Кәсіпкерліктің қазақстандағы түрлері
Жоспар:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Кәсіпкерлік теориясы.
1.1. Кәсіпкерліктің мәні және экономикалық негізі ... ... ... ... ..4
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. Кәсіпкерліктегі тәуекел және оның түрлері ... ... ... ... ... .17
II. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру.
2.1. Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Кәсіпорынның техника.экономикалық дәлелділігін айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3. Жаңа кәсіпорынды басқару және франчайзинг ... ... ... ...26
III. Кәсіпкерліктің Қазақстандағы түрлері.
3.1. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері ... ... ... 28
3.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметі ... ... ... .30
3.3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара есептесу жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру және оның Қазақстан Республикасындағы түрлері». Кәсіпкерлік – адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкер болу үшін біреудің істегенін қайталамау керек. Яғни, кәсіпкер – ол біреудің істегенін істемеу. Осы мәліметтерді қарастыра отыра, курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде, кәсіпкерліктің мәні, пайда болу тарихы, экономикалық негізі туралы әңгіме болады. Сонымен қатар оның атқаратын міндетіне, шығу мерзіміне қарай көптеген түрлері және де кәсіпкерліктегі тәуекел, оның түрлері жайлы айтылады.
Екінші бөлімде, Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру, соған байланысты бизнес жоспар қалай құру керек туралы, оны ұйымдастыру тәртібі, оны басқару және франчайзинг туралы мәлімет береді.
Үшінші бөлімде, кәсіпорындардың Қазақстандағы түрлері, соның ішінде қазіргі кәсіпорындар - командиттік, жауапкершілігі шектеулі кәсіпорындар, шаруашылық серіктестік және т.б. түрлері, олардың пайдасы мен шығындары туралы айтылады. Курстық жұмыста осы бөлімдерге толығырақ тоқталамыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.
2. Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону: 1998.
3. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: 1999.
4. Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва: 1995.
5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы: 1998
6. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы: 2000
7. Финансы. Денежные обращение.Под ред. Дробозиной Л.А. Москва:1997.
8. Антонов А. Г. Денежное обращение, кредити банки. Москва 1995.
9. Жуков С.Ф. Деньги, Кредит Банки. Москва: 2001.
10.Әубәкіров . Я. А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1999 ж.
11.Шеденов. О.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-Алматы, 2002ж
12.Б. Жунісов. Ұ. Мәмбетов. Ү. Байжомартов. Нарықтық экономика негіздері. Алматы 1994 ж.
13.Көшенова.Б.Ақша несие банктер валюта қатынастары.Алматы 2000 ж
14.Курс экономической теории. /Под общ. ред. проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е.А. Киров, 1999г.
15.Н. Қ. Мамыров.М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. Алматы 2003ж.
16.С.Б. Мақыш. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004ж.
17.Н.Қ. Мамыров. М.Ә. Тілеужанова . Макроэкономика. Алматы 2003ж.
18.Экономическая теория. /под. Ред. проф. А.И. Добрынина, проф. Л.С.Тарасевича.
19.Экономическая теория. /под. Ред. проф. В.Д. Камаева . Москва, 1999г.
20.Экономическая теория. М.А. Сажина, Г.Г. Чибриков.
21.Экономическая теория. /под. Ред. Н.И. Базылева, С.П.Гурко

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университетінің колледжі
Курстық жұмыс
Пәні: Кәсіпорын экономикасы және өндірісті басқару
Тақырыбы: Кәсіпкерліктің Қазақстандағы түрлері
Орындаған: АТЖ-08-01
т.с.
Аділханов Қ.
Тексерген: Мендалиева
А.
Ақтау – 2010 жыл.
Жоспар:
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
I. Кәсіпкерлік теориясы.
1.1. Кәсіпкерліктің мәні және экономикалық негізі ... ... ... ... ..4
1.2. Кәсіпкерліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. Кәсіпкерліктегі тәуекел және оның түрлері ... ... ... ... ... .17
II. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру.
2.1. Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Кәсіпорынның техника-экономикалық дәлелділігін
айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...23
2.3. Жаңа кәсіпорынды басқару және франчайзинг ... ... ... ...26
III. Кәсіпкерліктің Қазақстандағы түрлері.
3.1. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері ... ... ... 28
3.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметі ... ... ... .30
3.3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара есептесу
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..35
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..36
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпкерлікті ұйымдастыру және оның
Қазақстан Республикасындағы түрлері. Кәсіпкерлік – адамның экономикалық
қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты
жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге
асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым
ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол
еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкер болу үшін біреудің
істегенін қайталамау керек. Яғни, кәсіпкер – ол біреудің істегенін істемеу.
Осы мәліметтерді қарастыра отыра, курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде, кәсіпкерліктің мәні, пайда болу тарихы, экономикалық
негізі туралы әңгіме болады. Сонымен қатар оның атқаратын міндетіне, шығу
мерзіміне қарай көптеген түрлері және де кәсіпкерліктегі тәуекел, оның
түрлері жайлы айтылады.
Екінші бөлімде, Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру, соған байланысты бизнес
жоспар қалай құру керек туралы, оны ұйымдастыру тәртібі, оны басқару және
франчайзинг туралы мәлімет береді.
Үшінші бөлімде, кәсіпорындардың Қазақстандағы түрлері, соның ішінде
қазіргі кәсіпорындар - командиттік, жауапкершілігі шектеулі кәсіпорындар,
шаруашылық серіктестік және т.б. түрлері, олардың пайдасы мен шығындары
туралы айтылады. Курстық жұмыста осы бөлімдерге толығырақ тоқталамыз.
Бөлім 1. Кәсіпкерлік теориясы.
1.1. Кәсіпкерліктің мәні және экономикалық негізі
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді.
Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу –
басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен
кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан
Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік
шеңбер ауқымында ұйымдас- тыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон
(1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында
табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер
бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді.
Кәсiпкерлiк екi мағынада пайдаланылады:
1) белгiлi бiр iстiң түрi;
2) сол iспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсiпкерлiк дегенiмiз - белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Iс iстеу -
адамның белсендiлiгi және iскерлiгi. Белсендiлiк және iскерлiк - адамның
еркiн өмiр сүру түрi. Белсендiлiк және iскерлiк - адамдардың мiнез-құлқы
типтерiмен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша
адамдардың қандай типтерi белсендi, iскер болар екен? Өздеріңіз
ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе?
Cан есебiнен алғанда белсендiлiк өте азғантай энергетикалық шығыннан,
шамадан тыс энергия шығынына дейiн, кейде қоғамдық идеалды iске асыруға
дейiн баруы мүмкiн. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистiк
революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсендiлiк (iшкi себептермен пайда
болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмiрдiң шектелген түрi және ерiксiз
белсендiлiк (қайғы- қасiрет шегу), сонымен бiрге еркiн белсендiлiк.
Адамдардың бел- сенділігі әртүрлi болады: саяси, әлеуметтiк, экономикалық,
әскери, тарихи, айуандық т.б. болып бөлiнедi.
Кәсiпкерлiк деген ұғым өмiрде экономикалық белсендiлiкке
қолданылады. Антогонистiк қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсiпкерлер
табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсендiлiк - бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндiрiсiмен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндiрiсте, айырбаста
шектелген белсендiлiгiн емес, адамдардың жан-жақты белсендiлiгiн
(iскерлiгiн) талап етедi. Сондықтан экономикалық белсендiлiк, iскерлiк
ерiксiз немесе еркiн болуы керек.
Кәсiпкерлiк - ежелден келе жатқан адамдардың iскерлiк белсендiлiгi,
қабiлетi. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол
өнерi қызметкерлерi. Кәсiпкерлiктiң алғашқы дамуында кәсiпкер құрал
жабдықтарға иелiк ете отырып, өздерi сол кәсiпорында қолдап жұмыс iстеген.
Бұл тауарлы өндiрiстiң бастапқы жабайы түрi.
XYI ғасырдың ортасынан бастап акционерлiк капитал пайда болды,
акционерлiк қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660 ж. Ост-Индия сауда компаниясы. XYII ғасырдың аяғында
акционерлiк банктер iске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсiпкерлiк ерте заманнан келедi. Қазақстанның
көшпелi шаруашылық жағдайында кәсiпкерлiк еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр
I патшалық ету кезеңiнде кәсiпкерлiк ерекше дамыды, бiрақ крепостной қоғам
тежедi. Капитализмнiң дамуымен кәсiпкерлiк те дамыды. 1861 жылғы реформадан
кейiн темiр жол құрылысы, ауыр өнеркәсiп салалары орын алды.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсi - жеке адамдар, сонымен бiрге, заңды
тұлғалар, бiрiккен серiктестер (партнерлер): арендалық ұжым, ашық және
жабық акционерлiк қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлi бiрлестiктер
(корпорациялар).
Кәсiпкерлiктiң ерекшелiктерi:
- дербестiк және тәуелсiздiк;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк;
- жаңашылдық.
Экономиканың негiзiн екi фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын
мәнiнде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бiрiншi ақиқат: қоғамның материалдық қажеттiлiгi шексiз немесе
тойымсыз.
Екiншi ақиқат: экономикалық ресурстар шектi немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегенiмiз не? Бұл - тауар өндiруде қолданылатын
барлық табиғат, адам және адамдардың өндiрген құрал жабдық ресурстары.
Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлi жабдықтар,
инструменттер, өндiрiстiк тауарлар мен ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруге
қолданылатын машиналар; әртүрлi транспорт, байланыс құралдары; материалдық
байлықты өндiруге қатынасатын алуан түрлi еңбектер; жер және қазбалы
байлықтар. Олар мынандай үлкен екi категорияға бөлiнедi:
1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк.
1. Жер. Жер деген түсiнiкке барлық табиғи ресурстар жатады -өндiрiсте
қолданылатын барлық табиғаттың әншейiн байлығы. Оған мынандай ресурстар
кiредi: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары т.б.
2. Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндiрiлген өндiрiс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика-зауыттар,
қойма, транспорт, құралдарының барлық түрлерi және тауар өткiзу торабы.
Құрал жабдықтарды өндiру және қорландыру процесiн инвестициялау дейдi.
Тауарлар екiге бөлiнедi: 1. Инвестициялық тауарлар (капитал), олар
тұтыну тауарларын өндiрудi қамтамасыз етедi;
2. Тұтыну тауарлары қоғамның қажетiн тiкелей қанағаттандырады.
Инвестициялық тауарға ақша капиталы кiрмейдi. Ақша ештеңе өндiрмейдi, яғни
экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша - бұл финанс капиталы, яғни нақты
капитал емес, жалған капитал.
3. Еңбек - бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар
өндiру және қызмет көрсетудегi күш ақыл-ой қабiлеттiлiгiн бейнелейдi.
4. Кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк - адамдардың ерекше талантты- лығы. Оны
түсiну үшiн кәсiпкердiң төрт функциясын түсiну керек. 1. Кәсiпкер барлық
ресурстарды: жер, капитал және еңбектi өнiм өндiру процесiне қосу ынтасын
өз жауапкершiлiгiне алады, яғни өндiрiстiң қозғаушы күшi, себебi iстеген
iсi пайда беретiнiне сенедi.
2. Кәсiпкер өндiрiс процесiнде барлық негiзгi шешiмдердi өз қолына алады
және фирманың (кәсiпорынның) iс бағытын айқындайды.
3. Кәсiпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негiзде жаңа тауар өндiрудi, жаңа
технологияны енгiзу, бизнестi ұйымдастырудың жаңа формаларын енгiзуге
аянбай жұмыс iстейтiн кiсi.
4. Кәсiпкер - бұл тәуекелге баратын кiсi. Тәуекелге бару үшiн iстелетiн
iстiң егжей-тегжейiн айқын талдап, қорытындысында не болатынын бiлген жөн
(капитализм совет өкiметi емес, ешкiм әншейiн көмек көрсетпейдi). Кәсiпкер
тек қана өз уақыты, еңбегiн, iс қабiлеттiлiгiн тәуекелге салмайды, сонымен
бiрге өндiрiске кеткен өзiнiң және өзiнiң серiктестерiнiң немесе
акционерлердiң қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсiпкерлiк iстiң қозғаушы күшi - мол пайда табу.
Ресурстарға төлем. Жоғарыдағы көрсетiлген ресурстар, яғни өндiрiс
факторлары жеке кәсiпорындарға ақшалай табыс ретiнде берiледi.
1. Материалдық ресурстар бергенi үшiн капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергенiне рента алады.
3. Жұмыс күшiн жалдағаны үшiн еңбек ақы алады.
4. Кәсiпкерлiк табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкiн.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиiмдi пайдалану жөнiндегi ғылым
екенiн кәсiпкер жете түсiнуi керек. Экономикалық тиiмдiлiк - бұл шығын-
өнiм мәселесiн қамтиды. Экономикалық тиiмдiлiктiң критериясы (өлшемi)
әрбiр өнiм бiрлiгiне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда
қоғам барлық ресурстарды тиiмдi пайдаланып неғұрлым көп өнiм өндiруге
талаптанады. Ол үшiн ресурстарды толық iске қосып толық қамтуға және
өндiрiс көлемiн толы қамтамасыз ету қажет. Сондықтан толық қамтылу деген
экономикалық терминдi түсiндiрiп кетелiк.
Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды iске
қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егiске жарамды жерлер, күрделi
жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды iске қосу керек.
Ресурстардың барлығы жұмыс iстесе шығын көбейедi; жұмысшылар еңбек ақы
алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға
толады, адамдардың әлеуметтiк тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар шығын
болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмiр сүру негiзiн материалдық
өндiрiс, яғни адамдарға қажет байлықты өндiру құрайды.
Шын мәнiнде, кәсiпкер өндiрiстiң негiзгi үш факторын iске қосып, өзi
төртiншi фактор болып ресурс иелерiне төлем төлеудi қамтамасыз етедi; жұмыс
күшiне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелерiне рента; кәсiпкерлерге
кәсiпкерлiк пайда.
Социализм мен капитализмнiң экономикалық айырмашылығы: бiрiншiсiнде
жұмыс күшiнiң өндiрген қосымша құны бүкiл қоғам мүддесiне жұмсалады, ал
екiншiсiнде - қосымша құн үшке бөлiнедi: пайызға рентаға және кәсiпкерлiк
пайдаға.
Қоғамның өндiрген таза пайдасын осылай бөлудi қамтамасыз ету үшiн
мемлекеттiк органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер
ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншiкке негiзделген экономиканың жеке меншiк
экономикасына ауысуы ұзақ мерзiмдi, ақыл-ой, парасатты жұмысқа негiзделген
экономикалық күрделi шараларды қолдануды талап етедi.
Жаңа қоғамның негiзiн тұрақты, тиiмдi құру үшiн кәсiпкерлер табын
даярлау керек. Кәсiпкерлiк қабiлетi қаражаты бар тапты құру үшiн, бiрiншi
бiлiм керек, екiншi өкiмет экономикалық саясатын түбегейлi қайта қарауы
қажет. Елдiң болашақ тағдырын бiлiктi кәсiпкерлер шешедi және олар өз
елiнiң гүлденуiне аянбай жұмыс iстейтiн, өзiнiң де пайдасын табатын, iскер
азаматтар болуы керек.
Аш - жалаңаш елде кәсiпкер де, халық та байымайды.
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері.
Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынандай түрлері болады:
өндірістік, коммерциялық финанс және консультациялық. Өндiрiстiк
кәсiпкерлiк – бұл кәсiпкерлiктiң негiзгi түрi. Мұнда тауар өндiру, қызмет
көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсiпкерлiкпен айналысу үшiн қандай тауар өндiру, қандай қызмет
көрсетудi iске асырумен шұғылдану керектiгiн бiлу керек.
2. Одан кейiн маркетингтiк iспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен
байланысу, сонымен бiрге, шикiзат, материалдар, энергия т.б.
жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.
3. Келесi кезең өндiрiс факторлары. а) Негiзгi өндiрiстiк қорлар:
ғимараттар, құрылыстар, өндiрiстiк құрал жабдықтарды сатып алу немесе
арендаға алу. б) Өндiрiстiк айналым қоры: еңбек заттары, шикiзаттар,
негiзгi және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу
жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынған құрастыру бөлшектерi,
полуфабрикаттар, келешекке керектi шығындарды жабу көзi. Инструменттер мен
инвентарлар айналым қорына екi белгiсiмен: бағасымен және пайдалану
мерзiмiмен бөлiнедi.
4. Алдағы уақытта шығындар дегенiмiз - бiрiншi кезеңдегi тауар өндiрудi
меңгергенше көбiрек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өнiмiне тiкелей
қатынасады.
5. Жұмыс күшiн кәсiпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап
алады. Жұмысқа аларда кадрлардың бiлiмi, мамандығы, тәжiрибелiлiгi және
қасиеттерi т.б. ескерiлуi керек.
6. Қажеттi информация - реурстарды қосымша қосуға мүмкiндiктердi
ойластырып, алдын ала есептеу.
7. Финанс қаржыларының керек мөлшерiн анықтау.
Жалпы ақшаның қажеттiк көлемiн мынандай формуламен шығаруға болады:
Аж = А1 + А2 + А3 + А4 +... + Аn (2.1)
Аж – жалпы керектi қаражаттар;
А1 - жалақы қоры;
А2 - айналым қоры;
А3 – құрал жабдықтар; (2.1)
А4 – басқа мекемелердiң атқарған жұмысына төлем т.б.
8. Бастапқы капитал: 1) жиналған қор;
2) несиеге ақша алу
9. Өндiрiстiк iстiң қорытындысы
Сатудан түскен түсімнен өндiрiстiк және коммерциялық шығындардың, яғни
толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады.
Жалпы пайда = жалпы түсiм алу өндiрiс және коммерциялық шығындар яғни,
Ж пайда = Ж түсiм – толық шығын
Жалпы пайда бұл салық төлегенге дейiнгi пайда
10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды, төлегеннен кейiн қалған пайда
– таза пайда деп аталады.
11. Кәсiпкерлiктiң финанс жағдайын бағалау үшiн рентабельдiк деңгейiн
шығарады.
Рентабельдiк деңгей = таза пайда шығындар+ төлемдер х 100%
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсiпкерлiк- тәуекелдiлiк
бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бiр түрi. Бұл ғылыми зерттеу
жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсiресе ғылым сыйымдылығы көп
өндiрiс салаларында, бiрiншi кезекте
жоғарғы технологиялық өндiрiстерде қолданылады, онда тәуекелдiлiк,
тиiмдiлiкке кепiлдiк болмауы мүмкiн.
Коммерциялық кәсiпкерлiктiң iс өрiсi тауар биржалары, сауда
мекемелерi. Тауар биржалары ең көп тараған бiрқалыпты жұмыс iстейтiн
көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда
жасаумен бiрге, келiсiм шарттар жасау, яғни фьючерлiк айырбас келiсiмдерi
жасалады. Мұндай шарттар
бойынша төлемдi мерзiмдi уақыт өткеннен кейiн келiсiлген бағамен сатады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- сауда - саттық келiсiм жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- тауар сатуды тәртiпке келтiредi, сауда операцияларын реттейдi;
- баға туралы, өндiрiс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететiн факторлар
жөнiнде мәлiметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлiгi нақты тауарлар сату емес,
тауарды келiсiм бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау
туралы шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсiпкерлiктiң негiзгi жұмысы тауарды сатып алу - сату
операцияларымен байланысты. Өндiрiстiк кәсiпкерлiктен коммерциялық
кәсiпкерлiктiң айырмашылығы, бiрiншiсi тауар өндiрсе, екiншiсi сатып алып
сатады. Сауда өндiрiстiң жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсiпкерлiкпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық
талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық iстердi
ұйымдастыру, басқару жүйесiн жасақтау болып табылады.
Коммерциялық келiсiмдер бағдарламасы:
- сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау;
- ғимараттар, қоймалар, ұсақ саудаға үй сатып алу немесе жалдау;
- тауар сатып алу, сату;
- тауар сатып алуға керектi несиелердi ұйымдастыру, табу және оны уақытында
пайыз ставкасымен қайтару;
- жоспарлауға керектi ақпараттарды табу, жасақтау;
- тұтынушыларға тауар сатып, ақшасын алу;
- финанс органдарына салық және басқа төлемдердi мерзiмiнде төлеу.
Сауда фирмасындағы маркетинг жұмысы туралы модель – бағдарлама.
1. Маркетинг ақпаратын жинау және Қорытынды:
мәліметтер банкасын жасақтау. Маркетингалық басқару шешімдерін
2. Ішкі және сыртқы факторларды қабылдау.
зерттеу Өзіңнің реалды мүмкіндігіңді бағалай
3. Тауардың өтімділігін және оның білу, елестету
даму тенденцияларын зерттеу. Тауар (қандай тауар) өндіру жөнінде
4. Ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін шешім қабылдау
мәліметтер жинау және оны талдау. Өткізу және баға саясатын жасақтау
5. Тауардың сапасы бойынша қойылған Тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру
талапқа сай тауарлар түрін анықтау. Тауармен жабдықтаудың транзиттік және
6. Тауар жабдықтаушылармен іскер жәнеқойма түрлерін ұйымдастыру
тұрақты байланыстар жасау. Тауардың тұрақты өндірілуін
7. Сауда – технологиялық процестерді қамтамасыз ету
ұйымдастыру Сатылатын тауарларға назар аударту
8. жарнамалық қамту
9. Фирманың имиджін жасау. Дүкендерге жеке сыртқы бейне беру
Сауда фирмасында маркетингалық жұмыстың бағдарлама – моделі.
Финанс кәсiпкерлiгiне негiзiнен коммерциялық банкiлер және қор
биржалары кiредi. Коммерциялық банкiлер – бұл финанс-кредит мекемелерi,
негiзiнен акционерлiк типте болады. Олар көпшiлiкке коммерциялық
кәсiпорындарға несие бередi, ол үшiн пайыз ставкасымен берген несиесiн
қайырады. Банкiде активтi және пассивтi операциялар болады.
Қор биржалары - бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын
жеделдетедi және активтердiң реалды құнын анықтайды.
Консультативтiк кәсiпкерлiк – бұл ой нарығының бiр бөлiгi. Онда
мынандай жұмыстар iстеледi; финанстық, инвестициялық, саясаттарды жасақтау,
белсендi маркетинг, тәуелсiз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық,
шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелерi жөнiнде көмектер т.б.
көрсетiледi. Консультация (кеңес беру) әдiстерi:1) эксперттық консультация-
мұнда маман өз бетiмен диагноз қояды, шешiмдер жасақтайды және енгiзуге
ұсыныстар бередi. 2) процесстiк консультация- фирманың маманы клиентпен
белсендi түрде қарым-қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады,
клиентпен бiрге талдау жасайды сонан кейiн ұсыныстар белгiлейдi. 3)
оқулық консультация - лекция оқу, семинар өткiзу, оқу құралдарын жасақтау
т.б.
Практикада бұл үш түрi де аралас болуы мүмкiн.
Кәсіпкерліктің түрлері
Өндірістік Коммерциялық Финанстық Консультациялық
Инновациялық Сауда Банк Жалпы басқару
Әкімшілік
Ғылыми- техникалық Финанстық басқару
Сатып алу-сату Сақтандыру Кадрларды басқару
Тауар өндіру Сауда- делдалдық Аудиторлық Маркетинг
Өндіріс
Қызмет көрсету Тауар биржалары Лизингалық Информациялық
технология
Тауарларды,
қызметтерді Қор биржалары Маманданған қызмет
өндірістік тұтыну көрсету
Информациялық
1.3. Кәсіпкерліктегі тәуекел және оның түрлері.
Нарық жағдайында тәуекел кәсiпкерлiктiң шешушi элементi. Тәуекелдiң
ерекшелiктерi кәсiпкерлiк iсте белгiсіздiк, күтпегендiк, сенбеушiлiк
болжамдылық жетiстiкке жетуге кедергi болуы мүмкiн. Кәсiпкерлiк iс туралы
заңда жазылғандай кәсiпкерлiк iс өз тәуекелдiлiгiне, кәсiпорынның
ұйымдастыру праволық формасы шегiндегi мүлiктiк жауапкершiлiгiне
негiзделген.
Нарық жағдайында тәуекелдiлiктi бәсеңдету үшiн бiрнеше әдiстер бар:
1) кәсiпкерлiк жоба жасауға iстi жетiк бiлетiн кеңесшiлердi, мамандарды
тарту; 2)жобалау алдындағы мүмкiн болатын қиындықтарды (проблемаларды) жете
бiлу; 3) өндiрiлетiн өнiмге сұранысты болжау; 4) тәуекелдiлiктi жобаға
қатынасушылардың өзара бөлiсуi; 5) сақтандыру; 6) болжамсыз шығындарды
жабуға керектi қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдiлiктiң бiрнеше түрi бар:
1) өндiрiстiк, 2) коммерциялық, 3) финанстық (кредит),
4) инвестициялық, 5)нарықтық. Осы түрлерге жеке тоқталалық.
1. Өндiрiстiк тәуекел. Бұл өнiмдi өндiрумен және оны өткiзумен байланысты.
Бұл тәуекелге өнiмнiң белгiленген көлемiнiң өзгеруi және өткiзу қарқыны,
материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға
деңгейiнiң кемуi, брак, рекламация т.б. себептер тiкелей ықпал жасайды.
2. Коммерциялық тәуекел - бұл кәсiпкердiң сатып алған өнiмдi нарықта
өткiзуiнде пайда болады. Коммерциялық келiсiм жағдайында бағаның
төмендеуiн, тауар өткiзуде кездесетiн қосымша шығындарды ескеру керек.
3. Финанстық тәуекел. Бұл финанстық кәсiпкерлiк iсiнде кездеседi. Мысалы,
финанстық келiсiм тәуекелдiлiк шарттасушы- лардың бiр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz