Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері.
1.1 Жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім беру мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.3 Студенттердің экологиялық білімін дамытудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2 Студенттердің эколгиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың жолдары және экспериментті зерттелуі.
2.1 Студенттердің экологиялық білімін дамытудағы инновациялық технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2.2 Студенттердің экологиялық білімін дамытудың бағдарламалық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
2.3 Студенттердің экологиялық білімін дамытудың экспериментті зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..90
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...101
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..104
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...113
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, өиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарөылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналға экологилық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003 ж) және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген.
Бұл құжаттар экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана жүзеге асатыны баса айтылды.
Олар:
- биосфера тұрақтылығынсақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы;
- адам баласына туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру;
- халық арасында экологиялық пікірталас өткізу.
Орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын, пікірлерін келтіріп өткен. IX-XV ғғ. Қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар Әл-Фараби [1], Ж.Баласағұн [2], Қожа Ахмет Иассауи [3], М.Қашқари [4] және т.б. табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын, біртұтастығын, өзара байланыстылығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып, ұрпақ тәрбиесінің қайнар көздеріне үлкен мән берген.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш.Уалиханов [5], Ы.Алтынсарин [6], А.Құнанбаев [7], қазақтың ұлы зиялылары Ж.Аймауытов [8], А.Байтұрсынов [9], М.Дулатов [10], М.Жұмабаев [11], Ш.Құдайбердиев [12] шығармаларында табиғат құбылыстарын, оның әсем көріністерін «табиғат - адам» қарым-қатынасымен байланыстырып қарастырған.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән беріп, әр қырынан зерттеуде. Мәселен, оның философиялық негізін ТМД ғалымдары (С.С.Аверенцев [13], Э.В.Гирусов [14], М.С.Каган [15], Р.С.Карпинская [16], Д.С.Лихачев [17], Ф.Я.Полинчак [18], Н.Ф.Реймерс [19], И.П.Сафронов [20], К.О.Стошкус [21]), республикамыздың ғалым философтары
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1994. - 115 б.
2. Баласұғын Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1987. – 301 б.
3. Яссауи Қ.А. Ақыл кітабы. – Алматы, 1995. – 262 б.
4. М.Қашқари
5. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1986. – 560-б.
6. Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 201-б.
7. Құнанбаев А. Қара сөздер. –Алматы, 1996. – 67-б.
8. Аймауытов Ж. Шығармалары.- Алматы: Жазушы. 1989.- 120 б.
9. Байтұрсынов А. Тіл-құрал. –Алматы: Рауан, 1998. – 120 б.
10. М.Х.Дулати. Тарих-и-Рашиди. – Алматы: Жалын, 1996. – 327
11. М.Жұмабаев Шығармалар. Т. 2,3. – Алматы: Білім, 1996. – 512 б.
12. Ш.Құдайбердиев
13. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Астана: Елорда, 2006. – 48б.
14. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2004. – Б. 57-72.
15. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995, С. 13.
16. Закон Республики Казахстан «О защите окружающей среды».
17. Карибжанова В.П. Педагогические основы взаимосвязи нравственного и экологического воспитания младших школьников7 Автореф. дис. докт. пед. наук. Алматы, 2001, 47 с.
18. Лигай М.А. Экологическая подготовка преподователя физики в системе непрерывного образования. Дис. докт. пед. наук. Акмола, 1995, 309 с.
19. Мукушева Г.К. Методические основы проведения химических экспериментов экологической направленности на лабораторных занятиях. Дис. канд. Пед. наук. Алматы, 1999, 155 с.
20. Сабденалиева Г.М. Педагогические условия экологического воспитания школьников: Автореф. дис. канд. пед. наук. Алматы, 1998, 24 с.
21. Сарыбеков М.Н. Теория и практика подготовки будущих учителей. Дис. докт. пед. наук. Тараз, 1998.
22. Тлебаева К.Б. Формирование готовности будущих учителей к экологическому образованию школьников: Автореф. дис. канд. пед. наук. Алматы, 2001, 23 с.
23. Рыков Н.А. Экология в школьном обучении: Новый аспект образования, М., 1982, 96 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ – Түрік университеті

ӘОЖ 51.378.172
Қолжазба құқығында

СИХЫМБАЕВА ЖАМИЛЯ СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды
пайдаланудың педагогикалық шарттары

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми
жетекші:

Жолдасбеков А.А.-педагогика

ғылымдарының докторы,
профессор.

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін арттырудағы
инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері.
1.1 Жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім беру мазмұны мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін арттыруда
инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.3 Студенттердің экологиялық білімін дамытудағы инновациялық
технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2 Студенттердің эколгиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды
пайдаланудың жолдары және экспериментті зерттелуі.
2.1 Студенттердің экологиялық білімін дамытудағы инновациялық
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 57
2.2 Студенттердің экологиялық білімін дамытудың бағдарламалық
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...71
2.3 Студенттердің экологиялық білімін дамытудың экспериментті
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..90
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...101
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...104
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..113

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа
жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын
экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі табиғат-қоғам-
адам жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп,
экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен
табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті
өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу
жағдайында өмір сүруі, өиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің
өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарөылысқа түсті, ортаның
ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар
мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен
әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына
айтарлықтай ықпал жасауда.
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің
шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы
білім алуына байланысты. Сондықтан студент жастарға экологиялық білім беру
бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналға экологилық
қауіпсіздік тұжырымдамасында (2003 ж) және Қазақстан Республикасында
көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында,
Білім туралы заңда көрсетілген.
Бұл құжаттар экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана
жүзеге асатыны баса айтылды.
Олар:
- биосфера тұрақтылығынсақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы;
- адам баласына туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру;
- халық арасында экологиялық пікірталас өткізу.
Орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз
көзқарастарын, пікірлерін келтіріп өткен. IX-XV ғғ. Қазақ топырағынан
шыққан ғұлама ғалымдар Әл-Фараби [1], Ж.Баласағұн [2], Қожа Ахмет Иассауи
[3], М.Қашқари [4] және т.б. табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын,
біртұтастығын, өзара байланыстылығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау
ете отырып, ұрпақ тәрбиесінің қайнар көздеріне үлкен мән берген.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш.Уалиханов [5], Ы.Алтынсарин [6],
А.Құнанбаев [7], қазақтың ұлы зиялылары Ж.Аймауытов [8], А.Байтұрсынов [9],
М.Дулатов [10], М.Жұмабаев [11], Ш.Құдайбердиев [12] шығармаларында табиғат
құбылыстарын, оның әсем көріністерін табиғат - адам қарым-қатынасымен
байланыстырып қарастырған.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға философтар, психологтар, педагогтар
ерекше мән беріп, әр қырынан зерттеуде. Мәселен, оның философиялық негізін
ТМД ғалымдары (С.С.Аверенцев [13], Э.В.Гирусов [14], М.С.Каган [15],
Р.С.Карпинская [16], Д.С.Лихачев [17], Ф.Я.Полинчак [18], Н.Ф.Реймерс [19],
И.П.Сафронов [20], К.О.Стошкус [21]), республикамыздың ғалым философтары
(Ақмамбет Ғ.Ғ.[22], Әбділдин Ж.М. [23], Әбішев Қ.Ә. [24], Нысанбаев
Ә.Н.[25], Шалабаева Г.К. [26]), білім мазмұнын, оның ішінде жоғарғы
мектептегі оқытудың дидактикалық негіздерін ғалым педагогтар М.Н.Сарыбеков
[27], К.Иманғалиева [27], Ө.Танабаева [28] еңбектерін атап өтуге болады.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде, атап
айтқанда: Ресейде (Габаев Я.И. [29], Голубец М.А. [30], Дерябо С.Д. [31],
Захлебный А.Н.[32], Иоганзен Б.Г. [33], Кнорре Е.В. [34], Кучер Т.В.[35],
Миронов А.В.[36], Соломина С.Н.[37], Тихонова А.Е.[38],) Өзбекстанда
(Тұрдықұлов Э.А.[39], Хакимов Э.[40]) және Қазақстанда (Аймағанбетова
Қ.[41], Бейсенова Ә.С.[42], Бірмағанбетов Ә.Б.[43], Жатқанбаев Ж.Ж.[44],
Жүнісова К.Ж.[45], Керімов Л.К.[46], Қоянбаев Р.М.[47], Тілеубергенов
С.Т.[48], Торманов Н.Т.[49]) экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық
негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны
айқындалды.
Экологиялық білім беруде жоғары оқу орындары оқытушылары тарапынан
инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан
екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау
мәселелерін зерттеу маңыздылығы К.Ангеловски [50], М.В.Кларин [51],
Н.В.Горбунова [52], В.Я.Ляудис[53], М.М.Поташник [54], С.Д.Поляков [55],
Т.И.Шамова [56], О.Г.Хомерики [57], Н.Р.Юсуфбекова [58] және т.б. көптеген
зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде кейбір ғалымдар
инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік
тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі
деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне
ерекше көңіл аударады.
Инновациялық-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы және өзіндік
ерекшеліктерін В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый [59], А.И.Пригожин [60],
Ю.Н.Кулюткин [61], А.К.Маркова [62], Н.Д.Никандров [63], Я.А.Пономарев,
В.А.Сластенин [64], Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман [65] секілді біршама ғалымдар
зерттеген.
Соңғы жылдары Қазақстандық ғалымдар педагогикалық инновация
мәселесіне ерекше мән беріп (Қ.Қ.Қабдықайыров [66], Ш.Т.Таубаева [67],
С.Н.Лактионова [68], С.А.Көшімбетова [69] және т.б.) әсіресе оқу-тәрбие
үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану туралы
қарастырған.
Алайда бұл еңбектерде жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық
білімдерін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдалану туралы ғылыми
тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген инновациялық
технологиялар арқылы студенттердің экологиялық білімін арттыру мәселесіне
сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл
– жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім беруде инновациялық
технологияларды пайдалануға сұраныстың болуы мен осы салада теориялық және
әдістемелік жолдарын зерттеу арасында және студенттерге экологиялық білім
беру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қарама-қайшылықтар
туындап отыр. Мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және
әдістемелік тұрғыда қажетті деңгейде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық
технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары деп таңдауымызға негіз
болды.
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің экологиялық білімін арттыруда
инновациялық технологияларды пайдалануды теориялық негіздеп, ғылыми
әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орындарындағы оқу процесі.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімін
арттырудағы инновациялық технологияларды қолдану жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындары студенттерінің
экологиялық білімдерін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың
теориялық негізі анықталса, және әдістемелік жолдары ұсынылып, тәжірибеде
тексерілсе, нәтижесі шығарылса, онда инновациялық технологиялардың
студенттердің экологиялық білімдерін арттырудағы орны ерекше болғаны,
өйткені инновациялық технологиялар студенттердің экологиялық білімдерін
арттыруда жаңаша әдіс-тәсілдер рөлін атқарады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімін
инновациялық технологияларды пайдалана отырып арттырудың теориялық негізін
айқындау.
2. Студенттердің экологиялық білімін арттырудағы инновациялық
технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Студенттердің экологиялық білімін арттыру мақсатындағы
инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.
4. Ұсынылатын инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын
тәжірибелік-экспериментте тексеру, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Инновациялық технологияларды пайдалана
отырып студенттердің экологиялық білімін арттыруды жоғары оқу орындарындағы
оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: табиғат, қоғам, ой
дамуының жалпы заңдылықтары, теория мен практикалық диалектикалық бірлігі,
жүйелі-құрылымдық қатынас, философиялық және психологиялық-педагогикалық
тұжырымдамалар, жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы, дамыта оқыту
теориясы, ғалым мен практиканы интеграциялау теориясы т.б.
Зерттеу көздері: зерттеу тақырыбы бойынша философтардың,
психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің ғылыми еңбектері, Қазақстан
Республикалық Білім туралы заңы, ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасы,
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы, жоғары оқу орындарының оқу
жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерді теориялық талдау, жоғары оқу орындарының тәжірибелерін
зерделеу, талдап, қорыту; оқу әдістемелік құжаттарды талдау; жоғары оқу
орындары оқытушыларымен, студенттерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
бақылау, студентердің іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірибелік
эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру,
талдап қорыту, топтау) әдістерін, математикалық статистика әдістерін
пайдалану.
Зерттеудің кезеңдері: зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде (2004-2005 жылдар) – тәжірибелі-ізденіс
жұмыстары жүргізілді; зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық,
психологиялық, философиялық әдебиеттерге және инновациялық білім беру
үдерістеріне қатысты отандық және шетелдік тәжірибелерге жан-жақты талдау
жасалды. Олардың зерттеу мәселемізге байланысты қарама-қайшылықтары
анықталды. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы студенттердің экологиялық білімін арттырудың теориялық негіздері
айқындалды.
Зерттеу екінші кезеңінде: (2005-2006 жылдар) – теориялық-әдістемелік
тұрғыдағы жұмыстары жүргізілді; әдістемелік жұмыс өзінің оң нәтижесін беруі
үшін, жалпы педагогикалық-психологиялық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға
талдау жасау арқылы, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын
талаптарға сәйкес бір жүйеге келтірілген үлгі жасалды. Жасалған үлгінің
тиімділігін және студенттердің білім деңгейлерін анықтау мақсатында арнайы
тексеру жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің үшінші кезеңінде (2006-2008 жылдар) – эксперименталды –
қорытындылау жұмыстары жүргізілді; жүргізілген тәжірибелік-эксперимент
жұмысының нәтижелері анықталып, сандық және сапалық тұрғыда өңделіп,
қорытындыланды. Деректер статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған
әдебиеттер бір жүйеге келтіріліп, диссертациялық жұмыс талап бойынша
дайындалды.
Зерттеу базасы: Тәжірибелі-эксперимент жұмысы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-
дың, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Шымкент
университетінде және Шымкент Әлеуметтік-Педагогикалық университетінде
жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Жоғары оқу орындары студенттеріне экологиялық білім беру мазмұны
мен міндеттері оны арттырудың инновациялық технологияларды
пайдалануға байланысты болатындығы теориялық тұрғыда айқындады.
2. Студенттердің экологиялық білімін арттырудағы инновациялық
технологиялар жоғары оқу орындарында пайдаланудың қазіргі күнгі
сипаты анықталды.
3. Студенттердің экологиялық білімін арттырудың әдістері, жолдары
педагогикалық шарттар ретінде ұсынылды.
4. Студенттердің бойында экологиялық білімдерін арттыру бойынша
экологиялық білімдерін арттыру бойынша пайдаланылған инновациялық
технологиялары тәжірибе-эксперимент арқылы оң нәтиже бергені
анықталып, әдістемелік нұсқаулар енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Студенттердің экологиялық білімін арттырудың мазмұны мен міндеттері
сұрыпталды.
- Жоғары-оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін
арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық
шарттары анықталды.
- Экологиялық білімдерді студент бойында арттыру мақсатындағы
инновациялық технологияларды пайдалану бойынша бағдарламалар
ұсынылып, жоғары мектеп тәжірибесіне ендірілді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерінің мазмұны
мен міндеттері сипатталып, оны арттыру мақсатындағы инновациялық
технологияларды пайдаланудың ерекше мәнге ие екендігі.
- Студенттердің экологиялық білімдерін арттырудағы инновациялық
технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары.
- Жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімін арттырудағы
инновациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік-тәжірибелік
негіздері.
- ЖОО студенттерінің экологиялық білімдерін арттыру бойынша
инновациялық технологияларды пайдалануға нұсқаулар мен ұсыныстар.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық
және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми
аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу
міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің
дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы
кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы
көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін
тәжірибелі-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие
үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: көкейкестілігі, мақсаты,
зерттеу пәні, нысаны, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы
мен ғылыми жаңалығы айқындалып, жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік
маңыздылығы, зерттеу кезеңдері, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін енгізу
жолдары сипатталды.
1 Жоғары оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін
арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
1.1 Жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім беру мазмұны мен
міндеттері.

Қоғамдағы жахандану, адам баласының ақыл-ойы мен білімі арқылы қолдана
бастаған құрал – жабдықтар, дамыған өндірістік күштерді қолдану нәтижесінде
және адамзаттың табиғатқа қатынасы, биосферадағы ішкі тұрақтылық, тепе-
теңдік сақталмай қоршаған ортаның табиғи байлығы, қалпы өзгеріп,
экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуде. Мұның өзі енді, керісінше
табиғатқа адам көмегі, қамқорлығы қажеттігін тудыруда. Ірі оқиғалар мен
өзгерімтерге толы ХХ ғасыр көптеген проблемалармен қатар экологиялық
мәселені де алдыңғы кезекке қойды. Бұл бағытта істелетін шаралардың бірі
экология бойынша білім беру жүйесіне көңіл бөлу.
Экологиялық білім халықаралық ұйымдар арасында жоғары деңгейде
қызығушылық таныта білді. Экологиялық білімнің маңыздылығы, оның мазмұны
түрлі халықаралық форумдарда нақтылай айтыла бастады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша білім беру мәселелеріне Біріккен Ұлттар
Ұйымының екі бірдей: ЮНЕП (қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы) және
екінші ЮНЕСКО (мәдениет, ғылым, білім бойынша БҰҰ) көңіл бөлуде. Осы
ұйымдардың басшылығымен қоршаған ортаны қорғау бойынша білім мен тәрбие
саласында әлемдік деңгейдегі шаралар өткізілуде. Мысалы, Рио-де Жанейродағы
халықаралық конференцияда экологиялық білім мәселелері бойынша жаңа
ұсыныстар әзірленіп, оның негізгі бағыттары талқыланды [70].
Жалпы бүгінгі күні экология, экологиялық білім беру мәселесі бұқаралық
сипатқа ие болуда.
Ал, экологиялық білім мазмұнына келетін болсақ, ол әсіресе қоршаған
орта, қоршаған ортаны қорғау, экология тұрғысындағы мәселелерді түрлі
деңгейлердегі білім беру жүйесінде қарастыруға арналған.
Қоғамдағы өндіріс орындарының артып, ғылым мен техникалық өркендеуіне
байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді
пайдалану қазіргі күннің өзекті көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.
Бұл мәселелерге түсініссіздікпен селқос қарау мен техникалық және
экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі
оганизмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді.
Қордаланған негізгі проблемларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының
арасындағы қарым-қатынасардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс
дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен
өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу,
экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі. Қуатты энергия көздерімен
және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа
елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын
бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның
соңы-катастрофалық салдарларға жеткізуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар
қазіргі уақытта өз іс-әрекеті нәтижесінде туындаған апаттармен арпалысып
жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен оған деген орныққан
көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе-теңдіктерді сақтаудағы орны
ерекше болып отыр.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жер бетінде экологиялық жалпы
жағдайы өте нашарлап кетті. Мамандардың мәліметтері бойынша, адамда
кездесетін науқас түрлерінің басым көпшілігі қоршаған ортаның ластануы
тікелей байланысты. Осындай қиын жағдайлардың орын алуы- экологиялық
проблемаларды шешу барысында ғылыми нәтижелерден туындаған шешімдердің
дұрыс қолданылмауы немесе оған дұрыс мән берілмеуінен болып отыр [71].
Оқу орындарында қоршаған ортаны сақтау және қорғау, экология пәндері
XX ғасырдың 60-70 жылдарына дейін оқу бағдарламаларына енген емес.
Қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне уақтылы көңіл де бөлінбеді. Мұның бәрі,
сайып келгенде, өндірістері дамыған мемлекеттерге қоршаған орта тазалығын
бұзуға ашық мүмкіндіктер туғызды. Себебі қоршаған ортаның тазалығын
сақтауға бағыт беріп отырған мамандар жүйелі түрде дайындалмады. Қоршаған
ортаның тазалығына, сақталуына сол кездері тек биологтардың ғана көңіл
бөлгенін айтпай кетуге болмайды. Бірақ, биологтар, ғалымдар қоршаған орта
тепе-теңдігінің бұзылуынан туындаған зардаптардың организмдерге әсерін
зерттеумен шектелді. Олар, негізінен, организмдердің бір-біріне әсері мен
олардың қоршаған ортамен қарым-қатынастарын қарастырды. Биосфера тепе-
теңдіктерінің адам әрекеттері нәтижесінде бұзылып жатқан сбептеріне терең
және жан-жақты мән берілмеді. Сондықтан да болар, қоршаған орта ахуалының
бүлінуіне, экологиясының бұзылуына бөгет боларлықтай қарсы тұра алмады.
Жалпы экология мәселесіне биология тұрғысынан ғана емес, одан да
жоғары көзқарастар мен түсініктермен қарау керек сияқты. Табиғат пен қоғам
арасындағы гармоникалық байланыстарды дұрыс шешу жоғары білімді эколог
мамандардың жауапкершілігінде. Әрине, қоғам мүшелерінің интелектуалды
дәрежесі жоғары болған сайын, қазіргі күннің экологиялық проблемаларын шешу
жеңіл болатын да сияқты. Экология жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар
саласына жатады. Жаратылыстану ғылымы ретінде де, ол адамзаттан сыртта қала
алмақ емес, ал әлеуметтік ғылым ретінде оны табиғаттан бөліп қарастыра
алмаймыз.
Қазіргі таңда экологияның бірнеше салалары бар деуге болады. Олар:
экология, химиялық экология, географиялық экология, өндірістік экология,
өсімдіктер экология, жануарлар экология, социалды экология, адам экологиясы
т.с.с. Бүгінгі таңдағы экология салаларының іргелі негізгі көзқарасы-ол
биосферадағы тепе-теңдік тұрғысынан және оның бұзылуының қоршаған ортаға
әсерін жан-жақты қарастыру болып табылады. Мысалы, химиктер-химиялық
элементтердің және олардың қосылыстарының биосферадағы тепе-теңдігін жан-
жақты қарастырып, оның бұзылу себептерін зерттеп және ол тепе-теңдікті
орнына келтіру мәселелерімен шұғылдануы қажет болса, ал биологтар
организмдер арасындағы тепе-теңдік тұрғысынан зерттеулер жүргізіп және
антропогенді факторлар негізінде бұзылған тепе-теңдіктердің организмге
әсерлерін жан-жақты қарастырады.
ХХ ғасырдың орта кезеңдерінен бастап, өндірістердің үлкен өріспен
дамып өсуі адамдардың қоршаған ортаға әсерін күшейте түсті. Бұл кез
адамдардың табиғат байлығына басқаша көзқараспен қарап, оны пайдалану
жөніндегі ойлар тек баю пейілінде күрт өсуімен есте қалды. Деген бұл теріс
пиғыл XX- ғасырда шарықтау шегіне жетті. Бірақ, дәл осы кезеңде адамдардың
қоғамдық сана-сезімі де өсіп, табиғат байлықтарына ашқарақтықпен кимелей
берудің неге ұрындыратынын, табиғи тепе-теңдікті бұзу әрекеттерінің
адамзатқа үлкен зардаптар тигізетіні де белгілі болды.
Соңғы уақыттарда жер бетіндегі халық саны жылдам өсіп келеді.
Мәліметтер бойынша ХVIII ғасырдың басында 600млн. Адам болса, 1850жылы ол
млрд-қа дейін өсіпті. Ал, 1950жылы ол 2,5 млрд. болса, жер бетіндегі адам
саны қазір 6 млрд-қа жеткен. Назар аударсақ, XVIII ғасырдың басынан адам
санының бірінші екі есе өсуіне 150жыл қажет болса, екінші рет екі есе
өсуіне 100, ал үшіншісіне – 30-40 жыл ғана уақыт кеткен. Адамзаттың өмір
сүру үшін туындаған қажеттілік, адам санының өсуіне байланысты өсіп
отырады. Адамдардың табиғи байлықтарды пайдалану темпі, ол ресурстардың
адамға шын мәнінде қажеттілгіне қарағанда жоғарылау екен. Осындай үздіксіз
үдемелі түрде өсіп отыратын қажеттілік, адамдарға керек материалды
құндылықтарды өндіріс өнімділігін жоғарылату арқылы ғана жеткізуге
болатынын көрсетті.
Жалпы өндірістің дамуы, әртүрлі табиғи ресурстарды қолдану негізінде
ғана іске асырылады. Әр жылы, адамзат жер қойнауынан ондаған миллиард тонна
табиғи заттарды өндіреді; олар-руда, көмір, мұнай, газ, әртүрлі құрылыс
материалдары, ағаш, су т.б. Бұл өндірістер қоршаған ортаның ластануына
ықпал жасайды. Табиғат пен адамдар арасындағы түсініспеушілік, адамдардың
табиғат заңдылықтарын ескермей жасаған әрекеттері қоршаған ортада тепе-
теңдігінің бұзылуына әкелді. Биосферада тірі организмдер арасындағы тепе-
теңдіктің сақталмауы, тірі емес заттардың тепе-теңдіктерінің бұзылуы мен
оның салдарының тірі организмдерге әсер етуі арқылы үлкен экологиялық
проблемалар туғызуда.
Қазіргі таңда адамзаттың алдында өте қажетті екі міндет тұр: ол
бейбітшілікті сақтау және табиғатты қорғау, екеуі де-жер бетіндегі
тіршілікке қажетті негізгі қағидалар. Егер әлемдегі бейбітшілікті сақтау
үкімет басшылары мен саясаткерлердің қолында болса, табиғат тазалығын
сақтау ғалымдардың, оның ішінде экологтардың міндеті. Сол себептен жоғары
білімді, салиқалы эколог мамандар дайындау кезек күттірмейтін мәселе.
Қазіргі күнге дейін экология ғлымына және экология маманына деген
көзқарас толық қалыптаспаған. Бірақ, кәсіби білікті эколог мамандарын
дайындауды ертеңге қалдыруға болмайды. Сол себептен, ғылыми-әдістемелік
зерттеулер тұрғысынан эколог мамандарын дайындауға қажетті мәліметтерді
жинақтап жетілдіре түсу қажет.
Экология ғылымының негізгі мақсаты-биосферадағы тепе-теңдікті сақтау,
оның бұзылу себептерін болжау және алдын алу. Бұл антропогенді экологиялық
қауіптің алдын алуға негіз болмақ. Париж қаласында 1968жылы өткен ЮНЕСКО-
ның Халықаралық конференциясында Адам және биосфера атты бағдарлама
мақұлданды. Онда, алғаш рет әлемдік деңгейде биосфера ресурстарын қорғау
және тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалынды. 1971 жылы Швейцарияда,
1972 жылы Стокгольмде Табиғатты қорғау, Қоршаған ортаны қорғау
мәселелері және бағытта білім бер туралы шешімдер қабылданды . 1992 жылы
Рио-де-Жанейрода Біріккен Ұлттар Ұйымы, 190 мемлекеттің жоғары басшыларының
басын қосып конференция өткізіп, XXI-ғасырдың күн тәртібі экологиялық
бағдарламасы қабылданды. Бұл конференцияда, экономикалық дамудың қоршаған
ортаны сақтау тұрғысындағы бағыттары жан-жақты көрсетілді. 1972-1973 оқу
жылдарынан бастап Қоршаған ортаны қорғау пәні бұрынғы Кеңестер Одағында
алғаш рет оқу жоспарына енгізіліп, көптеген жоғары оқу орындарында
оқытылған.
Қазіргі таңдағы еліміз қажет етіп отырған кең профильді
эколог-мамандар мына мәселелерді шеше алатын болуы тиіс:
- қоршаған ортадағы өзгерістер мен олардың экожүйеге әсерін сараптау
және биосфераның физика-химиялық касиеттерін зерттеу;
- экологиялық қауіпке алып келетін тепе-теңдіктің бұзылуының шынайы
себептерін анықтау арқылы, жергілікті жердің экологиялық ахуалын зерттеу;
-тәжірибелік мәліметтер негізінде, жергілікті жердің экологиялық
жағдайын зерттеу және болжау, антропогенді экологиялық кризистердің дер
кезінде алдын алу;
-экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қоршаған ортаға қатысты
өндіріс қалдықтарын өңдеу мен жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын
жетілдіру туралы ұсыныстар жасау;
- қоршаған ортаны бұзушыларды жауапкершілікке тарту, жергілікті
жердің экологиялық картасын, шаруашылық орындарының табиғат қорғау
құжаттарын, яғни кәсіпорынның экологиялық картасы, зиянды заттардың шектік
мөлшерін, экологиялық іс-шаралардың жоспарларын жасай білу т.б.
Қоршаған ортаның ластануының зардаптарымен ғана айналысып жүрген
биологгар мен медиктерге карағанда, экологтар бірінші кезекте коршаған
ортаның ластануын алдын алуға әрекет жасауы қажет және өндірістің зиянды
калдықтарынан ортаны залалсыздандыру тәсілдерін айқын білуі тиіс. Тек
экология ғана, табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай
алады. Бұл ретте, табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды
ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп
соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Р.Риклефс: Табиғатқа
келтірген нұқсанды түзетудің ешқандай көпе-көрінеу жатқан әдістері жоқ
екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы
үшін адамға тағылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды ағызу,
егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы,
автомашиналардан шығатын түтін, қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі
фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы негізінде жатқан
заңдарға тиесілі дәрежеде көңіл бөлмегендігі үшін айып тағылуға тиіс,- деп
жазады [72].
Экология деп жаратылыс кұбылыстарының ықпалымен, адамзаттың іс-
карекетінің,тіршілігінің салдарынан қоршаған табиғи ортаның өзгеру
заңдылықтарын карастырып, оғам тәуелді және байланысты заттар мен
құбылыстарды анықтайтын жаратылыстану ғылымының бір бөлігі- экология деп
аталады.
Экология дербес ғылым ретінде шамамен 1900 жылдары қалыптасты.
Экология терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог,
дәрігер,аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель, ғылымға бірінші болып енгізді
[73]. Латын тілінде ойкос- үй, отан, мекен, ал логос- ілім, ғылым деген
мағынаны білдіреді, яғни сөзбе-сөз аударғанда –тіршілік мекені туралы
ғылым. Аталған ұғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми
негізі болып саналады. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар,
дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі: экология -
организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың
тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым - деп
есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан оның қай қырына баса
мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады.
Қолайлы колданыс үшін, ұзақ мерзімге дейін экология - қоршаған ортаның
экологиясы деп аталды.
Ғалымдар экологияның анықтамаларын беріп, оның басқа ғылымдардан
айырмашылығын көрсетуге тырысты. 1920 жылы американ ғалымы Ф.Клементс -
экологияны бірге өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым деп
есептесе[74]; Ұлыбритания ғалымы Ч.Элтон -экологияның негізгі міндеті -
түрлердің популяциясы мен олардың санының динамикасын зерттеу - деп
ұғындырды[75].
XX ғасырдың 55жылы Киевте өткен III Экологиялық конференцияда, экология
ғылымы - түрлердің популяция санының өзгеруі және өзара әрекеттесуші түр
топтарының-биоценоздардың- дамуы процестеріне байланысты, организмдер мен
қоршаған ортаның өзара байланысының өзгеріске ұшырауын зерттеуі тиіс -деп
резолюция қабылданды.
1958 жылы К. Фридерикс, экологияны- табиғи комплекстердің мүшесі
ретінде, ол тіршілік иелері туралы ғылым деп түсіндірді. И.Карпентер (1962
ж.) экологияны кауымдастықтар туралы ғылым десе, американ ғалымы Х.Б.Одум
(1963 ж.), экологияны - табиғи құбылыстарды энергетикалық тұрғыдан
зертттеумен сипатталатын, табиғаттың құрылымы туралы ғылым деп атады [76].
Жалпы экология ілімі туралы келтірілген анықтамалардан басқа да
тұжырымдары бар. Мысалы, экологияны адамзат баласының іс-қимыл қарекеті
нәтижесінде коршаған ортада туындаған өзгерістерді есепке ала отырып,
тіршілік иелерінің сол табиғи ортамен байланыс заңдылықтарымен зерттейтін
ілім, - деп те айтуға болады (В.А.Радкевич,1972ж).
Бұрынғы кеңестер Одағының ғалымы С.С.Шварц, экологияны -өсімдіктер мен
жануарлардың табиғи ортада өмір сүру заңдарын зерттейтін ғылым деп атаса,
ал француз ғалымы Р.Дажо: экология тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, организм мен ортаның өзара байланыстарын зерттейтін ғылым- деп
көрсетті [77].
Эколог Л.С.Данилевский: экология экологиялық жүйелердің құрылымы мен
қызметі туралы және олардың гмеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер
туралы ғылым - деп анықтама берген. XX ғасырдың ақырғы онжылдығында
Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген[78]:
экология пәні- организмдер мен орта арасындағы байланыстардың жиынтығы
немесе кұрылымы деген анықтама, экологияның мәніне көбірек сәйкес келеді.
Алайда, неғұрлым дәл және қысқа анықтаманы өз заманында Эрнст Геккельдің
(1869 жылы) [79] бергенін айтуға болады: Экология деп, біз табиғат
экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануарлардың оны қоршаған
органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе
жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе
жаулық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен
айтқанда, экология, Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп
атаған, барлық күрделі қарым-катынастарды зерттеу болып табылады.
Экология ғылымының зерттеу объектілері мен міндеттері туралы келтірілген
анықтамалардың, кезінде морфология мен физиология ғылымдарына ерекше
бағышталуы түсінікті де. Екеуі де бір пәнді зерттейтін физиолог пен
экологтың өз пәндерін түсінудегі айырмашылығын, 1930 ж. Плантефоль жақсы
анықтап берді: физиолог жасанды ортаға әкеліп орналастырылған организмдерді
зерттейді де, алынған жеке-жеке деректерді синтездейді; эколог болса,
организмді үнемі өзгеріп тұратын күштер әсер ететін табиғи ортада
зерттейді. Қазіргі кезде, әсіресе, биологиялық пәндер бойынша эволюциялық
принцип жетекші орын алған сәттерде, экологияның міндеттері нақтылануы
тиіс. Экологияның міндеті, организмдерді қоршаған ортамен байланысын
зерттеу ғана емес, ол-популяцияның өзара байланысы мен бейімделу
реакцияларын, олардың өмір сүру жағдайларына байланысты зерттеу де болмақ.
Экология ғылымының қоршаған ортаның тазалығын сақтау туралы ғылым
екеніне ешкімнің таласы жоқ, бірақ бұл анықтама емес. Экология ғылымының
анықтамасы - коршаған ортаның тазалығын сақтаудың формуласы түрінде болуы
қажет сияқты, сондықтан бұл анықтамада экология проблемаларын жан-жақты
шешетін, негізгі нақты түйіні көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге, экология
ғылымы, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын тәсілдерін де көрсетеді.
Кейбір аймақтардағы апат, немесе, қоршаған ортаның тазалығының бұзылуы
туралы мәліметтерді жиі естіп жатамыз. Неліктен бұлай болды? Себебі неде?
Мұндай апатты болдырмауға болар мa еді? Міне, экология ғылымы осы
сұрақтарға толық жауап беруі тиіс.
Жоғарыда көрсетілген экологиялык проблемалардың биосферада орын алу
себептерін қарастыратын болсақ, онда мынадай тұжырымға келеміз. Экопогиялық
проблемалардың болуы, сол аумақтағы химиялық, биологиялык және басқа да
тепе-теңдіктердің бұзылуы, әртүрлі экологиялық проблемалардың негізі болып
табылады. Демек, кез келген аумақта химиялык, биологиялық және басқа да
тепе-теңдіктер сақталса, ол жерде экологиялық проблема болмайды және болуы
да мүмкін емес. Экология - биосферадағы тепе-теңдікті жан-жақты
қарастыратын, оның бұзылуының себептерін болжайтын және анықтайтын, сонымен
қатар тепе-теңдіктен ауытқудың, қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым
саласы.[80]
Сонымен, биосферадағы тепе-теңдіктердің бұзылу себептерін болжау және
оны болдырмау - қоршаған ортамызды сақтаудың негізгі амалдарының бірі,
экология ғылымының негізгі мақсаты. Биосферадағы тепе-теңдік бұзылса, оның
өсімдіктерге және жануарларға әсерін - биологиялық экология, адамдарға
әсерін - медициналық экология, ал қоғамға әсерін - әлеуметтік экология, сол
өндіріс калдықтарын болдырмау немесе азайту, және де бұл қалдықтарды
залалсыздандыру проблемаларын инженерлік экология салалары зерттейді.
Экологияның негізгі салалары мен бөлімдері тоғысатын бірнеше маңызды
мәселелер бар. Оларды шешу жолындағы жетістіктер, бүкіл экологияның алға
басуын қамтамасыз етеді, сондықтан, күш ең алдымен сол мәселелерді
зерттеуге бағытталуы тиіс.
Бірақ, оқшаулау тәсілімен зерттеу-табиғи өзгерістердің заңдылықтарын
толық білуге, тануға мүмкіндік ашпайды. Сондықтан, кез-келген организм
немесс организмдер тобын, сол жүйені құрайтындарды ескере отырып, оларды
жан-жақты зерттеу-синэкологияның мәселесі болып табылады.
Экология обьектілері, көбінесе биологияның өзге-физиология, генетика,
биофизика, эволюция сияқты салаларымен тоғысып жатады. Бұл-экологиялық
физиология, цитоэкология, өнімділік-энергетикалық экология, эволюциялық
экология т.б. пәнаралық және синтетикалық бағыттардың қалыптасуына әкеліп
соғады. Экология-химия, физика, геология, география, математика және т.б.
биологиялық емес ғылымдармен де тығыз сабақтас.
Соңғы кезде географиялық экология немесе химиялық экология және
т.с.с. ұғымдар кеңінен қолданылып жүр.
Адамзат санасы қоршаған ортаның қасіретті жағдайын терең түсініп,
табиғат тепе-теңдігінің бұзылуын, азып-тозуын тоқтатуға жұмсалса,
биосферада мәнді өмір жалғаса берері сөзсіз.
Бүгінгі таңда, Қазақстанда экологиялық білімі мен тәрбиенің ғылыми-
теориялық негіздерін құрудың іс-тәжірибелері баршылық. Экологиялық білімі
мен тәрбиенің түрлі аспектілеріне Қазақстан ғалымдарының көптеген еңбектері
арналған.[81,82,83]
М.А.Лигаймен, физика пәнінің оқытушыларын экологиялық дайындықтарын
зерттеудегі ЖОО-дағы экологиялық білімнің стратегиясы мен технологиялары
анықталып мазмұндалған [84]. Ғалым мен болашақ педагогтардың бойында
экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыруға бағытталған экологиялық білімнің
құралдары мен нәтижелері жүйелерін, мақсаттылық жүйелері қоса
қарастырылатын физика пәні оқытушысының экологиялық білім жүйесі
әзірленген.
Г.К. Длимбетова, жалпы экологиялық және радиоэкологиялық
аспектілердегі табиғат-қоғам- адам жүйесінің өзара сипаттайтын оқу
процесін эколоизациялаудың ғылыми-әдістемелік негіздемелерін ашып көрсетті.
Ғалым, жоғарғы оқу орындарындағы радиоэкологиялық білімнің модульдік
оқытуға негізделген дидактикалық концепциясын, студенттер білімін
эколизациялау процесінің төрт блоктан тұратын құрылымдық моделін
әзірлейді.1блок- экобілімділік іс-әрекеттілік; 2блок-экотәрбиелік іс-
әрекеттілік; 3блок-әлеуметті-экоағарту іс-әрекеттілік; 4 блок-психологиялы-
дамыту эко іс- әрекеттілік. Осы деректі модельге сәйкес оқытудың
эколизациялау процесіне болжамдық ұсыныстар жасады [85].
Ж.И. Балстагулованың еңбектерінде , қазіргі кезеңдегі жоғарғы сынып
оқушыларының интегративті беталыс негізінде экологиялық тәрбиелерін
белсендірудің теориялық негіздері әзірленген. Осы еңбекте, оқу прцесінің
аксиологиялық, жеке іс-әрекеттіліктері, аймақтық және коммуникативтік
аспектілері біріктіріліп, қазіргі заманғы мектептегі білім берудің
мазмұндық потенциалы ашып көрсетіліп, пән-аралық байланыстылық негізінде
мектеп оқушыларын экологиялық тұрғыда тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы
әзірленді. Осы бағдараламада, дәстүрлі мектеп пәндерін эколизациялау,
арнайы интеграциялау курстарын енгізу, танымдық іс-әрекеттіліктің сабақтан
тыс формалары мен әдңстемелерін ұйымдастыру бағыттары қарастырылған.[86]
Н.А. Чуйкова, экологияны медициналық тұрғыда зерттеді.[87] Автор,
физика және каллиодты химия курсының мазмұнын эколизациялап, студенттердің
бойында экологиялық білімді қалыптастырудың әдістемелік шарттарын
анықтаған.
А.К. Сатынская (бастауыш мектеп) және К.Б. Тлебаева (орта мектеп)
өзерінің диссертациялық зерттеу жұмыстарында, болашақ мұғалімдерді мектеп
оқушыларын экологиялық тәрбиеге дайындықтарын қалыптастыру мәселелерін
қарастырады.[88, 89] А.К. Сатынская, кіші сынып оқушыларын экологиялық
тәрбиелердегі мұғалімнің дайындығын мына төмендегідей педагогикалық
шарттардың бірлестігінде қалыптастыру қажет деп есептейді: білім мазмұнының
экологиялық бағыты; төменгі сынып оқушыларының экологиялық іс-әрекеттерін
ұйымдастырудағы ғылыми зерттеу жқмыстары және педагогикалық іс-тәжірибелік
бағыты. Автор, мектеп оқушыларын экологиялық тәрбиелеудегі болашақ
мұғалімнің дайындығын қалыптастыру бойынан әдістемелік нұсқау әзірлеген.
Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу және
оны жетілдіру мәселелеріне Егинисова А.К., В.П. Карыбжанова, Г.М.
Сабденова, Т.И. Тарасованың зерттеу еңбектері арналған [90,91,92].
А.К. Егинисова, бастауыш сынып оқушыларын экологиялық тәрбиелеу мен
білім беруді жетілдірудің педагогикалық шарттары, туған жер және қазақ
этнопедагогикасын кіші сынып оқушыларына экологиялық білім мен
тәрбиелеудегі мазмұнына қолданудың әдістемелік негіздерін анықтады. Осыған
ұқсас мәселелер, Г.М. Сәбденалиеваның жұмысында анықталады, онда сабақтағы
және сабақтан тыс жұмыстарды біріктіруде 8 сынып оқушыларының оқу-тәрбие
процестері мысалында нақтыланады.[93]
Т.И. Тарасова, табиғатты қорғау жайындағы дидактика мен ғылымның
ережелері негізінде, кіші сынып оқушыларының табиғатты қорғаудағы мына
төмендегідей дидактикалық шарттарын анықтады: оқушыларға түсінікті
табиғатты қорғау мәселелері бойынша бастауыш білім жүйесіндегі мазмұндар;
мектеп оқушысының табиғатты қорғау іс-әрекеттерін белсендіретін әдістемелер
мен ережелерді қолдану; табиғатты танудағы баланың эмоционалдығын
жоғарылату; табиғатты қорғау бойынша мектеп оқушысының оқу жұмысы мен
сабақтан тыс іс-әркеттіліктерінің байланысы. Табиғатты қорғау мазмұнды ашып
көрсетілді. Табиғат пен адам арасындағы байланысты, табиғатты қорғау
бойынша білім жүйесі негізделді. Табиғатты қорғау жүйесінің моделі беріледі
(әсемдік мотивтері, кішіпейілділік мотивтері, пайда келтіру
моделдері, денсаулық мотивтері және т.б).
Бүгінгі күні, экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттары
бастауыш және орталық мектептердің буындары үшін анықталған, жоғарғы
мектептері үшін осындай жүйелерді анықтау.
М.Н. Сарыбековтың айтуынша экологиялық мәселелер және табиғатты
қорғаудың туралы пәндер арасындағы байланыстылықтары, студенттерді, болашақ
педагогтарды мамандықтарының профилдеріне байланысты, жалпылама
экологиялық білім (базалы) берудің қажеттілігі туындады. Мамандықтар
мысалында болашақ оқытушыларды экологиялық дайындаудың теориясы мен
практикасы мазмұндалды [94]. Республикамыздың жоғарғы педагогикалық білім
практикасында, мамандарды экологиялық дайындаудың тәжірибелері
ижинақталған. Талданылған жұмыстар тек қана педагогикалық компоненттерін
ашып көрсетеді, ал оқытудағы педагогты экологиялық білім мен тәрбиенің
ерекшеліктері- педагогикалық және инженерлік білім саласында екі бағыттағы
зерттеулерді қарастырады.
Қазақстанның техникалық жоғарғы оқу орындарында инженерлік білімді
экологизациялау мәселелерімен А.А. Бондарь, А.К. Заурбеков[95]. С.В.
Джошаканов, К.А. Нугуманов, Ю.В. Румянцев [96] айналысқан. Ол авторлар,
экологиялық білімнің мазмұнын, экологиялық білім формалды сипатта емес,
экологиялық басым тұрғыда болуын ұсынады.
Талдау, шолу барысында анықтағанымыздай, инженер-педагог кадрларды
экологиялық біліммен тәрбиелеудің мәселелері В.В. Егоров, Б.К. Момынбаев,
В.И. Норти, Г.М. Смирнова еңбектерінде орын алған. Олкар, инженерлі-
педагогикалық білімді экологизациялаудың қажеттілігін мазмұндап,
педагогикалық кәсіби оқытудың экологиялық білімі мен тәрбиесінің мазмұнын
анықтаған.[97]
Осы бағыттағы теориялық және практикалық зерттеулер жоғарғы
перспективалы, білімді экологизациялау саласында өзекті. Осы ғылыми-
теориялық әзірлемелер, республикада эколог мамандарды экологиялық білім мен
тәрбиелеудің негізіне бағытталған.
А.С.Бейсенова, А.Абылқасымова, .Иргибаева, Ж.Б. Чильдебаевтармен,
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінде экологиялық білім
беру мен тәрбиелеудің концепциясы әзірленді. [98] Концепцияда, экологиялық
білімді-күрделі аспектілі кешенді түрде қарастырады: біріншіден, қоғам мен
табиғаттың байланыстылығындағы білімнің ғылыми жүйесінің қалыптасуы;
екіншіден, гумманды әлемдік танымдылыққа тәрбиелеу. Концепцияның авторлары,
экологиялық білімге жалпы мемлекеттік статусын беруді ұсынады, ал ол үшін
білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық жалпы оқулар ұйымдастырылу
қажеттілігін айтады.

1.2 Жоғары оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін арттыруда
инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық аспектілері.

Жоғарғы оқу орындарында білімнің сапасын көтеру, студенттердің кәсіби
біліктілігін, ойлау мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаның ішкі әлемін,
өзіндік түсінуін, өзіндік дамуын қамтамассыз ету, оқытуда белгілі бір
нәтижеге жету мақсатында ғалымдароқыту үдерісінде инновациялық
технологияларды пайдалану мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр.
Экологиялық білім беруге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына енгізуді жоғарғы
қарқынмен жүргізу үшін замани оқыту технологияларына негізделген білім беру
жүйесінің жаңа моделін құру қөажеттілігі туындап отыр. Жеке тұлғаның өз
шығармашылық потенциялын толық аша алатындай, өз мүмкіндіндіктерін дамытып,
өзөқ білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы оқыту үдерісіндегі
жемісті нәтижелерге жетелейді.
Технология ұғымы жаңа, жаңаша тұрпатта инновацияға байланысты
педагогика ғылымының құрамына енді.
Түсіндірме сөздіктердің авторы, ұлы ғалым Вл.Даль-Технология -техника
туралы ғылым. Техника дегеніміз шығармашылық білім, біліктілік, жұмыс
тәсілдері және оларды істе пайдалану, (Технология- наука техники. Техника
искусство, знание, умение приемы работы и приложение их к делу,) – деп,
түсіндірді. Ал оның алғашқы мағанасы өнімді өндіру процесінде шикізаттың
қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы дегенді білдірген. Яғни
технология – адамның басқаруымен техникалық құралдарды (станок, машина,
т.б.) пайдалану арқылы өнім алу процесі. Мұндағы ең маңызды мәселе –
техникалық құралдар. Технология: techne-өнер, шеберлік және logos-ғылым,
яғни шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін гректің сөзі.
Технология деген ұғым кең мағыналы ғылыми-өндірістік ұғым. Философиялық
жалпы ғылыми ұғым ретінде ол өнер, шеберлік, іскерлік деген білдіреді.
Белгілі бір өндіріс саласына қатысты, энциклопедиялық тұрғыда Технология
деген ұғымды, дайын бұйым алу үшін өндірістік, процестерде пайдаланылатын
шикізаттың, материалдың немесе шала өнімнің, қасиетін, күйін өзгерту,
оларды даиындау және өндеу тәсілдерінің
жиынтығы деп ұғамыз. Таза ғылыми мағынада, шикізатқа, материалдарға және
шала өнімдерге өндіріс құралдары арқылы әсер ету, тәсілдері туралы ғылым
деп түсіндіріледі.
Технология - өндеу тәсілі немесе ғылым ретінде, өндірістік
(технологиялық)
процесс арқылы ғана практикалық мәнге ие бола алады.
Технологиялық
процесс- біртекті немесе ұқсас бұйымдар жасау үшін жоспарлы түрде
орындалатын операциялар жиынтығы және жалпы өндірістік процестің бөлігі
болып саналады. Өндірісте қолданылатын технологиялық процестердің
(пайдалану мақсатына, орындалу тәсіліне т.б. сипаттамаларына сәйкес)
жобалық, жұмыстық, типтік, бірлік, стандарттық, мерзімдік т.б. тұрлері
болады.
Психологиялық тұрғыдан дара тұлғаның қалыптастырылуы әлеуметтік
прогрестің негізгі факторы ретінде қарастырылады (онтогенезде) [99].
Себебі, жеке адам тарихи-әлеуметтік прогрестің жемісі. Ол қоғамдық ортада
ғана калыптасады. Дара тұлға - барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы
(К.Маркс). Адамның іс-әрекеттік мағыналылығы (деятельностная сущность)
туралы теориялық принцип бұл құрделі процестің методологиялық негізі болып
саналады [100]. Өйткені, адам тек өзінің белсенді іс-әрекеті негізінде ғана
дара тұлға ретінде дамиды. Іс-әрекет үстінде адамның психикасы да
қалыптасады. Ендеше, іс-әрекет, дара тұлға дамуы тұрақты қызмет атқарады
деуге болады. Адам жетекші іс-әрекет үстінде, психологиялық даму процестнде
коғам мүшесіне айналады.
Мұндай жетекші іс-әрекеттік (яғни технологиялық) принцип негізінде
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекеттік теориясы дамытылды [101].
Оқыту технологияларына байланысты түсініктерге тоқталып өтейік. Біз
талдайтын ұғымдардың көпшілігінде "технология" сөзі жиі кездеседі.
Технология түсінігін қарап шықсақ, ол- "өнім шығару процестнде жүзеге
асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу,
олардың қалып-күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы.
Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті - практикадағы ең тиімді
өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық,
химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау" [102].
Оқыту түсінігін қарасақ, ол - "белгілі бір мақсатқа жету
бағытында
ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар,
дағдыларды меңгеру процест".
Бұдан бұрын қарастырылған мәліметтерді де қолдана отырып,
"оқыту технологиясы" түсінігінің анықтамасын беруге тырысайық. Оқыту
тсхнологиясы -мынадай шараларды:
1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір
аймағында
-қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты
жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісін;
2) оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау процестерін керек
етіп,
соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін
әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.
Технология, оқыту технологиясы дәстұрлі педагогикада қалыптасу
кезеніндегі ұғымдар емес, дегенмен бұл ұғымдарды оқыту процестндегі жаңа
ұғымдар деп айтуға болмайды. Дәстұрлі оқыту процестнің өзіне тән дәстұрлі
оқыту технологиясы бар, олар оқытушы оқу процестн ұйымдастыру және жүргізу
кезінде пайдаланатын әдістер мен құралдар арқылы сипатталады. Оқыту
технологиясы, бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге
арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан оқыту
технологиясы - оқытушының оқыту процестне қажетті техникалық немесе
ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ғылым.
Оқыту технологиясының көптеген анықтамалары бар. ЮНЕСКО құжаттарында,
оқыту технологиясы жалпы оқыту және білім қабылдау процестн жасаудың
жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. Оның мақсаты -техникалық ресурстарды,
адам рес\гргтяпт,ш және олардьтң очяра әрекеттесүін ескеріп, білім беру
тұрлерін тиімділендіру.
Бастапқыда оқыту технологиясы термині, оқытудың техникалық құралдарын
және бағдарламалап оқыту әдістерін пайдалануға байланысты анықталды.
Компьютер мен информатиканың ғылым ретінде дамуына байланысты оқыту
технологиясы терминінің ауқымы кеңейіп, оның мазмұны жүйелік талдау және
оқыту процестн жобалауға байланысты толықтырылды. Осы анықтамалардан,
терминді түсінудің әрқандай жолдары бар екендігі көрініп тұр. Технологияға
жақын оқыту әдістемесі және әдістері деген ұғымдар, оқу процестнің бір ғана
сипатаммасын білдіреді. Біз оқыту технологиясының төмендегідей анықтамасын
қабылдаймыз.
Оқыту технологиясы - бағдарламаларда көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге
асыру әдісі, ол алға койьтлған максаттарға ең тиімді жолмен жетуді
Камтамасыз ететін формалар, әдістер және кұралдар жүйесі ретінде беріледі.
3-суретте технологияны жасау реті көрсетілген.
Ақпараттық тұрғыдан жеке қарастыру тиімді емес. Адамзат жинақтаған
тәжірибені беру технологиясы ақпаратты берудің замани әдістерінсіз, алынған
нәтижені талдаусыз жоне түсіндірусіз іске аспайды.
Технологиялық тұрғыдан қарастыру педагогикалық технологияда (пән-аралық
деңгейде) және оқыту технологиясында (нактылы пән көлемінде) өзінің
тұлғаландырылған көрінісіне ие болады. Осы жоғарыда айтылғандарға сәйкес
педагогикалық технологияның мәнін анықтауға тырысайық.
Оқыту технологиясы деген сөз тіркест ғылым мен техниканың,
электрондык, ақпараттық жаңа технологияның құрт дамуы, оған сәйкес замани
жабдықтардың пайда болуын және техникалық жабдықтаудың іске асуын
көрсететін дәсіүрлі оқыту әдістемесі шекараларының және оған
сәйкес келетін оқыту құралдарының қайшылығынан пайда болады. Мысалы,
ақпаратты аудиокөрсеткштік, компьютерлік құралдар арқылы беруді оқыту әр
тұрлі қарқынды әдістердің шығуына әсер етті (мысалы шет тілін үйрену).
Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір
жоба, моделмен оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып, В.П.
Беспалько, М.В.Кларин, Б.С.Блум, [103] т.б. ғалымдар оны оқыту білім беру
процестне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып,
мынадай анықтамалар береді:
Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен
тәсілдерін айқындайтын педагогикалық-психологиялық нүсқаулардың жиынтығы,
педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев)
[104], оқу процестн іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жузінде
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Бесапалько) [105],
оқыту процестнде жоспарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы (И.П.Волков) [106].
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты - берілген үлгі бойынша "өнім" алу,
оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің
тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үдерісіне колданылатын
тәсілдер, принциптер мен регулятивтердің жүйесі ретінде, нақты оқыту
процестнде сипатталады.
Оқыту технологиясы білім беру тәжірибесінде бір-біріне байланысты үш
тұрлі деңгейде қолданылады.
Жалпы дидактикалық деңгей. Мұнда оқыту технологиясы педагогикалық жүйемен
синоним ретінде жалпы білім беру үдерісін сипаттайды.
Жеке әдістемелік деңгей. Жеке пәндік оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын 0іР
пәннің шеңберінде іске асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде
колданылады.
3) Модульдік деңгей. Модульді технология оқу-тәрбие процестнің лсеке
Дидактикалық мақсаттарын шешуде қолданылады.
Оқыту технологиясының құрылымы:
• оқытудың максаты;
• оқытудың мазмұны;
• оқытудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам-қоршаған орта жүйесіндегі негативті факторлар
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Кәсіби оқытудың қазіргі технологиялары
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Саралап оқыту технологиясының мәні
Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру
Пәндер