Қазақстандағы пайдалы қазбалар



Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық Қазақстан аумақтық басқармасы (“Центрказнедра” АБ) 1992 жылы бұрынғы “Центргеология” өндірістік геологиялық бірлестігінің базасында құралып Орталық Қазақстан аумығы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын қорғау комитетінің аумақтық органы болып табылады. Ол Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтып, өз қызметін 674,5 мың шыршы километрде немесе республика жерінің 24,8% аумағында жүзеге асырады.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасының негізгі міндеті ҚР Заңдарында көзделгендей минералдық шикізаттардың барлық түрін, жер асты су көздерін геологиялық зерттеу, өндіру және ұқсату кезінде жер қойнауын қорғау және рационалды пайдалану саласында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ережелер мен нормаларын сақтаудғы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Біздің басқарманың құрамында 3 бөлім мен 5 аумақтық инспекциялары бар. Олар өз міндетттерін ғылыми-техникалық кеңес, пайдалы қазбалар қоры жөніндегі аумақтық комиссия арқалы атқарады.
Сондай-ақ басқарманың геологиялық мұражайы, геологиялық материалдарың қоймасы да бар.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасы өткен 2002 жылы геологиялық барлау жұмыстарының негізгі көлемін республикалық инвестициялар, аз мөлшерде мемлекеттік бюджет есебінен орындады. Бұл іске шетелдік инвестициялар да тартылды. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет есебінен 2002 жылы Қызылшоқы кен алаңында іздестіру және бағалау жүмыстары атқарылып, мыс қорынын есебі жасалынды. Ол 400 мың тоннадай құрайды. Объектіні мүдделі инвесторға беріп, барлау ісі аяқталғаннан кейін, аталған кен орында 300-дей адам енбек ететін кен өндіру кәсіпорны құрылуы мүмкін.Республика астанасын сумен жабдықтау үшін Нұра өңіріндегі жер асты суларының қорына дереу зерттеу жасалынды. Бұған дейін аз зерттелген Семей және Сарышаған полигондары төнірегіндегі 21.403 шаршы километрді геологиялық жағынан жете зерттеу жөніндегі далалық жұмыстар аяқталды. Аталмыш аймақтардын геологиясы мен металлогениясы бойынша мүлдем жаңа мәліметтер алынып, аса қымбат, түсті металдар және басқа да минералды шикізат түрлерін іздестірудің перспективалы бірқатар жана алаңдары белгіленді.
Ал жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттары есебінен атқарылған шаруалар төмендегідей:
- “Нұрдаулет” ЖШС 2002-2003 жылдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының қорлар жөніндегі мемлекеттік

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық Қазақстан аумақтық
басқармасы (“Центрказнедра” АБ) 1992 жылы бұрынғы “Центргеология”
өндірістік геологиялық бірлестігінің базасында құралып Орталық Қазақстан
аумығы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі геология және жер қойнауын қорғау комитетінің аумақтық органы
болып табылады. Ол Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтып, өз
қызметін 674,5 мың шыршы километрде немесе республика жерінің 24,8%
аумағында жүзеге асырады.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасының негізгі міндеті ҚР Заңдарында
көзделгендей минералдық шикізаттардың барлық түрін, жер асты су көздерін
геологиялық зерттеу, өндіру және ұқсату кезінде жер қойнауын қорғау және
рационалды пайдалану саласында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ережелер
мен нормаларын сақтаудғы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Біздің басқарманың құрамында 3 бөлім мен 5 аумақтық инспекциялары бар.
Олар өз міндетттерін ғылыми-техникалық кеңес, пайдалы қазбалар қоры
жөніндегі аумақтық комиссия арқалы атқарады.
Сондай-ақ басқарманың геологиялық мұражайы, геологиялық материалдарың
қоймасы да бар.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасы өткен 2002 жылы геологиялық барлау
жұмыстарының негізгі көлемін республикалық инвестициялар, аз мөлшерде
мемлекеттік бюджет есебінен орындады. Бұл іске шетелдік инвестициялар да
тартылды. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет есебінен 2002 жылы Қызылшоқы
кен алаңында іздестіру және бағалау жүмыстары атқарылып, мыс қорынын есебі
жасалынды. Ол 400 мың тоннадай құрайды. Объектіні мүдделі инвесторға беріп,
барлау ісі аяқталғаннан кейін, аталған кен орында 300-дей адам енбек ететін
кен өндіру кәсіпорны құрылуы мүмкін.Республика астанасын сумен жабдықтау
үшін Нұра өңіріндегі жер асты суларының қорына дереу зерттеу жасалынды.
Бұған дейін аз зерттелген Семей және Сарышаған полигондары төнірегіндегі
21.403 шаршы километрді геологиялық жағынан жете зерттеу жөніндегі далалық
жұмыстар аяқталды. Аталмыш аймақтардын геологиясы мен металлогениясы
бойынша мүлдем жаңа мәліметтер алынып, аса қымбат, түсті металдар және
басқа да минералды шикізат түрлерін іздестірудің перспективалы бірқатар
жана алаңдары белгіленді.
Ал жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттары есебінен атқарылған
шаруалар төмендегідей:
- “Нұрдаулет” ЖШС 2002-2003 жылдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде
Қазақстан Республикасының қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Қосқұдық
кен оргындағы алтын-полиметалл кенінің, Солтүстік Балқаш өніріндегі
Көкзабай кен орнындағы қорғасын-мырыш кенінің қор көлемін белгіледі.
Барланған осынау кен орындарының базасында кеніштер салынуда. Олардың кен
қоры тиісінше 6 және 20 жылға жетеді.
- “Казхром” ААҚ зерттеулердің барысында Қарағанды облысындағы Тур кен
орындағы марганец рудасының қоры анықталды. Ол кеніштің 19-20 жыл жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді деп болжануда.
- “Жалын” ЖШС барлау жұмыстарының қорытындысында Қонырат кен орындағы
баланстан тыс бірнеше тотықтанған мыс рудаларының үйінді қорлары белгілі
болды. Бұрыннан жинақталған техногендік түзілістерді өңдеу жаңа жұмыс
орындарын ашып қана қоймай қосымша қаншама мыс алуға, ауданның экологиялық
жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
- “Ақмола Голд” ЖАҚ 1998-2000 жылдары Ақмола облысындағы Теллур алтын
кен орны бойынша жасаған зерттеу жұмыстарынның қортынды есебін ҚР қорлар
жөніндегі мемлекеттік комиссиясына тапсырды. Барланған қорлар өзінің алтын
айыратын фабрикасы бар жаңа кен өндіру кәсіпорнының қызметін 7 жылға
ұзартады. Одан әрі осындағы жаңа кен аймақтарындағы қорларды барлап зерттеу
оның жасын екі есе көбейтіп, 15-20 жылға жеткізеді.
- “Рапид” ЖШС Қарағанды көмір бассейннің өнеркәсіптік аймағындағы
бұрынғы №17 және №20 шахталар алаңдырында шағын тау-кен кәсіпорынның
жұмысын қамтамасыз ете алатындай К10 және К12 тас көмір қабаттарының қорын
анықтап, оны мемлекеттік комиссияға тапсырып, бекітілді.
- “Недра Казахстана” ЖШС жұмыстарының нәтижесі бойынша “Центрказнедра”
аумақтық басқармасы жанындағы қорлар жөніндегі аумақтық комиссия Қарағанды
бассейніндегі өнеркісіп участкесінде а5-6 қабатын ашық өндеу үшін ХI
участке тас көмір қорын бекітті. Онын қоры 17 жылға жетеді.
- Қазақстан Республикасы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы
Жезқазған қаласындағы кәсіпорындарды (“Қазақмыс корпорациясы” ААҚ) сумен
жабдықтау үшін Ескұлын кен орнындағы жер асты суларының пайдаланылатын
қорын бекітіп, Тур марганец кен орны үшін Басақтымақ кен орнында, Павлодар
облысындағы Бастау, Роса және Мойылды участкелеріндегі жер асты минералдық
суларының қорларын анықтауда осындай жұмыстар жүргізді. Қарағанды
өнеркәсіптік аймағындағы түрлі кәсіпорындарды сумен жабдықтау мақсатында 7
скважина участкелері бойынша жер асты суларын пайдаланылатын қорын
“Центрказнедра” басқармасы жанындағы аумақтық комиссия бекітті.
Бұдан бөлек, қорлар жөніндегі аумақтық комиссия жер қойнауын
пайдаланушылардың жұмыстарының нәтижесінің қорытындысында Қарағанды
өнеркәсіптік ауданында (“Ремас” ЖАҚ) Шолаққарасуда жоғары сапалы барит
рудасының шағын кен орны қорын, Жезқазған өнеркәсіптік ауданында (“Еркін
Квац” ЖШС) отқа төзімді кірпіш пен оптикалық шыныны еріту өндірісі үшін,
Ақтас кен орынында кварц үйінділерін, Атасу өнеркәсіптік ауданында (“Анис”
ЖШС) Миқайнар жеріндегі қаттама әкті, Павлодар облысында Көміртұзда отқа
төзімді балшықты, сондай-ақ құрылысқа қажет тастың 8 кен орын, автомобиль
жолы құрылысына, негізінен Алматы-Екатеринбург жолы құрылысына керек
балшықты және киыршақ тасты 14 кен орны мен участкелерді, 1 құмды-гравиялық
қоспа кен орнын белгіледі.
Осындай оң нәтижелерге қарамастан қорғасын, мырыш, мыс, темір сияқты
бірқатар минералдық шикізаттарды көлемінен артық қазып алу байқалады.
Сондықтан біздің басқарманың негізгі міндеттерінің бірі әлеуетті жер
қойнауын пайдаланушылардың инвестицияларын ең бірінші кезекте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қазақстанның жер бедері
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Пайдалы қазбалар қоры
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Қазақстанда көмір қорымол
Минералдардың физикалық қасиеттері
Минералдар классификациясы
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Пәндер