Баскетбол сабақтары туралы ғылыми-педагогикалық және техникалық көзқарас
Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми.педагогикалық көзқарастар мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
2 Зерттеудің міндеттері мен әдістері және ұйымдастырылуы
3 Мектептердің 4.ші сынып оқушыларына баскетбол ойыны техникасының негізгі тәсілдерін қалыптастырудағы технологиялық көзқарас
4 Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеудің өзектілігі. Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар [С.І. Қасымбекова, Ю.Г. Телеугалиев, 2002; Ю.Г. Телеугалиев, 2003]. Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:

1 Ескалиев М.З., Орехов Л.И. Инновационные технологии начального обучения юных баскетболистов // Теория и методика физической культуры. - 2007 - №1. – С.161-166.
2 Орехов Л.И., Ескалиев М.З. Начальное обучение и отбор юных баскетболистов с учетом биологического возраста // Вестник физической кльтуры. – 2009. - №2. – С.70-74.
3 Е.Л. Караваева, М.З. Ескалиев, Н.А. Ахметов. Методологические проблемы сохранения здоровья при занятиях спортом // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».- Санкт-Петербург: Олимп СПб, 2007. – С.76.
4 Л.И. Орехов, Е.Л. Караваева, М.З. Ескалиев. Инновационный подход к обучению и укреплению здоровья на начальном этапе подготовки юных баскетболистов // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».-Санкт-Петербург: Олимп СПб, 2007. – С.118-119.
5 Л.И. Орехов, С.И. Касымбекова, М.З. Ескалиев. Эффективность развития координационных способностей на начальном этапе обучения юных баскетболистов // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».-Санкт-Петербург, Олимп СПб, 2007. – С.119.
6 М.З. Есқалиев. Баскетболдағы бастапқы үйрету кезеңінде ойын техникасы негіздерін қалыптастыру // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. - 2010.- №1. - Б.206-210.

РЕФЕРАТЫ
Орал 0аласы 2011
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және
рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып
табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына
республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді
болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы
және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері
мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам
өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар
қабылданған: Білім туралы, Дене шынықтыру және спорт туралы
Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене
шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене
дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік
маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде
болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым
тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3
сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі
қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін
тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық
жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында
спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-
тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін
мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты
назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу
материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша
оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана
емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен
екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары
бар [С.І. Қасымбекова, Ю.Г. Телеугалиев, 2002; Ю.Г. Телеугалиев, 2003].
Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының
бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы
оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола
өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
- сабақтарда баскетбол бойынша оқушылардың техникалық және тактикалық
қимылдарын қалыптастыру барысында сенімді технологиялық көзқарас
жасалмаған;
- ойын тәсілдерін меңгерудің орындалған детерминанттары жеткілікті
дәрежеде атқарылмай қалғандықтан, динамикалық ойын жағдайларын және
үйретудің құрылымды-қисынды кестесін жобалауды едәуір қиындатады;
- дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын
тиімді басқару тәсілдері елестетудің әртүрлі түрлеріндегі мәліметтер мен
хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі
статусы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үрдісте оқушыларды
үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі
спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен
тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-
қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып
табылады.
Зерттеудің түпнұсқасы. Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес келетін
философиялық, педагогикалық, психологиялық, медициналық-биологиялық
сипаттағы жұмыстардың түпнұсқаларынан құралады.
Жетекші идеясы. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру
сабақтарында баскетболмен шұғылдану тиімділігінің шынайы жақсаруы.
Зерттеудің негізделуі. Зерттеу жалпы білім беретін мектеп оқушыларының
дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін жетілдірудің басымды бағыттарын
ескеру арқылы жүргізілген.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру сабағы.
Зерттеу пәні - дене шынықтыру сабағында баскетбол ойыны техникасының
негіздерін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны
техникасының негіздеріне оқушыларды үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу болжамы. Болжамның ғылыми негізін адамның қоғамдық болмысының
жинақталған түрі ретінде болмыс құбылысын өміршең деректерге айналдыруды
анықтайтын нәтиже болатындай теориялық ережелер құрайды [В.А. Сластенин,
2000; С.П. Баранов, 2002; Н.А. Алексеев, 1997 және т.б.].
Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасына үйретудің
бастапқы кезеңін сабақтар жүйесінде келесі әдістемелік көзқарастарды іске
асыру есебінен едәуір жақсарту мүмкіндігі қарастырылды:
- кезеңдер бойында ойын техникасы тәсілдерін қалыптастыру;
- динамикалық ойын жағдайлары (модульдері) негізінде оқу материалы мен
оқу сабақтарын құру мазмұнын іріктеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын
баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық
дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың
және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың
эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының
негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық
ұсыныстар түзу.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік
әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, сауалнама
жүргізу, баскетболшының дене дайындығы мен арнайы сапаларын тестен
өткізу, антропометрлік (дене салмағы, бойы, ӨТС және т.б.), педагогикалық
эксперимент, математика-статистикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу мәселесі - баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру
үшін спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау шарттары мен
тәсілдерін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін адам туралы қоғамдық және жеке дара
дамудың жоғарыдан берілген мәліметі деп білетін философиялық ілім құрайды:
жеке дара тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи және
әлеуметтік-мәдени алғышартының жетекші рөлі туралы. Әдіснама ретінде адамды
үйрету мен тәрбиелеуге деген әрекеттестік көзқарасы пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін құрайды:
- жеке тұлғаның дамудың сыртқы факторлары мен ішкі жағдайлары арқылы
жеке тұлғаның қалыптасуындағы детерминациялаудың психологиялық-
педагогикалық теориясынан [Б.Г. Ананьев, 1977; А.Н. Леонтьев, 1975; С.Л.
Рубинштейн, 1976 және т.б.];
- оның субъектілерінің әрекеттесу теориясы [К.А. Абульханова-Славская,
1977; В.В. Давыдов, 1986; А.Н. Леонтьев, 1983 және т.б.];
- жұмыс әлеуметтік қайта өзгерту ойларын жасау барысында оларды
жобалау мен іске асыруды жүйелеу идеясына негізделген [В.П. Кузьмин, 1986
және т.б.];
- оқыту теориясынан [В.Г. Афанасьев, 1981 және т.б.];
- дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі [В.К. Бальсевич, 1992; М.Я.
Виленский және т.б.].
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- дене шынықтыру сабақтарында баскетбол бойынша оқу үдерісінің
бастапқы кезеңіне деген технологиялық көзқарастың құрылымы мен функциясы
белгіленген;
- динамикалық ойын жағдайларын (модульдерді) пайдалану арқылы
баскетболдың негізгі техникалық тәсілдерін кезеңдер бойынша қалыптастырудың
педагогикалық технологиясы жасалынған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы білім
беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарындағы дене бітімінің
жай-күйін педагогикалық басқару саласындағы білімдерін кеңейтеді және
тереңдетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы тұрады:
- баскетболшы оқушылардың бастапқы техникалық даярлығының жасалынған
педагогикалық технологиясын тікелей тәжірибеге ендіруден;
- баскетбол тәсілдеріне үйрету тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік
беретін арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындар түріндегі динамикалық ойын
жағдайларының мазмұнын жасаудан.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы қамтамасыз етіледі:
- теориялық, әдіснамалық, спорттық-педагогикалық ережелердің жиынтығы
арқылы;
- тәжірибеге қатысушыларды таңдау көлемі және қайта көрсету арқылы;
- жүргізілген зерттеулердің мерзімі мен кезеңдерінің ұзақтығы арқылы;
- зерттеу әдістерінің ақпараттылығы мен сенімділігі арқылы;
- диссертация авторының ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесінің
жеткіліктілігі арқылы.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында
қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс
және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал
етеді;
- динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен
қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп
оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін
оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;
- баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске
асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер
қалыптастыруға жағдай жасайды;
- баскетболды дене шынықтыру сабақтарында пайдалану олардың дене және
тактикалық даярлығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Диссертанттың жеке үлесі келесіден тұрады:
- баскетбол ойыны техникасын қалыптастыруға деген технологиялық
көзқарастарды іске асырудың негізгі бағыттарын үйренуден;
- баскетболшы оқушылардың техникалық даярлығының бастапқы кезеңінде
оқушыларға арналған динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын негіздеуден;
- дене шынықтыру сабақтарында динамикалық ойын жағдайларын пайдалану
арқылы баскетбол ойыны техникасын қалыптастыру үшін жасалған технологиялық
көзқарастарды эксперименттік тұрғыдан негіздеуден.
- дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды баскетбол негіздеріне үйрету
үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулар
қалыптастырудан.
Зерттеу базасы. Осындай база ретінде 5-6 сынып оқушыларына дене
шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының негіздерін үйрету
үдерісінің тиімділігін арттыруды ғылыми түрде негіздеген оқу үдерісі қызмет
етті. Бұл үдеріс Алматы қаласындағы №39 орта мектептің оқушылары арқылы
ұйымдастырылды.
Зерттеу нәтижелерін ендіру. Зерттеу нәтижелері оқу үдерісіне
ендірілген: Алматы қаласындағы №39 орта мектеп, спорт ойындары бойынша №8
БЖСМ, Қазақтың спорт және туризм академиясы, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі дене шынықтыру және спорт Ұлттық ғылыми-практикалық
Орталығы.
Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы, Санкт-Петербург қалаларындағы
ғылыми-практикалық конференцияларында (2007-2010 жылдары) 3 хабарламалар
жасалынды, 3 ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған
басылымдарда жарияланған.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан,
қорытындылар мен пайдаланылған түпнұсқалар тізімінен және қосымшалардан
тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 230, оның 6 шет ел тілінде.
Жұмыс мазмұны 8 кестемен безендірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми-педагогикалық көзқарастар
мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
Ғылыми зерттеулердің теориялық материалдарын, практикалық тәжірибесін
жинақтау негізінде жазылған осы тарауда дене шынықтыру сабақтарында жас
баскетболшылардың спорттық-техникалық даярлығының бастапқы кезеңін
ұйымдастыру мәселелеріне психологиялық-педагогикалық талдау жасалған.
Осы мәселенің педагогикалық теория мен практикада ұйымдастырылуындағы
түрлі салалары мен жасалу дәрежесі ұсынылған. Дене шынықтыру сабақтары
жағдайларында баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, техникасын
қалыптастыру арқылы технологиялық-педагогикалық басқарудың шарттары мен
мәнді кездері анықталған. Осы проблеманы шешуге арналған қазіргі
көзқарастардың қағидалары мен идеяларын психофизиологиялық тұрғыдан
негіздеу көрініс тапқан.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін басқарудың ғылыми-
педагогикалық салалары деп аталатын 1.1 бөлімшесінде мектептегі оқу
жұмысының негізіне бұқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық
жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған көп жылдық даярлықтың
ғылыми негізделген жүйесі жатады. Оқу үдерісі бастауыш, орта және жоғары
сыныптардың оқу үдерісінде іске асырылады.
Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
бағдарламалық–нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі
жұмыс түрлері топтық сабақтар, сұхбаттар, үй тапсырмалары, спорттық
жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық
сабақтар мен жарыстар ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады [Н.А.
Ачкурин, 2003; В.К. Бальсевич, Л.И. Лубышева, 2003].
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің
жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене
тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы
заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу
қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік,
бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу
үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы
тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше
қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы
сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле
түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін
жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы
олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын
талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты
болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны даярлаудың мүмкіндіктері мен
деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта
түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың
динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда
оқу –тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері
мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген
түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді
үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру
барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар
жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән
компоненттер- мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен
қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу
материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-
спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі
оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Оқушылардың баскетбол сабақтарының оқу-тәрбие үдерісіндегі бастапқы
кезеңі 1.2 бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан
түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен
лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл
жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара
әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің
тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң
бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына
байланысты болмақ [А.А. Аруцев, 2003].
Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу
жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады
және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды
дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған
байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қозғалыс дағдысын және
ептілікті игеруді, балалардың бойында қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды
талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей
етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының
көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада
өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен
қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да
және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру
кезінде немесе оның қандай да бір стандартты формасында автоматты түрде
жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін
және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
Қозғалыс қимылдарына үйретудің технологиялық тұжырымдамалары және
оларды баскетбол сабақтарында ойын техникасын игеру үдерісінде қолдану
деп аталатын 1.3 бөлімшеде үйрету барысында оқушыларды қарапайым ойын
кезінде тәсілдерді қолдануға жетелейтіндей етіп, жағдайды күрделендіру
қажеттігі қарастырылып отыр.
Жасөспірімнің бойында қозғалыс дағдысы мен икемділігін қалыптастыру
ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің негізін салады. Жасөспірім
жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың
техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ
өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте, жеңілдетілген жағдайда
оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған және
арнайы дайындайтын жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.
Баскетболда спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп
уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері
тиіс.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып
жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс
қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір НТН бойынша үйренетін
қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын
тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз- бұл білім алу, қозғалыс
икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін
тәрбиелеу.
2 Зерттеудің міндеттері мен әдістері және ұйымдастырылуы
Диссертацияның осы бөлімінде ғылыми-зерттеу жұмысының алдына қойылған
міндеттері, оларды орындау мақсатымен қолданылған әдістер мен зерттеуді
ұйымдастыру кезеңдері жөнінде мәліметтер келтірілген. Олар авторефераттың
кіріспе бөлімінде баяндалған.
3 Мектептердің 4-ші сынып оқушыларына баскетбол ойыны техникасының
негізгі тәсілдерін қалыптастырудағы технологиялық көзқарас
Бұл тарауда, І-тараудың қисынын жалғастыра отырып, баскетболды жылдан
жылға техникалық-тактикалық шеберлігін шыңдаған, дене жағынан дайындығын
арттырған оқушы тәжірибесінің байытылуына сәйкес нақтылап, оқытудың
нәтижелерін талқылаймыз. Сондай жолмен алынған жалпылауды оқушыларды
оқытудың бастапқы кезеңіндегі, осы үдеріс үшін міндетті қағидаларымен,
оқыту тәжірибесінің жағдайлары мен жаңа қадамын қолдана отырып, техникалық
дайындығын жетілдірудің алғышарты ретінде пайдаланамыз.
Баскетбол ойыны бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқу үдерісін
жаңғырту 3.1 бөлімшесінде оқушылардың ойын әлуетінің қалыптасу процесіне
тигізер объективті факторлардың сипаты туралы нақты түсінік алу үшін
сабақтардың жүйелілігін, олардың баскетбол бойынша бағдарламасына
сәйкестігіне мақсатты бағыттылығын талдау мәселесі қарастырылады. 1 кестеде
мектептегі оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастырудың типтік жағдайларын: негізгі
міндеттерін, дайындық түрлерін және соларға бөлінген уақытты сипаттайтын
материалдар берілген.
1 кестеден көретініміздей, дайындықтың барлық түрі бойынша оқытудың 3
жылының әр жылында сағаттар саны бірдей бөлінген, жекелеген азайтуларды
(мысалы, ЖДД, СДД, техникалық дайындық) оқушылардың жоспарланған дайындық
деңгейіне қол жеткізгендігімен және ойын мен жарыс тәжірибесінің күш
салуымен түсіндіруге болады.
Техникалық дайындық әдістемесін мұғалімер кезеңді үдеріс деп
қарастырады, онда әр кезең үшін техниканың негізгі буыны мен бүге-шүгесін
игерудің жеке міндеттері қалыптастырылады. Мұғалімдер арасында оқытудың
әрбір кезеңі (мерзім) үшін оқыту құралдарын таңдап алу, сондай-ақ беру мен
лақтыруда қолдардың қимылының нақтылық параметрлерін қоюдың интегративті
қадамдарын қолдану қиындық тудырды. Техникалық тәсілдерді жетілдіруді
мұғалімдердің 70% дербес тапсырма беру арқылы ойын тәжірибесінде жүзеге
асырады.
Келтірілген материалдардан көретініміздей, ойын әрекеті жүзеге асқан
әрбір жылдық циклмен біршама өзгеріп тұрады. Бұл жағдай жеке-дара дамудағы
танымның тездетілуіндегі оқытудың басты рөлін және оқушының ойын
тәжірибесінің біршама бөлігін құрайтын, қозғалыстар мен арнайы әрекеттерді
игерудегі техникалық дайындық әдістемелерін растайды.
1 кесте - Баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру
Негізгі міндеттер Дайындық түрлері Бөлінген уақыт
4 сынып 5 сынып 6 сынып
дене жағынан теориялық ЖДД 81,8 81,5 183,3
қалыптасу 11526,3 11822,1 10820,0
қасиеттерін
тәрбиелеу
ойын техникасы СДД 6615,1 6712,5 5810,7
тәсіліне үйрету техникалық 9020,6 9617,4 9317,2
(техника тактикалық 306,8 387,1 499,1
мектебі), оларды ойын 388,7 6011,2 6011,1
тактикалық әрекетте
жетілдіру
тактикалық жарыстар - 305,6 305,5
әрекеттерге үйрету бақылау сынақтары - 122,2 122,2
(жеке және топтық) медициналық - - 40,4
және оларды ойын тексеру
кезінде жетілдіру
жарыс әрекетіне спорттық лагерлер 7216,5 10820,2 10820,0
тарту
барлығы: 437 534 540
Ескерту: алымда дайындық түрін жүзеге асыруға кеткен уақыт берілген, ал
бөлгіште- осы уақыттың оқудың жалпы уақытындағы үлесі (%).
Ойын әрекетінің өлшемдерімен қатар біз психомоторлық қабілеттердің
динамикасын да ұдайы бақылап отырдық, білетініміздей, олар баскетбол ойыны
техникасының тәсілдеірне үйретудің материалды негізін құрайды.
Оқушыға оқу үдерісінің және ойын практикасының барлық жағдайы,
ағзасының түрлі жүйесінің қызмет атқаруында белгілі өзгерістерін
тудыратындай әсер ететінін түсіне отырып, қозғалыс әрекеттерінің
дәлдігінің қарапайым көріністерін атап өтуге тырыстық және сол
материалдарды оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалау үшін қолдандық (2
кесте).
Сыныптар арасындағы нәтижелерді салыстыруларды қолданып, зерттейтін
фактордың (оқыту әдістемесі) әсер ету фактісін дәлдікпен анықтауға
тырыстық. Біздің жағдайымызда бастапқы фактіні табудың көрсеткіші, белгілі
бір уақыт аралығындағы нәтиженің өсу қарқыны, қарқын неғұрлым жоғары немесе
төмен болса, осы фактордың әсері де соғұрлым жоғары (төмен) болады.
2 кесте - Экспериментті және бақылау сыныптарындағы оқушылардың
көрсеткіштеріндегі нәтижелердің динамикасы
Топтар, статистикалық көрсеткіштер
4 сынып 5 сынып 6 сынып
Материалдарды талдау, іріктелген топтардың әрбіреуінде топтық нәтиже
жылдан жылға жақсарғанын көрсетті. Сонымен, спортшы емес оқушылардың
нәтижелері арасындағы біршама айырмашылықтар оқушылардың үшінші оқу
жылындағы ағымы ретінде ғана байқалды. Бұл, осы дайындықтың алуан түрі мен
құралдарының кумулятивті тиімділігі 2-3 сабақтан кейін психомоторлы
деңгейде анық көрінетінін білдіреді. Мұнда осы жағдайдың бірнеше
түсіндірмесі болуы мүмкін. Біріншіден, қолданатын құралдар мен сабақтың
әдістемелері баскетболға жаңадан үйрене бастаған оқушылардың
психомоторикалық ағымдағы және болашақтағы жағдайына сәйкес емес.
Екіншіден, қолданылатын құралдардың және бастапқы әдістердің көлемі
мен әсері, әсер ету ұзақтығы бойынша тиімділігі төмен. Осы
пікірлердің әрбіреуі іріктеудің біртектілігі еместігін растайтын, сондай-
ақ сыныптағы педагогикалық әсер ету құралдары нәтижелерінің салыстырмалы
тәуелділігі туралы түрлендіру коэффициентінің жоғары мәндерімен
дәлелденеді.
Баскетбол ойыны бойынша сабақтың педагогикалық ұстанымдары және
жаңғырту шарттары деп аталатын 3.2 бөлімшеде оқу-тәрбие үдерісінің
тиімділігін арттыру мәселенің ғылыми негізделуін, әдістемелік негізгі
қағидаларды анықтауды, оларды жүзеге асырудың шарттарын қарастырылады.
Аталған шаралардың жиынтығын біз оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы
кезеңін жетілдіру, және жоспарлы нәтиже алу үшін қазіргі заманға
сәйкестендіру деп қарастырамыз.
Спорттық педагогикада үйренуді жаңа бастаған оқушының дайындығын және
оқу-тәрбие әрекетіне дайындығын білдіретін жеке қасиеттері кіретін жағдайды
жүйелеуге деген талпыныс спорт түрінің функционалдық құрылымын талдауға
негізделеді. Және бұл кезде оқушының бойында болашақта спорттық биік
нәтижелерге қол жеткізу қабілеттерінің әлуеті болуына баса назар
аударылады. Сондықтан, оқушылардың оқу-жаттығу әрекетіне дайындығын жүзеге
асырудың барлық қағидалары, жағдайлары мен жолдарын зерттеудің бірегей
пәні ретінде, тұтас құбылыс ретінде қарастыру қажет.
Оқытудың мақсаты мен міндетін, мазмұнын, түрі мен сабақтың әдістерін
құрастырғандағы, зияткерлік көзқарасы мен қозғалыс құрылымдарының бірлігі
эксперименталді сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісін құрудың негізін қалаушы
қағидасы болып табылады. Осы қағида негізінде оқушының оқу-жаттығу әрекеті
үдерісіндегі жан-жақты даму идеясы, ойынның толыққанды түрде және
қанықтылығында ойын әрекетін игеру үшін шынайы алғышарт пен мүмкіндіктер
түзетін, баланың рухани, сезімталдық, эмоциялық-тұтынушылық, зияткерлік
және қозғалыс саласының тығыз байланысы мен байланыстылығы туралы идеясы
жатыр.
Мазмұны бойынша ол әлеуметтік және биологиялық, қоғамдық және тұлғалық
типтік және жеке-дара өзара шарттылығында және бірлігінде адамның мәнді
тану мен қатар өмір сүру қажеттілігін көрсететін, теориялардың жалпы ғылыми
қағидаларымен және тәжірибесімен тығыз байланысты. Осы идеяларға
сәйкес, оқушының ойын әрекетін қалыптастыру арқылы, әлеуметтік және
психофизикалық дамуы көбінде білімді белсенді және саналы түрде игерудің
білім алу үдерісінде жүзеге асатыны туралы сенімді түрде айта аламыз.
Оқушыларды дайындауды басқарудың шынайы мүмкіндіктері жақсы дамитын
және жаттығудың жоғары нәтижесін қамтамасыз ететіндей, басқа да бейімдері
мен қабілеттерінің дамуына жеткізетін мүмкіндіктерін анықтап, реттеуге
байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда, даралау қағидасы оқу мазмұны мен дене шынықтыруға
түсетін салмаққа барабарлық қағидасымен түйіседі.
Қозғалмалылық қағидасы сабақтың мазмұнын үздіксіз дамыту қажеттілігін,
қолданатын жаттығуларды, әдістерді, сабақ жағдайларын және түсетін салмақ
күшін, оның көлемі мен қарқындылығын ұдайы жаңартуды және күрделендіруді
қажет етеді. Оқушыларға қойылатын талапты ұдайы арттыру ең алдымен берілген
тапсырмалар мен салмақ күшінде, олардың жас ерекшеліктеріне, жынысына және
дара қасиетеріне қарай, жоспарланған мерзімде жағымды нәтижелерге қол
жеткізулерімен байланысты. Жаңа, күрделі тапсырмалар мен жаттығуларға өту,
техникалық дайындық барысында алдыңғы оқу материалын толық игергенде ғана,
ағзаның қызметтік және құрылымдық өзгерістері, әсіресе, дене жағынан
және психомоторлық қасиеттерінің даму деңгейіндегі өзгерістері ескеріліп,
жүзеге асуы керек.
Осы қағиданың жалпы қисынының басқа қадамы оқушының жеке
жетістіктерінің үдемелі жетлуін қамтамасыз ету және осы негізде ойын
әрекетін өзі бағалай білуді қалыптастыру қажеттілігінде көрінеді, оқушы бұл
кезде нәтижелерден ғана емес, әрекеттің өзінен де қанағат алады, себебі, ол
ойын кезінде өз қабілеттерін жүзеге асырып, өз мүмкіндіктерін толығымен
ашады.
Осы ұстанымдарды оқытудың бастапқы кезеңінде де жүзеге асыруға болады.
Бұны жүзеге асыруға қазақтың көптеп саналатын қозғалмалы ойындары бар,
олардан баскетбол ойындарының тәсілдерін де, нақты тактикалық үлгіні де
көруге болады. Ойынның белгілі кезеңі жасалатын динамикалық ойын жағдайлары
бұнда маңызды рөль атқара алады.
Осы қағиданың ережелері оқу үдерісіндегі дене шынықтыруға түсетін
салмақты түбегейлі өзгертуге жеткізеді: алаң көлемін ойыншылардың санын,
ойын уақытын, дене жаттығуларының санын және қайталау санын азайтуға
(ұлғайту) мүмкіндік береді. Үйренуді жаңа бастаған оқушыларда жоспарлық
тиімділікпен қоса бұл тәсілдер алаңды бағдарлауын дамытады, ойын жағдайына
қарай өзін қалай ұстаудың ұтымды тәсілдерін таңдау икемділігін
қалыптастырады.
Айтылған әдістемелік қағидалар белгілі бір жағдайлар болған кезде
ғана толығымен жүзеге асуы мүмкін. Біздің жұмысымызда осы қағидаларды
жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негізгі шарттары анықталды:
- оқу үдерісін ұйымдастырғанда көзқарас, зияткерлік және қозғалыс
құрылымдарының тұтастығы оны оқу, практикалық, ойын дайындығы және өзіндік
жұмыстың инновациялық әдістерінің мазмұнына енгізуді болжамдайды;
- жас баскетболшылардың жан-жақты дамуы үшін қозғалыстың кешенді
тапсырмаларын жасау мен қолданудың ғылыми логикасын қадағалау шарттары,
дайындық түрлерінің бірлестікті қағидаларына сәйкес келеді;
- сабақта үйрету құралдары мен әдістерін оқушының ағымдағы жағдайына
қарай сауатты қолдану шарттары, оның қозғалыс тапсырмаларын орындауға
дайындығы сабақтың мазмұнын динамикалық жаңалап отырудың қағидасына сәйкес
келеді.
Баскетболға үйрету сыныптарындағы оқу үдерісін жетілдірудің
қағидаларымен шарттары, сол қағидаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-
педагогикалық негізгі шарттарын қадағалағанда ғана орындалуы мүмкін:
тұтастық қағидасы; жұмыстың ғылыми қисыны және қозғалыстың кешенді
тапсырмаларын орындау; жеке-даралық қағидасы және т.б.
Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі технологиялық
көзқарас атты 3.3 бөлімшесінде оқу-ойын әрекетінің ұсынылған құрылымдық
элементтері - алда тұрған оқу үдерісі және оның болашақтағы нәтижесі
туралы ақпараттың жалпылану дәрежесі бойынша өзара айырмасы бар мақсат,
жоба, жоспар мен орындау, оқытуды басқарудың түрлі деңгейлерін жүзеге
асыратын және оның әр деңгейінде өзіне тән арнайылық мәселелер кешені
шешілетін бағдарлама түрінде беріледі, оны үлгіден көруге болады (3 кесте).
3 кесте - Техникалық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі оқушы-баскетболшының
үйрену әрекетінің нормативті құрылымы
Мақсатты айқындау Жобалау Жоспарлау Орындау
допты қағып алу 1 жоба 1 жоспар нәтиже 1
допты шығыршыққа тастау 2 жоба 2 жоспар нәтиже 2
допты беру 3 жоба 3 жоспар нәтиже 3
допты алып жүру 4 жоба 4 жоспар нәтиже 4
Үлгіден, оқу әрекетінің нормативті құрылымы оның элементтерінің өзара
байланысының екі түрімен түзілгенін көрсетеді. Біріншіден, онда басқарудың
бір деңгейінен екіншісіне өтуіне және осы әсердің нәтижесіндегі
кері ақпаратты алуға жауапты басқарушы командалардың субординациясының
байланысы бар. Бұндай байланыстың мысалы – мақсат, жоба, жоспар.
Екіншіден, онда жаңа бастаған ойыншыға ойынның бір тәсілінен кейін
екіншісін игеруіне өтуіне және игерудің түрлі тәсілдерін бір деңгейде
салыстыруға мүмкіндік беретін бағдарлар байланысы берілген. Баскетболдағы,
субординация мен бағдардың толық байланысы түрінде көрсетілген ойын
әрекетінің құрылымын біз әрі қарай нормативті құрылым (тұтас) деп атаймыз,
және соған сәйкестікті оқушы-баскетболшылардың ойын әрекетінің
қалыптасуының маңызды белгісі деп санаймыз.
Технологиялық қадамды жобалаудың екінші кезеңінде біз назарымызды
баскетболдағы ойын әрекетінің бағдарлы негізін, ойыншының санасында ойынның
мәнін қабылдауының алға жылжуын, осы мәнге жетудің жолдары мен тәсілдерін
қалыптастыратын, элементтерін құрастыруға бағыттадық.
Оқушыларды жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы
кезеңін ұйымдастырудың технологиялық қадамы педагогикалық технологияның
маңызды белгілерін ескеруді міндеттейді: технология- процессуальдық санат;
технология объект жағдайының өзгеру әдістерінің жиынтығы түрінде берілуі
мүмкін; тиімді және экономикалық үдерістерді жобалауға және орындауға
бағытталған технология.
4 Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны
техникасының негіздерін қалыптастыру
Оқушылардың техникалық дайындығының және дене жағынан жетілуінің,
жалпы, олардың бойында ойын әрекетін қалыптастырудың қажетті деңгейін
қамтамасыз етуші қадамды біз оқу-тәрбие процесіне бастапқы үйретудің
бірінші жылында, яғни, 4 сыныптан бастап жүзеге асырдық.
Оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздері қалыптастырудың
кезеңдік әдістерінің тиiмдiлiгi 4.1 бөлімшесінде эксперименттік әдістің
ұсынылған мазмұны оқытудың бірінші жылғы бастапқы дайындығы тобындағы
ұлдардың қатысуымен жүзеге асырылғандығы қарастырылады. Мектептің 2009-
2010оқу жылына арналған жоспар-кестесіне сәйкес 66 сағат оқу сабақтары
өткізілді, экспериментке қатысушылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz