Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Ә. О. Ж. Қолжазба құқында

37. 013=111. 165. 12

Кубеева Марзия Абдухалыққызы

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)

6N0103 Педагогика және психология

Академиялық педагогика магистрі дәрежесіне ізденудегі магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші: п. ғ. д., профессор Қалыбекова А. А.

Қазақстан Республикасы

Шымкент-2006

Кіріспе

І-тарау

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы. 9-19
  2. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық педагогикалық шарттары. 20-35
  3. Ағылшын тілі сабақтарының оқушыларда танымдықбелсенділікті арттыру мүмкіндіктері. 36-47

ІІ-тарау

Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері.

2. 1. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың жаңа технологиялары. 48-74

2. 2. Оқыту процесінде 5-6 сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін арттыруда экспериментальдық жұмысты жүргізу
және оның нәтижелері. 75-82

Қорытынды 83-85

Қосымша 86-93

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 94-106


Реферат

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарын оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу нысанасы: жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарын оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үрдісі.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; орта мектептерде оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылар, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу;

алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді педагогикалық, психологиялық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік-эксперимент жұмысының мәліметтерін жалпы қорытындылау.

Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Шымкент қаласының №7 Қ. Спатаев атындағы техникалық лицейде, №26 Ж. Жабаев атындағы орта мектепте, Сайрам ауданы Таскен ауылындағы №46 Оразбай атындағы орта мектепте өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және халықаралық ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды (Шымкент 2006) .

1. «Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мектептегі оқытудың негізгі мәселесі».

2. «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекет арқылы арттыру».


Зерттеудің көкейкестілігі.

“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр [1]

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. [2]

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.

Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.

Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.

Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. [3]

Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі оқушының жеке дамуы, өзіндік жұмысы, білік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары С. Т. Сабыров, Н. Д. Хмель А. Е. Әбілхасымова Р. К. Төлеубекова т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған.

Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтермен психологтердің еңбектерінде Л. В. Занков, М. А. Данилов, Ю. К. Бабанский т. б. зерттелінген. Оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыру, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектердің қатарына П. И. Пидкасистый, Н. А. Половникова, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, Р. С. Омарова еңбектері жатады.

Зерттеулерде оқу танымдық әрекеттерді арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің әдістері туралы құнды ой-пікірлер айтылады. Осы еңбектердің құндылығына ғылыми-теориялық, әдістемелік практикалық жағынан көз жеткізуге болады. Қазіргі кезде орта мектептерде 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттарды негіздеу және оны оқу үрдісінде қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Еліміздегі көптеген ғалымдардың еңбектерінде нақтырақ тоқталсақ А. С. Мустояпованың кандидат дәрежесіндегі диссертациясында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын қарастырған.

Сондай-ақ М. С. Мөженақованың кандидат дәрежесін ізденудегі диссертациясында мектептің педагогикалық жүйесіндегі танымдық қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде дамытуды кеңінен қарастырған.

Н. Ф. Талызина өзінің “Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру” атты еңбегінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын атап көрсеткен.

Ал С. Т. Сабыров оқушылардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды қарастырған.

А. Аренова математика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәлелесіне тоқталған.

Қ. Б. Жарықбаев зерттеуінде оқыту-танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерінде танымдық мотивтердің жалпы бөлінуін қарастырған.

Н. Қ. Тоқсанбаева оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымын қарастырған.

Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру деңгейлері мен педагогикалық шарттарының болуы зерттеу тақырыбын “Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында) ” деп таңдауға себепші болды.

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарын оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарын оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үрдісі.

Зерттеу пәні: ағылшын тілі сабақтарын оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мазмұны мен әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Ағылшын тілі сабағында 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігі артады, егер:

- ағылшын тілі сабақтарын оқушылардың танымдық белсенділігін

арттырудың негізі деп танылса;

- ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін

арттырудың педагогикалық шарттары жасалып, іске асырылса;

- ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін

арттыру мүмкіндіктерінен толық пайдаланылса;

- ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін

арттыру ісі бірізділікпен, жүйелі түрде жүргізілсе.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Ағылшын тілі сабағында 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздерін жасау.
  2. 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарының оқушылардың

танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін айқындау.
  2. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін іс-тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы.

Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды өзін-өзі дұрыс басқаруға, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық барысында дұрыс қолдана білуге үйретеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне

табиғат пен қоғам дамуының байланысы туралы диалектикалық теория, жеке тұлғаның үздіксіз қалыптасуы мен дамуы туралы философиялық ойлар; таным теориясы, оқушы - жастардың таным белсенділігін арттыруға қаратылған оқу жүйелеріндегі құжаттар жиынтығы жатады.

Зерттеу көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жалпы білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне байланысты ұсынған құжаттары; ҚР Конституциясы, «Білім туралы Заңы», ҚР «Қазақстан 2030» даму стратегиясы педагогиканың ғылыми жетістіктері мен оқушылардың таным белсенділігін арттырудағы озық тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; орта мектептерде оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылар, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу;

алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді педагогикалық, психологиялық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік-эксперимент жұмысының мәліметтерін жалпы қорытындылау.

Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Шымкент қаласының №7 Қ. Спатаев атындағы техникалық лицейде, №26 Ж. Жабаев атындағы орта мектепте, Сайрам ауданы Таскен ауылындағы №46 Оразбай атындағы орта мектепте өткізілді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде проблема теориялық түрде зерттелді; ғылыми аппарат айқындалды; «Оқушының танымдық белсенділігі» ұғымының мазмұны мен мәні анықталды. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктері нақтыланды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезеңде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары анықталды. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны негізделіп, эксперимент жұмыстар жүйесі жүргізілді.

Үшінші кезеңде зерттеу бойынша талдау жүргізілді, 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі мектептегі оқу жұмыстарында жүзеге асырылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  1. 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері айқындалды, және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
  2. Ағылшын тілі сабақтарының оқушыларда танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері айқындалды.
  3. 5-6 сынып оқушыларының ағылшын тілі сабақтарында танымдық белсенділігін арттырудың деңгейлері мен шарттары айқындалды.
  4. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • қазіргі жағдайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі жасалынды;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынды;
  • зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың ересек тобында жүргізілетін іс-шараларда пайдалануға, мектеп мұғалімдер қызметінде, жоғары оқу орнында маман даярлауда, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. 5-6 сынып ағылшын тілі сабақтарының оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктері.
  2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары, мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері.
  3. Оқушылардың танымдық белсенділігі артуының негізгі көрсеткіштері, деңгейлері.
  4. Эксперименттік зерттеу нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі.

Әдіснамалық және теориялық тұрғыдан қарастырған проблема мәселесін негіздеумен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сай келуімен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, оқу үрдісінде олардың тиімділігін тәжірибе-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру мен практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Диссертацияның құрылымы:

Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, зерттеу болжамы, міндеттері, зерттеу әдістері беріліп, магистрілік жұмыстың практикалық мәні ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын тұжырымдар сиапттамасы беріледі.

“Оқыту прцесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері” атты бірінші таруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері көрсетіліп, танымдық белсенділік, мазмұны, қалыптасу деңгейлері айқындалады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру педагогикалық шарттары, мүмкіндіктері қаралады.

“Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері” атты екінші тарауда оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру қарастырылады. Инновациялық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдана отырып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін жасайтын тәжірибе-эксперименттік жұмыс нәтижелері көрсетіледі.

Қорытындыда теориялық эжәне эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Қосымшада танымдық белсенділіті анықтау мақсатында оқушыларға, мұғалімдерге сауалнамалар және оқушыларға арналған танымдық ойын түрлері ұсынылды.

І-Тарау.

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері.

1. 1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны құрылымы.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын терең теориялық мазмұнсыз, оқыту процесіндегі дидактикалық белсенділік принціпінсіз, ҚР жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мүмкін емес. /1/

Оқушының танымдық белсенділігі педагогикалық құбылыс ретінде әр оқушының белсенді өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада, еңбекте адамға өмір сүру образының қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі процесінде әсіресе рухани дамытатын оқыту процесінде қалыптасады. /2; 3; 4/

Оқушының белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде танылатын фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. /4; 5; 6; 7/ Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады;

  • Оқушы оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;
  • Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа мазмұны ойластырылып енгізіледі;
  • Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін мектепте арналған оқулықтары оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл оқулықтарда құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын түсінетін деңгейде және ол оқушылардың белсенділігін дамытуға бағытталған. /8/
  • Жаңа педагогикалық және ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік танытуда. Дидактикалық ықпал етуде түрлі психологиялық ықпалдар әсер етті.
  • Оқушылардың дидактикалық жұмысында оқушының және жұмыс көлемі көбейеді, оқушылардың таным процесіндегі белсенділігін арттыруда және жұмыс мазмұны мен көлемі елеулі өзгеріске ұшырайды. /8; 9/
  • Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі.
  • Оқытуда техникалық құралдар мен ақпараттық технологияны енгізу.
  • Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке алынады. /10; 11/
  • Оқу процесіне ұжымдық шығармашылық енгізу.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы Ресей дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бері қызықтырып келеді. Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды оқымыстылар білім беру сапасының жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады.

Оқымысты дидакттар белсенділік принціпін іске асыру үшін оған әр қырынан кіріседі. Ю. К. Бабанский, В. С. Ледиев, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов және т. б. белсенділік принціпін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту әдістерімен, оған проблемалық тұрғыдан қараумен байланыстырады.

Басқа зерттеушілер өзіндік жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі деп санайды О. А. Нильсон, И. И. Пидкасистый және т. б. Л. П. Прессманың, С. Г. Шаповаленконың, Н. М. Шахмаеваның т. б. айтуы бойынша оқытуда техникалық құралдардың енгізілуі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жетекші факторы.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру И. Унт, И. М. Чередов, И. Ф. Харламов, С. Абылқасымова, В. А. Ситарова және т. б. пайымдауынша олармен жеке жұмыс барысында қалыптасады. /12:13; 14/ Олай болса, оқушылардың танымдық белсенділігі түрлі жолдармен арттып отыратынын соңғы он жылдық зерттеулерден байқауға болады. Біздің зерттеуіміз үшін танымдық белсенділігін және “оқытуды арттыру” сияқты түсініктер басты назар аударуды қажет етеді.

“Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әркеті”, “шығармашылық белсенділігі”, “танымдық өзінділігі” категориялары мен астарласып жатады. “Танымдық белсенділік” түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау әрекеттерінің айырмашлылығын ашып алу керек.

М. Н. Скаткиннің ойынша олардың айырмашылығы мынада, танымдық белсенділікте тек ойлау әрекеті емес, бақылау, ес, ерлік процестері де орын алып, онда адамның қоршаған ортаға көзқарасы айқындалады. Ойшыл ешнәрсені танымауы мүмкін, ал тану ойлаусыз мүмкін емес. /15; 16/

Танымдық белсенділікті арттыру оқушылардың белсенділігін қалыптасыру, білім беру процесінің күшейтілуі үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі (ойлау) белсенділігі мен сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата білудің маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі белсенділік түрінің де өзіндік орны бар. Алайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты, сыртқы (моторлы) әрекет мұнда ішкі белсенділіктің қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет атқарады.

Кейбір зерттеулершілер белсенділікті атқарушы және шығармашылық деп екіге бөледі. Белгілі психолог В. А. Крутецкий белсенді және өзіндік ойлау туралы былай деп жазады, “белсенді ойлау”, “өзіндік ойлау” және “шығармашылық ойлау” “түсініктерінің ара - қатынасы” концептриналық айналым ретінде белгілеуге болады. Бұл ойлаудың түрлі деңгейлері, бұлардың әр қайсысының бір-біріне қатысы бар. Шығармашылық ойлау өзіндік және белсенді бола алады, бірақ барлық белсендік ойлау өзіндік ойлау емес, және барлық өзіндік ойлау шығармашылық емес. /16/

Оқушылардың белсенділігі проблемасының танымдық белсенділік әрекетіне қатынасы қазіргі педагогика оқулықтарында айтылған. Сонымен, И. П. Подласый, танымдық және белсенділік принциптеріне қарай келе былай көрсетеді “оқушының өзіндік танымдық белсенділігі оқудың маңызды факторы болып табылады және оқу материалының тақырыбының терең және берік игеруіне жетекші рөл атқарады”. Оқытудың ерекшеліктерін бақылау арқылы оқудың таным және белсенділік принципін қалыптастыруға болатынын айта келіп “белсенділікті тәрбиелеу үшін не уақытты, не күшті аямаңыздар”. Бүгінгі белсенді оқушы-ертеңгі белсенді кәсіп иесі, қоғам мүшесі екенін естен шығармаңыздар деп ескертеді. /17, 125/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Пәнаралық байланыстың негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz