Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі



Кіріспе

Қазақ халқының мақтанышына айналған, ұлттық профессионалдық музыка өнерінің қарашаңырағы атанған, бойына, бар жаратылыс тылсым табиғатына ұлылық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұжымы, Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, халықтар достығы орденді Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі шын мәніндегі ұлы оркестр.
Дүниенің төрт бұрышын түгел шарлап қазақтың ұлттық музыка өнерінің мәртебесін жоғары ұстап, абырой- даңқын айдай әлемге танытты.
Ұжымның сонау қаз тұрып, қадам басқан алғашқы кездерінен бастап, биік белестерге көтерілуіне дейін баға жетпес мол үлес қосқан оркестірдің тұңғыш ұйымдастырушысы көркемдік жетекшісі және бас дирижеры-Қазақстанның халық әртісі, композитор, ғылым-академик, ұстаз профессор Ахмет Куанұлы Жұбановты даралай айтсақ, аяулы Аханнан тәлім алып, ізін жалғастыра 40 жылдай тер төгіп, қалтықсыз аянбай еңбек еткен, ұжым абыройын асырған кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Парасат" орденің иегері, профессор Шамғон Қажығалиевтің өзі оркестр өмірбаянындағы жеке бір төбе дерлік.
Оркестрдің іргетасын қалаған Ахмет Жұбановтың музыканттар алдында дирижер таяқшасын көтерген күннен бергі өткен ұзақ жылдар бойында қаншама көп ұлттық және әлемдік классикалық шығармалар орындалды десеңізші. Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Глинка, Шуберт, Чайковский ,Пракофьевтердің небір шоқтығы биік жұлдызды шығармалары әрқашан да үлкен ақындық шабытпен, шынайы сүйіспеншілікпен орындалып жүр.
Ұлттық музыка мәдинетінің мақтанышы- оркестрдің мағыналы да маңызды, шын мәніндегі өрелі де өркенді қызметі жалғасып келеді. Ол үлкен тағдырды бастап кешірген ұжым, оны миллиондаған адамдар жақсы түсінеді, сүйеді, оған шексіз риза. Онсыз қазіргі Қазақстан өмірін көзге елестету мүмкін емес.

Оркестірдің құрылуы мен қалыптасуы тарихынан
Қазақтандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка драма техникумы ашылған болатын. Оның алғашқы студенттері қатарында кейіннен өнердің әртүрлі салаларында

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақ халқының мақтанышына айналған, ұлттық профессионалдық музыка
өнерінің қарашаңырағы атанған, бойына, бар жаратылыс тылсым табиғатына
ұлылық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұжымы,
Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, халықтар достығы
орденді Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық
аспаптары оркестрі шын мәніндегі ұлы оркестр.
Дүниенің төрт бұрышын түгел шарлап қазақтың ұлттық музыка өнерінің
мәртебесін жоғары ұстап, абырой- даңқын айдай әлемге танытты.
Ұжымның сонау қаз тұрып, қадам басқан алғашқы кездерінен бастап, биік
белестерге көтерілуіне дейін баға жетпес мол үлес қосқан оркестірдің тұңғыш
ұйымдастырушысы көркемдік жетекшісі және бас дирижеры-Қазақстанның халық
әртісі, композитор, ғылым-академик, ұстаз профессор Ахмет Куанұлы Жұбановты
даралай айтсақ, аяулы Аханнан тәлім алып, ізін жалғастыра 40 жылдай тер
төгіп, қалтықсыз аянбай еңбек еткен, ұжым абыройын асырған кеңес Одағының
халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Парасат" орденің иегері,
профессор Шамғон Қажығалиевтің өзі оркестр өмірбаянындағы жеке бір төбе
дерлік.
Оркестрдің іргетасын қалаған Ахмет Жұбановтың музыканттар алдында
дирижер таяқшасын көтерген күннен бергі өткен ұзақ жылдар бойында қаншама
көп ұлттық және әлемдік классикалық шығармалар орындалды десеңізші.
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Глинка, Шуберт, Чайковский ,Пракофьевтердің
небір шоқтығы биік жұлдызды шығармалары әрқашан да үлкен ақындық шабытпен,
шынайы сүйіспеншілікпен орындалып жүр.
Ұлттық музыка мәдинетінің мақтанышы- оркестрдің мағыналы да маңызды,
шын мәніндегі өрелі де өркенді қызметі жалғасып келеді. Ол үлкен тағдырды
бастап кешірген ұжым, оны миллиондаған адамдар жақсы түсінеді, сүйеді, оған
шексіз риза. Онсыз қазіргі Қазақстан өмірін көзге елестету мүмкін емес.

Оркестірдің құрылуы мен қалыптасуы тарихынан
Қазақтандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында
1932 жылы Алматыда музыка драма техникумы ашылған болатын. Оның алғашқы
студенттері қатарында кейіннен өнердің әртүрлі салаларында жұртшылыққа
кеңінен танымал болған әншілер Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Шабал
Бейсекова, дирижер Ғазиз Дұғашев, компазиторлар Қапан Мусин, Құддыс
Қожамияров, трубашы Александр Спирин, музыка зерттеушісі Гауһар Шомбалова
тағы басқа домбыра, скрипка, флейта аспаптарында ойнайтын музыканттар мен
актерлер болады.
Техникумда ұзтаздық ететін мамандар жетіспегендіктен 1933 жылы
Ленинград консерваториясын бітірген Е.Брусиловскийді қызметке шақырды.
А.Жұбанов пен Е.Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оку орны ғана
емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендетудің ошағына айналды. Солардың
бастамасымен техникум жаңадан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ
музыка аспаптарын жетілдіру музыка-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Қызметке
дәстүрлі халықтық музыка өнерінің шеберлері: Ә.Қашаубаев, И.Байзақов,
Д.Нүрпейісова, Қ.Байсейітов. А.Айтбаев, М.Өтемісов. М.Бөкейханов,
Қ.Медетов, Қ.Жантілеуов, Ә.Құрмановтар аспап жасаушы шеберлер ағайынды
Эммануил мен Борис Романенколар тартылды.
Сол 1933 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен техникум жанынан кұрамы 7
адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Ансамбль аз уақыт ішінде өзінің
өміршеңдігін танытып, тез жетілді. Көп кешікпей сахналарға шығып,
көпшілікке өнерлерін көрсете бастады. Радиодан, оку орындарының залдарында
концерттер беріп жұртшылыққа таныла түсті. 1934 жылдың көктемінде ансамблъ
кұрамының мүшелері 17-ге жетті. Техникумда қобызшы, сыбызғышылар
болмағандықтан ансамбль кұрамына скрипка мен флейта ендірілді. Ол
аспаптарда музыка бөлімінің студенттері Ғ.Дұғашев пен А.Бектасов ойнады.
1934 жылдың маусым айында Алматыда халық таланттарының Бүкіл
қазақстандық, слеті өтті. Оған кең байтақ казақ даласының түкпір-түкпірінен
өнер сайысына түсуге келген ақындар мен жыршы-жыраулар, әншілер,
домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышы күйшілер, сырнайшылар, тағы басқа
өнерпаздар, талғампаз, білгір сарапшылар алдында барын салған болатын.
Слетке техникум жағындағы ансамбль де қатысып, болашақ өнер өрісін меңзей
сарапшыларға өзекті ой тастап кеткен еді.
Ендігі мақсат — оркестрдің мүмкіншілік деңгейін арттырып,
мүмкіншілігін кең сермеуге әрекет ету еді. Ол үшін оркестр кұрамын әлі де
өнерлі музыканттармен, әртүрлі музыка аспаптарымен толықтыру, репертуарды
жаңа шығармалармен байыту, орындаушылық шеберлігін шыңдау, орындаушы
әртістерді нотамен ойнауға үйретіп, сауапандыру сияқты сан алуан жұмыстар
кызу жүріп жатты. Репертуарға орыс және шетел композиторлардың классикалық
шығармалары енгізіле бастады. Мәселен, М.Глинканың "Руслан и Людмила
операсынан фрагменттер, Ф.Шуберттің "Музыкалық сәті", А.Римский-Корсаковтың
"Патшаның қалыңдығы" операсынан интермеццо, П.Чайковскийдің "Қарғаның
мәткесі" операсынан Полина романсы, Кеңес Одағы композиторларының күрделі
туындылары тағы басқа шығармалары орындалатын болды. Сондай-ақ Құрманғазы,
Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Қазанғап, Сейтек, Сүгір және Дина мен басқа
да халық композиторларының шығармалары кейінен қамтылды. Мәскеудегі
онкүндіктен кейін соңғы 2-3 жыл мерзім ішінде оркестр улкен жетістіктерге
жетті.
Осынау қайнаған қызу еңбек майданының нақ ортасында, әрине, А.Жұбанов
жүрді, Оның атқарар жұмыстарының шегі жоқ еді. Оркестрге жалпы басшылық
жасау, шығармаларды жинау, реттеу, репертуарға енгізу, үлгі аспаптарын
ғылыми-тәжірибелік тұрғыда жетілдіру, әртістерді нота тануға үйретіп
сауаттандыру, дирижерлық ету, өзінің композиторлық және ғылыми
шығармашлығымен шұғылдану, коғамдық қызметтерді атқару сияқты сан салалы
жұмыстарды міндетіне алып, оларды асырғанына таң қаласың. Оның үстіне 1935
жылы республика Үкіметінің Қаулысымен оркестр ұжымы негізінде Қазақтың
Жамбыл атындағы филармониясы құрылды, оркестр соның карамағына көшті де,
А.Жұбанов енді филармонияның көркемдік жағын басқарушысы және директоры
болып тағайындалды. Шығармашылық адамына осыншама ауыр жүкті арқалау,
әрине, оңай емес-ті. Содан да шығар, 1938 жылы оркестрге композитор Латиф
Хамиди шақырылды. Осыдан кейін А.Жұбанов сәл тыныстап, шығармашылық жұмысқа
дем койып, оркестр ұжымына жетекшілік етуді Л.Хамидиге тапсырды, Л.Хамиди
оркестрге дирижерлық ету мен әртістерді нотаға сауаттандыру тәрізді
жұмыстарды өз міндетіне алды. Бірақ, өзінің төлтума оркестр ұжымы
А.Жұбановтың басты назарында болды. Ол қоғамдық-әлеуметтік, шығармашылық,
ғылым-білім салаларында жүрсе де, 20 жылдай үзбей оркестрге қызмет етіп,
ғұмырының соңына дейін оның бірден-бір қамқоршы басшысы болды.
1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге күйші-композитор
Құрманғазының аты берілуі тегіннен емес. Өйткені, А.Жұбановтың айтуы
бойынша, Құрманғазы күйлерінің басым көпшілігі және ол туралы деректерді
жеткізген күйшінің тікелей шәкірті Дина Нұрпейісова бастаған көпшілігі
оркестрдің күйші-орындаушылары болған Махамбет Бөкейханов, Оқап Қабиғожин,
Қали Жантілеуов, Лұқпан Мүхитов, Науша Бөкейханов, Ғабдулман Матовтар және
Ерғали Есжанов, Мұрат Өскенбаев, Төлеген Аржанов, Ғылман Хайрошев, Саркенже
Мышжанов, Оразғали Сүйімбеков сынды өнер иелері еді. Сондықтан алғашқы
оркестр репертуарының негізін кұраған да Құрманғазы күйлері болды.
Құрманғазы — шынайы халық ұлы. Ол — қазақтың аспапық музыка өнері
тарихыңдағы табиғаты ерекше жаратылған шоқтығы биік ең алып тұлға.
Құманғазы өз тұсыңдағы коғамдық-әлеуметтік ортаның шытырман кым-куыт
қайшылықтарына қарамай, қайсарлығымен оған қарсы тұрып, қаншама қуғын-
сүргін қиыншылықтарға мойымай, туған ел-жұртының арман-мұңын, мақсаты мен
мұрат-мүддесін даналық дара үнімен, музыка тілімен жырлап өтті. Сөйтіп, ол
шығандай шығыл, соншалықты шырқау биіктерге самғап, өлмес өрелі шығармалар
тудырған шынайы таңғаларлық ғажап құбылысқа айналды. Сол құдірет оның
күйлерін әлемдік музыканың классикалық үлгілерінің алтын қазыналары корына
қосты.
Құрманғазының өмір сүрген әлеуметтік ортасы кым-қиғаш қай-шылықтарға
толы, бұлтаң-бұралаңы көп, саяси кұрылымы жағынан бір-бірінен керағар,
алшақ жатқан коғамдық формациялардың тоғысқан тұсы еді. Мұндай ортаның
шытрман жұмбақ сырларының жігін ашып, түйінін шеше қою оңай емес-ті.
Күйшінің көз ашқаннан көріп өскен ортасы — малшы, жалшы, жоқшылық зардабын
кешкен кедей-кепшіктің сұрықсыз коңыр тірлігі болатын. Ой көзі ояу, жіті
аңғарғыш балаң жігіт Құрманғазы бұлай күн кешудің өзі әділетсіздік деп
түйді. Сол себепті де ол бала жасынан әділеттілік үшін күреске шығуға
даярланды деуге болатын сияқты. "Құрманғазы өзінің шығармаларында алдымен
адам бейнесін жасады. Ол қандай тақырыпта күй шығарса да, неге бағыштаса
да, нені суреттесе де негізгі арқау адам тағдырының айналасында болды",—
дейді А.Жұбанов. Міне енді осыдан келіп оның бойындағы қасиеттері, іс-
әрекеттері, ұстанған бағыты, шығармашылығының бедер-бейнесі, бар болмысы
айырықша түседі. Демек, оның өмірлік тіккен туындағы ұраны — ел рухын
көтеру, адам жігерін жасытпай, адамгершілік, азаматтық касиеттерді жоғары
ұстау, рухани тазалықты сақтау, халық еркіндігі мен бірлігіне дақ салмау,
әділеттілік жолында бітпес күреске шығу. Ал күресу үшін ержүрек батырлық
пен батылдық, таймас табандылық, қайтпас қайсарлық, қажымас кажыр-қайрат,
сарқылмас күш-жігер керек. Құрманғазы бойында осының бәрі де болды және ол
ұстанған жолынан еш айныған емес.
Құрманғазының өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісінің шыңдап қолға
алынуы академик Ахмет Жұбанов есімімен тығыз байланысты. Аяулы Ахаң қаншама
жылдар бойына жер-жерлерді аралай жүріп, "инемен құдық қазғандай" зер сала
еңбектеніп, қыруар кұнды деректер жинады. Ол үшін құшақ-құшақ архивтерді
ақтарып, күйшіні көзі көрген, білетін, естіген адамдармен жолығып, көнекөз,
құймақұлақ қариялармен әңгімелесіп, Құрманғазының өскен ортасы, сол кездегі
Бөкей хандығының қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайы күйші
шығармаларының туған кезеңдері мен себептері жөнінде зерттеу жұмыстарын
жүргізді. "Композитордың ел арасына тараған күйлерін көптеген орындаушы
күйшілерден жинақтап, сұрыптап талдау, нотаға тусіру, бір жүйеге келтіріп
оркестрге лайықтап өндеу жұмыстары да А.Жұбановтың еншісіне тиді. Ол сонау
1930-жылдардан бастап-ақ тынымсыз ұлы күйші өмірінің сан тарау шытырман
оқиғаларына толы деректер мен күйлерін түкпір-түкпірден тірнектей жинақтап,
оған ғылыми талдаулар жасап, мақалалар жазып, кітаптар шығарып, тер төге
ұлан-ғайыр еңбек сіңірді.
Құрманғазыньң аласапыран толқын атқан ауқымды ойлары, өмір жайлы
толғақты толғаныстары, түсінік-түйсіктері жеке домбыра шынашағына
сыймайтындай. Бұл ойдың делелін тағы да А.Жұбановтың пайымдауынан табамыз.
"Кұрманғазы күйлерінде, баста жалғыз домбыраға арналып шығарылғанымен
оркестрлік касиеттері күшті. Көбі "мені оркестрге түсіріп тарт" деп сұранып
тұр. "Көбік шашқан", "Ақбай", "Кішкентай", "Алатау" жеке домбырада
тартқанда қалай дегенмен шырайы шықпайды. Ал, "Сарыарқа" тек оркестр үшін
жаралған сияқты",—дейді А.Жұбанов. Осыдан кейін әу баста неліктен
Құрманғазы күйлерінің оркестр репертуарының арқауы болғаны, күні бүгінге
дейін көптеген күйлерінің үздіксіз табыспен орындалып келе жатқаны
оркестрдің Құрманғазы атымен аталуы әркімге де түсінікті болса керек.
XX ғасырдың отызыншы жылдарының соңы мен қырқыншы жылдары жалпы қазақ
өнері үрдіс өсу, өрлеу жолында болғанын аңғарамыз. Қазақстанда опера және
балет театрының, филармонияның, консерваторияның ашылуы, тағы басқа өнер
ошақтарының, көптен бой көтеруі профессионалдық музыка өнерінің мәртебесін
биіктете түсті. Кәсіби музыка өнері кадрларының қатары да өсті.Осы
мерзімдер ішінде Құрмайғазы атындағы оркестр ұжымы да шабытты шағына жетіп,
шынайы профессионалдық деңгейде шеберліктерін шыңдаумен болды.
1939 жылы Қазақстанға келіп, симфониялық оркестрдің бас дирижеры болып
орналасқан білімді, білгір маман Леонид Шаргородский кейіннен Қазақтың
Мемлекеттік филармониясында көркемдік жетекші, Абай атындадағы опера және
балет театрында дирижерлық кызметтер атқарды. 1942 жылдан бастап біраз
жылдар бойына Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне жетекшілік
етті. Л.Н.Шаргородскийдың келуімен оркестр жұмысының қарқыны одан әрі удей
түсті. Ол тек оркестрдегі дирижерлық кызметімен ғана шектелмей, ұжымға
ұстаздық өнегесін де үйретіп, олардың музыкалық сауаттылығын арттыруға көп
көмегін тигізді. Л.М.Шаргородский мен композитор С.И.Шабелъский
шығармашылықта тығыз одақтаса отырып, қазақтың халық композиторларының
шығармаларын молынан игерумен қатар оркестр репертуарын орыс және шетел
композиторларының классикалық шығармаларымен байытуға атсалысты.
М.Глинканың "Вальс фантазиясы" мен "Камаринскаясы", А.Бородинның "Орта
Азияда" туындысы, В.Глазуновтың "Концерттік вальстері", Л.Бетховеннің " 1
симфониясы", Моцарттың "Рондосы", Бизенің "Кармен" операсынан антракт,
Шуберттің "Вальсі" ез төл туындыларымыздай оркестр репертуарынан берік орын
алды, Л.Шаргородский мен С.Шабельскийлердің шығармашылық ынтымақтаста тізе
қоса еңбектенуі нәтижесінде авторлық шығармалары — "Той бастар" поэмасы,
"Казақ" тақырыбына арнал-ған симфониеттасы, "Қазақстан", "Алатау" поэмалары
дүниеге келіп, оркестрге қомақты өз үлестерін қосты. Сондай-ақ
Л.Шаргородский оркестрге дирижерлық ету мектебінің алуан түрлі көркемдік,
эстетикалық, әдістеме-тәсілдік принциптерін өзінің жас ізбасарлары
Ш.Қажығалиев. Ф.Мансуров, А.Мырзабеков, М.Әубәкіровтердің бойына сіңіруге
дек койып, тәлім-тәрбиелік жұмыстарды да қоса жүргізді.
Жалпы қазақтың жазба кәсіби музыка өнерін дамытуда А.Затаевич,
И.Коцык, Д.Мануцин, А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович,
В.Великанов, С.Шабелъский, Л.Шаргородскийлер орасан мол үлес косқан алғашқы
жалаугерлер болды. Одағы соңғы ұлттық профессионалдық музыкамыздың өрісі
өркен жайып, талантты композиторларымыз лек-легімен келіп қосылып, ез бағыт-
бағдарымен сан салалы шығармашылық шеңберінде жаңа , жаңа серпін тудырып,
энер эстафетасын жіті жалғастырып жедел дамытып әкетті. М.Төлебаев,
Қ.Мусин, Б.Байқадамов, Қ.Қожамияровтардын ізін баса келген С.Мүхамеджанов,
Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, Н.ТІлендиев, М.Қойшыбаев, Х.Тастанов,
К.Күмісбеков, Д.Ботбаевтар әртүрлі жанрда кептеген шоқтықта шығармаларды
дүниеге келтіріп, үлкен өнер мерейін устем етті. Осындай үрдіс ұмтылыстар,
с@з жоқ, әлемдік ауқым деңгейімен барабар улттыі^ аспаптық музыкамыздын,
көлемі мен сапасынық аясын кеңейтіп, Құрманғазы оркестріне де таруы мол
туындыларды тарту етті.
Оркестр репертуарының алтын қорышаі қось^іған А,Жұбановтың "Абай':,
"Қазақ': сюиталары, "Төлеген Тоқтаров" вертюра-фантазиясы, көп тармақты
"Тэжік биі", "Би күйі". "Ария", "Көктем" атгві туындылары мен "Карлығаш",
':Ак көгершін" тәрізді әндері; Е.Брусиловскийдің "Дтаанда", "Румын
әуендері", "Желдірме" поэмаларык М.Төлебасвтың "Қазақ фантазиясьг',
"Казақ", "Қазакстан" увертюралары. "Той" атга музыкалық, суретгемесі;
Қ.Мусиннің "Жайлауда"', -'Халық бақыты үшш". "Мереке" поэмалары;
С.Мухамеджановтың "Балқадиша" вариаи^ялары, ""Кыз қуу" суреттемесі,
"Домбыра туралы" баллада", "Шаттық Отаны" поэмалары, "Қазақ увертюрасы",
"Мерекелік увгртюрасы", "Дархан дала" атты симфониялык. куйі;
Н.ТІлендиевгьщ "Ата толғауы", "Мурагер", "Қайрат" увертюралары, "Көш
керуен", '"Алтын дән", "Махамбет" поэмалары, "Алатау", "Саржайлау", "Өз
елім" әерері; Е.Рахмад^іевтың "Дайрабай", "Қудаша-думан" поэмалары мен
әндері, М.Қойшыбаев, Х-Тастанов, К.КүмІсбеков, Д.Богбаев, Б.Жүманиязов, М.
Маңғытаевтар мен өзге де композиторлардьщ озыі^ шығармалары кумі бүгінге
дейін тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіл, табыспем орындалып
келеді.
Қазақстанның алуан салалы музыка өнері қайраткерлерінің ішіңце
Құрманғазы оркестріые қатысы болмаған адамдар кемде-кем. Оркестр туралы сөз
болғанда, ол ұғымға дирижерлар, композиторлар, әншілер мен күйшілер,
музыканттар түгелдей енеді. Мысалы, әр жылдары өздерініңбар ынта-ықьшасын
салып, бойындағы күш-куат, жалпы жігерлерін жұмсап оркестрде дирижерлық
еткен Ахмет Жұбанов ассистегатері — Мәлік Жаппасбаев, Ғабдулман Матов,
Қапан Мусин; дирижерлар - Жаппас Қаламбаев, Латиф Хамвди, Леоіщц
Шаргородский, Шамғон Қажығалиев, Нүрғиса Тілендиев, Фуат Мансуров,
Алдаберген Мырзабеков, Үялбай Нүсіпов, Глеб Сафонцев, Мәлгеждар Әубәкіров
есівдерін ардақтай айтуға тиіспіз.
Жезтаңдай уш әнші-әртісіміз Күлөш Байсейігова, тандайъша бұлбұл қонған
Бибігул Төлегенова, айтуглы да аяулы әншілеріміз Роза Бағланова, Ермек
Серкебаев, Роза Жамаңова, Ришат лен Мүсілім Абдуллиндер, Жамал Омарова,
Қаукен Кенжетаев, Бекен Жьшыспаев, Байғали Досымжановтар кеп жылдар бойьша
оркестрмен қосыла ән шырқап, сәніне сән, әріне әр беріп, оның да, өздерінің
де беделін арттыра түсті. Басқа да республикалардың әйгілі әншілері
С.Лемешев, Л.Зыкина, С.Киізбаевалар да Құрмакғазы оркестрімен қосылып өн
салғандарын өздеріне мәртебе санады.
Біз бүл еңбегшізде Қүрмангазы оркестрінің жылнамасына жазыдар үзақ
жылдар бойындағы жүріп өткен жоддарьг мен өмір-тарихының шып-шырғасын
шығармай, егжей-тегжейлі барлығын камтыц, түгедаей жазып шығуды міндет
еткеніміз жоқ- Олай боллъі мүмкін де елюс. Өйхкені, ондай міндетті атқару —
бір кітап түгілі аиденеше томдарға жүк болары анык. Әр кезендерде оркестрге
өз үлесгерін қосьщ. қазақ м~зыка өнерінің абыройьға асырған бірнеше буын
тарлан талант өнер иелеріне жіжелей арнайы тоқталып, жік-жігімен баяндап
пшғудьщ да мүмінішгі жоқ. Сондықтан, Олар жайлы қыс^аіпа деректер мен толық
тізімін кітап соңында беріп отырмыз. Әйхкеммен, жоғарыда біз есімдерін
зтаған ардақты ағалар іздерін баса, жалғаса келіп, әр туетары оркестрде
қызмет етіп, үздік өнерлерімен танылған: Темірбек Ахметов, Рустембек
Омаров, Гүлнафис Еаязитова, Фащма Балғаева, Мағауя Хамзим, Әзіщолла
Есқалиев, РысбаЙ Ғабдиев, Бақтияр Құбайжанов, Ғинолла Исмағулов, Мунира
Ушшева; Айса Шәріпос, Бақьтг Қарабалина, Алмажаң Шағирова, Қаршымбай
Ахмедияров, Зере Бейсембаева, Меруерт Кәленбаева, Гүлсара Ізтілеуовалар
сынды және тағы басқа көлтеген айтулы музыканттардың елеулі еңбектерін
қу_рмеітей де суйсіне айтуымыз ләзім.
Оркестр жайлы шынайы ой-санамызға салып. көңіл-сезім, көкірек көзімен
тереңірек үиілер болсақ — телегей теңіз төгілген тер, жұмсалған қыруар ақыл-
зейін, қажыр-кайрат, ересен енбезегі айгпағаңда, улкен бір дәуірді камгитын
өнер өлкесі өмірінің киын да қызғьшықты, әрі жарқын іздерін көрер едік.

Оркестр даңқы әлемге әйгіленді
1950 жылдардан ары қарай Құрманғазы оркестірінің даңқы дүние жүзіне
тарады. Оркестр ұжымы профессионалдық музыка өнерінің бүге-шігесін жеріне
жеткізе толықттай меңгеріп, шарықтау шегіне жетті. Бұл Жұбановтан тәлім
тәрбие алған көрермендердің көңілінен шықты. Дәл 1950 жылы қазақтың Жамбыл
атындағы Мемлекеттік филармониясының үлкен концерт залында Құрманғазы
оркестріне тұңғыш рет дирижерлық етіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленуі
оның болашақ шығармашылық жолындағы жоғары баға алып шыққан алғашқы
емтиханы еді.
Расында дэ, әсіресе, Ш.Кажығалиев басқарған тұста оркестр шарықтаұ
шегіне жетіп, атақ-даңқы бүкіл әлемге әйгілі болды. Бір ғана мысал 1957
жылдың көкгемінде оркесгр Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапармен
барьш, Пекин, Шанхай, Нанкин. Шеньян, Харбин калаларында концерттер берді.
Пекиннің ұлттық театрында өткен алғашкы коыдертіне Қытай Халық
Республикасының басщьшары, қоғам кайраткерлері, мәдениет және өнер
қызметкерлері, Кеңес Одағының, Қазақстанның Үкімет өкілдері мен мәдениет
қайраткерлері, калың әлеумет түтел катысты. Концерт ұлкен табыспен өтті.
Оркесгр күрамында домбырашы-музыканттар ретінде барып қайтқан, қазірде
Қазақстан Республикасының еңбек сінірген қайраткері, белгілі композитор
Дүнгенбай Ботбаев сол алғашқы концерт туралы бьыайша еске алады: "Қытай
халқының үлттық теаірыңда Құрманғазының '"Сарыарқа" күйі орындалған сәғге
залда отырған мыңдағаң халық қошемет көрсетіп, орышдарынан тұрып, кол
шапалақтап карсы альгп, Кытай халқының, мемлекет кайраткерлері сахна төріне
шығып. оркестрдің барлық мүшелерін аса ілтипагпен қурметтеп, кұттықтау
көрсетті". Ал сол сапарда баяып, дәл осы бір сетті бейнелеп айтушы әнді
біреулер: "Концерт соңында "Сарыарқа" күйі басталған сәтте-ақ бүкіл зал
орындарынан қопарыла көтеріліп, күй аяқталғанша тапжылмастан тұрып тьщдады.
Сірә, музыка мұхитын сапырғандай естілетін, алапат адуынды "Сарыарқаны"
қазақтың ұлтық ұраны, ягни гимні екен деп қабылдаса керек", -дегенді
айтады. Калай болғанда да сол сапарда оркестрге және оның көркемдік
жетекшісі, бас дирижеры Ш.Кажығалиевке "тамаша оркестр, таланілы дирижер"
деген айдар тағылды. Кытай халқы Қүрманғазы оркестрінің өнеріне құлшына қол
соғып, тамсана кызықтал кана коймай, болашақта өздеріне үлгі етіп
алатындарын да бүкілсіз айтты. Мәселен, Пекиндегі Қытай-Кенес Одағы достығы
қоғамдық ұйымының "Достық" газетінің "Тамаша оркесір" деген мақаласында:
':Қазақтың Қүрманғазы атындағы халық аспалтары оркестрінің Қытайдағы
гастролі тек адамдарды тебіренгерлік тамаша музыканы ғана емес, сонымен
бірге музыкалъіқ бай тәжірибесін де алә келді. Бұл тәжірибе біздің де
улттық оркестрімізді құру мен дамытуға айтарлықтай дәрежеде көмегін
тигізеді. Біз Қазақтың Мемлекетгік оркестрі ұжымына Қытайға келген сапары
үшін шын алғысымызды білдіреміз",-
Сол сияқты Қурманғазы оркестрі 1959 жылы Венгер Халық Республикасында,
1971 жылы Финляндияда, 1973 жылы Польша Халық Республикасыйда, 1974 жылы
Чехославакияда, 1975 жылы Францияда, 1976 жылы Итадияда, 1982 жылы
Португалияда, 1983 жылы Ауғанстанда, Еуропаның сексснге жуық Калаларыңда —
Парижде, Римде, Хельсинкиде, Лиссабокда, Прагадаг Будапеште, Бухаресте,
Варшавада, тағы басқа толып жатқан жерлерде концерттер беріп, Қазақстан
музыка мәдениетінід беделін әлем жұртшылығы алдында биік бедестен көрсете
білді.
Міне оркестрдік бағына карай, сондай шақтарда ұжымды басқаруды білімді
де біягір белгілі музыка мамандары колдарына алыл, үжымның әрі қарай
шығармашылық дамуына ерекіде қолтаңбаларымен өзівдік үлестерін қосты.
Солардың ішінен оркестр ужымыша әсіресе мол үлес қосып, тыңғьшықты да
тындырымды еңбек сіңірген Ңұрғиса ТІлеЦциев пен Алдаберген Мырзабековтерді
ардақтай айіуымыз кажет.
Талантты дирііжер, хас шебер домбырашы, композитор, Кенес Одағынын
халық әртісі, Халық, каііарманы Нұрғиса Тшендиев Қурманғазы оркесгрімен
жиырма жасар бозбала шагында танысты. Өнердің ерен жүйрік білгірі А.Жұбанов
Нұрғиса табиғатыңа дарыған тума талантын бірден танып, балаң жас жігігі
колынан жетелеп әке.ліп, оркестр құрамына ендіріл, домбырашы-музыкант етіп
кабылдап алды. Сондықтан Н.Тшендиевгің үлкен өнер өлкесіндегі алғаши^ы
кадамы осы оркестрден басталды деп анық айга аламыз.
Ал 1960-1962 жылдар аралығында Н.Тілеңдиев Қурмангазы оркестрдің
дирижерлық етіп, негізін А.Жүбанов пен Ш.Қажығалиевтар калаған оркестрдің
данқты шығармашылық, достүрін жалғастырып, өз бағыт-бағдарымен әрі қарай
дамуына түсті. Оркестрді баскарған жылдары Н.Тілендиев қазақтың, халық
музыкасының, халық композиторларынңң классикалық үлгідегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі
Қазақстанның музыка және балет өнері
А. Жұбановтың шығармашылығы
Театр және музыка өнері
БҚО-дағы мәдениет және өнер білім беру мекемелері
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Ахмет Жұбанов
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Латиф Хамиди
Пәндер