Валюталық биржа


Жоспар
<h4>КІРІСПЕ
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда - қор биржасының және т. б. жандануына әкелді.
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді. </h4>
Биржа дегеніміз бұл - ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:
- Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
- Қор биржасы;
- Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.
Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта - биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасыланатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Биржалар 15 - 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т. б. болып бөлінеді.
Валюта Биржа - валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдікэкономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта Биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.
<h4>Осы тақырыптың маңыздылығы - қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика, құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.
Осы жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қор биржаларының қалыптасуының мәселелерін, оның қазіргі жағдайын, онда жасалатын мәмілелер түрлерін қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:
- Валюталық қор биржасының түсінігін және пайда болу алғышарттарын қарастыру;
- Қор биржасын қатысушыларын мен басқару органдарын зерттеу;
- Шетел тәжірибесіндегі валюталық қор биржасының қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында қор биржасының дамуын салыстырмалы талдау;
- Қор биржасында атқарылатын валюталық операциялар жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдарын қарасыру.
Жобалық жұмыс кіріспе, тақырыпты теориялық аналитикалық тұрғыдан бөлімдер және қорытындыны қамтыған.
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
- ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ПАЙДА
БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады. [1, 231 бет]
Қор биржасы - құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. [1, 231 бет] </h4>
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. "Биржа" деген терминнің шығуы туралы көптеген болжамдар бар. Соның бірі ежелгі грек сөзі XVI ғасырда пайда болған, ол Бельгиядағы Брюгге қаласындағы алаңнан (de borse) шыққан; бұл алаңда XIII ғасырда көпестердің жиналыстары өтетін болған. Шамамен 100 жыл өткеннен кейін, XVII ғасырда, биржалар Америка құрлығында да пайда бола бастады. Алғашқы қор биржасы XVII ғасырда Голландияда бағалы қағаздарды шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғасырда биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастайды. Қор биржаларының ең кең дамыған кезі - капитализмнің монополизм сатысына өту кезеңі, яғни XX ғасырдың басы. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында баяулауына себепші болады.
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта - теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні - 1993 жылдың 17 қарашасында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және жиырма үш жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты - теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
Алғашқы екі жыл бойы жаңа құрылған биржа тек шетел валюталарының сауда-саттығын ұйымдастырумен айналысты. 1994 жылдың тамызынан бастап Биржалық кеңес Биржа Басқармасына бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметін дамыту мәселесі бойынша сұрақтарды пысықтауды тапсырды, ал биржаның әрі қарай қызметінің бағытталуын белгілеу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен биржаның атауы "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" (тіркелген жазуы - "ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-ҚОР БИРЖАСЫ") . Жаңа атаумен биржа 1995 жылдың 12 шілдесінде қайта тіркелді.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді, олар сатылатын тауарға байланысты: қор биржасы, валюта биржасы, тауар биржасы, еңбек биржасы.
Биржа түрлі қаржы құралдарын, сондай-ақ валютаны сататын және сатып алатын мамандандырылған сауда орталығы ретінде жұмыс істейді. Бұл - ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарымен операция жүргізу алаңы. Түрлі инвестициялық құралдарға қаржы салуда, көбіне бұл құнды қағаздар түрінде болып келеді, зейнетақы жинақтары зейнетақы активтеріне айналады.
Биржа бүкіл әлем салымшылары ең төменгі есептік тәуекелі мен соған сәйкес үздік дәрежедегі халықаралық тәжірибесі бар кең спектрдағы қаржы құралдарын саудалауға, сонымен қатар биржаның әр алуан әрі сапалы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік алатын аймақтық жетекші қаржы нарығы болып табылады.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келсімге келу үшін кездесетін орын.
Ұйымдастыру - құқықтық түрғыдан қор биржасы дегеніміз ресми бекітілген ережелер бойынша, биржалық делдалдардың қатысуымен қор құндылықтарын сатушылар мен сатып алушылар арасындағы сауда мәмілелері жүзеге асырылатын, жұмыс тәртібі реттелген қаржылық делдал мекеме болып табылады. Мұндағы ережелер мемлекет заңдарымен және биржа заңдарымен белгіленеді.
Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаз-дарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;
- ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;
- жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұра-ныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.
Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шо-ғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды. [1, 231 бет]
Қор биржасы мен оның қызметкерлерінің құнды қағаздармен тікелей еш мәміле жүргізбейтінін айта кеткен жөн. Қор биржасы осындай мәмілелерді өткізуге жағдай жасайды, қызмет көрсетіп, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, оларға орын беріп, кеңестік және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет ұйымдастырып, сол мәмілені жүзеге асыру үшін бәрін жасайды.
Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар. Бірқатар елдерде өздерінің ұлттық тарихи қалыптасқан қор биржалары жүйесі бар. Құқықтық мәртебесі түрғысынан алғанда әлемде қор биржасының үш түрін кездестіруге болады: бұқаралық құқықтық, жекеменшік және аралас.
Бұқаралық - құқықтық типтегі қор биржалары тұрақты мемлекет қадағалауында болады (Германия, Франция) . Мемлекет биржа сауда ережелерін құруға қатысады және олардың орындалуын қадағалайды, сауда кезіндегі құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, биржа маклерлерін тағайындап, оларды жұмыстан босатады.
Жекеменшік компаниялары ретінде қор биржалары (Англия мен АҚШ) акционерлік қоғамдар түрінде құрылады. Мұндай биржалар мүлдем өз бетінше қызмет жасайтын органдар. Биржадағы барлық мәмілелер елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу құқықтық жауапкершілікті талап етеді. Биржалық сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету және сауда мәмілелерінің тәуекелін төмендетубойынша мемлекет өзіне еш кепілдік бере алмайды.
Егер қор биржалары акционерлік қоғам ретінде құрылып, бірақ олардың капиталының кем дегенде 50%-ы мемлекетке тиесілі болса, олар аралас ұйымдар типіне жатады. Мұндай биржалар көшінің басында сайланбалы биржалық комиссар биржа қызметін қадағалап, биржалық курсты ресми түрде тіркеп отырады.
Бір орталықта (моноцентрлік) және көп орталықты (полицентрлік) биржалық жүйелерді айырады. Бір орталықты биржалық жүйе жағдайында (Франция мен Жапония) басты орында елдің қаржы орталығында орналасқан бір биржа болады, ал қалған биржалар жергілікті маңыз алады (Лондон халықаралық қаржы биржасы) . Көп орталықта жүйе жағдайында елде басты қор биржасынан басқа бір неше ірі қор биржалары қызмет етуі мүмкін (Канада биржалар) . АҚШ-та биржалық сауданың дамуы бір орталықты жүйеге де, көп орталықты жүйеге де жатқызуға келмейтін ерекше қор биржаларының жүйесінің пайда болуына алып келеді. Бұл елде Нью-Йорк қор биржасының сәзсіз басымдығына қарамастан, аймақтық биржалық институттар оның қосалқы бөліміне айналмай, өз дербестігін сақтап, жалпы мемелекеттік биржа жүйесі шегінде қызмет жүргізіп келеді.
Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып табылады. Биржаның негізгі рөлі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан мемлекет пен түрлі субъектілеріне несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының ел экономикасындағы ролі меншіктің мемлекет тарапынан кету дәрежесімен, дәлірек айтсақ, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі акционерлік меншіктің үлесімен анықталады. Сондай-ақ биржа ролі тұтасымен алғанда құнды қағаздар нарығының даму деңгейіне байланысты.
<H4>1. 2. ҚОР БИРЖАСЫН ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға солғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу - бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші.
Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.
Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан, биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді. [2, 199 бет]
Құрылтайшы неғұрлым көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық-материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Әйтсе де құрылтайшылардың көптігі биржаны басқаруды күрделендіреді деген де тұжырым бар. </h4>
Құрылтайшылардың құрамы биржаның түріне байланысты болады. Мысалы, тауар биржасын құрушылар жеке тұлға да, сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін.
Биржаны құрушылардың оны ұйымдастырушысы ретіндегі міндеттері:
- биржаның ішкі нормативтік құжаттарын дайындау;
- биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру;
- биржаның ұйымдық-құқықтық формасына сәйкес көлемде жарғылық капитал жинақтау;
- биржа мүшелерін таңдап алу;
- белгіленген тәртіп бойынша биржаны тіркеуден өткізу;
- биржалық сауданың ұйымдастырушысы құқығын беретін лицензия алу;
- биржа мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу.
Биржаның жарғысына сай оның мүшесі болып жарғылық капиталын қалыптастыруға не мүшелік жарна, не жабдықтарына мақсатты жарна төлеген жақтар саналады. Жеке тұлға да, заңды тұлға да биржа мүшесі болуы мүмкін.
Биржалық сауда-саттыққа кім қаласа сол қатыса алмайды, тек оның мүшелері ғана қатысады.
Биржаның мүшелері кейбір елдерде тек жеке тұлғалар, кейбір елдерде тек заңды тұлғалар бола алады. Алғашқыларының қатарына бағалы қағаздармен жеке дара сауда жасайтын тұлғалар (биржаның біліктілік талаптарына сай келетін, қаржылық және инвестициялық мәселелер жөніндегі маман) жатады. Заңды тұлғалардан биржада мамандандырылған несиелік-қаржылық мекемелер өкілдік етеді, олардың құрамына тар мамандандырылған биржалық фирмалар (брокерлік фирмалар мен инвестициялық банктер) кіреді.
Тағы бір ерекшелігі - биржаның барлық мүшелері ондағы өздерінің орындарын сатып алады. Бірақ бұл орайда биржаға мүше қабылдаған кезде, ақша басты айқындаушы жайт болып табылмайды. Оның әр мүшесі біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
Қор биржасының мүшелері екі санатқа бөлінеді. Олардың бірін брокерлер (биржалық маклерлер) құрайды, олар - бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да қаржылық активтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы мәмілелерді жасаған кездегі делдалдар, өздерінің делдалдығы үшін белгілі бір сыйақы алады (белгіленген пайызға сәйкес комиссиялық сыйақы, немесе куртаж) . Биржашылардың комиссиялық сыйақыларының мөлшерлемесі мәміленің көлеміне қарай құралады.
Брокерлер бағалы қағаздармен делдалдық мәмілелерді жасай отырып, клиенттердің тапсырмасы бойынша әрі солардың есебінен әрекет етеді. Кейбір жағдайларда олар мәмілелерді өз есебінен жасауы мүмкін. Қазіргі кезде делдалдық операциялардың негізгі бөлігін банктермен тығыз байланысы бар ірі брокерлік фирмалар жүзеге асырады.
Қор биржасының мүшелерінің екінші тобы дилерлерден құралады, бұлар - бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысатын жекелеген тұлғалар немесе фирмалар, банктер. Олар өз атынан және өз есебінен әрекет етеді. Дилерлер мәмілелерді тек өз араларында және брокерлермен ғана жасай алады. Дилерлердің пайдасы сатушының бағамы мен сатып алушының бағамының арасындағы айырманың есебінен, сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздардың бағамдарының өзгерістері есебінен, яғни, түптің түбінде өздері бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын бағалардың айырмасы ретінде қалыптасады. Делдалдық операциялармен дилерлер айналыспайды.
Биржа мүшелерінің құқығы мыналар:
- биржаның жалпы жиналысына қатысу және оның ісін басқару;
- басқару және бақылау органдарын сайлау және оларға сайлану;
- биржаның мүлкін, ақпаратын және көрсететін барлық қызметін пайдалану;
- биржа залында өз атынан және өз есебінен (дилер қызметін орындау), сондай-ақ клиент атынан және клиент есебінен (брокер қызметін орындау) сауда жүргізу;
- биржа жабылғаннан кейін оның қалған мүлкін алуға қатысу
Биржа мүшелерінің міндеттері:
- биржаның жарғысын және басқа да ішкі нормативтік қүжаттарын орындау;
- жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөл-шерде және тәртіпте жарна төлеу;
- биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге атсалысу [2, 201 бет]
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялармен айналысатын биржашылар «аюлар» мен «бұқалар» болып бөлінеді. Түсіруге ойнайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өздерінде әлі жоқ бағалы қағаздарды мәміле жасау кезінде бекітілген баға бойынша мерзімге сатады да, мәміленің мерзімі аяқталардан сәл бұрынырақ бағалы қағаздарды төменірек бағам бойынша сатып аламыз да, мерзімді мәміленің шартында белгіленген жоғарырақ бағаға сатамыз деп үміттенеді. Көтеруге ойнайтын биржашылар («бұқалар»), керісінше, бағамның жоғарылайтынын күтіп, бағалы қағаздарды мерзімге сатып алады да, соңынан оларды олжалы сатамыз деп үміттенеді.
Қор биржасы заңды тұлға болып табылады, сондықтан өзінің құрылымы мен жұмысының мәселелерінде ол түгелдей дербес әрекет етеді. Әр биржада дерлік нормативтік құжаттардың тұтас бір тобы болады, олар биржаның бүкіл жұмысын реттемелейді, оның мүшелері үшін біліктілік талаптарын және компанияларға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді. Ең маңызды құжаттардың бірі биржалық сауданың ережелері болып табылады.
Қор биржасы коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Оның қызметі өзін өзі ақтау қағидасына негізделеді. Қор биржасы коммерциялық ұйым емес. Биржаның ұйымдық құрылымы қойылған міндеттерді орындауға және биржалық сауданы ұйымдастыруға шығынды аз шығаруға мүмкіндік туғызуға мүдделі олуы тиіс. [2, 201 бет] Қор биржаларының ұйымдық құрылымы және оның басқару органдары бүкіл елдерде шамамен бірдей.
<h4>1-сурет. Биржаның ұйымдық құрылымы
Биржаның жоғары басқару органы - акционерлердің жалпы жиналысы. Оның негізгі қызметі:
- пайданы бөлу;
- төрағаны және биржа кеңесінің мүшелерін сайлау және оларды қызметінен түсіру;
- жарғыға және басқа реттеуші құжаттарға өзгеріс енгізу;
- биржа ісінің бағдарламасын бекіту;
- жылдық есебін қарау және оны бекіту туралы шешімдер қабылдау.
Жалпы жиналыс аралығында биржа жұмысын қолма-қол басқару және бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Ол биржа акционерлерінен сайланады. Оның құрамына биржа президенті мен тексеру комиссиясының төрағасы кеңесші дауыс құқығымен кіреді. </h4>
Қор биржасының ағымдағы қызметін қолма-қол басқарушы орган - басқарма. Оның құрамына президент, вице-президенттер және қосалқы қызметкерлер кіреді. Биржалық кеңес бекіткен президент қор биржасының міндеттерінің орындалуына жеке жауапты, сондай-ақ ол биржаның құрылымдық бөлімдерінің қызметіне де жауап береді. Қаржылық-шаруашылық қызметке ішкі бақылауды тексеру комиссиясы жүргізеді. Ол комиссияның төрағасы және оның екі орынбасарынан тұрады. Комиссия құрылымдық бөлімшелердің экономикалық жағдайларын тұтас тексеріп, одан кейін биржаның жылдық есебі және баланстары бойынша қорытынды жазады.
Биржаның келесі атқарушы органы - арбитраждық комиссия. Ол мәмілеге қатысушылар арасындағы шаруашылық мәселелердің құқықтық тұрғыдан дәл шешілуін тексереді. Егер брокерлік фирма төлем немесе құжат жеткізу мерзімдерін орындамаса, арбитраждық комиссия айыппұл төлеу, ресми ескерту, кінәлілерді биржа мүшелігінен шығару тәрізді жаза қолданады.
Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листинг тізіміне енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл бөлім сенімсіздеу эмитенттердің қаржы активтерін қор биржасына түсірмеу мақсатында бағалы қағаздарды мұқият талдау негізінде қатаң сараптау және іріктеу жүргізеді. Сөйтіп, листинг инвесторлардың мүддесін қорғауды және биржа айналысындағы бағалы қағаздарға олардың сенімін арттыруды қамтамасыз етеді. Мыс, АҚШ-та бағалы қагаздарды 20 мыңнан астам әртүрлі фирмалар мен компаниялар шығарады, алайда олардың тек оннан бір бөлігінің ғана бағалы қағаздарын биржада саудаға түсіруге рұқсаты бар. [4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz