Қазақстанның ата заңдары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның ата заңдары.

Жуырда белгілі ғалым, Еуропа ғылым академиясының мүшесі Жанұзақ Әкімнің «Өлке» баспасынан «Қазақ идеясы» деген ғылыми-танымдық кітабы жарық көрді. Егемендік алып, дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі болған Қазақстан XXI ғасырға өз экономикасын нарықтық бағытқа түзеп, өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Тәуелсіздікті сақтау жолында зор тарихи міндеттер күтіп тұр. Ол үшін не істеу керек? Шығыс пен Батыстың құндылықтарының қайсысын таңдаймыз? Әлде жаһандану дәуірінде өзіміздің сара жолымызбен жүреміз бе? Осы өзекті проблемаларды шешуде қазақтың ұлттық идеясы қандай болу керек?

Жанұзақ Әкім өз еңбегінде осы сауалдарға жауап іздей отырып, халықтың әріден алғанда дәуірлік, беріден алғанда ғасырлық мұратын айқындайтын рухани философиялық ой қозғайды. Ұлттың тіліне, дініне, тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне негізделген идея - қоғам алдында, халық алдында өз міндетін атқаратын өміршең рухани дүние болмақ. Автор осы міндеттерді талдау мақсатында халқымыздың өткен тарихи және мәдени мұраларына жан-жақты тоқталып өтеді. Қазақстанның негізгі халқы қазақтар және олардың бабалары көне түркілер ерте заманнан бері әртүрлі құрылымдағы мемлекеттерді, оның ішінде Еуразияны билеп тұрған Дала империяларын құрғаны белгілі.

Тарих тереңіне үңілсек, біздің бабаларымыз Тұран тайпаларының одағы, сақтар, ғұндар, одан кейін түркі тайпалары құрған мемлекеттер мыңдаған жылдар бойы Қытай, Үндістан және Еуропа халықтарына биліктерін жүргізіп отырған. Олар Еуразия құрлығының тарихын жасауға көп үлес қосты. Ертедегі ойшылдар олардың тарихи рөлін сол кездегі цивилизацияларды жазалауға жіберген Құдайдың қамшысы деп түсінді. Ал кейбір батыс ғалымдары көшпенділер материалдық мәдениеттің дамуын тежеді деген пікір айтады. Ал автор көшпенділерді тек әскери күш ретінде қарау олардың тарихы туралы толық мағлұмат бермейтінін айта келіп, батыл әрі тың деректер келтіреді.

Иә, түркі халықтары заманында материалдық цивилизациясы дамыған Құшан, Ұлы Моғол мемлекеттерін құрды. Түркілерден шыққан ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар орта ғасырдағы «Шығыс немесе Мұсылман Ренессансының» негізін қалауға атсалысып, дүниежүзілік сәулет өнерінде, поэзияда және ғылымның әр саласының дамуында өшпес із қалдырды. Шумер, Вавилон, Аккад мемлекеттерін құруға атсалысқан көне түркілер деген ғылымдардың соңғы кездегі зерттеулерін автор дәйекті түрде нақтылай түседі. Ол сондай-ақ Америка құрлығындағы инк, ацтек және майх цивилизацияларын құрған үнділер Азиядан барған көне түркілердің ұрпақтары деген дәлелдерді алға тартады.

Кітапқа енген «Тұран және көне түркілер», «Тәңір - Түрік Атландиясы», «Ұлы иозылар және Құшан патшалығы», «Түркі қағанаты», «Шығыс ренессаны» деп аталатын бөлімдерден көптеген тың деректерді, ғылыми ізденістерді оқып, көңілге тоқи аласыз. Әсіресе, Үлы иозылар және Құшан патшалығы туралы жазған терең әрі тың деректер бей-жай қалдырмаса керек.

Ертедегі түрік тайпалары, атап айтқанда, Ұлы иозылар біздің дәуірімізге дейінгі II-IV ғасырларда Құшан мемлекетін құрып, оның дәуірлеп түрғандығын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ежелгі мемлекетте қалалар мен қорғандар, каналдар салынып, суармалы егін мен бау-бақша дамыды. Сол кезде Құшаннан шетке мақта шығарылып, сұлының мәдени түрі Қытайға тарады. Қытай жылнамаларында Құшан мемлекетінде сол замандағы ең озық технология - әйнек шығару, таудан кен өндіріп, оны байытып отырғандығын жазды.

Құшан-бактрия жазуы да осы кезеңде пайда болған. Құшандықтар мүсін өнерін тамаша игеріп, Орта Азияда алғашқы болып, қабырға (настенный) живописінің негізін салды. Сонымен қатар, олар қала жоспарын жасауда және сәулет гармониясында жақсы жетістіктерге жетті. Құшан патшалығы IV ғасырдың соңғы онжылдығында ыдырап кетті. Олардың тамаша қалалары мен сарайлары жер астында мың жарым жыл бойы белгісіз болып жатты. Халчаян, Айыртам, Сурхкотал, Беграмдардың аттары өнер зерттеушілері үшін Микен, Кносстардай болса, біздер үшін көне Отырар мен Ысқақ қорғандарындай бағалы. Қазіргі күнге дейін Құшан мемлекетінің ыдырау себептері туралы мамандар түрлі тұжырымдар айтуда.

Біреулері оның себебін сасанид армиясының жеңілуімен және шығыста күшейген үнді державасы Гуптының әсерінен десе, басқалары осы Ұлы империяны жан-жақты тартқан әртүрлі діндер мен конфессиялардың әсерінен болды дейді. Оған монеталарда Канишка патшаның қоршаған 30 құдайдың суреттері мен патша кеңесінде отырған түрлі дін өкілдерінің мемлекеттік ортақ мәселені шешудегі немқұрайлылық бейнелері көрсетілген суреттер дәлел болады. III ғасырдың ортасында Қашғарда қытай армиясымен, одан кейінгі IV ғасырдың отызыншы жылдары сасанидтерден болған жеңілістер елдің ыдырауының себебі болатындай соғыстар емес еді.

Сондықтан түрлі дін өкілдерінің ел басқаруға араласуы осы мемлекеттің ыдырауының негізгі себебі болды деген ғалымдардың дәлелдері ақиқатқа жақынырақ. Біз жер астындағы байлыққа малданып мәзбіз. Ал халқымыздың негізгі байлығы және ұлт болып қалудың бірден-бір кепілі - ана тілімізден айырылып бара жатқанымызды көргіміз келмейді. Кейбіреулер мұны бос айқай, байбалам деуі де мүмкін. Олай болса, нақты дәлелдерге жүгінейік. Бүгінгі таңда, өзге шетелде емес, өзіміздің Қазақстанда тұратын қазақтардың 40 пайыздан астамы ана тілін білмейді.

Тәуелсіздікті алған 16 жылдың ішінде қазақ мектептерінде оқып жүрген 400 мың жас ұрпақты ата-аналары орыс мектептеріне ауыстырып алды. Бұл қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып қабылданған кезде қол жеткен «жетістігіміз». Жалпы рухы биік, намысы мықты ұлт қана тілін, мәдениетін, дәстүрін дамыта алады. Ал рухсыз халық бәрінен айырылады. Бұған кешегі қалың қыпшақтың көбісі орыс және шығыс еуропа халықтарының ішіне сіңіп кетуі анық дәлел болады. Қазақ идеясы дегенде заң мен құқықты аттап кетуге болмайды. Өкінішке қарай, Қазақстанның қазіргі заңдары шетел заңдарының үлгілерінен көшіріліп алынғаны белгілі.

Ата Заңымызға келетін болсақ, онда Франция, Алмания, Малайзия елдерінің конституциясына ұқсас тұстар аз емес. Керісінше осы ұлтымыздың моральдық нормалары мен өнегелік ерекшеліктеріне сүйенген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сияқты қазақтың қаймағы бұзылмай тұрған кезіндегі заңдар жинағы мен билер институтының үлгілерін көре алмайсың. Тәуелсіздік алғалы 1500-ге жуық заң өмірге келсе, соның біреуі ғана қазақ тілінде қабылданыпты. Автор осы күрделі проблемаға ерекше назар аударып, жан-жақты талдау жасайды.

Жақында бір сұмдықты естідім: Алматыдағы белгілі бір мектеп-гимназияда жоғарғы сыныптың оқушылары жүз-жүзге бөлініп, қып-қызыл төбелес ашыпты. Бір өкініштісі, солардың көбісі ұлттың ақыл-ой, ар-намысы және рухани қамшысы болып, елдің болмысын айқындайтын зиялы жандардың балалары, немерелері және шөберелері. Біз екі алып мемлекеттің, бейнелеп айтқанда, айдаһар мен аюдың ортасында отырмыз. Қаншалықты, тату-тәтті көршілерміз десек те Ресейдің де, Қытайдың өз ішкі есептері бар. Үлкен елдер қай уақытта да өз мүдделерін өзара келісіп шешеді.

Ондай жағдай XIX ғасырдың қырқыншы жылдары Ресей, Қытай және Ауғанстан арасындағы келісім бойынша шығыс Түркістанды Қытай, Түркімен жерін Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақ жерін Ресей жаулап алатын болып шешті де, дегендеріне жетті. Қазірде біздің жерасты байлығымызға көз тігіп отырған алпауыт елдер аз емес. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік мәселесінде бізге АҚШ пен оның әскери серіктесі НАТО-ға толық сенуге бола ма?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV- XXI ғғ. Қазақ (Қазақстандық) қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайы
Конституцияның құрылысы
Қазақ сахарасындағы әдет-ғұрып құқығы
Азаматтық
Мемлекет және құқық теория негіздері
Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау
Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі туралы
Қазақстанның саяси – экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz