Институционализм туралы



I. Кіріспе
Институционализм туралы анықтама.
II. Негізгі бөлім:
1. Институционализмнің даму тарихы.
2. Неоинституционализм.
3. Жаңа институционализм.
4. Институционализмнің басқа экономикалық мектептерден айырмашылығы.
III. Қорытынды
Институционализм туралы пікір.
Институционализм — экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына балама ретінде ХХ ғ. 20-30жж. қалыптасқан, осы замандағы неоэканомикалық ой пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік – экономикалық факторлардың (институтардың) барлық жинақтардың осылар бір – бірімен өзара байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи контексте жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі керек деген идеяны тұжырымдайды.
Институттық экономикалық теория ( латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату,құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдық психология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағгдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы, мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Нео-иституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік-психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау.
1. Мировая экономика. Ломакин В. К. 2001г.
2. Институциональная экономика. Олейник А. Н.
3. Дәулиева Ғ. Р. — Институционалды экономика : оқу құралы
4. Әкімбеков С. – экономикалық теория: оқу құралы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
Институционализм туралы анықтама.
II. Негізгі бөлім:
1. Институционализмнің даму тарихы.
2. Неоинституционализм.
3. Жаңа институционализм.
4. Институционализмнің басқа экономикалық мектептерден айырмашылығы.
III. Қорытынды
Институционализм туралы пікір.

I. Кіріспе:
Институционализм -- экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына балама ретінде ХХ ғ. 20-30жж. қалыптасқан, осы замандағы неоэканомикалық ой пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік - экономикалық факторлардың (институтардың) барлық жинақтардың осылар бір - бірімен өзара байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи контексте жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі керек деген идеяны тұжырымдайды.
Институттық экономикалық теория ( латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату,құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдық психология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағгдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы, мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Нео-иституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік-психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау.

II. Негізгі бөлім:
Институционализм - XX ғасырдың 90-жылдарында тек әлеуметтік ғылым ғана емес, сонымен катар экономикалық, саяси ғылымдар да "жаңа институционализм" теориясына канық болды. "Жаңа институционализм" теориясының негізін салушылар арасында көптеген келіспеушіліктер болды, сонымен катар институттар туралы ортақ түсініктер де орын алды. Ол институттарда ресурстардың бірдей етіп бөлінбеуін қолдан отырып, белгілі бір билік етуші топтардың өзара іс-қимыл ережелерін ұсынуына мүмкіндік беретін әлеуметтік конструкциялар деп түсіндірді. Мұнда жалпы теориялардың екі тобын бөлуге болады;
1. біріншісінде, әлеуметтік факторлар мен институттарды күру процесіне қатысушылар - институттардың маңызды құраушысы болып табылады;
2. екіншісі, әлеуметтік институттарды әлеуметтік құрылысы ретінде тусіндіруге күш салады. Қазіргі заман ғылымында "жаңа Институционализмнің" төрт түрін бөліп көп көрсетуге болады:
* тарихи институционализм
* ұтымды таңдау институционализм
* экономикалық институционализм
* әлеуметтік институционализм
Қазіргі заман ғылымында ғалымдар "институт" ұғымының мағынасын түсіндіруде бір шешімге келе алмай отыр. Бірқатар ғалымдар институт ұғымын әлеуметтік қатынастарды анықтап мұндай қатынастарға қатысушылардың рөлін түсіндіретін, сонымен қатар қатысушылардың өзара әрекет ету процесін, әрекет ету нұсқаулығы мен қалған қатысушылардың іс-әрекетін түсіндіру әдісі арқылы бақылайтын ұжым ретінде түсінеді. Енді бір теоретиктер "институт" ұғымы аясыңда арнайы ойлап табылған зандар мен ережелер, үшіншілері - ұжым арқылы орындалатын және бөлек-бөлек топтардың келісіміне қол жеткізу арқылы жүзеге асырылатын ресми емес ережелер түріндегі нормалар жиынтығы, төртіншілері - өзінен-өзі болатын нәрсе сиякты қабылданатын жүйе деп түсіңдіреді. Көріп отырғанымыздай зерттеушілер арасында бұл мәселе тұрғысынан ортақ бір шешім жоқ. Бүл "жаңа институционализмнің" негізін салушылар өз әріптестерінің теорияларын жақсы біле тұрса да, әдетте арадағы келіспеушілік туралы пікірталасты шешу мүмкін емес деп санайтыңдығынан көрінеді. Мұнымен қоса, "институт" феноменін түсінуде белгілі бір келісушіліктер немесе сәйкес келетің тұжырымдар да бар. Әңгіме барлық үлгінің қалай болған күңде де "кеңістік", "сахна" немесе "ойын" деп аталып жүрген оқшау әлеуметтік білімнің пайда болу проблемасымен байланыстығы туралы болып отыр. Бұдан институционализмнің барлық үлгілері - институттарды әлеуметтік конструкциялар түрінде түсінетіндігі туралы айтуға болады. Басқаша айтқанда, жаңа институционализмнің көптеген авторлары институттарды әлеуметтік субъектілердің немесе акторлардың ықпалының нәтижесі деп түсіндіреді. Үшіншіден, өзара іс-қимыл және институттар пайда болғанға дейін болған ресурстарды бөлу ережелері ықпал ету көздері болып көрінеді және де өлеуметтік субъектілер мінез-құлықтың үлгілерімен үйлесе келіп, институттарды ашудың және ұдайы өсірудің негізі болады.
Қазіргі институционалды теория өз дамуында ғылыми-әдістемелік тұрғыда екі іргелі бағыт - " ескі'' институционализм және неокласикадан бастау алады. Бұл теория екі бағытта дамыды: Неоинституционалды теория және жаңа институционалды теория.
Қазіргі институционолизмнің ескі институционализмнен бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, " ескі'' институционализм өкілдері экономикалық мәселелерді басқа қоғамдық ғылымдардың әдістері қолдана отыра зерттейді. Неоинституционалды теория, керісінше қоғамдық ғылым салаларындағы саяси, құқықтық және басқа да мәселелерді неоклассикалық экономикалық теорияның, әсіресе, қазіргі микроэкономика және ойындар теориясының әдістерін қолдана отыра зерттейді. Бұл ғылымға "Экономикалық империализм" атымен енген.
Екіншіден, "ескі'' институционализм негізінен индуктивті әдісті қолданып, жеке жағдайлардан жалпы жағдайларды талдаған. Институттардың біртұтас теориясы қалыптасқан жоқ. Қазіргі институтционализм дедуктивті әдісті қолдану арқылы институттарды біртұтас теория негізінде талдауға тырысады.
Үшіншіден, "ескі" институтционализм радикалды экономикалық ағым ретінде индивиттердің мүддесін қорғауды ұжымдық іс- әрекетке баса назар аударады. Холизм әдістемесі негізінде зерттеуді индивиттен емес, институттан бастайды. Басқаша айтқанда, институттардың сипаттамасынан индивиттердің сипаттамалары алынады. Ал институттардің мәні олардың макродеңгейдегі қатынастарды ұдайы өндірудегі қызметімен түсіндіріледі. Институционалды детерминизм қағыдасы басым: Институттар кездейсоқ дамудағы негізгі тежеуші, тұрақтандырушы фактор ретінде қарастырылады. Институттар бұрынғы үрдістердің нәтижесі болғандықтан бұрынғы жағдайларға беймделген сондықтан олар әлеуметтік, психологиялық инерцияны факторы болып табылады. Демек, институттар кейнгі дамудың "шектерін" құрайды. ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. Институционализм термині заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862-1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер арқылы зерттейді. Неоклассиктердің экономикалық адам мәселесін әлеуметтік адам ретінде қарастырды. Бұл жағдай олардың пікірінше, институттар арқылы реттеледі, яғни ол институттарға мемлекет, отбасы, адамгершіліктік және құқықтық нормалар, корпорациялар, кәсіподақтар, басқа да экономикалық құбылыстар мен тетіктер жатады. Сонымен қатар, институттар адамдар сақтайтын заң нормаларының жиынтығы ретінде өзіне қоғамдық пікір, сән-салтанат, жоғары білім, еркін бәсекелестік, жеке меншік, несие сияқты құбылыстарды да жатқызады. Сонымен, институционализм - бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.
Торстейн Бунде Веблен (ағылшынша Thorstein Bunde Veblen; 1857 жылы 3 шілде, Като, шт. Висконсин -- 1929 ж 3 тамыз, Менло-Парк, шт. Калифорнияда дүние салған). Институционализм бағытын негізін қалаған.

Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.
Жаңа институционализм теоретиктері институттарды тудыратын және ұдайы болып отыратын "өзара әсер ету ортасын" түсіндіруде де бір-бірімен келіседі. Негізгі көңіл аудартатын мәселелер мүндай әрекет ету аландарының пайда болуы, олардың тұрақтылығын қалай сақтайтындығы және түрінің өзгеруі болып табылады. Мұнда институциаландыру ережелері абстракциядан аландарда өзара әсер етуші бір үлгінің нақты бастауына айналатын процесс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-құқықтық инстутуционализм және Дж.Коммонстың экономикалық ілімі
Жаңа институционалдық Экономикалық теория
Институционалдық экономика
Институционализм
Экономикалық теория қалыптасу кезендері
Институционалды бағыт
Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Пәндер