Шәкәрім поэтикасы
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шәкәрім поэзиясындағы жаңашылдық
Шәкәрімнің ақындық әлемі
Шәкәрім поэзиясындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасына қайта үңілу оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Өткен ғасырдың күрделі кезеңінде өмір сүрсе де ғаламдық ой таным дәрежесіне көтерілген Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім ұлылығын айғақтайтын басты белгі. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – дін тақырыбына қатысты ақынның тұжырым, түйіндерін танып білудің маңыздылығы да дау тудырмайды. Себебі, ғұлама суреткер дін мәселесін шын ақыл мен салқын сана арқылы сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген. Күрделі болмыс иесінің шығармашылық мұрасын әр түрлі аспектіде тереңдей, кешенді түрде қарастырудың қажеттілігі де осыдан туындайды.
Зерттеудің өзектілігі. Шәкәрім поэтикасындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі қазақ поэзиясының бастау көзедерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер арқылы Шәкәрім өлең сөздерін жетілдіріп, рухани әлемімізді жаңа әдіс- тәсілдермен, бейнелік оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен образдық үлгілермен толықтырған. Шәкәрімнің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті образдардың мәні қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен құнды. Қандай да бір мәселені тілге тиек етсе де ақынның ерекшелігі оны кең ауқымда алып, өлең өлшеміне өрісті оймен сыйдыра білген. Бұл қасиет сөз зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді туындыларында да бөлекше бітімге, әсерлі айшыққа ұласқан. Ақын поэмаларының тақырыптық жүйесі, жанрлық түрі, идеялық және мазмұндық негіздері қазақ поэзиясындағы тың үрдісті танытады. Онда дәстүрлі шығыстық сөз саптау үлгісі мен батыстың дамыған әдебиетінің ықпалы өзара үйлесім тапқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Оның негізі қай қоғамның да көкейкесті мәселесі болып келген адам тұлғасы мәселесін көтеруде жатыр. Ақын шығармашылығының түп тірегін және шешуші мәнін құрайтын адам мен қоғамның, адам мен тылсымның (жар- жаратушы) мәселелерінің мәнін ашу іргелі зерттеуге негіз боларлық өзекті мәселе. Шәкәрім дүниетанымы өзі өсіп өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның көркемдік әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының мәні терең. Сөз

Бөкейханов Ә. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі (1911 жылы
басылып шыққан кітап жайлы) // Қазақ, 1913. 28 сәуір №12 («Қыр баласы» деп қол қойған).
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тезистер, публистициалық мақалалар мақалалар және әдеби зерттеулер (Құрастырушылар Нұрғалиев Р.). – Алматы: Жалын, 1991.– 464 б.
Мұхаметханов Қ. Шәкәрім (өмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті, 1988. 15 сәуір.
Әуезов М., Аймауытов Ж. Абайдан соңғы ақындар // Абай, 1993. №5. Б. 45-52.
Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. Алматы: Рауан, 1994. – 367 б.
Орда Г. М.Базарбаев мұрағатындағы Шәкәрім туралы құжаттар // «Орталық Азия аймағы: өткені мен бүгіні» Халықаралық ғылыми симпозиумның материалдары» Ақ Орда», М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ. – Алматы: Нұр, 2006. – Б. 366-371.
Орда Г. Шәкәрімтанудың негізін салушы // Шәкәрім әлемі, 2006. №3. Б. 49-53.
Күмісбаев Ө. Шәкәрім, Мағжан және Мүсілім Базарбаев // Президент және халық. – 2007. 18-мамыр.
Дуисенбаев Ы. Худайбердиев Шакарим. В кн.: Краткая литературная энциклопедия. – Москва, 1975.
Магауин М. Кудайбердиев Шакарим. В кн.: Поэты Казахстана. Серия Библиотека поэта. – Москва: Советский писатель. Отд. Ленинград. – 1978.
Мұхаметханов Қ. Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы // Семей таңы. – 1988. 15-16 сәуір.
Шәкәрім шығармалары // Семей таңы. – 1989. 21 ақпан.
Құдай деген сөзден сақтасын // Қазақ әдебиеті. – 1989. 17 наурыз Б. 10-11.
Шәкәрім (Өмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті. – 1988. 15 сәуір.
Шәкәрім шежіресі // Қазақ әдебиеті. – 1989. 14 шілде Б. 10-11.
Елеукенов Ш. Қайтып оралған қазына. Шәкәрім ақынның өмірі мен творчествосы жайында» // Социалистік Қазақстан. – 1988. 14 сәуір.
Базарбаев М. Новая встреча с поэтом // Казахстанская правда. – 1988 27 июля.
Сәтбаева Ш. Бұрын зерттелмеген еңбек // Қазақ ССР ҒА. Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1988. – №3. – Б. 3-20.
Сәтбаева Ш. Достық жаршысы (Шәкәрім Құдаайбердиевтің туғанына 130 жыл) // Социалистік Қазақстан. – 1988. 29 шілде.
Мағауин М. Шәкәрімнің ақындық желі // Лениншіл жас. – 1988. 15 сәуір.
Мағауин М. Шәкәрім Құдайбердиев поэзиясының Семей облысында өтетін күніне орай // Қазақ әдебиеті. – 1988. 15 шілде.
Мағауин М. Ғаділетті жүрегі бір қозғалған (Ш Құдайбердиевтің туғанына 130 жыл) // Білім мен еңбек. – 1988. №7.
Мағауин М. Абайдың ақын інісі // Жұлдыз. – 1988 №8. 178 б.
Мағауин М. Шәкәрімнің шеберлігі // Жұлдыз. – 1988. №10. – Б. 178-185.
Тәжібаев Ә., Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев // Кітапта Құдайбердиев Шәкәрім. Шығармалары Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Алматы: Жазушы. – 1988. – Б. 5-24.

Қолжазба құқығында
ӘОК 821. 512. 122.
092
ІЗТІЛЕУОВА САЛТАНАТ ДАЛБАЙҚЫЗЫ
Шәкәрім поэтикасы
10.01.02 – Қазақ әдебиеті
Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі қазақ әдебиеті
бөлімінде орындалды.
Ғылыми кеңесшісі: ҚР ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының
докторы, профессор
С.С. Қирабаев
Ресми оппоненттері: филология ғылымдарының докторы,
профессор
А.С. Еспенбетов
филология ғылымдарыньщ докторы,
профессор
М. Хамзин
филология ғылымдарының докторы
С. Дәуітов
Жетекші ұйым: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Диссертация 2007 жылы 14 желтоқсанда сағат 15.00-де Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық кеңесінің
мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы,
Шевченко, 28).
Автореферат 2007 жылы _________________таратылды
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының кандидаты
С.С. Қорабай
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт
бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған
мұрасына қайта үңілу оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып
отырған қажеттілік. Өткен ғасырдың күрделі кезеңінде өмір сүрсе де ғаламдық
ой таным дәрежесіне көтерілген Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп
қазығы – ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек иесі түзу адамды
қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына
шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі
күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың
ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек
тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім ұлылығын айғақтайтын
басты белгі. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – дін тақырыбына қатысты
ақынның тұжырым, түйіндерін танып білудің маңыздылығы да дау тудырмайды.
Себебі, ғұлама суреткер дін мәселесін шын ақыл мен салқын сана арқылы
сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген. Жаратылысқа деген
сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі
ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Күрделі болмыс иесінің шығармашылық мұрасын әр түрлі аспектіде тереңдей,
кешенді түрде қарастырудың қажеттілігі де осыдан туындайды.
Зерттеудің өзектілігі. Шәкәрім поэтикасындағы күрделі тақырыптарды
дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі
қазақ поэзиясының бастау көзедерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер
арқылы Шәкәрім өлең сөздерін жетілдіріп, рухани әлемімізді жаңа әдіс-
тәсілдермен, бейнелік оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен образдық
үлгілермен толықтырған. Шәкәрімнің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті
образдардың мәні қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен
астасып жататындығымен құнды. Қандай да бір мәселені тілге тиек етсе де
ақынның ерекшелігі оны кең ауқымда алып, өлең өлшеміне өрісті оймен сыйдыра
білген. Бұл қасиет сөз зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді
туындыларында да бөлекше бітімге, әсерлі айшыққа ұласқан. Ақын поэмаларының
тақырыптық жүйесі, жанрлық түрі, идеялық және мазмұндық негіздері қазақ
поэзиясындағы тың үрдісті танытады. Онда дәстүрлі шығыстық сөз саптау
үлгісі мен батыстың дамыған әдебиетінің ықпалы өзара үйлесім тапқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық мазмұны,
көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Оның негізі қай қоғамның да
көкейкесті мәселесі болып келген адам тұлғасы мәселесін көтеруде жатыр.
Ақын шығармашылығының түп тірегін және шешуші мәнін құрайтын адам мен
қоғамның, адам мен тылсымның (жар- жаратушы) мәселелерінің мәнін ашу іргелі
зерттеуге негіз боларлық өзекті мәселе. Шәкәрім дүниетанымы өзі өсіп өнген
жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып
жататындықтан оның көркемдік әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой
образының мәні терең. Сөз арқылы адам түзетпек болған сөз зергері
шығармашылығының көркемдік поэтикасын ғылыми саралаудың аса маңызды
қажеттілігі де осыдан туындайды. Өйткені барлық замандарға тән мәңгілік
тақырыптарды (жан мен тән, өмір мен өлім, адам мен жаратылыс) бейнелеудегі
поэтикалық үлгілер көнеден күні бүгінге дейін түрлі даму сатыларын басынан
өткерді. Бұл жағдай Шәкәрім өмір кешкен аумалы-төкпелі трагедияға толы
заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де адамзат үшін аса маңызды
тақырып. Ақын қалам тербеген аса елеулі тақырыптарда қоғам, әлеумет
мәселелері терең ойшылдықпен көркемделіп ақын поэзиясы философиялық және
терең әлеуметтік мазмұнға ие болады. Сонымен бірге руханиятымыздың өзгеше
сипатты поэтикалық көркемдік болмысын қалыптастырып, аясын кеңейтеді.
Әдебиеттің ежелден бергі обьектісі адам болмысы, адамды тәрбиелеу,
жетілдіру болса Шәкәрім бұл тарапта қазақ қоғамының азаматын тәрбиелеудің
өркениетті үлгісін әлдеқешан-ақ сомдаған, жеке адамды түзету арқылы
қоғамды түзету, адам баласының өмір сүру барысындағы үздіксіз іздену, өзін-
өзі жетілдіру мәселесіне ден қойғанда ғана тіршілікте үйлесім болатындығын
ақындық шеберлікпен көркем бейнелеген.
Демек адам болмысы, адамның жан дүниесіндегі түрлі сапалық
өзгерістерді поэзия тілімен өрнектеудің өзгеше әдіс-тәсілін тапқан ақын
қазақтың төл әдебиетімен ғана шектелмей түбі бір түркі руханиятының
мазмұнды туындыларынан сусындап, әрі әлемдік ақыл-ой жетістіктерінен
үйренген.
Әдеби туындының көркемдік әлемі қаламгердің ой-қиялы және
дүниетанымы мен сөз саптасына келіп тіреледі десек, қазақ өлеңінің
кеңістігінде Абайдан соңғы ойлы өлеңнің өрнегін салған суреткер – Шәкәрім
Құдайбердіұлы. Оның шығрамашылығының поэтикалық жүйесіндегі өзіне тән
ерекшеліктерді былайша сипаттауға болады:
Біріншіден, ақын өлеңге өнер ретінде қарап, оны өрелі ой айтудың
құралына айналдырған. Сондықтан да өлең жолдарында философиялық таным мен
поэзиялық көркемдіктің тұтастықта жарасым тауып, нәтижесінде қазақ
поэзиясында жаңа мазмұндағы өлеңдік өрнектер мен келісті суреттеулер, тың
түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген.
Екіншіден, Шәкәрімнің лирикалық кейіпкерлерді сомдаудағы өзіндік
қолтаңбасы шағын лирикалық өлеңдері мен көлемді туындыларында да
сабақтастық тауып, ой мен сөздің мән мағынасын, әсерін арттыра түсетін:
шын нұр, шын асық, таза ой, от жүрек, тәтті тіл, таза жан т.б.
көптеген эпитеттік қолданыстарды түрлендіре қолдануы ұлттық поэзиямыздағы
көркемдік құралдарды тыңнан түлетіп қана қоймай, ақынның қаламгерлік
қолтаңбасын айқындайтын айрықша белгіге айналған. Тек бейнелілік қана емес
оның терең мазмұнымен өрілген өзгеше бітімі руханиятымыздағы жаңа бір
көркемдік дүниені қалыптастырды.
Үшіншіден, ақын поэзиясындағы адам мәселесі өзгеше өрнекпен, бөлекше
талап – тілекпен сомдалып, алдымен адам жан дүниесінің сапалы жақтарын
дамыту баса көрсетіліп, адам табиғи жаратылыстың күрделі нәтижесі ғана емес
рухани жан әлемі ерекше қасиетке ие болған құбылыс екендігін дәлелдеу үшін
поэтикалық жүйе жасалды. Осы мәселені шешуде суреткер небір жаңа
метафоралар мен ауыстыруды түрлендіре қолданды. Дәстүрлі адам мен табиғат
бірлігін психологиялық тұрғыдан сипаттаудың тың үлгісін танытқан сөз шебері
шынайы болмыс суретінен асып, адам мен тылсым арасындағы нәзік қарым-
қатынастың сипатын танытудың жаңа жолын қалыптастырды.
Төртіншіден, ақын поэтикасы қазақ поэзиясында бұрын соңды қолданылмаған
фразеологиялық оралымдармен бейнелі суретті сөздермен дараланады. Мысалы,
сұм жүректің оянбауы, жебір ұлық қылған іс, өлі жүрек, көңілдің
қабағы салбырады, залым ғалым, сұм ақын, тозған ой, азат ақыл,
күңшіл мұңдар сияқты алуан сипатты адам психологиясының суреттерін ашатын
сөз образдарымен халқымыздың өлең өрісінде ерекше стиль, мәнер және өлең
құрау машығын алып келді. Осындай психологиялық оралымдар ақын кейіпкерінің
көңіл күйімен қоса оның рухани ой- дүниесінің терең қалтарыстарын тануға да
мүмкідік береді. Мұндай тың талаптарға өлең ұйқасындағы жаңа түр мен ырғақ
та сәйкес келеді.
Бесіншіден, ойшыл ақынның шығармашылық поэтикасындағы Алла, жар,
жаратушыны жырлау үлгілері дәстүрден ерекше сипатта көрінеді. Алланы
дәріптеу, оны әділет пен тазалықтың қайнар көзі ретінде таныту үрдісі
арқылы Шәкәрім жалпы адамзатқа ортақ қоғамдық мәні күшті мәселелерді
көтереді. Дүниенің құпия сырларын танып білудің жолын жар, жаратушымен
байланыста қарастыру арқылы түзу адам қалыптастырудың жаңа жолдарын
ұсынады. Бұл тарапта да жаңа ұғымдар қалыптастырады. Мысалы, тек қана нұр
сөзінің мағыналық өрісін кеңейту арқылы өлеңнің көркемдік сапасын биіктетіп
қоймай жаратушыдан келген негіздің мәнін бүкіл ғаламға таратады.
Алтыншыдан, Шәкәрім шығармашылығының поэтикасы жанрлық, мазмұндық,
стильдік күрделілігіне қарамастан қазақ халқының ұғымына сай, қазақи ойлау
жүйесіне ұғынықты сипатта жазылды. Мұның өзі аса талантты тұлғаның жалпы
адамзаттық құндылықтарды творчестволықпен игере отырып, оны өз жұртының
игілігіне айналдыра білген ғұламалығын танытады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұған дейін де Шәкәрім Құдайбердіұлы
шығармашылығы әр түрлі ғылым салалары тарапынан зерттеліп, соңғы жылдары
Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде біршама жетістіктерге жетіп,
қалыптаса бастағаны белгілі. Шәкәрім болмысының күрделілігі мен оның
қалдырған мұраларының сан салалы сипаты әр түрлі ғылым өкілдерінің назарын
аудартып тың ізденістер тудыруда. Яғни ақын шығармашылығының поэзиямен
ғана шектелмейтіндігі философиялық тарихи дерек көздері мен ағартушылық
педагогикалық көзқарастарының жүйесін кешенді түрде зерттеудің енді қолға
алына бастауы заман үрдісінен туған қажеттілік.
Сондықтан қазіргі кезеңде Шәкәрім шығармашылығын белсенді зерттеумен
әдебиетшілермен қоса, философтар, тарихшылар, педагогика және психология
ғылымдарының мамандары айналысуда.
Әрине Шәкәрімнің философиялық, ағартушылық, психологиялық ой
тұжырымдарын танудың негізі – поэзиялық туындылары. Шәкәрім шығармашылығын
зерттеудегі осы ерекшелікті шәкәрімтанушылардың қай-қайсысы да атап
көрсетеді.
Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, іргетасын қалаған
Ә.Бөкейханов [1], А.Байтұрсынов [2] сияқты ойшыл қайраткерлері. Шәкәрімнің
Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты
дәлелдеп, ақын поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделігін
анықтады. Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, дін мәселелеріне ерекше
назар аударғандығын алғаш тілге тиек еткен. Қазақ қоғамының саяси-
әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайтын Ә.Бөкейханов
Түрік, қырғыз, қазақ hәм ханлар шежіресі, Қалқаман-Мамыр поэмалары
жөнінде жазған сын мақалаларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына
жоғары баға беретін ой- тұжырымдарын шәкәрімтанудың бастауы ретінде
қарастыруға болады.
Әдеби процесті зерттеуде кейінгі ғалымдарға үлгі болған Ахмет
Байтұрсыновтың Абай шығармашылығы жөнінде жазылған Қазақтың бас ақыны
мақаласындағы: Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп,
жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да
қазақ балалары талай алғыс берер [2, 301], – деген пікірінің
шәкәрімтанушыларға да тікелей қатысты екендігі ақиқат. Себебі, Шәкәрім ақын
Абай дәстүрін бірден-бір жалғастырушы әрі жалғастырып қана қоймай, оны
түрлентіп түлету арқылы жаңа сапаға көтерген ұлы тұлға. Белгілі абайтанушы
Қайым Мұхаметқанов бұл жөнінде: Қазір әдебиетіміздің тарихында орны
ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске
алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін. Өйткені, ол
Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда бірегейі, – деп ой
түйіндеген [3, 5 б.].
Шәкәрім поэзиясының тақырыптық ауқымдылығын, идеялық тереңдігін,
мазмұнының кеңдігін, әлеуметтік қажеттілігін атап көрсеткен М.Әуезов пен
Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетінің даму процесіне арналған Абайдан соңғы
ақындар атты мақаласында: Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің
сыртымен болмаса да, ішкі мағынасымен еліктеген кісі – Шәкәрім. Мінді,
кемшілікті, айтқанда жерлеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде ащылық
бар [4], – деп, Шәкәрім поэзиясының реалистік сипатына баға берілген.
А.Байтұрсынов та Шәкәрім поэзиясында өтірік әсерлеу, утопизм жоқ екендігін
тілге тиек етеді. Шәкәрім кейіпкерлері қарапайым адамдар арасында жүріп
өздерінің ерлігін, білімділігін, мәдениетін көрсете білген дара адамдар.
Ахмет Байтұрсынов мұндай жырларды әуезе жыр дей келіп: әуезе жырлар
тікелей тарихи оқиға шеңберін қатаң ұстамайды, жыр шығарушының қиялы еркін
болады. Бірақ, жыр шығарушы адамды орынсыз көркейте, көтере бермейді, –
дей келіп: Әуезе жыр мысалдары Мұқамбетжанның Топжарғаны, Шәкәрімнің
Жолсыз жазасы, Қалқаман-Мамыры, Мағжанның Батыр Баяны сияқты сөздер
[2] –деп ой түйеді.
Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов мақалаларында Шәкәрімнің
еңбектеріне оң баға беріліп, Шәкәрімді Абайдың жолын қуған бірден-бір
шәкірті және ізбасары деп бағалайды. Мәселен, 1922 жылы Ләйлі-Мәжнүн
поэмасының Шолпан журналының бірнеше санына шығуына М.Әуезов көмектессе,
кейін 1935 жылы оның жеке кітап болып шығуына С.Сейфуллиннің сіңірген
еңбегі зор. Ол Әдебиет майданы журналының редакторы қызметін атқарған
кезеңде Шәкәрімнің Пушкиннен Метель, Боран атты аудармасын бастырып
шығарды. Пушкиннің көркем сөзбен жазған шығармасын ақын поэзия тілімен
аударған. Осы тұрғыдан келгенде, С.Сейфуллин ақынның осы еңбегіне ерекше
баға беріп Ләйлі-Мәжнүн дастанына да өзіндік көзқарасын білдірді.
Шәкәрімтануға күн санап қосылып жатқан жаңа деректерге сүйенер болсақ,
ақын мұрасы кеңестік дәуір тұсында да біршама зерттелгені көрінеді. Оған
ақын мұрасы екінші рет ресми ақталған соң шыққан М.Базарбаевтың зерттеуі
мысал [5, Б. 52-104]. М.Базарбаев ақынның баласы Ахат Құдайбердіұлымен хат
алысып тұрған және мұрасының ақталуына көп септігін тигізгендігін, 1969
жылы жазылған докторлық диссертациясының бір тарауын ақын мұрасын зерттеуге
арнағандығын да зерттеушілердің деректерінен танып жүрміз [6, Б. 366-371].
Осындай табылып жатқан тың деректер ақын мұрасының қаншалықты зерттелген
сайын толыға түсетінін көрсетсе керек [7, Б. 49-53]. Зерттеушінің осы ойын
жуырда жарық көрген белгілі шығыстанушы ғалым Ө.Күмісбаевтың мына сөздері
растай түседі: Мүсілім Базарбаев Шәкәрім туындыларының жарыққа шығу
жолында көп бейнет кешкен көрнекті әдебиетшілердің, нағыз жанашыр
қамқоршылардың бірі болды. Шәкәрімнің баласы Ахат қаншама қиындық кешті,
соның бәрін Мүсілім аға көз алдынан өткізді, тоқырау заманының көп
тегеріштерін көрді. Бірақ, шындық, әділеттілік жеңіп шықты. Шәкәрім жеңді.
Мүсілім мерейі өсті [8].
1975 жылы Ы.Дүйсенбаевтің ықпалымен Краткая литературная
энциклопедияның 8-томына Худайбердиев Шакарим атты мақала енгізілсе [9],
1978 жылы М.Мағауин Поэты Казахстана деген жинақта ақынның бірсыпыра
өлеңдерін жариялады [10]. Осындай іс-әрекеттердің ақын мұрасына тыйым
салып отырған кезде Кеңестер Одағының астанасы Мәскеуде жасалуын сол
тұстағы көзсіз жасалған үлкен ерлікке балауға болады. Себебі, бұл кезде
мұндай әрекетті ақынның өз елінде жасау мүмкін емес еді. Кейін 1988 жылы
Ж.Бектұров Ақын мен жауыз атты балладасын жазды.
Кеңестік дәуірде коммунистік идеология ақынның әдеби мұрасын жарамсыз
етіп тапты. Халық жауларының қатарына енгізілген ақын есімін Кеңестік
билік қазақ әдебиетінің бетінен алып тастады. Алайда Кеңес Одағының ыдырауы
ақын мұрасының қайта қаралуына түрткі болды Тәуелсіздіктің бастапқы
жылдарында Шәкәрім мұрасының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтауда белгілі
абайтанушы Қайым Мұхаметқанов зор еңбек сіңірді. Оның 1988 [11] және 1989
жылдары [12] Семей таңы газетінде және сол жылдары наурыз [13], сәуір
[14], шілде [15] айларындағы Қазақ әдебиетінде жариялаған еңбектерін
шәкәрімтанудың жаңа кезеңінің басталуы деп бағалауға болады.
Осы жылдары Шәкәрім мұрасын зерттеуде, оның поэзиясының идеялық,
мазмұндық және поэтикалық ерекшеліктеріне үңілген мерзімді басылым
беттеріндегі Ш.Елеукеновтің [16], М.Базарбаевтың [17], Ш.Сәтбаеваның Қазақ
ССР Ғылым академиясының Хабаршысында [18], Социалистік Қазақстан [19],
М.Мағауиннің Лениншіл жас [20], Қазақ әдебиеті [21], Білім және еңбек
[22], тамыз [23], қазан [24] айларындағы Жұлдыз журналдарында және
Ә.Тәжібаевтің [25], М.Мырзахметовтің [26], Р.Нұрғалиевтің Арай [27],
Заря [28] журналдарындағы мақалалары негіз болды.
80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында ақын шығармашылығын зерттеу
ісі тереңдей түсті. Шәкәрімтанушылар ойшыл ақынның рухани-философиялық
мұрасын әр қырынан жан-жақты сараптап талдауға ден қойды. Шәкәрімтанудың
белсенді дамуына М.Базарбаевтың [29], Ш.Елеукеновтің [30], Р.Бердібаевтың
Қазақстан мұғалімі [31], Лениншіл жас [32] газеттеріндегі,
Х.Сүйіншалиевтің [33], Т.Жұртбаевтың Жұлдыз [34] журналындағы мақаласы
мен зерттеуі [35], Ө.Күмісбаевтың [36], А.Қыраубаевалардың [37] тың
зерттеулері қомақты үлес қосты.
Шәкәрімнің шығармашылығындағы философиялық толғамдар туралы еңбектерді
белгілі абайтанушы Ғарифолла Есім 1994 [38] және 1996 [39] жылғы
зерттеулерінде, Абай журналының 1994 [40], 1998 [41] жылғы сандарында
бірсыпыра мақалалар жариялады. Ал, ақын шығармашылығының дәстүрлік және
көркемдік негіздерінің тамырларын 1989 [42], 1990 [43], 1992 [44], 1995
[45] жылдары жазған зерттеулері мен мақалаларында жан-жақты қарастырған
Балтабай Әбдіғазиев 2000 жылы ақын шығармаларын тұтас зерттеген
монографиясын шығарса [46], 2001 жылы Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік
және көркемдік негіздері деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады
[47].
Сонымен қатар Шәкәрім шығармашылығы көптеген кандидаттық
диссертациаларда зерттеу негізіне алынды. Олардың қатарында
А.Тілеуханованың [48], А.Айтбаеваның [49], Г.Әбдірасылованың [50],
Г.Аюпованың [51] және т.б. кандидаттық диссертацияларын атауға болады.
Алайда бұл аталған зерттеулер Шәкәрім мұрасын әр түрлі аспектіде, белгілі
бір тақырып аясында қарастырғандықтан, оның күрделі болмысын түгел ашып
бітті деуге болмайды. Әсіресе ғұлама ойшылдың дүниетанымдық ілімінің
поэзиядағы көркемдік іздерін ғылыми саралау басы ашық тұрған мәселе. Өмір
сүрудің мәні – адамның өз болмысына, жан дүниесіне үңілу, сол арқылы
жаратушысын тану идеясы Шәкәрімнің ешкімге ұқсамайтын ақындық, әрі
азаматтық үні. Осы даралығын поэзия тілімен қандай көркемдік деңгейде
жеткізе білгендігі адам мен қоғам, адам мен жаратушы қарым- қатынастарының
өлең өрнегінде бедерленуінің жолдарын зерттеу – қазақ әдебиетінің маңызды
мәселелерінің бірі, әрі Шәкәрімтану ғылымын жаңа мағлұматтармен байытатын
қажетті іс.
Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай
отырып ақынның адам, қоғам, дінтану мәселесі жүйелі түрде жеке
зерттелмегенінің куәсі боламыз. Ақын творчествосында Адам – Қоғам – Дін
мәселелері ең өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер оның поэзиясының
дүниетанымдық және идеялық күретамырлары болып табылады. Ақын мақсаты
адамды жөңдеу, қоғамды түзету және Жаратушыны тану. Осы құндылықтарды
поэзиялық сипаттау, талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы ақын қазақ халқына
дұрыс өмір сүруді үйретуге ұмтылады. Ақын поэзиясының осындай терең
тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін
қажеттілігін анықтайды. Сол себепті, Шәкәрім шығармашылығындағы Адам –
Қоғам – Жар – Жаратушы, және дінтану мәселелерінің поэзиялық бейленелуін,
көркемдік шешім табуын дара зерттеу қазақ әдебиеті үшін кезек күттірмейтін
қажеттілік деп білеміз. Қазақ әдебиеттануында Шәкәрім мұрасына байланысты
бұл мәселелер жеке зерттелген жоқ.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Шәкәрім Құдайбердіұлы
шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін ашу үшін оның дүниетанымына
бойлау, ақыл-ойын қалыптастырған негіздерді саралау, сол арқылы қазақтың
өлең өрнегіндегі өзіндік нақышын, даралық стилін сараптау міндет болып
табылады.
Сөз зергерінің көркемдік жүйесінің қалыптасуындағы дәстүрдің ролін ұлттық
фольклор мен жыраулар поэзиясының, сондай-ақ батыс пен шығыс мәдениетінің
әсер ықпалын талдау арқылы оның шығармашылық жолының өсу, көркемдік
поэтикасының сапалық белгілерінің қалыптасу бағыттарын сараптау.
Ең алдымен қаламгердің Абай шығармаларымен тақырыптық және поэтикалық
үндестігін сараптау арқылы ұлы ұстазынан үйрене отырып, өзгеше көркемдік
әлем қалыптастырған даралық сипатын анықтау. Екі творчестволық тұлғаның
тақырыптық, мазмұндық, идеялық, ұстанымдық және дүниетанымдық
сабақтастығынан туындайтын сөз кестелері мен көркемдік амал-тәсілдерінде,
өлең өрнектерінде бедерленетін ерекше қолтаңбаларын айқындау.
Адам образын бейнелеуде Шәкәрім поэзиясындағы психологизм сипатын,
адамның ішкі жан дүние сапаларын тірілту, жандандыру арқылы ерекше мәнде
суреттеу тәсілін қалыптастырғандығы, сол арқылы адамды түзету идеясын
көздегені, ал жеке адамның ішкі сапасының артуы бүкіл қоғамның болмысын
айқындайтындығын шығармалары арқылы баян еткендігі талданады.
Мәңгілік тақырып махаббатты жырлаудағы ой-сезімнің поэтикалық бітімі мен
терең сезімі, психологизм мен трагизмнің өзгешелігін сопылық поэзия
сарындарын шебер пайдалана білген қаламгерлік ерекшеліктерін саралау арқылы
белгілі тақырыпты толғаудағы өзіндік өрнегін айшықтау. Ақын қозғаған
махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім сипатынан асып,
адам мен жаратылыс арасындағы үйлесім табиғатымен бірлікте алынуы арқылы
өмірдің түпкі мән-маңызын ұқтыруға бағытталатынын айқындау.
Шәкәрім поэзиясындағы қоғам мен әлеуметтің өзекті тақырыптарын саралау
арқылы оның поэтикасындағы сыншылдық пен реализм белгілерінің көрінісін
тауып, өлең өнерін қоғамды оң бағытқа бұру жолындағы аса маңызды құрал
ретінде пайдаланғандығын тұжырымдау. Шәкәрім қалыптастырған осы үрдістің
қазақ қоғамындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызын сараптау.
Ақынның көркемдік жүйесіндегі елеулі ерекшелік: оның өлең жүйесіне Жар,
Жаратушы ұғымдарын енгізіп, жаратылыс сырын жырға қосуымен сол арқылы
ғаламдық дәрежеде ой айта білгендігін дәйектеу. Ақын түсінігіндегі рухани
бастау Алладан, жаратушыдан негіз алады, Алланы сүйген, жаратушысын танып
шын жүрекпен сезінген адам жаңа сапаға жетуге ұмтылады, сол арқылы адам да,
қоғам да түзеледі дейтін ой толғамдары қазақ поэзиясының мазмұндық та
тақырыптық та көркемдік кестесінде де жаңа бір түзіліс тудырды. Зерттеуде
осы мәселені анықтауға назар аударылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің қол жеткізген ғылыми жаңалығын
былайша сипаттауға болады:
Ең алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларының поэтикасы
кешенді түрде алғаш рет қарастырылады.
Ақынның поэзиялық мұрасы оның дүниетанымымен сабақтас алынып, адами
тұрғыдағы өсіп-жетілу жолының өлең өрнегіндегі іздері алғаш сараланады.
Шәкәрімнің өзіне дейінгі рухани қайнардан үйрену әдісінің ерекшелігі
ашылып, олардың ақын болмысындағы көріністері поэзия мысалдары негізінде
дәлелденеді. Мысалы, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс пен батыс
әдебиетінің ықпалы.
Абай мен Шәкәрімнің рухани үндестігі алғаш рет терең әрі жан-жақты
сарапталып, ортақ белгілерімен ерекшелік, даралық сипаттары: түзу адам
қалыптастыру, адамды түзеу, махаббатты жырлау, табиғатпен, жаратылыспен
үйлесім, гуманизм мен сыншылдық т.б. мәселелер деңгейінде айқындалады.
Ақынның шағын көлемді лирикалық өлеңдері мен кең құлашты эпикалық
туындыларындағы тақырып жалғастығы, көркемдік амал- тәсілдердің күрделену
жолдары алғаш рет жүйелі түрде зерделенеді.
Шәкәрімнің түзу адам қалыптастырудағы психологиялық ішкі сапаны
дамытудың мән-маңызын жоғары қойғандығы өлеңдеріндегі көркем жүйе арқылы
дәлелденеді. Ақыл, жүрек, сезім сипаттарын жеріне жеткізе әсірелей суреттеу
арқылы әрқайсысының жеке-жеке және тұтас қызметінің адам өміріндегі маңызын
ұқтырудағы поэзиясының көркемдік қуаты алғаш рет сарапталады.
Ақындық табиғатындағы бөлекше болмысының айқын белгісі ретінде адам мен
тылсымның арақатынасына бойлау, сол арқылы адамзаттың көнеден бүгінге
дейінгі мәңгілік тақырыптары: өмір мен өлім, жан мен тән мәселелерін қозғау
екендігі анықталады. Осы мақсаттағы Жар, Жаратушы ұғымдарының мәнін
ашып көрсететін өлеңдері көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет зерттеу назарына
алынады. Осы мәселенің ықпал әсерінен махаббат ұғымының да аясы кеңіп, ол
адамзатты, жалпы өмірді сүю ұғымына ұласатындығы дәйектеледі.
Ойшыл ақынның күрделі мәселелерді қалың жұртшылыққа ұғынықты, жатық тілде
ұқтыра білудегі көркемдік амал тәсілдерді (диолог, монолог, автор сөзі,
кейіпкер сөзі, баяндау, т.б.) шебер қолданудағы өрнегі айқындалады. Ақынның
тың поэтикалық ізденістерінен туған жүрек көзі, көңіл көзі, ішкі көз,
ақ жүрек, таза жүрек, кіршіксіз ақыл, шын ақыл секілді эпитеттік
қолданыстардың мәні ашылып, олардың қазақ әдебиетінің көркемдік келбетін
көркейтудегі рөлі анықталады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: – Ш. Құдайбердіұлының
шығармашылық поэтикасы өзіндік ерекшелігі бар күрделі көркем жүйе.
Ақын туындыларының көркемдік келбетін құрайтын компоненттер оның күрделі
дүниетанымымен ғаламдық сипаттағы ой-танымымен тамырлас. Өйткені ұлттық
құндылықтарды ғана емес, адамзаттық ақыл-ой жетістіктерін еркін игерген
ғұлама ойшыл қазақ өлеңінің көркемдік деңгейін де биікке көтере білген.
Шәкәрім поэтикасы қазақтың халық шығармашылығының дәстүрінен, шығыс пен
батыс мәдениетінің озық үлгісінен игере тұра өзіне ғана тән айшығы анық
көркемдік құрылым ретінде бағалы.
Сөз зергерінің даралық қолтаңбасы рухани ұстазы Абай тағылымымен әрі
сабақтас, әрі өзгеше. Шығармашылық еңбегінде ұстазының ұлағатын ұстанған
Ш.Құдайбердіұлы оны тың тұжырым, келісті көркемдік нақыштармен толықтырған,
жетілдірген, түрлендірген. Сол арқылы рухани үрдістің өткен ғасыр басына
дейінгі даму жолын жалғастырған.
Өзгеше поэтикалық болмысты туындылар иесінің бұрынғы ұғымдардың өзін
күрделендіріп, тереңдете толғағандығы өмір мен өлім, жан мен тән, адам мен
қоғам, адам мен жаратушы қарым-қатынасын өлең сөзбен зерделегенінен
көрінеді. Діни таным түсініктердің қалыптасқан қағидаларына шығармашылықпен
қараудың нәтижесінде бұл ұғымдардың бәрін жаңа мазмұндағы адам тұлғасын
қалыптастырудың жолы ретінде ұсынған. Мәселен, Иманым атты өлеңдер
топтамасындағы көне замандардан келе жатқан символдық ұғымдардың көркемдік
мәнде жұмсалуы осыны айғақтайды. Сондай ақ ақын түзу адам
қалыптастырудағы жан көріністерінің ішкі сипатын жандандырып ар, ақыл,
ынсап, рақым, қанағат, еңбек, ақ жүрек, ақ ниет ұғымдарының
поэтикалық образын тудырған. Сөйтіп көркем әдебиеттің тәрбиелік-
тағылымдық қуатын жаңа арнаға бұрып, биік белеске көтерген.
Зерттеу нәтижесіндегі негізгі тұжырым түйіні – Шәкәрім шығармашылығында
махаббат, сүйіспеншілік сезімдерінің мән- мазмұнының тереңдеп, жалпы
ғаламдық, адамзаттық ауқымда алынуы. Махаббат құдіретін адам жанын
ізгілікке, мейірімге толтырып сол арқылы оның бүкіл болмысына әсер ететін
күш ретінде бейнелейтін сыршыл ақын бұл идеясын адам мен жаратушы
арасындағы байланысты көрсетуде одан әрі биіктете түскен. Ақынның жаратушы
жайындағы ой-толғамдары өзіне дейінгі әлемдік ілім қағидаларды игеріп, өз
таным мен жүрегінен өткізудің нәтижесі. Мұсылмандық мифтегі Жаратушының
мейірім мен жақсылықтың қайнар көзі, дүниенің нұрлы сипатының себепкері
ретіндегі тұлғасын өз шығармашылығында шебер пайдаланған. Осы арқылы Жар,
Жаратушы секілді сөз ұғымдарын тудырып және соны тануға ұмтылу арқылы жеке
адамның сапалық өзгерістерге түсу жолдарын өлең өрнектері арқылы тағлым
еткен. Осы аталған күрделі ой таным белгілері ақынның шағын философиялық
лирикалары мен кең тынысты эпикалық туындыларында жан-жақты көрініс тапқан.
Ақын өлең құрылысында (ұйқас, бунақ, тармақ) көркемдік амал- тәсілдерді
пайдалануда бұрынғыны жаңартушы, жаңғыртушы ретінде көрінеді.
Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық
жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қазақ әдебиеттанушылары
мен шетел ғалымдары ұсынған ғылыми еңбектер қолданылды. Диссертацияның
зерттеу объектілерін түсінуде, әдеби және поэтикалық талдау жасауда біз
белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар А.Байтұрсынов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов,
С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншіәлиев, С.Қирабаев, З.Ахметов, З.Қабдолов,
Р.Нұрғалиев, М.Базарбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Нарымбетов, М.Жармұхамедұлы,
М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Н.Келімбетов, А.Еспенбетов, Ө.Күмісбаев,
С.Дәуітов, Б.Майтанов, А.Қыраубаева, А.Ісімақова, Б.Әбдіғазиев, И.Жеменей,
т.б еңбектері мен ой-тұжырымдары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде
пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Қазақ әдебиеті мен
поэзиясындағы Шәкәрім шығармашылығының алатын орнын көрсету. Шәкәрім
поэтикасы қазақ сөз өнерін, өлең өрнегін, көркем ойды және көркем
бейнелеуді жаңа деңгейге көтергені ақиқат. Шәкәрім поэзиясының басты
қасиеті оның философиялық мазмұндылығы. Ақын қазақ өлең өнерінде пәлсапалық
қағидаларды ұсына біледі. Шәкәрім поэзиясынан қазақ әдебиеттану ғылымында
дәстүрлі фольклордың, жыраулық әдебиеттің, Шығыс пен батыс поэзиясының
қазақтың өлең өнерінің қалыптасуы мен дамуына әсерлерін, ықпалын көруге
болады. Шәкәрім әлемдік әдеби процестен тәлім ала отырып, ақындық өнердің
шыңы Абай поэзиясынан үлгі алды. Абай мен Шәкәрім ақындығындағы тақырыптық,
жанрлық, стильдік және мазмұндық сабақтастық қазақ поэзиясында қайталанбас
құбылыс. Бұл құбылыстың қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы маңызы өте
зор. Себебі, қазақтың өлең өнерінің тек сапасын арттыруда Абай мен Шәкәрім
үлгісі бірінші орында тұрады.
Зерттеудің нысанасы, деректілік негізі. Шәкәрім Құдайбердіұлы
шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін анықтау. Өлеңдері мен
дастандарының көркемдік әсемдігін, терең ойшылдығын, сыншылдығы мен
шыншылдығының табиғатын көрсету болып табылады.
Зерттеудің дерек көзі ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының баспалардан
жарық көрген шығармаларының жинақтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық
мұрағат қорларында сақталған құжаттары, Республика кітапханалары қорларында
сақталған Шәкәрім шығармаларының қолжазбалары, Шәкәрім туралы оның
туыстарының жеке иелігінен алынған түрлі қолжазбалар, деректер және
естеліктер пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері. Әдебиеттану ғылымына тән кешенділік, жүйелілік,
салыстырмалық, объективті-аналитикалық, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау,
жинақтау, қорыту әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу
барысында салыстырмалы әдістер көбірек қолданылды. Сонымен қатар, отандық
әдебиеттану ғылымының тұжырым байыптаулары, поэзияның табиғатын, эпика
жанрлары, дастан, поэмалардың жанрлық-стильдік, көркемдік-эстетикалық
ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер диссертациялық жұмысымыздың
негізгі методологиялық әрі теориялық негізі ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен сарапталуы. Диссертация М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының абайтану және жаңа әдебиет пен
қазіргі қазақ әдебиеті бөлімдерінің біріккен мәжілісінен және осы
институттың Ғылыми кеңесі талқылауынан өтті. Зерттеу тақырыбына байланысты
мақалалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау
және аттестаттау комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда жарияланды. Жұмыстың
негізгі мазмұны Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық
конференцияларда баяндалып, ғылыми жинақтарға енді. Жұмыс мазмұны бойынша
30-дан аса мақала, 1 оқулық және 2 монография жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, қорытындыдан және үш
бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде зерттеу тақырыбының жалпы
сипаттамасы, өзектілігі, зерттеудің дерек көздері, мақсаты мен дерек
көздері, зерттеудің негізгі нысаны, жұмыста қолданылған әдістемелер негізі,
зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар,
зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы, жұмыс нәтижелерінің
талқылануы мен жариялану туралы мағлұмат беріледі.
Шәкәрім поэзиясындағы жаңашылдық атты бірінші бөлімде ұлттық өлең
дәстүрінің үлгісін жаңаша мазмұндау мен көркемдеудегі, оның өлшем
ырғақтарын түрлендірудегі сан қилы әдіс-тәсілдер ақын поэзиясының жаңаша
қыры ретінде дәлелденді. Көркем сөз шеберінің көркемдік құралдарды құбылта
пайдалануға шеберлігі адамның ішкі әлемінің сапалы жақтарын баса көрсетіп,
өлең өрнегімен жүйелеуден көрінді. Ақынның ой елегінен өткізген
пайымдаулары барлық қоршаған орта, дін, діл, өлім, өмір, махаббат жайлы
танымы шығармашылығының негізгі арқауына айналған. Бүкіл жаратылысқа
махаббат көзімен қарау, адамды сүю, Алланы сүю, қоршаған ортаға деген
құрмет осылармен үйлесімділікте ғұмыр кешу – ақынның басты принциптерінің
бірі. Қазақ поэзиясына жаңа өрнек берген ақын шығармашылығының бастау алар
көзі, ұлттық әдебиетіміздің қайнар бұлағы болған түркі әлемінің, шығыс
поэзиясының ықпалы да, қазақ ауыз әдебиетінің озық дәстүрлері де ақын
поэзиясының табысты өркендеп дамуына үлкен әсер еткен арналар. Шәкәрім Абай
мектебінен тағылым тәрбие ала отырып, қазақ поэзиясын мазмұны мен түр
жағынан кеңеюіне ықпал етті.
Яғни, адамгершілік, гуманистік, ағартушылық, демократиялық және діни
философиялық мәселелердің Шәкәрім өлеңдерінде синтезделініп көрініс табуы –
қазақ поэзиясына енгізілген тың жаңалық. Ақынның көптеген өлеңдерін
философиялық лирика ретінде бағалауға болады. Өлеңдері мен дастандарында
әлеуметтік шындыққа адекватты, сол кезеңдегі тарихи дәуірге саяси
өзгерістерге сәйкес келетін терең психологизм де бар. Шығармаларының
негізгі кейіпкерлері – сол тұстағы қоғамдық ортадан алынған шынайы
образдар. Олардың сезімі, жандүниесі, өмір құбылыстарын түсінуі, адами
күйзелісі өмірде болып жатқан шындықтармен қабаттасып жатады. Шәкәрім
поэзиясының тағы бір ерекшелігі – кез-келген адам санасы қабылдай
бермейтін терең болмысты құбылыстарды таңдауға баруы. Бұл ретте ақын
поэзиясы Абайдың философиялық поэзиясымен сабақтасып жатыр.
Бұл бөлімде ақын шығармашылығының көркемдік, дәстүрлік негіздерінің
көзі анықталып, оның әлемдік поэзияның озық үлгілерін қазақ поэзиясына алып
келуі жөнінде ой қорытылады.
Шәкәрімнің көркемдік поэтикасы – қазақ әдебиетінде жаңа бағыт пен жаңа
үлгі ретінде дәлелденіп, ондағы қоғамдық рухани өмір туралы, руханияттың
адамзатты тәрбиелеудегі орны туралы ерекше қайталанбас формалардың мәні
сараланды.
Жеке тұлға танымын талдаудағы психологизм арқылы Шәкәрім өзінің
сыншылдық, әрі реалистік поэзиясының бітімін қалыптастырып, өзіндік дербес
ойлары арқылы ұлттық деңгейден, ғаламдық ақыл- ой деңгейіне көтеріледі.
Поэзиясының жанрлық, сюжеттік, композициялық ерекшеліктері әсіресе
дастандарынан анық көрінеді. Ондағы кейіпкерлерінің мінез-құлқы,
дүниетанымы, өмірмен біртұтас байланыста, тек қана өзінің ішкі дүниесін
жаңғырту, дамыту арқылы іске асатындығына ден қояды.
Шәкәрім поэзиясының көркемдік поэтикасын сюжеттік-композициялық,
стилдік, интонациялық, образдық ерекшеліктерінен көруге болады. Поэтикалық
талдау Шәкәрім өлеңдерінің рухани-эмоциялық энергиясын ғана емес, олардың
тәлімдік және танымдық байлықтарын, мүмкіндіктерін ашуға жол ашады.
Ақын адамның ішкі әлемінің күрделілігі және құндылығын ішкі сапа
мәселелерімен бірлестіре көрсетеді:
Дұрыс деме құры ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бірезу болма өзімшіл.
Мініңді тапса кім сынап,
Аяғына бар, жығыл.
Қап, бәлем деп кекті ұнап,
Сақтай көрме ойға зіл [52, Б. 92-93].
Осындағы бірезу, кекті болу сынды жағымсыз ұғымдар арқылы, аз
сөзге көп мағына сыйғыза білген. Адам мінезіне қатысты әртүрлі бейнелі
образдарды ақын шығармаларынан көптеп кездестіруге болады:
Сөз, мінезі құбылса,
Ар, иманы жоқ деп біл.
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.
Дұспанға да бол әділ,
Түсірме ойға тат пен ніл.
Ұмытпа болсаң біздің ұл,
Осы өлеңді құлаққа іл [52, Б. 93].
Бірінші шумақта сөз бен мінездің құбылуын арсыздықпен, имансыздыққа
балаған ақын, арсыз, имансыз жандарды айуанға теңейді. Досың түгіл,
дұспаныңа әділ болу керектігін үлгі тұтқан ақын оқырманына өз өсиетін
көркем жеткізе білген. Бұл – қазақ поэзиясындағы өсиет өлеңдердің жаңаша
түрге енуі.
Шәкәрім шығармашылығында адамгершілік, ізгілік мәселелері халқымыздың
ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтарымызбен тамырластықта алынып,
көркемдік-эстетикалық мәні мен өлең өрнегіндегі өзіндік үні айқын
айшықталады. Ұрпақ бойындағы ізгілікті, адамгершілікті жаңғыртуды көксеген
ақын ар-ұждан мәселесін ең алдыңғы кезекке шығара отырып:
Еңбекпенен,
өрнекпенен,
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл,
қайнар өмір,
Ар білімі оқылса – [52, Б. 266 ].- деп тұжырымдайды.
Ақын осы өлеңінде қазақ поэзиясына Абай алып келген түр жаңалығын
жалғастыра отырып, оны түрлендіре пайдаланған. Алғашқы екі тармақты ұйқасқа
құрған ақын әрбір үшінші тармақты басқа ұйқасқа тізген. Өлеңнің алғашқы
алты тармағындағы сөз кестесі кейінгі жолдарда мүлде басқа түрге ие. 7-16
тармақтардың кестесі мүлде басқа болып келеді де, өлеңнің соңғы алты шумағы
әдепкі қайталауды сақтайды. Міне, осындай бір өлеңнің ішінен тармақ, буын,
ұйқас құбылуы да қазақ поэзиясын түрі жағынан байытары даусыз.
Адамның ішкі жан-дүниесі, рухани құндылықтары жайындағы өлеңдерінде де
Абай қалыптастырған идеялық-мазмұндық және көркемдік-стильдік дәстүрді
жалғастырып, қазақ поэзиясының эстетикалық, танымдық деңгейін көтереді.
Еңбекке шыда ебін тап та,
Сабырдың түбі – сары алтын.
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі – өз халқың.
Нысап пен мейірім, әділетті
Жаныңдай көріп жан сақта,
Ол жолда өлсек, неміз кетті
Мақсұтқа жетпей қалсақ та [52, 34 б.].
Ақынның оқырманын ойшылдыққа шақыратын дүниетанымдық көзқарастарға
құрылған өлеңдерінде ақын терең сыршылдықпен қатар өлеңнің әуезді ұйқасы
мен ырғағына аса талғампаздықпен қарайды.
Оның шығармаларындағы терең астармен өріліп отыратын терең ойдың
астарын түсіне білген жөн. Бір қарағанда жаратылыс туралы айтылғандай
көрінгенмен, мына жолдардан астарлы саясатты байқауға болады:
Табылмас анық азат адам,
Жаралыс билер заманды.
Көрсетер мұқтаж, азап саған,
Тартқызар өмір жазаңды.
Құлданар сені күшті өкімет,
Ноқтасыз еркін ел таппай,
Қорлықта жылап, зарла да өт,
Бостандық болар жер таппай [52, 32 б.].
Мұнда патша өкіметінің қол астындағы отар елдерін бұғауда ұстауы, яғни
күшті мемлекеттің ұсақ ұлттар мен әлсіз елдерді отарлау жүйесіне ақынның
адам және қоғам, қоғамдық орта жайындағы көзқарастары емеурін арқылы
беріледі.
Өкімет өшсе, залымдар көп,
Арлыға өмір сүргізбес.
Қарулы қасқыр құдайың боп,
Азаттық жолмен жүргізбес [52, 32 б.].
Шығыс, Батыс, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен таныс болған ақын,
қазақ өлеңіне жаңа мазмұн мен жаңа өрнек алып келіп поэзияға үлкен талаптар
қоя білді. Осындағы қарулы қасқыр – отарлаушылардың көркем образы.
Олардың қорқау қасқырлар сынды ашқарақтығын ақын осылайша бейнеледі. Бұл да
ақын қаламына тәне бейнелі образ. Қазақ елінің еркіндігін аңсаған ақын
шығармасының негізгі идеясы – тәуелсіздік.
Жан деген не
Мүлде өле ме,
Шын жоғалып сөне ме?
Жоғары өрлеп,
Дене жөндеп
Және мен деп келе ме? [52, 150 б.].
– деп, ақын өмір мен өлім туралы өлеңінде қазақ поэзиясын түрлендіріп,
идеялық соны жаңалық алып келді. Өлең Абайдың үлгісімен (Сегіз аяқ)
жазылып түр жағынан жаңалық енгізбегенімен мазмұн тереңдігімен
ерекшеленеді. Қазақ өлеңінің құрылысы мен өлшемін түрлендіруімен, жаңаша
түр мен мазмұн әкелуімен ақын өлеңдері өміршең. Поэзияға жоғары талап қоя
білген ол өлең өрнегінің кестесін өзгеге ұқсатпай салады. Өзі көтеріп
отырған мәселені нақты да, жинақы көрсете біледі.
Ақын бейнелеген лирикалық кейіпкерінің басты міндеті – рухани жан
дүниесін байыту, ізгі істерді қолдау, ар-ұжданы жоғары болу. Яғни мінез-
құлқы, болмыс-бітімі жағынан әділет пен арды ту еткен, елі мен жерін
сүйген, жаратушысына жақын жандар. Шәкәрімнің ақындық жеке қолтаңбасы
әсіресе лирикалық кейіпкер бейнесін сомдағанда дараланады. Шын нұр, шын
асық, таза ой, таза жан, тәтті тіл, от жүрек т.б. сөз тіркестерін
қолдану арқылы кейіпкер психологиясын, оның адамгершілік сапасын айқындап
көрсетіп отырады. Ақынның танымында адам өте күрделі, ол тек қана табиғи
жаратылыс қана емес, сонымен қоса оның рухани жан әлемі күрделі құбылыс.
Қазақтың дәстүрлі поэзиясындағы адам мен табиғат тұтастығын, жаңаша сипатта
тереңдете отырып небір бейнелі сөздер мен метафораларды түрлендіріп
қолданады.
Табиғаттың күйін, тынысын адам тіршілігіне ұқсату арқылы образды
суреттер жасайды. Ақын поэзиясындағы образдылықты сұм жүректің оянбауы,
жебір ұлық қылдай іс, өлі жүрек, көңілдің қабағы салбырады,
әділетсіз залым, азат ақыл, күншіл мұндар сынды сөз тіркестерінен де
көруге болады. Қабағынан қар жауған қараңғы бұлт, Жаралы біздің көңілге
бір тамбады сіркіреп, т.б. сияқты бейнелі тіркестер арқылы қазақ
поэзиясына жаңа бір психологиялық оралымдар енгізген. Адам ішкі дүниесіне
терең бойлап, мінез-құлықтың әсерін аша көрсету арқылы жүрегінде
жақсылыққа орын жоқ, өз мінін көрмейтін, өтірікпен күн өткізген адамдардың
образын да шебер сомдайды.
Енді бір өлеңдерінде күншіл мұндар, өлі жүрек метафорасын қолданып
адамның кері кеткен кейпін берсе, алжасқан ми, тозған ой, жалқау
тартқан ой сияқты теңеулер арқылы кейіпкерлер жандүниесіне тереңдей енеді.
Ақын осы секілді қазақ поэзиясында бұрын қолдана қоймаған сөз тіркестерін
жиі қолданады. Өлі жүрек тіркесі жөнінде М.Базарбаев: Тас бауыр, тас
жүрек деудің орнына өлі жүрек деуі (өзімшіл мұндарды) поэзияда ауыспалы
мағынасында бұрын кездесе бермейтін жаңалық (өлген адам, немесе, сезімсіз
суынған жүрек жайында талай айтылуы мүмкін, яғни өзінің тіке мағынасында:
бірақ адам бейнесін беру үшін айтылған түрін кездестірген емеспіз) [42, Б.
249-250], – деген болатын. Ақын жаңа сөз тіркестерін, метафора, теңдеулерді
қолданғанда образдарды сомдай түсіп, ойдың, ұғымдардың мәнісін тереңдетіп,
адам, қоғам, табиғат болмыстарын нақыштауға көмекші құрал қылып алып
отырады. Сондай-ақ ақын ақыл ұғымын түрлендіріп, сөз тіркестерін жаңаша
өрнекпен әрлеп отырады. Аз ақыл, сұм ақыл, саяз ақыл, немесе таза
ақыл, шын ақыл т.б. Ақын Ақыл ұғымының өзін екі сападан көрсетеді. Ең
негізгісі адам болмасындағы таза ақыл категориясы деп түйеді ол. Оның
мәнін Таза ақыл ақты барлайды, Дәлелсіз сөзді алмайды, – деп аша түседі.
Ол адамзат баласын таза ақыл билесе ғана, өмірі мәнді болады деген
ойды ұсынады. Осы арқылы қазақ поэзиясында философиялық дүниетанымдық
жүйенің жаңа лебін алып келгені анық байқалады.
Рух деген дінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес.
Аз ғана сөзім – аз нақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң [53, 231 б.].
Оған ақынның мына жыр жолдары дәлел: Ақылдың көзін байлама, Білгіш
деп басшы сайлама. Ал, ақылдың көзін байлама сынды оралымдардан ақынның
көзге көрінбейтін дерексіз заттарға жан бітіруі, яғни кейіптеуге баруы
байқалады. Ақын Шалғыншы ойым ақылға, Ақылым тоқтап мақұлға немесе терең
ой, шалғыншы ой т.б. сияқты сөз тіркестерін ақыл мен ой ұғымдарының
байланысын ашуда пайдаланып отырады:
Қош бол,
Терең ойым,
Әлемді шарлаған
Қиын іске әдейі арнаған [53, 223 б.].
Әрбір іс-әрекетте ой мен ақылдың рөліне терең мән беріп ой ұғымын
жоғары қояды. Ой ұғымының мәнін ашуда да жаңа тіркестерді қолдану арқылы
философиялық пайымдар жасап, қазақ поэзиясының мазмұны мен түріне жаңалық
енгізеді.
Абайдан бастау алған, жандүние сапасын арттыру, бейнелі тіркестер
арқылы адамның рухани әлемін бейнелеудегі жаңа үрдістер ақынның өмірлік
ұстанымы адам түземек идеяларына негізделеді.
Мысалы, нұр – метафорасын қолдану арқылы қазақ өлеңінің көркемдік
жүйесіне өрнек қосса, Жар – абстрактылы ұғымы да символ ретінде
қолданылған.
Сопылық сарынның ақын танымына тигізген ықпалынан туған терең мазмұнды
жар, нұр сөздерінің көркемдік сипаты әсіресе Иманым атты жинаққа
енген өлеңдерінде кеңінен қолданылып, ақынның суреткерлік талантын
танытатын қасиетке айналды.
Ақ жүрек, ақ ниет, ар-ұждан, таза ақыл, шатақ дін, таза дін,
т.б. тіркестер мазмұнға сай бейнелі түрде қолданылады. Айнымайтын ақ
жүрек оралымында ақ жүрек сөзінен, белгілі бір тас түйін бұлжымайтын
ұғым жасап, қазақ сөз өнерімен дүниетанымына тұжырым мен ғибратты сөз
енгізді.
Шын таза жан ақын поэзиясында адам болмысын бейнелеудегі тыңнан
әкелген лирикалық кейіпкері деуге болады. Себебі, Шын таза жан –
жаратушының махаббатына бөленген жан. Осы кейіпкердің сапасын танытуда ақын
Қасиетті құрандағы ілімге жүгінген. Өйткені, ақынның сомдаған Шын таза
жан бейнесі – таза ақыл мен ақ жүрек, ақ ниет тәңірісіне құлшылық
қылатын рухани таза адам.
Ақын Көз сөзінде түрлендіріп көңіл көзі, іш көзі, кеудесінде
болса көз, жан көретін көз керек, көкірек көзің, қайғырған біздің
көңілден, т.б. тіркестер арқылы жаңа эпитет, теңеу, метафораларды
қалыптастырған.
Халықтық жыр-толғаулардағы қасиеттерді Шәкәрім ақын Ескі ақындық атты
өлеңінде әсем өрнекпен бедерлеп, бүкіл жыраулар поэзиясының болмысын
ашады. Жыраулық поэзия табиғатына тән қыранның ұшқаны, ақ бөкеннің желісі,
тұлпардың жүрісін, сағымдай желдің құбылуын жыраулар дәстүрінен үзілмеген
алтын арқауды дәлелдейді:
Ойлай келсек, ескі жыр,
Салады тұлпар жүрісін,
Міне, байқа мұнысын.
Кейде жорға, кейде жел,
Бұлдыр қағып асар бел [53, 141 б.].
Шәкәрім өлеңдері сапалы қасиеттерге басымдық беріп жағымсыз қылықты
қалай жоюдың жолдарын көрсетеді. Ақын үшін руханилық сапаны арттырудың
бірден бір жолы – өзін-өзі тануы. Ізгілікке кедергі болатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz