Қазақстанның Европа одағы елдерімен қатынасы


Қазақстанның Европа одағы елдерімен қатынасы
Біз бұл мақалада Қазақстанның Европа елдерімен қатынасына тоқталамыз.
2007 жылдың жазына дейін Европалық Одақ өзінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатыныстан нығайту жөніндегі Стратегиясын қабылдамайтын мәлімдеді. Осықұжаттың екі жақты болуы үшін алдын ала наурыздың 28-де Астана қаласында, “Европалық Одақ үштігі (ЕО-ның қазіргі төрағалық етіп жүрген елінің өкілі (Германия), ЕО-ның Бас хатшылығы және Европалық комиссия) -Орталық Азия елдері (Қазақстан, Қырғызтан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркістан) ” уәжідегі 4-кездесеуі 28 науырызда Астанада болыпт өтті. Бұл үнқатысулар 2004 жылы еуропалықтардың бастамашылығымен басталған еді.
Содан бері оның үш кездесу болды. Бұдан кейін Ео-ның өкілдері Орталық Азиядан Европаға энергия көздерін экспорттаудың болашақтағы жолдарын іздестіру жөнінде бірлескен жұмыстық одақ әрі жүргізуге кірісті.
Осымен байланысты”Баку үндестікгі” деп аталатын құжатты іске асыру барысында Каспий және Қара теңіз өңірлері елдерінің энергетикасы бойынша, бірінші министрлер мәслихатында (2004 жылы қарашада) бастау алған, сөйтіп, екінші мәслихатты (2007жылы 30 қарашада) Астанада өткізу тұрғысында ресми ұсыныс жасалған болатын.
Ео-мен үндестікті дамыту үшін Брюссельге Қазақстан мемлекет басышының ресми сапарының (2006жылы 4-6 желтоқсан) зор маңызы болды. 2004-2006 жылда аралығында Европалық Одақ Отрталық Азия елдеріне қомақты қаржылық көмек жасады. Өз тәуелсіздіктерін алған 15 жылда Орталық Азия елдерінде оның көлемі 1, 3 млрд еуроға жетті. Бүгінгі күні де ЕО Орталық Азия елдеріне қаржылық көмек жасаудың бірнше бағдарламасына жүзеге асыруда. Соның ішінде 2007 жылдан бастап Ынтымақтастықтың дамыту арқылы атты бағдарламамен алмастырылған ТАSIS жобасы да бар. Осы бағдарламаға арналған 2007 жылыдың бюджеті Орталық Азия елдері үшін 55млн еуро болып отыр.
“Еоүштігі-ОРталық Азия” уәжіндегі кездесулер шеңберінде сауданы ырықтандырудың және экономикалық ынтымастық мәселерін, кедендік заңдылықтарды жетілтіріп, европалық стандарттарға жақандату көлік инфрақұрылымын дамыту, экология және су ресурстарын игеру, лаңкестіктің туу және тарау себептері, есірткізге қарсы, т. б мәселелер талқыланды.
Бүгінгі Еуроодақтық Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына ерекше назар аударуының маңызыды себептері бар. Бірінші себебі-осы өңірдің энергетикалық ресурстарға бай болу. Еуроодақ өз энергетикалық импорт маршруттарын әртараптандыруға мүдделі. Қазақстан және көршілес елдер осыған біраз ықпал ете алады. Европаның Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастығын ерекше қарастыратынын екі жақтың арасындағы Энергетика саласындағы түсіністік жайындағы Меморандумға 2006жылығы желтоқсанда қол қойылды. Бұл меморандум Каспий өңіріндегі табиғи газ бен мұнайды ірі өндіруші ретіндегі Қазақстанның маңызды рөлін және Европалық Одақ пен Қазақстанның энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға деген өзара ықыласын мойындайды, делінген мәләмдемеде.
Қ. Р-ның Европалық Одақпен байланысты 1993 жылы ақпан айында дипломатиялық қатынас орнағаннан кейін дами бастады. Ал ресми саяси қатынас бұдан бұрын-ақ Президент Нұрсылтан Назарбаевтың 1992 жылы наурызда Еврокомиссиясының делегациясын қабылдаған кезінен басталды.
Бір жыл кейін Президент Нұрсылтан Назарбаев Брюссельге ресми сапар жасап, нәтежесінде 1993 жылыдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Брюссельде өкілдігі ашылып, 1994 жылы Еврокомиссияның өкілдігі Алматыда ашылды.
1995 жылдың 23қаңтар Президент Нұрсылтан Назарбаев Евроодақ кеңесінің төрағасы А. Жюппе қол қойған “Әріптестік және ынтымастық турулы” келісімге қол қойып, ол 1999 жылғы 1 шілдесінде күшіне енді.
2006 жылы қарашада Еуроодақ қабылдаған Мәлімдемеде былай делінген:
“Әріптестік пен ынтымастық туралы келісімдік жүзеге асырудың жеті жылы Европалық Одақ пен Қазақстан арасындағы үнқатынысудың деңгейі мен сапасын жоғары екендігін көрсетіп отыр. Біз күшті әріптестігімізді жалпы ортақ игіліктер негізінде дамытуға алға басушыоыққа, сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы қол жеткен жетістіктерімізге, жаңа жаһандық қыр көрсетулерге жауап берудегі, энергетикалық қауіпсіздік пен өркениеттердің тиімді үнқатысуын қамтамасыз етудегі бірлескен білдіреміз. Біздің әрәптестігіміз екі жақты экономикалық байланыстыратын тұрақты түрде кеңеюіне ықпал етіп отырғандықтан, 2002 жылдан бері тауар айналымының үш есе өскендігін қанағаттандықпен атап көрсеттеміз”
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2000жылғы маусымды және 2002 жылғы қарашада Брюссельде ресми сапармен барды . Қазақстан Европалық Одақтық Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық әрәптес болып табылды. 2005 жылы Қазақстанның Евроодақ елімен тауар айналымы 15, 3 миллиард АҚШ долларын құрады.
Еурополық Одақ елдері Қазақстан экономикасын 24 миллиард доллардың инвестициясын салып отыр. Бұл-Қазақстанға салынған шетелдік тікелей инвестицияның шамамен екіден бір бөлігі. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания (жалпы көлемінің 13. 7 пайызы), Италия(7, 1) , Нидерланды(5, 5), Франция(1, 7), Германия(1, 5пайыз) болып табылды.
Қізіргі таңда Орталық Азия аймағы, әсіресе, Қазақстан, Евроодақтың көлік саласындағы белді әріптестік ретінде қалыптасып келе жатыр. Біздің аймақтың роналасқан жері Шығыс пен Батыс байланыстыру үшін өте қолайлы. Осы себепен Евроодақ бұл өңірден экономикалық прагматмзм тұрғысынын сенімді әрәптестер іздеуде.
Евроодақтың осындағы өз саясатын стратегиялық тұрғыдан жаңа деңгейдге шығаруы-әлемде болып жатқан құбылыстардың заңдылығы. Европамен қарым-қатнасты дамытудың Орталық Азия мемлекеттері, әсіресе Қазақстан үшін қандай нақты тиімделіктері бар?Еліміздің Европалық Одаққа мүше мемлекетермен сауда айналымы 20 миллиард доллардан асып кетті. 2006 жылы экономикалық мәселерді алға Қазақстан Үкіметі Еуропалық Одақ мемлекетермен өзара тиімді екі жақты қатнастарын кеңейіп, еліміздің Орталық Азия аумағындағы бас әріптес ретінде мойындата бірлді. Осының арқасында Евроодақтық көптеген мемлекеттері мен транс ұлтық компаниялары біздің елімізді Азиядағы ең тартымды рыноктардың бірі, әрі сенімді инвстициялық әрәптестік ретінде қарастыра бастады. Экономикамыздың жеделдетежаңарту мақсатында Қазақстан Евроодақпен ынтымақтастыққа аса мүдделі. Бұл орайда еуропалықь әріптестеріміздің отандық экономикалық түрлі, әсіресе, жоғары технологияларға қатысты салаларының қолға алған жобаларын дамытуына жағдай жасағанымыз жөн. Демек, біздің басты табылатын Евроодақпен қарым-қатнастарды дамыту мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыты болып табылады.
Экономикалық әріптестікпен қатар, біз үшін Евроодақпен саяси қарым-қатнас та аса үлкен маңызға ие. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министерлері кеңесінің 2009 жылы Қазақстанның осы аса беделді ұйымға төреғалық етуі туралы шешімді, ең алдымен, осы құрылымның көзқарасын қатысты. ЕҚЫҰ-ға мүше 59 мемлекеттің 56-сы еләіміздің кандидатурасын қолдау көрсеткені мұны атқан дәлеледейді. Аталған ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының ұсыныстарына сәйекс, еліміздің сайлау заңнамасындағы жиналыстар екендігін шектегін даулды түзетулер алынып тасталды. 2006 жылы күзде жергілікті билік органдар құрамының 30 пайызы сайлау жолымен толықтырылады. Бұл қадам-жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаның маңызды көрінісі. Басқа шаралар ретінде 28 ақпанда өз Жолдауының Президент Парламент өеілеттіетерін кеңейтуді атап көрсеткен. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төреғалық мәселесі 2007 жылдың соңында Мадрите өтетін ЕҚЫҰ-ның министерлер жиналысында қарастырымақ. Соған дейін көздеген нәтеже қол жеткізу үшін бар мүмкіндікті пайдалану қажетілігі атап көрсетулді.
Қазақстан мен Евроодақ қарым-қатанастарында қандай маңызды бағыттар бар деген сұраққа жауап беретін болса, аумақтық және халықаралық қауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелерін алдымен атауымыз керек. Астанада 28 наурыз күні тұжырылымдамалық түрінде талқыланбақ “Еуропа Одағының Орталық Азиядағы стратегиясы”атты құжат қабылданбақ.
1992 жылы Қазақстан Солтүстік-Атлантикалық ынтымастық кеңесін қатысуы болды. 1997 жылы бұл ұғым Еуропа-Атлантикалық әріптестік кеңесі деп өзгертілді.
1994 жылғы 27 мамырда Қазақстан “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдармасына қосылды. Бұл осы бағдарламаның аралық құжатына қол қою арқылы жүзеге асты.
1996 Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды. Рсы жылы Қарулы Күштердің мәртебесі туралы келісім жасалды. Бұл құжаттар берілген ақпараттында қорғау жөніндегі екі жақын өзара міндеттемесін айқындап, әсерін жаттығулар мен басқа да шаралар өткізген кезде “бағдарламасы бойынша әріптес елдер әскери бөлімшелерінің мәртебесін айқындауға қызмет етеді.
Қауіпсіз саласындағы проктикалық өзара іс-қимылды қалыптастыру мен жеке негіздегі ынтымастықты кеңейтудің жолдары қарастырылды. Осыған сәйкес Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестік іс-қимылдың жеке жоспары жасалып, 2006 жылдың 31 қаңтарына бастап ол жоспар әрекет ете бастады.
Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қырқүйекете ГФР-ға жасалған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатнастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипап алады. Бұдан кейін Қазақстан Президент 1997 жылы қарашадан екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге келісімдер топтамасына қол қойылған болатын.
Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтвмастығынәрі қалай дамытуға қатысты мәселерді талқыланды. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткеріменжәне іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан башысы содан кейін 2006 жылытамызда Санкт-Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті.
2006 жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2, 2 миллиард АҚШ долларын құады. Бұл 2005 жылғы қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия-Қазақстан мен карым-қатнаста Ресей, Италия, Щвейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұр. Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспортаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді. Қазақстанда көптеген неміс фирмалық мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымалы “Мерседес-Бенц”, “Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т. б. бар.
Қазақстанда германиялық капиталдық қатысумен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Бүгінгі Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрады. Қазақстанның немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.
Қазақстаннның Ұлыбританиямен қатысты 1992 жылғы 19 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнатуда басталды. 1992 жылы шілдеде”Бритиш-Газ” компаниясымен келісімге қол қойылып, Қаспий жағасындағы Қарашығанақ кенін игеру басталды.
1994 жылғы наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға тұңғыш ресми сапарда болып, онда алды құжатқа қол қойылды, ең бастысы-Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация болды.
1995 жылы қазанда Лондонда Қазақстан Республикасының елшілігі ашылып, ал Алматыда Британ кеңесінің өкілдігі ашылды.
1998 жылы Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Лондонда болды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы қырқүйектегі сапары кезінде Достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Соңғы 10жылда екі мемлекетбасшыларының он бір рет кездесуі болды. Екі жақты сауданың көлемі 2004 жылы 1, 8 миллиард долларға жетті. Қазақстанда Француз компанияларының 29 өкілдері, 9 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Қазақстан мен Италия арасындағы қатынас қарқынды дамып келеді. 1994 жылы 22 қырқүйек Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Италияға ресми сапары болып. 1997 жылғы мамырда екі ел арасында Достық және Ынтымақтастық туралы шарта қол қойылды. 2003 жылғы 22 қырқүйекте Рим Папаға Иоанн Павел 2Қазақстанға ресми сапармен келді.
Қазақстанның Испаниямен дипломтиялық қатынас 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды. 1994 жылғы наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Испаниядағы ресми сапары болды. Екі ел арасында тауар айналымы 2006 жылы 1 миллиард долларға жетті.
Қазақстан Нидерланды қатынастары. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылғы 27-28 қарашадан Нидерландыға барған алғашқы сапарында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы, әуе қатынасы туралы, кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімге қол қойды.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2004 жылдың 8 айы ішінде 391, 3 миллион долларды құрады. Қазақстанда оңға жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олар жеміс-жидек өнімдерін өңдеуге, қызмет көрсетуге, халық тұтынатын тауарларды өндіруге бағытталған. Екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық дамып отыр. Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық, мәдени қарым-қатнас жедел дамып келеді. Мәселен, 2006 жылы сауда айналымы 1 миллиард 900 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестициясы 21 миллиард доллар көлеміне болып отыр.
Қазақстанның Польшамен қатынасы екі ел арасында 1992 жылы 6 сәуәрде дипломатиялық қатынас орнтуға басталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қараша және 2002 жылы мамыр айларында ресми сапармен Польша болып саяси қатынас қазіргі заманның талаптарына сәйкес дамуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2006 жылы507, 8 миллион доллар болды. Қазақстан Польшаға мұнай, тыңайтқыш, астық, құрлық материалдарын, қара металл, мақта экспорттаса, ол елден бізге өнеркәсіп тауарлары, мәшине, электор техникасы құалдары, жиһаз, полиграфияи өнімдері мен азық-түлік түрлері импортталады. Бұгінгі елімізде бірікен 90 кәсіпорын жұмыс істейді, негізінен олар геологиялық барлық, құрлыс, жиһаз өндірістік мен фармацевтика салаларына бейімделген.
Сонымен, Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынасы қарқынды дамуды деп қорытынды жасауға болады.
Жақында осы жылдың 10 қыркүйек күні Брюссельде Қазақстан мен Европалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастық алдағы болатын 15 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Елшілігінін “Egmont Institute” Бельгияның Корольдігі халаралық қатыныстар институтымен бірлесіп ұйымдастырған “Қазақстан-Европа: жаңа бірлетер” конференциясын болып өтті.
Еуропалық Одақ Кеңесінің, еуропаменттің, еуропалық комиссиясының, НАТО, Белгия Парламенті мен сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, НПО, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, баспасөз және іскер топтардың өкілдері қатысқан осы конференцияда алғаш рет Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары ержан Қазыханов баяндама жасады. Осы баяндамада оқырмандардың назарына ұсынылып отыр.
Сыртқы саясат жүйесінде Еуропаның озық ойлы орталықтарының бірі болып табылатын Бельгия Корольдігі халықаралық қатынастар институтының қабырғасында осыншама беделді өкілдер алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен құрмет деп есептеймін.
Қазақстанмен және біріккен Еуропамен байланысты маңызды сыртқы саясат проблемаларына Сіздердің көзқарастарыңыз тұрғысынан пікір бөлісу, сондай-ақ халықаралық өмірдің бірқатар мәселелерін қозғау мен үшін тіптен қуанышты жағдай дер едім.
Спиноза <<Түсіністік-келісімінің басы>>деген болатын. Сондықтан да менің бүгінгі айтқандарымды осы бас қосуға қатысқандар түсіністікпен қабылдайды деп ойлаймын, бұл болашақта Қазақстан мен Еуропаның қазіргі заманғы халықаралық қатынастарының ортақ проблемасына көзқарастарын бұрынғыдан да жақындата түсуге жәрдемдесетін болады.
Мен сөйлейтін сөзімді, біздің ойымызша, бүгінде ерекше назар аудартып отырған энергетикалық қауіпсіздік тақырыбынан бастаған дұрыс деп білемін.
Халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дәстүрлі және жаңа қыр көрсетулері мен қауіп-қатеріне ұтымды жауап іздеумен қатар, жаңа ғасырда жаһандық энергетикалық қамтамасыз етудің маңыздылығы бірнеше мәрте артты. Энергоресурстар барлық мемлекеттер үшін өмір сүрудің сапасын жақсарту мен кеңейте түсу мүмкіндігі үшін аса маңызды мәнге ие болуда.
Соңғы кездері энергетикалық қауіпсіздік ұғымына түсіндіруде өзгеріс бары байқалды. Барлық энергетикалық тізбектер, жеткізуші-елдерден бастап транзиттік мемлекеттерге, сондай-ақ тұтынушылар мен трансұлттық энергетикалық корпорацияларға дейін осы қауіпсіздікті қолдау үшін бірлескен жауапкершілікке өзінің үлесін қосулары тиіс.
Мамандардың пікірі бойынша, мұнайды өндірудің жаһандық ауқымдағы шарықтау шегі шамамен 2010 жылдың еншісіне тимекші. Осы дәуірден бастап арзан мұнай біржолата таусылуы мүмкін. Әрине, мұның өзі бүкіл әлемдік саяси-экономикалық конфигурацияға өте маңызды өзгерістер әкеледі деген сөз. Еске сала кетейін, 70-ші жылдары мұнайдың бағасы 3-4 доллардан 11-12 долларға дейін өскен кезде бұл әлемді есінен тандырып тастағаны бар. Енді 5-7 жылдан кейін мұнайдың бағасы 100доллар болатындығына дайын болу керек.
Энергетикалық факторға ғана сүйене отырып, дүниені неғұрлым нақты әрі ашық түрде сипаттайтын қатаң эмпирикалық заңдарды шығару және оны қадағалауға болады.
Жаһандық экономиканың қазіргі басты ресурсы мұнай біздің өркениетіміздің негізгі энергетикалық өзегіне айналады. Біздің жер шарымыздың бетінде << мұнай пердесінің>>біркелкі болмауы қазіргі заманғы экономиканың теңдестірілмеген сипатының негізгі ретінде қарастырылады.
Күні бүгінге дейін жаһандық энергетикалық балансқа қатысты көзқарастардың барлығыдаСолтүстік Америка мен Батыс еуропаның қажеттілігінен туындайды. Әлемнің осы екі өңірге деген қажеттілік, неге екендігін белгісіз бірдей деп есептеледі, және әлемдік экономиканың барасын толықтай анықтап береді. ХХ ғасырдың басында мүмкін сондай болғанда шығар. , бірақ жаға ғасырда екі геоэкономикалық алыптар-Қытай мен Үндістанның постиндустрилды алыптар-Жапония мен Кореяның қажеттіліктерін есептемеске болмайды. Сондай-ақ Бразилиялық фономен туралы да ұмытпаған жөн. Бұл елдердің энергетикаға қажеттілігі жаңа ақиқатты қалыптастырып үлгерді.
Мен осы бірнеше әдістемелік мысалдар арқылы халықаралық қатынастардың жаңа ақиқатын талдауға дәстүрлі тәсілдің қалған күрделі жақтарын және проблемаларын көрсетпекші болдым. Бұл орайда өзімнің алдыма осы тектіліктік барлық аймағын шығуды мақсат ектіп қойған жоқпын. Қазіргі заманғы жаһандандыру және әлмдік бәсекелестік, халықаралық қпауіпсіздіктің дәстүрлі және жаңадан туындаған қыр көрсетушілік жағдайларында Қазақстан барлық әрістермен стратегиялық көп жақты деалогты белсенді түрде дамытуда. Біздің проблемаларды ұжымдық шешу тетіктенріне, БҰҰ-ң басты ролімен құқық пен демократияландыруға баса мән беруге негізделген халықаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру үшін жүйелілік пен әрекет етеміз.
Халықаралық бедел дегеніміз-сыртқы бағыттың жүйелі сындарлы және ішкі дамудың табысты болу екендігі белгілі.
Қазақстан тәуелдігі жылдары өзінің шекараларының барлық бойымен тату көршілік белдеуін қалыптастырды. Әлемдік ірі мемлекеттер мен және аймақтық мемлекетттер мен сенімде құрылған әріптестік қатынастарды орнатты.
Біз сондай-ақ БҰҰ-ң қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесінің бәріне Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай кепілдікті Еуразияда едеуір кеңістікті алып жатқан біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бұл орайда әңгіме экономикалық және саяси реформаларды жүргізукге сырттан қандайда бір қатердің болуына сенім туралы болып отыр.
Біз, экономикалық дағдарыстан ойдағыдай шыға біолдік мемлекет басқарудың тиімділігін көрсеттік, нарықтық жаңаруларды жүргіздік және ашық демократиялық қоғамдық институттық базасын жасадық.
Экономикалық, әлеуметтік дамудың және халықтың өмір сүруі деңгейі негізгі көрсеткіштері бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасшылық ұстанымды иеленеді және жоғпры қарқынмен жамуды жалғастыруда.
Қазақстанның сыртқы саясаты.
Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министерлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саяси мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің создательницу алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе басталды. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербез субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі-Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келсіміне қосылуы, СШҚ-1 Шартында, Лиссабон хатамасына қол қоюы және Ядорлық қаруды таратпау туралы шартқаенуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мығыздығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен “Демократиялық серіктестік туралы партия” қол қоюы. НАТО-ның бейбітшілік мүдесіндегі серіктестік” бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державаларддың қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктеріне жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына -Халықаралық валюта қорына, бүкіл дүние жүзілік банкіге, еуропалық қайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның 10 елін біріктіретін Экономика ынтымақтастық ұйымында белсенді жұмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен, бірнеше кезекке ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байцланыс жасап отыр. Оның айғағы ұлы Абайдың 150 жылдық мерей тойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен айтылып өтуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz