Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы


Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы

2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001-2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - тұрақты даму (ТД) институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.

Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметгің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі XXI ғасырға тұрақты дамуын зерттеу сектораралық ынтымақтастықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. Сонымен қатар, тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құруға ықпал етеді. Бағдарламаны басқару комитеті жүзеге асырады, оған министрлік өкілдері мен ведомстволар, донорлар кіреді. Сектораралық басқару үлгісі болатындай оның отырысына Парламент мүшелері мен халықаралық ұйымдар шақырылады.

Ел бойынша оперативті мәлімет базасында ұлттық сарапшылар бағдарлама бойынша жұмыстардың түгелге жуығын атқарады. Алынған нәтижелер Қазақстан жағдайында шынайылығымен көрініп, қаржылай ұсталған шығынды қысқартады.

Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: «Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау», реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.

Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «ҚР-ның кедейлікті жеңу бойынша бағдарламасы» мен қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық әрекет жоспарыңың арнаулы жұмысшы тобымен, сонымен қатар Б¥Ұ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы (ЕЭК) шеңберінде «нәтижелі экономикалық қызметтің шолуымен өзара бірлестікте үйлестіріліп» жүзеге асырылады.

Тұрақты дамудың жергілікті, ведомстволық, ұлттық және халықаралық деңгейімен байланысты бағдарламалар мен мониторинг жобалары жоспарлы түрде өтіп тұрады. Қазіргі кезде экологиялық жобалар басымдылығымен көрінуде.

Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта қоршаған ортаны қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар мен ұсыныстар дайындалды.

Атап айтқанда, ҚР 2010 ж. дейінгі ұзақ мерзімді дамуының стратегиясы, ҚР 2005 ж. дейінгі су қорларын пайдалану мен қорғау бағдарламасы, «2003-2007 жж. Қазақстан ормандары» мен т. б.

Бүкіл дүниежүзілік министрлер Саммитіне Алматыдағы аймақтық кездесудің дайындығы бойынша Орталық Азия елдерінің экономика, қаржы және Қоршаған ортаны қорғау министрлері: «Каспий экологиялық бағдарламасының мәртебесін кеңейтуден» «Каспий бассейніндегі тұрақты даму бағдарламасын, Каспий жағалауындағы мемлекеттердің экономикалық бағдарламаларын интеграциялау мақсатымен жаңа технологиялық бизнесті дамыту жобаларына» дейін атты шешім қабылдады. Қабылданған міндеттемелерді орындауда мұнай-газбен ластану және Каспий проблемалары бойынша сектораралық комитет әрекет жасайды. Оның мақсаты - Каспий экологиялық бағдарламасын дайындау.

Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестірілуімен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесі (ТДҰК) атқарушы орган немесе жеке жоба аясында 21-кезектегі мәселемен шұғылдануы мүмкін.

Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларының ауқымында көп жақты әлеуетті қалыптастыру. Бұл бағыттың негізгі функциялары: қоршаған орта бойынша халықаралық конвенциялардың орындалу рәсімдерін қолдау және бағалап, талдау; ортақ шараларды табу мен үйлестіру, ведомствоаралық механизмнің әлеуметтік және экономикалық бағдарламадар интеграциясы. Бұл келіспеушілікті, қайталауларды болдырмауды, сонымен бірге бюджеттік және донорлық қаржыны пайдалану тиімділігін арттырады.

Конвенция бойынша құрылған әлеуметтік халықаралық ынтымақтастық бөлімінің негізі ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілуі тиіс.

Осы тақырыптық бағыт шеңберінде халықаралық және трансшекаралық бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін донорлар тартылды.

Тек қана экологиялық үйлестірудің қажет еместігін, бірақ қол қойылған халықаралық шарттар мен тұрақгы дамуға байланысты барлық (конвенциялар, келісімдер, хартиялар мен декларациялар) бскітілгендерді ескерте кету керек. Атап айтқанда, әлеуметтік даму жөніндегі Копенгаген декларациясы (1995 ж. ), Күн тәртібіндегі Хабитат (Стамбул мен Найроби декларациясы), Еуропалық энергетика Хартиясы мен энергетика тиімділігі бойынша хаттама және экологиялық аспектісіне сәйкес Бүкіл-элемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау бойынша Конвенция, мұнайдың ластануынан келген зиянға азаматтық жауапкершілік туралы конвенция және басқалары.

Түрақты даму үшін ынтымақтастық . А. Сектораралық ынтымақтастық.

Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық 21-кезекті мәселе мен жергілікті 21-кезекті мәселені зерттеп іске асыру процесін қолдау, Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін (ТДҮК) құру және қолдау.

2002 ж. Қазақстандық 21-кезекті мәселенің тұжырымдамасы мен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін құру қабылданды. Ол стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттікпен және Сыртқы істер Министрлігімен өзара тығыз байланыста қызмет жасап отыр.

ҚР Үқіметінің ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарға байланысты әрекеті министрліктермен және всдомстволармен тұрақты даму бойынша Ұлттық жоспардың қызметін қалыптастыруы мүмкін.

Ғаламдық 21-кезектегі мәселенің компоненттерін енгізу бойынша мониторинг өткізіліп, тұрақты дамудың алға басу бағасымен ақпаратты бағдарлама қоса жүзеге асырылады. Осындай ақпаратты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтеріндегі итернет-серверіне орналастыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл Қазақстанның халықаралық арнадағы жағымды имиджін нығайтып, қалыптастыру да өте маңызды.

Осы бағыттың басты идеясы - тұрақты дамудың ынтымақтастығы үшін сектораралық кедергілерді жеңу, барлық секторлар мен салалардың әлеуметтік және ғаламдық әріптестікке өтуі болып табылады.

Күн тәртібіндегі XXI ғ. - бұл, бір жағынан қолданыстағы бағдарламалар мен жобалардың үйлестірулері жөніндегі шаралары (мұнда ерекше қаржыландыру қажет емес), екінші жағынан инвестициялық және өз шығынын өзі өтейтін жекелеген тізімдемелер сияқты үлкен жоспарлар мен бағдарламалар, гранттар. 21-кезектегі мәселелер жобалары салааралық және сектораралық сипатымен ерекшеленеді, мысалы:

- жергілікті және трансшекаралық 21-кезектегі мэселелер, іле- балқаш бассейнін тұрақты дамыту;

- экологиялық туризм, орнықты мекендер мен қалалар, экологиялық үй құрылысы, жаңғыртылмалы энергия көздері;

- биосфсралық резервтер, экологиялық-экономикалық аймақтар, ғылыми серуентоғайлар (парк) ;

- экологиялық таңбалау мен өнімдерді сертификациялау, технологиялық желі мен қызметкерлердің әлемдік стандартқа өтуі, жалпы сапалы басқару;

- экологиялық бизнесті дамытудың инкубаторы;

- тұрақты даму қорын қайта инвестициялау желісі;

- дамыған елдерге экологиялық қызмет көрсету, сыртқы берешекті жаңғырту;

- тұрақты дамудың заңын немесе кодексі мен заң жобасының ТД үшін мониторингін дайындау, ҚР-ның заң шығару базасы аппаратының куәгерлігін жетілдіру.

«Тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» бағдарламасының щеңберінде Бүкіләлемдік тұрақты (БТДС) дамуы бойынша Саммитке Қазақстанның дайындығын үйлестіріп, жүзеге асырады.

Қазақстанныц 21-кезектегі мәселесін әзірлеуге байланысты жұмыс тиімділігін күшейту үшін және БҰҰ ТД бойынша Бүкіләлемдік Саммитіне дайындықпен Республикалық Ведомствоаралық комиссия құрылды (РВК) . «Тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» бағдарламасы тұрақты заңды мәртебесіңің тұрақтылықтың жоғары дәрежесімен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесінің Амстердамдағы экологиялық орталыққа, Үндістанның ТЕRІ аймақтық немесе РЭЦ венгерлік орталықтарына ұқсас жұмысшы органы болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тенденциясы мен перспективасына шолу. РИО+10-ға ұсыныстар» жөнінде Ұлттық баяндама дайындалды.

Б. Аймақтық ынтымақтастық.

Мемлекстаралық интеграция - Республиканың сыртқы саясатындағы маңызды басымдылықтың бірі. Қазақстан осы шеңберде ТМД аумағындағы жетекшілердің бірі болып есептеледі. Сондықтан, тұрақты даму мен қоршаған ортаны басқару бойынша субаймақтық ынтымақтасу және аймақтық жандандыруда немесе алғы шептен көрінуі керек. Аймақтық ынтымақтастық бойынша тақырыптық топ қызметінің негізгі бағыты мемлекетаралық тұрақты даму комиссиясына, Орталық Азия мен ТМД- ның Тұрақты Даму стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыруда дайындық бойынша РПДООС-қа, ПРООН, ЮНЕП-пен және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуда қолдау көрсету болып табылады. Болашақта - ТМД бағдарламаларымен өзара іс-әрекет, «Орталық Азия ынтымақтастығы (ОАЫ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиядағы сенімділік шаралары бойынша кеңеспен (АСШК) бірлесе жұмыс істеу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Экожүйелік қызметтердің экономикалық құндылығын бағалау
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Экожүйелік қызметтердің мысалдары
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz