Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні



КІРІСПЕ 1
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы. 1
Тақырыптың өзектілігі 1
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 2
Зерттеудің максаты мен міндеттері. 4
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 5
Зерттеудің нысаны мен хронологиялык ауқымы. 5
Еңбектің теориялық және методологиялық негізі. 6
Қорғауға үсынылатын негізгі тұжырымдар. 6
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. 7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 8
Публииистиканың пайда болуы 8
Көркем әдебиет, журналистика және публицистика 9
Қазақ публицистикасыньщ тарихи негіздері 13
Көне жазба ескерткіштері . публицистика бас.таулары 14
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын 18
Қазак публицистикасының шығармашылык түрі ретінде дамуы 33
4.1 Кеңес дәуірівдегі публицистиканың даму 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР 39
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы.
Диссертацияда қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық публицистиканың терең тамырлары айқындалады. Фольклорлық шығармалардағы ауызекі публицистиканың алғашқы үлгілері көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштері публицистика бастаулары ретінде сараптан өтеді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі публицистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ публицистикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген публицистер шығармашылығы негізінде ашылады.
Тақырыптың өзектілігі
Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.
«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [1,147-148 б.б.| -деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: «...Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [2,38 б.] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді.
1 Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989. - 320 б.
2 Назарбаев Н. Туған елім - тірегім. - Алматы: Рауан, 2001. - 128 б.
3 Фетисов М.И. Зарождение казахской публицистики. - Алматы: КГИХЛ, 1961. -С.440
4 Амандосов Т., Елеукенов Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газет жанрлары. - Алматы: Қазақстан, 1965. - 208 б.
5 Амандосов Т. Современная казахская публицистика. Автореферат на соиск. учен. степени докт.филол.наук.- Алматы: 1982.
- С. 46.
6 Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения. -Алматы: КазГУ, 1974. - С. 128.
7 Идрисов Р. Казахская военная публицистика (1941-1945): Автореферат на соиск. учен. степени канд.филол.наук. •- Алматы, 1970. - С. 20
8 Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Мектеп, 1982. - 365 б.
9 Даль В. Толковый словарь. Москва: Государственное издательство иностранных и национальных словарей, 1956. Т.З. - С, 535.
10 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі/ Қүрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. - Алматы: Ана тілі, 1996. - 240 б.
11 Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. - Алматы: Мектеп, 1978. - 273 б.
12 Гребенщиков А.Я. Некоторые вопросы современной публицистики// Сборник "0 публицистике и публицистах". Ленинград: Изд. Ленинградского университета, 1966. - С. 185.
13 Багиров Э.Г. Место телевидения в системе средств массовой информации и пропаганды. - М.: Изд. МГУ, 1976. - С. 119.
14 Белинский В.Г. Разделение поэзии на роды и виды/ Под ред. Ф.М.Головенченко. Собрание сочинений в 3-х томах. Статьи и рецензии. - М.: Гос.издат.худ.лит., 1948. Т.2. - С. 5-67.
15 Гус М. Статья и фельетон (Опыт пособия по газетной публицистике). - Москва: Работаик просвешения, 1928. - С. 68.
16 Бекхожин Х.Н. Қазак баспасөзінің даму жоддары (1860-1930 жылдар). - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1964. - 263 б.
17 Алтынсарин Ы. Тавдамалы шығармалары. - Алматы: ҚМКӘБ, 1955. - 324 б.
18 Қазақ халқының ауыз өдебиеті.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960. I-кітап. - 738 б.
19 Рыбаков Б.А. Доевняя Русь. Сказания, былины, летописи. -М.: Изд. АН СССР, 1963. - С. 361.
20 Ученова В.В. Исторические истоки современной публицистики.
- Москва: МГУ, 1972. - С. 73
21 Ученова В.В. Гносеологические проблемы публицистики. - М.: МГУ, 1971. - С. 146.
22 Қазақ совет энциклопедиясы.- Алматы: Қазақ совет энц. Бас редакдиясы, 1978. Т.12. - 600-6.
23 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. СПб. 1896. Т. ҮІІ.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ 1
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы. 1
Тақырыптың өзектілігі 1
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 2
Зерттеудің максаты мен міндеттері. 4
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 5
Зерттеудің нысаны мен хронологиялык ауқымы. 5
Еңбектің теориялық және методологиялық негізі. 6
Қорғауға үсынылатын негізгі тұжырымдар. 6
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. 7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 8
Публииистиканың пайда болуы 8
Көркем әдебиет, журналистика және публицистика 9
Қазақ публицистикасыньщ тарихи негіздері 13
Көне жазба ескерткіштері - публицистика бас-таулары 14
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын 18
Қазак публицистикасының шығармашылык түрі ретінде дамуы 33
4.1 Кеңес дәуірівдегі публицистиканың даму 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР 39

КІРІСПЕ

Жұмыcтың жалпы сипаттамасы.

Диссертацияда қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні қазіргі
көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық публицистиканың терең тамырлары
айқындалады. Фольклорлық шығармалардағы ауызекі публицистиканың алғашқы
үлгілері көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштері публицистика бастаулары
ретінде сараптан өтеді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі
публицистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік
кезеңіндегі қазақ публицистикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі,
бейнелеуіш құралдары жекелеген публицистер шығармашылығы негізінде ашылады.

Тақырыптың өзектілігі

Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне
замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы
бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің
алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол
өлмейтін сөз.
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің
күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі
пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін
келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз -
осылай шығарған сөз... [1,147-148 б.б. -деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем
әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан
шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты
күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы
жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне
неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол
ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған
қажеттілік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір
толғанысында: ...Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай
қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі
қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен
артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [2,38 б.] - деп
тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген
қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді.
Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт
қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға
шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас
бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір
кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз
алдымызға" әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді,
олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне
публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді
болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика
өнері.
Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде
туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным
тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар
күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің
зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ
публицистикасын тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға
берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын қазақ
публицистикасының көне түркілік тамырын, фольклорлық дәстүрін, шешендік
негізін ашудың сәті түсті. Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ
публицистикасының қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің
қажеттілігі туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ
публицистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да
кезі келді. Оның үстіне қазақ публицистикасының ұлттық қоғамдық-саяси
ойымызды қалыптастырудағы маңызын ашу арқылы қазақ халқының әлемдік рухани
ортадағы орнын айқындаудан да тақырыптың өзектілігі көрініс табады. Сондай-
ақ бүгінгі дүниедегі қат-қабат өзгерістер заманында публицистиканың орасан
зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына
дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі -
тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі
бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі
ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер.
Бұл ретте алғаш аталатыны - М.И.Фетисовтың 1961 жылы жарық көрген
"Зарождение казахской публицистики" атты еңбегі. Осы кітаптың алғы сөзінде
М.Қаратаев пен А.Брагин былай деп жазыпты:
"...Фетисов правильно обратился к истокам казахской публицистики. Однако он
не довел исследования до конца и оставил за гранью книги возникновение
публицистики на страницах первых печатных казахских изданий - "Дала
уалаяты" и, прежде всего,-журнала "Айкап". "Дала уалаяты" первая казахская
газета, и естественно, что именно она призвала к деятельности и первых
профессиональных публицистов. В еще большей мере интересен журнал "Айкап".
Главы об этих изданиях могли придать книге окончательную завершенность и
еще большую убедительность" [3; 10.],- деп жазған екен. Қазақ
публицистикасының пайда болуына қатысты зерттеуші ойлары кеңестік кезең
талаптары тұрғысынан өріледі. Бұл еңбекте Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары
талданады, ал жалпы публицистика теориясына қатысты айқындама жоқ. "Газет
жанрлары" деген атпен шыққан ұжымдық зерттеу жинағында публицистика
жанрлары ғылыми тұрғыдан жүйеленеді. Онда баспасөз жанрлары орыс ғалымдары
еңбектерімен тығыз байланыста қарастырылып, олардың публицистикалық
сипатына мән берілді [4]. Қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесіне
қатысты мәселелерді алғаш рет бір арнаға түсіріп, публицистиканы дербес пән
ретінде қарастырып, оның мазмұны, формасы, әдісі, функциялары туралы ғылыми
тұжырымдар жасаған профессор Т.Амандосов болды. Оның "Современная казахская
публицистика" атты докторлық диссертаииясында публицистиканың кейбір
ерекшеліктері көрсетілді; Ә.Әлімжанов, Ү.Бағаев, Б.Бұлқышев, Ә.Нұршайықов,
К.Қазыбаев сияқты қаламгерлер шығармашылығы негізінде публицистік шеберлік
мәселелері зерттелді; қазақ публицистикасының жанрлары айқындалды [5].
Профессор М.Барманқұловтың "Жанры печати, радиовещания и телевидения" атты
оқу құралында баспасөз, радио және теледидар жанрларының салыстырмалы
түрдегі талдаулары жасалды [6]. Р.Ыдырысовтың "Казахская военная
публицистика" атты кандидаттық диссертациясында Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы әскери публицистика мазмұндық жағынан зерттелді [7].
Журналистика мәселелерін әр жылдары зерттеген Қ.Бекхожиннің,
Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, Ш.Елеукеновтің, Ү.Сұбханбердинаның,
З.Тұрарбековтің, С.Имашевтің, С.Матвиенконың, Ә.Ыдырысовтың, Н.Омашевтың,
С.Қозыбаевтың, Т.Ыдырысовтың, Қ.Әбілдаевтың, М.Арғынбаевтың, С.Масғұтовтың,
Р.Сағымбековтың еңбектерінде де публицистика туралы жекелеген пікір-
тұжырымдар кездеседі.
Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін
алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің
шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы
зерттеу. Осы ретте А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С.Қожановтың,
Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың,
Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтің, К.Смайыловтың,
С.Мәуленовтың, Ш.Мұртазаның, Е.Букетовтің публицистік шығармашылығына
қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.
Десек те, қазақ публицистикасының гносеологиялық табиғаты, оның
қалыптасу, даму арналары кең ауқымда алынып, тұтас зерттелмеді. Оған
бірнеше себептер де болды. Кеңестік қоғам кезінде ғылымның басқа
салаларындағы сияқты маркстік-лениндік методология публицистиканы тар
шеңберде қарастыруға ғана мүмкіндік берді. Қазақ публицистикасының өзіндік
тамырын ашудың ұлттық сананы ояту қаупі болды. Ал алғашқы газет-
журналдардағы публицистикаға бір жақты баға берілді, ондағы көрнекті
публицистер шығармашылығы зерттелмеді. Алаш қайраткер-қаламгерлерінің
аттарын атаудың өзі қылмыс саналды. Публицистикадағы ұлттық мәселелер
көрінісі туралы сөз қозғау тіптен мүмкін емес еді. Кеңестік дәуірдегі
публицистикатану партиялық публицистика тұрғысынан қарастырылумен шектелді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жоғарыда аталған жеке
публицистер шығармашылығы туралы зерттеулер тақырыптың тар көлемді
шеңберінен аса алмады.

Зерттеудің максаты мен міндеттері.

Қазақ публицистикасының түпқайнарларын айқындап, қалыптасу,
даму арналарын ашып- анықтауды және соның барысындағы
тақырыптық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді
біртұтас бірлікте парықтап- пайымдауды мақсат тұтып,
соған сәйкес төмендегідей нақты міндеттерді алдымызға қойдық:
- публицистика табиғатын айқындау;
- публицистика мен көркем әдебиеттің, сондай-ақ публицистика мен
журналистиканың арақатынасын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету;
- көне жазба ескерткіштердегі публицистикалық белгілерді
анықтау;
- қазақ публицистикасының фольклорлық дәстүрін аңдату;
- батырлар жырындағы ауызекі публицистикаға тән белгілерді талдап-
таразылау;
- жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарындарды кеңінен саралау;
- шешендік сөздердегі публицистикалық белгілерді айқындау;
- қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуын
дәйектеу;
- қазақ публицистикасының жазба публицистикаға көшуіндегі жаңаша
көрініс, түр табуындағы ерекшеліктерді саралау;
- қазақ тіліндегі алғашқы қазақ басылымы - "Түркістан уалаятының
газетіндегі" публицистиканың баспасөзбен тоғысуын байыптап-бағалау;
- "Дала уалаятының газетіндегі" көрнекті публицистер шығармашылығын
тексеру;
- "Айқап" журналындағы ұлттық публицистиканың алғашқы нышандарын,
жанрлық, түрлік көріністерді таныту;
- "Қазақ" газетіндегі ұлттық публицистиканың қалыптасу
ерекшеліктерін көрсету;
- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың негізгі даму бағыттарын,
типологиясын айқындау;
- қазақ публицистикасының қалыптасып, даму жолын көрсету және дәуір-
дәуірге бөлу;
- тәуелсіздік тұсындағы қазақ публицистикасындағы тақырыптық және
проблемалық ізденістерді жаңа талап тұрғысынан зерделеу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Диссертацияның нақты ғылыми жаңалықтары ретінде төмендегідей қол жеткен
нәтижелерді атауға болады:

- қазақ публицистикасы тұңғыш рет кең ауқымды тұтас зерттеу объектісіне
айналып, жан-жақты қарастырылды;
- публицистика табиғаты ғылыми байыпталды;
- ұлттық публицистиканың тарихи негіздері айқындалып, қазақ публицис-
тикасының пайда болуының уақыттық шегі тереңдетілді;
- көне жазба ескерткіштердегі, батырлар жырындағы, жыраулар поэзиясындағы
шешендік сөздердегі публицистикалық сарындар алғаш анықталды;
- "Түркістан уалаятыньщ газетіндегі" алғашқы публицистикалық шығармалар
ғылыми айналымға енгізілді;
- "Дала уалаятаның газетіндегі" көрнекті публицистер
шығармашылығы сараланды;
- "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетіндегі публицистиканың ұлттық
сананы оятудағы ролі бүгінгі көзқарастың сүзгі-сарабынан қайта өткізілді;
- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың дамуының негізгі бағыттары,
типологиясы, жанрлық, түрлік өзгешеліктері тыңнан таразыланды;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасы публицистикасының жаңа сипаты
мазмұндық тұрғыдан ашылып, ғылыми байыптама жасалды.

Зерттеудің нысаны мен хронологиялык ауқымы.

Диссертациялық жұмыстың нысаны ретінде ұлттық публицистикамыздың пайда
болу, қалыптасу, даму кезендеріндегі шығармалар алынды. Бір айта кетерлік
жайт - публицистикада кеңістіктік-уақыттық фактор бірінші кезекке
шығарылады. Өйткені авторлық көзқарастың өзі публицистикалық кеңістік пен
уақытқа тығыз байланған. Уақыт өзінен-өзі публицистиканың бейнелеу және
зерттеу нысанына айналады. Осыған орай еңбекте көне дәуірлерден бастап
тәуелсіздік дәуіріне дейінгі аралықты қарастыра отырып, қазақ
публицистикасының әдеби-поэтикалық хронологиясын түзуге талпыныс жасалды.
Оған арқау болған шығармалар негізінен мыналар: Ү-ҮІІІ ғасырлардағы Орхон,
Енисей, Талас жазба ескеркіштері; XIV-XVI ғасырлардағы ел өмірін көрсететін
"Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын" жырлары; XV-XIX ғасырлар
аралығындағы қазақ тұрмыс-тіршілігін арқау еткен жыраулар поэзиясы; ХІІІ-
ХҮІІ ғасырлардағы Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөз
үлгілері; Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев қалыптастырған қазақтың
жазба публицистикасының үлгілері; қазақ тіліндегі тұңғыш мерзімді баспасөз
"Түркістан уалаятының газеті" (1870-1882) бетіндегі алғашқы публицистикалық
шығармалар; "Дала уалаятының газеті" (1888-1902) бетінде жарияланған
Д.Сұлтанғазин, Қ.Жапанов, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, А.Құрманбаевтың; "Айқап"
журналындағы (1911-1915) М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың; "Қазақ"
газетіндегі (1913-1918) Ә.Бөкейханов, Р.Марсеков, Ғ.Қарашевтің
публицистикалық шығармалары; сондай-ақ кеңестік дәуірдегі "Қызыл
Қазақстан", "Ұшқын", "Еңбекші қазақ", "Еңбекшіл қазақ", "Қазақ тілі", Еңбек
туы", "Ақ жол", "Шаншар", "Таң", "Жаршы", "Ауыл тілі", "Ауыл", "Социалды
Қазақстан", "Қарағанды пролетариаты" басылымдарында жарық көрген
С.Сейфуллиннің, Ж.Аймауытовтың, Б.Майлиннің публицистикалық шығармалары,
"Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті", "Егеменді
Қазақстан" газеттерінде жарияланған көрнекті публицистер Ғ.Мүсірепов,
С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, т.б. шығармалары.

Еңбектің теориялық және методологиялық негізі.

Қазақ публицисти-касының генезис, эволюция және поэтикасын
қарастырғанда, әдебиеттанудағы кейбір еңбектерді негізге алдық. Бұл ретте
А.Байтұрсынов, З.Қабдолов, еңбектері теориялық, методологиялық бағыт-бағдар
ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ тілші ғалымдарымыз Ғ.Айдаров, Р.Сыздықова,
Б.Әбілқасымов, С.Исаев, Е.Жұбанов еңбектері де тақырыпты ашуға жәрдемін
тигізді.
Қазақ журналистикасының теориясы мсн тарихына қатысты Х.Бекхожин,
Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Фетисов, М.Барманқұлов, С.Имашев, Т.Ыдырысов,
Ү.Сұбханбердина, З.Тұрарбеков, Ф.Оразаев, Н.Омашев, С.Қозыбаев,
А.Сәрсенбаев, Д.Назарбаева, Ғ.Ибраева еңбектері дәйек көздері ретінде көмек
келтірді.

Қорғауға үсынылатын негізгі тұжырымдар.

Зертгеу жүмысында публицистиканың табиғаты айқындалып онын жалпы адамзат
дамуының алғашқы дөуірлерівдегі екі түрі
болғандығы анықталды. Оның бірі үрпақтан-үрпаққа ауызша жеткізілген ауызекі
публицистика. Екіншісі - жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданыска енген
жазба публицистика.
- Ғылыми жүмыста - батырлар жыры ауызекі публицистика үлгісі түрінде
қарастырылды. Батырлар жырының негізінде халыктың шындык өмірі
жатқандығы біз үшін маңызды болды.
- Орта ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да өз заманының елеулі қоғамдық
мәселелерін өзек етті. Жыраулар поэзиясының өз заманын-дағы дәуір үнін
жеткізумен қатар, мемлекетті баскару қүралы болған-дығы да публицистика
функцияларымен қабысып жатыр.
- Қазақтың тапқырлық пен даналыққа, шүрайлы тіл мен орайлы ойға
негізделген шешевдер сөздерінен де замана шындығын, өмір көріністерін,
тіпті нақтылы дерек-дөйектерді де кездестіруге болады. Мүның өзі шешендік
өнердің бойындағы публицистикалык белгілерді ашып, анықтауға жол ашты.
Қазақтың жазба публицистикасының түп-тамырын тереңнен іздеуді жөн санадық.
Орхон, Талас, Енисей ескерткіштерінен публи-цистикаға тән белгілерді
таптық. Олардағы нақты қоғамдық-саяси ахуал, ата-бабаларымыз туралы шындық
деректер қазақ публицисти-касының да өз бастауын көне дөуірлерден алатынына
айғақ бола алады.
- Қазак, публицистикасының қалыптасуында ХІХ-ғасырдағы ойшыддар
Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары зор орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі
кейбір ғылыми түжырымдар сияқты қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай
шығармаларымен бірге туды деп емес, қалыптасты деген пікірге
тоқталамыз. Өйткені, бүгшгі көзқарас түрғысынан алғанда, қазак,
публицистикасының туу, пайда болуы көне дәуірлерде жатқандығын өз
түжырымымызда дәлелдеуге талпындық.
- XIX ғасырдың екінші жартысывда қазақ баспасөзі дүниеге келді. Дәлірек
айтканда 1870 жылы қазак тіліндегі түңғыш басылым "Түркістан
уалаятының газетінің" шығуымен баспасөз бен публицис-тиканың тоғысуы
жүзеге асты. Алғашқы қазақ газетінің бетіндегі коғамдық маңызы бар
жарияланымдарды екшеп алып, олардың тақы-рыптық, проблемалық сипатына
тоқтавдық. Сонымен қатар публи-цистика жанрларының алғашқы көріністері
осы басылымда пайда болғанына нактылы дөлелдер таптық.
- Қазак публицистикасының қалыптасу дәуірінде "Дала
уалаятының газеті" шықты (1888 ж.). Бұл басылымда XIX ғасыр аяғында
қазақ халқының проблемаларын айқын көрсете алған көрнекті
публицистер шоғыры калыптасты.
- XX ғасырдың басында жарық көрген "Айқап" журналының (1911 ж.) үлттық
публицистикамыздың калыптасуындағы орны айқындалды. "Айқапқа" белсене
араласқан публицистердің жаңа ғасыр басындағы үлттық коғамдық ойды
қалыптастырудағы азаматтық позициясы бүгінгі көзкарас биігінен сараланды.
"Айқаптағы"
публицистикалық шығармачардың жанрлық, түрлік қырларына да мән берілді.
- Халкымыздың азаттығы үшін күрескен "Қазак" газетінін (1913) жарыққа
шығуымен бірге ұлттық публицистикамыз ізденіс жолына түсті. "Қазакта"
жарияланған мақалалар мен хаггарда қазак дала-сывдағы саяси, экономикалык,
рухани мәселелер үлттық мүдде тұрғысынан қозғалды. Зерттеуде шығармашылығы
беймәлім қалам-герлердің публицистикасындағы өткір ойлар мен батыл
үсыныстар-дың үлттық сананы қалыптастырудағы рөлі байыпталды.
Кеңестік дәуірдегі публицистиканың негізгі бағыттары мен типологиясы,
жанрлық жене пішіндік өзгешеліктері айкындалды. Осы кезде қазақ
публицистикасына орыс публицистикасының әсер, ықпалы зор бодды. 1917-1990
жылдар аралығын қамтитын бүл дәуірде қазақ публицистикасы жанрлық, түрлік
түрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмүндық ауқымда өркендеді. Осы
жылдардағы казақ публицистикасының негізгі даму бағыттары айкындалды.
Публицистика типологиясы текстік, түрлік, жанрлык, стильдік түрғыдан
жіктелді. Сонымен қатар бүкаралык ақпарат құралдарында көрініс табуына орай
пайда болған публицистика түрлеріне де мән берілді. Кеңестік кезендердегі
қазак публицистикасының функциялары анықталды.
Тәуелсіздік дәуіріндегі публицистика газет публицистикасы нүсқалары
түрғысынан талданды. "Егеменді Қазақстан", "Қазақ әдебиеті"
басылымдарывдағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған шығармалардағы
тақырыптық жоне проблемалык ізденістер айқындалды.
Ғылыми зерттеудің нөтижесінде қазак публицистикасының пайда болу, калыптасу
және даму жолдарын мынадай төрт дәуірге бөлуге болады:
1. Қазақ публицистикасының пайда болу дәуірі (көне замандардан XIX
гасырдың екінші жартысына дейін);
2. Қазақ публицистикасының қсьіыптасу дәуірі (1870-1917 ж.ж.);
3. Лублицистика дамуының кеңестік дәуірі (1917-1990 ж.ж.);
4. Үлттық публицистика дамуының тәуелсіздік дәуірі (1991 жшдан бастап).

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

Ғылыми еңбекте бұрын зертгелмеген казақ публицистикасынын
гносеологиялық негіздерін айқындауға талпыныс жасалды. Сонымен қатар қазак,
публицистикасының қалыптасу, даму арналары кен ауқымда, түтас жүйеленді.
Болашақта осы зерттеу казақ публицистикасыньвд жанрлык эволюциясын,
публицистиканың газет' публицистикасы, радиопублицистика, телепублицистика,
фотопублицистика, кинопуб-лицистика, интернеттегі публицистика сияқты
түрлерін,' жекелеген басылымдардағы публицистиканы, көрнекті публицистер'
шығарма-шылығын, публицистика теориясының алуан қырын, бейнетеу
құралдарын тексеру-талдау бағытындағы жаңа ізденістерге, нақты ғылыми
нөтижелерге жол сала алады.
Диссертация материалдарын жоғары оку орындарында жүргізілетін "Қазақ
публицистикасының тарихы", "Публицистика өнері", "Журналистика жөне
әдебиет", "Журналистика негіздері", "Публицистика және саясат", т.б. жалпы
пәндер, арнаулы курстар мен семинарларда, қазақ халкының рухани мүраларын
жинактауға арналған еңбектерді әзірлеуде, оқулыктар мен оку қүраддарын жазу
барысында пайдалануға болады.
Курс жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде курс жұмысы тақырыбының өзектілігі және зерт
деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері берілген

1 Публицистика табиғаты атты алғашқы тарауда адамзат қоғамында
публицистиканың пайда болуының алғышарттары мен себептері айқындалып, оның
көркем әдебиетпен және журналистикамен арақатынасы көрсетіледі. Осы
тараудың 1.1 Публииистиканың пайда болуы деген бірінші бөлімшесінде жалпы
публицистиканың бастау алар қайнар көздерін анықтауға талпыныс жасалады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Публииистиканың пайда болуы

Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ.
Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен
ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар арасында
ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың
тобы екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы
қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді.
Сөйтіп адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы
басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат қоғамында қарым-қатынас
құралы тілдің пайда болуы - публицистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың
бірі еді.
Көрудің, естудің және сөйлеудің қосылуы негізінде адамдардың қоршаған
орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің
пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси
құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл осы
кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің
көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан
шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси
пікір таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары кейінірек парламенттік
мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі "парламент" сөзінің
түп-төркіні, француз тілінен аударғанда "раrler" "сөйлеу" деген мағынаны
білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда болуы -публицистикаға негіз
болған екінші бір кұбылыс болып саналады. Халқымыздың ақындары, батырлары,
хандары мен билері, ақсақалдары мен әулиелері тауып айтқан асыл сөздің
маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық.
Бүгінгі қазақ публицистикасының бір бастау бұлағы сол халық
даналығында жатқандығын жадымызда әрдайым ұстауымыз керек.
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша тарихи деректердің көрсетіп
отырғанындай, Еуропа мен Азия кұрлықтарының Ұлы даласын мекендеген біздің
бабаларымыз сол кездегі рулар мен тайпалар тек аңшылықпен, мал өсірумен
ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де
болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа
таңбалап, ескерткіш белгі етіп қалдырған.
Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі
публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.
Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі
көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен
хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы
қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық
сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы
маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс
тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистологра-
фияның алғашқы көріністері туды.
Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше
ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.

Көркем әдебиет, журналистика және публицистика

деген екінші бөлімшеде публицистика табиғаты айқындалады.
"Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бүрын, алдымен, оның өзін анық
танып, біліп алған жөн"[8,8 б.].
Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні жайлы айт-сақ, бүл
латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аңғаратынымыз
публицистика сөзінің этимологиясы "қоғамдық" деген сөзге тікелей қатысты.
Осы ойымызды нықтап, шегелей түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен
зертгеушілер түжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің Түсіндірме
сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: "Публицист",
писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по
народному праву"[9.535 б.].
Қазак зерттеушілерінің ішінде публицистикаға түңғыш анықтама-ны Ахмет
Байтүрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде берді. А.Байтүрсынов
публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен теркіндестіреді. "Кесем сөз
шешен сез сияқты әлеуметке айтканын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен
сөзден мұның айырыла-тын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз
жазумен айтылады. Кесем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз
болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек
іске мүрындық болып істеу ыждағатымен айтылады"[1,223-224 б.б.]. Шын
мәнінде публицистика әлеуметтік, коғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің
көкейкесті мөселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезендегі басты
міндеттерді аңғартып, саяси-өлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді.
Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің,
сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып
жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, төжірибемен
үштастыра отырып баяндайды. Публицистика дегеніміз ~ заман тарихы, дәуір
танысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани
бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика •• бүл бөрінен де бүрын шығармашылық
процесс. "Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" публицистикаға біршама
жинақы айқындама берілген: "Кесем сез (публицистика, лат. риЫісш -
қоғамдык) - едебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, еткір
мәселелерді қозғайтын саласы. Көсем сездің мақсаты - нақтылы саяси,
экономикалық, өлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз
кезеңіндегі қоғамдык ойға ықпал ету. Көсем сездің осы мақсатка орай
қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру,
үйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сездің озык үлгілерінен шешендік
сөздердің ізі андалатыны да содан.
Көсем сөз - мерзімді баспасез бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты
үғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпак ойы, оны жеткізу
ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон
жазып, жариялайды"[10,122 б.].
Нағыз публицистикада әлеуметгік-төрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші
бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тындаушыға дүрыс бағыт сілтейді.
Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне өсер етудегі маңызды рөлді де атқарады.
Публицистикалық қүбылыстарға галыми түрғыдан баға беру, дәлелдеудің
айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге үмтылушылық тән.
Публицистика туралы сөз еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына назар
аударып, олармен байланысына да көңіл бөлуіміз керек.
Публицистиканың көркем әдебиеттен езіндік өзгешеліктері бар. Ең алдымен,
публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет -
шығармашылықтың көркем түріне жатады.
Екіншіден, "керкем әдеби шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде
сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау,
публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен
фельетон атворлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп,
олардың портреті, мінез-қүлықтары туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп,
әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар
өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады" [11,148 б.]. Яғни, көркем
өдебиетте шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.
Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты,
публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар.
Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын,
идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар,
эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы,
образдың өсу жолдары арқьиы ашылып оты-рады. Ал публицист өз ойын оқырманға
тікелей үсынады "Пубіицис-тика - автор мен оқырманның ашық өңгімесі айтылып
отырған оқи-ғаға баиланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңыркауы
қуанышы, реніші айкын білініп отыруы керек"[12,14 б.]. Публицис-тика
автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафос-ты, логика
терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, коғамдык маңызы бар
оймен сейлейді.
Бесіншіден, керкем өдебиетге жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл
ғүмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар уақыт
шеңберінде айтылмаган ой көнеруі мүмкін. Сондықтан да көркем едебиет
бірнеше жылдар оқиғасын, түтас бір дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті
өмір ағысына ілесіп отыруы керек,
Профессор Э.Г.Багиров "Природу телевидения составляет не только то, что
отличает его от кино, радио и печати, но и то, что их объединяет, что
отличает их от традиционных средств информации" [13,43 б.] - дегендей,
публицистика табиғатын да онын көркем өде-биеттен айырмашылықтары ғана
емес, үқсастықтары мен жакындық-тары да қүрайды.
Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің
де күралы сөз. Осы түрғыдан келгенде, публицистика мен көркем әдебиеттің
үқсастык жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз байланысады.
Үлы орыс сыншысы В.Г.Белинский көркем әдебиет пен публицистиканы өнер
ретінде қарап, олардың бір-біріне тым жақын екендігін айта келіп: "... что
здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее
воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как на
государство на карте..." [14,318 б.] - деп жазған. Шын мәнінде көркем
әдебиет пен публицистика үшін поэтикалық стилистика арсеналдары -
эпитеттер, метафоралар, теңеулер, гиперболалар, литоталар және троптар мен
фигуралардың палитралық барлық түрлері, сатира мен юморлық, пафостық
қүралдар өте қажет. Бүл көркемдік бейнелеу күралдарынсыз сөз өнерінің
эмоциональдык нәрі әлсіреп, атқаратын функциялық дәрежесі төмендеген болар
еді.
Зерттеуші ғалымдар "журналистика" мен "публицистиканың" аракатынасы,
жақындығы, айырмашылықтары туралы көптеген түжырымдар айтты. Олардың
кейбіреулері бүгінгі көзқарас түрғы-сынан қарағанда, кемшіліктерге де бой
алдырды. Нәрлі, өміршең ойлар да жоқ емес. Енді осы мәселелерге қазіргі
үғым, түсініктер түргасынан қайырыла қарағанда, кейбір нақты түжырымдарды
санамалап көрсетуге болар еді. Ең алдымен, "журналистика" мен
"публицистиканы" жақындастыратан жайттар: журналистика да, публицистика да
қоғамдық-саяси баскару қызметінің қүрамдас бөліктері; көпшілікгі
тәрбиелеудің қүралы; қазіргі заманның тарихын, белгілі бір кезеннің
шежіресін жасауға қатысады; барлық кызметі мен міндеті творчестволык
кайнардан бастау алады; кай кезде де саясат-пен, әлеуметгік-экономикалык
қатынастармен, мемлекеттік аппарат-пен, калың көпшілікпен үнемі байланыста
дамиды; аудиторияның кабылдауына бағытгалады.
Сонымен бірге журналистика мен публицистиканың осындай үқсастықтары,
олардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ деген сөз емес.
Алдымен журналистика туралы түсінігімізді бір жүйеге түсірейік. Біріншіден,
журналистика - әр алуан мекемелердің басын кұрайтын ерекше элеуметтік
институт болып табылады. Екіншіден, журналистика қызмет турлерінің жуйесі
болып табылады. Үшіншіден, журналистика — мамандықтар жиынтыгы.
Тертіншіден, журналистика - шыгармалар жуйесі. Бесіншіден, журналистика -
бұқаралық ақпарат күралдары пайдаланатын акпаратты тарататын және
басылымдар мен бағдарламалардың түрлерін қалыптастыратын арнсһіардың
біртутас жиынтыгы. Алтыншыдан, журналистика - БАҚ проблемаларын зерттейтін
өзгеше гылым саласы және оқу пәндерінің жиынтыгы.
Ая енді публицистиканың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оның журналистиканың
ең басты саласы екендігінің өзінен көп мөселені аңғаруға болады. Бүрын -
соңғы зерттеушілердің тұжырымдарында публицистика бірде шығармашылық түрі
ретінде, бірде жанр ретінде, енді бірде өзіндік өзгешелігі бар өнер
ретінде, саяси қызметгің көрінісі түрінде, газет жанрларының жиынтык, атауы
түрінде, проблема көтеру құралы ретінде, әдебиеттің бір саласы ретінде,
қоғамдық пікірді қалыптастыру тетігі түрінде көрініс табады. Бүл
айтылғандардың бөрі де публицистиканың жан-жақты, өр алуан қасиеттерін
білдіреді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары орыс зерттеушісі М.Гус "публицистика" термині
публицистика үғымы туралы түйінді ойлар айтқан болатын [15,1 б.]. Сол
ғалымның пайымдауынша "публицис-тика" үғымы журналистикаға қарағанда
кеңірек аукымды қамтиды. Публицистика — мамандық, кәсіп ретіндв адамзат
қызметінің бір турі. Өйткені өздерін публицистикалық іске арнаған адамдар,
өз қызметін публицистика деп атайды. Сонымен бірге публицистика ғалымнын,
саясаткердің, суреткердің, қоғам қайраткерінщ экономистің, заңгер-дің,
тарихшының қосымша кәсіп саласы болуы да мүмкін. Яғни санаткерлігі жоғары,
ой-өрісі кең, қоғамның тыныс-тіршілігін тамыршыдай тап басатын кез-келген
қызмет иесі публицист бола алады. Публицистика деп - публицистикаііык,
шыгармалардыц жиынты-гын да түсінуге болады. Яғни, очерктер мен
фельетондар, мақалалар мен ашық хаттар, эсселер мен репортаждар, т.б.
жиынтығы. Публицистика деп жекелеген авторлардың немесе бірнеше
қаламгерлердің публициспшкалық
шыгармаларын да атауға болады. Белгілі бір тарихи кезеңдердің
публицистикалық шыгармалар шогырын да публицистика ретіндв танимыз.
Зерттеуші М.Густің пікірінше, әрбір жеке публицистикалық шығарма өз алдына
және публицистикалық шығармалар жинақталған күйінде, олардың мазмүны мен
пішінінің өзгеруі процесінде, дамуы мен жаңғыруы түрівде ғылыми зерттеудің
нысаны бола алады. Ол өз еңбегінде публицистикалық шығарманың ерекшеліктері
мен пішіндері
туралы, публицистикалык туындылардың қоғам өмірінде алатын орны мен дамуы
туралы ғылымды - публицистика теориясы деп атауды ұсынды [15,1 б.].
Сонымен публицистика терминін нақты өмір қүбылыстарымен қатысты
қарастырғанда, шығысславян, поляк, неміс және баска тіл-дерде кең
қолданылатын мағынасына үңілгенде, оны кең және тар үтымда түсінуге болады.
Бүл осы сөздің мән-маңызының өзгеріп отыруына да байланысты. Публицистика
кең магынасында журналистік шыгарма түсінігін ғана білдірмейді, сонымен
қатар бүл ұғым аясынан шығып, өзекті қоғамдык-саяси такырыпқа көпшілік
алдында сөйленген сөздерді де қамтиды. Публицистика тар мағынасында - ішкі
зақцылыктары мен өзіне ғана төн ерекшеліктері бар шыгармашьмықтың өзгеше
турі.
Ойларымызды жинақтайтын болсақ, журналистика - белгілі бір кызмет саласы
және әсер ету сферасы, түрлі бүқаралық ақпарат қүралдарын, үйымдар мен
мекемелердің басын қүрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал
публицистика - белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмүны, қүрылымы мен
пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне өсер ету
тәсілдері бар тұтас шыгармашылык, турі. Журналиствр - ақпараттар мен
жарияла-нымдар, хабарлар даярлап, олардың бүқаралық акпарат құралдарында
көрініс табуына дейінгі творчестволык процесті жүзеге асыратын адамдар.
Публицистер - осы бұқаралық акпарат құралдарының негізгі мазмүндық жағынан
байытылып, толығуын, коғамдық маңызы зор ой, басты идеялардың күн төртібіне
қойылуын жүзеге асыратын адамдар.
Қазак публицистикасының тарихы туралы толғанатын болсақ та, қазак жазба
әдебиеті мен жазба публицистикасының қатар туып, калыптасқандығына куә
боламыз. Қазак баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеуші, профессор Х.Н.
Бекхожин өз еңбегівде қазақ публицистикасының негізін салушылар ретінде
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев есімдерін атайды [16]. Зертгеуші
М.И.Фетисов Шоқан. Ыбырай, Абай еңбектерін казақ демократиялык
публицистикасының алғашқы үлгілері ретінде баға береді [3].
Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалык мақалалары мен очерктерінде өзі өмір
сүрген түстағы коғамдық маңызы зор мәселелерді қозғады.
Қазақ жазба публицистикасының атасы болып саналатын қаламгерлердің бірі -
Ыбырай Алтынсарин. "Алтынсариннін "Қазақ хрестоматаясы" әрі оқулык, әрі
көпшшкке арналган публицистика және керкем әдебиет шығармаларының жинағы,
халық-қа әртүрлі білім беретін энциклопедияның ролін атқарды" [16,18 б.],-
деп жазды профессор Х.Бекхожин. Алтынсарин публицистикасы ағартушылық
функцияны атқарды. Ыбырай өзінің 1862 жылғы бір хатында: "Қазак халқы
қарапайым, өнері жоқ халық. Бірак біз қарапайымдылықтың езінен де көп
жақсылык табамыз. Қазақ халқы үғымтал, акыдды, дарынды, бірақ окымаған
халық. Мәселе оны ағартуда болып отыр"[17,186 б.],- деп жазды. Дөл осы
ойлар оның көп публицистика-лық шығармаларының алтын арқауы болды. Оның
алғашқы публи-цистикалық мақалалары "Оренбургский листок" газетінде
басылды.
Батыс және Шығыс мөдениетінің қайнарынан қанып ішкен ғұлама Абай
шығармалары да - қазақтың жазба публицистикасының көрнек-ті үлгілері
болғандығы айқындалған. Абай өлеңдерінде сол заманның - ащы шывдығы, қоғам
көрінісі, дала қазактарының бүкіл түрмыс -тіршілігі керініс табады. "Стиль
идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың карасөздері - нагыз публицистикалық
шыгарма"[16,21 б.],— деп айқын көрсетіпті профессор Х.Бекхожин.
Бүгінгі қазақ публицистикасының табиғаты да сол үлылар Шоқан, Ыбырай, Абай
ойларынан өріс алып жатыр.

Қазақ публицистикасыньщ тарихи негіздері

атты екінші тарауда қазақ публицистикасының бастау-бүлақтары ғасырлар
қойнауындағы ауызша, жазбаша жәдігерлерден іздестіріледі.
Бүл тараудың

Көне жазба ескерткіштері - публицистика бас-таулары

атгы бөлімшесінде Күлтегін, Тоныкөк, Талас, Енисей ескерткіштеріндегі
публицистикалық белгілер айқындалады.
Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан өзгеше саналатын
жазба - Култегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға
баяндалады. Оны жазған Иоллығ тегін атты жазбагер.
Күлтегін жазбасы тарихи турғыдан да, өдеби шығарма ретінде де зерттеліп
жүр. Біз жәдігердегі публицистикалық белгілерге назар аудардық. Ең алдымен
ескерткішті публицистикаға жақындататын -жазбада көне түріктердің қоғамдық-
саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі дер едік. Жырдың
бастауында-ақ аттары аталатын Бумын қаған да, Істемі қаған да өмірде болған
адамдар. Олар - түрік мемлекетін алғаш қүрған елбасылар.
Күлтегін жазбасындағы назар аударатын жайт • сол уақытта жаугершілік заман
болғандығын, "Терт бүрыштағы халықты көп алған, бөрін бейбіт еткендігін",
"Ілгері - Қадырқан қойнауына дейін, кері - Темір қақпаға дейін
жайлағандығын" аңғарамыз. Осындағы Қадырқан койнауы, Темір қақпа сол
кездегі жер аттары.
Тағы бір публицистикалық сарын "Бектерінің, халқының ымырасыздығынан табғаш
халқының алдауына сенгендігінен, Арбауына кенгендігінен..." түркі
мемлекетінің ыдырағандығы туралы түтас көрініс. Бүл да тарихи шындық.
Көршілес Қытай мемлекетіне бек үлдары қүл болды, пәк қыздары күң болды. Ол
заман да өтгі. Осы таска қашалған рух пен пафоска толы өршіл сездер -
бүгінгі үрпақты бабалар қателіктерімен төрбиелеп түр, сабақ болатындай
саяси ахуалды баян етіп түр. Жазбадағы келесі бір бетбұрысты кезең Елтеріс
қағанның ел басына келуімен байланысты сипатталады.
Публицистикадағы "факт" терминінің баламасы "окиға" деген түйіндер айтылып
жүр. Күлтегін жазбасындағы публицистикалық белгілердің бірі - "осы
оқиғалар" дер едік. Жазбада бірнеше оқиға
бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда
Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері
уақыттық жағынан кезек-кезегімен, өмірдегі билік кұру уақытымен
кезеңдестіріліп баяндалады.
Жазба ескерткіштегі тағы бір назар аударарлық түс - өмірде болған Күлтегін
батырдың ерлігінің дәріптелуі. Күлтегін шайқастары оның жасы өскен сайын,
шын мәнінде күшейіп, әрі қарай жалғаса береді. Бүл баяндардан байкайтынымыз
- Култегін батырдың өмірде болған адам екендігі, сол кезде өмір сүрген
халықтардың нақты аттары, жер-су аттары жиі кездеседі. Күлтегін шайқастары
бейнеленетін тұстар — нағыз публицистикалық сарынды байкатады.
Публицистикада - ой, идея басты рел атқаратындығы белгілі. Күлтегін
ескерткішінде ғасырлар бойы нұр шашып тұрған негізгі жәуһар ой, асыл идея
-түркі халқын ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыру, ата-баба дөстүрін берік
үстау болып табылады. Күлтегін жазбасы - ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түркі
қағанатының қоғамдык-саяси емірін, жаугершілік замандағы ел баскарған
хандар мен қол бастаған батырлар хақындағы, шындық деректерге сүйенген,
елдің түрмыс-тіршшгін, әдет-ғұрпын дәл бейнелеп берген өлмес ескерткіш.
Шындық өмірді, ақиқат болмысты көрсеткен жазба - көркем шығарма, тарихи
жөдігер болумен катар, қазақ публицистикасының да қайнар бастауының бірі
деп батыл түжырым жасауға болады.
Орхон жазба ескерткішінің ішівдегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі -
"Тоныкөк жыры". Күлтегін жырының авторы Иоллығ тегін болса, Тоныкек жырынын
авторы • Білге Тоныкөктің езі деген жорамал бар.
Жырдың басты қаһарманы Тоныкөк - хандардың ақылшысы, дана адам ғана емес,
бүкіл түркі елінің тағдырын ойлайтын абыз қарт, жасында қолына кару алып
жауға шапқан батыр да, калың түркі еліне жол көрсеткен жолбасшы. қол
бастаған қолбасшы.
Тоныкөк жазбасының өзіндік ерекшелігі ретінде мына жайтты айтпай кету
мүмкін емес. Оқиғалар тізбесі, жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін
сақтап қалу жолындағы жанталас үрыстар басты кейіпкер Тоныкөктін атынан
баяндалғанмен, мұнда -• түркі халқы бастан кешірген канкешті күндер мен
жанкешті жылдар көрініс табады. Әскері аз, бытыраңқы түркі елі тізе қосып
жауға бірігіп аттануы керек болды. Әйтпесе, төрт бүрышты жайлаған басқа
халыктар түркі халқын мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды. Яғни сол көне
дәуірлердегі ең басты максат - түркі мемлекеттігін қалай да сақтап қалу
еді. Тоныкөк жазбасының да - негізгі көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселесі
де, түпқазық, алтын арқау жемісі де осы.
Түркологиялық әдебиеттерде негізгі үш топқа бөлінетін көне түркі
ескерткіштерінің қай-қайсысы да өз дәуірінен, сол дәуірдегі коғамдык
мөселелерден хабардар етеді. Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува,
Якутия, Монғолия жерлерінен табылған Енисей ескерткіштері, Талас
ескерткіштері, VII ғасырдың соны мен VIII ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ
Қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-Чор т.б. тасқа кашалған тарихи
мұралардың басын біріктіретін Орхон ескерткіштерінін әркайсысы ерте
ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық қүрылысы,
мәдениеті мен тілі, әдет-ғүрпы мен түрмысы, әскери жорықтары мен елбасылары
хақынан нақтылы деректер беретіндігімен де қүнды. Накты деректерге
күрылған, өмір шындығынан хабардар ететін, дөуір тынысын, заман ағысын
сездіретін болғандықтан да бұл тарихи ескерткіштерді • алғашқы
публицистикалық жазбалар ретінде атауымызға толық негіз бар.
Көне түркі ескерткіштеріндегі жер су аттары, ру-тайпа аттары мен емірде
болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі - бұл мүраларды
публицистикалық жазбаларға жақындата түседі. Ескерт-кіштердегі аталатын
Алтын йыш - Алтай тауъі, Ертіс угуз - Ертіс өзені, Кем-Енисей езені, Інчу
угуз - Сырдария, Селеңе - Селенгі өзені, Бұқара, Қадырқан, Қара көл, Өркен,
Өтукен т.б. жер-су аттары, оғуз, түргеш, апар-аварлар, арғу, уйғыр, усын,
түрк, қырғыз, қарлук, ізгіл, қыпчақ тағы баска ру тайпалары мен унут-тибет,
қытай, тоқар халықтарының аттары кездесуі кене замандарда тасқа қашалған
мүралардағы публицистикалық элементтерді молайта түседі. Бумын Қаған,
Ілтеріс каған, Білге қаған, Бүгі каған, Ечим қаған, Озмыс тегін сияқты
түркі мемлекеті қағандарының, үш түркі қағанының кеңесшісі Тоныкөктің,
әскер қолбасшысы Күлтегіннің, Түргес тайпасының бегі Күлі-Чордың, Түркі
бегі Есбараның, сондай-ак, Тінесі, Тоқра-Сүміг, Иамтар, Күлбілге,
Оғузбілге, Ынанчы-Чор, т.б. өмірде болған кісі аттарының аталуы да кене
түркі ескерткіштерінің бүгінгі қазак, публи-цистикасына бастау болғандығын
айғақтайтын бүлтартпас дәлелдер болса керек.
Күлтегін ескерткішінде нақты өмірде болған оқиғалар, түтас шайқастар
керіністері, жеңіс пен жеңілістен, қүлдырау мен өрлеуден түратын ерте
заманғы саяси ахуал бейнеленеді. Осы көне жазбаның публицистикалық
белгілері ретінде, ескерткіште өмірде болған кісі аттарының кездесуін атар
едік.
Көне жазбаларда сол секілді қызмет, билеушілерге берілген аттар қалай
аталса солай көрсетілген. Мәселен, қаған, бек, уәзір, некер, қолбасы,
жабғы, елтебер, шад, елші, хабаршы, таңбашы, өрнекші деген сөздер өдденеше
қайталанып жиі көрініс табады. Мүның өзі көне замандағы жаутершілік кезеңге
байланысты екендігі дәлел тілемейді.
Көне жазбалардың бір шоғыры қазіргі қазак жерінен де табылды. 1896-1897
жылдары Қазақ елінің Жамбыл қаласына жакын жердегі Талас өзенінің бойынан
В.А.Каллаур және фин археологы Гейкел (Мунк және Доннермен бірге) 5 тасқа
қашалған жазба ескерткіштер тапты.
Тағы бір назар аударарлык жайт Талас жоне Енисей бойындағы жазбалардың
тексі бір-біріне үқсас келеді. Алдымен өлген адамның кім екендігі, оның
туыстары туралы дерек, мемлекетке сіңірген еңбегі, сосын дүниеден өткендігі
жазылады.
Енисей түрк ескерткіштері қабір басына қойылған эпитафиялық сөздерден
қүралған. Бұл мүраларды бізге жақындататын - 1) Енисей бойынан табылған
ескерткіштердің көне түркі руна алфавитімен жазылғандығы. 2) Бүл -- жалпы
саны 85 жазба-үланғайыр даланы мекен еткен көне түркі тайпаларының тарихы.
3) Әр ескерткіште нақты өмірде болған түрк көсемдерінщ, батырларының,
қолбасшы-ларының аттары мәңгі ешпестей ойылып жазылған.
Бір айта кетерлік жайт - Енисей аңғарынан табылған ескерткіш-тер болсын,
Монғолиядан табылған жазбалар болсын бізге жат емес. Бір замандарда
үланғайыр территорияны мекен еткен бабаларымыз-дан қалған мүра ретінде ол
жәдігерлердің қазақ халқына да еш жаттығы жоқ. Бұл ескерткіштер
бүкіладамзаттық ғажайып асыл казынаға айналып кеткен, түрік тектес
халықтардың ортак, рухани байлығы. Сондықтан да ол жазбаларға бүгінгі
көзқарас түрғысынан қайта қарап, қайта тәржімалап, дүрыс, түпнүсқаға жакын
нүсқаларын кдйта жасаудың күні туды. Орыс ғалымдары В.В.Радловтың,
С.Е.Маловтың аудармаларында асыл түпнүсқа мен тәржіма текст арасында
көптеген алшақтықтар, бұрмалаушылықтар бар екенін аңғардық. Өз жасаған
аудармамызда түпнүсқаға неғүрлым жакын сөздерді колданып, тарихи жазба
мағынасын неғүрлым дөл беруге талпыныс жасадық.
Жалпы Орхон, Енисей, Талас, Суджа, т.б. көне түрк ескерткіш-терінің бері
тиянақты зерттеуді қажет етеді. Біз өз тақырып аукымы-мызға қарай, кейбір
жазба ескерткіштерден мысалдар келтіре отырып. сол жәдігерлеріміздегі нақты
қоғамдық-саяси ахуалға, нақты адамдарға, белгілі бір жер-су аттарына
қатысты дерек - дәйектерді
ғана қарастырдык.
2.2 Батырлар жыры - ауызекі публицистика үлгісі деген тақырыпшада батырлар
жырларындағы публицистикалык белгілер
қарастырылды.
Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бүрын пайда
болған. Белгілі бір тайпаның кесемі өз сарбаздарының аддында сөйлеп тұрып,
оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нүрын септі, яғни
жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғаута
публицистикалык түрғыдан әсер етті. Бұл әрине әлдеқайда кешірек пайда
болған, кәсіби публицистика емес. Бірак бүгінгі публицистиканың бастау
алған түстары - сол кездер деп айта аламыз. Дәлірек айтқанда публицис-
тиканың бастауы - фольклорда жатыр.
Ауыз өдебиетінің бір үлкен саласы -- батырлық жырлар. Эпос немесе батырлар
жыры ерлікті, батырлыкды аңыздап жырлайды
[18,2946.].
Эпос туралы салмақты ой айтқан академик Мүхтар Әуезов қазақ халқында
батырлар жайындағы поэмалардың мол екендігін. Бүл поэмалар көбіне, нақты,
тарихи оқиғамен байланысып, қатарласып келетінін, мөселен, қазақ пен
ноғайлының аралас рулары XVI ғасырда тізе қосып, жау шапқыншылығына қарсы
біріге күресуінің нотижесінде, "Алпамыс" жыры туғандығын атап көрсетеді.
Академик Әлкей Марғұланның тұжырымынша, қазақ эпосы накты тарихи шындықты
акындық тілмен — өлеңмен жырлап беретін әңгіме іспеттес. Ел есінде қалған,
ертедегі халықтың хал-ахуалын көне тұрмысын ұрпактан-үрпакка ауыздан-ауызға
ауыстырып келе жатқан шежіре сиякты. Ә.Марғүлан эпоста тарихи шындыктың
елесі бар деп есептейді.
Батырлар жырында ой орамдарының поэзиялық шұрайлы тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем журналистикасының тарихы
Асқар Егеубаев - публицист
Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі
Публицистика жанрлары
Қайнар Олжай - публицист
ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Пәндер