Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Педагогика кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері
Өскемен, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ . . . 10
1. 1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттама . . . 10
1. 2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері . . . 40
1. 3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы . . . 43
1. 4 Жантанушы студентердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану көрсеткіштері мен өлшемдері, үлгісі . . . 54
2 ЖАНТАНУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ . . . 58
2. 1 Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы . . . 58
2. 2 Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін анықтаушы эксперименталды зерттеу нәтижелері . . . 61
2. 3 Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижелері . . . 65
2. 4 Ұсыныстар . . . 68
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79
ТІРКЕМЕ А . . . 83
ТІРКЕМЕ Ә . . . 84
ТІРКЕМЕ Б . . . 85
ТІРКЕМЕ В . . . 86
РЕФЕРАТ
Білім тұжырымдамасы болашақ мамандарды оқыту-тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, оларға педагогикалық, психологиялық көмек беруді мақсат етті. Ал студенттердің қарым-қатынас жасау мәдениетінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өзін-өзі дамытуға жауапкершілігін арттырады. Студенттердің қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруі сондықтан да қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Зерттеу мақсаты: жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: жантанушы студенттердің оқу кәсіби іс-әрекеті.
Тірек сөздер: қарым-қатынас, мәдениет, қарым-қатынас бағдары,
Зерттеу әдістері: қазақ студенттерінің қарым - қатынасындағы бағдар ерекшеліктерін анықтау мақсатында студент жастарға: «Қарым - қатынас қажеттілік»; М. Снайдердің «қарым-қатынастағы өзіндік бақылауды бағалау»; В. Т. Ряховскийдің «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі және «сіз қарым-қатынас мәдениетін қалай түсінесіз» анкетасы жүргізілді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: «Қарым-қатынас мәдениеті», «жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті» ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметі анықталды. Алғаш рет жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеру ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың үлгісі жасалды. Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың жүйесі мен әдістемесі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеруі теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, мектептің және бала-бақшаның оқу тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысы реферат, кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (90) және қосымшалардан тұрады.
Сондай-ақ зерттеу жұмысы 3 кесте және 11 суреттен тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі 86 бет.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда. Оған Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. 2004 жылы ақпан айында Үкіметпен қолдау тапқан Білім тұжырымдамасы болашақ мамандарды оқыту-тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, оларға педагогикалық, психологиялық көмек беруді мақсат етті. Ал студенттердің қарым-қатынас жасау мәдениетінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өзін-өзі дамытуға жауапкершілігін арттырады. Студенттердің қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруі сондықтан да қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Қазақ халқының қарым-қатынас мәдениетіне деген көзқарастың өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі туралы алғаш еңбек жазған Н. Құлжанова болды. Қ. Т. Шериязданова мен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ педагогтерді кәсіби дайындау негізі ретінде қарастырған. Алайда қазіргі кезде қазақ студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін игеруін, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбек жоқтың қасы екені анықталды. Сонымен, жоғарғы оқу орындарында қарым-қатынас мәдениетін игеру, оны студенттердің оқу тәрбие үрдісіне енгізу деңгейінің төмендігі мен жастардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта игеруін жүзеге асыру қажеттігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғандығы анықталды.
Біз жантанушы студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастыру барысында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері» деп белгіледік.
Зерттеу объектісі - жантанушы студенттердің оқу кәсіби іс-әрекеті.
Зерттеу пәні - жантанушы студенттердің оқу кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетін ұстануы.
Зерттеу мақсаты - жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер қарым-қатынас мәдениетін игеру іс шаралары жүзеге асырылса, онда жантанушы студенттердің оны игеруі түрлі деңгейде ұстануымен ерекшеленеді.
Зерттеу міндеттері:
- Қарым-қатынас мәдениеті мәселесінің психологиялық педагогикалық негіздерін теориялық тұрғыдан талдау.
- Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануының үлгісін жасау.
- Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеруімен олардың оқу кәсіби іс-әрекетінің нәтижесі арасындағы байланысты ашу.
- Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу.
Жетекші идея - жантанушы студенттердің ұлттық құндылықтарды ұстануымен және болашақ мамандықтарына деген қатынасы қарым-қатынас мәдениетін игеру деңгейін анықтайды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері мен деректі көздері.
Жеке тұлға дамуындағы іс әрекет пен өзара қарым-қатынас теориялары, этно-мәдениет және оның оқу тәрбие үрдісіндегі тәрбие рөлі жайлы ілімдер, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар) .
Психологиялық мәдениеттің теориялық және әдіснамалық негіздерін О. С. Газман, П. С. Гурьевич, В. С. Библер, Е. А. Климов, О. И. Мотков, Н. Н. Обозов, А. А. Бодалев қарастырды.
Зерттеудің көздері: Психологиялық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту саласындағы ғылыми еңбектер, білім беру саласындағы заңды және нормативті құжаттар, оқу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар, педагогтардңы және психологтардың мәдениет танушылардың, философтардың зерттеулері мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары және білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу әдістері: әлеуметтік, философиялық, тіл білімі, мәдени психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ-сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында қарым-қатынас мәдениетін игеруге бағытталған арнайы ойын жаттығулар көрсетіледі.
Қазақ студенттерінің қарым - қатынасындағы бағдар ерекшеліктерін анықтау мақсатында студент жастарға
- «Қарым - қатынас қажеттілік» әдістемесі.
- М. Снайдердің «қарым-қатынастағы өзіндік бақылауды бағалау» әдістемесі
- В. Т. Ряховскийдің «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі жүргіздік.
4. Анкета «сіз қарым-қатынас мәдениетін қалай түсінесіз»
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- «Қарым-қатынас мәдениеті», «жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті» ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметі анықталды.
- Алғаш рет жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеру ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан қарастырылды.
- Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың үлгісі жасалды.
- Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың жүйесі мен әдістемесі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп дәлелденді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Қазіргі жағдайдағы қазақ жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеруі теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, мектептің және бала-бақшаның оқу тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Зерттеудің атқару тәртібі мен кезеңдері: Зерттеу жұмысы 3 кезеңде жүргізілген. Бірінші кезеңде 2005 жылы зерттеу тақырыбы алынып, оның мақсаты, пәні және міндеттері айқындалды. Осы мәселе бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық мәдениеттану әдебиеттеріндегі оқу-ағартушылардың еңбектеріне шолу жасалды. Психологиялық қарым-қатынас мәдениет ұғымының ғылыми-теориялық негіздері зерттелінді. Екінші кезеңде (2005 жыл) жиналған материалдар, дерек көздері педагогикалық психологиялық ғылымның теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып жүйеленді. Тақырыптарға байланысты мақалалар жарық көрді. Үшінші кезеңде 2005-2006 жыл эксперименттік зерттеу бағдарламасы құрылып, диагностикалық әдістемелер таңдалынып алынды. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді сараптап нәтижелігі тексерілді. Ғылыми болжам дәлелденіп, әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Зерттеу базасы:
Эксперименттік жұмыс Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жантанушы студенттерімен жүргізілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Қазақ топтарындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы жеке тұлғалық дамуының алғы шарты болады.
- «Қарым-қатынас мәдениеті», «қарым-қатынас» ұғымының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
- Қарым-қатынас мәдениетінің ұстану үлгісі.
- Қазақ топтарындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың жүйелі талданған өлшемдері мен көрсеткіштері.
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануларының тәжірибелік эксперименттік дәлелденген жүйесі мен әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Зерттеу қағидаларының психология ғылымының жетістігіне сүйенумен алынған қорытындылары мен, қазіргі “Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбиелі кешенді” бағдарламаға сәйкестілігі мен және олардың теориялық, әдіснамалық тұрғыдан негізделу мен зерттеу әдістерін тиімді пайдалану мен жүргізілген эксперименттің нәтижелері мен қамтамасыз етілген. “С. Аманжолов оқулары” (2005 жыл) ғылыми-практикалық конференциясында “Қазақ халқының қарым-қатынас жасау шарттары», «Қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу”, “Халықаралық келісім: тәжірибе, мәселелер және олардың шешу жолдары” халықаралық ғылыми практикалық конференциясында “Қарым-қатынастағы мәдениет мәселесі”, “Баланың және жеке тұлғаның әлеуметтенуіне құрдастары мен қарым-қатынас пен этностың әсері”, «Студенттерді қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу» мақалалары ұсынылып, жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, тараулар тараушалардан, қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кірсіпеде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі, ғылыми апараты: мақсаты, міндеттері, нысанасы, пәні, болжамы, жетекші идеясы, теориялық және әдіснамалық негіздері, деректі көздері, базасы, нәтижелерінің дәлелділігі мен практикалық енгізілуі баяндалады.
Бірінші бөлім қарым-қатынастың және мәдениеттің психологиялық тұрғылары деп аталып қарым-қатынас мәдениетінің ұғымының педагогикалық психологиялық ғылымдардағы мәні мен маңызы қарастырылады. Ғалымдардың ой пікірлері талданып қарым-қатынас мәдениетінің құрылымы мен механизмдері сипатталады.
Екінші бөлім “Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игерілуі деп аталып қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың тәжірибелік әрекет ретінде қарастырдық. Қарым-қатынас мәдениетін талдау оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас үлгісін ұстанудың негізгі бағыттары қарастырылды. Тесттер өткізу арқылы қарым-қатынас мәдениетінің бағдар ерекшеліктерін, қарым-қатынас түрлерінің қай түрі басым болатыны зерттелді. Қорытындыда қазақ топтарындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануларының мазмұна жүйеленіп зерттеу міндеттерінің ашылу аясы мен ғылыми болжамы расталуы баяндалады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 90 бірліктен тұрады. Онда отандық ғылыми зерттеулер, ғылыми мақалалар, мерзімдік басылымдар, оқу құралдары, үкімет құжаттары шетелдік ғалымдар зерттеулері қарастырылды. Қосымшада диссертация мазмұнын ашу барысында қолданылған көрнекі құралдар, зерттеу нәтижесінің саналуы тіркелінген.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. Ертеңгі күні XXI ғасырда өмір сүріп, еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт талабынан өткен бай қазынасын қарым-қатынас мәдениеті ретінде қарау - кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында қалалық жер мен ауылдық жердегі отбасында бірсыпыра өзгерістер байқалады. Егер ауылдық отбасының құрамында қоғамдық өзгерістерге байланысты үйде жұмыссыз отырған отбасылар басым болса, қалалық отбасылар ішінен көп уақыттарын отбасынан тыс жерлерде қызмет бабында өткізетіндердің саны көбірек болып отыр.
Ертеректе туыстық, отбасылық қатынастар адамда бала кезден қалыптастырылған болатын. Қазақ отбасында ойын, ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке қатыстыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасы нығайған. Туыстарға қамқор бола білу, тосын жағдайда оларға қол ұшын беру күнделікті өмір . салты қарым-қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана мектепте, жоғары оқу орындарында (оқытушы мен студент) өз рөлдерін дұрыс түсіне білуі керек.
Айталық, ата бауырында өсіп, қарым-қатынаста болған бала ерте ер жетіп, тиянақты саналы болып өссе, әкесінен тәрбие алған бала бауырмал, сезімтал, үлкенді сыйлағыш келеді. Әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі әкелеп түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархал, күшін жойған. Бұл құбылысты көбінесе қалалық жердегі отбасыларынан байқауға болады. Ал ана ең алдымен баласын түсіне білуі керек. Егер нәрестелік, сәбилік шақтарда ана бала үшін әрі қорғаушы, әрі жұбатушы болса, тектепте, жоғары оқу орнында ақылшы тәлімгер болады.
Үлкендердің үнемі ұрсып сөйлеуі бала мінезіне теріс ықпалын тигізеді. Бұл тәрбие баланы қатал, дөрекі өтеді. Өсіп келе жатқан жастар үшін отбасының, оқу орындарынан ықпалы қаншалықты екендігін Қ. Г. Шариязданова, С. М. Елеусізова сияқты отандық-психологтардың зерттеулерімен көруге болады.
Жастардың тұлғалық сапаларының қалыптасуы жүзеге асатын әлеуметтік институт - жоғарғы оқу орны. Осы жерде бала жақын жолдастарымен қарым-қатынасқа түсу барысында жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды үйреніп, өз халқының мәдениетін, сөз өнерін меңгереді. Әрине бұл айтылғандардың барлығы отбасындағы мұғалімдер мен студент арасында ұйымдастырылған екі жақты байланыс.
Студент оқытушылардың қамқорлығынсыз және тұлға болып қалыптасуда түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін.
Студент жастарды - қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта жоғарғы оқу орнының басты мәселесі болған. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті - балажандылығы саналған.
Ал қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсеңдеп кеткен тәрізді. Отандық ғалым Қ. Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту - ұлтшылдық емес» атты мақаланың Қазақстанда тастанды балалардың 90% қазақ балалары екендігін айтады. Осылардың бірден-бір себебін қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне толық даяр еместігі салдарынан түсіндіруге болады.
Соңғы көздері 1996 «семья» ұғымы «отбасы» деп ресми түрде қабылданды. Соңғы кездері тіршілікке керек білімге баланы жастан даярлау керек деген пікір күшейді. Отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызын бізге дейінгі, көптеген ұлы ағартушылар, ғалымдар зерттеп, осы туралы құнды пікір айтқан. (Әбу Насыр Әл-Фараби, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев, М. Әуезов т. б. )
Студент жастардың көңіл күйлері сезімтал келеді. Отбасындағы, топтағы ұсақ түйек жайсыз қылықтардан олардың ыңғайсыз мінездері қалыптасады.
Студент жастардың қарым-қатынас мәдениеті мәселесі «өзін-өзі тану» бағдарламасына жан-жақты қаралады. Бойында ұлттық қасиет пен сана қалыптасқан, халқыныңтілін білетін рухани байлығы мол, жан-жақты . . . тәрбиелеп өсіру - бүкілхалықтың міндеттердің ең жауаптыларының бірі.
Студент топтарында қоршаған адамдармен, жолдастармен қарым-қатынаста әдептілік, мәдениеттілік өнегелерін күнделікті жұмыста орынды қолдану шаралары қаралған.
Бұл орайда оқытушы халық ауыз әдебиеті үлгілерін, тиым сөздер, тренингтерді пайдалануға болады.
Республикада этнопсихология, этнопедагогика бойынша зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектеріне қазақ халқының тәлімдік ой-пікірлердің дамуы, халық педагогикасы мен психологиясының ауыз әдебиетіндегі көрінісі, отбасында халықтық тәрбиені қолдану сияқты мәселелер көтеріліп, олардың негізінде диссертациялар мен монографиялар, әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалар оқу құралдары жарық көруде.
Тарихта қандай қиын жағдайларды бастан кешірген қазақ халқының жалпы мәдениеті, психологиясы ежелгі заманнан бергі өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар, тайпалардың материалды және рухани мәдениетінің заңды жалғасы болып табылады.
Қазіргі қазақ жастарында ұлттық салт-дәстүрлерді жете түсінбеушілік, ата-тегін білмеу, бөгде тілде қарым-қатынас жүргізу жайлары көптеп байқалады. Жастар арасындағы қарым-қатынас бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1. 1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
Адамдар қарым-қатынасы көп қырлы. Қарым-қатынас кезінде информациялар мен эмоциялар ауысуы болады. [7, б. 4]
«Коммуникациялық дарындылық» дәрежесі жоғары жүйке жүйесінің әрекетіне, отбасы мен мектептегі тәрбиеге, адамның тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік мәдени себептерге байланысты болады.
Тұлғаның сәйкестік, эмпатия, әлеуметтік психологиялық рефлексия, децентрация, атрибуция, физиогномикалық редукция, стерео топтаурын, топтық идентификация қарым-қатынас механизмдері болып табылады.
Адамды түсіну үшін әртүрлі сапалы әдістер қолданылады. Физиогномикалық редукция - адамды түсінудің қарапайым таралған түрі. Адамның түр сипатына өзін ұстауына, бет әлпетіне, тұрпатына, дене құрылымына жүрісіне қарап ішкі, психологиялық қорытынды жасау.
Барлық ұлттық мәдениетте көптеген физиогномикалық пайымдаулар мен ырымдар көп. Адамның маңдайына, ерініне, көзіне, қолына қарай ол адам туралы алғашқы пайымдаулар болады. Австрия пасторы Лафатер және оның досы корреспондент Карамзин адамдардың мінездерін, қабілеттерін, тіпті тағдырларын анық анықтаған. Физиогномикалық редукция механизмі пайдалы егер оның абсолютті дәлдігіне және сенімділігіне талап қойылмаса. [7, б. 6]
Физиогномикалық редукция механизмі жақсы ма әлде жаман ба?
Бір жағынан өте ыңғайлы адамдарды түсіну құралы, ал екінші жағынан көптеген қателіктер көзі. Ол түсінікті жағынан, түсініксіз жағына қарай тең ауысады. Енді тұлғааралық және топаралық адамдарды түсіну механизмін қарастырайық.
Бірінші механизм үйреншікті жағдайда, жақсы танитын адамдардың әсерлесуінен болады, ал екінші механизм үйреншікті емес жағдайда таныс емес адамдар арасында болады. Физиогномикалық редукция топаралық механизмдер класына жатады. [7, б. 7]
Мұның негізінде түсінудің күрделі, нәзік механизмдері пайда болады. Мысалы: сәйкестік, рефлексия, эмпатия.
Оларға мынадай буындар жатады:
- Әлеуметтік категоризация
- Топтық идентификация
- Әлеуметтік салыстыру
- Топаралық дискриминация
- Стереотаптаурын
Әлеуметтік категоризация - бұл қоршаған ортаның оқиғалары мен адамдарды категориларға қарай бөлу. Олардың кейбірі тұрақты, кейбіреуі ситуативті. Біз адамдарды әйелдер-еркектер, жас-кәрі деп, өз елінің адамы - шетел адамы деп оңай бөлеміз. Ал интелегентті (зиялы) және интелегентті емес, бай-кедей деп бөлу күрделірек. Адамдар кейбіреулері ақ-қара әлемінде, кейбіреулері түстердің бай әлемінде өмір сүреді.
Бізді қоршап жүрген адамдар қандай категорияға жатады, біз білмейміз. Ең бастысы біз өзімізді қай категорияға жатқызатындығымызда. Бұл процесс топтық сәйкестік деп аталады. Топтық идентификация индивидтің «Менінен» «Бізге» өту. Әрбіз «Біз», «Оларсыз» өмір сүре алмайды.
Әлеуметтік салыстыру механизміне келдік. Бұл жерде адамдар салыстырылмайды. Топтар салыстырылады «Біз», «Олар» «Біз» бен «Оларды» салыстырғанда қандай нәтиже шығады? Әрине ол, «Біз»-дің пайдасына шешіледі. Топаралық дискриминация - егер «Біз» бен «Олар» ды салыстырсақ «Олардың» дискриминациясын көреміз. «Біз» аздап болса одан жақсырақпыз. Батыстағы авторлардың ойынша, позитивті әлеуметтік сәйкестікке ұмтылу, адамның фундаменталды қажеттіліктеріне жатады. Егер топтағы мүшелік басқа адамдардан жоғары тұруға мүмкіндігін бермесе, ол «Біз» ді өзгерте алады.
Егер мұнда да солай болса, өзін-өзі бағалауы төмендейді, невроздар пайда болады. Осылай, осы механизмдер іске кіріскенде біздің басқа адамдарды түсінуіміз бұрмаланып, дәл көрінбейді. Ол интоптық фаворитизм деп аталады. Адамдардың бағалауынша «Өзіміз» және «Бөтен» деп бөлінеді. Психологиялық қиындықты төмен статустағы топтар шегеді. [7, б. 13]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz