1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы жайлы



1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның женісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік империализмінің екпінді күші - фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, 2-дүние жүзілік соғыстың (1939-1945) құрамдас бөлігі.
¥лы Отан соғысында қарама-қарсы екі қоғамдық жүйе - социализм мен капитализм, олардың идеологиясы бетпе-бет кездесті. Гитлер, оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен совет елін, оның қоғамдық құрылысын құртуды мақсат етті. Фашизм Совет Одағын бөлшектеп, «Осландия» (Белорусия мен Прибалтика), «Московия» ( Россия) (Москва, Тула, Ленинград, Горкий, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь) «Украина» (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Советтік Азия жерінде «Түркістан», «Еділ-Орал» деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. Фашистер Россияның кең-байтақ территориясын мекендейтін халықтар арасында алауыздық пен жік туғызуға тырысты. Совет мемлекетін құртып жіберу, онда отаршылық езгі орнату - Герман фашизмінің бүкіл дүние жүзін жаулап, үстемдік жүргізуге бағытталған стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі еді.
АҚШ-тың агрессияшыл топтары Германияның соғыс өнеркәсібін дамытуға ат салысты, агрессиялық жоспарларын қолдап қуаттады, фашизмді совет еліне қарсы соғысқа итермеледі. Міне, осындай дүние жүзілік империализмнің сыбайластық жағдайында Советтік Россияны күйрету жоспары жасалды. Гитлерлік Германия Совет мемлекетінің тәуелсіздігіне, оның халықтарының бостандығына қатерлі қауіп төндірді. Фашистік Германияның 3700 танк, 5000 самолет, 472600 зеңбірлік және минометтермен қаруланған 5.5 миллион әскері бар, 190 дивизиядан құрылған жойқын күші 1941 ж, 22-ші маусымда таңғы сағат 4-те Совет Одағымен
Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 2 кітап (Аманжолов Қ.Р., 2004 жыл, 84-100 бет.)
2. Қазақстан тарихы 10 класс. (Манаш Қозыбаев, Ілияс Қозыбаев, 183-186 бет) кесте.
3. Қазіргі заман тарихы 10 класс (Көкебаева Г.К., Салпынов Ж.И. 2003, 208-бет) кесте.
4. Тарих атласы СССР. 5 класс (Юрченко В.И., 1973 жыл, 12-13 бет.).

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның женісін,
социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін
совет халқының дүние жүзілік империализмінің екпінді күші - фашистік
Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия)
қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, 2-дүние жүзілік соғыстың (1939-
1945) құрамдас бөлігі.
¥лы Отан соғысында қарама-қарсы екі қоғамдық жүйе - социализм мен
капитализм, олардың идеологиясы бетпе-бет кездесті. Гитлер, оның
сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен совет елін, оның қоғамдық
құрылысын құртуды мақсат етті. Фашизм Совет Одағын бөлшектеп, Осландия
(Белорусия мен Прибалтика), Московия ( Россия) (Москва, Тула, Ленинград,
Горкий, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь) Украина (Украина, Россия, Волга өңірі,
Воронеж), Кавказ (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты
отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Советтік Азия
жерінде Түркістан, Еділ-Орал деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман
мемлекеттерін құруды көздеді. Фашистер Россияның кең-байтақ территориясын
мекендейтін халықтар арасында алауыздық пен жік туғызуға тырысты. Совет
мемлекетін құртып жіберу, онда отаршылық езгі орнату - Герман фашизмінің
бүкіл дүние жүзін жаулап, үстемдік жүргізуге бағытталған стратегиялық
жоспарының құрамдас бөлігі еді.
АҚШ-тың агрессияшыл топтары Германияның соғыс өнеркәсібін дамытуға ат
салысты, агрессиялық жоспарларын қолдап қуаттады, фашизмді совет еліне
қарсы соғысқа итермеледі. Міне, осындай дүние жүзілік империализмнің
сыбайластық жағдайында Советтік Россияны күйрету жоспары жасалды. Гитлерлік
Германия Совет мемлекетінің тәуелсіздігіне, оның халықтарының бостандығына
қатерлі қауіп төндірді. Фашистік Германияның 3700 танк, 5000 самолет,
472600 зеңбірлік және минометтермен қаруланған 5.5 миллион әскері бар, 190
дивизиядан құрылған жойқын күші 1941 ж, 22-ші маусымда таңғы сағат 4-те
Совет Одағымен шабуыл жасау туралы шартты опасыздықпен бұзып, тұтқиылдан
шабуыл жасады. Отанды қорғау жолындағы Ұлы Отан соғысы басталды.

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына түбегейлі бетбұрыс жасаған
Сталинград-Курск шайқасында (1942 - 1943 ж.ж.).
Соғыстың екінші кезеңі (1942 жылдың қарашасы - 1943 жылдың соңы). Бұл
кезеңде партияның дана әскери-техникалық саясаты негізінде Совет Қарулы
Күштері қару-жарақтың жаңа үлгілерімен жабдықталып, СССР-дің әскери резерві
кеңейе түсті. Совет жауынгерлері фашистік техникадан әлдеқайда басым
түсетін жаңа советтік әскери техниканы меңгерді. Тек қана 1942 жылы 25
мыңнан астам самолет, 24 мыңнан астам танк, 57 мыңға жуық зеңбірек және 125
мыңнан астам миномет шығарылды. Совет тылы бүрынғысынан да нығая түсті.
Фашистік Германия мен оның одақтастары 1942 жылдың қарашасында совет-герман
майданына барлық күштерін төкті. Мұнда дүшпанның 6.2 млн әскері, 71 мыңға
жуық зеңбірек пен миномет, 6600 танк, 3500 самолет және 194 әскери кораблі
болды. 1942 жылдың 19 қарашасы - 1943 жылдың 2 ақпанында екінші дүние
жүзілік соғыста түбегейлі бетбұрыс жасаған ең ірі шайқас - совет
әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы болды. Ол 330 мың неміс-
фашист тобын талқандап, 91 мың адамды қолға түсірумен аяқталды, гитлерлік
командованиенің Әскери доктринасы толығымен күйреді. Сталинград шайқасы
кезінде 2 неміс, 2 румын және 1 итальян армиясы талқандалып, 1,5 млн
адамның көзі жойылды. Солтүстік Кавказ, Орталық Донда шабуыл операциялары
басталды. 1943 жылдың қаңтарында Ленинград блокадасы бұзылды. Совет-герман
майданындағы шығындардың орнын толтыру мақсатымен 1943 жылдың жазында
Германия мен оның одақтастарында жаппай мобилизация басталды. 1943 жылдың 5
шілде - 5 тамызы аралығында Курск шайқасы совет әскерлерінің тамаша
жеңісімен аяқталды. Бұл айқас Қызыл Армияның Сталинград түбінде болған
жеңісін одан әрі бекіте түсті. Жаудың 30 дивизиясы (оның ішінде 7 танк
дивизиясы), 500 мың әскері талқандалды. Сталинград және Курск шайқасындағы
жеңістермен жігерленген совет әскерлері әскери инициативаны біржолата өз
қолына алып, 6 қарашада Киевті азат етті. Жау тылындағы партизандық күрес
күшейді. Бұл кезеңде СССР фашистік Германиядан экономикалық және әскери
жағынан басым түсті. Азат етілген жерлерде халық шаруашылығы қалпына
келтіріле бастады. Совет қарулы Күштерінің дүние жүзіндегі беделі артып,
Европадағы Қарсыласу қозғалысы мен жау басып алған еддердегі астыртын
топтар жұмысы өрістеді. СССР, АҚШ және Ұлыбритания мемлекеті басшыларының
соғыс қимылын бірлесіп жүргізу туралы Тегеран конференциясы (1943 жылы 28
қараша - 1 желтоқсан) өтті.
Сталинград шайқасы - Ұлы Отан соғысының 1942 жылғы 17 шілдеден 1943
жылғы 2 ақпанына дейінгі аралыққа созылған соғыс тарихындағы ірі
шайқастардың бірі. Ол Совет Армиясының Сталинград қорғанысы (17 шілде - 18
қараша 1942) операциясынан басталып, Сталинград қарсы шабуылы ("Уран", 19-
30 қараша 1942), Котельников қорғанысы (12-23 желтоқсан 1942), Орталық Дон
қарсы шабуылы ("Малый сатурн", 16-31 желтоқсан 1942), Котельников қарсы
шабуылы (24-31 желтоқсан 1942) және қоршауға түскен жаудың топтасқан күшін
жоюды көздеген қарсы шабуыл ("Кольцо", 10 қаңтар - 2 ақпан 1943)
операцияларын қамтыды. Шайқас Ұлы Отан соғысы мен бүкіл екінші дүние
жүзілік соғыстың барысында түбегейлі бетбұрыс жасауға шешуші үлес қосқан
Совет Армиясының ірі жеңісімен аяқталды.
Екінші дүние жүзілік соғыстың көрнекті оқиғаларының ішінде оның барысы
мен нәтижесіне шешуші ықпал жасаған окиға Сталинград шайқасы болды. Бұл
Москва түбіндегі жеңістің заңды жалғасы болып, соғыстың барысын
антигитлерлік коалицияның пайдасына қарай бұрды. Гитлерлік Германия
құрамаларына Францияны басып алу үшін 44 күн, Голландия мен Бельгияны басып
алу үшін 19 күн жеткілікті болса, Сталинград шайқасы 200 күнге созылды және
онда фашистік Германияның тандаулы құрамалары жеңіліске ұшырап, тізе бүкті.
Европада екінші майданның басталмай отырғанын пайдаланып, гитлершілер
1942 жылдың жазында совет-герман майданының Оңтүстік қанатында ірі шабуылға
шықты.
Фанатик Гитлер Волганың төменгі алқабындағы өнеркәсіп орталығын басып
алу үшін, бұл майданға 330 мың адамы бар 22 дивизия және 160 жеке әскери
бөлімдер енетін 6 және 4-танк армияларын бағыттады. 1942 жылдың тамыз
айында жау Сталинград түбіне тақап келді, тарихта бұрып соңды болмаған ірі
әскери күш және техника жағынан үлкел шайқас басталды.
Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 387, 28, 29, 38-
атқыштар дивизиясы мен 81-атты әскер дивизиясы, 152-атқыштар бригадасы
қатысты. 1942 жылдың 10 қыркүйегінде бір ғана Сталинград майданында жалпы
қазақ жауынгерлерінің саны 8280 адам болды. Сталинград түбіндегі соғыс
жүріп жатқан кезде ондағы қазақстандық жауынгерлерге республика
еңбекшілері, Қазақстан Компартия Орталық Комитеті, Қазақ ССР Жоғарғы Советі
мен Халық Комиссарлары Советі 1942 жылы 9 қазанда үндеу жолдады. Бұл
үндеуде: "Сталинград - шығыстың кілті. Сталинград түбіндегі қазақ
жауынгерлері орыс, украин, белорус, өзбек, тәжік, түркмен, азербайжан,
грузин жауынгерлері сияқты өзінің от басын, өз семьясын, өзінің туған Совет
жерін қорғайды. Қазақ жауынгері өз анасының, әкесінің, өз жарының, өз
балаларының неміс баронының құлдарына айналуына жол бермейді", - делінген.
Осы сұрапыл ұрыс күндері Қарсыбай Сыпатаев өзінің тамаша ерлігімен
көзге түсті.
Қарсыбай 61-атты әскер дивизиясы 13-атты артиллерия дивизионының
екінші батареясында зеңбірек оқтаушы еді. Қарсыбай қызмет ететін батарея
Сталинградтың іргесіндегі "Красный Герой" колхозының жерінде жаумен
арпалысқан ұрысқа қатысты. Осы ұрыста ол зеңбіректен оқ жаудырып, жаудың
бір взводқа жуық солдатын жойып жіберді. Ал 1942 жылдың 26 караша күні
Арнутовск селосына таяу жерде бұл батареяға үш бағыттан фашистердің 36
танкісі мен автомашиналары тікелей шабуыл жасады. Осы бір сын сағатта
Қарсыбай асып-саспады. Алғашқы атыстан соң-ақ жаудың бірнеше танкісі
жойылды. Бірақ дұшпанның басқа да танктері өршелене ілгері ұмтылып, оқ
жаудырумен болды. Батареяның жан-жағына келіп түсіп жатқан снарядтар жерді
сілікіндіріп жіберді. Ал Қарсыбайдың мергендікпен дәл атқан снаряды жаудың
жаяу әскерлерін танктерден бөліп тастады. Осы сәтте неміс танкілері оның
зеңбірегінің үстіне төніп қалған еді. Қарсыбай снарядты көтеріп алып жау
танкісініц астына жата кетті. Жау танкісі қара түтінге көмілді.
СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1943 жылғы 17 сәуірдегі Указы
бойынша коммунист Қарсыбай Сыпатаевқа (қаза тапқаннан кейін) Совет Одағының
Батыры атағы берілді. Қарсыбай Сыпатаев қызмет еткен бөлімінің
командованиесі оның жерлестеріне былай деп хат жазды:
"...Қарсыбай Сыпатаевтың батылдығы, ерлігі және Отанына шексіз
берілгендігі шайқас даласында жеңіс туындай болып көтерілді және оның ізгі
ерлігімен жігерленген жауға бұрынғыдан бетер мықты соққы берді. Біздің
жарқын ісіміз үшін батыр қаза тапты, бірақ оның тамаша ерлігі совет
халқының жүрегінде мәңгі өмір сүреді. Өшпес өмір осындай өлімнің арқасында
туады". Бұл күнде Қарсыбай Сыпатаевтың туған ауылы мен Шымкенттегі орта
мектептердің бірі оның есімімен аталады.
Сталинградты қорғауда 1942 жылдың 19 желтоқсан күні Боковск-
Пономаревка ауданындағы әуе ұрысында 21 жастағы ер жүрек ұшқыш Нүркен
Әбдіров капитан Н.Ф.Гастеллоның ерлігін қайталады. Ол өзінің жанған
самолетін дұшпанның танк колоннасының үстіне құлатты. Совет халқы Нүркен
ерлігін жоғары бағалап, оған Совет Одағының Батыры атағын берді. Нүркен ана
сүтін ақтап, туған елін, Отанын қорғады. Өмірді сүйген ұлымыз өлімнен
корықпады. Сталинград шайқасында қазақстандық жауынгерлердің, басқа
бауырлас ұлттармен бірге жасаған қаһармандығы мен өшпес ерліктері
таңданарлық еді. Сталинград шайқасында жауынгер қыздар Мәлике Тоқтамысова,
Роза Момынова, Әсия Бекерова өздерінің ерлігімен көзге түсті.
Сталинград шайқасы күндерінде Мамай қорғаны Россияның басты биіктігі
деп аталатын. Осы арада 140 күн мен түнге созылған ұрысқа бүкіл дүние жүзі
құлақ түрді. Совет Одағының Маршалы, екі мәрте Совет Одағының Батыры
В.И.Чуйков Мамай қорғанындағы ұрыстарды былайша еске алады: "16 қыркүйектің
таңынан бастап Елиннің полкі 12-атқыштар дивизиясының бөлімшелерімен бірге
Мамай қорғанын жаудан қайтарды, бірақ одан арғы шабуыл бөгеліп қалды, бетпе-
бет ұрыстар басталды. Анығырақ айтқанда, 1943 жылдың қаңтарының аяғына
дейін созылған қанды шайқас болды. Мұнда жаудың көптеген танк және жаяу
әскер полктары мен дивизиялары қиратылды, ал біздің дивизиялар ауырлығы
жағынан бұрын тарихта болып көрмеген қиян-кескі ұрыстарда шыдап шықты.
Салмағы тоннаға дейін баратын авиобомбалар, калибрі 203 мм-лік артиллерия
снарядтары жердің астан-кестеңін шығарды. Алайда, мылтықтың сүңгілері мен
гранаталар іске қосылған қолма-қол айқас сол кездегі жағдайда күрестің
басты, неғұрлым оңтайлы және қажет құралы еді. Мамай қорғаны қардың көп
жауатын кезінде де қап-қара болып жататын: артиллерияның отынан қар тез
еріп, топырақпен араласып кететін.
Аты аңызға айналған Сталинградтағы "Павлов үйі" шын мәнінде берілмес
қамал болды. Осынау әйгілі үйді қорғаушылардың арасында қазақ жігіті
Толыбай Мұрзаев та болды. Павловтың бастауымен шағын ғана топ 50 күн бойына
ұйқысыз не демалыссыз қаланың ортасындағы тактикалық маңызы бар осы үйді
қорғап тұрды. Гитлершілер "Павлов үйіне" каншама бомбасын, минасын,
снарядын жаудырды десеңізші! Бірақ олар шағын ғана қаһарман гарнизонның
сағын сындыра алмады. 24 адамы бар аз ғана жауынгерлермен ұрыс үстінде
дұшпандар бүкіл Парижді алғанда қанша әскерінен айырылса, мұнда да сонша
әскерін құрбан етті. Нағыз ерлік деген осы емес пе! Сталинградты
қорғаушылар құрыштай берік достықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің
асқан үлгісін күллі әлемге паш етті. Өмірді сүйген, Отанын сүйген ерлер,
қаншама шаршап, қажыса да қорқуды білмеді. Олардың әрқайсысының ойында "Біз
жеңеміз!" деген сенім бар еді. Сталинградты қорғаушылардың ерлігі - Совет
Армиясының тарихындағы ең жарқын және мақтаныш ететін ұлы жеңістің үлкен
бетбұрысы. Қаланың қорғанысы күшейген үстіне күшейе берді. Қарашаның орта
кезінде неміс-фашист әскерлері Сталинград түбінде жүздеген мың адамнан және
көптеген техникасынан айырылып, біржолата қорғанысқа көшуге мәжбүр болды.
Сол мезгілде неміс-фашист әскерлерінің, Кавказдағы шабуылы Кавказ жолының
етегінде және Орджоникидзе қаласының іргесінде тоқталған еді. 1942 жылғы 19
қарашада Сталинград түбінде Қызыл Армияның қарсы шабуылы басталды.
Гитлер әскерлерінің Сталинград түбінде ойсырай жеңіліске ұшыруы, оның
еуропалық тылын шайқалтты, Германияның соғыс қуатын және фашистік армияның
күші мен моральдық рухын әлсіретті. Фашистік Германия үкіметін терең
дағдарыс кезеңге әкеп соқты. Сталинград түбіндегі жеңістен соң Совет
Одағының халықаралық беделі артты. Гитлерге қарсы одақтастардың бірлігі
нығая түсті. Сталинград түбіндегі шайқас 1942 жылдың 19 қарашадан 1943
жылдың 2 ақпанына дейін созылды, осы шайқаста Германия мен оның
одақтастарының бес армиясы жойылды. Оның ішінде жаудың 32 дивизиясы, 3
бригадасы бар.
Қазақстанда жасақталған 29 және 38-атқыштар дивизияларының батырлары
Сталинградты қорғаушылардың қатарында өздерінің батырлығымен елімізді
сүйсіндірді. Сталинград шайқасында көрсеткен ұйымшылдығы, ерлігі,
тәртіптілігі үшін 29-атқыштар дивизиясы 72-гвардиялық деген құрметті атаққа
ие болды. Бұл дивизияның жауынгерлері қазақ халқының "Өліспей беріспендер"
деген тапсырмасын адал орындап шықты, жаппай ерлік көрсетті.
Сталинград шайқасында Гитлер армиясының 297-гренадер жаяу әскер
дивизиясының желігін басып, қабырғасын қаусатқан, ақыры тізе бүктірген
қазақстандық 38-атқыштар дивизиясы болды. 297-гренадер дивизиясының
командирі генерал Мориц фон Дреббер тізе бүгер алдында былай деді: "Бұдан
былайғы қарсыласуды пайдасыз деп білемін. Қарауымдағы солдаттар мен
офицерлердің өміріне жауапты болғандығымнан, ең болмаса қалғандарын сақтап
қалғым кеп мен дивизияның барша адамдарымен бірге Қызыл Армияның 38-
дивизиясының командиріне тұтқынға берілуді ұйғардым. Дұшпан болса да, сонау
Харьковтен Волгаға дейін ерлікпен соғысып келе жатқан бұл дивизияның
жауынгерлік ісін жақсы бағалауға тура келеді. Оған бас июіміз де
сондықтан".
Волга үшін ұрыстарда, яғни 1942 жылдың тамызынан бастап қоршалған
гитлершілерді талқандағанға дейін қазақстандық 38-дивизияның бір өзі жаудың
12 мыңнан астам солдаты мен офицерін, соның ішінде 8 полковнигін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтардың ерлігі көрсету
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы
Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу
Отан соғысы майдандарында
9 мамыр
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Пәндер