Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясат: саяси-салыстырмалы талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
I . тарау. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың теориялық негіздері ... ...
1.1 Мемлекеттік ақпараттық саясаттың қалыптасуының саяси аспектілері ... ... ... ... ... ...
1.2 Ақпараттық технологиялардың қалыптасу факторлары ... ... ... ... ... ...
II . тарау. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік
ақпараттық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүзеге асырылу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы бұқаралық ақпарат құралдарының
даму үрдісінің мониторингі /контент талдау/ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуы, дамуы және қалыптасуы, ақпараттық саясатың жүргізілу барысы мәселелерін зерттеуде Қ.Атабаев, Ү.Субханбердина, З.Бекхожин, Ж.Кенжалин, Б.Кенжебаев, С.Қозыбаев, А.Сәрсенбаев тағы басқалардың жұмыстарының үлкен теориялық және әдістемелік үлестері бар.
Тақырыптың өнделу барысын, тұтастай алғанда, жоғары екендігін айта келіп, бір ескертетін нәрсе қазіргі қоғамда мемлекеттік ақпараттық саясатқа арналған әлі де талданған диплом жұмысы болған жоқ.

1. Энтин В.Л. Средства массовой информации в политической системе современного капитализма.М., 1988, 17 – бет.
2. Петровская М.М. США: политика сквозь призму опросов. М., 1982, 132 және келесі беттер.
3. Третьяков В. Режим Путина и Россия // «Независимая газета», 2000, 14 сентября.
4. Ельцин Б. Президентский марофон. М., 2000, 325 бет.
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы., 1992, 12-бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Саясаттану кафедрасы
МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясат:
саяси-салыстырмалы талдау
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . ... ...
I – тарау. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың теориялық негіздері ... ...
1. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың қалыптасуының саяси
аспектілері ... ... ... ... ... ...
2. Ақпараттық технологиялардың қалыптасу факторлары ... ... ... ... ... ...
II – тарау. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік
ақпараттық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық
саясаттың жүзеге асырылу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы бұқаралық ақпарат құралдарының
даму үрдісінің мониторингі контент
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының
пайда болуы, дамуы және қалыптасуы, ақпараттық саясатың жүргізілу барысы
мәселелерін зерттеуде Қ.Атабаев, Ү.Субханбердина, З.Бекхожин, Ж.Кенжалин,
Б.Кенжебаев, С.Қозыбаев, А.Сәрсенбаев тағы басқалардың жұмыстарының үлкен
теориялық және әдістемелік үлестері бар.
Тақырыптың өнделу барысын, тұтастай алғанда, жоғары екендігін айта
келіп, бір ескертетін нәрсе қазіргі қоғамда мемлекеттік ақпараттық саясатқа
арналған әлі де талданған диплом жұмысы болған жоқ.
Диплом жұмысының мақсаты:
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу объектісі:
Зерттеу әдістері:
Жұмыс деректемелеріне
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік құндылығы.
Диплом жұмысының құрылымы.
Кіріспеде
Дипломдық жұмыс құрылымы.
Қорытындыда
Қолданылған құжаттар тізімінде
I- тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. . Мемлекеттік ақпараттық саясаттың қалыптасуының саяси аспектілері
Билік органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара
байланыс қоғамдық қатынастардың аса күрделі салаларының бірі. Оның үстіне
қазіргі замандағы жаһандану мен ақпараттар үрдістері бұқаралық ақпарат
құралдарының беделін едәуір көтергені шындық. Мемлекеттік билік
органдарының жұртшылықпен байланысының маңызды арнасы – БАҚ-мен арақатынасы
бұрынғыдан да күрделеніп, қоғамдық маңызы артып, көп қырлы сипат
алыпотырғаны белгілі.
Соңғы жылдары БАҚ, әсіресе, телевизия, қоғам және мемлекет туралы
ақпараттың негізгі көзіне айналды. Мұны мемлекеттік билік органдары өз
қызметінде ерекше сезінеді және оған оъективті түрде мүдделі.
Бұл мәселенің бірнеше қыры бар. Біріншіден, бүгінде бұқаралық ақпарат
құралдарынсыз еліміздегі қоғамдық саяси жүйенің қалыпты қызмет жасауы
мүмкін емес. Екіншіден, олар қоғамның демократиялық жолмен дамуының аса
маңызды құралы болып табылады. Үшіншіден, демократия мен азаматтық қоғамның
құқықтық және әлеуметтік үрдісінде дамуы, сөз жоқ, бұқаралық ақпарат
құралдарына да кең құқықтық өріс ашып, қызмет жүйесін заңмен реттеуге
мүмкіндік берді. Осы саламен жұмыста әлеуметтік психологиядағы мына бір
ахуалды есте ұстаған жөн. Ашығын айтқанда, телевизия қазіргі саяси
текетірестердің (баталиялардың) негізгі құралына айналды. Кейбір
халықаралық сарапшылардың айтуынша, БАҚ, тіпті қоғамда болып жатқан
процестерге әлеуметтік бақылау жасау мәселесінде заң шығарушы, атқарушы
және сот биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығарады [1]. Мысалы,
жұртшылықтың пікірінше, Президент пен конгреске қарағанда сенімге телевизия
мен баспасөз лайықты дегенді АҚШ-дағы сауалнамалардың бекіткеніне бірнеше
жыл болған [2].
Билік тізгінін ұстаған адамдарға осы орайда әдейі ескертер мәселе –
сенімсіздік мәдениетінің біздің елімізде де етек алуы әбден мүмкін. Оның
тууының негізгі көзі, біздің болжауымызша, алдымен, әлеуметтік
мәселелерден: аймақтардағы жұмыссыздықтың нақты төмендеуі жөніндегі ақиқат
пен көщбояушылықтан, ауылдың ахуалы, білім беру сапасы, мектептерді
ақпараттандырудың ақиқаты, балаларды мектепке тартудағы жалған
мәліметтерден өріс алып, одан кейін барлық деңгейдегі билік тұтқаларына
деген жаппай сенімсіздікке ұласуы ықтимал. Оның көптеген нышандарының
бүгінде орын алып отырғандығын ешкім де теріске шығара алмайды.
Саяси жүйенің барлық әлементтері қызметіне әсер ете отырып, БАҚ
олардың іс-қимылына жаңалықтар әкеліп, серпінділік береді, жан бітіреді,
әлеуметтік топтар мүдделерімен байланыстырады. Мысалы, саяси партиялардың
танымалығы, бұқаралығы, беделі және ықпалдылығы бүгінде олардың өз
мақсаттарына БАҚ-ты пайдалана және тарта білу деңгейіне байланысты екендігі
– даусыз шындық. Осы турасында ресейлік независимая газета басылымының
бас редакторы, белгілі сааясаттанушы-журналист В.Третьяков: БАҚ, әсіресе,
телевизия – ірі саясаткерлердің Россия саясатына ықпалының бірден-бір
тұтқасы, ал қалыпты партиялар жоқ жағдайда ірі телеканалдар формасы жағынан
квазипартиялар (жалған партиялар), ал мәні жағынан олар партиялық
құрылымдар болып табылады деп жазады [3]. Ал бұндай үрдістердің соңғы
бірер жылда біздің елімізде де орын ала бастағаны біз бәріміз де көріп,
байқап отырмыз. Тәуелсіз деп аталатын Таң, 31-арна, Караван, Время,
Новое поколение тәрізді ақпарат құралдарын өз мүддесіне пайдалануға
тырысатын, басқалармен солар арқылы саяси есеп айырысатын саясаткерлер,
олигархтар бізде де бой көрсетіп отыр.
Қазіргі заманғы саяси жүйедегі, өзінің саяси тағдырындағы ақпарат
құралдарының өскелен орны туралы мәселені өз мемуарларында сан мәрте
көтерген Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин мынадай түйін жасаған: БАҚ-
ның әлділігі сондай олар бүгінде тіпті бүкіл мемлекеттік машинадан да
әлеуетті болып шыға алады [4]. Әрине, бұл бағамда субъективизм әлементтері
бар, алайда, саяси тартыстардағы әккі күрескердің бұндай қорытындысынан
белгілі бір сабақ алу – одан маңыздырақ.
Қазақстандағы ақпараттық саясаттың қалыптасу кезеңдерін төмендегідей
бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең – 1992 жылға дейін посткеңестік кезең. Бұқаралық ақпарат
құралдары толыққанды мемлекеттің бақылауында болды, жеке-меншік газеттер
болмады. Бұл уақытта жеке-меншік, яғни сол кезде тәуелсіз газет, журналдар,
телеарналар пайда болуын тек арман ретінде қарастырылды. Бұл кезеңде
қазақстандық ақпарат құралдары жүйесінің алғашқы тарихи даму жылдары болды.
Осы уақыт аралығында 1991 жылдың 28 маусымында Баспа және басқа да
бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының заңы жарыққа
шықты. Заң 42 баптан тұрды. Осы заңның негізгі жетістігі – цензураның
алынып тасталғанында болды. Заң тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
қабылданғандықтан, жедел дамудың қарқыны талаптарын ескере алмауынан заңның
көптеген ережелері тез ескіріп қалды.
Екінші кезең – 1992, 1996 жылдарды қамтиды, бұл уақыт аралығы ақпарат
айдынында мемлекеттік билік күшінің қарқынды азаюымен, жеке меншік
бұқаралық ақпарат құралдарының көптеп пайда бола бастауымен
ерекшеленді.Осылайша мемлекеттік биліктің саясатын жүргізетін бұқаралық
ақпарат құралдары бөлігі күрт азайды. Қазақстандық ақпараттық саясатты
зерттеушілер бұл кезеңді Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының
алтын ғасыры деп атайды. Бұл уақытта, Қазақстандық бұқаралық ақпарат
құралдары нарығы қалыптаса бастап, жаңа телеарналар, газеттер мен
радиостанциялар ашылды. Жаңа газет, телеарналар ескі техникалардан арылып,
олар қазіргі заманғы технологияларды, жаңа технологияларды меңгере бастады,
олар медиа нарықты жаңа форматта жұмыс жасай бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясында: Саяси демократия тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз
ақылға сыйымсыз болар еді. Сонымен бірге олардың объективсіздік пен теріс
пиғылдықтың бүлдіруші әрі тұрақсыздандырушы күшін сезінуі, әлеуметтік
жауапкершілігі болуға тиіс. Нақ сондықтан мемлекеттік өкімет құрылымдары
қоғамдық пікірді зерттейді және өзінің іс-қимылын соған сәйкес түзетіп
отырады, - деп, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Қазақстанның
дамуында сөз бостандығы мен ой бостандығының алдыңғы қатарда болатындығын
атап көрсетті [5].
Үшінші кезең – 1996, 1998 жылдар аралығын қамтиды, бұл уақытта БАҚ
сандық және сапалық тұрғыдан дамуы қарқынды болды. Мемлекеттік бұқаралық
ақпарат құралдары жекешелендіре бастады. Баспа мекемелері пайда бола
бастады, облыстардың барлығында баспа машиналары әкелініп, газеттер
жергілікті жерлерде басыла бастады. Мемлекеттік БАҚ мемлекеттік саясатты
жүргізуге арналған арнайы мемлекеттік тапсырыс жүйесі бойынша жұмыс жүргізе
бастады. Осы кезеңде Қазақстандық ақпарат алаңында жаңа медия холдингтер
пайда бола бастады.
Төртінші кезең – 1998 жылдан осы уақытқа дейінгі уақытты қамтып,
бұқаралық ақпарат құралдарының саяси жүйеге, саясатқа белсенді араласуымен,
өзіндік үлкен ықпал етуші күш ретінде қалыптасуымен ерекшеленді. Көптеген
билік топтары газет, телеарналарды қаржыландыру, немесе жаңа БАҚ ашу арқылы
қарулана бастады. Өздерінің саяси мүдделерін тікелей ақпарат құралдары
арқылы шешуге ықпал етіп, қоғамдық пікірлер қалыптастыру дәстүрлері пайда
бола бастады.
Осы кезеңде, медиа нарықтағы бұқаралық ақапарат құралдарының қызметін
экономикалық тұрғыдан реттеу, тәуелсіз баспа ақпарат құралдары жұмысына
үлкен ауырлық салмағын тигізіп келген салық жеңілдетіліп, 2001 жылы Салық
және басқа да бюджетке міндетті төлемдер төлеу туралы заңға өзгерістер
енгізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарының табыс салығы алынып тасталды.
Телеарналарға да жеңілдіктер жасалынды, өзіндік табыстан алынатын салық
нөлдік есептік көрсеткішпен есептелінет болды. Мұндай мемлекеттік
жеңілдіктер отандық БАҚ дамуына үлкен көмек болды.
Бұл кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары қызметін реттейтін заң құжаты
екінші рет 1999 жылдың шілдесінде Бұқаралық ақпарат құралдары атты
Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Заң жаңа заман талабына кедергі
келтіретін ескі ережелерді жоққа шығарып, ақпарат құралдарының жаңа
стильдегі жұмысының көзі болып табылды. Заң 26 баптан тұрады, мазмұны
жағынан демократиялық принциптерді басшылыққа алды, сонымен қатар,
прессаның қызметіне талаптарды күшейтті. Интернет жүйесіндегі веб сайттар
бұқаралық ақапарат құралы ретінде заң жүзінде бекітілді, оларды да тіркеу
міндетті болды. Сонымен қатар шетелдік телеарналарды ретрансляциялау барлық
тарату ауқымының тек 20% ғана қамтуы тиіс деген талап енгізілді. Осының
аясында 5050 бағдарламасы жүзеге аса бастады. Барлық көрсетілім ауқымының
50% қазақ тілінде болуы міндетті болды.
Осылайша қазіргі таңда Қазақстандағы ақпараттық нарықтың заңнамалық
және негізгі элементтері қалыптасты. Егер 1990 жылдары елімізде 10
мемлекеттік газеттер мен журналдар, 21 теле-радиоарналар қызмет жасаса,
2007 жылғы 30 қаңтарға 7 281 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Жеке
меншік ақпарат құралдары жалпы санының 78% құрайды. Барлық тіркелген
бұқаралық ақпарат құралдарының 2 479 қазіргі таңда жұмыс жасап отыр.
Елдің біртұтас ақпараттық кеңістігі бұл азаматтардың және ұйымдардың
ақпараттық-телекоммуникациялық ортада өздерінің ақпараттық сұраныстарын
орындауына және осы ресурстарға жүгіну уақытына, сондай-ақ пайдаланушының
мәртебесіне қарамастан қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын ақпараттық
русурстардың жиынтығы.
Біртұтас ақпараттық кеңістік мынадай басты компоненттерді:
- тиісті ақпарат таратқыштарды көрсетілген деректерді, мәліметтерді және
мағлұматтарды қамтитын ақпараттық ресурстарды;
- біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз
ететін ұйымдық құрылымдарды. Атап айтқанда ақпараттарды жинауды,
өңдеуді, сақтауды, таратуды іздестіруді және беруді;
- азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара іс-қимылдарының құралдарын
және оларға бағдарламалық техникалық құралдар ұйымдық нормативтік
құжаттар кіретін тиісті ақпараттық технологиялардың негізінде
ақпараттық ресурстар мен жұмыс жасауға рұқсат етуді қамтиды.
Ұйымдық құрылымдар және ақпараттық өзара іс-қимыл құралдары ақпараттық
инфрақұрылымды құрайды. Ақпараттық кеңістіктің қазіргі кездегі жай-күйіне
тоқталып көрелік: ҚР-ның ақпараттық кеңістігін, бүгінгі күні шартты түрде
өзара әлсіз байланысқан, әрқайсысын түрлі себептермен отандық
пайдаланушыларға аз мөлшерде қолайлы ақпараттық секторлардан (ведомствалық,
аймақтық, коммерциялық) тұратындығын айтуға болады.
Құрылған ақапараттық жүйелер негізінен өкіметтің жекелеген мемлекеттік
органдарының, коммерциялық құрылымдардың мүдделерінде және әдетте
жұмыстарды қайталауға, артық бастапқы ақпараттарды жинауға, зерттеулерге
және жүйелерді пайдалануға әкеп соғатын қажетті өзара іс-қимылсыз жұмыс
істейді. Бұл ресурстар:
- тақырыптық және функционалдық толық еместікпен;
- төменгі сапасымен және сертификаттаудың болмауымен;
- олардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы нақты мәліметтердің
болмауымен сипатталады.
ҚР-ның аумағы бойынша ақпараттық қызмет көрсетулердің таралуына,
ресурстарға және бағдарламалық өнімдерге, ақпараттық әлеуетке талдау жасау
олардың өте бір келкі емес бөлінуін көрсетеді.
Ақпаратқа рұқсат ету мүмкіндігі, әдетте, оның ведомствалық
тиесілігімен, біртұтас ұлттық телекоммуникация жүйенің болмауымен шектеледі
және көбінесе пайдаланушының лауазымдық жағдайымен және әлеуметтік
мәртебесімен айқындалады. Аумақтық алыс ақпаратты ресурстарға рұқсат етілу
проблемасы нашар шешілуде. Мемлекеттік басқару органдарын, шаруашылық
жүргізуші субъектілерді және жекелеген азаматтарды ақпараттық қамтамасыз
ету төмен дәрежеде қалуда. Көптеген тұрғындар үшін ақпаратқа қол жеткізу
дәстүрлі түрде – баспасөз, радио, теледидар және басқалар арқылы жүзеге
асырылады.
Бұқаралақ ақпарат құралдарының негiзгi мiндеттерi:
- адамдардың нақты және шынайы ақпараттар алуына кепiлдiк беру;
- ақпараттармен қамтамасыз етедi және саяси тұрақтылық пен қоғамдық
келiсiмдi жүзеге асырады;
- ақпараттық дербестiктi бекiту және ақпараттық егемендiктi қорғау;
- мемлекеттiң ұлттық, оның iшiнде ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету;
- мемлекетте бiрыңғай ақпарат кеңiстiгi қалыптасуына жағдай жасау;
- азаматтардың азаматтық жауапгершiлiгiн, мемлекеттiк етенелесуi мен
патриотизмiн қамтамасыз ету;
- этносаралық және рухани келiсiмдi қамтамасыз ету;
- демокартиялық құндылықтарды және нарықтық экономиканы уағыздау,
азаматтардың тарихи және құқықтық санасын көтеру;
- мемлекеттiң ұлттық мұддесiн қорғау және қолдау.
БАҚ-ның бiрiншi қызметiне – мемлекеттiк басқаруға, оның халықпен
қарым-қатнасы аясын кеңейту жатады. Мемлекетке қандай жаңалықтардың болып
жатқанын бiлу- әр адамның табиғи құқығы, ол сол ақпараттарды үзбей жариялап
отыру – үкiметтiң халық алдындағы мiндетi болып табылады.
Ерiктi ақпарат құралдарының екiншi қызметi – жариялылықтың басты
механизмi еркiндiгiнде. Газеттер мен журналдар, теледидар мен радио
қызметкерлерi, журналистер қоғамдағы әрбiр құбылысты қалт жiбермей оқытып
отырады. Әсiресе билiк орындарының жiберген қателiкттерi, жасаған
заңсыздықтары, қылмыстары, халықтарының негiзiнен таса болмау керек.
БАҚ-тың үшiншi бiр қызметi- үкiмет пен қоғамдағы басқа да билеушi
институттарды тексеру мен бақылауды жұзеге асыру болып табылады. БАҚ
еркiндiк пен объективтiк стандарттын Ұстана отырып, бар шындықты болмаса
да, ұкiмет мәлiмдемесiнде жасырын қалып қойған шындықты ашу және ресми
адамдардың өз әрекеттерiне мән берiп отыруларын қадағалауы қажет.
БАҚ-тың төртiншi қызметi- қоғамдық тартыстар кезiндегi белсендiлiгi.
Ерiктi ақпарат құралдарының өзiнiң мақалалары, зерттеулерi арқылы белгiлii
бiр саяси бағыттарды, науқандарды ұйымдастыру, оған ұйытқы, түрткi болу
мүмкiндiгi бар. Олар ағымдық “күн тәртiбiн” өздерi анықтайды, қай
мәселелердi хабарлау, ол қайсы бiреуiн елемеу керек екендiгiн өздерi
шешiп, таңдап отырады.
Баспасөзге ежелден тән қасиет– оның халық бұқарамен тiкелей және керi
байланысының екi жақтылығы мен көпфункциялығы.
Бiрiншiден, бүқаралық ақпарат құралдары– халық пен үкiметтiң жоғары
эшолоны арасындағы байланысты ұйымдастырушы;
Екiншiден, баспасөз қоғамның әлеуметтiк өмiрiндегi өзгерiстерге жедел
үн қосып отырады.
Саяси мүдделердiң артикуляциясы қоғамда тек БАҚ – арқылы ғана жүзеге
аспайды, басқа институттар арқылы да жүзеге асады. Бiрақ БАҚ олардың өз
жақтастарын көрсетуге ұйымдастыруға және бiр iске тартуға мұмкiндiк бередi.
Ол адамдарды белгiлi бiр саяси қимылдарға шақыруда, оларды саясатқа тарту
көрiнiсi. БАҚ – адамдардың ақыл-ойына және сезiмiне, ой қорытуға бағалау
өлшемдердi мен әдiстерiне өзiн-өзi ұстаудың нақта стилiне ықпал етудiң
үлкен мүмкiндiк-терiне ие. БАҚ - саяси қызметi шеңберi жоғары шектелмейдi.
Заң ең алдымен баспасөз қызметкерлерiнiң өзiне керек. Ол
журналистерге құқық берiп қана қоймай, оның мiндеттерiн де айқындап отыр.
Редакция қызметкерi жергiлiктi жерге келгенде өзiнiң не қызмет атқарып,
қандай ақпарат алуын жақсы бiледi. Алайда оның құқығы жұзеге асуына
бiреулер мұрындық болу керек. Бiр өкiнiштiсi – журналистердiң хабар жинап,
тарату құқығын жұзеге асыруының тетiгi әлi айқындалмаған. Баспасөз
қызметкерi мағлұмат алу үшiн келетiн мекемелердiң басшылары мен мамандары
бұқаралық ақпарат туралы заңды бiле бермейдi.
Бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi құрудың мақсаты:
- азаматтардың ақпаратқа құқықтарының ҚР-ның Конституциясында жариялан-
ған кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
- елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының талаптарына жауап беретiн
ақпараттық әлеуметтiк қажеттi дейгейiн құру, ұстап тұру және дамыту;
- мемлекеттiк билiк жұйесiнiң буындары қабылдайтын ''Қазақстан-2030''
бағдарламасының стратегиялық тапсырмаларын жұзеге асыру жөнiндегi
шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және келсiлуiн арттыру;
- азаматтардың, олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын тиiстi
апараттық құқықтық және нормативтiк құжаттарға, оларға еркiн рұқсат
ету жолымен, олардың мәдени дамуының бiлiмдiлiгiнiң құқықтық сана
деңгейiн көтеру;
- мемлекеттiк басқару органдарының қызметтi туралы азаматтармен қоғамдық
ұйымдардың хабардар болуының деңгейiн арттыру;
- азаматтардың ашық ғылыми-техникалық, әлеуметтiк экономикалық,
қоғамдық-саяси ақпараттарды пайдалануға тең мұмкiндiктерiн қамтамасыз
ету жолымен олардың iскерлiк белсендiлiктерiн арттыру;
- әлемдiк ақпараттық кеңiстiкпен интеграция болып табылады.
Осы құжатта бұдан әрi республиканы ақпараттандыру саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi, бiртұтас ақпарат кеңiстiгiнiң
концептуальдық ұлгiсi (мақсаттары, принциптерi, функциялары, объектiлерi,
перспективалары) және iске асырудың принциптерi баяндалады.
ҚР-ның ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптастыру және дамыту саласындағы
мемлекеттiк саясаты. Қазақстан Республикасының бiртұтас ақпараттық
кеңiстiгiн қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк саясаты мынандай
бағыттарда қалыптастыруға және жұзеге асырылуы тиiс.
Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану. Мемлекеттiк
өкiмет органдары, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындар, ғылыми,
оқу және қоғамдық ұйымдар қызметiнiң процесiнде ақпараттарды жинау, есепке
алу, тiркеу, жинақтау, сақтау, жүргiзу және сұрау салу немесе регламент
бойынша беру жүзеге асырылады, яғни ақпараттақ ресурстарды құрудың және
пайдаланудың мәселелерi тұрақты шешiлiп отырады.
Ақпараттық ресурстың ақпараттық кеңiстiктегi қазiргi заманғы
ақпараттық технологияларды пайдалануға арналған неғұрлым тиiмдi бөлiгi
арасында деректер банкi мен базасы болып табылады. Автоматтандырылған
ақпараттық ресурстардың құрылымдарын схемалық бейнелеудi мынандай тұрғыда
ұсынуға болады.
Мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға: мемлекеттiң дотациялайтын өкiмет
органдарының және мамандандырылған мекемелердiң (кiтапханалар, архивтер,
ақпарат органдары және басқалар) қызметiнiң негiзiнде құрылатын ресурстар;
мемлекеттiк өкiмет органдарының тапсырысын және мүдделерi бойынша тиiстi
лицензиялардың негiзiнде мемлекеттiк емес органдар құратын ресурстар
жатады.
Экономиканың мемлекеттiк емес секторынан және жеке тұлғалардың
қаражаттарымен құрылған ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып
табылады. Бұл секторда көбiнесе экономикалық және әлеуметтiк салаларда
пайдалануға арналған деректер мен банктерi құрылады, бұл ең алдымен:
қаржылық, банктiк, биржалық, коммерциялық, сондай-ақ анықтамалық, тарихи
мәдени және басқа да ақпараттар.
Меншiктiң аралас нысанындағы ақпараттық ресурстар мемлекеттiк және
мемлекеттiк емес ұйымдардың (жеке тұлғалардың үлестiк қаржыландыру
негiзiнде құрылады.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық ресурстар шын мәнiнде
дәстүрлi ақпараттық технологиялар және ақпарат таратқыштар ретiнде де және
оған мүмкiндiгiне қарай қосымша ақпараттық қорларды, деректер базалары мен
банктерi ретiнде де пайдаланатын, өзара байланысатын ақпараттық қорлардың
жүйесiн құруы тиiс.
Мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың нақты түрлерiне арналған
басымдықтарда айқындау бiртұтас ақпарат кеңiстiгi саласындағы мемлекеттiк
саясатты қалыптастырудың маңызды кезеңi болып табылады. Дамудың осы
кезеңiндегi басымдықты ақпараттық реурстарға:
- құқықтық мемлекет құруға және азаматтарға арналған, олардың заңды
құқықтарын жүзеге асыру жөнiндегi кепiлдiктерге байланысты
ақпараттарды;
- мемлекеттiк өкiмет органдарының қызметтерi туралы, олардың
қызметтерiне демократиялық бақылау жасаудың мұмкiндiгiн қамтамасыз
ететiн ҚР экомикасының барлық субъектiлерi үшiн үлкен мүдделiгiн
бiлдiретiн ақпаратты;
- төтенше жағдайлар, қауiптi табиғи құбылыстар және процестер туралы,
экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және азаматтардың, тұтастай
алғанда халықтық, сондай-ақ өндiрiстiк объектiлердiң қауiпсiздiгi үшiн
қажеттi ақпаратты;
- мемлекеттiк органдарға (салық инспекциясы, статистика және басқалар)
берiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдар туралы ашық ақпаратты және
ұйымдардың кәсiпорындардың және жекелеген азаматтардың iскерлiк
белсендiлiктерiн қолдау үшiн қажеттi мемлекеттiк статистика
органдарының ақпаратын;
- қоғамның мәдени мұрасын (ғылыми-техникалық, әдеби-көркем, мұражайлық,
архивтiк және басқалар), сақтау және пайдалану туралы ақпаратты
жатқызуға болады.
Бұл ретте мемлекеттiк, мемлекеттiк емес және аралас ақпараттық
ресурсстардың ұстаушылары - ұйымдары бойынша және таратылатын немесе
ақпараттық өнiмдердiң және көрсетiлетiн ақпараттық қызметтiң түрлерi
бойынша мәлiметтер бар мемлекеттi ақпараттық регистiрдi қалыптастырудың
және жүргiзудiң тәртiбi айқындалу керек.
Мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға рұқсат етудi қамтамасыз ету үшiн
мемлекеттiк ақпараттық құрылымдардың да, мемлекеттiк емес құрылымдар-
акционерлiк қоғамдардың, жеке кәсiп-орындардың және мүмкiндiктерiн барынша
орынды болады.
Мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және пайдалануды
көп деңгейлi иерархиялық жүйе бойынша ұйымдастырған дұрыс.
Мемлекеттi басқарудың республикалық деңгейiнде әдетте ақпаратқа
рұқсат етiлудi қамтамасыз ететiн деректердiң базасы құрылады және жұмыс
iстейдi. Мемлекеттiк үкiмет органдарың ақпараттық ресурстарына барлық
ұйымдар мен азаматтарға рұқсат етiлетiн, мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға
жатқызуға болатын ақпараттың ашық бөлiгiн бөлудi қамтамасыз қажет.
Аймақтарда халыққа ақапараттық қызмет көрсету осы аймақтың ақпараттық
ресурстарын, сондай-ақ басқа аймақтардың ақпараттық ресурстары туралы және
оларға етiлуi туралы мәлiметтердi қамтитын кiтапхана-депозитарилердiң,
агенттердiң мамандандырылған орталық-тарының және бөлiнген жүйесi
қамтамасыз етiлу керек. Аумақтық тiрек пунктiнде жүзеге асырылатын
пайдаланушыларға ақпараттық көрсету технологиясы пайданушыларға
абонементтiк қызмет көрсетуi және пайданалушылардың бiржолғы өтiнiмдерi
бойынша автоматттандан-дырылған ақпарат алуын қамтамасыз етуi керек.
Қалалық және аудандық кiтапханалар, сондай-ақ кәсiпорындардың және
ұйымдардың кiтапханалары жергiлiктi деңгейде ақпараттық ресурстардың
депозитарилердiң ретiнде бола ала алады. Олар баспасөз, есептер және
түрiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға енетiн ақпаратты азаматтардың
өтiнiмдерi бойынша ақпараттар ұсыну мүмкiндiгiн қамтамасыз ете отырып
алулары керек.
Кiтапхана- депозитарийлерде ақпараттарды ұсыну қарапайым нысандарда
деректер базаларынан және басқа да ақпарат қоймаларынан алынған баспасөз,
қағазға басу, экрандық көрiнiс түрiнде кепiлдендiрiлуi тиiс.
Кiтапхана- депозитарийлердiң тиiстi бағдарламалық-техникалық
құралдармен жарақтандырылуына қарай машиналық оқылым басылымдарын пайдалану
және оңаша рұқсат етiлген режимдердi жұмыс қамтамасыз етiлуi қажет.
Мемлекеттiк ақпараттық ресурсарға рұқсат етiлудiң схемасын әзiрлеу
кезiнде коммерциялық ақпарат орталықтарын және мемлекеттiк ресурстарға
штаттық негiзде рұқсат етудi ұйымдастыруға арналған телекоммуникациялық
жүйелердi пайдалану мүмкiндiктерiн ескерген орынды болады.
Ақпараттық инфрақұрылымды дамыту. Жоғарыда аталғандай, ақпараттық
жүйелердi құрудың бағдарламалық-техникалық құралдарыға шоғырланады және ҚР
бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру, дамыту ақпараттық инфрақұрылым
саласындағы мемлекеттiк саясаттың шеңберiнде ұйымдық-техникалық маңызды
шараларды қабылдауды талап етедi. Бұл шаралар ақпараттандырудың ұсынылған
принциптерiн ескере отырып тұнушыларға тиiстi аймақтық бөлiнген ақпараттық
ресурстарға рұқсат етудi, деректер берудiң және электрондық поштаның
режимдерiнде заңды және жеке тұлғалар арасында ақпараттар алмасуға кепiлдiк
берiп байланыс құралдарының түрлi желерiн, жүйелерiн және кешендерiн
бiрiктiруге мүмкiндiк жасайтын елдiң жалпы ұлттық телекоммуникациялық
жүйесiн қамтамасыз ету тиiс. Нарық жағдайында осындай телекоммуникациялық
жүйенi құру кезiнде маңызды орынды коммерциялық жүйелер мен желiлер ала
алады. Бұл ретте, бастапқы байланыстың бастапқы арналарымен желiлерiн құру
өзiнiң дамуында телекоммуникациялық желiлердi қалыптастырудан озуы тиiс.
Ақпараттық инфрақұрылым саласындағы мемлекеттiк саясаттың маңызды
мiндеттерi:
- ақпараттық технологиялардың қазiргi заманғы отандық құралдарын
өндiрудi құру және дамыту;
- байланыстың отандық жүйелерi мен құралдарын, телекоммуникациялық
желiлердi өндiрудi құру және дамыту;
- ұлттық және трансұлттық масштабтағы шетелдiк ақпараттық жүйелерде
пайдаланатын ақпараттық технологияларды енгiзуге ықпал жасау;
- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың қазiргi заманғы
құралдарын әзiрлеу және құру жөнiндегi iргелi және қолданбалы
зерттеулердi дамыту;
- ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы кәсiпкерлердiң
қызметiн ынталандыру болып табылады;
- ақпараттандыру саласындағы жұмыс үшiн бiлiктi кадрларды даярлау.
Мемлекеттiк өкiмет органдарының ақпараттық кеңiстiгiнiң негiзiн
мемлекеттiк өкiмет органдарының экономиканы басқару саласында да және жеке
адамның қоғамның мемлекеттiң қауiпсiздiгi саласында да ақпараттар ағынын
басқарудың, яғни әртүрлi тараптардың электрондық құжаттармен қамтамасыз
етудiң негiзiнде шешiмдер қабылдауын қолдауды қамтамасыз етуге қабiлеттi
ақпараттық-телекомникациялық жүйелер құрауы керек.
Электрондық құжаттар арқылы шешiмдер қабылдайтын тұлғаларға
ақпараттар ұсынылады, электрондық құжаттар арқылы шешiмдер қабылдайтын
басқару құралдары ретiнде де болады. Құжаттар туралы басқару объектiсiнен
ақпараттар келiп түсуi және өндiрiске басқарушылық әсер етудi жiберу
арналары туралы сияқты ұғым жалпы тиiмдi басқару фрагментарлық құжаттар
айналысының емес, тек қана тура негiзiнде ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн
екендiгiн түсiнуге көмектеседi. Сондықтан да электрондық құжаттар айналысын
басқарудың негiзгi принципi мынандай: барлық қайталама электрондық құжатар
бiрiктiретiн, ата-аналық электрондық құжатпен ақпараттық тууы және оған
тәуелдi болуы тиiс.
Бұл жүйелер мынандай талаптар;
- бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк
өкiметтiң мүдделерiн ескеру;
- ҚР Президентiне, Үкiметiне және Парламентiне ақпараттар ұсынуға
монополияны алып таста;
- мемлекеттiк билiк органдарына, ең алдымен Президент пен Үкiметке
барлық ақпараттық ресурстарға рұқсат етiлуiн қамтамасыз ету;
- ақпараттың тәуелсiз көздерiн бiрiктiру және дамыту;
- мемлекеттiк құпияны қорғау ескерiле отырып әзiрлену қажет.
Мемлекеттiк өкiмет органдарының, ұсынылған принциптер ескерiлiп
жасалған ақпараттық кеңiстiгi:
- аймақтық деңгейде-заңда белгiленген тәртiп пен аумақтық басқару
органдарын, шаруашылық жүргiзушi субектiлердi, саяси және қоғамдық
ұйымдарды;
- республикалық деңгейде-министiрлiктер мен ведомствалардың басшыларын;
- талдаудық деңгейде- Президент әкiмшiлiгiн, Үкiмет Кеңсесiн, ҚР
Қауiпсiздiк кеңесiн, ҚР Парламентiн;
- интелектуалдық қызметiн жоғарғы деңгейiнде- Президентiн және ҚР Үкiмет
басшылығының шешiм қабылдауының ақпараттық қамтамасыз етуге
бағыталған.
Ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк органдар үшiн құрылған талдау
мүмкiндiктердi әдетте:
- соңғы нәтиженi бағалаудың объективтi өлшемдерi болған кезде күрделi
басқару жағдайларын математикалық үлгiлеуде;
- қайталанатын мiндеттерi бар проблема салаларда сарапшылардың бiлiмiн
жинақтаудың ұсынудың және пайдаланудың ақпараттық технологиялары;
- заңдылықтарды iздестiруде деректердiң ауқымды көлемдерi бар талдау
жұмыстарына арналған ақпараттық технологияларды;
- ауқымды видеотехнологиялар құралдарын қолданумен байланыстырады.
Интеграцияланған жүйенiң негiзiн министрлiктер мен ведомствалардың
ақпарат-тық ресурстар құрылуы тиiс. Қорғалынған ақпараттық алмасу
телекоммуникация-лық жүйенiң деңгейлерi бойынша деректердiң қауiпсiздiк
архетектурасы мен рәсiмдерi, қорғау құралдары қабылдаумен қамтамасыз етiлуi
қажет.
Пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мемлекеттiк өкiмет органдарына
толық және тиiмдi ақпараттық қызмет көрсетудi және заңды белгiленген
регламентке сәйкес барлық басқыру органдары үшiн қалыптастырған ақпараттық
ресурстарға рұқсат етiлуiн қамтамсыз етiлуi тиiс.
Мемлекеттiк басқару органдары ақпараттық кеңiстiгiнiң ақпараттық
ресурсының үш негiзгi құраушылар: ерекше кезеңдегi ақпараттық ресурс;
бейбiт уақыттағы жедел басқаруға арналған ақапараттық ресурс; проблемалық-
бағдарлық ақпараттық ресурс түрiнде көруге болады.
Ерекше кезеңдегi ақпараттық ресурс жұмылдыру мақсатындағы
экономикалық ақпартатты, соғыс уақытындағы базаны және ҚР Қорғаныс
министрлiнiң деректерi базасының жиынтығын бiлдiредi.
Елдi бейбiт уақытта жедел басқаруға арналған ақпараттық ресурс
Статистика және талдау жөнiндегi комитеттiң экономикалық-статистикалық
деректерi банкiне, төтенше жағдайларға арналған деректердiң арнаулы
базасына, министрлiктер мен ведомствалар ақпараттық ресурсына негiзделi.
Проблемалық-бағдарлық ресурстар маңызды мемлекеттiк мақсатты бағдарла-
маларды, стратегиялық шешiмдердi (мысалы ''Қазақстан -2030'' стратегиялық
бағдарламасы сияқты) олардың кiру және шығу параметтерiнiң құрылымын,
ақпараттарды жинаудың, өңдеудiң және берудiң принциптерiн айқындау арқылы
әзiрлеудi қолдау үшiн қалыптастырылады.
Одан басқа, мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға заңды және жеке
тұлғалар туралы заңмен айқындалған ашық рұқсат ету ақпараты және жеке
мәлiметтер жатады. Бұл ресурстарға тиiстi министрлiктер мен ведомсталар
қалыптастыратын арнаулы ақпараттың ресурсы қосылады.
Осылайша, мемлекеттiк билiк органдарының ақпараттық ресурсы мысалы
Wed технологиясын корпоративтiк ақпараттық жүйелер технологиялары
сияқты деректердiң базалары мен банктердiң құрудың, жүргiзудiң және
пайдаланудың арқылы ведомствалық, аумақтық проблемалық принциптер
бойынша құрылған деректердiң бөлiнген базасының жиынтығын
бiлдiредi.
Нормативтiк құқықты қамтамасыз ету.
Бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң негiзгi реттеушiсi:
- азаматтар мен ұйымдардың тиiстi конституциялық құқықтарының
кепiлдiктi сақтауын;
- ақпаратты өндiрушiлер мен тұтынушылардың қатынастарын реттеуде;
- жүйе құраушы техникалық, технологиялық, бағдарламалық және лингвис-
тикалық шешiмдердi енгiзуде;
- мемлекеттiк басқару органдарының бiртұтас ақпаратты оң кеңiстiктi
қалыптастырудағы және дмытудағы қызметiн үйлестiрудi;
- осы кеңiстiктiң iскерлiк белсендiлiгiн және өзiн-өзi ұйымдастыру
процесте-рiн ынталандыруды;
- елдiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс нормативтi
құқықтық база болып табылады.
ҚР бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыруды және дамытуды
ақпаратқа, оны өндiруге, қозғалысына және пайдалануға байланысты
қоғамдық қатынастардың барлық кешенiн реттеуге бағытталған заңдар
саласы ретiнде заңдық қамтамасыз ету ең алдымен:
- әркiмнiң конституциялық “заңмен тыйым салынбаған кез келген
тәсiлмен ақпараттарды еркiн алу және тарату” (ҚР Конституциясы, 20
бап, 2 тармақ) құқығының сақталуына кепiлдiктердi;
- азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың мемлекеттiк үкiмет органдарының
қызметi туралы ақпарат алу мүмкiндiктерiнiң кепiлдiктерiн;
- мемлекеттiк билiк органдарының бiртұтас ақпараттық кеңiстiк
саласындағы шешiмдерiнiң келiсiмдiлiгiн;
- меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi шартымен тауарлар мен
қызмет көрсетулер өндiрiстiң ұйымдастырудың түрлi нысандары
арқылы ақпарат-тық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану;
ақпарат рыногы мен бәсекелестiк орта құру, монополияға қарсы
мемлекеттiк саясат жүргiзу, кәсiпкерлiк шеңбердiң жоғарғы iскерлiк
белсендiлiгi;
- құжатталған ақпаратқа авторлық құқық пен меншiк құқығының
сақталуын және авторлық құқықтың ақпараттық ресурсы мен
ақпараттық технология-ларға меншiк құқықтарын және олардан
қамтамасыз ету құралдарын; бiртұтас ақараттық кеңiстiк
субъектiлерiнiң ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларды
пайдалану кезiндегi заң бұзушылықтары үшiн жауапкершiлiгiн;
- ақпараттық қауiпсiздiктi;
- халықаралық ынтымақтастық жүйесiндегi тығыз ақпараттық өзара iс
қимыл мен белсендi ақпараттық алмасуды қамтамасыз етуге бағыттауы
тиiс.
Бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыруды және дамытуды заңдық
қамтамасыз етудiң маңыздылығын ескере отырып:
- бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру мен дамытуды негiзгi
құрайтын-дардың бiрi ретiнде заңды қамтамасыз етудiң мақсаттарын,
мiндеттерiн және принциптерiн ашатын;
- заң мен нормативтiк актiлердi әзiрлеудiң кезектiлi белгiлейтiн;
- құқықтық және нормативтiк актiлердi жасау жөнiндегi жұмыстарды
үйлестiру мәселелерiн айқындайтын нормативтiк актi қабылдаған
орынды.
Бiртұтас ақпарат кеңiстiгi субектiлерiнiң ақпараттық қауiпсiздiгiн
қамтамассыз ету негiзгi тетiктерi. Мемлекеттiң ақпараттық кеңiстiгiн
дамытудың деңгейi, ондағы экономикалық, саяси және әлеуметтiк процестердiң
жай-күйiмен даму қарқыны туралы нақты ақпараттың болуы және оған рұқсат
етiлуi шешушi дәрежеде мемлекеттiк басқару органдары мен қоғамның
экономикалық, әскери стратегиялық, экологиялық және әлеуметтiк салаларда
тиiмдi шешiмдер әзiрлеу және оларды iске асыру жөнiндегi мүмкiндiктерiн
айқындайды. Сондықтан да ақпараттың бүгiнгi күнi қоғамның өмiр сүруi, оның
ұлттық қауiпсiздiгi жүйесiнiң маңызды элементi ретiнде құрастыру керек.
Мемлекет, қоғам, және жеке қоғам ұлттық қауiпсiздiктiң объектiлерi
болып табылады. Ақпараттық кеңiстiкте мынадай екi қауiптiлiк неғұрлым тән
болып табылады:
Бiрiншiсi, мемлекеттiң ақпараттық ресурстарына бақылау жасау, яғни iс
жүзiнде ақпараттық шпиондық. Ақпараттық кеңiстiк көптеген барлау
қызметтерiнiң қызмет саласы болды және болып қала бередi. ҚР ақпарат
кеңiстiгiн құруға шетелдiк фирмалардың белсендi қатысуының есебiнен ашық
жолмен жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте елдiң ақпараттық ресурстары тиiстi
ақпараттық құрылымдардың бақылауында болатындықтарына байланысты жағымсыз
салдардан басқа, экономикалық тiкелей нұқсан келтiрiледi: отандық жолын мен
өндiрiс өз тапсырыстарынсыз қалады.
Екiншiсi-ақпараттық ресурстарды бүлдiру немесе бұзу мақсатындағы
ақпараттық өзара iс-қимыл. Ақпараттық технология-лардың дамуының кәзiргi
заманғы деңгейi кезiнде мұндай әсер етулер бейбiт уақытта да жүзеге
асырылуы мүмкiн. Бұл өзара iс - қимыл мемлекет үшiн құнды ақпараттырдың
бұзылуына немесе оны бұрмалауға немесе тиiстi мемлекеттiк басқару
деңгейiнде қате ұйымдастырылуға немесе дұрыс емес шешiмдер қабылдауына әкеп
соғуы мүмкiн.
Ақпараттық өзара iс-қимыл үшiн сындарлы ұсыныстар жүйелерi неғұрлым
үлкен мүдденi бiлдiредi. Бүгiнгi күнi, осындайлар деп, бұзылуы тiкелей
мемлекеттiң қауiпсiздiгiн күрт әлсiретуге әкеп соғатын жүйелердi айтуға
болады. °детте, сындарлы ұсыныстардың кәзiргi заманғы барлық жүйелерi
компьютерленген және тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етiлген.
Жеке адам мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi де ақпараттық
кеңiстiктегi өзара iс-қимылға байланысқан. Бiрақ, аталған жағдайда жеке мен
санаға, оның iшiнде қоғамдық әсер ету бiрiншi кезекке шығады. Бүл ретте,
кәзiргi заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қуатын пайдалана
отырып адамдардың өмiрiне, олардың саяси қызметiне және жеке жоспарларына
электрондық бақылау жасаудың нәтижелерiн пайдалану арқылы жалған
ақпараттандыру, ақпараттық шпионаж кеңiнен пайдаланылуы мүмкiн.
Қалыптасып және дамып келе жатқан ақпараттық кеңiстiкте ақпараттарды
қорғаудың және ақпараттық өзара iс-қимыл субъектiлерiнiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастыру, техникалық және технологиялық
шараларын қабылдау талап етiледi.
Заң нормалары түрiндегi ұйымдастыру шаралары ақпараттық кеңiстiк
субъектiлерiнiң мемлекеттiк, коммерциялық және жеке құпиялардың сақталуын
қамтамасыз етеiн өзара iс - қимылының тәртiбiн белгiлеуi қажет.
Техникалық және технологиялық шаралар сияқты және тиiстi талаптарға
жауап беретiн ақпараттық-бағдарламалық құралдар ақпараттық қорғауды оны
электрондық өңдеудiң, сақтаудың және қабылдай берудiң кез келген
кезеңдерiнде қамтамасыз етуi керек.
Көрсетiлген принциптер мен мiндеттердi iске асыру бiртұтас ақпараттық
кеңiстiктiң негiзiн құрайтын мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды көп
деңгейлi қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi және оның тиiмдi жұмыс
iстеуiне ықпал етедi.
Бұқаралық ақпарат құралдарды құрудың негiзгi мақсаттарын екi топқа
бөлiнедi:
- мемлекеттiк басқаруды жақсарту және мемлекеттiк органдардың жұмысына
бақылау жасауды арттыру;
- мемлекеттiк органдардың жұмысын жақсарту және азамат – мемлекеттiк
қатынастарының сапалы жаңа деңгейiне өту.
Мемлекеттiк басқаруды жақсарту үшiн интеграцияланған автомат-
тандырылған ақпараттық жүйенi құру қаржы және адам ресурстарының едәуiр
шығынын талап ететiн күрделi және ұзақ мерзiмдi бағдарлама болып табылады.
Алайда, осы бағдар-ламаны жүзеге асырмай мемлекеттiң экономикалық және
саяси даму қарқының күшейтуде, сондай ақ мемлекеттiк институттардың
автоматтандыруға арналған шығындардың нақты нәтижесiн алудан қандай да
болмасын елеулi прогрестiң болуы мүмкiн емес. ҚР интеграцияланған
автоматтандырылған ақпараттық жүйе өзiнiң арнаулы бойынша өз тарапынан осы
кiшi жүйелердiң ұйымдық, ақпараттық және функциялық үлгiлерiнен белгiлi
талаптар, қажет болған кезде олардың оңтайландырудың нұсқауларын ұсына
отырып мемлекеттiк институттардың жобаланатын және бар автоматтандырылған
кiшi жүйелермен ақпараттық және функциялдық өзара тығыз iс қимылда болуы
керек.
Мемлекеттiк реттеу рәсiмдерiнiң белгiлi бiр шеңберiн орындайтын осы
рәсiмдерiн арасындағы функциялық өзара iс-қимылдың формальды ережелерiн
бiлдiретiн мемлекеттiк институттар кетiгiнiң болуы орталықтандырылған
реттеу және бақылау талабын ұсынады. ҚР интеграцияланған автоматтандырылған
ақпараттық жүйе шеңберiнде мұндай мүмкiндiктiң болмауы мемлекеттiк реттеу
мiндеттерiн шешетiн және өзiне түрлi мемлекеттiк институттар орындайтын
функциялық мiндеттердi қамтитын барынша күрделi рәсiмдер болған кезең
автоматтандырылған жүйелердiң интеграциялануы туралы айтуға құқық бермейдi
және қажеттi нәтижелер әкелмейдi. Бұл жағдайда интеграцияланған
автоматтандырылған ақпараттық жүйе қазiргi уақытта болып жатқан жедел және
ұзақ мерзiмдiк басқаруға және бақылау жасауға көнбейтiн фукциялық және
ақпараттық оқшауланған жүйелердi бiлдiредi.
Қазақ журналистикасы соңғы 15 жыл ішінде коммунистік жүйеден
демократиялық бағыттағы БАҚ саласын қалыптастыруға бет бұрып, едәуір
нәтижелерге қол жеткізді. Демократиялық реформалардың тереңдей түскен,
әлемнің жоғары дамыған 50 елінің қатарына қосылу міндеті алға қойылып
отырған және ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілеттілікті арттыру
қажеттілігі туындаған қазіргідей күрделі де жауапты кезеңде БАҚ-да жұмыс
істейтін мамандарды даярлау ісіне әдістемелік тұрғыдан шұғыл бетбұрыстың
жасалуы талап етіліп отыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда,
бүгінде Қазақстаннның 26 университетінде журналист мамандарын даярлайтын
факультет пен бөлімдер жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, министрлікте ресми
тіркелген БАҚ саны 7000-нан асып кеткен. Олардың әзірше 2500-і нақты жұмыс
істейді. Ал, барлық БАҚ-тың 12 пайызы ғана үкіметтік көрінеді. Олай болса,
алдағы уақытта жоғарыда аталған 26 оқу орнының бәрінде де, ондаған жылдар
бойы қолданылып келген, ішінара әлі де өз күшін жоя қоймаған кеңестік
жүйесінің көне тәсілдерінен түбегейлі бас тартып, әлемдік стандарт
үлгілерін қабылдағаннан басқа жол жоқ. Себебі, қазірдің өзінде білікті
медиа-бизнесмендердің, БАҚ саласы менеджерлерінің жоқтығынан еліміз
баспасөзі нарығында жарнаманың 49 пайызын ресейліктер иемденіп отыр.
Осыншама табыстан көпе-көрінеу айырылып отыруымыздың өзі медиа-бизнеске
бейімделген мамандардың жеткіліксіздігінде болса керек. Диплом алып жатқан
мамандар көп болғанымен, оның бәрі БАҚ талаптарын қанағаттандырмайтыны да
рас. Сондықтан, батыстық, америкалық озық тәжірибеге сүйенсек,
ұтылмайтынымыз анық. Білім берудің батыстық үлгісінің озық болуының мәні
мынада:
l журналистік білім беру ісінде тәжірибеге басымдық беретіндігінде;
l студенттің өз бетімен еңбек етуіне, шығармашылық еркін ой мен іскерлік
қабілеттілігін дамытуларына қолайлы жағдай тудыратындығында.
Алайда, журналистік жоғары білім берудің әлемдік стандарттарын жүзеге
асыруда елеулі қиындықтар бар. Ең алдымен жоо-ның материалдық базасының сын
көтермейтінін атап айтуға тиіспіз. Әлемнің жоғары дамыған өркениетті
елдерінде “студенттің санынан компьютердің саны асып түскен жағдайда” ғана
талапқа сай деп танылады. Біздің елде бұл көрсеткіш өте төмен. Студенттерді
айтпағанның өзінде, оқытушылар үшін кафедрада екі компьютер болса, соны да
қанағат етуге мәжбүр. Оның сыртында көптеген университет ректорлары
журналистика мамандығының өзіндік ерекшеліктері мен маңыздылығына
айтарлықтай мән бермейді де. Соның салдарынан тәуелсіздік жылдарында
ашылған кафедраларда журналистика саласы бойынша білім беруді қазақ тілі
мен әдебиетінің мұғалімін даярлаудың деңгейінде ғана қарастырды. Тіпті,
жасырмай айтқанда, журналистика мен филологияны айыра білмейтіндер де
баршылық. Олар қоғамда БАҚ-тың, журналистиканың рөлінің барған сайын өсіп
келе жатқандығымен, оның демократиялық зайырлы қоғамда “төртінші биліктің”
дәрежесіне көтерілетін ықпалымен, қазіргі жаһандану кезеңінде ақпараттық
майданда ашық “соғыстың” басталғанымен, оның өзі ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің маңызды бір бөлігі екендігімен санаса бермейді. Сонымен
қатар, жергілікті университеттердің журналистика кафедраларында білікті
мамандар жеткіліксіз. Ал, кейбір мамандар жеткілікті оқу орындарының өзінде
журналистика кафедраларын өзге саланың адамдарына, көбінесе журналистиканың
теориясы мен практикасынан бейхабар адамдарға басқартып қоюы жоғарыда
айтқан ойды нақтылай түседі.
Журналистика мамандығына арналған оқулықтардың жалпы мазмұнының өзі
студенттердің шығармашылық ой өрістерін кеңейтуге, сөйлеу және жазу
мәдениеттерін арттыруларына ықпал етерліктей, оларды ақпарат алу жолындағы
алғырлыққа, батылдыққа баулитындай бағытта және жалпы базалық білім беретін
пәндермен сабақтасарлықтай болуға тиіс. Оның сыртында журналистика
бөлімдеріне сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этика, эстетика,
әлеуметтік психология, саясаттану, экономика, құқықтану секілді пәндердің
сапалы оқытылуына айырықша назар аударылуымен қатар, журналистерді дәл осы
салалардың базасында даярлау қажет деп білеміз. Журналист-құқықтанушы,
журналист-экономист, журналист-саясаттанушы, журналист-бағдарламашы, т.с.с.
қос мамандық бойынша даярласа, тіпті тиімді болар еді.
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген оқулықтардың көбінен тәжірибелік
іс қызметке қажет ақыл-кеңестерді, бүгінгі БАҚ тыныс-тіршілігінен жанды
мысалдар мен жан-жақты мол мағлұматтар беретін тың ізденістердің ізін өте
аз көреміз. Сондықтан, жоо-дағы әріптестеріміз Ресей оқулықтарына ғана бір
жақты сүйеніп келеді. Осы орайда АҚШ журналистикасының тәжірибелік іс
қызметке бейімделген, қысқа да нұсқа, күрделі ұғымдардың өзін қарапайым
тәсілмен ұтымды түсіндірген, көңілге қонымды әрі тартымды оқулықтарын
аударып, қолданысқа енгізудің аса пайдалы екендігін атап айту ләзім.
Сөз соңында, Білім және ғылым министрлігінің назарына үш маңызды
ұсынысты жолдаған жөн деп білеміз:
Біріншіден, журналистік білім беретін жоо-да қолданылатын оқулықтар
мен әдебиеттер басып шығарумен тікелей айналысатын редакциялық алқа
ұйымдастырылса. Олар баспаға әзірленген оқулықтармен алдын ала танысып,
жарыққа шығарылуына рұқсат беретін механизмді қалыптастырса. Мұндай шағын
штатты Астанадағы республикалық “Оқулық” ғылыми-тәжірибелік орталығының
бөлімі етіп ашуға да болар еді.
Екіншіден, журналистиканың мемлекеттік стандартына, білім беру саласына
бақылау жасайтын білікті журналист маман инспектор тағайындау, министрлікте
тұрақты жұмыс істету қажет;
Үшіншіден, журналистерді қазіргідей қызыл тіл безеп, құрғақ уағыз айтуға
бейімдейтін мамандықтың базасында емес, керісінше, экономика немесе заң
факультетінің тікелей бөліміне айналдырып өзгертсе, сондай-ақ
университеттің дербес, дара кафедрасы етіп қайта жасақтаса, қазіргі БАҚ-дың
талаптарына сай келетін сапалы мамандар даярлап шығаруға мүмкіндік туады.
Сонда ғана БАҚ менеджменті жолға қойылады және шынайы қоғамдық пікірді
қалыптастыратын, ақпарат нарығында бәсекеге қабілетті журналистер
қалыптаспақ.
2. . Ақпараттық технологиялардың қалыптасу факторлары
Ақпараттық рыногта саяси субьектілер қойылған мақсаттарына жетуді
қамтамасыз ететін түрліше әдістер мен техниканы қолданады. Олар өздерінің
әріптестері мен контрагенттерімен қарым-қатынасының көмегімен сол
технология мен тәсілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сипаты, ең алдымен,
саяси ортада қалыптасатын қандай да бір ақпараттық-коммуникативті жүйемен
анықталады. Коммуникаторлар мен реципиенттердің қызметінің мақсаты мен
тәсілдерін ұсынатын, олардың қарым-қатынасының стилі мен басқа да
ақпараттық жүріс-тұрыс паратметрлерінің ақпараттық ағымын анықтайтын сондай
жүйе ретіндегілері мынандай болып бөлінеді: шешім қабылдау, сайлауалды
компанияларды жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу
және т.б.
Ақпаратты-коммуникативті жүйе негізінде коммуникатор мен реципиенттер
әртүрлі ішкі міндеттерді шешеді, олардың ақпараттық жүріс-тұрысының
тәсілдеріне өз кезегінде әсер ететін белгілі бір ішкі қызметті орындайды.
Сонымен қатар, бұл жүйедегі қолданылатын ақпараттандыру мен
коммуникацияландыру әдістерін белгілейтін факторларға сыртқы ортаның әсері,
қандайд да бір нақты жағдай, сондай-ақ өзіндік саяси субьектілердің
санасының жағдайы жатады.
Жалпы биліктің барлық жүйесін сипаттайтын базалық саяси процестерге,
жоғарыда аталып өткендей, шешім қабылдау шығады. Сонымен қатар, бұл өте
ауқымды саяси процестердің ішінде кейбір функционалды аймақтар бар, олар да
ерекше ақпараттық технологияның болуын алдын-ала анықтайды. Жекелегенде,
олардың арасында шешім қабылдауда екі жалпы ақпараттық-коммуникативті ішкі
жүйені айырады. Олардың біреуі шешімді дайындаумен және шешумен байланысты
мемлекет ақпараттық-коммуникативті міндеттерді шешетін басқарудың механизмі
мен ішкі байланысын сипаттайды. Екінші ішкі жүйе, қоғамдық пікірге,
әлеуметтік өзара қатынасқа және азаматтардың қатынастарына қандай да бір
әсер етуге тырысатын сыртқы ақпараттық рыногқа ақпарат шешім түрінде
түсетін сол басқарушылық байланыс аумағын ашуға көмек береді. “Ішкі” және
“сыртқы” ішкі жүйені бөлу, мемлекет – шешімді өндіру мен іске асыру деген
екі түрлі типті міндетті шешу мақсатымен пайда болатын ақпараттық-
коммуникативті байланыстың ерекшелігін көрсетеді. Бір мезгілде ол осы
процестің жеке субъектілеріне, фазалар мен жандандыру кезеңдеріне тиесілі
болатын ақпараттандыру мен коммуникациялардың ерекше әдістері мен
тәсілдерін көрсетеді.
Өндіру мен шешім қабылдаудағы ақпараттық технологиялар төмендегідей
жүзеге асады. “Ішкі” ақпараттық-коммуникативті ішкі жүйе функционалды
бағытталған ақпараттың, қалыптасқан және мамандандырылған үндеу ақпараты
мемлекеттік басқару моделін айқындайды. Мұндағы қолданылатын ақпараттық
технологиялар тікелей сәйкес келетін ақпаратты-басқарушылық цикл кезеңін
анықтайды, оның әрқайсысы субъектілерге өздерінің ерекше тапсырмасын
береді. Жалпы бұл өзара әрекетті төмендегідей түрде көрсетуге болады
(схеманы қарау).
Схема: Шешім қабылдаудың ақпараттық-коммуникативті жүйесі.
Жалпы бұл схемада басқарушылық шешімге ақпараттың пайда болуынан, оның
іске асуына дейінгі кезеңнен коммуникаторлар мен реципиенттердің қызметінің
бірізділігі көрсетілген (қайтадан жасалған ақпараттың пайда болуы), ол
ақпараттық хаттың параметрлер динамикасын (толықтығын, адекваттылығын,
қолжетімділігін және т.б.) есепке алуға мүмкіндік береді. Әрбір бөлінген
кезеңдер ақпарат үндеуі сипатына, басқару субьектілері арасындағы
коммуникация сапасына өзінің талабын қояды.
Сонымен, ақпараттық технология қолданатын басқару жүйесінің сырытынан
да, ішінен де келуі мүмкін болатын алғашқы ақпаратты ендірудің бастапқы
кезеңінде қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан проблемалы
жағдай туралы мәліметтерді, пікірлерді, хаттарды және басқа да сигналдарды
тіркеумен көбіне байланыста болады. бұл технологиялар түрліше әлеуметтік
проблемалар туралы мәліметтердің формалдық және формалдық емес, көпшілік
және арнайы, бұрын қолданылған немесе қайтадан алынған мәліметтердің жинау
максимизациясын топшылайды. Бұл, мәліметтерді жинағаннан кейін оларды не
шешімді өндіруге қолдану үшін, не проблеманы ары қарай түсіну үшін
мүмкіндік сақталады, сондықтан жиналған мәліметтер оларды басқа уақытта да
қолдану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz