Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі бастауыш мектептердің тарихнамасы
2. Қазақстандағы бастауыш мектептердегі оқу.тәрбие үдерістерінің ғылыми.педагогикалық негіздері
3. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі білім берудің қазіргі қазақ бастауыш мектептерінің педагогикалық үдерістерімен сабақтастығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Біздің зерттеу жұмысымыздың нысанасы етіп, қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің қалыптасу, даму кезеңдерін (1861-1930) қарастырып, бірқатар кереғар ой-пікірлер мен отарлық саясаттың ықпалымен жұмыс жасаған бастауыш білім беру жүйесіне талдау жүргізіп, даму кезеңдерін негіздеуде тарихи - философиялық, саяси - әлеуметтік, психологиялық - педагогикалық жағдайларды анықтап, білім беру саласындағы ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік және ұйымдастыру бағытындағы педагогикалық тұрғыдан сипаттама беруге талпындық. Анықталған кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен бастауыш білім берудің тарихына саяси және мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тікелей ықпалы болғандығын ескере отырып, Ресейдегі 1861-1930 жылдардағы орыс бастауыш білім беру жүйесінің дамуына К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Л.Н.Модзалевский, М.Ф.Владимирский-Буданов, А.Г.Неболсин, Г.А.Фальборк, В.И.Гарнолуский, 1900-1917 жылдардағы Н.В.Чехов, И.Алешинцев, И.М.Маскин, И.Н.Миклашевский, М.С.Палаев, Е.О.Лехачев, С.В.Рождественский, В.И.Чарнолуский, А.Е.Грузинский, Н.М.Королков, Д.Д.Протопопов, И.С.Симанов, М.И.Демков, С.А.Золотарев, П.Ф.Каптерев, А.П.Медведьков, П.А.Сололов болса, 1918-1930 жылдар аралығында Н.К.Крупская, Н.Медынский, Г.Шахвердов, А.П.Пинкеевич, П.П.Блонский-Сватковский, М.М.Рубинштейн, А.А.Фортунатов, В.А.Зеленко сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты. Дегенмен, көрсетілген кезеңдегі ғалымдардың еңбектерінде Ресей мемлекетінің ішкі жағдайындағы мәселелер қамтылып, шет аймақ болып саналған Қазақстандағы оқу-ағарту, білім беру мәселелері жөнінде ешнәрсе қамтылмаған.
Мемлекеттік құрылымдар жөнінен біз зерттеп отырған уақытта Қазақстан Ресейдің құрамына еніп, өз дербестігінен айрылған уақыт болып саналады.
Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің және оқу-ағарту ісінің тарихында зерттеушілер Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, Ә.Сембаев, И.Я.Гармс, С.Мусин, Қ.Бержанов, И.Б. Мадин, А.Т.Колмаков, Ж.Есекеев, А.Көбесов, К.Құнантаева, К.Б.Сейталиев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Т.М.Алсатов, Е.Омарұлы, Ә.Н.Көшербаева, К.Ж.Ибраева, А.Ильясова және т.б. ғалымдар тобы өз орындарын алады.
Ә.Сыдықов зерттеуі қазақтың көрнекті педагогы Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасына арналып, сол кездегі қазақ даласындағы оқу-ағарту жұмыстары мен ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастау алған мектептің оқу-тәрбие жұмыстары, ондағы әдістемелік жағдай мен мұғалімнің ролі жөнінде кеңінен талдаулар жасаған.
Т.Тәжібаевтың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мектебі мен ағарту ісі туралы зерттеу жұмысында Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси-әлеуметтік маңызындағы халық ағарту, мәдениет саласына кеңінен тоқталады. Сондай-ақ, бұл зерттеуде қазақ жеріндегі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихына (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев) педагог және ағартушы тұлғалардың қызметіне ерекше мән беріп талдаған. Бұнда отаршылдық кезеңдегі қазақ жерінде алғаш құрыла бастаған әр түрлі оқу

1 1861-1930 жылдардағы Қазақстанда бастауыш білім берудің тарихы. Монография. Алматы, 2006, –337 бет.
2 Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы: оқу құралы – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Тұран» баспаханасы, 2005. – 432 бет (Р.М.Қоянбаевпен бірге).
3 Педагогикалық сөздік: оқу құралы – Түркістан: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Тұран» баспаханасы, 2006. – 172 бет (Р.М.Қоянбаевпен бірге).

ОӘЖ 373.3.012.2.(574)(091)
Қолжазба құқығында
ЫБЫРАИМЖАНОВ ҚАЛИБЕК ТҰРДЫҒАЗЫҰЛЫ
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен
дамуы
(1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
13. 00. 01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертациясының
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2007
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
орындалған.
Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор Сарыбеков М.Н.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор Мұханбетжанова Ә.
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Әлсатов Т.М.
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Халитова И.Р.
Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық
университеті
Диссертация 2007 ж. ___ ___________ сағат ____ Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің ОД 14.61.35 біріккен диссертациялық
кеңесінің жәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы,
Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
кітапханасында диссертация жұмысымен танысуға болады. Мекен-жайы: 161200,
Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы
Автореферат 2007 ж. ___ ____________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы:
Е.О.Омар
Кіріспе
Біздің зерттеу жұмысымыздың нысанасы етіп, қазақ жеріндегі бастауыш
мектептердің қалыптасу, даму кезеңдерін (1861-1930) қарастырып, бірқатар
кереғар ой-пікірлер мен отарлық саясаттың ықпалымен жұмыс жасаған бастауыш
білім беру жүйесіне талдау жүргізіп, даму кезеңдерін негіздеуде тарихи -
философиялық, саяси - әлеуметтік, психологиялық - педагогикалық жағдайларды
анықтап, білім беру саласындағы ғылыми-теориялық, оқу-
әдістемелік және ұйымдастыру бағытындағы педагогикалық тұрғыдан сипаттама
беруге талпындық. Анықталған кезеңдегі педагогикалық ой-
пікірдің қалыптасуы мен бастауыш білім берудің тарихына саяси және
мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тікелей ықпалы
болғандығын ескере отырып, Ресейдегі 1861-1930 жылдардағы орыс
бастауыш білім беру жүйесінің дамуына К.Д.Ушинский,
Л.Н.Толстой, Л.Н.Модзалевский, М.Ф.Владимирский-Буданов, А.Г.Неболсин,
Г.А.Фальборк, В.И.Гарнолуский, 1900-1917 жылдардағы Н.В.Чехов, И.Алешинцев,
И.М.Маскин, И.Н.Миклашевский, М.С.Палаев, Е.О.Лехачев, С.В.Рождественский,
В.И.Чарнолуский, А.Е.Грузинский, Н.М.Королков, Д.Д.Протопопов, И.С.Симанов,
М.И.Демков, С.А.Золотарев, П.Ф.Каптерев, А.П.Медведьков, П.А.Сололов болса,
1918-1930 жылдар аралығында Н.К.Крупская, Н.Медынский, Г.Шахвердов,
А.П.Пинкеевич, П.П.Блонский-Сватковский, М.М.Рубинштейн, А.А.Фортунатов,
В.А.Зеленко сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты. Дегенмен, көрсетілген
кезеңдегі ғалымдардың еңбектерінде Ресей мемлекетінің ішкі жағдайындағы
мәселелер қамтылып, шет аймақ болып саналған Қазақстандағы оқу-ағарту,
білім беру мәселелері жөнінде ешнәрсе қамтылмаған.
Мемлекеттік құрылымдар жөнінен біз зерттеп отырған уақытта Қазақстан
Ресейдің құрамына еніп, өз дербестігінен айрылған уақыт болып саналады.
Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің және оқу-ағарту ісінің
тарихында зерттеушілер Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, Ә.Сембаев, И.Я.Гармс,
С.Мусин, Қ.Бержанов, И.Б. Мадин, А.Т.Колмаков, Ж.Есекеев, А.Көбесов,
К.Құнантаева, К.Б.Сейталиев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Т.М.Алсатов,
Е.Омарұлы, Ә.Н.Көшербаева, К.Ж.Ибраева, А.Ильясова және т.б. ғалымдар тобы
өз орындарын алады.
Ә.Сыдықов зерттеуі қазақтың көрнекті педагогы Ы. Алтынсариннің
педагогикалық мұрасына арналып, сол кездегі қазақ даласындағы оқу-ағарту
жұмыстары мен ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастау алған мектептің оқу-тәрбие
жұмыстары, ондағы әдістемелік жағдай мен мұғалімнің ролі жөнінде кеңінен
талдаулар жасаған.
Т.Тәжібаевтың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мектебі мен
ағарту ісі туралы зерттеу жұмысында Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси-
әлеуметтік маңызындағы халық ағарту, мәдениет саласына кеңінен тоқталады.
Сондай-ақ, бұл зерттеуде қазақ жеріндегі педагогикалық ой-пікірдің
қалыптасу тарихына (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев) педагог және
ағартушы тұлғалардың қызметіне ерекше мән беріп талдаған. Бұнда отаршылдық
кезеңдегі қазақ жерінде алғаш құрыла бастаған әр түрлі оқу орындарының
Азият мектебі (Омбы), Кадет корпусы, хан ордасы мен шекара комиссиясы
жанындағы қазақ мектептері мен екі сыныпты орыс-қазақ және бір сыныптық
үкімет мектебі, ауылдық жердегі болыстық мектептерді, сонымен бірге
кәсіптік-техникалық білім беру және еңбекке үйрету ісі тарихының қалыптасуы
жөнінде арнайы тоқталып, онда мұғалімдер, кіші дәрігер қызметкерлерін,
қолөнершілер мен ауыл шаруашылық мамандарын даярлау, кәсіптік-техникалық
оқу мекемелерінің даму тарихын сөз етеді.
Ал, Т.Тәжібаев еңбегінің жалғасы ретінде Кеңес өкіметінің орнауына,
яғни төңкеріске дейінгі Қазақстандағы мектеп пен ағарту ісінің дамуын
толықтыра түсетін Г. М. Храпченковтың еңбегі болды.
Ә.Сембаевтың зерттеу еңбегінде төңкеріске дейінгі Қазақстанда оқыту
ісінің түрліше ұйымдастырылуы, орыс және орыс-қазақ мектептерімен кәсіптік
оқу орындарында қазақ жастарын оқыту жайы, сонымен бірге Қазақстанда кеңес
мектебін құру тарихы жөніндегі мәселелер қамтылып, мектептерге, әсіресе,
бастауыш сынып мұғалімі мамандарын даярлауда ескіше оқып даярланған
мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде кәсіптік білім беру жұмыстарының өркендеуі
мен дамуын тарихи тұрғыдан талдап берді.
И.Я.Гармстың ғылыми еңбегінде бір тарау бастауыш білім берудің тарихына
арналып, орыс-қазақ бастауыш мектептеріне сипаттама беріліп,
Н.И.Ильминскийдің, М.Н.Григорьевтің, Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-
пікірлері талданады. Сондай-ақ, қоғамдағы болған түрлі төңкеріс пен
өзгерістер қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту жұмыстарына тигізген ықпалын баян
етеді.
Қ.Б.Бержановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде жарық көрген
монографиясында, орыс-қазақ арасында ынтымақтастық және оның халық ағарту
ісіне тигізген ықпалы, қазақ мектептері, орысша білім беру мәселелері
жөнінде өз пікірлерін түйіндеп береді.
С.Мусиннің зерттеу жұмысында 1920-1936 жылдарда Кеңес өкіметі кезіндегі
мектептер бастауыш, жеті жылдық және орта мектеп болып қалыптасуы жалпыға
бірдей міндетті оқу заңының орындалуы кезеңін толығымен қамтиды.
Ж.Есекеев зерттеу жұмысында 1917-1930 жылдар аралығындағы Қазақстандағы
педагогикалық білім мәселелері қамтылса, А.Т.Колмаков 1925-1954 жылдардағы
Қазақстандағы жоғарғы педагогикалық білім берудің дамуын қарастырады. Ал
бұл кезеңге дейінгі бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне
А.П.Герасимова қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы орта дәрежелі
педагогикалық оқу орындары жөнінде тұңғыш пікір айтты. Қазақстанда мұғалім
мамандарын даярлаудағы сырттай оқыту арқылы білім беру ісін дамыту
мәселесіне И.Б.Мадиннің зерттеулері арналған. А.К.Тлебалдиеваның
кандидаттық зерттеу жұмысы Қазақстандағы бастауыш білім беру жүйесінің
қалыптасуы мен дамуын (1917-1941ж.ж.) қамтыса, Е.М.Байзақованың
диссертациясын бастауыш мектептердегі түрлі оқыту әдістерінің даму тарихына
талдау жасаған еңбек ретінде танимыз.
Қазақстанда қыз балаларға білім беру мәселесі жөнінде
М.Қозғамбаеваның Қазақстандағы әйелдерге білім беру тарихынан
(1968 ж) атты еңбегі қыз балаларға оқу-тәрбие жұмысын арнайы мектепте
ұйымдастыру Ы.Алтынсариннен бастама алған үлкен әлеуметтік-педагогикалық
қозғалыс ретінде көрсетіп, Торғайдағы екі сыныптық қыздардың тұңғыш қолөнер
мектебі бастамасының қалай қазақ жерінде өркендеп дамығаны жөнінде
мәліметтер береді. Осы бағытта қыз балаларға білім беру жұмыстарының ғылыми-
теориялық және тарихи дамуын тереңдете зерттеген К.Құнантаеваның еңбектері
бар.
Қазақстандағы педагогика тарихы мен оқу-ағарту жұмыстарының дамуындағы
педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуына А.Ильясова, К.К.Актаева,
С.Утаназаров т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналып, бұл
тұрғыдағы еңбектер бірін-бірі толықтырып жетілдірілсе, Е.Омарұлы қосымша
білім беру жүйесіне арналған зерттеуінде мектептен тыс мекемелердің
қалыптасуы мен дамуының (1917-1990 ж.ж.) теориясын әрі тарихын қарастырып,
сүбелі үлес қосты. Бұлар біздің эерттеуімізге тірек болды.
Біздің анықтап алған уақытқа дейінгі кезеңдерде Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірлер мен тәлім-тәрбиелік даналық жолдың өскелең
ұрпақты тәрбиелеу тарихының мәселелеріне Т.М.Алсатов, К.Ж.Ибраева, т. б.
ғалымдар өз зерттеулерін арнаса, Қазақстандағы халықтық педагогиканың
өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттігін дәлелдей отырып, олардың ғылыми-
теориялық және тарихилығына мән берсе, осы тұрғыдағы зерттеулер С.Қ.Қалиев,
С.А.¦зақбаева, С.Ғаббасов т.б. әр қырынан қамтыған. Сондай-ақ,
Қазақстандағы рухани дүниенің әлеуметтік-мәдени салаға ықпалы, оның ішкі
бірлігі мен табиғи үйлесімділіктерімен даналық бейненің берілуі, ондағы
білім, тәрбие, ұлттық мәселенің төңірегінде ой-түйіндер жасап, пікір
қалыптастырған философ-ғалымдарымыз, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Ғ.Есімов,
О.А.Сегізбаев, Ә.Сағатова, Н. Елікбаев т.б. болды.
Қазақ жеріндегі жеке тұлғалардың педагогикалық мұралары мен
көзқарастары жөнінде жазылған еңбектерде ұлттық бастауыш мектептің
қалыптасуы мен дамуына зор күш салып, еңбек еткен зиялы қауым өкілдерінің
педагогика тарихында алатын орындары анықталып, сараланып дәлелденді.
Кеңестік кезеңде осы сынды зерттеулер 30-жылдары сталиндік жүйеге ұшырап,
жазылған еңбектер мен қолжазбаларды (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, т.б.)
оқуға, сараптап талдауға, авторлардың аттарын атауға тиым салынғандығына
байланысты елеусіз қалған еді. Аттары аталған қазақ зиялыларының алғашқы
ұлттық негіздегі қазақ тілі мен әдебиетінен, тарих, математикадан, т. б.
оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы қосқан үлесі орасан зор. Оның
маңыздылығы жайлы тарихшылар М.Қойгелдиев, Ж.Қасымбаев, М,Қозыбаев,
К.Нұрпейісов, Х.Табылдиев, филологтар Р.Бердібаев, Т.Кәкішұлы, Р.Нұрғалиев,
Ш.Сәтбаева, Р.Сыздықова, С.Сейітов, Ш.Елеукенов, С.Дәуітов, А.Мектепов,
Т.Қожакеев, Н.Омаш, математика саласы бойынша Т.Оспанов, Б.Қосанов,
Ж.Қайынбаев, т.б. ғылыми-зерттеу және ғылыми мақалалары ауқымды талданды
және олардың көмегі зор болды.
Сонымен бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үдерісі өткен
тарихымызды объективтік тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени құрылыс саласында,
әсіресе ағарту, мектеп, оқу-тәрбие жұмысына қатысып, талай ғасырлар бойы
жинақталған тәлім-тәрбиелік мұраларды егеменді еліміздің бүгінгі күн
талаптарына сай пайдалануға қолайлы жағдай тудырып отыр. Осы тұрғыдан
алғашқы білім беру саласы тарихының бір бөлігі бастауыш білім берудің ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен 1930 жылдар аралығында қалыптасып, дамуын
белгілі жүйемен зерттеу көкейкесті мәселенің бірі деп санаймыз.
Демек, аталмыш мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның
педагогика тарихында бұрын-соңды жүйелі түрде қарастырылмауы арасында;
тарихи тексерістен өткен әр типтегі бастауыш мектептердің алдыңғы қатарлы
тәжірибелік мұралары мен олардың бүгінгі бастауыш мектептің оқу-тәрбие
үдерісінде жүйелі пайдаланылмауы арасында; бастауыш мектеп тарихнамасын
студенттерге меңгерту қажеттілігі мен оны жүзеге асыруға қажетті ғылыми-
әдістемелік еңбектердің жоқтығы арасында қарайшылықтар бар екені байқалады.
Осындай көкейтесті мәселенің шешімін табуда, яғни, ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен 1930 жылдар аралығындағы еліміздегі бастауыш білім берудің даму
үдерісін белгілі бір жүйеге келтіру мәселесі тұрғысында тақырыпты
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж. ж.
материалдар негізінде) деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы Қазақстандағы бастауыш мектептің қалыптасуы мен
дамуының белгілерін, кезеңдерін жүйелеп, бүгінгі білім беру мекемелерінің
оқу-тәрбие жүйесінің дамуында басшылыққа алу.
Зерттеу объектісі: ХІХ ғасырдың мен ХХ ғасырдың аралығындағы
Қазақстандағы бастауыш білім беру тарихы.
Зерттеу пәні: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы бастауыш мектептің қалыптасып,
даму тарихын жүйелеуге ғылыми-педагогикалық негізін айқындауға мүмкіндік
туғызылса, онда ол оқыту мен тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты жаңа
педагогикалық идеяларды және зерттеліп отырылған мәселені одан әрі дамытуға
болжалдық мәні бар мүмкіндіктерді ашып көрсетуде ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақстандағы бастауыш білім берудің қалыптасып дамуына ықпал
жасаған саяси - әлеуметтік, экономикалық, мәдени - рухани, тарихи-
философиялық негіздерін айқындау;
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасып, даму тарихнамасын анықтау;
3. 1861-1930 жылдарда Қазақстандағы бастауыш мектептердің оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау;
4. Зерттеу аумағына енген кезеңдердегі әр типті бастауыш мектептердің
оқу жоспары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама беру;
5. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
білім беру үдерісінің қазіргі бастауыш мектептерінің педагогикалық үдерісі
мен сабақтастығын дәлелдеу;
6. Қазіргі кездегі бастауыш білім беруді жетілдіру болашағын белгілеу.
Жетекші идея. Қазақ педагогика тарихы даму үрдісінде еліміздегі
жинақталған тәлім-тәрбиелік жұмыстарды, соның ішіндегі ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы бастауыш мектептердің дамуын
зерттеп қорытындылау және бағалау, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне арқау ету.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: Жеке тұлғаны
дамыту мен қалыптастыру жайлы тарихи диалектикалық даму заңдылықтары,
тарихи педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективті, тарихи
жүйелілікті сабақтастыру.
Зерттеудің көздері: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы мерзімді басылымдар, Орталық мемлекеттік мұрағат
материалдары қазақстандық, шет елдік және ТМД елдеріндегі педагогика
тарихы, ғалым мамандардың ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасы
¦лттық кітапханасының сирек кітаптары мен қолжазбалар қорындағы
материалдар.
Зерттеу әдістері: Тарихи-педагогикалық еңбектерге мұрағаттағы
іс-құжаттары сирек кездесетін қолжазбалар, тарихи-салыстырмалы талдау
жасау, қорыту, бағалау.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең (2003-2004) зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми-
педагогикалық және арнаулы әдебиеттерде бұл мәселенің зерттелу жайы
қарастырылды. Тақырып бойынша тарихи, тарихи-педагогикалық, тарихи-
этнографиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалды.
Зерттеу нысанасындағы оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтармен
танысып талданды.
Ғылыми және ұғымдық аппараттар белгіленіп, мұрағат материалдары
жинақталып, олар бұрынғы баспаға жарық көрген еңбектермен салыстырылып,
ғылыми дәйектелігіне көз жеткізілді.
Зерттеу материалдары негізінде бірнеше ғылыми еңбектер, мақалалар мен
кітапшалар жарық көрді.
Екінші кезең (2004-2006) жинақталған деректер қазіргі педагогика
ғылымдарының теориялық қисындары тұрғысынан талдауға алынды, ХІХ ғасырдың
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы бастауыш
білім беру кезеңдері белгіленіп, сипаттама берілді.
Үшінші кезең (2006-2007) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
қорытындыланып, жүйеге келтірілді. Кезеңге бөлудегі қолданылған әдістер:
талдау, жинақтау, тарихи салыстырмалы, тарихи генетикалық, құрылымдық және
функционалдық ерекшеліктері айқындалды.
Ізденушінің тікелей араласуымен педагогика тарихы пәніне қажетті
зерттеу нысанының материалдары сыныптан тыс тәрбие және факультативтік
сабақтар бағдарламасында, хрестоматия, семинар және практикалық сабақтарда
арнайы және жоғары оқу орындары студенттеріне ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

жасаған саяси - әлеуметтік - экономикалық, мәдени - рухани, тарихи-
философиялық негіздерін айқындау;
2.ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің тарихнамасы (1861-1930 ж.ж.);
3. 1861-1930 жылдарда Қазақстандағы бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие
үрдісінің ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалып, алғаш рет ғылыми
жүйеге келтіріліп, тұжырымдамалық тұрғыдан талдауға алынды.

оқу жоспары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама
берілді.
5.ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы білім беру үдерісі мен қазіргі бастауыш мектептерінің
педагогикалық үдерістері мен сабақтастығы сараланды.
6. Қазіргі бастауыш білім беру жүйесін жетілдірудің болашағы
айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. Зерттеудің көкейкесті мәселесі бойынша Қазақстандағы бастауыш
мектептердің тарихы атты арнайы курс бағдардағы түйінделген ой-
пікірлер негізінде 1861-1930 жылдардағы Қазақстанда бастауыш білім
берудің тарихы атпен монография және бүгінгі ғылыми-педагогиканың
теориялық негіздеріне Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы,
Педагогикалық сөздік атты оқу құралдары (Р.М.Қоянбаевпен авторлық
бірлестікте) дайындалды. Олар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінде, Қазақстан-Ресей институтында пайдалануда.
2. Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен деректі материалдары
және ғылыми негізделген ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдерін
даярлайтын жоғары және арнаулы оқу орындары мен жалпы білім беретін
бастауыш мектептердің білім беру ісіне ендірілді.
3. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін бастауыш мектеп
бағытына жұмыс жасайтын бөлімдері бар университеттер мен
педагогикалық институттарда және мұғалімдер біліктілігін арттыру
мен білімін жетілдіру мекемелерінің тәжірибесінде, сондай-ақ,
келешекте жазылатын Педагогика тарихы, Қазақтың ұлттық
педагогикалық энциклопедиясы мен ұлттық тәлім-тәрбиелік негізге
бағындырыла жазылатын педагогикалық ой-пікірлер антологиясын
жасауда пайдалануға болады.
4. Зерттеуде қамтылған материалдар жүйесі ұлттық болмысты бейнелейтін
педагогика, психология ғылымдары саласынан оқылатын пәндердің оқу
жоспарларын жетілдіруге ықпалы бар. Мысалы, Педагогика,
Педагогика тарихы, Бастауыш білім беру педагогикасы,
Этнопедагогика, Этнопсихология, т. б. курстардың жекелеген
бөлімдері бойынша лекция, семинарлық және тәжірибелік сабақтарды
өткізуде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (1891-
1930ж.ж.) Қазақстандағы әр типті бастауыш мектептердің қалыптасуы мен
даму тарихы,оның өзіндік белгілерін анықтау бүгінгі заманауи қоғамның
құрамы ретінде педагогикалық ғылымның қоғамдық-тарихи міндеттерін
дәлелдейді.
2. Анықталып зерттелеген кезеңдегі Қазақстанда әр типті бастауыш
мектептердің оқу-тәрбие үдерістері қазіргі бастауыш білімнің ғылыми-
педагогикалық негіздері қалыптасуының алғы шарттары болып табылады.
3. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің оқу жоспары, бағдарламалары,
оқулықтар мен оқу құралдарының жасалу тәжірибесінің жүйесі бүгінгі заман
сұранысынан туындайтын мәселенің шешімін табуға негіз болады.
4. 1861-1930 жылдарда Қазақстандағы әр типті бастауыш мектептерде білім
беру ісінің қазіргі педагогикалық үдерістері мен сабақтастығы және өзара
байланысы, бастауыштағы берілетін тәрбие мен білімнің ұлттық негізін
ескеру қажеттілігін дәлелдейді.
5. Зерттелген кезеңдегі әр типті бастауыш мектептерде білім берудің
тәжірибелері, Қазақстандағы ұлттық бастауыш білім беру жүйесі мен
педагогика ғылымының дамуына, жетілуіне оң ықпал тигізеді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: диссертациялық
зерттеу жұмыстарында алынған нәтижелердің ғылыми-теориялық және әдістемелік
негізде дәлелденуімен, Қазақстандағы бастауыш мектептердің (1861-1930 ж.ж.)
қалыптасуы мен даму тенденцияларын сипаттайтын тарихи-педагогикалық,
мұрағаттық құжаттарға сүйену барысындағы деректердің теориялық тұрғыдан
талдануы және зерттеу жұмысы қорытындысының жалпы білім беретін мектептер
мен жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие ісіне енгізілуімен қамтамасыз
етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру –
халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Қызылорда, Түркістан,
Шымкент, Алматы, Ақтөбе – 2004, 2005, 2006, 2007), Республикалық және
облыстық ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Шымкент, Алматы – 2004, 2005,
2006, 2007), жоғарғы оқу орындарының педагог-проофессорларының ғылыми-
теориялық, әдістемелік, практикалық конференцияларында
(М.Сапарбаев атындағы институт пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ¦лттық
мемлекеттік университетіндегі М.Әуезов оқуларында) баяндалды, басылым
көрген оқу құралдары, мақалалар мен тезистерде көрініс тапты.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспе, 3 бөлім, қорытынды, әдебиеттер
тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты,
объектісі, зерттеу пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеу кезеңдері,
әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға
ұсынылатын қағидалар баяндалады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі бастауыш
мектептердің тарихнамасы (1861-1930 ж.ж.) атты бірінші бөлімде осы
көрсетілген мерзімдегі Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері,
дамудағы өтпелі кезеңдері мен олардың өзіндік ерекшеліктері, сол уақыттағы
бастауыш мектепке мұғалім мамандарын даярлау ісінің тарихы және ілгері даму
жағдайы қарастырылады.
Қазақстандағы бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие үдерістерінің ғылыми-
педагогикалық негіздері атты екінші бөлімде зерттеу ауқымына енген
кезеңдегі әр типтегі бастауыш мектептердің білім берудегі оқу
бағдарламалары, оқу құралдары мен хрестоматия, оқу кітаптарындағы білім
мазмұнына және осы бастауыш мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын баланың ана
тілінде ұйымдастыру мәселелері бойынша пайда болған ой-пікірлерге талдау
жасай отырып, тарихтағы педагогикалық құнды мұралардың мәні ашылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі білім
берудің қазіргі қазақ бастауыш мектептерінің педагогикалық үдерістерімен
сабақтастығы атты 3 бөлімде тарихи-педагогикалық мұра болып табылатын 1861-
1930 жылдар аралығындағы бастауыш мектептердің педагогикалық мәселелерінің
бүгінгі бастауыш мектептің өмірлік тәжірибесінде ұласымдылық табуы,
өткеннің тарихи кезеңдеріндегі бастауыш мектептердегі білім беруді
ұйымдастыру жұмыстарының қазіргі бастауыш білім беру бағыттарындағы
бейнелілігі бастауыш мектептерде оқу, тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізудегі
қажеттіліктері, қазіргі бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда берілетін
білімдердің қажетті және жеткіліктілігі мен жалпы білім беретін бастауыш
мектептердің даму болашағы қарастырылып, аталған мәселенің ғылыми-
педагогикалық орны белгіленіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырым мен
ұсыныстар беріледі, көкейкесті мәселенің даму болашағы көрсетіледі.
Қосымшада зерттеу жұмысының нәжижелерін тәжірибеден арнайы курс
ретінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын бөлімдерде өтілгендігін
растайтын анықтамалар мен әр типтегі бастауыш мектептердің құрылымдық
ерекшелігіне сай түзілген оқу бағдарламалары, оқылатын пәндер тізбегін
көрсететін кестелер жиынтығы беріледі.
Негізгі бөлім
Бүгінгі қоғамдық құрылыста бастауыш мектептердің құрылу тарихына,
ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі -
философиялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде педагогика ғылымы
тарихының тұтастық тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған
маңызға ие болуы. Қай кезеңде болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларға
тән қоғамның бастау бұлағы болып табылатын құбылыстың бірі - бастауыш білім
беру негіздері. Бірақ, білім беру жүйесі де өз дамуында мемлекеттік
құрылымның өтпелілік даму кезеңдеріне және оның ішкі заңдылықтарымен тығыз
байланысты болмақ.
Философиялық диалектиканың заңдылығына сәйкес білім беру де түрленіп,
дамып, сатыланып, жетілдіріліп отырылуы дәлелдеуді қажет етпейтін табиғи
құбылыс.
Білім беру жүйесінде сатылану бастауыш білім беруді өз алдына дербес
қарауға, оның құзырлығын анықтауға алып келді. Бастауыш білім берудің
тарихын сөз етіп, оқу-жазу мәселесіне бойлау үшін қазақ жерінде пайда
болып, өмір сүрген мемлекеттік билік жүйесінің даму тарихымен тығыз
байланысты екенін ескергеніміз ақиқатқа жақын келеді.
Бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуының тарихи жолын
мүмкіндігінше анықтаудағы басшылыққа алынған әдіснамалық ұстанымдар
тарихилық, шындық, жинақтылық және жүйелілік болып табылады, бұл педагогика
тарихында орын алған тәжірибенің ғылыми тұрғыдан толық талдануына негіз
болады.
Тарихилық – бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуын оларды
туғызатын жағдайлар мен органикалық байланыстарды тану ұстанымы. Бастауыш
білім берудің болашағын зерттеп, оған табиғаттың объективті көрінісін және
оның даму заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы бастауыш
білім берудің дамуына тарих педагогикалық талдау жасаудың өте қажеттілігін
білдіреді. Біздің зерттеуіміздегі білім берудің тарихы хронологиялық шегін
анықтау белгілі кезеңдермен айқындалған.
Шындық – зерттелу кезеңдерін қамтитын мұрағаттық деректердің
түпнұсқасын тексеру. Қазақстандағы бастауыш білім берудің зерттелуінің
мәліметтерін басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстыру, зерттеліп
отырған бастауыш білім беру құбылысының ұқсастық пен айырмашылығын анықтау.
Зерттеу аясына енетін кезеңдерге қоғамдық құбылысқа бастауыш білім берудің
қажеттілігі, ықпалы мен орнына сипаттама беру.
Жинақтылық - бастауыш білім беруді әлеуметтік-педагогикалық құбылыс
ретінде тани отырып, құбылыстың мәні, қорғаушы күштері, ықпал етудің алғы
шарттары, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты бұған басшылық жасау.
Бастауыш білім беру үдерісінің басқалармен байланысын мүмкіндігінше ауқымды
қамту, педагогика тарихындағы бастауыш білім беруге қатысты мұрағаттық
деректерді әр кезеңге сай жүйелеу, берілген мәліметті қорытындылап,
философиялық, тарихилық, әлеуметтік-саяси және педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан талдау беріп, ой-пікір түзу.
Жүйелілік – анықталған кезеңдерде Қазақстандағы бастауыш білім беру
мәселесі құрамды бөліктерімен және оны қоршаған орта, қоғамдағы әлеуметтік
жағдаймен ішкі үйлесімділігін, өзара байланысын біртұтастық негізде
қарастыру.
Бастауыш білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігін жете ұғыну барысында
диалектиканың даму заңдылығына сәйкес дамудың үштік сатылығына келтіру
арқылы бұл жүйенің негізін беруге болады.
Дамудың үштік қағидасы, үш сатылығы (трида-гр.trias-үшкілдік, үштік)
ұғымын алғаш рет Платон және ноплатоншылдыр (Прокл) қолданды. Ол кейіннен
классификациялық неміс философиясында жан-жақты дамытылды (Гегельде). Бұнда
кез-келген даму үдерісі үш сатыны басып өтеді.
Дүниелік құрылыстың тұғырлығындағы үштік қағидаға сүйене отырып,
бастауыш білім берудің негізі үш бөлімді құрайды.
Біріншісі, жазу-оқу. Сауаттылықтың басы жазу болса, оқи білу оның
негізі.
Екінші, математикалық білім. Өмірдегі өсуді өлшемдік және бағалау
тұрғысынан тану.
Үшінші, дүниетанымдық білім. Дүниедегі барлық затты болмыстық тұрғыдан
салыстыру арқылы қарапайымдылықтан ғылымилыққа, ақиқаттық таным жүйеге өту
жолы.
Осыған орай қазақ жеріндегі алғашқы білім беретін, яғни, бастауыш білім
берудің тарихын тану, оның жас ұрпақты тәрбиелеп дүние тану жүйесінде алған
орнын, тарихи даму жақтары бастауыш мектептермен сабақтастығын анықтау,
қоғамның даму барысында пайда болған түрлі бастауыш мектептердің типтері
мен ондағы оқыту тәрбиенің берілу ерекшеліктері мен ұйымдастырудың негізгі
принциптерін (ережелерін) және әдістерін, формаларын анықтап беру –
бастауыш білім беру тарихының алдында тұрған үлкен міндет.
Қазақ даласындағы бастауыш мектептердің даму тарихын өткен ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы (1861-1930 ж. ж.) жартысындағы өтпелі
кезеңдері мен әр түрлі құрылымдық деңгейлеріне мән берсек, қайталанбас асыл
мұралар бар. Бұл мұралар осы уақытқа дейін қазақ жеріндегі бастауыш
мектептердің тарихына айтылған кері пікірлер мен қазақ өлкесінде
жүргізілген оқу-ағарту жүйесінің дамуы жөніндегі ойларды жаңаша
мәліметтермен толықтыратыны күмәнсіз. Қазан төңкерісіне дейін Ресейлік
патшалықтың отарлау саясатының бодауында болған, одан кейінгі кеңес өкіметі
кезіндегі саяси және идеологиялық дербестігінен айрылған шақта қазақ
ұлтының даму тарихын әсіресе, жас ұрпаққа білім беру саласында өзіндік
жүйесі болып із қалдырған түрлі оқу мекемелері мен орындарын толығымен
жоққа шығаруы бастауыш білім берудегі кадими, жадидтік, ұлттық, т. б.
мектептер мен медреселер немесе оларды өздеріне тән етуі өткенімізді
бұрмалауға апарды.
Көрсетілген тарихи мерзімде қазақ жерінде бастауыш мектептің дамып
қалыптасуын мектептің жаңа типтері, олардағы білім мазмұны мектеп
қажеттерінің елеулі өзгеріске ұшыраған уақыттарын деректі мұрағат
құжаттарына сүйене отырып, үш кезеңге бөліп қорытындылауымызға тура келді.
Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.) отаршылдардың оқу-ағарту саласындағы
жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас)
мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу
орындарымен қосарлана дамуы.
Екінші кезең (1891-1916 ж.ж.) бастауыш орыс-қазақ мектептері қызметінің
дамуында оқуды әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері және
мұсылмандық жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ ұлттық
бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.
Үшінші кезең (1917-1930 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық қазақ
бастауыш мектептері және кеңестік қоғам құрылымындағы мектеп, ондағы білім
берудегі жаңашылдық сипат.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі мектеп
жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп
болды. Олар: біріншіден, қазақ жерін отарлау, қазақтарды орыстандыру
мақсатындағы патша өкіметінің саясаты және осы негізде орыс, орыс-қазақ
мектептерінің құрылуы, екіншіден, осындай тарихи құбылыстардан қазақ
даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими) жүйедегі мектептерде
білім беру тілінің татар тіліне ауысуы, үшіншіден, ескі жүйедегі
мектептердің оқу бағдарламасына орыс тілінің енуі, төртіншіден, қазақтарды
орыстандыру барысында балаларға арналған оқулық, оқу құралдары мен әдеби
кітаптардың баспа бетінен орыс әрпімен қазақ тілінде жазылуы.
Ресей үкіметінің оқу ағарту министрлігінің 1870 ж. 26 наурыздағы
Ресейді мекендеуші бұратаналарға білім беру шаралары туралы заңы орын
алды. Бұл заңдардың негізінде қазақ даласында оқу ағарту жұмысы діни және
азаматтық екі бағытта жүргізілді. Діни бағыттағыға ескі жүйедегі (қадими)
мектептер, медреселер, шіркеу, приход мектептері еніп, ондай мектептердің
өз мүмкіндігінше және ұстанған жүйе бағыты бойынша балалардың сауатын
ашуға айтулы қызмет атқарғаны белгілі. Ал, азаматтық сипаттағы мектептер
қазақ өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алып дамыды, олардың
қатарында азаматтық мектеп, қалалық училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс,
орыс-қазақ және жадидтік мектептер болды. Мұндай оқу орындары көптеп
ашылып, онда жұмыс жасайтын мұғалімдер Ресейдегі жоғары оқу орындарын
бітіріп келгендер еді.
Кесте -1.
Мектептерде қолданыста болған оқыту әдістері: Сауаттау әдісі, дыбыстық
әдіс, тұтас сөз немесе американдық әдіс, буындап оқу, өз бетінше іштей және
дауыстап оқу, оқығанын баяндап беру, жаттау әдісі, араб, парсы сөздерінің
аудармасын түсіндіріп беру әдісі, аударма (орысшадан қазақшаға, қазақшадан
орысшаға, т. б. мектеп типіне байланысты) әдісі, сөздік әдісі, сұрақ-жауап,
әңгіме, көрнекілік әдісі, жалқылау (айырыңқы) әдісі, жалқылау-жалпылау
әдісі, т. б.
Мұсылмандық діни мектептер мен медреселерге қатысты Ресейлік патша
үкіметінің саясатына келсек, мұсылман халқы орналасқан елде исламға қарсы
ашық күресуге бата алмаған Кауфман мұсылмандардың діни нанымдарына қол
сұқпаушылық ұранын көтере отырып, діни мектептерге әкімшілік іс-шаралар
жүйесімен зиян келтірді. Біріншіден, қалада балалардың медресе, мектепке
баруын қадағалайтын райстар қызметін қысқартты. Екіншіден, орыс үкіметі
дін басы шағымдарын қарастырмайтын болды (бұған дейін олар хандарға,
бектерге шағым жасай алатын). Үшіншіден, төменгі әкімшілікті және соттарды
бекіту үшін орыс балаларын және медреседе оқымаған кандидаттарды
тағайындауды жөн көрді. Отаршылардың бұндай астарлы идеологиясы әкімшілік
үстемдігінің алғашқы кезеңінде мұсылмандық діни мектептер мен медреселердің
құлдырауына әкеп соқтырды. 1884 жылы мұсылмандық шариғатты оқыту орыс-қазақ
мектептеріне енгізіле бастады. 1890 жылдардан медреселер мен діни
мектептерге түбегейлі тексерулер басталды (бұл жұмысқа Наливкин
тағайындалды).
Зерттеу аумағына енген кезеңдегі Қазақстандағы бастауыш мектептердің
түрлеріне және атқарған жұмыстарына педагогикалық тұрғыдан талдау жасап,
сипаттама беру олардың өздеріне тән ерекшеліктерін бейнелейді.
Мұсылмандық дүниетанымға үйрету мен баулу, білім мен тәрбие беруге
негізделген оқу мекемелерін, әсіресе, мұсылмандық ескі мектептер жөнінде
сөз қозғасақ, бұл мектептер (бәд-әл-мағариф - (араб т.) бастауыш білім,
көпшілігінде аталуы ибтида - (араб т. - бастауыш, алғашқы) балалардың білім
алуының алғашқы сатысын қамтитын оқу орны болған. Бұл мектептер
христиандардың приходттық училищелері, еврейлердің хедері, көне-жапондық
бастауыш мектептерімен ұқсас. Негізгі мақсаты балаларға діни ережелерін
үйрететін оқу орны және мұсылман адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау
ережелерді орындауға үйрететін. Мұнда 6-14 жас аралығындағы балалар оқитын.
Дегенмен, көп кездесетін жайлардың бірі мұсылмандық мектептердегі
балалардың ұлтына қарай ақындардың поэзиялық шығармаларын ана тілінде
оқытылуы жүзеге асырылып отырған, сондай-ақ, мұнда арифметика мен жазуды
үйретті. Алған білімдерін олар кейіннен жеке сауда ісінде немесе аудармашы
яки көшірмеші мамандығына пайдаланса, кейбіреулері бұндай бастауыш
мектептерді бітіргеннен кейін үлкен қалалардағы атақты медреселерде оқуын
жалғастырып жатты. Осылай кеңінен таралған міндетті бастауыш мектептер
қазақ даласында да өзіндік орын алған, бірақ қазақ халқының дүниетанымдық
көзқарасымен сол кездегі мұсылмандық оқу жүйенің үйлесімдігінің тамыры әлі
де болса тереңге бойлай қоймаған еді.
Бұл жүйедегі ерлер мектебі әдетте мешіттерде орналасты, оларға көбінесе
имамдар мен даммоллдалар сабақ берді. Ал ірі қалалардағы медресе,
мектептерде жоғары кәсіби - мұғалімдер яғни, мүдәрристер мен мусаниэфаттар
болғаны анық.
Кесте -2.
Ескі кадими мектеп (оқу жоспарының құрылымдық жүйесі).
Топтастыру Оқылатын пәндер жүйесі
№
1-тУлум-ул-Арабия – Арабша Әліппе. Сауат ашу. Таджив – фонетика, наху
оп Араб филологиясы – синтаксис, арзу - өлең буындарының сәйкестігі
туралы ілім. Оқу (араб, парсы, ескі түрік (шағатай)
тіліндегі діни кітаптарды жаттау). Жазу, көшіріп
жазуға үйрету. Диктант. Мазмұндама.
Улум-аш-Шария – Құран кәрім. Шариғат негіздері, мұсылмандық
2-тШариғат. парызға үйрету. Мұсылмандық діни құқықтық, заңға
оп кіріспе, мұрагерлік құқықтық, аңыз, құранды
түсіндіріп оқу ережесі. Шығыс поэзиясы Фердауси,
Низами, Физули, т.б. (қазақ, өзбек балаларына –
ескі түркі (шағатай) тілінде, тәжік балаларына
парсы тілінде) шығармалары оқытылды.
Улум-ул-Хикмия.ЭЛогика, метофизика, эстетикалық білім, астрономия,
3-тстети-калық,филоарифметика.
оп со-фиялық ғылым.
Бұл типтегі мектептерде білім берудегі оқу бағдарламасына енген
пәндерді шәкірттердің игеруі оқу кітаптарындағы бөлімдерді меңгеруге
байланысты болған және баланың қабілетіне қарай оқу жылдары қысқартылып
немесе ұзартылып отырған.
Мұсылмандық оқу жүйенің құрамында тағы бір мектеп түрін - Қарыхана деп
атаған. Қарыхананың білім беру жолындағы оқыту жұмысын ұйымдастыру
жоғарыда айтылған екі мектептен өзгешелеу болған. Тек ислам дінінің
негізінде мұсылмандық оқу орны болғандықтан құран сүрелерін жатқа
айтқызуға үйретті, бірақ, сауат ашу жұмысы, алфавитті тану, буындап оқу
немесе өз бетінде сөз оқу мүлдем болмады десе де болады. Себебі, мұндай
қарыханаларға оқуға көбінесе соқырлар тартылатын.
ХІХ ғасырдың 1870-1990 жылдардағы ағарту саласындағы саясат жаңа
мектеп уставтарының қабылдауымен ерекшеленді, олар: 1871 жылы гимназиялар
мен прогимназиялар уставы; 1872 жылғы реальдық училищелер уставы; 1874 жылы
бастауыш халықтық училищелер туралы жаңа ережелер; 1884 жылғы университет
уставы, шіркеулік-приход мектептері туралы ережелер қабылданды. Онда мектеп
түрлері және олардың тәрбие мен білім берудегі ұстанымдары анықталған
болатын.
1864 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы бойынша гимназиялардың
екі түрі бекітілді. Классикалық және реалдық болып екіге бөлінеді.
Классикалық гимназиялар оқушыларды университеттерге және басқа оқу
орындарына бағыттап, көптеген көне тілдерді, орыс сөз өнерін, жаңа шет
тілдер мен тарихты оқуға бөлді. Реалдық гимназияларда азаматтық және әскери
қызметке дайындап, көне тілдердің орнына математиканың төрт амалын оқытуға
көп күш салды, заңтану сабағы енгізілді. Прогимназия - гимназияның бастауыш
сатысы болып табылады. Гимназиядағы педагогикалық оқыту бағдарламаларын
бекітуге, оқулықтарды таңдауға бағытталған құқық берілген. Гимназиялар мен
прогимназиялардың барлығы ақылы болды. Бастауыш пен орта мектеп аралығында
ешқандай сабақтастық ескерілген жоқ.
Кесте -3.
Прогимназияның бастауыш білім беру Приходтық, шіркеулік
мектеп.
сатысы.(1871 ж. гимназиялар мен
прогимназиялар уставы).
№ Пән аттары № Пән аттары
1 Шет тілі 1 Құдай заңы
2 Латын тілі 2 Шіркеу өлеңдер (әндер)
3 Математика, 3 Икон
4 География 4 Крест
5 Жалпы тарих 5 Христиан дінінің негіздері
6 Ресей тарихы 6 Шіркеулік және азаматтық баспа
мен жазу кітаптарын оқу
7 Жаратылыс тарихы, (философия, 7 Арифметика
саяси экономика)
8 Әсемдік өнер технологиясы 8 Жазу
9 Коммерция 9 Орыс тілі
10 Қасиетті тарих
11 География
Бірақ, прогимназияның бастауыш білім беру атысында орыстарға ана тілі
мен әдебиеті, құдай заңы болған жоқ. Кейінен, 1864 жылы философия, саяси
экономика, комерциядан білім беретін пәндер алынып орнына жаратылыстану
пәндерінің біршамасы ендірілді. Сондай-ақ, көне және жаңа тілдерді,
математиканы оқыту мен құдай заңы пәндері жүргізілді. Ал, приходтық және
шіреулік діни білім беретін мектептерде христиан дінінің негіздерін оқыту
басымдылық орын алып, қалған ғылыми негіздерден білім беретін пәндер орыс-
қазақ мектептерінің оқу жоспарының үлгісімен жүргізілді.
Қалалық, приходтық училищелерде бір 4 сыныптық, алты 3 сыныптық ал
қалғандары облыс қалалары мен Алматы станциясында болды. Оқушылардың 1906
жылы жалпы саны 4448, оның 3221 ер бала, 1227 қыз балалар болған. Оқу
жоспары мұғалімдер мен оқушыларға үлкен жүктемені орындауға алып келді.
Мұғалімдер тек қана нұсқау берілген оқулықтарды қолдануға міндетті болды.
Приходтық мектептерді - губерниялық, уездік қалаларда және приходтық
шіркеуге қарасты мекендерден ашуға мүмкіндіктер болды. Олар уездік
училищелерде оқуға дайындау мен балаларға (ер балалар мен қыздар бірге
оқуға болатын) жалпы білім беретін ілімдерді оқыту мақсаттарын көздеді.
Шіркеулік (діни) мектеп 1906 жылы үш 2 сыныптық, отыз төрт 1 сыныптық
және 10 мектепте хат тануға (грамоты) жалпы саны 47 болды. Жалпы шіркеулік
мектепте 1448 ер бала, 1268 қыз бала оқыды.
Діни шіркеу мектептің оқу жоспары: Құдай заңы, Шіркеу өлеңдері, Шіркеу,
азаматтық баспа мен жазу кітаптарын оқу. Арифметика негіздерінен білім
беруге жалпы уақыттың 46%- пайызы бөлініп, қалған уақыт тек діни пәндерді
оқытуға арналды. Бұдан оқылатын оқу материалдарының мазмұнының басқалары да
христиандық дінге байланысты болған, өйткені бұл оқу мекемесінің
мұғалімдері діни қызметкерлер болған.
Ресейдегі орыстан басқа жат тілді, жат дінді халықтарға білім беру
ісінде, яғни өзге ұлт өкілдері үшін ерекше мектептердің қажеттілігі жайлы
және алғашқы жылы оларды өз ана тілінде оқыту қажеттігі жөінде пікірлер
айтылған болатын. Мектеп жанынан балаларға арналған жатақханалар салу
көзделіп, бұған жергілікті халықтың балаларын тартып, олардың оқу-тәрбие
жұмыстарымен шұғылдануына арнайы мән беру керектігіне тоқталып, бұндай
мекемелерді ашуға көңіл аудара бастады. Интернаты бар орыс-түзем
мектептері өз міндеттерін толық атқара алды, әрі өте тиімді болды, - деп
түйіндеген. Мұндай мектептерде түземдік балалар ұзақ уақыт орыс
мұғалімдерінің ықпалында бола отырып, орыс тілінде ауызекі сөйлесіп
үйренуге мүмкіншілік алатынын ескеру керек деген болатын.
Мектептегі білім алушы шәкірттер сабақта алған білімдерін ауыз екі
сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолдануға мүмкіндік алу үшін жергілікті
тілді жетік білетін мұғалімнің қажеттілігі анық болды және оларды көптеп
алуды керек етті. Өйткені, қазақ тілі адамдар арасындағы кең қолданыстағы
тіл еді.
1897-1898 оқу жылында 2 сыныптық ауылдық (Ставкалық) училищелерде
оқылатын пән тізбектері мен білім берудегі оқу материалдарының көлемі
анықталып берілді.
Кесте -4.
Ауылдық (ставкалық) мектеп
.
Пән аттары Сынып, Оқылатын пәндерден берілетін білім мазмұны
№ бөлімдер
1 2 3
1 Құдай заңы + + + Христиан дінінің негіздерін оқыту, христиан
дінінің белгілерін, ережелерін танып-білу,
крестке түсінік беру, шоқынудың мәнін
түсіндіру, т. б.
2 Ән сабағы + + + Хормен айтылатын әндер, Божье Царя храни,
Коль-Славен, Тавдивься, Стони, Внук по
матушке.
3 Оқу. + + + Орыс қарпімен сауат ашу. Діни нанымдағы
әдебиеттерден қысқа үзінділер оқу. Христиандық
дінге және мемлекетке қайшылық жасамайтын әдеби
шығармаларды оқу.
4 Жазу. Көрнекі+ + + Үйренген әріптер арқылы қысқа сөздер мен
жазу. сөйлемдерді көшіріп жазу, таза жазуға үйрену.
Полеарлық (полеарский) үлгісі бойынша 16 бет
жазу тиіс болған.
5 Арифметика + + + 1-сынып 1-бөлім. Бағдарламасында 100-ге дейінгі
сандарды жазу, есептеу. 1-ші жүздік көлеміндегі
жай есептер мен мысалдарды шешу. 2-бөлім. 4
амал бойынша он мыңға дейінгі есептер. Он мың
және одан жоғары сандағы жай есептерді шешу.
3-бөлім 100 мың көлеміндегі сандар жүйесіндегі
есептерді 4 амал бойынша шешу. Құрамдас атаулы
сандарға есептер, квадрат пен куб, сызықтар
салу. 4-бөлім. Кез келген көлем сандағы
есептер. Құрамдас атаулы сандарға 4 амал
бойынша есептер, квадрат және куб әрі
(Вишневскийдің есеп жинағы бойынша), жай
бөлшектердегі есептерді шешу. 2-сынып 1-бөлім
бүтін сандар жүйесіндегі есептер. Сандарды көп
мөлшерлікке бөліп орналастыру. Жалпы көп санға
бөлінгіш пен аз санға бөлінгіш. Жай бөлінгіштер
курсын тереңдету. Ондық бөлшекті жай бөлшекке
айналдыру және қайта айналдыру. 4 амал бойынша
ондық бөлшек пен жай бөлшек есептері.
Геометриялық қатынастар мен пропорциялар. Жай,
күрделі үш еселенген ережелерге негізделген
есептер, процент ережелеріне негізделген жай
есептер.
6 Орыс тарихы + + + Орыс мемлекетінің өркендеуі, территориясының
көлемі, тарихи оқиғалар, жорықтары. Орта Азияны
бағындыру. Орыс патшалары, князьдары, т. б.
7 География + + + Жер түрлері, жер қозғалысы, жер айналуы,
жердегі жылу, меридиандар мен параллельдер,
жердің көлемі және халқы, жер шарының құрлық
бөліктері, жер шарының су бөліктері мен
мұхиттар. Европа, Азия, Африкаға жалпы шолу,
жер беті, ішкі сулар, климаты, минералдар мен
өсімдіктер, Австралия тұрғындары, халқы. Жер
шарындағы теңіздер, мұхит, өзендер, мемлекеттің
ішкі жол жүйесі, халық қоныстары, көршілес
мемлекеттер олардың ерекшеліктері, т. б.
мәліметтер.
8 Орыс тілі + + + Толстой, Вольтердің шығармаларын оқу. Тілдің
грамматикалық саласы бойынша Волдьтердің толық
курсы оқытылды. Орыс тіліне аударылған
практикалық сабақтар мен аудармалар, күнтізбе,
ауыл шаруашылығына пайдалы құстар мен
жануарлар, жер өлшемі, қозғалу, Күн мен Айдың
тұтылуы, Полеарлық (Полеарский) жазбалары оқу
материалдарының құрамына енген.
9 Аударма. + + + Қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға. Қазақ
Жаттау. әліппесі бойынша 30-шы бетке дейін, практикалық
сабақ (аударма және орыс тілінен аударма 28-ші
бетке дейін орындалды.
Кесте 5.
Орыс-қазақ ( орыс-түзем немесе аралас) мектебі
№ Пән аттары Сынып, бөлімдерОқылатын пәндердегі берілетін білім
мазмұны
1 2 3
1 Құдай заңы + + + Құдай заңы алғашқы діни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz