Ақтау қаласы аумағының топырағын экологиялық-мелиоративтік бағалау және көгалдандыру мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 114 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘӨК 502 654 631, 6 712 4(514) (043) Қолжазба құқығында
Ақашева Әтіркүл Сапарбекқызы
Ақтау қаласы аумағының топырағын экологиялық-мелиоративтік бағалау жӘне кӨгалдандыру мӘселелері
25. 00. 36 - геоэкология
География ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыс
Ғылыми жетекшілері:
ауылшараушылық ғылымдарының
докторы, профессор
Жамалбеков Е. Ү.
география ғылымдарының докторы,
профессор Сәрсенбаев М. Х.,
Алматы, 2005
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР. .
КІРІСПЕ .
1 МАҢҒЫСТАУ ТҮБЕГІНІҢ ТАБИҒИ- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Географиялық орналасуы . . .
1. 2 Геологиялық құрылысы мен жер бедері. .
1. 3 Климаттық жағдайы .
1. 4 Гидрогеологиялық жағдайлары және сумен қамтамасыз
ету мәселелері…… . . . . . .
- Топырақ жамылғысы, ерекшеліктері, аудандары мен
антропогендік әсерлер .
1. 6 Өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі .
2 АҚТАУ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫН КӨГАЛДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАТИВТІК БАҒАЛАУ
2. 1 Қала мен елді мекендерді көгалдандырудың маңызы . . .
2. 2 Елді мекендерді көркейтуде және қоршаған ортаны сақтауда жасыл желектердің алатын орны
2. 3 Түбектегі көгалдандыру жұмыстарының ғылыми негіздерімен айналысатын МЭББ-ның жұмыстары……… . . .
2. 4 Қала топырақтарын экологиялық-мелиоративтік бағалау
3 АҚТАУ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ӘР ТҮРЛІ БӨЛІКТЕРДІҢ ТОПЫРАҚ-МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЛАРЫНА СӘЙКЕС КӨГАЛДАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
3. 1 Ақтау қаласы аумағын көгалдандыру үшін жүргізілетін топырақ-мелиоративтік және инженерлік-рекультивациялық жұмыстар. .
- Ақтау қаласы №7-ші ықшам ауданды көгалдандыру жұмыстары
3. 3 Табиғи зоналық топырақтардағы жасыл желектер.
3. 4 Қолдан төселген топырақ - жерлерге отырғызылған ағаштар . . . .
3. 5 Көгалдандыру жұмыстарын экологиялық-экономикалық бағалау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. .
ҚОСЫМША Б . . .
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
АЭС - Атом электр станциясы
Г ӨЗ - Газ өңдеу зауыты
МАЭК - Маңғыстау атом электр комбинаты
ХТМЗ - Химиялық-таулы-металлургиялық зауыты
МЭББ - Маңғыстау экспериментальды ботаника бағы
АПЗ - Азот пластмасса зауыты
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 1960-жылдардан бастап ‘’қазыналы түбек’’ атанған Маңғыстаудың мол байлығын игерумен байланысты, мұнда, көптеген өндіріс салалары дамып, бұрын халық өте аз мекендеген өлкеге мыңдаған мамандар келіп, жаңа қалалар мен елді мекендер пайда болды. Солардың ішінде, Ақтау қаласы, өзінің архитектуралық көркемдігі жағынан, тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып отыр. Табиғаты қатаң аймақта халық мекендеген жерлерді көгалдандыру аса жауапты іс.
Сонымен түбек байлығын игерумен қатар, ел қоныстанудың алғашқы жылдарынан-ақ қаланы көгалдандыру жұмыстары кең көлемде жүргізіле басталды. Себебі, отырғызылған ағаш, бұта, көгал-шөп пен гүл алаңдары сол жерді мекендеген мұнайшы, кеншілердің мекен-жайларының санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартып, еңбек пен тұрмыстық деңгейлерін арттыруына қажет болды.
Түбекті үш жағынан тұзды теңіз суы қоршағанымен өз жерінде тұщы суы жоқ, нағыз шөл. Жалпы Маңғыстау түбегі, оның ішінде облыс орталығы Ақтау қаласының табиғи жағдайы, оның теңіз жағалауында орналасуына қарамастан, ауа райы өте қатал аймақ. Маңғыстауда дүние жүзінде кездесетін шөлдердің барлық түрлері кездеседі деуге болады. Бұл жөнінде еліміздегі белгілі шөл зерттеуші ғалым, профессор Б. А. Федорович ''Шөл әлпеті’’ деген кітабында Маңғыстау шөлін төмендегідей суреттейді: ''Егер сіз жер шарындағы шөлдердің барлық түрлерінен мағлұмат алғыңыз келсе … онда Маңғыстаудан артық жерді таба алмайсыз [1] . Бұл аймақта, аз ғана кеңістікте, қорықтағы сандықшадай шөл табиғатының әр түрлі көріністХрінің б萰рлық арсеналдары жиналған. Осы қорықтағы сандықшада аса мол байлық ешкім тимеген күйінде жатыр. Маңғыстау ''мақауы’’ көптеген пайдалы қазба байлықтарды шығару мен өНдірудің үлкен өндірцстік орталығына айналатын уақыт келедђ ''. Бұл сөзді автор 1950 жылы жазды. Маңғыстаудың байлық қазынасы бүкіл елімізге көп ұзамай-ақ әйгілі болды. Маңғыстаудағы Б. А. Федорович әңгімелеген шөл түрлерін төменде түбек табиғатын сипаттаған кезде ретімен баяндаймыз.
Маңғыстау сусыз шөл екені айтылды, көгалдандыру мәселесі-ағаш, бұталарды, көгеріс шөп-гүлзарларды қолдан суармайынша болмайтыны анық. Міне, сондықтан да бірінші мәселенің шешілуі тұщы суға тірелді. Қала жағдайында, бұл мәселе, аса қуатты теңіз суын тұщыландыратын атом электростанциясы арқылы шешілген. Ақтау қаласы дүние жүзіндегі ауыз суы осы тәсілмен қамтамасыз етілетін қазірше жалғыз қала. Бұл, тұщыланған су, тек тұрмыстық қажетке емес, сонымен қатар, көгерістерді суаруға пайдалынады. Мұның мемлекетке өте қымбатқа түсетіні де белгілі. Дегенмен халық мүддесі үшін мемлекет осы шығынға барып отыр. Тағы бір ескеретін жағдай-тұщыландыру қондырғысынан құрамында ешқандай тұзы жоқ, таза су шығады. Қолдан тазартылған су бүкіл Мемлекеттік стандарт талабына сай. Ал көгалды дақылдарға құрамында шамалы тұз ерітінділері бар су қажет. Сондықтан бұл тұщыланған суға жерасты ұнғымаларынан жеткізілген тұзды сулармен араластырып суаруға пайдаланылады. Бұл жағдай судың құнын біршама арзандата түседі.
Ал, көгалдандыруды шешудегі екінші басты мәселе-жергілікті топырақтардың экологиялық-мелиоративтік жағдайлары. Біздер ‘’топырақтардың жергілікті экологиялық-мелиоративтік жағдайлары’’ деген мәселеге тегін көңіл аударып отырғанымыз жоқ. Себебі, жергілікті топырақтардың құнарын қолдан арттырмайынша ештеңе өспейді. Ал жақсартудың бұл аймақтағы басты шарасы-суару. Түбірі латыннан алынған ’’мелиорация’’ деген сөз қазақша ‘’жақсарту’’ деген мағынаны білдіреді. Ал, мұндағы топырақтарды жақсарту үшін, олардың жергілікті табиғи жағдайлары және түзіліп, қалыптасу ерекшеліктері, яғни ‘’экологиялық’’ болмысы үлкен маңыз атқарады.
Түбек байлығын халық шаруашылығына түбегейлі игеру- мәселесі бұл аймақтың топырақ жағдайларын да терең зерттеуді қажет етті. Себебі, мұндай зерттеулерсіз жаңа салынып жатқан қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, шамалы болса да тасымалдауға жарамайтын азық-түлікпен жергілікті халықты қамтамасыз ету мүмкін де емес.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - Ақтау қаласы аумағын көгалдандыру үшін жүргізілген көпжылдық тәжірибені және топырақтарын көгалдандыруға жармадылығы жөнінен экологиялық-мелиоративтік, экологиялық-экономикалық талдау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешіледі:
- көгалдандырудың негізгі факторы ретінде түбектің табиғи-экологиялық жағдайларына, яғни географиялық орналасуы, климаттық, гидрогеологиялық жағдайлары және сумен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ өсімдік пен жануарлар дүниесіне сипаттама жасау және оларға антропогендік факторлардың әсерлерін анықтау;
- Ақтау қаласы аумағындағы топырақтарды көгалдандыру мақсатында экологиялық-мелиоративтік бағалау;
- мелиоративті және рекультивациялық іс шараларға байланысты Ақтау қаласы аумағының әр түрлі үлескілерін көгалдандандырудың көпжылдық тәжірибелерін және оларды экологиялық-экономикалық тұрғыдан талдап бағалау.
Зерттеу пәні Ақтау қаласы аумағының топырағы, оның ішінде көгалдандыру мақсатында мелиоративті және рекультивациялық іс шараларға байланысты қала үлескілеріндегі қолдан жасалған топырақ өзгерістері болып табылады.
Зерттеудің нысанына Ақтау қаласы аумағының топырақтарын көгалдандыру мақсатында экологиялық-мелиоративтік, экологиялық-экономикалық бағалау және рекультивациялық іс шараларға байланысты көгалдандырудың көп жылдық тәжірибелері алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері Зерттеу жұмысына 2000-2004 жылдар аралығындағы автордың жеке ізденістері нәтижесінде, тақырыпқа орай жинақталған мәліметтері мен ғылыми әдебиеттер, картографиялық және басылымдар қорындағы деректерді талдауы негіз болды. Сонымен қатар, Қазақ Ғылым Академиясының Ө. Оспанов атындағы топырақтану институтының профессоры Е. Ү. Жамалбековтың басқаруымен, 1960 жылдан бастап, соңғы жылдарға дейінгі жалғасқан зерттеулері пайдаланылды. Бұл зерттеулерге 1997 жылдан бастап, әсіресе, 2000-2004 жылдары автор тікелей қатысты.
Диссертацияда көптеген мәселелерді тереңдеп талдауға жетекші болған деректерді атауға тура келеді. Олар: Геологиясы мен тектоникасын зерттеуде - Б. А. Жукова, Л. В. Алексеев, геоморфологиясын - Б. А. Федорович, Ю. А. Клейнер, жер асты суларын - Ж. С. Сыдыков, топырағын В. М. Боровский, Е. Ү. Жамалбеков, И. П. Герасимов, А. Г. Усачев, А. Х. Файзуллина, өлке танушы Е. Б. Бесімбаев, С. Қондыбаев сияқты ғалымдардың еңбектері кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының Ботаника және Ө. Оспанов атындағы топырақтану институтының, сондай-ақ, Маңғыстау эскпериментальды ботаника бағының құжаттарының деректік маңызы зор болды. Диссертациялық жұмысты орныдау барысында зерттеуге далалық экспедициялық, тарихи географиялық, мұрағаттық және статистикалық міліметтер, фото түсірулер әдістері пайдаланылды. Қаланың әртүрлі топырақ-мелиоративтік үлескілеріндегі отырғызылған ағаш-бұталардың өсіп-дамуына бақылау жүргізілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Түбек тарихында, оның ішінде Ақтау қаласы аумағын мұндай ауқымды көлемде көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін а/ш. ғ. д., профессор Е. Ү. Жамалбековтың зерттеу жұмыстарынан кейін, сол кісінің және профессор М. Х. Сәрсенбаевтың жетекшілігімен қазақ тілінде жазылған топырақты терең зерттеп бағалау алғашқы рет жүргізілуде.
- Ақтау қаласы аумағының топырақтарына алғашқы рет кең көлемде кешенді, жүейлі талдау берілді;
- Мелиоративті және рекультивациялық іс шараларға байланысты Ақтау қаласы аумағының әр түрлі үлескілерін көгалдандырудың көпжылдық тәжірибелерін және оларды экологиялық-экономикалық тұрғыдан талдап бағаланды;
- Ақтау қаласын көгалдандыру үшін топырағына тарихи қалыптаспаған күрделі инженерлік-мелиоративтік қайта қолдан құнарландыру әдістері қажеттігі дәлелденді.
- зерттелу аймағына орта масштабты Ақтау қаласында көгалдандыру жұмыстары бойынша тәжірибе жүргізілген үлескілердің карта-сұлбасы құрастырылды.
- қала топырақтары эколгиялық-экономикалық тұрғыдан бағаланып ағаш, бұталардың өмір сүру мерзімдері анықталды.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. Зерттеу мәселесі бойынша қорғауға мына мәселелер ұсынылады:
- табиғи-экологиялық жағдайы аса қатаң Ақтау қаласының аумағы сәулеттік және әлеуметтік тұрғыдан да міндетті түрде көгалдандырылуының қажеттігі.
- Ақтау қаласы аумағының топырақ-мелиоративтік және экологиялық жағдайларын бағалау және экологиялық-эконмикалық тұрғыдан талдау.
- Ақтау қаласын көгалдандыру үшін топырағына тарихи қалыптаспаған күрделі инженерлік-мелиоративтік қайта құнарландыру әдістерінің қажеттігі.
- Диссертациялық жұмыстың қолданбалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері Маңғыстаудың табиғи жағдайына сәйкес аймақтарында елді мекендерді көгалдандыру мақсатында нақтылы болжамдық жоспар әзірлеуді жүргізуде; әлеуметтік-экономикалық және экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған аумақтық жұмыстарды жүргізуде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеудің кейбір ережелері нақты жағдайларда Қазақстан Республикасының жеке облыстары мен аудандарының көгалдандыруды дамытудың кешенді бағдарламасын жасаудағы болжамдық жеке жоспарларды әзірлеуде, ғылыми-іздестіру және жобалау-жоспарлау жұмыстарында қолданыс табуы мүмкін. Сонымен қатар ‘’География’’ мамандықтарында ‘’Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы’’, ‘’Жер кадастры’’ пәндерінде, экология саласындағы жаңа теориялық мәселелерді шешуде пайдаланылуы мүмкін. Жерді көгалдандыру үшін бағалау ‘’Жер кадастры’’ пәнінің арнайы бөлігі ретінде ‘’Қазақ университеті’’ баспасынан шыққан 2001 ж қазақша, 2004 ж орысша осы саладағы оқу құралдарында көлемді келтірілген. Диссертациялық зерттеу нәтижелері Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласын көгалдандыруда ғылыми тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін әрі қарай бағыттап, басқарып отырудың мүмкіндігі дәлелденген сонымен қатар табиғи климаттық жағдайы ұқсас елді мекендерді көгалдандыру мақсатында қолданылады және әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ география факультетінің оқу процесінде пайдалану үшін қолданысқа енгізілді (енгізу АКТ-лары 20. 06. 05) .
Жұмыс нәтижелерінің сыннан өтуі және мақұлдануы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ‘’Аридтық аумақтарындағы географиялық табиғи және әлеуметтік проблемалар’’ атты Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған ғылыми конференциясында (24-25 мамыр 2001 ж. ), ‘’Шөлді және таулы аймақтардағы экологиялық қауіптің стратегиясы мен және оны бағалау әдістері’’ атты халықаралық симпозиумында (10-11 қазан 2001 ж), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ‘’Қазақстандағы география және экология ғылымының дамуына’’ арналған халықаралық конференцияларында (27-28 наурыз 2002 ж) баяндама жасалынып, ғылыми журналдар мен ғылыми-көпшілік жинақтарда жарық көрді.
Сонымен қатар шет елдерде де, яғни Түркіменстанның Ашгабат қаласындағы ‘’Проблемы освоении пустынь’’ журналында (1. 2002 ж) зерттелу жұмысының тақырыбына қатысты мәліметтер орыс тілінде басылып шықты.
Зерттелу жұмысының тақырыбына қатысты, 2000-2005 жылдарда басылып шыққан, ғылыми жинақтарда автордың 11 мақаласы жарық көрді.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы . Диссертациялы тақырыбы бойынша 11 ғылыми мақалада жарияланған.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін 14 суретпен, 24 кестемен жабдықталды. Жұмыстың көлемі 119 бет, қолданылған әдебиеттер саны 106.
1 МАҢҒЫСТАУ ТҮБЕГІНІҢ ТАБИҒИ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Маңғыстау аймағы, бұрынғы кездерде, мекенді орын ретінде көгалдандыру мақсатында ешуақытта зерттелмегендігін ескере отырып, түбек табиғатын сипаттауға тура келеді.
1. 1 Географиялық орналасуы
Маңғыстау-Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бүкіл жер шары көлеміндегі Еуразия құрлығының ортасында, Еуропа мен Азияның түйіскен өңірінде жайғасқан. Облыстың шеткі нүктелері төмендегідей: Батысы-Каспий теңізіндегі Құлалы аралы (50 о . 00 ш. б. 44 о . 57 с. е. ) ; шығысы-Қазақстанның Ақтөбе және Өзбекстанмен шектескен жерінде (56 о . 45 ш. б. пен 41 о 09 с. е. ) оң түстігі- Түрікменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы (41 о . 15 с. е. пен 55 о . 40 ш. б. ) ; ал қиыр солтүстігі-Атырау облысымен шекарадағы Желтау тауы (46 о . 26 с. е. пен 55 о . 20 ш. б. ) болып табылады.
Маңғыстау түбегі-республикамыздың оңтүстік батысында Каспий теңізі суымен қоршалып, тек шығысында әйгілі Үстірт жазығымен жалғасады. Түбек аумағының жер көлемі 8 миллион гектарға жуық. Бұл Батыс Европаның кейбір мемлекеттерінің жер көлемінен артық, яғни, түбек көлемі Швейцария мен Бельгияны қоса есептегендегі жер көлеміне тең.
Зерттеушілердің кейбірі Маңғыстау түбегінің терістік-батыс бөлігін тағы екі түбекке бөледі. Оның бірі кең көлемді Бозащы түбегі болса, екіншісі теңіз суына жіңішке қолтық болып сұғынып жатқан Түпқараған түбегі [2] .
Маңғыстау түбегінің орта бөлігін теңіз жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай созыла жайғасқан Маңғыстау таулары алып жатыр, ең биік нүктесі-Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы, биіктігі теңіз деңгейінен 556 м жоғары. Ал, ең төменгі нүктесі Қарақия ойысының түбінде-теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. Жалпы бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүние жүзінде 5-орын алады. Қарынжарық (теңіз деңгейінен 70 м төмен), Қауынды (теңіз деңгейінен 57 м төмен) ойыстары алып жатыр. Батыстан шығысқа 210-220 км-ге созылған сортаңды, құмды жазықтың биіктігі 61 метрге дейін жетеді. ''Маңғыстау'' деген сөз, негізінде, қазақтың ''мың'' қыстау деген сөзінен алынған болса керек. Бұл сөздің мағынасы аймақтың табиғи жағдайы, әсіресе, түбектің ықтасындары мол таулы аймақтары мал қыстауға ыңғайлы болуында.
Міне, сондықтан да, бұл алқап ''мыңдаған қыстаулар мекені'' деген сөз. Дегенмен ''Маңғыстау'' деген сөздің өзі де қазаққа аса жат сөз болмаса керек. ''Маңыраған'' деген сөз малдың, оның ішінде ұсақ малдың (қой-ешкі) өте көп болып дауыс шағыруын айтады. ''Маңғыстау'' сөзіне алғашқы рет түсінік берген Махмут Қашқари (ХІ ғ) : ''Маңғыстау'' сөзінің ''ман'' бөлігі оғыздарда төрт жастағы қойдың аты, сонда Маңғыстау түрікмен жеріндегі ''қой қыстауы'' деген географиялық атау деген [2] . Жарты арал Қашқариден кейінгі дәуірдегі (ХІІІ-ХІҮғ. ) ибн әл-Әсир, ибн Фадлаллах, әл-Омари, Якут, ибн Нәджиб сияқты араб, парсы оқымыстыларының шығармаларында ''Маңғышлақ'' деген атаумен беріледі. Әбілғазы шежірелеріне сүйеніп, орыс географы Ф. И. Соймонов та (1765) осылай атауды мақұлдайды [3] .
Маңғыстау аймағының топырақтары сорланған, құмды, шаңы бораған, жазы ыстық, қысы қақаған қара суық табиғатының аса қатал, сусыз шөл екендігі анықталған. Сондықтан, бұл аймақ, кезіндегі патшалық Ресейдің аса ''қауіпті'' саяси ''жазалыларды'' жер аударатын мекені болған, яғни ''құлыпсыз абақты'' деп те аталып келді. 1850 жылдары Маңғыстаудың Новопетровск (қазіргі Форт-Шевченко қаласы) қамалында патшалық Ресейдің әмірімен жер аударылып жүрген, Украинаның ұлы ақыны, қазақ халқының нағыз досы Т. Г. Шевченко Маңғыстау табиғатына сипаттама бере келіп: ''Нағыз шөл-дала; құм мен тас, шөп атаулы, ең болмаса бұтасымақ болса екен-ау. Жөнді тауды да көрмейсің, - не екенін жын білсін. Қарайсың-қарайсың да көзің талады, зығырданың қайнап, асылып өлгің келеді, асылар да ештеңе таппайсың'' деген болатын. Міне осындай қу шөлде, 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Маңғыстау түбегінде көптеген байлықтар табылып, түбек аты ''қазыналы түбек'' атанды.
Маңғыстау-қазақ елінің әлемге ашылған теңіз қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресеймен үнемі байланыс жасалады, ал Еділ-Дон каналы арқылы Дүниежүзілік мұхитқа шығуға болатын мүмкіндіктер мол.
1. 2 Геологиялық құрылысы мен жер бедеріне жалпы сипаттама
Түбек жерінің геологиялық құрылысы Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда онша күрделі емес.
Маңғыстау жер қыртысының құрылымы негізінен пермь, триас, юра, бор дәуірі шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған әр түрлі жыныстардан тұрады. Маңғыстау өңірін Каспий теңізінің жартылай қоршап жатуы және оның деңгейінің бірде жоғарылап, бірде төмендеуі маңайындағы орналасқан аймақтардың ауа-райына немесе өсімдіктер дүниесіне ғана емес, геологиялық құрылымына да айтарлықтай әсер еткені даусыз. Түбектің кез келген бұрышынан мұнай мен газдың атқылауында, бір кездегі, осы аймақты қымтай жайғасқан, кейін тартылып қалған, Тетис мұхиты мен оның қазіргі замандағы көзі- Каспийдің атқарар орны орасан зор. Сондықтан да, мамандардың дәлелдегеніндей қазіргі Манғыстаудың жер қыртысындағы геологиялық түзілімдердің көпшілігі бұл аймақтың түгелімен су астында жатқан көне дәуірмен тұстас келеді [4] .
Түбек аумағын өзінің тарихи дамуының өн бойында теңіз суы басып жатқан. Ежелгі кембрийге дейінгі жынысты қабат Тетис теңізінің астында қалып, кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстарымен жабылған.
Палеозой дәуірінің соңы мен мезозой дәуірінің бас шамасындағы пермь, триас кезеңдерінен ( бұдан шамамен 190 млн жыл бұрын) қалған құм, тас, саз, жік тас, көк сұр әк тастар қазіргі Қаратау баурайларынан жиі кездеседі. Палеозой эрасының аяғында, Мезозой эрасының орта шенінде тау түзілу процестері болған. Осы кезеңде (юрада бұдан шамамен 140-150 млн жылдар бұрын) Маңғыстау таулық жүйесі түзіле бастайды. Көтерілу процестері бор, тіпті, палеоген дәуірінде де жүреді. Облыс аумағын мезозой эрасында да, одан кейін де теңіз суы басып жатқан Маңғыстаудағы юра қабаты шамамен 1300 м-ге жетеді. Жетібай, Өзен кен орындарында бұл қабаттан қазірде мұнай өндірілуде.
Маңғыстаудағы ең көп кездесетін тау жыныстарының бірі бор (бұдан шамамен 115-120 млн жыл бұрын) кезеңінің қалдықтары болып есептелінеді. Солтүстік пен оңтүстік Ақтау және олардың арасындағы ірілі-уақты алқаптар, негізінен, бор дәуірінің шөгінділері құмнан, тастан, ақмергель бор, әктас, саз тастардан тұрады. Бор дәуірінен қалған, жел мен судың және күннің әсерінен (адам таңқаларлық) әр түрлі бейнедегі ''қотыр тастарды'' жиі кездестіруге болады [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz