Жол бетонның сапасын технологиялық және климаттық факторларын ескере отырып басқару


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ӘОЖ 666. 972. 5 қолжазба құқығында
САРСЕНБАЕВ БАҒДАТ БАҚТИЯРҰЛЫ
ЖОЛ БЕТОННЫҢ САПАСЫН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП БАСҚАРУ
6N0729 «Құрылыс»
Құрылыс магистрі академиялық дәрежесіне ізденудегі магистірлік диссертация
Ғылыми жетекші:т. ғ. к. Мамыркулов М. Ы.
Қазақстан Республикасы
Шымкент
2007жыл
РЕФЕРАТ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1-ТАРАУ. Бетон толтырғыштарға қойылатын стандарттық
талаптар . . .
1. 1. Бетон толтырғыштарының стандартты және технологиялық
сипаттамалары . . .
2-ТАРАУ. Әсер етуші факторларды ескере отырып бетон қасиеттерін басқару . . .
1. 1. Бетон қасиеттерін анықтау . . .
3-ТАРАУ. Бетон құрамына талаптарды техника - экономикалық және технологиялық талдау . . .
3. 1. Тапсырманың технологиялық талдау . . .
3. 2. Бетон араласпасының компоненттерін таңдау және
негіздеу . . .
3. 2. 1. Цементті таңдау . . .
3. 2. 2. Ірі толтырғыштарды таңдау . . .
3. 2. 3. Құмды таңдау . . .
3. 2. 4. Бетон құрамының есебі . . .
3. 2. 5. Бетон құрамын алгоритм тәсілімен есептеу . . .
4-ТАРАУ. Тығыз құрылым қалыптасуының теориялық
негізі . . .
4. 1. Жалпы талаптар . . .
4. 2. Оңтайлы құрылымының қалыптасуы . . .
4. 3. Гексогональды призмалық құрылым . . .
4. 3. 1. Кубтық құрылым . . .
5-ТАРАУ. Теориялық есептерді бетонның басқа түрлеріне
қолдану . . .
5. 1. Бұйымдар мен конструкциялар құрылысындағы бетондар
5. 2. Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі . . .
5. 3. Жобалық қуаттылығы және өнімділік бағдарламасы . . .
5. 4. Минералды тұтқыр негізінде жасалынған жылуоқшаулағыш және конструктивті жылуоқшаулағыш материалдар
(автоклавты емес) . . .
5. 5. Түрі мен қасиеттері. Шикі зат материалдар . . .
5. 6. Ұялы бетондарды өндіру кезіндегі өтетін процесстер . . .
5. 7. Эффективті көбікбетон материалдарының құрылым ерекшелігі және алуының технологияның негізі . . .
5. 8. Көбікбетонның пайда болуы туралы қысқаша тарихи
мағлұмат . . .
5. 9. Ұялы бетондардын түрі . . .
5. 10. Шикі зат материалдары . . .
5. 11. Автоклавты емес көбікбетоннан жасалған бұйымдарды өндіру . . .
5. 12. Көбікбетонның құрамын таңдау . . .
5. 13. Су цемент қатынасын анықтау . . .
5. 14. Ұялыбетондардың қолданылуы . . .
6-ТАРАУ. Технологиялық бөлім . . .
6. 1. Көбікбетонды өндіру тәсілін технико экономикалық негіздеу . . . 6. 2. Көбікті бетонды өндірудің технологиялық нобайы . . .
6. 3. Көбікбетон мен цемент-құм араласпаларының және де басқа материалдардың техникалық сипаттамалары . . .
6. 4. Автоклавты емес көбікбетоннан жасалған бұйымдарды өндіру . . .
6. 5. Қондырғы-құралдар мен ғимараттардың техникалық
сипаттамасы.
7-ТАРАУ. Техникалық бақылау . . .
7 . 1. Бұйымды дайындау процесіндегі сапа бақылауы . . .
7. 2. Дайын өнімнің сапа бақылауы . . .
7. 3. Дайын өнімнің маркировкасы және құжаттандырылуы . . .
7. 4. Бетонтаратқыш.
7. 5. Қондырғы-құралдар мен ғимараттардың техникалық
сипаттамасы.
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. Бетон толтырғыштарға қойылатын стандарттық
талаптар
1. 1. Бетон толтырғыштарының стандартты және технологиялық сипаттамалары
Бетонда 80% орынды толтырғыштар алады және толтырғыштар бетонның сапасына, ұзақ мерзімділігіне, құрамына және құнына елеулі әсер етеді.
Бетонға толтырғыштар қоса отырып оның құрамындағы ең қымбат және тапшы компонент цемент шығынын азайтуға болады. Сонымен қатар толтырғыштар бетонның техникалық қасйетін жақсартады. Жоғары төзімді толтырғыштардан жасалған қатты қаңқаның бірнеше есе түр өзгеруге қарсы төзімділігі артады. Сонымен қатар конструкцияға салмақ түскендегі түр өзгеруін кемітеді және бетонның жорғалап жүру, сондай-ақ ұзақ мерзімді салмақ түсу салдарынан болатын қайтымсыз түр өзгеруді де азайтады. Толтырғыш бетон отыруын азайтады. Цемент тасы қатқан кезде шамамен 1-2мм/м-ге шейін отырады. Бетонның біркелкі отырғызылмауынан ішкі күштердің әсерінен микра шелдер пайда болады. Толтырғыштар осы ішкі күштенуді азайтады және бірнеше есе цемент тасына қарағанда отыру процесін азайтады.
Ұсақ саңлаулы және жасанды толтырғыштар аз көлемді салмаққа ие бола отырып бетонның көлемдік салмағын азайтады және жылу техникалық құрамын жақсартады. Арнайы бетондарда (ыстыққа төзімді, радиациядан қорғау т. б) толтырғыштардың рөлі өте жоғары, себебі құрамы көп жағдайда бетонның арнайы құрамын анықтайды.
Силикатты бетондарда толтырғыш негізгі қолдануынан бөлек, оның түйнектері біріктіргіш затпен байланысады, бұл оның минералды құрамы мен үлестік беткейінен алынатын бетонның құрамына ықпалын тйгізеді.
Бетонды және темірбетонды конструкциялардың бағасына қарағанда толтырғыш бағасы 30-50% құрайды. Толтырғышты қолдану оңай, әрі ол арзан, бұл құрылыстың бағасын төмендетуге ықпал етеді. Транспорттың тасмалдауының көлемін азайтады, құрылысты тез аяқтауға болады.
Бетон технологиясының басты міндеті - бетон үшін дұрыс толтырғыш таңдау.
Бетонда ірі және майда толтырғыштар қолданады. Түйнектерді 5мм-ден ірі болатын ірі толтырғыштарды ірі құм мен ұсақталған тасқа бөледі: малта толтырғыштар, жасанды және табиғи құм.
Толтырғыштар бетон құрамына әсер ететініне байланысты, оларға қойылатын талаптар бар. Толтырғыш әр түрлі түйіршіктерден тұрады, яғни ол түйіршікті материал болып табылады. Бетонның құрамына толтырғыштың түйіршікті құрамы, тұрақтылығы және тазалығы әсер етеді.
Түйіршікті құрам толтырғыштағы түйіршіктердің әр түрлі іріліктерін көрсетеді. Оны үлкендігі 0, 14 мм-ден 70 мм-ге дейінгі тесіктері бар стандартты електерден өткізу арқылы анықтайды. Құрамында әр түрлі түйіршіктері бар қатарлы толтырғыш және түйіршіктерінің өлшемдері бір-біріне жақын (мысалы:5-10мм және 20-40мм) жеке фракцияларға бөлінген, фракциялы толтырғыштар болады. Толтырғыштар өлшемдеріне байланысты ең майда және ең ірі түйіршікті болып бөлінеді. Тұрақты көрсеткішпен бөлек толтырғыштарда өте майда және өте ірі түйіршіктер болуы мүмкін, бірақ олар 5% құрау керек. Толтырғыштың құрамында өте майда түйіршіктен өте ірі түйіршікке дейін болса оны түйіршікті құрамды үздіксіз деп атайды. Егер толтырғыштың құрамында түйіршіктің белгілі бір аралық өлшемі жоқ болса, бұндай түйіршікті құрамды үзілмелі деп атайды.
Толтырғыштың оптимальді түйіршік құрамына арналған ұсыныстар бар. Көп зерттеушілер толтырғыштың үздіксіз түйіршікті құрамын қолдануды дұрыс көреді. Ал үзілмелі түйіршікті құрамды қолданғанда орталық фракциялы өлшемдері болмағанда, майда түйіршіктердің ірі түйіршіктер арасында қймылдауы шектеледі, сол үшін бетонды қоспаның нақты бір қимылын алу үшін, түйіршіктерді сылау үшін цементті қалың қылып жағу керек. Бұл түйіршіктерді сылау үшін цементті қалың қылып жағу керек. Бұл түйіршіктерді сылау үшін цементті көп жаратуды қажет етеді. Үзілмелі түйіршікті құрамы бар толтырғыштар қабаттарға бөлінеді, бұл бетонның біртекті болуына септігін тйгізеді. Үздіксіз түйіршікті құрамы бар толтырғыштарды алу үшін әртүрлі « идеалды » жанама өткізулер ұсынылды. Өйткені бір уақытта минимальді көлемді кеңістікті және түйіршіктердің өте аз үлестік беткейінің қоспасын алу мүмкін емес. Идеалді жанама өткізу кеңістіктердің аз болуына және түйіршіктердің беткейін сылауда аз цемент жұмсалуы үшін, бетонды қоспаның қозғалмалы болуы үшін және бетонның мықты болуына әсерін тигізеді. Идеалды жанама арқылы түйіршіктердің әр түрлі өлшемдерінің қатынастарын таңдау арқылы едәуір қозғалмалы қоспа алуға, цементті аз жұмсауға болады және бұл жағдайда бетонның қабаттануы көп болмайды.
Идеалды жанаманың мысалы ретінде жанама өткізу болып табылады. Фуллер және Боломей ұсынған теңестіру.
Y=K ф +(100-К ф ) х/D пр
Мұнда, K ф - пішін коэффиценті, K ф =8-14; х-нақты фракция түйіршіктерінің өлшемдері, D пр -толтырғыштың шеткі өлшем ірілігі.
Тәжірибеде толтырғыштың дәл құрамын таңдауда идеалды қисық бойынша құм мен шағылды қосымша електен өткізу операциясын қажет етеді. Малта фракциясының жеке бөлігі артық болып қалуы мүмкін, ал өзге фракцияларды толықтыру үшін кейде қосымша ұсықтау қажет. Сол себептен бұл әдіс тәжірибеде кеңінен қолданылмайды.
Құрылыс объектісінде немесе зауытта темірбетонға құрамы арнайы түйіршіктерден тұратын толтырғыштар таңдайды, жақсы құм және шағал қолдана отырып олардың фракцияларын орнатады, түйіршік қисығын идеал қисығына мүмкіндігінше жақындатады, алайда бір-біріне айнытпай ұқсату қажет емес. Үлкен емес ауытқулар жіберіледі. Түйіршіктердің кейбір нашар бөлігі оңай өтеледі немесе өте аз мөлшерде цемент
құрамын арттырады, немесе өте тиімдісі бетон қоспасын тығыздау және осы орайда технологиясында елеулі жеңілдікке және бетон құнының төмендеуіне қол жеткізуге болады. Сол себепті ГОСТ және ТУ-да әрқашан бір емес бірнеше түйіршікті құрам ұсынылады, ал жеке бір фракцияға байланысты балгілі бір айырмашылығы болады, қоспа құрамындағы толтырғыштардың елеулі нашарлауы байқалған емес.
Бетонның құрамына байланысты толтырғыштың дұрыс таңдалған түйіршіктері немесе құм мен шағалдың қатнасы анықталады, сондай-ақ су мен цемент мөлшерін ескере отырып. Төмен және орта маркалы бетонның цемент шығыны 200-300 кг/м 3 - болғанда бетон қоспасының қозғалмалылығына түйіршіктер өте жақсы көрсеткішке ие. Жоғары сапалы берік бетонда цемент шығыны жоғары соған байланысты құм немесе майда фракциялы толтырғыштарды бүкіл көлемнен бір шама азайтады.
Түйіршіктің құрамы толтырғыштың кеуектілігіне, тығыз отырғызылу мүмкіндігіне байланысты анықталады. Түйіршіктің пішіні кеуектілігіне әсер етеді. Кеуектілік толтырғыштың маңызды мінездемесі болып табылады, себебі белгілі мөлшерде цемент шығынын (қаншалықты кеуектілік көп болса, соншалықты бос орынды толықтыруға цементті көп қажет етеді) және бетонның басқа қасиетін анықтайды.
Толтырғыштардың теориалық бос орындарының көлемі оның түйіршіктерінің үлкендігіне байланысты емес. Өзімізге барлық түйіршіктер өлшемге ие деп елестетейік, және жеке текшеге қатар бойынша немесе шахматты жинақтылықпен орнатайық. Бірінші жағдайда шарлардың сандары, кубтың бір беткейіне орнатылған, құрайды n=1/d, бүкіл көлемдегі шарлардың жиынтығы N=n 3 =1/d 3 , ал бүкіл шарлардың көлемі
V ш =Nπd 3 /6=π/6
Демек, кеуектің көлемі шардың диаметріне байланысты емес және мынаған тең
V п =1-π/6=1-3. 14/6=0. 476
Сәйкесінше шарлардың (көбірек тығыз) шахматты орналасуынан аламыз:
n 1 =1/h=2/d 3
N 1 =nn 1 2 ==1/d(2/d 3) 2 =4/3d 3
V ш =N 1 πd 3 /6=2π/9=0. 7; V п =0, 3
Түйіршіктердің пішіні кеуектіліктің көлеміне белгілі бір әсерін тйгізеді. (кесте. 1, 1. )
Түйіршіктердің пішініне байланысты қуыстылығы (%)
1. 1. кесте
Ең көп
тығыздық
Ең аз
тығыздық
Орта
тығыздық
Куб
Октаэдр
Додекаэдр
Икосаэдр
Шар
0
12, 2
14, 1
10, 8
26, 2
87, 1
83, 9
60, 7
59, 9
47, 6
43, 55
48, 05
37, 40
35, 10
36, 90
Толтырғыштардың бөлек фракцияларының салыстырмалы бетінің есебі .
1. 2. кесте

20-10
10-5
2, 5-5
2, 5-1, 2
1, 2-0, 6
0, 6-0, 3
0, 3-0, 15
0, 15тен аз
Тозаңды майда бөлшектер
Тұнба бөлшектер
Саз балшықты майда бөлшектер
10-20
5-10
2, 5-5
2, 5-1, 2
1, 2-0, 6
0, 6-0, 3
0, 3-0, 15
0-0, 15
0, 05-0, 15
0, 005-0, 05
0, 005тен аз
0, 4
0, 8
1, 6
3, 25
6, 67
13, 33
26, 67
80
160
218
2400
Шындығында ең тығыз және ең тығыз емес отырғызулар аз болуы мүмкін және тәжірибеде салу аралық жүйесінде орын алады және, демек, орташа кеуектілік, нығыздау дәрежесімен анықталатындар да. Түйіршіктердің бұрыштылығының өсуінен болуы мүмкін кеуектіліктер өседі. Әсіресе кеуектілік пішіні ұзартылған түйіршіктерді қолданғанда өседі ( инелілерді, табандыларды) .
Егерде толтырғыш құрамы пішіндері әр түрлі түйіршіктерден тұратын болса, онда әр түрлі пішінді түйіршіктердің артуына байланысты кеуектілік азаяды, және сурет 1, 1-те келтірілген мәліметтер растайды.
Біріктірген кезде әр түрлі түйіршіктердің ірі түйіршіктерінің арасындағы
бос орындарға майда түйіршіктер орналасып кеуектілігін азайтады.
Сурет 1. 1. Толтырғыш түйіршіктері Сурет 1. 2. Араласпа кеуектілік көлемінің формасының ірі және майда толтырғыштардың мөлшеріне тәуелділігі. (%)
кеуектілікке әсері.
Егерде екі фракциядан тұратын түйіршіктер болса, мөлшерлеріне байланысты елеулі өзгешеліктер болса, онда оларды араластырғанда әр түрлі мінез көрсетеді және сурет 1, 2-те келтірілген.
Белгілердің аттары: V п -кеуектіліктің көлемі; V з -толтырғыштың түйіршіктерінің абсолюттік көлемі; V= V п + V з - араласпаның толық көлемі; П от = V п /V- салыстырмалы мөлшердегі кеуектілік; П а =V п /V- толтырғыштардың түйіршіктерінің абсолюттік көлеміне кеуектіліктің қатынасы.
Ірі толтырғыштардың бос аумақтарын майда фракциялы түйіршіктермен толтырғанда кеуектілік мына формулаға байланысты азаяды
V п =П а. к V з. к - V з. м =П от. к V- V з. м. (1, 2)
Майда фракциялы түйіршіктерге ірі түйіршіктерді араластырғанда және оның көлемінің бір бөлігінің орнын қуыстары жоқ соңғы аталған фракция басқанда, толтырғыштың кеуектілігі мынаған сәйкес анықталады
V п2 = П а. м V з. м = П от. м (V-V з. к ) . (1, 3)
Формула (1, 2) мына шартта қолданады V м <П а. к V з. к , егер майда фракцияның көлемі ірі фракцияның кеуектілік көлемінен асып кетпегенде. Формула (1, 3) шарты нақты егер V м >П а. к V з. к , ірі фракцияның кеуектілік көлемімен салыстырғанда құм артық болса. Теория жүзінде кеуектіліктің ең аз көлемін мына формуламен анықтауға болады
V п min =П от. м П от. к V
Нақты минималды кеуектіліктің көлемі V п min әр қашан бірнешеге артық, ал тәжірибеде түйіршіктерді идеалды таратуға қол жеткізу мүмкін емес.
Егерде араласқан түйіршіктердің фракциясының өлшемінің айырмашылығы үлкен емес болса, онда майда түйіршіктердің мөлшері, ірі түйіршікткрдің арасындағы кеуектілікке қарағанда көбірек, және майда түйіршіктер, бос орынға симай, ірі толтырғыштарды біраз ығыстырады. Қортындысында бүкіл қоспаның кеуектілігі азайып қана қоймай ұлғаюы мүмкін. Екі фракциядан нәтижелі аса тығыз қоспа алу үшін, бірші фракцияның мөлшері екінші фракцияның мөлшерінен 6, 5 есе аз болуға
тиіс (ірі толтырғышты құм мен араластырғанда) . Брақта үлкен таралуға ие болған толтырғыш толасыз түйіршікті толтырғыш, жоғары кеуектілікке ие болғанымен, қабаттануға азрақ бейімді және тәжірибеде жиі кездеседі.
Толтырғыш кеуектілігі 20-дан 50% аралығында болады. Мүмкіндігінше бетонда бірнеше фракциялы және аса аз кеуектілікке ие толтырғышты қолданған жөн.
Шағал мен құмның арасындағы қатынасы (қиыршық таспен), соның арқасында минималды кеуектілікті алынады, бағдарлап анықтауға, және ірі түйіршікті толтырғыштардың арасын құм толығымен толтыратынын болжауға болады. Онда
П/γ п = П от. щ Щα/γ щ
Ондағы П, Щ-құм мен шағал шығыны; α- қозғалу коэффициенті; П от. щ -шағалдың салыстырмалы кеуектілігі; γ п , γ щ -құм мен шағалдың көлемдік салмағы.
Құм мен шағалдың кеуектілігін анықтау оңай, егер материалдың тығыздығын білсек немесе шағалдың көлемдік салмағын немесе қиыршық тасты бөлшектеп γ ' (ұсақ саңлаулы шағал немесе қиыршық тас) және үйінді көлемінің салмағын γ н :
П от =ρ-γ н /ρ=1-γ н /ρ
П ор = γ ' - γ н / γ ' =1- γ н/ γ '
Негізгі көп сынақтарды қабылдап α=1, 1, аламыз
П/Щ= П ор γ п 1, 1/γ щ
.
Бірақта қоспаның минимальді кеуектілігі әр қашан бетонға үйлесімді емес, өйткені дұрыс таңдалған құм мен шағалдың арасындағы қатынасына цемент және судың шығынын көбейту қажет.
Цементті көп шығындағанда құмның кеуектілігін толтырып қана қоймай, сондай-ақ оған қосымша көлем қысқартылған құмның орнына, өйткені осы жағдайда ботон қоспасының қозғалтқыштығын жақсарады.
Технологиялық есептеулерде кейде шағал кеуектілігін есептеп қана қоймай, сондай-ақ матариалдың бүкіл ұсақ тесіктілігін р (түйіршіктердің арасындағы бос орын көлемі шағал мен қиыршық тас бетіндегі ұсақ тесіктер мен қоса) есептеу. Сол үшін мына формуланы қолданады
р= 1-γ н /ρ
немесе
р =(1- γ н /ρ) 100%
түйіршікті толтырғыштардың ұсақ тесіктілігін мына формуламен табады
р =1- γ ' /ρ
немесе
р =(1- γ ' /ρ) 100%
мұндағы, γ ' - толтырғыштың көлемдік салмағы кесектегенде.
Толтырғыштың басты мінездемесі, оның түйіршікті құрамы және бетон қасиетін оның анықтағыштық әсері және бетон қоспасы мен байланыстылығы, түйіршікті толтырғыштардың салыстырмалы беті болып
табылады.
Сәйкесінше қатармен орналастырған шарлардың түйіршік бетінің жиынтығы, бекітілген көлем бірлігінде, құрайды.
S=Nπd 2 =1/d 3 ∙πd 2 =π/d
Осы арадан бастап, түйіршіктердің беттері түйіршіктің диаметрне пропорциянал өңделген. Түйіршіктердің мөлшері азайғаны мен олардың беті өседі. Бұрыштылау түйіршіктер көп болса салыстырмалы беті бірнешеге өседі. Тап осылар, түйіршіктердің салыстырмалы бетінің кішіреюі олардың есептік өзгеруі (шар тәрізді пішінде) табл 1, 2 келтірілген. Әсіресе диаметрі 1 мм-ден кем емес түйіршіктердің салыстырмалы беті артады.
Толтырғыштың салыстырмалы беті А. С. Ладинскидің формуласының бағытымен анықталуы мүмкін:
S з =16. 5k ф /1000(a+2b+4c+8d+16e+32f)
Мұндағы: k ф - коэффициент, түйіршіктердің пішінін және толтырғыштардың басқа да ерекшеліктерін ескеретін; В. М. Москвиннің берілгенімен, k ф =1, 5-2, 5; a, b, c, d, e, f - сәйкесінше електің тесігінің мөлшері 2, 5; 1, 25; 0, 63; 0, 315; 0, 14 мм-дегі жеке қалдықтар және толтырғыштың саны, електің 0, 14мм тесігінен өткендер.
Шағалдың салыстырмалы бетін анықтағанда жеке қалдықтар коэффициенті түйіршіктің өлшемінің өсу мөлшері: 5мм-лік електегі жеке қалдық - коэффициенті 2; 10, 20, 30мм-лік електегі жеке қалдық - сәйкесінше 4, 8, 16.
Құралдар бар, салыстырмалы бетті тікелей тәжірибелік жол мен анықтауға мүмкіндік беретін, бірақ, бір материалды әр түрлі әдіспен толтырғыштың бідей емес мөшердегі салыстырмалы беті аламыз. Сол себепті толтырғыштардың салыстырмалы беттерін әр түрлі түйіршіктермен салыстырғанда қандайда бір әдісті қолданып анықтау қажет.
Табиғи салыстырмалы беттің орташа түйіршіліктігі құм шамамен 50-ден 100см 2 /г аралығында болады.
Бүтін бетон алу үшін, цемент қамыры құм түйіршіктерінің арасындағы бос орынды толтырып қана қоймай, сондай-ақ түйіршіктерді әдейі қозғалтып олардың арасында цемент жолағының пада болуын көздейміз. Осыған тәріздес қабықшаны алу үшін жұмсалатын цемент шығыны толтырғыштың салыстырмалы бетіне байланысты, өседі егер де түйіршіктердің мөлшері азайса. Нәтижесінде толтырғыштың салыстырмалы бетін арттырғанда не бетон қоспасының техникалық жапысқақтығын артады, не белгілі бір қаттылық алады немесе қоспаның қозғалмалылығын арттыру үшін су шығынын арттырады және сәйкесті цемент шығыныда, берілген бетон беріктігін қамтамасыз етіп алу үшін.
Толтырғыштардың бөлек фракцияларының салыстырмалы бетінің есебі.
1. 2. кесте

20-10
10-5
2, 5-5
2, 5-1, 2
1, 2-0, 6
0, 6-0, 3
0, 3-0, 15
0, 15тен аз
Тозаңды майда бөлшектер
Тұнба бөлшектер
Саз балшықты майда бөлшектер
10-20
5-10
2, 5-5
2, 5-1, 2
1, 2-0, 6
0, 6-0, 3
0, 3-0, 15
0-0, 15
0, 05-0, 15
0, 005-0, 05
0, 005тен аз
0, 4
0, 8
1, 6
3, 25
6, 67
13, 33
26, 67
80
160
218
2400
Ірі толтырғышқа майданы қосу оның кеуектілігін азайтады, бірақта бір уақытта салыстырмалы бетті арттырады, сол себепті ең жақсысы толтырғыштың бетонға түбегейлі әсерін толтырғышты бетонда тікелей сынап анықтау.
Толтырғыштың беріктілігі тек таулы тұқымның қайсысынан алынғанынан анықталмайды, ол және түйіршігінің ірілігінеде байланысты.
Желдетуде немесе ұсақтауда тұқымның елеулі әлсіз жері қирайды және түйіршіктердің мөлшері кішірейгенсоң олардың беріктілігі артады. Табиғи құм ертінді немесе цемент тасына қарағанда қысу және созылуға төзімді. Берік тау тұқымынан (граниттен, диабаза және т. б. ) алынған ірі толтырғыштар және ертіндінің беріктігі басым болады. Ұсақ саңлаулы толтырғыштың беріктігі ертіндінің беріктігімен тең немесе төмен болуы мүмкін. Бетон беріктілігінің R б ертінді беріктігіне Rр тәуелділігі сурет 1, 1-те көрсетілген.
Сурет 1. 3.
Бетон беріктігінің толтырғыштарды қолданғанда ерітінді беріктігіне тәуелділігі:
1-Жоғары беріктікті гранит; 2 - Орта беріктік; 3 - Әлсіз (керамзитті қиыршық тас) .
Гранитті шағалда бетонның беріктігі, қашан Rз>R б , ертінді беріктігінен бірнеше жоғары. Беріктілігі кемірек ірі толтырғышты бетонға қолдана отырып оның ертінді беріктігін арттырсақ ол белгіленген мәнге дейін өседі және ары қарата ертіндінің беріктігін арттырғаны мен ол бетон беріктігінің артуына алып келмейді. Шектік қол жету беріктігі бетонның сол ғұрлым төмен, егерде ірі толтырғыштың беріктігі төмен болса, және де оның мәні құрамындағы толтырғыш мөлшеріне байланысты, біртіндеп өседі оның санының көбеюімен. Ірі толтырғыштың жеңіл бетон беріктігіне әсерімен қатар оның құрамындағы ұсақ саңлаулы толтырғышты да ескеру керек. Осы жағдайда көлеміне лайықты салмақ алу үшін жеңілді ендіреді, бірақ әлсіз ұсақ саңлаулы толтырғыш. Байқау қажет, ОN сызығының жоғарысында цемент шығынын едәуір үнемдейтін аймақ орналасқан, соны өндірісте мүмкіндігінше қолдану қажет.
Бетонның беріктігіне өте үлкен әсер ететін толтырғыштың тазалығы. Шаңды және әсіресе сазды қоспа толтырғыштың цемент тасымен бірігуіне кедергі келтіретін қабыршақ пайда қылады. Нәтижесінде бетон беріктігі елеулі төмендейді (кейде 30-40%-ға дейін) . Сапасыз немесе таза емес толтырғыштың бетонға деген кері әсерін цементті арттыру жолымен түзету рұқсат етілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz