Қазақстанның экономикалық аудандары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАРЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

АУДАНДАРЫ. 4

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ. 9

Батыс Қазақстан экономикалық ауданның ірі қалалары. 11

Білім және білік меңгеруге арналған тапсырмалар14

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ. 17

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның ірі қалалары. . 20

Білім және білік меңгеруге арналған тапсырмалар22

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ. . 24

Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ірі қалалары26

Білім және білік меңгеруге арналған тапсырмалар28

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ . . . 30

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданның ірі қалалары. . 33

Білім және білік меңгеруге арналған тапсырмалар35

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ. . 37

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданның ірі қалалары38

Білім және білік меңгеруге арналған тапсырмалар . . . 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР44

Оқу құралында Қазақстан Респуликасының әрбір эконимикалық аудандарының географиялық орны, табиғат байлықтары, халқы, ірі қалалары, маманданған өнеркәсіп салалары қарастырылады.

Бұл оқу құралы магистранттарға, студенттерге, мектеп мұғалімдері мен осы мәселелермен айналысатын оқырман қауымға арналған.

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда оқу үрдісінде қойылып отырған басты талаптардың бірі-студенттер тек білім алып қана қоймай, ғылым негіздерінен алған іскерлік- дағды, танымдылық деңгейін шығармашылық ізденіспен дамыту.

Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты- пән бойынша студент білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырым, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыру нәтижесінде іскерлік, біліктілігін арттыру және студенттерді өз бетінше экономикалық-географиялық қорытынды жасауға және экономикалық аудандарға, шаруашылықтың жеке элементтеріне экономикалық-географиялық сипаттама беруге (кен орындары, өнеркәсіп орындары және т. б. ) өздерінің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге бағыттау.

Студенттер статистикалық мәліметтерге, географиялық жағдайына, тарихи жағдайына, шараушылықтық жеке саласының географияға әсері және экономикалық аудандардың қалыптасуына ерекше назар аударуға тиісті.

Негізгі тұжырымдарға арнайы таңдалып алынған карталар, сызба-кестелер қоса берілген. Олар теориялық материалдардың мазмұнын толықтыра түседі.

Әр тараудан соң ең басты да мәнді фактілерді, ұғымдарды, біліктілігін тексеруге арналған тапсырмалар берілген.

Берілген оқу-құрал география факультетінің күндізгі және сырттай оқу бөліміндегі студенттерге ұсынылады.

Оқырман қауымның бұл оқу-әдістемелік құрал туралы пікірлері мен сын-ескертпелері және ұсыныстары болса, автор оларды келесі басылымдардағы толықтырулар мен өңдеу кезінде ескеріп қолданатынын айтып, алдын-ала өз ризашылығын білдірідеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАРЫ

Қазіргі Қазақстан-өзінің жан-жақты дамуына қажетті көптеген мүмкіндіктері бар, экономикалық тұрғыдан алғанда болашағы зор егеменді ел. Мұнда қазіргі уақытта шаруашылық салаларының кез келген дамыған елге тәне барлық үш тобы -мемлекетаралық маңызы бар маманданған салалар, сондай-ақ қосалқы және қызмет көрсететін салалар дамыған. Олардың шығарған өнімдері, негізінен, өз ауданының мұқтаждарын өтеуге және ең алдымен мамандандырылған салаларды жетілдіруге және одан әрі дамытуға бағытталған.

Экономиканың өсіп, көліктің осы заманғы түрлерінің пайда болуына байланысты Қазақстанда өзінің аумақтық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шарушылықтарды революцияға дейін-ақ байқала бастаған, кейін аумақтық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтарда революцияға дейін-ақ байқала бастаған, кейін аумақтық еңбек бөлінісін күшейтіп, бірте-бірте республикаішілік бес- Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік экономикалық ауданның қалыптасуына себепші болды. Бұл аудандардың әрқайсысының шаруашылықтарындағы жергілікті ауданішілік маңызы бар салалар әдетте республикалық және республикааралық маңызы бар салалармен ұштасқан, олардың әрқайсысының республиканың бүкіл халық шаруашылығын серпінді әрі кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік және ауданаралық экономикалық байланыстары қалыптасқан. КСРО кезеңінде Қазақстанда әкімшілік территориялық бөлінуіне байланысты алғашқы облыстар 1932 жылы қалыптасты. Ол кезде республикада 6 облыс болған: Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік-Қазақстан облыстары. 1936 жылы жаңа конституция қабылдағаннан кейін тағы да жаңа екі облыс қалыптасты - Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. 1938 жылы Гурев, Қызылорда облыстары, ал 1939 жылы Жамбыл, Семей және Ақмола облыстары, 1944 жылы-Көкшетау және Талдықорған, 1970 жылы- Торғай, 1973 жылы- Маңгышлақ және Жезқазған облыстары қалыптасты. Қазір Қазақстан республикасында 14 облыс бес экономикалық аудан бар. Экономикалық аймақтардағы шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру түрлері ретінде қарау керек. Экономикалық аймақтар шаруашылықтардың кешенді дамуымен сипатталады. Белгілі ғалым Н. Н. Баранский Қазақстан аумағын бес ішкі экономикалық аймақтарға бөледі: басты нышандар ретінде экономикалық аймақтар шаруашылықтарының мамандануы, өндіріс кешендерінің ішкі бірлігі алынады. Бұл аймақтар шаруашылықты жоспарлауды жетілдіруге, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасуын тездетуге мүмкіндік туғызады.

  1. Солтүстік экономикалық аймағына Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары кіреді.
  2. Орталық Қазақстан экономикалық аймағына Қарағанды облысы кіреді.
  3. Батыс Қазақстан экономикалық аймағына Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді.
  4. Шығыс Қазақстан экономикалық аймағына Шығыс Қазақстан облысы кіреді.
  5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары кіреді.

Алып жатқан жер аумағы бойынша ең үлкен экономикалық аудан- бұл Батыс Қазақстан (728, 5 мың км 2), Оңтүстік Қазақстан (712, 1 мың км), Солтүстік Қазақстан (600, 9 мың км), Орталық қазақстан (398 мың мк), Шығыс Қазақстан (277 мың км) . Хылықтардың ең тығыз орналасқан ауданы- бұл Оңтүстік экономикалық аудан. Мұнда бір шаршы шақырым жерде 10, 7 халық тұрады. Солтүстік Қазақстанда - 8, 4, Шығыс Қазақстанда- 7, 0, Орталық Қазақстан -5, 8 және халық ең сирек қоныстанған Батыс Қазақстанда -3, 2 халық тұрады. Жалпы республика бойынша халықтың орташа орналасу тығыздығы 5, 5 адам. Қазақстанда 84 қала, 177 шамасында қала тектес елді мекендер бар.

Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының жер аумағы мен халқы (% есебімен)

Экономикалық аудандар: Экономикалық аудандар
Жер аумағы (%): Жер аумағы (%)
Халқы (%): Халқы (%)
Халық тығыздығы1 км2:

Халық тығыздығы

1 км 2

Экономикалық аудандар: Шығыс Қазақстан
Жер аумағы (%): 10, 2
Халқы (%): 10, 8
Халық тығыздығы1 км2: 6, 3
Экономикалық аудандар: Оңтүстік Қазақстан
Жер аумағы (%): 26, 2
Халқы (%): 37, 9
Халық тығыздығы1 км2: 8, 7
Экономикалық аудандар: Орталық Қазақстан
Жер аумағы (%): 15, 9
Халқы (%): 11, 4
Халық тығыздығы1 км2: 4, 3
Экономикалық аудандар: Солтүстік Қазақстан
Жер аумағы (%): 20, 9
Халқы (%): 27, 2
Халық тығыздығы1 км2: 7, 8
Экономикалық аудандар: Батыс Қазақстан
Жер аумағы (%): 26, 8
Халқы (%): 12, 7
Халық тығыздығы1 км2: 2, 8

Қазақстан халқының облыстар бойынша таралуы.

Қалалар мен облыстар: Қалалар мен облыстар
Қала халқының саны: Қала халқының саны
Ауыл халқының саны: Ауыл халқының саны
Қалалар мен облыстар: Қазақстан Республикасы
Қала халқының саны: 8283. 2
Ауыл халқының саны: 6558. 7
Қалалар мен облыстар:
  1. Ақмола облысы
Қала халқының саны: 370. 6
Ауыл халқының саны: 439. 7
Қалалар мен облыстар: 2. Ақтөбе облысы
Қала халқының саны: 375. 4
Ауыл халқының саны: 297. 2
Қалалар мен облыстар: 3. Алматы облысы
Қала халқының саны: 448. 3
Ауыл халқының саны: 1113. 5
Қалалар мен облыстар: 4. Атырау облысы
Қала халқының саны: 260. 6
Ауыл халқының саны: 186. 5
Қалалар мен облыстар: 5. Шығыс Қазақстан облысы
Қала халқының саны: 882. 6
Ауыл халқының саны: 621. 7
Қалалар мен облыстар: 6. Жамбыл облысы
Қала халқының саны: 448. 9
Ауыл халқының саны: 536. 8
Қалалар мен облыстар: 7. Батыс Қазақстан облысы
Қала халқының саны: 247. 6
Ауыл халқының саны: 356. 8
Қалалар мен облыстар: 8. Қарағанды облысы
Қала халқының саны: 1138. 8
Ауыл халқының саны: 242. 8
Қалалар мен облыстар: 9. Қостанай облысы
Қала халқының саны: 522. 7
Ауыл халқының саны: 449. 6
Қалалар мен облыстар: 10. Қызылорда облысы
Қала халқының саны: 365. 4
Ауыл халқының саны: 240. 1
Қалалар мен облыстар: 11. Маңғыстау облысы
Қала халқының саны: 255
Ауыл халқының саны: 68. 7
Қалалар мен облыстар: 12. Павлодар облысы
Қала халқының саны: 494. 5
Ауыл халқының саны: 282. 3
Қалалар мен облыстар: 13. Солтүстік Қазақстан облысы
Қала халқының саны: 268. 5
Ауыл халқының саны: 437. 9
Қалалар мен облыстар: 14. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қала халқының саны: 740. 3
Ауыл халқының саны: 1285. 1
Қалалар мен облыстар: Астана қаласы
Қала халқының саны: 511
Ауыл халқының саны:
Қалалар мен облыстар: Алматы қаласы
Қала халқының саны: 1139. 3
Ауыл халқының саны:

Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінуі

2002 жыл 1 қаңтар

:
Жер көлемі: Жер көлемі
Аудандар: Аудандар
Қалалар: Қалалар
Қала тектес елді мекендер: Қала тектес елді мекендер
: Қ. Р.
Жер көлемі: 2724. 9
Аудандар: 160
Қалалар: 84
Қала тектес елді мекендер: 177
: Ақмола облысы
Жер көлемі: 146, 1
Аудандар: 17
Қалалар: 10
Қала тектес елді мекендер: 14
: Алматы облысы
Жер көлемі: 224. 0
Аудандар: 16
Қалалар: 10
Қала тектес елді мекендер: 14
: Ақтөбе облысы
Жер көлемі: 300. 6
Аудандар: 12
Қалалар: 8
Қала тектес елді мекендер: 2
: Атырау облысы
Жер көлемі: 118, 6
Аудандар: 7
Қалалар: 1
Қала тектес елді мекендер: 13
: Ш. Қазақстан облысы
Жер көлемі: 283
Аудандар: 15
Қалалар: 10
Қала тектес елді мекендер: 26
: Жамбыл облысы
Жер көлемі: 144, 3
Аудандар: 10
Қалалар: 4
Қала тектес елді мекендер: 10
: Б. Қазақстан облысы
Жер көлемі: 151, 3
Аудандар: 12
Қалалар: 2
Қала тектес елді мекендер: 5
: Қарағанды облысы
Жер көлемі: 428, 0
Аудандар: 9
Қалалар: 11
Қала тектес елді мекендер: 39
: Қызылорда облысы
Жер көлемі: 226, 0
Аудандар: 7
Қалалар: 3
Қала тектес елді мекендер: 12
: Қостанай облысы
Жер көлемі: 196, 0
Аудандар: 16
Қалалар: 5
Қала тектес елді мекендер: 5
: Маңғыстау облысы
Жер көлемі: 165, 6
Аудандар: 4
Қалалар: 3
Қала тектес елді мекендер: 7
: Павлодар облысы
Жер көлемі: 124, 8
Аудандар: 10
Қалалар: 3
Қала тектес елді мекендер: 8
: С. Қазақстан облысы
Жер көлемі: 98,
Аудандар: 13
Қалалар: 5
Қала тектес елді мекендер: 1
: Оңтүстік Қазақстан
Жер көлемі: 117, 3
Аудандар: 12
Қалалар: 8
Қала тектес елді мекендер: 13
: Астана қаласы
Жер көлемі: 0, 7
Аудандар:
Қалалар: 1
Қала тектес елді мекендер: 2
: Алматы қаласы
Жер көлемі: 0, 3
Аудандар:
Қалалар: 1
Қала тектес елді мекендер: 6

Аймақтарға сипаттама

:
Облыс, облыс орталығы: Облыс, облыс орталығы
Терсы, мың км2: Терсы, мың км 2
Халық саны мың адам: Халық саны мың адам
Өндірістің негізгі салалры: Өндірістің негізгі салалры
: 1
Облыс, облыс орталығы: Алматы қаласы
Терсы, мың км2: 0, 3
Халық саны мың адам: 1131
Өндірістің негізгі салалры: Машина жасау, жеңіл, тамақ
: Солтүстік Қазақстан
: 1
Облыс, облыс орталығы:

Қостанай обл.

Қостанай

Терсы, мың км2: 196, 0
Халық саны мың адам: 1017, 7
Өндірістің негізгі салалры: Темір рудасын өндіру, электромеханикалық, асбест, жеңіл, тамақ
: 2
Облыс, облыс орталығы:

С. Қазақстан обл

Петропавл

Терсы, мың км2: 98, 0
Халық саны мың адам: 725, 98
Өндірістің негізгі салалры: Машина жасау
: 4
Облыс, облыс орталығы:

Павлодар обл.

Павлодар

Терсы, мың км2: 124, 8
Халық саны мың адам: 806, 9
Өндірістің негізгі салалры: Көмір, энергетика, түсті металлургия, мұнай химия, машина жасау, жеңіл, тамақ.
: 5
Облыс, облыс орталығы:

Ақмола обл.

Көкшетау

Терсы, мың км2: 146, 1
Халық саны мың адам: 836, 27
Өндірістің негізгі салалры: Ауыл шаруашылық, машина жасау, химия өңдеу салалары
: Батыс Қазақстан
: 6
Облыс, облыс орталығы:

Ақтөбе обл.

Ақтөбе

Терсы, мың км2: 300, 6
Халық саны мың адам:

682, 5

262, 6

Өндірістің негізгі салалры: Қара металлургия, химия, жеңіл, тамақ
: 7
Облыс, облыс орталығы:

Атырау обл.

Атырау

Терсы, мың км2: 118, 6
Халық саны мың адам: 440, 28
Өндірістің негізгі салалры: Мұнай өңдеу, мұнай химия, машина жасау, тамақ.
: 8
Облыс, облыс орталығы:

Батыс Қазақстан

Орал

Терсы, мың км2: 151, 3
Халық саны мың адам: 616, 8
Өндірістің негізгі салалры: Машина жасау, жеңіл, тамақ.
: 9
Облыс, облыс орталығы:

Маңғыстау обл

Ақтау

Терсы, мың км2: 165, 5
Халық саны мың адам: 314, 6
Өндірістің негізгі салалры: Мұнай, химия
: Орталық Қазақстан
: 10
Облыс, облыс орталығы:

Қарағанды обл

Қарағанды

Терсы, мың км2: 428, 0
Халық саны мың адам: 1816, 1
Өндірістің негізгі салалры: Көмір қара металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ
: Шығыс Қазақстан
: 11
Облыс, облыс орталығы:

Ш. Қазақстан обл.

Өскемен

Терсы, мың км2: 283, 3
Халық саны мың адам: 1531, 0
Өндірістің негізгі салалры: Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ
: Оңтүстік Қазақстан
: 12
Облыс, облыс орталығы:

Алматы обл.

Талдықорған

Терсы, мың км2: 224, 0
Халық саны мың адам: 1700, 0
Өндірістің негізгі салалры: Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ.
: 13
Облыс, облыс орталығы:

Жамбыл обл.

Тараз

Терсы, мың км2: 144, 3
Халық саны мың адам: 1056, 9
Өндірістің негізгі салалры: Химия, жеңіл, тамақ
: 14
Облыс, облыс орталығы:

О. Қазақстан обл

Шымкент

Терсы, мың км2: 117, 3
Халық саны мың адам: 1978, 2
Өндірістің негізгі салалры: Түсті металлургия, мұнай химия, жеңіл
: 14
Облыс, облыс орталығы: Қызылорда облысы
Терсы, мың км2: 226. 0
Халық саны мың адам: 596. 2
Өндірістің негізгі салалры: Жеңіл, тамақ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ

Географиялық орны . Батыс Қазақстан жер көлемі жөнінен республикада бірінші орын алады. Ол республиканың қиыр батысында, Ресей Федерациясының еуропалық бөлігімен шекарадағы Шығыс Еуропа далалары мен Орта Азияның аптапты шөлдерінің аралығында орналасқан. Бұл республиканың халық, ең сирек қоныстанған шөлді ауданы.

Құрамы: Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары.

Аумағы- 736 мың шаршы шақырым.

Халқы - 2 млн 124 мың адам.

Табиғи байлықтары. Батыс Қазақстанның жер қойнауында пайдалы қазбалардың түрі көп. Каспий маңы мен Маңғыстау түбегінде мұнай қорымен қатар жанғыш газдар, ас тұзы, калий тұздар қоры мен Мұғалжар тауларында хромит, никель, темір, марганец, кобальт, көмір кен орындары кездеседі. Батыс Қазақстанда әктас, гипс, мергель сияқты құрылыс материалдары қоры да аса мол. Батыс Қазақстан- республикадағы мұнай, газ, хромит және никель кендерін өндіретін аудан.

Мұнда, сонымен қатар, мұнай-газ өнімдерін өндіру, мұнай жабдықтары, ферроқорытпа мен минералды тыңайтқыштар өндірісі дамыған.

Негізгі мамандануы. Аудан экономикасында аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің, әсіресе етті-жүнді мал шаруашылығы мен дәнді егіншіліктің зор маңызы бар. Батыс Қазақстан - республиканың балық аулайтын және оны ұқсататын негізгі ауданы. Жалпы алғанда, Батыс Қазақстан экономикасының көп салалы, мұндай ірі ауданға енетін әр облыстың өзіне тән мамандану бағыты бар. Мұнай Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Никель, хром шығару, ферроқорытпалар, минерал тыңайтқыштар өндірісі Ақтөбе облысында шоғырланған.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күшті дамыған.

Батыс Қазақстанның табиғат жағдайы қатал, өсімдігі өте сирек, шөл және шөлейт жерде орналасқандықтан, климаты өте құрғақ, қысы аса суық.

Көлігі : Ірі өнеркәсіп орындары көп болмағандықтан, көлік желісі де нашар дамыған. Бұл республикадағы бірден-бір біріңғай энергетика жүйесі жоқ аудан. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбеде жекелеген энергетика топтары бар. Бұған энергия Самара, Орал және Оңтүстік Оралдың энергетика жүйесінен беріледі. Бұл ауданда қатқыл табанды автомобиль жолдарының біріңғай желісі жоқ.

60-жылдардың ортасынан бастап мұнай мен газдың ірі кен орындарын игеруге байланысты Батыс Қазақстан экономикасы жедел дами бастады. Мұнай кен орындарына-Мақаттан Ақтауға, одан Жаңаөзенге темір жол тартылды. Сөйтіп, Маңғыстау облысының байтақ жері негізгі Атырау-Ор темір жол желісіне қосылды. Мұнай өнеркәсібінің дамуына байланысты Батыс Қазақстан аумақтық өндірістік кешені жедел қалыптасуда.

Ембі алабымен алыстырғанда Маңғыстау мұнайын өндіру үш есе арзанға түседі және тиімді. Себебі Маңғыстау мұнайы жер бетіне жақындау жатады, мұнай қоры тығыз, осыдан келіп бұрғылау өнімі жоғары.

Батыс Қазақстандағы балық ұқсату өндірістік циклінің барлық буындары дерлік Солтүстік Каспийдегі Жайық өзенінің сағасына шоғырланған. Достастық елдерінде ауланатын бекіре балығының едәуір бөлігі осында өндіріледі. Атыраудағы балық-консерві комбинаты-аудандағы былық ұқсататын кәсіпорындардың ең ірісі. Ол Атырау қаласының жанында, Жайық өзенінің сағасына жақын, Балықшы елді мекенінде орналасқан.

Кен химиясы: Батыс Қазақстанның кен-химия циклі фосфорит, натрий, бром және магний тұздарын өндіруді, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар өндірісін, ал электрметаллургия циклі никель және хром кендерін өндіру мен байытуды, ферроқорытпалар мен хром қосылыстарының тұздары өндірісін қамтиды. Мұнай және мұнай-химия өндірісі негізінде химия өнеркәсібі дамыған. Атырау полиэтилен зауыты; Ақтөбе хром қосылыстары зауыты; Алға қаласындағы Ақтөбе химия комбинаты. Ақтөбе химия комбинаты жергілікті фосфориттер менКаспий маңы ойпатының көлдері мен тұзды төбелерінде кездесетін натрий, калий, хром, магний тұздарын пайдаланады. Бұхар-Орал газ құбырының бір тармағымен келетін мазутпен және табиғи газбен жұмыс істейтін жылу электр станциялары бұл ауданды энергиямен қамтамасыз етеді. Ақтау қаласындағы электр станциясы да табиғи газбен жұмыс істейді. Металл өңдеу өнеркәсібіне Атырау қаласындағы машина жасай зауыты (мұнай өнеркәсібі үшін жабдық шығарады), Ақтөбе рентген аппаратурасы зауыты, Орал қаласындағы механикалық арматура, жел двигательдері зауыттары жатады.

Батыс Қазақстанда төрт- Атырау-Ембі, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал өнеркәсіптік тораптары қалыптасқан.

  1. Атырау-Ембі өнеркәсіп торабының басты маманданған саласы - мұнай және балық өнеркәісібі, оларға металл өңдеу және машина жасау кәсіпорындары қызмет көрсетеді.
  2. Маңғыстау жаңадан қалыптасып келе жатқан ірі өнеркәсіп торабы. Оның дамуының негізгі көзі мұнай мен газ қорлары.
  3. Ақтөбе өнеркәсіп торабының негізгі маманданған саласы ферроқорытпалар, хром қосылыстары, суперфосфат, мұнай жабдықтары, рентген аппаратуларарын шығару.
  4. Орал өнеркәсіптік торабы, негізінен, ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсату. Оның барлық аса маңызды кәсіпорындары Орал қаласында орналасқан. Орал ірі ет комбинаты, киіз басу және тері-тон фабрикалары, былғары зауыты, жарма зауыты, диірмен комбинаттары бар. Қарашығанақ ауданында газ өндісі бар.

Ауыл шаруашылығы : мал өсіру маңызды орын алады. Жерінің 92%-дан астамын жайылым және шабындықтар алып жатыр. Мал шаруашылығының басты - қой өсіру, негізінен қылшық жүнді, құйрықты және қаракөл тұқымды қой өсіреді.

Батыс Қазақстанда ертеден-ақ тебінді жылқы өсіру, шөлді аудандарда түйе өсіруден атағы шыққан.

Егіншілік . Егіншілік нашар дамыған. Егістік жер көлемі тың және тыңайған жерді игеруге байланысты өсіп, қазір 3, 8 млн. гектарға жетті. Қазақстан Республикасының бүкіл егіс көлемінің 12%-дан астамы Батыс Қазақстанның үлесіне тиеді.

Ауыл шараушылық дақылдары егісінің көбі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ылғалы молдау солтүстік бөлігіндегі қара және қара-қоңыр топырақты зонада орналасқан.

Негізінен дәнді дақылдар өсіріледі, олар бүкіл егіс көлемінің 80%-ын құрайды Дәнді дақылдардан жаздық бидай мен тары егіледі.

Батыс Қазақстанда республика бойынша қара бидай егісі көлемінің 70%-ға жуығы, тарының 34%-ы шоғырланған.

Техникалық дақылдардан қыша мен күнбағыс егісі басым орын алады. Ауылшаруашылығының мамандануы жағынан Батыс Қазақстан аумағын солтүстік, орталық, оңтүстік деп үш зонаға бөлуге болады.

Солтүстік зона- егіншілік-мал шаруашылықты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандарын қамтиды. Бұл көбіне бидай өсіретін, егіншілігі күшті дамыған зона. Мал шаруашылығы негізінен ет-сүт бағытында өркендеген.

Орталық -мал шаруашылықты егіншілікті зона Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ортаңғы бөліктерін қамтиды. Мал шаруашылығы ет, ет-жүн өндіру бағытында дамыған. Бидай, тары, қыша өсіріледі.

Оңтүстік зона таза мал шараушылығымен айналысады. Оған Батыс Қазақстан умағының жартысынан астамы-Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жері жатады. Мал шаруашылығының негізі-ет-жүн беретін қой өсіру және түйе шаруашылығы.

Батыс Қазақстан Еділ бойымен өте тығыз байланысты. Сондай-ақ Батыс және Шығыс Сібір, Украина және Орта Азия мемлекеттерімен де экономикалық, сауда байланыстары бар.

Халқы: Қазақстан халқының 12. 8% тұрады. Ауданның солтүстігінде, Жайық аңғарында халық тығыз қоныстанған. 1 км -2, 9 адамнан келеді. Қала халқы - 50%7.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Экономикалық аудан. Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстандағы құс шаруашылығы мәселелері
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
Ақмола облысының салық департаменті жұмысы негізінде салықтардын түсімін және салықтық бақылаудың ұйымдастыруын талдау
Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары
Климаты, қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz