Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 153 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 323. 232: - 053. 6(574) Қолжазба құқығында

ИСАЕВ ӘБІЛӘЗИЗ ҮКІБАЙҰЛЫ

Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде

23. 00. 02 - саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар

Саяси ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

философия ғылымдарының

докторы, профессор

Байделдинов Л. Ә.

Қазақстан Республикасы

Алматы 2007
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .: 1
3: САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ . . .
16
КІРІСПЕ. . .: 1. 1
3:

Саяси әлеуметтендіру - тұлғаны әлеуметтендірудің құрамдас бөлігі

ретінде . . .

16
КІРІСПЕ. . .: 1. 2
3: Саяси әлеуметтендіруді зерттеудің негізгі теориялары . . .
28
КІРІСПЕ. . .: 2
3: БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫН САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ . . .
35
КІРІСПЕ. . .: 2. 1
3: Саяси білімнің қалыптасу тарихы . . .
35
КІРІСПЕ. . .: 2. 2
3: Қазақ халқының саяси тәлімінің тарихи кезеңдері . . .
40
КІРІСПЕ. . .: 2. 3
3: Жастарды саяси әлеуметтендіру - олардың әлеуметтік-саяси әлеуетін көтеру процесі ретінде . . .
53
КІРІСПЕ. . .: 2. 4
3: Саяси білім беру мен саяси тәрбие - қоғам дамуының факторы ретінде (саяси педагогика мәселелері) . . .
63
КІРІСПЕ. . .: 2. 5
3: Қазақстан жастарына саяси білім мен тәрбиені игерту жолдары . . .
94
КІРІСПЕ. . .: 3
3: ЖАСТАРДЫ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ . . .
101
КІРІСПЕ. . .: 3. 1
3: Кеңестік саяси жүйедегі жастарды саяси әлеуметтендіру процестері. .
101
КІРІСПЕ. . .: 3. 2
3: Егемен Қазақстандағы жастарды саяси әлеуметтендіру ерекшеліктері
103
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 124
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 129

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қоғамда саясат пен білімнің өзара байланысы өзекті мәселе. Олай дейтініміз білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: «ΧΧΙ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз», - деді [1, 18-19 бб. ] .

Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі.

Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы - заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады . . . » - деп атап көрсетті [2, 8 б. ] .

Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.

Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде - білімнің орны ерекше.

Қазіргі білім - азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.

Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт [3, 24-26 бб. ] .

Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.

Қазіргі саяси жүйелердің негізгі белгісі - демократия. Біздің еліміз үшін де аса маңызды мағынаға ие болып отырған өркениетті әлемнің айшықты сипаты - ол қоғамды демократияландыру. Осы саяси процесті күшейтуде қоғам мен мемлекет алдына көптеген саяси талап-тілектер мен міндеттерді шешу пайда болады. Қоғамдағы саяси процестердің қалыпты дамуы саяси тұрақтылық пен бірлікті талап етеді. Саяси ғылымдардың да көтеретін мәселелері тікелей қоғамымыздың саяси қауіпсіздігін, саяси дамуын теориялық тұрғыдан қамтамасыз етіп отырады. Осы жерде саяси білім мен саяси тәрбие, саяси әлеуметтендіру, саяси сана, саяси құндылықтар, саяси мәдениет үлкен рөл атқарады.

Жастарға білім беруді, оның ішінде саяси білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды.

Саяси білім азаматқа өзі өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынуға, жете түсінуіне көмектеседі. Саяси білім беру арқылы - адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда өз орнын таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын құрметтей отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды.

Бүгінгі таңда кімнің қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан саяси және құқықтық білім әр адамға қажет. Өйткені ол сол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен, ұйым мекемелермен және мемлекетпен қатынаста болады. Ал құқықтық-саяси білімі жоқ адамдар қандай да бір саяси істерде амал-айла, қулықтың жетегінде кетеді. Адамдардың саяси сауаттылығына қоғам да мүдделі. Саяси сауаттылық қоғамды деспоттық басқарудан, адамгершілік құндылықтарға қарсы негізделген жүйеден сақтандырады.

Қазіргі қоғамдық сұраныс - өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.

Адамның қоғамдық мәні - өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Біздің де өз ғылыми жұмысымызда қарастыратынымыз Қазақстан жастарына саяси білім мен саяси тәрбиені игерту арқылы осы саяси әлеуметтендіру процесін өзекті мәселе етіп алдық.

Адамның саяси жұмысқа саналы түрде және өз еркімен қатысу деңгейіне байланысты саяси әлеуметтенуді ғалымдар әдетте алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге бөледі. Алғашқы әлеуметтенуге бала кездегі және бозбала кездегі саяси білім алып, саяси көзқарасының қалыптасқан кезеңін жатқызады. Мұнда жас ұрпақ саяси ұғымдарды алғаш естіп, мағлұматтар алады. Олар біртіндеп саяси өмір құбылыстарына адамның жеке қатынасын қалыптастырады. Екінші әлеуметтенуге бұрынғы алған құндылық бағдарлар мен ұстанымдар негізінде жеке адамның саяси жүйемен белсене әрекеттесу кезеңі кіреді.

Тұлғаның саяси қалыптасуына, бір жағынан, оның күнделікті өмір сүрген ортасы, яғни отбасы, құрбы-құрдастары, ауылдасы, бейресми топтар және т. с. с. стихиялы түрде қатынасса, екінші жағынан мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие жүйесі, саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар қатысады. Мемлекеттік оқу-тәрбие жүйесін өз кезегінде макро деңгейлік және микро деңгейлік етіп екіге бөлуге болады.

Макро деңгейде мемлекеттік басқару органдары өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы - газет-журнал, теледидар, радио, интернет арқылы жүргізіп, өзінің стратегиялық бағдарламаларын, мақсат-мүдделерін, саяси құндылықтарын насихаттап, азаматтардың санасына сіңіріп отырады. Микро деңгейге мақсатты оқу-тәрбие жұмыстарын тікелей жүргізетін балабақша, жалпы білім беретін және арнаулы орта мектептер, арнаулы және жоғарғы оқу орындары жатады.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жас қауымға, әсіресе соңғы жылдары жастар саясатына мемлекет тарапынан көңіл бөлініп жатқандығы айқын сезіледі.

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев жастар проблемасына айрықша назар аударып, әрдайым қамқорлық көзқарасты қалдырған емес. Президенттің «ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» 1999 жылғы 28-тамыздағы № 73 өкімі [4], «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы ҚР Заңы[5], «Қазақстан жастары бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 17 ақпандағы ҚР Үкіметінің № 249- қаулысы аса маңызды құжаттар болып табылады [6] .

2003 жылы 12-тамызда Халықаралық жастар күніне байланысты БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан: « . . . кез келген қоғамда жас адамдарды ауыртпалық деп емес, қайта сол қоғамның бағалы, құнды ресурсы деп қарау керек», - дейді өз баяндамасында [7, 3-4 бб. ] .

«Молодёжь планеты: глобальная ситуация в 90-годах, тенденции и перспективы» кітабының бір топ авторларының мына пікірі: «жастар дегеніміз - бұл өзіне тән әлеуметтік-психологиялық қасиетке ие, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен анықталатын, сол қоғамда әлеуметтену ерекшелігімен, жастық мінезіне негізделе топтасқан қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы»-дей келе, олардың жас аралығын 14-15-тен 29-30-бен шектейді [8, 54 б. ] . Біздіңше бұлай жас аралығын шектеу жәй ғана статистикалық мәлімет емес, ол сол мемлекеттің жастар саясаты контекстінде халықтың қай бөлігі, қаншасы «ұйымдастыру немесе қаржыландыру т. б. » сияқты процестерде үлкен маңызға ие болады.

Қазіргі мемлекеттің ең маңызды басым бағыттарының бірі - жастар саясаты. Бүгінгі күнге дейін көптеген елдерде жастар мәселесін шешудің әртүрлі тәжірибелері бар. Себебі, жастар қоғамның ең белсенді бөлігі болып саналады және олар қоғамға өзгерістер мен жаңалықтар енгізуге ынталы.

Елбасының жастарға: «Сіздердің әкелеріңіз және бауырларыңызбен бірге біз ең қиын жол бастауын өткердік. Әйткенмен, мәңгілік ештеңе жоқ, өз бастаған ісімді Сіздерге, жастарға тапсырып мен де кетемін. Әрине, еліміз ары қарай қалай дамымақ? Баршамыз қалай өмір сүруіміз керектігі алаңдатпай қоймасы анық. Тәуелсіздік деген бір буыннан екінші буынға тапсырылатын ұлы табыс, жетістік . . . » - деп айтқаны ертеңгі елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында болғанын қалағаны [9] .

Саяси жүйеде жастардың орны мен рөлінің өсуі Қазақстандағы ішкі саясатпен, қоғамдағы болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Біздің елімізде жастар халықтың үштен бір бөлігінен астамын құрайтын болғандықтан, мемлекеттің де жастар саясатымен шындап айналысуына тура келеді.

Кез келген мемлекеттің дамуы жастардың тағдырымен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет өзінің жастарға қатысты күшті саясаты арқылы ғана олардың сенімдерін жаулап алып, ықпал етіп, соңынан ерте алады, дегеніне көндіре алады.

Қазіргі уақытта жастарды болашақ үлкен өмірге дайындауда, нағыз шынайы өмірге даярлауда саяси әлеуметтендірудің мәні өте зор. Жастар шынайы өмірдің негізгі мәселелерін шешуге бейімделуі қажет және сол жинақтаған тәжірибесі арқылы жақсы өмір сүруге, жетістікке қол жеткізуге, өзіне ұнаған бағытты таңдауға ерікті болады. Сол арқылы өз болашағын жоспарлауға бейім, өмір сүрудің өзіне сәйкес стилін дұрыс таңдауға қабілетті және мінез-құлқын қазіргі заман талабына сай қалыптастыруға әзір болып есептеледі.

Ал қазіргі таңда 7-17 жас аралығындағы өскелең ұрпақтың қоғамдық ұйымдарға мүшелігі мен олардың құқықтары және бостандықтары, өмірлік позициялары жеткілікті дәрежеде айқындала қоймаған.

Бүгінгі күні жастардың саяси білімін, сауаттылығын көтеруде тек оқу процесі ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелік шаралар да өз ықпалын тигізері сөзсіз.

Отбасындағы саяси әлеуметтендіру қазіргі таңда Қазақстанда білім саласында жасалынып жатқан реформалармен тығыз байланысты. Олай дейтініміз үздіксіз білім беру жүйесі бойынша мектепке дейінгі балабақшада мемлекеттік рәміздерді балаларға танытып, әнұранды жаттатып қана қоймай, отансүйгіштік дәстүрге баулу, құрбылармен қатынасуды үйрену, қоршаған ортаны түсіну процестері орта мектеп қабырғасында беки бастайды, нығая түседі.

Қазақстан Республикасында жастарды саяси әлеуметтендіру мәселесінде білімнің алатын орны ерекше.

Білім беру жүйесіне байланысты Қазақстанда көптеген тұжырымдамалар жарық көрді. Соның ішінде «ҚР-да жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы», «ҚР-да гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Гуманитарлық білім бағдарламасы», «Болашақ» Республикалық бағдарламасы және т. б. атауға болады.

Қорытындылап айтқанда, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: « . . . біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» - деген сөзімен Қазақстан жастарына саяси білімді меңгерту арқылы оларды саяси әлеуметтендірудің қажет екендігін және саясаттану теориясы мен практикасында өте маңызды тақырып болатындығын алға тарта отырып, зерттеу жұмысының өзектілігін айтамыз [10] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлемдік қауымдастықтың саяси ғылымында «саяси әлеуметтену» мәселелері XX ғасырдың 50-жылдарының соңында зерттеліп, қарастырыла бастаса, Кеңестік саяси жүйеде өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін «әлеуметтену» ұғымы «батыстық», «буржуазиялық» немесе маркстік-лениндік идеологияға қарсы бағытталған ғылым ретінде есептелінді. Бұдан «саяси әлеуметтену» мәселесі Кеңестік кезеңде мүлдем зерттелмеді деген ой туындамау керек. Ол В. А. Ануфриевтың «Социальный стасус и активность личности» [11], И. В. Бестужев-Ладаның «Молодость и зрелость: Розмышления о некоторых социальных проблемах молодежи» [12], И. С. Конның «Психология старшеклассника» [13], «Ребенок и общество» [14], А. А. Коробейниковтың «Человек в социалистическом обществе: Формирование социальной активности» [15], М. Х. Титма мен Э. А. Саардың «Молодое поколение» [16], Ф. Р. Филипповтың «Школа и социальное развития общества» [17], Е. Б. Шестопалдың «Личность и политика: Критический очерк современных западных концепций политической социализации» [18], А. А. Козлов пен А. В. Лисовскийдің «Молодой человек: Становление, образ жизни» [19] және де басқа да ғалымдардың еңбектерінде жеке адамды қалыптастыру, жас ұрпақты саяси әлеуметтендіру, болашаққа бағыт-бағдар сілтеу және т. с. с. басқа да идеялық тәрбие беру мәселелері ретінде жастардың әлеуметтік және саяси өміріне арналған бірнеше еңбектер жарияланған.

КСРО тұсында республика шеңберінде Р. Б. Абсаттаров пен Б. К. Байлярованың «Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе» [20], В. В. Трошихинның «Политическое развитие личности» [21], М. М. Сужиковтың «Политическая культура студентов» [22], О. Н. Белоус пен К. Г. Ахметовтың «Формирование политической культуры у студенческой молодежи» [23], Т. Т. Мустафиннің «Политическая культура и социально-политические ценности студенческой молодежи» [24] еңбектері жастардың саяси-идеялық тәрбиесіне, саяси мәдениетінің қалыптасуына, тұлғаның саяси өсуіне бағытталған.

Тәуелсіз Қазақстан ғалымдары да саяси әлеуметтену мәселесінде өз зерттеулері мен ғылыми тұжырымдамаларын жасап келеді. Белгілі саясаттанушы ғалымдар Т. Т. Мустафиннің «Проблемы формирования демократической политической культуры» [25], Ә. Н. Нысанбаевтың «Қазақстан. Демократия рухани жаңару» [26], Л. А. Байделдиновтың «Қазақстан қоғамы және социология: Қазіргі өмір және жаңа идеялар» [27], Л. М. Иватованы «США во внешней политике Республики Казахстан» [28], Б. Г. Аяғанның «Государство Казахстан: Эволюция общественных систем» [29], А. Х. Бижановтың «Қазақстандық патриотизм - ынтымақтастық қайнар көзі» [30], К. Н. Бұрхановтың «Эволюция социально-политической системы Казахстана в ХХ веке» [31], И. Н. Тасмағамбетовтың «Реформа образования-стратигеческий курс обновления казахстанского общества» [32], Қ. У. Биекеновтың «Политическая культура и ее требования к руководителю» [33], Ғ. Ж. Ибраеваның «Mass media в политической структуре общества» [34], А. В. Соловьевтың «Политические партии и общественные движения Казахстана» [35], К. Л. Сыроежкиннің «Казахстан в транзитный период: проблемы развития» [36], М. С. Машанның «Целополагание политической системы Казахстана» [37], А. А. Нұрмағанбетовтың «Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования» [38], Г. Ө. Насимованың «Основные концепции и факторы электорального поведения» [39], Р. Қ. Қадыржановтың «К определению понятия консолидации политической системы» [40] еңбектері Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жан-жақты талдау беріп, жастардың саяси құндылық бағдарларына, саяси мәдениетіне, саяси жетекшілік пен жалпықазақстандық идея қалыптастыру, этносаясат пен ұлттық қатынас мәселелері тұрғысында саяси әлеуметтенуге қатысты сұрақтарды қарастырады.

Отандық саяси ғылымдарда арнайы зерттелген М. А. Сейтасқаровтың «Қазақстанда саяси жүйенің жаңғыруы жағдайындағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері»[41], Е. Б. Әбдірайымовтың «Оқу-тәрбие процесіндегі студенттердің саяси бағдарларының қалыптасу ерекшеліктері» [42], Ж. Қ. Симтиковтың «Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу ерекшеліктері» [43], Т. К. Бигожановтың «Политические аспекты формирования у молодежы культуры межнационального общения в Республике Казахстан» [44], Р. С. Тәжітаеваның «Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі (этникалық аспектілер) » [45], М. Кәлембекованың «Саяси әлеуметтендіру процесінде жеке тұлғаның белсенділігінің қалыптасуы» [46], М. Ө. Иманбаевтың «Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі мен қалыптасу процестері» [47], Л. Ю. Зайниеваның «Государственная молодежная политика: мировой опыт и Казахстан» [48] диссертациялары мен әлеуметтану ғылымдарында Л. М. Касымованың «Проблемы социализации казахской студенческой молодежи сельского происхождения в условиях переходного периода» [49], Г. О. Абдикерованың «Социологический анализ проблемы политической социализации личности» [50] ғылыми еңбектері біздің қарастырып отырған ғылыми зерттеу тақырыбымызға жақын келеді. Десек те, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстар біз қарастырып отырған мәселені басқа қырларынан зерттеген. Сондықтан да, мәселені зерттеу деңгейі Қазақстан жастарының саяси білімді меңгеруі арқылы саяси әлеуметтендірілу жолдары мен деңгейін терең талдап аша отырып, ары қарай қарастыруды қажет етеді.

Зерттеудің негізгі мақсаты. Саяси білімді меңгерту арқылы Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіруде бүгінгі Қазақстан қоғамында болып жатқан демократиялық процестердің ықпалына талдау жасау, білім мен саясаттың арақатынасында тәуелсіз Қазақстан жастарының саяси әлеуметтену ерекшеліктерін анықтау, Қазақстан жастарына саяси білім мен тәрбиені игерту жолдарын қарастыру.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер.

- саяси әлеуметтендірудің мазмұны мен мәнін, оның мақсатын, кезеңдерін анықтап, тұлғаны әлеуметтендірудің құрамдас бөлігі ретінде көрсету;

- саяси әлеуметтендіру ұғымының батыстық саяси ғылымдардағы ойларына шолу жасау арқылы оларға сараптама жасау және осы негізде оны бұрынғы КСРО, қазіргі Ресей және отандық қазақстандық қоғамдық-саяси ғылымда бар пікірлермен, ойлармен салыстыру арқылы осы ұғымға баға беру;

- саяси әлеуметтендіруді зерттеудің негізгі теорияларына талдау жасау;

Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіруде білім жүйесінің алатын орнын және мәртебесін айқындау;

- саяси білім мен тәрбиені меңгеруде жастардың әлеуметтік-саяси әлеуетін көтеру процесі ретінде қарастыру;

- саяси білім мен тәрбиенің берілу жолдарына, формаларына, категорияларына талдау жасау, сол жолда қоғамдық-гуманитарлық пәндердің қызметі мен алатын орнын анықтау, оның жастарға саяси білім мен тәрбиені меңгертуде тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету;

- қоғамда жастардың орнын, мемлекеттің әлеуметтік-саяси, қоғамдық мәселелерді шешу сферасында жастардың маңызды субъекті екендігін дәлелдеу;

- кеңестік саяси жүйе тұсында саяси білім мен тәрбиенің, саяси ақпараттың жастарға қалай жүргізілгендігіне талдау жасап, оның бүгінгі Қазақстан қоғамында жастарды саяси әлеуметтендіруге тиімді жақтарын ұсыну;

- жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар жүйесін ұсыну;

- мемлекеттің жастарға қатысты ұстанған саясатына талдау жасап, тиімді ұсыныстар жасау;

- жастардың саяси процеске тартылу деңгейін анықтау;

- мемлекеттік саясат пен білімнің арақатынасында жастарды саяси әлеуметтендіруде бүгінгі көзқарасты анықтау;

- білім саласындағы бүгінгі жүргізіліп жатқан реформалардың жастардың саяси әлеуметтенуіне әсерін бағалау;

- саяси әлеуметтендірудің отбасы, жора-жолдас, құрбы-құрдас, бала бақша, жалпы және арнаулы орта білім беретін мектеп, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін жұмыстарын сабақтастыра отырып, саяси сананы қалыптастыруда адамның өзін-өзі тәрбиелей, жетілдіре білуінің негізгі түрлерін анықтау;

- демократиялық қайта жаңғыру жолындағы Қазақстанда саяси реформаларға жастардың қатынасы мен үлесін сипаттау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Ауыл жастарының құқықтық әлеуметтенуі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Саяси мәдениет
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
Саяси-әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру процесі
Саяси әлеуметтеңдірудін, негізгі міндетін американдық социолог
Адам - әлеуметтендірудің жемісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz