Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ОӘЖ 1 (091) (574) Қолжазба құқығында
ИБРАЕВА НҮРИЛА ӘМІРҚЫЗЫ
Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау
Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындаған диссертация
09. 00. 03 - философия тарихы
Ғылыми жетекшісі
философия ғылымдарының
докторы, профессор
Мұсаева Н. Р.
Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2007
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Шал ақын шығармашылығының қазақ философиясындағы орны . . . 11
1. 1 Шал ақынның дүниетанымының қалыптасуы,
даму ерекшеліктері . . . 11
1. 2 Шал ақынның болмыс, ғұмыр, өмір, өлім туралы ұстанымдары . . . 25
1. 3 Шал ақынның адам туралы ілімі және оның сипаты . . . 41
2 Шал ақын шығармашылығының ағартушылық-тәрбиелік маңызы . . . 69
2. 1 Шал ақынның этикалық ілімі . . . 69
2. 2 Шал ақынның әйел болмысы туралы ұстанымдары . . . 100
2. 3 Рухани сабақтастықтың кеңістігі мен уақыты аясындағы Шал ақын . . . 111
Қорытынды . . . 118
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 120
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық зерттеуде қазақ мәдениеті мен философиясының көрнекті өкілі Шал Күлекеұлының дүниетанымы тарихи-философиялық талдаудан өткізілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2004 жылғы негізгі бағыттарының ішкі және сыртқы саясаты» жолдауына сәйкес әзірленген «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырулуда Отандық зерттеушілердің дәстүрі мен ұлттық мәдениетке, оның тарихы мен ерекшеліктеріне деген қызығушылығы арта түсуде. Ғылымның көптеген салаларында әр түрлі қырларынан жазылған зерттеу жұмыстары ұлттық рухани мұрасының бұрын онша мән берілмеген тың. Қабаттарына жол ашуда. Шал ақын шығармашылығын тарихи-философиялық талдауға арналған біздің зерттеу жұмысымыз да ұлттық-мәдени мұрамызға өз үлесін қосар тың еңбек болады деген мақсаттамыз.
Қазақстанда жаңа қоғамдық қатынастар жүйесін құру, оны нығайту және өркендету үлкен жылдамдықпен іске асырылуда. Нарықтық экономика ұлт өмірі мен тұрмысына бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер әкелді. Адамдардың еңбекке деген қатынасы, еңбекті ұйымдастыру формалары жалпы психологияны өзгертті. Тоталитарлық жүйе кезінде қалыптасқан түсінік ұғымдардан бас тарту басталды. Әрине, халық жаңа қарым-қатынастар талабына бейімделеді, оның қисыны аясында тіршілік ете бастайды. Бірақ оның болмысында ешуақытта жоғалмайтын, қайта жылдар, ғасырлар өткен сайын жарқырап мен мұндалап тұратын құндылықтар жүйесінің мол қабаты бар. Ол халық бітім-болмысының негізі, түп-тамыры.
Ғалым-философ Ж. Ж. Молдабеков «Қазақтану» туралы сүбелі еңбектер жазып, оның өрісін кеңейтуде. Бұл әртүрлі қырды қамтитын жаңа, тың бағытқа жол салу деп бағалауға тұрарлық бастама. Әрине, мұның аясында философтар, этнографтар, тарихшылар да еңбек етуі қажет.
Ж. Молдабековтің методологиялық маңызы зор мынадай ұстанымдары біздің зерттеумізге бағыт-бағдар болды.
«Біріншіден, адалдық жолын іздестіру. Ол үшін жыртқыштық пейілді баса білу қажет болды. Бұл тыныштықтың бір кепілі. Екіншіден, іргесі бекем, хакімдігі күшті билік құру арқылы өз ел-жұртының иесі болу. Бұл дүние-мүлкін, мал-жанын қорғау өнерін жетілдіріп, шебердің қолын, шешеннің тілін ортақ мүддеге жұмсауды үндейді.
Үшіншіден, адам мұратын елдің, халықтың, қоғамның мүддесімен ұштастыру идеясы. Әлгінде келтірілген ойлардың бұл мәселеге қатысты екені күмәнсыз. Қазақ ақиқатқа деген ұмтылысынан, адалдыққа деген антынан ауытқи бермеді» [1, 38 б. ] деп жаза отырып, Ж. Молдабеков біздің ізденістері-мізге тікелей қатысты мына мәселелерге назар аударды.
1. Қазақты өзіне - өзін және басқаларға танытқызатын, жаңа талап, заман үрдісіне ағарту икемдейтін, өркениет ұйытқысына орай ұйымдастыратын мәдени тетіктерді зерделеу және ұсыну;
2. Тарихи үрдістерде қазіргі заманның даму қисына қазақ халқы алдында мынадай үш талап қояды: елдігін сақтау, өзін - өзі меңгеру, атамекенін іргелі ел ету, мәдениетін дамыту, бірауызды ынтымақты болып, елдігін, Отанын қорғау.
3. Қазақтанудың арнайы дүниетанымның саласы болып қалыптасуына үш шарт ықпал етеді: тірліктің табиғи ортасын сезіне білу, соған бейімделу; атамекеніндегі ел мен ердің жан-дүниесіне жақындау, жігері және үмітімен жандану; табиғаттың құдыреті мен атамекеннің кереметін адамның ес-жадында сақтау, сол құбылыстарға араласу арқылы белгілі бір қуаныш-қуатты иемдену. Қазақ халқының рухани негізін де осы үш арна қалыптастырады деуге болады» [1, 38 б. ] .
Осы үзіндіде ғалым қорытындылаған, топтаған халық болмысының аса маңызды атрибуттары мен сапалық ерекшеліктері әруақытта өте қажет және заман өзгерген, дамыған сайын олардың қажеттілігі одан әрі арта береді. Өйткені, халықтың өзін - өзі іздестіруі, өзіндік оқшаулануы күннен күнге тереңдемесе, бәсеңдемейді. Оқшаулану дегеніміз-бөлектеу емес, керісінше қанат жайып келе жатқан бірегейлену, жақындасу, тегістелу процесінде өзін - өзі жоғалтпауға әрекет істеу соны әртүрлі мәдени, әдеби, ғылыми, рухани жолдармен іске асыру.
Рашид Тәжібаев деген жас ғалым «Батыс пен Шығыс өркениеті ортасында - Қазақстан» тақырыпты қысқа, бірақ нұсқа мақаласында: « . . . қазір әлемде жаһандану, интеграция, модернизация деген сөздер негізінен Батыстың үстемдігін орнатуға бағытталып, Қазақстан өзіне бейтаныс бұл ұғымдардың астарында қандай мағына жатқанын білуі керек. Әртүрлі дін, тіл, ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында ауызбіршілік жағдайында ұстауға қаншалықты күші жетеді? Қазақстан үшін жаһандану, интеграция, модернизация деген сөздер мақсат емес, мақсатқа жету жолында қолданатын құрал болу керек» [2, 151 б. ] деп өте орынды атап көрсетті.
Аталған инновациялық мағынадағы сөздерді құрал етіп пайдалану үшін оларды игеру, мағынасын, астарын түсіну жеткіліксіз. Оларға қарама-қарсы рухани күш, қуат ретінде өзімізге тән түпнегіздер мен сапалық белгілерді жарқырата шығарып, басқалардың назарына ілігетіндей дәрежеде дамытуымыз қажет. Осы тұрғыдан Р. Тәжібаевтың мына бір пікірімен келіспеске болмайды. «Біз, өзімізді әлемдік держава деңгейіне жеткізген мәдениетімізді жаңғыртуымыз керек. Ол әрине, Алтын Орда кезіндегі рухани байлығымыз» [2, 153 б. ] деп жазады жас ғалым.
Ғалым Қ. Нұрланова ұлттық идея деңгейіне көтерген сұхбатшылдық, іштесу, дүние және әлеммен үйлесімді болу, ақсақалдарды сыйлау, адамдық жылылықты сақтау [3, 23 б. ] сияқты ұлттық ділдің маңызды сапалық белгілерін насихаттау арқылы рухани және әлеуметтік-адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру күн тәртібінен ешуақытта түспейтін, болашаққа бағытталған міндет.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы-көп ұлтты, іргелі мемлекет. Сондықтан, көп ұлтты халықтардың этностық ерекшеліктерін қамти отырып, оларды ортақ отанының болашақ дамуына үлес қосатын қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеу идеологиясының алғышарттарын түзіп, оны жүзеге асыру-мемлекеттік маңызды ұстаным.
Қазіргі жаңғыру кезеңінде біздің қоғамыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен орны негізгі көкейтесті зерттеу болып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде ұлттық мәдениет пен білімді дамытуға кеңінен жол ашты.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білімнің тұжырымдамасында (1996) : «Тәрбиенің қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу» [4, 17 б. ] - деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілсе, орта білімді дамыту тұжырымдамысы жобасында (1997) : «Білім берудің маңызды мақсаты адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру» [5, 3 б. ] деп оқушылардың көркемдік талғамын халықтық мұралар арқылы өркениетті мәдениетке жеткізу көзделеді.
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі қазақтанудың күре тамыры болып табылатын қазақ әдебиетінде, оның жарқын беттерінің бірі ақын-жыраулар шығармашылығы екенінде ешкімнің дауы жоқ.
Қазақтану жолында осы уақытқа дейін А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ш. Құдайбердиев, Қ. А. Яссауи, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов М. Әуезов еңбектері жан-жақты зерттеліп, олардың әдеби мұрасының ұлағаты саралануда. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі тереңдеп, оның орбитасына бұдан бұрынғы тарихи дәуірдегі інжу - маржандарымыз ене бастады.
Осы контексте XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар шығармашылығы ерекше атап өтуге болады. Олардың мұрасы соңғы 10-15 жылдың ішінде философиялық зерттеудің нысанына айналды.
Кенжалы «Асан Қайғының дүниетанымы» [6, 25 б. ], А. Қанағатова «Бұқар жырауды мен Қабан жыраудың этикалық көзқарастары» [7, 20б. ], Б. Б. Арынғазиева «Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулар философиясындағы кісілік құндылықтар жүйесі (XV-XVIII ғасырлар) » [8, 6 б. ] сияқты кандидаттық диссертациялар жазылды.
Бұл зерттеулерде ақын-жыраулардың қазақ халқының ойлау мәдениетін қалыптастырудағы өзіндік ізденістері мен ерекше табыстары сарапталды, олардың поэзияның әдемі тілі арқылы берілген этикалық, дүниетанымдық ұғымдарына назар аударылды. Елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық, надандық пен көрегендік сияқты ұғымдар төңірегінде біршама пікірлер тұжырымдалды.
Ақын жыраулар шығармашылығының әлі де айтылмаған, ашылмаған жақтары мол.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның дамуы - қоғамның идеялық бірлігінде», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында» және басқа да еңбектерінде қазақ халқының ұлттық сана сезімі өскенін атап көрсетіп, оның түпнегзінде қазіргідей жедел құбылатын заманда ұлттық қадір - қасиеттің жатқанына әр уақытта назар аударып жүр. Осы өте жағымды үрдісті одан әрі жетілдіру үшін ең алдымен республика халқын азаматтық және саяси қауымдастық ретінде қалыптастыру қажеттігін ерекше атап көрсетеді [9, 236 б. ]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шал Күлекеұлының шығармашылығын сөз еткенде екі түрлі мәселе туындайды. Оның бірі-шығармаларының жариялануы және олардың толықтығы, жинақталуы. Екіншісі, оның шығармашылығына талдау жасау, түсіндіру мәселесі.
Кейбір деректерге сүйенсек «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында 1929 жылы Шал ақынның бір өлеңі басылыпты. Сонан кейін Ғалым Малдыбаев «Шал ақын кім» деген мақала жазып, соған қосып 1958 жылы 28 қарашада «Қазақ әдебиеті» газетінде 8 өлең жариялаған.
Жалпы ақын шығармалары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы» (1962) «Үш ғасыр жырлайды» (1965) «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967) «Алдаспан» (1971) «Бес ғасыр жырлайды» (1989) сияқты жинақтарда жарық көрген.
Шал ақын шығармашылығымен негізінен әдебиетшілер айналысқан. Шәкір Ыбыраев, Өмірзақ Айтбайұлы, Рәбиға Сыздыкова, Рахманкұл Бердібаев, Мұзафар Әлімбаев, Өтеген Күмісбаев сияқты ғалымдар ақын туралы талдау мақалалар жазған.
Философиялық әдебиетте Шал ақын шығармашылығы О. А. Сегізбаевтың, С. Е. Нұрмұратовтың, Н. Р. Мұсаеваның, Қ. Нұрланованың, Г. Нұрышеваның, С. Ақатайдың еңбектерінде қарастырылған.
Бүгінгі күнге дейін Шал ақын дүниетанымын зерттеуде біршама атқарылғанымен ұсынылып отырған бұл еңбекте ақын дүниетанымы алғаш рет тарихи - философиялық талдаудан өткізілді.
О. А. Сегізбаев «Казахская философия XV начала XX века» деп аталатын көлемді еңбегінде Шал ақынның дүниетанымына баға беріп, оның шығармаларында қойылған философиялық мәселелердің сипатын анықтайды. Бұл ақын шығармашылығына жан-жақты баға берілген бірден-бір еңбек. О. А. Сегізбаев орыс тілді маман болғандықтан Шал ақынның ойлау мәдениетіне тереңірек бойлау қиын болғандығы сөзсіз.
С. Ақатай Шал ақын туралы арнайы еңбек жазбағанмен, 1985 жылы «Білім және еңбек» журналында «Асан Қайғыдан Абайға дейін» деген проблемалық мақала жариялаған. Осы қысқа да нұсқа еңбектің негізгі идеялары Шал ақынға да қатысты.
Өйткені ғалым халықтың тұнып тұрған тарихи тұтасқан поэзиясын игеруіміз қалай, - деп заңды сұрақ қойып, оған шығармаларымызға эпиграф ретінде қолдану мен жаттап алып, таңдай қағудан басқа қомақты жұмысты тындырмағанымызды орынды еске салады [10, 22 б. ] . Бұл пікір бұдан жиырма жыл бұрын айтылса да әлі де өзінің құндылығын жойған жоқ.
«Жаттау дұрыс ақ, бірақ ол рухани қазынаны игерудің ең оңай механикалық жолы. Ал түбегейлі игеру көне мұрамыздың ұғымдық ой жүйесіне бойлай кірумен, ол жүйеге бүгінгі сана деңгейімізді дәлдеп тоғысып, байытып отыруымызбен байланысты.
Бұл әрине, игерудің өте қиын жағы. Мұра бай болғанымен қазіргі мәдени процесімізге етене кірмеген соң қосалқы, дербес, оқшау қозғалыссыз, «ой» байлық қасиетінен жаңылмайды. Мұра мұндайда ұлт шекпенінде жарқырауық әшекей функциясын ғана атқармақ» [10, 22 б. ] деп орынды атап көрсеткен.
С. Ақатай ерекше көңіл бөлген мұраның ұғымдық ой жүйесіне бойлау-қазіргі уақыттағы ең маңызды мәселе. Жоғарыда біз атап көрсеткендей, көптеген мұра жарық көруде.
Ал оны түсіндіріп, қазіргі ұрпақтың рухани дүниесінің пәрменді факторына айналдыру-кезек күттірмейтін маңызды қоғамдық шара. Қазіргі терең қанат жайған ақпарат құралдары арқылы берілетін көпжақты, әр түрлі сарындағы хабарлардың экспансиясына душар болып отырған жас ұрпаққа ұлттың өскелең, берері мол құнарлы рухани тәжірибесін ұсыну бірден - бір қажеттілік.
Зерттеу жұмысының нысаны. Шал ақын дүниетанымының біртұтастығын анықтап, оның философиялық астарын негіздеу. Зерттеу жұмысының пәні - Шал ақын шығармаларына талдау жасап, оның ұғымдық жүйесіне бойлап, ақынның философиялық көзқарасын анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің бастапқы мақсаты қазақ философиясындағы Шал ақынның дүниетанымын тарихи - философиялық тұрғыдан зерттеп, тұжырым жасау. Шал ақынның ойлау мәдениетінің ерекшелігіне, оның дүниетанымдық түсінік үлгілеріне талдау жасау ғылыми еңбектің басымдылық танытатын бағдарларының бірі болып табылады. Осы кешенді мақсаттан мынадай негізгі міндеттер туындайды:
- Шал ақынның дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- Шал ақын шығармашылығының тарихи және теориялық көздерін көрсету;
- Шал ақын ұстанған негізгі идеалдарға сараптама жасау;
- Шал ақын шығармаларындағы адам мәселесінің қойылу ерекшеліктерін сараптау;
- Ойшыл ақынның геронтологиялық ізденістеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беру;
- Ақын шығармашылығындағы өмір мен өлім мәселелерінің қойылуын сипаттау;
- Шал ақынның этикалық ұғымдарының мәнін ашу;
- Ақын шығармашылығынан туындайтын ұлағаттар мен өнегенің тәрбиелік мәніне назар аударып, олардың мәңгілік сипатын негіздеу.
Біз арнайы бөліп көрсеткен міндеттер ауқымы өте кең, мұның өзі Шал ақынның дүниетанымының философиялық сипатының ауқымдылығын дәлелдейді.
Оның әдебиет пен көркем сөз аясынан шығып, көсем сөз, даналық сөз деңгейіне көтерілген ақын болғандығы ешбір шүбә келтірмейді.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеудің нысаны ақын шығармашылығы, мұның өзі белгілі қиындықтар туғызады. Өйткені ақын болумен философиялық туынды жасаудың арасы жер мен көктей. Жақсы ақын философ, ал философтың ақын болуы шарт емес. Бұлардың әрқайсысы ойлау мәдениетінің ерекше қабаттары, өзіндік жолы мен қисын бар қабаттар. Бірақ бұл екеуін де өзара біріктіретін құдыретті күш-адамның ойлау қабілеті. Өйткені ақын болу да ойлауды қажет етеді, бірақ ол ерекше ойлау, көркем сөзді қиыстыру, сөзден сөз туғызу, сөз құдыретін, стихиясын, тылсым табиғатын игеру. Ал философ белгілі бір сарында сөз жүйелейді, яғни ұғым дәрежесіне көтерілген сөз арқылы ойланады.
Егер осындай методологиялық өлшем тұрғысынан келсек, Шал ақын-ойшыл, көркем сөз бен ойлы сөздің мәйегін бойына бірдей сіңірген дарын иесі. Өйткені ол сөз бен ойдың, ақыл мен сезімнің өзара байланысына мән беріп, дүниені танудағы ақыл мен сезімнің ролін, маңызын анықтайды. Жалпы ойлау мәселесіне қатысты объективтілік, қайшылықтық, даму мен байланыс, анықтылық, жүйелік сияқты принциптердің бәрі де есепке алынды.
Сонымен қатар, Шал ақын дәстүрлі қазақ философиясының көрнекті өкілі ретінде қаралып отырғандықтан, оның дүниетанымына қазақ философиясының ерекшеліктеріне байланысты теориялық ұстанымдар мен методологиялық өлшемдердің бәрі де қатысты деп есептейміз.
Қазақ философиясы жалпы философия тарихына қатысты феномен болғандықтан оны зерттеуде мынадай принциптер қолданылады:
- тарихилық пен логикалық зерттеу;
- тарихилық принципі;
- салыстыру принципі.
Осы принциптер де Шал ақын шығармашылығын талдауға септігін тигізді. Сонымен қатар соңғы 10-15 жылдардағы Қазақстан ғалымдарының еңбектері кеңінен пайдаланылды. А. Х. Қасымжановтың [11, 62-69 бб. ], Ж. М. Абдильдиннің [12, 199 б. ], А. Нысанбаевтың [13, 98 б. ], Д. Кішібековтің [14, 48 б. ], Ғ. Есімнің [15, 98 б. ], Қ. Нұрланованың [3, 48 б. ], Ж. Алтаевтың [16, 41-43 бб. ], А. Қасабектің [17, 172 б. ], Т. Ғабитовтың [18, 203 б. ], Ж. Молдабековтың [19, 21 б. ], М. Орынбековтың [20, 208 б. ], Б. Нұржановтың [21, 9-11 бб. ], Т. Рысқалиевтың [22, 240 б. ], С. Е. Нұрмұратовтың [23, 180 б. ], А. Тайжанұлының [24, 304 б. ], Н. Р. Мұсаеваның [25, 36 б. ], Г. К. Айтказинның [26, 44 б. ], Д. Раевтың [27, 54 б. ], Г. Нұрышеваның [28, 54 б. ], Нысанбаева Г. [29, 48-51 бб. ], Біржанұлы Х. [30, 5 б. ], Баязитұлы Қ. [31, 85-87 бб. ], Әсіпұлы С. [32, 53-56 бб. ], Сыдықұлы Қ. [33, 124-136 бб. ], Рахманқұл Б. [34, 132-148 бб. ] қазақтың ойлау мәдениетінің ерекшеліктерін сараптаудағы ізденістері мен ой-тұжырымдары осы зерттеуге негіз, бастау болды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ең басты жаңалығы Шал ақын дүниетанымын тарихи - философиялық талдаудан өткізу болып табылады. Шал ақын поэтикалық сөз өнерінің мүмкіндігін жан-жақты пайдалана отырып, біртұтас, жүйелі, ізгілікті тарихи тамыры терең, тәжірибесі мен ұлағаты мол шығармаларды дүниеге әкелді. Оның дүниетанымы объективтілікпен, синкреттілікпен, оптимистік жасампаздықпен сипатталады.
Диссертацияда Шал Күлекеұлы дүниетанымына әсер еткен отбасылық, мәдени-тарихи жағдайлар, сол дәуірдегі маңызды оқиғалар баяндалды. Мұның өзі мынадай ғылыми нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- Шал ақынның өзі және өзін қоршаған табиғи - әлеуметтік орта туралы толғаныстары жан-жақты сарапталып, оның онтологиялық ілімінің сипаты нақтыланды;
- Шал ақын шығармашылығындағы адам болмысы туралы қомақты мұраға тарихи-философиялық талдау жасалып, негізгі ұстанымдар айқындалды;
- Ойшыл, парасатты ақын адам тәні мен жанында болатын күрделі өзгерістерді аса үлкен көрегендікпен зерделегендіктен, өзіндік ерекшелігі бар геронтологиялық ой-тұжырымдарды жасай алды
- Ұлт тәрбиешісі дәрежесіне көтеріле алған ақын халықтың жасампаз болашағын әруақытта бірқалыпта ұстап, ділі мен дінін сақтауға жәрдемдесетін адамшылық қағидаларының белгілі жүйесін ұсынды.
- Қазақ халқының болмысынан туындап отыратын талаптар деңгейіндегі әйел сипатына айрықша көңіл бөлді және тәрбиелі, іскер, ұлт, отбасы, ізгілік ұйытқысы болатын ұстанымдарды ұсынды.
Диссертациялық ізденістің жаңалық деңгейі зерттеу тақырыбының және оның тұжырымдары мен қорытындыларының тың болуында, философиялық әдебиеттерде талдаудың нысаны болмаған шығармаларға назар аударылуында, ғылыми көпшіліктің назарынан тыс қалған ұғымдар мен сөз тіркестерінің сарапталуында, ақын дүниетанымының сипатталуында, ақын ерекше мән берген мәселелердің баяндалуында және оның творчествосы мен осы заман арасындағы рухани байланыс пен үндестіктің анықталуында көрініс тапқан.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен қағидалар.
1. Шал ақын шығармашылығында болмыс, оның түрлері мен табиғаты, даму, өркендеу, пайда болу мен құрдымға кету туралы терең толғаныстар, яғни дүниетанымында жүйелі онтологиялық ізденістер бар.
2. Шал ақын шығармашылығындағы адам болмысы, табиғаты және жас ерекшеліктеріне байланысты сапалық өзгерістері баяндалады және олардың өзіндік сипаты айқындалады. Осы тұрғыдан ақынды Қазақстандағы психология ғылымының маңызды бір саласы-жас мөлшері психологиясына негізін қомақты үлес қосты деп бағалауға толық негіз бар.
3. Шал ақын адамның қартаю процесіне жан-жақты талдау жасап, геронтологиялық мәселелердің зерттелуіне қомақты үлес қосты.
4. Шал ақын жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, қадір-қасиет, көңіл, сыйластық, сабыр, қанағат, достық, махаббат, бірлік, ынтымақ ұғымдарын жан-жақты талдап, өзіндік жүйесі бар этикалық ілімді жасады.
5. Шал ақын әйел болмысын да жан-жақты қарастырып, бұл мәселеге де өзіндік үлес қосты.
Зерттеудің теориялық және ғылыми-практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында қол жеткізген нәтижелер ақын-жыраулар мен билер шығармашылығын философиялық тұрғыдан талдау жұмысына рухани тірек болатыны сөзсіз. Жалпы осы сарындағы ізденістер өте қажет және олардың қатары одан әрі көбейе беру заңды үрдіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz