені Рокфеллер Ист-
Ривер жағалауындағы үйінділер мен лашық үйлер ауданында 8.млн
долларға сатып алған екен.Учаскеге қарасты жерлерге баға бірден
қымбаттап кетті, аудан шапшаң түрде гүлдене бастады.Нью-Йорк
метросының жер үсті бөлігі гүрсілдеген жерде алюмений -әйнектен
жасалған көп қабатты үйлермен стильмен жөнделген қонақ үйлер,
жаңғыртылған адам тұратын үйлер өсті.Бұл аудан Нью-Йорктегі
көріктілердің біріне айналды.
Ист-Риверде БҰҰ-ның көп қабатты үйлердің құрылысына
американ үкіметі Ұйымға 65 млн. доллар қарыз берді, оны БҰҰ өзінің
бюджетінен уақытында өтеді.
БҰҰ ғимараты бетон ,құрыш, әйнек және алюменийге бекітілген
.Бұл бір ғимарат емес, үш өзара байланыстырылған негізгі
құрылыс:БҰҰ Хатшылығының офистері орналасқан 39 қабаттан тұратын
көп қабатты үй; Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік
Кеңесінің залдры ,фойе ,барлар мен мейрамханалар орналасқан өзенге
қарама-қарсы созылған аласа конференция ғимараты; пленарлық
мәжілістер залымен қатар, Ассамблея комитеттері мәжіліс құратын
төрт зал орналасқан Бас Ассамблеяның ғимараты.
Қазір БҰҰ –ның Мүшесі 189 мемлекет болып табылады.Және
жаңа жас тәуелсіз мемлекеттер саяси тәуелсіздігін жариялағаннан
кейін БҰҰ-ның мүшесі болуды міндет санайтыны атап кетерлік
жәйт.Бұдан олардың Біріккен Ұлттар Ұйымына сенімі, қазіргі әлемдегі
басқа халықаралық ұйымдарда жоқ қасиеттеріне ие болатын адамзат
тарихындағы бірден-бір саяси ұйымына деген құрметі өз көрінісін
табады
БҰҰ-ның басты органдары және олардың қызметі.БҰҰ-ның басты
органдары ретінде оның Жарғысының 7-бабында Бас Ассамблея,
Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Халықаралық
сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес,Секретариат аталды.
Бас Ассамблея барлық мүше-мемлекеттер бірден қатынасатын
бірден бір орган болып табылады.Олардың әрқайсысы өзінің көлеміне,
қуаты мен мәніне қарамастан тең құқылық жағдайға ие. Ұйымның әрбір
мүшесінің Бас Ассамблеяда тек бір ғана дауысы бар, бірақ әрбір
делегацияның құрамына ,БҰҰ Жарғысының 9 бабына сәйкес бес өкілге
дейін кіру мүмкін.
Маңызды мәселелер бойынша Бас Ассамблеяның шешімдері
қатысушылардың үштен бірі мен Ассамблеяның дауыс беруші
мүшелерінің көпшілігімен қабылданады.
Бас Ассамблея кезекті жыл сайынғы сессияларға қыркүйектің
үшінші сейсенбісінде және жағдайлар талап ететін арнайы сессияларға
жиналады.Арнайы сессияларды Бас Секретариат Қауіпсіздік Кеңесі
немесе Ұйым Мүшелерінің көпшілігінің талабы бойынша шақырылады,-деп
БҰҰ Жарғысының 20 бабында айтылған.
Жарғының 10 бабында Бас Ассамблея Жарғы шеңберінде кез-
келген мәселелер мен істерді талқылау және олар бойынша БҰҰ
Мүшелеріне ұсыныстар шығару құқығына ие екендігі жазылған.Ол
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісінде
ынтымақтастықтың ортақ принциптерін, соның ішінде қарусыздану мен
қару-жарақтардың реттелуін анықтайтын принциптерді қарастырады, осы
прнциптерге қатысты Ұйым Мүшелеріне немесе Қауіпсіздік Кеңесіне
ұсыныстар жасай алады,-деп атап өтіледі Жарғының 11 бабында.
Бас Ассамдлеяның БҰҰ-ның ішкі өмірімен байланысты бірқатар
айрықша өкілеттілігі бар: Қауіпсіздік Кеңесінің 10 тұрақты мүшелерін,
сондай-ақ Экономикалық Және Әлейметтік Кеңестің 54 мүшесін
сайлайды, ол басқа бірқатар органдарды, комиссиялар мен комитеттерді
құрады. Біріккен Ұлттардың барлық органдары , Қайіпсіздік Кеңесін
қоса Ассамблеяның қарауына жыл сайынғы және арнайы баяндамалар
ұсынады.
Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша жаңа мүшелерді
қабылдайды және БҰҰ Бас Хатшысын тағайындайды.
Бас Ассамблея Ұйымның бүкіл бюджетін қаратырып бекітеді және
мүше мемлекеттер арасында әрбір елдің жан басына жаққандағы
табысына сәйкес оның шығындарын ұсынады.
Ассамблеяның тұрақты сессиялары, әдетте үш айға жуық
созылады. Ассамблея ретке келтірілген механизм ретінде жұмыс
істейді.Әдетте күніне екі мәжіліс болады.Әрбір мәжілісте үш-төрт
шешен сөз сөйлейді.Мәселелердің тиянақты талқылануы Бас Ассамблеяның
комиттетерінде өтеді.
Бірінші комитет- іс-тәжірибелік мәселелер мен қарусыздану
мәселелерін қоса, қауіпсіздік мәселелері жөнінде.
Арнайы саяси комитет –оған бірінші комитеттің құзырына
кіретін мәселелердің бір бөлігі тапсырылады.
Екінші комитет – экономикалық және әлеуметтік мәселелер
жөнінде.
Үшінші комитет - әлеуметтік,гуманитарлық мәселелер және
мәдениет мәселелері жөнінде.
Төртінші комитет – қамқорлық және өзін-өзі басқармайтын
аумақтар мәселелрі жөнінде.Онда отаршылдықты жою мәселелері
қарастырылады.Отаршылдықтың ыдырауына және соңғы өзін-өзі басқару
мәртебесінің берілуіне орай, төртінші комитет өзінің өкілеттілігін
орындап шықты.
Бесінші комитет - әкімшілік және бюджет мәселелері жөнінде.
Алтыншы комитет - құқықтық мәселелер жөнінде.
Сонымен қатар, Ассамблеяның әрбір сессиясында сессияның
ұйымдастырушылық мәселелерімен шұғылданатын Бас комитет және
Өкілеттілікті тексеру жөніндегі комитет құрылады.
БҰҰ-ның ресми тілі бастапқыда ағылшын, испан, қытай, орыс,
француз, ал кейінірек араб тілі де болды.БҰҰ-ның құрылу сәтінен
бастап жұмыс тілдері ағылщын, француз және испан тілдері
болды.Соңғысы жұмыс тілі ретінде БҰҰ-ның екі басты органдарында – Бас
Ассамблея мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесте қолданылады.
Алайда БҰҰ-ның нағыз мүдделеріне ешқандай қатысы жоқ
бірқатар себептермен БҰҰ-ның құрылу сәтінен бастап ресми тіл болып
табылатын орыс тілі Бас Ассамблеяның XXIII сессиясына дейін жұмыс
тілі ретінде ресми енгізілген емес. XXIII сессияда Бас Ассамблея
орыс тілін БҰҰ-ның бас органдарында – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік
Кеңесінде жұмыс тілдері қатарына ресми қосу туралы шешім
қабылдады.
БҰҰ бейбіт сүйгіш күштердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
Біріккен ұлттар ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен Ұлттар Ұйымы мақсаты
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
ТАРАУ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Пәндер