Қазақстанның су қоры


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Қазақстанның су қоры
Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздақтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суының негізгі көзі - мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033, 3 км²-лік 2724 мұздық анықталды. (1985) . Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км²-), қалғаны Іле мен Күнгей (610, 7 км²), Теріскей (144, 9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106, 2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101, 5 км²) . Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда) . Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы - Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 117 км. Ауд. 38, 0 км², мұзының жалпы көлемі 6, 32 км³. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50-100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10-30 м.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км³. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абс. Биіктігі солтүстіктен-оңтүстікке және батыстан-шығысқа қарай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіші 2500-2800 м. болса, Тянь-Шань тауында 3500-3800 м. Бұның өзінде Оңтүстік беткейге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200-250 м. төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12-15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 метрге дейінгі беткі қабаты 0°С-қа дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50-70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2-2, 5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы - тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. Жылына 5-20 м-ге, ауд. 1000 м², мұз қоры 0, 05 - 0, 1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 2 км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м. және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.
Өзен. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда
85 002 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500-1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегіөзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлергеқарағанда жоғары. 0, 4-1, 8 км/км² шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатарТарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0, 03 км/км²-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен - Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғарғы бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен - Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суғаруға қарқынды пайдалануға байланысты ағыны кейбір жылдары Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі алабындағы ірі өзен - Іленің Республика шегіндегі ұз. 815 км. (жалпы ұз. 1001 км) . Оның ірі салаларының бірі Шілік өзенінен бастап, Шамалған өзеніне дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған. Батыс Қазақстан жерін негізінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақсатндағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т. б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.
Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэфф. Негізінен 0, 80-нен 1, 20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек тек Жайық өзенінің ағын өзгергіштігі кемірек (0, 58-0, 80), ал Тобылдікі көбірек (1, 50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. Беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохим. . құрамына қарай гидрокарбонатты болады: олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200-300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500-600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорды топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алқаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералдығы 100-200 мг/л-ден, (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төм. ағысында) артады.
Өзендердің лайлылығы жөнінен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суына қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 г/м³-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м³) . Таулы аудандарөзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50-100 г/м³-ге дейін артады.
Көл. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км ²-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км ²-ден астам ірі ірі көлдер саны 296, ал 100 км ²-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60 %-ы тиеді) . Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км ² болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орт. Және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км ² болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км ²-лік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орт. Және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0, 23 және 0, 53 км ²-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоник. және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал теңіздері Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл т. б. ірі көлдер тектоник. қазаншұқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т. б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. Биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км³ су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0, 2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0, 2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан-қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансдағы жалпы кірістің 10-90 %-ы жер беті ағынынан, 12-40 %-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. Құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әртүрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87 %-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз көлдері т. б. ), ал қалғаны карбонатты немесе хлорды келеді.
Теңіз. Қазақстанның батыс және оңтүстік - батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары - Каспий және Арал теңіздері шайып жатыр. Кспий теңізі - солт. (тереңдігі 4-8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңтүстік (тереңдігі 1000 м-ден астам) бөліктерге ажыратылады. Арал теңізінің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқында төмендеуде (к. Каспий теңізі және Арал теңізі) .
Жер асты суы. Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты - жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді. Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әртүрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне жуық үгілу аумағында (30-50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. Төмен (0, 1-0, 1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар менжарылу тегі әртүрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5-7, кейде 10-15 л/с-ке жетеді. Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңт. және Шығыс Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төм. мезозойдың әлсіз цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10-35 л/с-ке жетеді. Жезқазған - Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т. б. ) кен қазбалары мен ұңғамаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық сулар молаюдың қолайлы жағдайларында едәуір су қорын жинайды. Таулы өңірлердің 860 мың км² аумағына 800 м³/с немесе 25 км³/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық-қабаттық сулардың жиналатыны анықталды. Оның 16 км³/жыл мөлшері Оңтүстік және Шығыс Қазақстан тауларының, 9 км³/жыл мөлшері Сарыарқа мен батыс Қазақстанның биік жерлерінің үлесіне тиеді. Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардығы баяу цементелген және цементелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0, 5-1, 5 км-ге, Шу, Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау - Үстірт өңірлерінде 3-6 км-ге, Каспий ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғарғы қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзілімдерде және срнымен бірге Каспий ойпатының шығыс бөлігіндегі, Солт. Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген шөгінділері жиылғанжекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500-1000м. (Іле, ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz