Қазақстанның қорықтары


Қазақстанның қорықтары

Салыстырмалы түрде ғылыми-техникалық процесс қоршаған ортаны бұзып, ластаған сайын қорықтар мен табиғи саябақтар маңызы арта түсуде. Туризм индустриясын құрудағы басты мәселелердің бірі, туристік қызығушылықты арттыратын ұлттық саябақтар торын ұйымдастыру. Оның мақсаты - бұл территориялардағы табиғатты қорғау, бұзылған ландшафты қалпына келтіру және нәтижесінде бұл территорияларды табыс табу көзі болатын, ұйымдастырылған кіру территориясына айналдыру.

1998 жылы республикада 887 мың гектар жерді алып жатқан 9 қорық, 580 мың гектар көлемдегі 4 табиғи ұлттық саябақтар еспке алынған. Ал, қазақстандағы ерекше қорғаудағы территориялар саны ел территотиясының 0, 5 пайызын құрайды. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда әрине, аз.

Аталған ерекше табиғи территориялардың ішіне Шығыс Қазақстан обылсының еншісіне кіретіндері мыналар: қорықтар - Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл; ұлттық парктер - Катон-Қарағай; мемлекеттік табиғи резерв - Семей орманы; қорықшалар - Төменгі Тургусински, Тарбағатай, Қаратан құмы, Алет, Солдат шатқалы, Үржар және тағы басқалары.

Айта кететін жайт, 9 қорықтың бірі - екі реликті шағала және "Тоқты" қорықшалары базасы негізінде 1998 жылы Алакөл қорығы ұйымдастырылды. Бұғанға дейінгі аумағы 12, 5 мың гектар болатын "Тоқты" және алма ағаштарынан тұратын 32 мың гектар "Лепсі" қорықшалары болған.

Алакөл табиғи қорығы - 1998 жылы 21сәуірде Алматы және Шығыс Қазақстан обылыстары территориясында (Үржар ауданы) 20 мың гектар жерде орын алған. Бүгінгі күні жұмыс атқарып отырған 10 қорықтың ең кішісі. Барлық қорық көлемі сегіз аймаққа бөлінген. Қорық территориясында 270 өсімдік түрі есептелген. Алакөл көлінде 156 балдыр түрі болса, жануарлар әлемінің 290 түрі бар: 315 құс, 21 сүтқоректілер - жәндіктер, жыртқыштар, кеміргіштер кездеседі. Осылардың ішінде сүткоректілердің түрлері кең тарған.

Қорықтың ашылу мақсаты - Тентек өзені суайрығын және Алакөл көлі аралдары - Үлкен, Орта, ждәне Тастыны қорғау болды. Осы территориядағы сулы-сазды кешенді, ұя салатын және көптеген сирек кездесетін Қазақстан Қызыл кітабына енген құстарды қорғау.

Табиғи әдемілігі бұл жерде сирек, қайталанбас флора мен фаунаға бай. Алакөл қорығын шөлді және далалы қоңыр-күлгін, қарашірік топырақ жамылғысымен жапқан. Мынандай үсімдіктер түрлері кездеседі: жусан, көлдер жағалауы мен өзендер қуыстарында - тоғай ормандары, өскен қамыстар, дала жусаны, жүзгін және тағы басқалары көптеп кездеседі.

Жануарлар әлемінен: қасқыр, түлкі, қоян, шошқа, ондатр, қоңыр ая, борсық, арқар, тауешкі, марал - 12 түрден астам кездеседі. Көлде сазанның 16 түрі, көлдік және өзендік маринка, корось және тағы басқа балық түрлері кездеседі.

Қорықтың негізгі территориясына 2003 жылы сәуір мамыр айларында барлық ірі суайрық көлдерінде қайық-байдаркалар кедлергісіз жүзу үшін каналдарды тазарту жұмысы жүргізілген. 2004 жылы қорық қызметкерлері Алакөл қазаншұңқыры құстар фаунасы құрамын анықтап, оның толық ұялайтын, ұшып келетін және кететін құстар тізімін құрды.

Алакөл қорығынан кем түспейтін Шығыс Қазақстан обылысында Марқакөл қорығы орналасқан.

Марқакөл қорығы - республикамыздағы құрылған алтыншы мемлекеттік қорық. 1976 жылы 4 - тамызда Қазақ ССР Министрлер Советінің осы қорықты ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Бұл шешімді өз елінің сұлу табиғатын қорғауды сүйетін бүкіл жұртшылық қуанышпен қарсы алды. Қуаныш негізсіз емес еді.

Үстіміздегі ғасырдың басында Марқакөлдің атағы жер жарған. Онда балық қоры мол болғандықтан оны сатып алушы саудагерлер еліміздің түпкір-түпкірінен келіп жататын. Балықшылар сүзекімен тәулігіне 400 пұтқа дейін балық аулайтын. Көктемде балықтар уылдырық шашуға өзендер арналарына шығар уақытта да сол маңға балықшылар ау менсүзектерді құрып, балықты көптеп ұстайтын. Марқакөлде 700-дей балықшылар кәсіп жасапты. Міне, осылайша көл балығын есепсіз аулау оның қорын кейінен мүлдем азайтып жіберді. "Бір уақытта уылдырық шашуға балықтар өзендер бойына ағылғанда, олардың көптігінен судан ат өткенде, жанталасқан балықтар ат аяғына соғып жүргізбейтін" деп еске алады жергілікті ақсақалдар. Ал, бүгінде оны байқау тіпті қиынға соғады. Сонымен бірге көл төңірегіндегі тау беткейлерінен орман ағаштарын жаппай кесу етек алғандықтан, тау жоталары ашылып, "сидиып" қалды. Бұрын тіршілік еткен өзен кәмшаты мүлде жойылып кетсе, көл маңынан бұлғын, марал, тиін және суырды көру сирек кездесетін жағдайдға айналды.

Маракөл төңірегідегі табиғи ресурстардың осылай азая түсуі обылыс жұртшылығыцн барынша ойландырды. Олар бұл көл мен оның айналасындағы табиғи байлықтарын қорғау керектігін талап етті. Осыдан келіп бұл өңірде 1947 жылы жасыл желек жамылған орман алқабын қорғайтын орман шаруашлығы құрылды. Ал, 1970 жылы көл жағалауын қорғау аймағы пайда болды. Тау беткейіндегі 36. 8 мың гектар орман алұ-қабы бірінші топқа көшірілді. Көлде балық аулауға тыйым салынды. Табиғ әсем көл маңы жанданып, бл жерге жыл сайын көптеген туристет мен демалушылар келетін олды. Бірақ, бұл шаралар Марқакөл аймағының байлығын қалпына келтіріп, сақтау үшін жеткіліксіз еді. Сондықтанда бүгінгі күн талабы онда қорық ұйымдастыру қажет екендігн қойды. Марқакөлдің болашағы үшін бұл шараның үлкен маңызы бар екендігі жете түсінген жергілікті өкімет органдары республика өкімет алдына қажет мәселе қойды. Сөйтіп, респуликамызда жаңа қорық - Марқакөл мемлекеттік қорығы дүниеге келді.

Бұл қорықты ұйымдастырудары негізгі мақсат - сирек кездесетін бағалы аңдар мен құсарды және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, сонымен бірге жанға сая болаты орманын, ақ шаағы шоршыған айдын-көлі мен өткел бермейтін асау өзендердің сұлу д әсем табиғатын табиғи қалпында сақтау.

Біздің республикамызда табиғаты таңғажайып жерлер өте көп. Соның ішінде өр Алтайдағы атақты Катонқарағайдың табиғаты мүлде сұлу.

Қатонқарағай селосы Алтайдағы Сарымсақты жотасының солтүстік етегінде орналасқан. 1871 жылы Алтай станциясы ретінде іргесі қаланды. Ертеректе "Алтай" қой совхозының орталығы да болған. Қатонқарағай ауданы 4928 жылы құрылды. Ауданда етті, сүтті ірі қара малы, қой, бұғылар, омарта, егін шаруашылығына маманданған совхоздар, мал бордақылау бірлестіктері болджы. Аудан жері негізінен таулы келеді. Жер қойнауында қорғасын, мырыш, мыс, вольфрам, молибден, темір, тас және қоңыр көмір, құрылыс материалдары бар. Өсімдігтерден бетеге, селеу, жусан, тал, терек, қайың, майқарағай, балқарағай, самырсын, шыршалар көпрофессор өседі. Жануарлар дұниесіне де өте бай: қасқыр, қоңыр аю, түлкі, борсық, марал, бұғы, елік, құр, шіл, кекілік, жабайы шошқа, тау теке мекендейді. Халқы көп ұлтты. Украйн, орыс халқы тығыз орналасқан. 1985 жылғы санақ бойынша аудан шаруашылықтарында 16. 5 мың ірі қара, 165. 8 мың қой мен ешкі, 6. 2 мың марал, 1. 3 мың бұғы, 1. 6 мың шошқа, 17. 1 мың ара ұясы болды. Ең көрнекті туристерді қызықтыратын жері - Рахман бұлағы курортты аймағы. Рахман бұлағы - емдікқасиеті мол ыстық су шығып жатқан табиғат сыйы. Бұлақ атауының өзіндік атауы бар. Осыдан 215 жылдай бұрын Рахманов атты аңшы биік тауда маралды атып жаралайды. Ол екі күн жаралы аңның ізімен жүріп оның осы бұлақ басында екінші жұбымен аман-сау тұрғанын көріп таң қалады. Маралды атып өлтіріп, оның бірінші атқан оғы тиген аяғының жараланған терісі жіңішкеріп, жұқа қабықша болып жазылып келе жатқанының куәсі болады. Бұлақ суының емдік қасиеті бар екенін жобалап, оны сынап, зерттеп көргісі келеді. Бұлақ суына күніне үш рет шомылып, бір жұмада бірнеше жыл зардап шеккен құяң ауруынан құлан таза жазылады. Бұл туралы халыққа айтып жариялайды. Осыдан кейін бұлақ суы зерттеліп, оның бапсына емдік орындар салынып, рекреациялық аймаққа айналды. Су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, корбонат, нитрат тұздары бар екені анықталды. Бұлақ суы жүйке ауруларын емдеуге таптырмайтын емдік қасиеті бар киелі жер. -Топырағы асыл элементтер мен бағалы заттарға өте бай. Сондықтан ол жерде өскен өсімдік те, жануарлар, жалпы жаратылыс әлемі де асыл деп қорытынды жасауға болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қорықтары жайлы
Қазақстан Қызыл кітабы
Саябақ - елдiң сәнi
Ерементау қорығы
Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
Қазақстан қорықтары жайында
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
Қазақстанның табиғи қорықтары
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz