География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I Тарау. География курсын оқыту барысында оқушылардың
iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері
1. 1 География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс іс-әрекетiн қалыптастырудың (ұйымдастыру, дамыту) ғылыми - педагогикалық негiздерi . . . 12
1. 2. Мектептегi география курсын оқыту барысында оқушыларды ұйымдастыру құрылымдарының жайын қалыптастыру технологиясының ерекшеліктері . . . 24
I Тарауға қорытынды. . . . 34
II. Тарау. Қазақстанның физикалық географиясы курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiнiң қалыптасқан әдiс түрлерi .
2. 1 Қазақстанның физикалық географиясы курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiнiң қалыптастыру үшін жаңа технологияларды пайдалану әдістері . . . 37
2. 2. Педагогикалық іс - тәжірибе арқылы география курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс әрекетiнiң қалыптасуын тексеру . . . 54
2. 3 Тәжірибелі - эксперимент нәтижесін қорыту, әдістемелік ұсыныстар беру . . . 80
II. Тарауға қорытынды . . . 88
Қорытынды . . . 91
Қосымша А . . . 96
Қосымша Ә . . . 118
Қосымша Б . . . 122
Қосымша В . . . 124
Қосымша Г . . . 129
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 132
Кiрiспе
Зерттеудің өзектілігі. Жаңа ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсiз Қазақстан Республикасының әрбiр бiлiм беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгiдегi iзденiс қажет. Жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделерiне сай өмiр сүруге бейiмдеп оқыту арқылы логикалық ой тұжырымдарын дамытуда ғылым саласына тарту жолында орта мектеп мұғалiмдерiнiң атқаратын рөлi зор. Соның iшiнде, Жаратылыстану саласында география пәнiнiң орны ерекше. Ол оқушыларға дүниетанымдық білім берумен қатар, алған бiлiмiн есте сақтау, ойлау қабiлетiн, тiл байлықтарын, ой-өрiсiн кеңейтiп, зеректiк, iскерлiк және табиғат құбылыстарын жете бақылауды дамыту қоршаған ортаға үлкен жауапкершiлiкпен қарайтын сезiмдерiн жетiлдiруді үйретеді.
География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географияға деген көзқарасын көтеру болып табылады.
Жердің географиялық қабықтары, табиғи, өндірістік және әлеуметтік кешендер мен оның компоненттері - географияны оқытудың негізгі объектілері. Сондықтан географиялық сауаттылық әлеуметтік қажеттіліктен туындап отыр.
Бүгінгі таңда табиғатқа қатер төндірмеу, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа қауіп төндіруші техногенді апаттарды қалай тоқтату керек және т. б. мәселелер көтерілуде. Осыған орай жас ұрпақтың, қала берді бүкіл халықтың географиялық көзқарасы сауатты болуы өзекті мәселеге айналып отыр.
Мектептегі географиялық білімнің даму болашағы-география ғылымының: ғаламдық проблемалар, геоэкология, географиялық зерттеулердің қазіргі тәсілдері (картография, геохимия, палеография, геожүйелік мониторинг, т. б. ), әлеуметтік және демографиялық жағдайлар, ақпараттық жүйе, Жер және Дүниежүзілік мұхит қойнауындағы құбылыстар, т. б. салалар бойынша зерттеу объектілерінің елеулі кеңеюіне байланысты. Қазіргі кезеңде география ғылымының ғаламдық, аймақтық идеялары ерекше аталып, әлеуметтік тәжірибенің негізгі түрлері - саясат, экономика, ғылым мен білім салаларына ішкерілеп енуде.
Қазақстанның физикалық география пәнi - оқушылардың жалпы мәдени дамуына көп үлес қосады. Бұл пән Қазақстан Республикасы бiлiм саласында iзгiлiктану, мәдениеттану, саясаттану бiлiмдерiнiң бағытында өте маңызды орын алады.
Қазақстанның физикалық географиясы - туған жер туралы мағлұмат беріп, географиялық ой жүйесiн қалыптастыра отырып, география ғылымының негiзгi бағыттарымен таныстырады. Қазақстанның физикалық географиясы Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беру мектептерiндегi оқушылардың өлкетану мүмкiндiктерiн, экономикалық-әлеуметтiк және экологиялық мәдениеттану, елiмiздiң табиғат байлықтарын саралап, тәуелсiз елiмiздi әлемдегi жетiстiктерi мол елдермен салыстыра алатындай көзқарастың дамып, қалыптасуына мүмкiндiк беретiнi сөзсiз.
География сабағында оқушылардың өз халқының және басқа халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерiн құрметтеу сезiмiне ұлттық үрдiсте тәрбиелеу мүмкiндiгi бар. Мектептегi география пәндерiнiң өзiндiк ерекшелiгi мектеп оқулықтарында берiлген мәлiметтердi ғылымға сүйене меңгерту арқылы түсiндiредi.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ аса бағалы аң-құс пен өсiмдiктердi қорғауға ерекше мән берiп, қамқорлық жасап отырған. Құстардың кейбiрiн құрмет тұтады, әдемiлiк пен әсемдiк белгiсi ретiнде сөзге қосқан. Мiне, осы дәстүрдiң бәрi қазiргi және келешек ұрпаққа үлгi болуы тиiс. Сонау ерте заманнан-ақ халқымыз табиғатпен етене қойындас болғандықтан, аң құстың қасиетiн айыруға жүйрiк болғаны сөзсiз. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжiрибесiн кейiнгi ұрпаққа үйретуге айрықша мән берген.
Қазiргi жаһандану үрдiсiнде әр халықтың өзiндiк бет-бейнесiн ақтап қалу үшiн ұлттық ерекшелiктердi заманның талаптарына сай жетiлдiру мәселесi зор маңызға ие болып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында «… бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтынын атап көрсету керек, » - деді. Сол жауапкершiлiктiң бiрi ел тәуелсiздiгiмен бiрге қайта оралған халық мұраларын, соның iшiнде туған өлкенiң тарихи - географиялық жағдайын терең танып бiлуге басымдылық беруi заңды. География пәнi оқушыларды ұлтжандылыққа, туған өлкеге сүйiспеншiлiкке тәрбиелеудiң көзi, өнеге қасиет кенi[1, 54] .
География пәнiнде оқушылардың өз бетiнше iзденiмпаздығы ертеден-ақ бастау алғанымен, осы уақытқа дейiн мән берілмей келді. Дегенмен, ізденіс іс-әрекеті туралы көптеген ғалымдар өз еңбектерінде жазып қалдырған мәліметтер бар. Сократтың өзi: «Оқыту барысында шәкiрттердiң танымдылық iзденiмпаз белсендiлiгi арнайы басқарудың маңыздылығынан», - деп атап көрсеткен. Ежелгi Рим философтарының түсiндiрулерiнде бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдылық iзденiс іс - әрекеті айтарлықтай рөл атқарады деген пiкiр айтылады. Қазақтың ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин өздерінің еңбектерінде және тәжірибесінің әрекеттерінде оқушыларды шығармашылық дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Мысалы, Абайдың отызыншы қара сөзінде былай деп айтылған: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болар, сонан соң ғана бала ғылым білімді үйреніп білмек» [2, 72] . Яғни бала білімді еркін меңгеру үшін, өзі ізденуі керек.
Оқытуды күшейту құралы ретiнде оқушылардың iзденiс іс - әрекеті туралы пiкiр Я. А. Коменскийдiң, И. Г. Пестолоцци мен Ж. Ж. Руссо, А. Дистервегтiң еңбектерiнде тереңдетiлiп көрсетiледi. Сондай-ақ көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, еліміздегі ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, С. Қалиев оқыту барысында оқушының iзденiс іс - әрекеті оның ақыл-ой қабiлетiн дамытуда маңызды құралы болып табылады.
Н. Г. Чернышевский еңбектерiнде оқу процесiнде оқушылардың танымдылық iзденiс іс - әрекетіне арқа сүйеудiң маңыздылығы туралы көптеген пiкiрлер айтылады. ''Егер бiздiң балаларымыз шын мәнiнде бiлiмдi адам болғысы келсе, - деп жазды ол, онда әрбiр оқушы өз бетiнше бiлiм алуға тиiс''[3] .
К. Д. Ушинский еңбектерiнде балаларды өз бетінше iзденiс іс - әрекетімен ойлауын жандандыратын оқыту әдiстемесi айтарлықтай iлгерiлетiлдi [4] . Дегенмен, С. Т. Шацкий мен М. Н. Скаткиннiң зерттеулерi көрсеткендей, бұқаралық мектеп 50-шi жылдарға дейiнгi догматизiмнiң үлесi басым болған көрнекi құралдармен түсiндiрiп оқытылған, 50-шi жылдардан бастап, ұлттың табыстарымен мектептiң өмiрмен байланысының нығайуы сияқты факторлардың ықпалымен дидактикамен әдiстемелердiң танымдылық iзденiмпаздықты дамыту теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседi [5-6] . 80-шi жылдары Пловникова Н. А. өзiнiң ''О теоретических основах воспитания позновательной самостоятельности школьников в обучении'' - еңбегiнде оқушыларды бiлiмдi игеруде өз күшiмен талпынуына дайындығы қабiлетi мен ұмтылуында екендігін атап көрсеттi [7] .
''Белсендiлiк шәкiрт ақыл-ойының iзденiмпаздығының белгiлi бiр дәрежесiн көрсетедi, '' - дейдi Б. П. Есипов [10], Т. И. Шамов белсендiлiктi танымдылық iзденiс іс - әрекеті ретiнде қарастырып отырғанын, яғни iзденiс іс - әрекеті дегенiмiз белсендiлiктiң сипаттамасы екенiн аңғару қиын емес деп атап көрсеттi. В. А. Крутецкий белсендiлiк ұғымын кең ұғым деп есептейдi және оны зерттей келе, мынадай қорытынды жасады: ''Шығармашылықпен ойлау өз бетiнше және белсендi ойлау болады, бiрақ кез келген белсендi ойлау өз бетiнше ойлау емес және кез келген өз бетiнше ойлау шығармашылық емес'' - деп айтты[11] .
Н. В. Бочкинаның докторлық диссертациясында iзденiс іс-әрекеті проблемасы өте тыңғылықты, жан-жақты қарастырылған. Осы проблеманы зерттеген Н. В. Бочкина жеке тұлғаның iзденiс іс-әрекетін жүйе ретiнде қарастырады, мұның өзi iзденiс іс-әрекетінің сапалы жаңа түсiнiгiн бередi. Жеке тұлғаның тұжырымдамасын және оның бiтiмiн басшылыққа ала отырып, белгiлi бiр мағынада алғанда, әрекеттiң белгiлi бiр түрлi тұрғысынан, оқушының қарым-қатынасы аймағы тұрғысынан алғанда ''өздiгiнше жүзеге асырудың'' жүйелi процестерiнiң белгiлерiне ие болады деген қорытындыға келедi [12] .
З. Ф. Чехлованың еңбектерiнде жеке адамның iзденiс іс-әрекеті мен белсендiлiгi проблемасының кейбiр қырлары баяндалады [13] .
Оқушының жеке тұлға ретiнде қалыптасуы әлеуметтiк жағдайдың және оның субъект ретiнде рухани игiлiктердi игеруге және жасауға өзiн-өзi жетiлдiруге, дамытуға бағытталған белсендiлiгi арасындағы өзара байланыспен айқындалады деген идея оның зерттеуiнiң өзегi болып табылады.
ХХI ғасыр орта мектеп мұғалiмдерiне көп жауапкершiлiктi жүктеп отыр. Әр мұғалiм өз пәнi бойынша үнемi iзденiп, қазiргi оқыту үрдiсiнде кең өрiс алған технологиялық әдiстер мен модульдiк жүйе бойынша оқытуға ден қою шарт. Бұл қазiргi мектеп мұғалiмi белгiлi дәрежеде ғалым-педагог болуы тиiс деген сөз. Бұл жүйе бойынша оқытқанда мұғалiмнiң басты көңiл аударатын мәселесi - әрбiр оқушының пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабiлетiн ашу, дамыту оқушының iс-әрекет сипаты, сөйлеу мәдениетi, қасындағы жолдастармен қарым-қатынасы, жұмыс iстеу қабiлетi, iздену қабiлетi, жауапкершiлiгi, өз еркiмен ұсыныс жасауды үнемi бақылап отырады. Өздiгiнен бiлiм алу мәселесi - қазiр ерекше маңызды мәселе: оған мұқият назар аудару қажет [13] . Білім берудің мазмұнын жаңарту жаңа стандарттар мен оқу жоспарларын, жаңа мазмұндағы оқулықтармен бірге оқу материалдарын ғана емес, сонымен бірге оқытудың инновациялық технологияларын, оқу процесін ұйымдастыруда жаңа нысандарын енгізуді көздейді.
Ізденiс әдiстерi - мұғалiмнiң оқушыға берген тапсырмаларын өз бетiнше iздене отырып, тереңдетiп жан-жақты дайындау барысында бiлiм алуы. Елiмiздiң тәуелсiздiк алып, мемлекет ретiнде қалыптасуына аз ғана уақыт өтсе де аяғынан тiк тұрып нық қалыптасып келедi. Экономикалық, саяси, әлеуметтiк, ғылыми салалардан жетiстiгiмiз мақтануға тұрарлық. Осы жетiстiктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшiн аянбай қызмет етуге тәрбиелеу әр педагогтың басты мiндеттерiнiң бiрi екенi айдан анық. Осы тұрғыдан кешегi өткен ғалымдарымыздың бай мұрасын тиiмдi пайдалану қажет. Себебі, география пәндері бойынша iзденiс іс-әрекеті ғылыми түрде қарастырылмаған. Осындай қайшылықтарды болдырмау үшін мектептегі Қазақстанның физикалық географиясын iзденiс іс-әрекетін қалыптастыра оқыту үрдісі қажет болып тұр. Жоғарыда қарастырылған мәселелер Қазақстан географиясынан бiлiм берудегi ең өзектi мәселелер болып табылады. Мұндай қайшылықтарды шешу үшін оқушыға бiлiм беру барысында жаңа технологиялардың ең тиiмдi жақтарын пайдаланып қажеттi тәсiлдерiн пәнге лайықты етiп өзгертіп біз зерттеу жұмыстың тақырыбын: ''Қазақстанның физикалық географиясы курсын'' оқыту үрдісінде оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн қалыптастыру“ деп таңдадық.
Зерттеудiң мақсаты. Қазақстанның географиясы курсын оқыту кезiнде қалыптасқан жүйелi оқу жағдайларын ұйымдастыру барысында өңдеу. Мұндай әдiстемелiк жағдайды бiз жаңа технологиялық әдiс түрлерiн iске асыра отырып, оқушылардың iзденiс iс-әрекетiнiң қалыптасуымен байланыстырамыз.
Зерттеу нысаны: Жалпы орта мектепте Қазақстанның физикалық географиясын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Қазақстанның физикалық географиясын оқыту барысында оқушылардың iзденiс іс - әрекетін қалыптастыру мазмұны әдістері мен тәсілдері.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер Қазақстанның физикалық географиясын оқыту барысында оқушылардың ізденіс іс - әрекетін қалыптастыруға негіз болатын ғылыми материалды қамтыса, екінші тұрақты ұйымдастырылған iзденiс іс - әрекеттері үрдісі жағдайында болса, iзденiс іс - әрекеттерін қалыптастыру тиімді әдіс - тәсілдері іріктелініп, сыныпта және сыныптан тыс оқыту жұмыстары ұйымдастырылғанда қалыптасу сабақтастығы ашып көрсетілсе, онда оқушылардың iзденiс іс - әрекетінің қалыптасу нәтижелігі арта түседі.
Зерттеу мiндеттерi :
1. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту үрдісінде оқушылардың iзденiс iс-әрекетiнiң қалыптасуының әдістемелік негiздерiн анықтау;
2. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту үрдісінде оқушылардың iзденiс iс-әрекетiнің жүйесін жасау;
3. Оқушылардың iзденiс iс-әрекетiнiң қалыптастырудың педагогикалық шарттарын, жолдарын анықтау;
4. Оқушылардың iзденiс iс-әрекетін қалыптастыру үшін әдістемелік ұсыныстар дайындау, оны эксперимент жүзінде тексеру, оны практикаға ендіру;
Жетекші идеясы: Қазақстанның физикалық географиясынан білім бере отырып, оқушыларды өз бетінше шығармашылық қасиетін қалыптастыру, географиялық сауаттылығын жетілдіру, қоршаған ортаны аялай білуге, туған жердің экологиясын, экономикасын, саяси туристік мүмкіндіктерін жан - жақты ұғынатын қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне: “адам -табиғат” қарым - қатынасы мен өзара байланысын зерттеуге арналған теориялық жұмыстар сонымен қатар жеке тұлға жөніндегі теория және оны дамытудағы iзденiс iс-әрекеттердің тәсілдік рөлі жөніндегі жеке тұлға қалыптастыруға арналған ғылыми педагогикалық еңбектер себеп болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық, психологиялық, геоэкологиялық мәселелерді қамтитын жаратылыстану ғылымдары бойынша жазылған еңбектермен танысып, теориялық талдау жасау, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып мұғалімдері мен оқушылармен сауалнама жүргізу, әңгімелесу. Сабақ кезінде, сабақтан тыс шұғылданатын іс - әрекет негіздерін бақылау, зерделеу, педагогикалық - тәжірибені эксперимент жұмысында статистикалық талдау көмегімен оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн қалыптастыру, мазмұнын анықтау.
Зерттеудің дерек көздері: Оқушының жеке тұлғасының даму проблемасы бойынша педагог, психолог, философ, географтардың ғылыми еңбектері, білім берудің жаңа технологиялары бойынша, географияның пәндерінің оқу әдістемелері, білім беру саласындағы арнайы мемлекеттік құжаттар, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, мемлекеттік білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңы, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің тұжырымдамасы, оқу бағдарламалары, оқу әдістемелік кешендер, автордың өзіндік іс - әрекетіне бейімдеген бағдарламалар және ізденушінің тәжірибесі зерттеудiң көзі ретінде алынды.
Зерттеу жұмыстары (1998 - 2006 жж. ) - үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде (1998 -2001 жылдар) тақырып анықталып, зерттеу мәселесінің психологиялық, педагогикалық, еңбектерге талдау жасалды, зерттеу негізінде оқушыларды ізденіс іс - әрекетке баулитын ғылыми әдістемелік негіздері және практикалық міндеттері айқындалды.
Қазақстанның физикалық география сабағында оқушының сабақтан тыс ғылыми әдістері негізінде тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық қабілеттерімен оқушылардың тұлғалық сапасы анықталды, ізденіс іс - әрекеттің құрылымды моделі жасалады, практикалық мүмкіндіктер айқындалады.
Екінші кезеңде (2001-2003 ж) Қазақстанның физикалық географиясы пәнінен оқушыларды өз бетінше ізденіс іс - әрекетінің бастапқы деңгейі белгіленді, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы әдістеме мазмұны анықталды және осының негізінде географиядан Республикалық атаулы ОҚО мүшелерінің мектептерінде эксперимент жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2004-2007жылдар) жүргізілген тәжірибе жұмыстарының қорытындылар шығарып, нәтижелері анықталып бір жүйеге келтірілді. Оқушыларды ізденіс іс - әрекетін қалыптастыратын мұғалімдерге арналған көмекші бағдарлама әзірленді, ғылыми еңбек жазу жұмыстары іске асырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Зерттеу мәселелерi бойынша психологиялық, педагогикалық және философиялық әдебиеттер қарастырылды;
- Қолданыста жүрген Қазақстан географиясы оқу әдiстемелiк кешенiне (ОӘК) сараптама жүргiзiлдi;
- Қазақстанның физикалық география пәнін оқушыларға оқыту барысында (жобаны) болжау үлгiсi әрбiр сабақтарда қарастырылды;
- Қазақстанның физикалық географиясы пәнін оқушыларға оқытуды ұйымдастыруда мұғалiмнiң ізденіс iс-әрекетiн жаңашалау нақтыланды;
- Педагогикалық эксперименттi жүргiзу үшiн әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етілді;
- Педагогикалық эксперименттi өңдеу нәтижесi мен есебi жоспарланды.
Зерттеудiң тәжiрибелiк базасы диссертант география пәні мұғалімі болып істеген Шымкент қаласы № 25 Тұрар Рысқұлов атындағы этнопедагогикалық гимназия мектебі; Кентау қаласындағы № 14 Әл - фараби атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары; Шымкент қаласындағы № 31 В. Терешкова атындағы мектебі; Оңтүстік Қазақстан облысы, Темір ауылындағы М. Әлиев атындағы орта мектеп; Ленгер қаласындағы «Дарын» мектебі; Созақ ауданы, Созақ селосындағы Әлишер Науаи атындағы орта мектептер болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Ізденiс iс-әрекетті тұлға қалыптастыру философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан зерделенді және оны іс жүзінде айқындау тәсілдері анықталды.
- “ізденіс”, “ iзденiс iс-әрекет” ұғымдарының мазмұны айқындалып, жоғары сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде iзденiс iс-әрекетi ұғымы нақтыланды. Әдіс - тәсілдердің тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді. Қазақстанның физикалық географиясына iзденiс iс-әрекетiн қалыптастыратын көмекші құралдар жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстанның физикалық географиясының ізденіс іс - әрекеті негізінде арнаулы курс бағдардамалары дайындалды“Елтану” курсы бойынша Қазақстанды әлем елдерімен салыстыратын өз бетінше ізденіс дағдысын қалыптастыруға арналған арнайы курс бағдарламасы дайындалды. “Туризм және өлкетану” курсына арнайы бағдарламалар дайындалды. Жоғарғы сынып оқушылары Қазақстанның физикалық географиясы пәнінің мазмұнына сәйкес iзденiс iс-әрекет тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалынды. Зерттеу нәтижесінде мектеп мұғалімдері, білім жетілдіру институттары мен педагогикалық оқу орындары іс - тәжірибесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатындар:
1. “Қазақстанның физикалық географиясы курсын” оқыту кезiнде iзденiс iс-әрекетiн қалыптастыру бiлiм беру жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Сондықтан бұл әдiстi зерттеудiң негiзгi астары бiлiм БМЖМС- Білім берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартындағы географиялық бiлiм берудiң бағыт-бағдарын анықтау;
2. Өз бетiнше iзденiс iс-әрекетi ұғымының мағынасы анықталып, Қазақстанның физикалық географиясы курсының оқу мiндетi жүйесiне бейiмделiп құрастыру;
3. Қазақстанның физикалық географиясы курсын оқыту мақсатында оқушыларды iзденiс iсiн қалыптастыру елiмiздiң Ұлан-ғайыр табиғатының алуан түрлiлiгiн бiле отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеудегi ерекше маңыздылығын анықтау;
4. Физикалық география пәнін оқыту бағдарламасындағы жоспарды оқушылардың өз бетiнше iзденiс iс-әрекеттерi бойынша өңдеу қазiргi уақыттағы заман талабына сай туындату;
5. Қазақстанның физикалық географиясы оқулығындағы оқушылардың өз бетiнше iзденiс iс-әрекетiн жүргiзуге арналған тапсырмаларға сараптама жүргiзу;
6. Оқу барысында мұғалiмнiң оқушылармен бiрiге отырып өз бетiнше iзденiс iс-әрекетiн жүргiзуге арналған сабақ түрлерi көрсету.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеден өткізу. Диссертацияның негiзгi тұжырымдамалары мен қорытындылары төмендегiдей ғылыми конференцияларда баяндалды.
- «Современные проблемы региональной экономики, экологии и эколого-географического оброзования» атты халықаралық ғылыми - теориялық конференцияда (Москва - Сергиев Посад - 2003)
- Ұлағатты ұстаз, танымал ғалым атты Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай ғалымдарының ғылыми-тәжірибелiк конференциясының материалдарында (Алматы - 2003 ж) .
- Ағартушы, ғалым, зерттеушi, халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияның материалдарында (Алматы-2005ж)
- Желмая, Түркиядағы Қазақ Жастарының қоғамдық және Мәдени журналында (Түркия - 2006 ж) шәкiрттердi өз бетiнше ізденiс iс-әрекетiне баулитын баяндамаларым баспа беттерiнен жарық көрдi.
«Мектеп оқушыларын кредиттік білім жүйесіне баулу», «География және табиғат». 2005, № 3. /63-66 б/.
Интеллектуалдық шолу. «География және табиғат, 2003 ж № 1 /45-46 б/.
«Елтану курсы қоғамдық - гуманитарлық білімнің» маңызды саласы МННПК «Ғасырлар тоғысындағы географиялы және қолданбалы мәселелері - Алматы КазҰУ. 2004. /182-183 б/.
Қазақстанның физикалық географиясы оқулықтарындағы оқушылардың ізденіс әрекеттеріне бейімделген тапсырмалар.
«Қазақстан географиясы: мазмұны, мәселелері, келешегі» атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары 20-22 сәуір 2006 ж. /79-82 б/.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымша және суреттер, кестелерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, негізділігі, мақсаты, міндеттері айқындалған, зерттеу объектісі мен пәні анықталған, зерттеудің ғылыми болжамы белгіленген, теориялық негіздері мен әдістері, зерттеудің әдістемелік базасы, сондай-ақ ғылыми және тәжірибелік эксперименттік бақылаудан алынған нәтижелерді кезеңдік іске асыру жолдары анықталған.
Зерттеудің теориялық - практикалық мәнділігі ғылыми тұрғыдан негізделген, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz