Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы


Жоспар:
- Кәсіпорынның энергеткалық шаруашылығы, оның қызметтері.
- Энергетикалық баланс, оның түрлері.
- Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.
- Энергоресурстарды өндіру және оны жұмсауды мөлшерлеу және жоспарлау.
- Энергия үнемдеу мәселесі.
- Энергетикалық шаруашылық қызметін жетілдіру және оның техника-экономикалық көрсеткіштері.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы дегеніміз - кәсіпорынның өндірістік қыметіне қажетті энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету, энергетикалық құрал-жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасау және энергия ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ұйымдастырылатын құрылымдық бөлімшесі.
Энергетикалық шаруашылықтың қызметінің негізгі 3 бағыты бар. Олар:
- Кәсіпорынды қажетті энергия түрімен үздіксіз қамтамасыз ету;
- Энергетикалық құрал-жабдықтардың қуаттылығын неғұрлым толық пайдалану және оларды жұмыс қабілетінде ұстап тұру;
- Энергия шығындарын үнемдеу және азайту.
Өнеркәсіп кәсіпорынының энергетикалық балансы - кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз ету нұсқаларын құру және эксплуатация кезіндегі техника-экономикалық бақылау жағдайында қызмет атқару үшін қолданылады. Ол екіге бөлінеді: толық, жартылай, немесе отын-энергетикалық және будан бөлінген сұйықтық (пароконденсатные) . Толық энергетикалық баланс - кәсіпорынды энергиямен қамсыздандыруды тұтас қарастырып, және оңтайлы шешімдер таңдауға бағытталатын болса, жартылай энергетикалық баланс - өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергетикалық қамтамасыз ету мәселесін жеке-жеке, бөлшектеп қарастыру болып табылады.
Энергетика шаруашылығының мақсаты, міндеттері мен құрамы, өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен, технологиямен толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі энергия көздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыруда электр қуатына деген қажеттілік үздіксіз артып отырады.
Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатына осы қызметті атқарушы жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қажетті энергетикалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды. Мына міндеттер шешілуі тиіс:
· Жалпы өндіріске қажетті энергияны сырттан қабылдау және кәсіпорынның өз күшімен өндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру
· Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жоспарлау
· Энергетикалық құралдарды ұтымды пайдалануды бақылау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау
· Энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу.
Кәсіпорынның энергетика шаруашылығының құрамына жылу күштік, газ, әлсіз токты, электр жөндеу бөлімшелері жатады.
Жылу күштік бөлімшесі қазандық, компрессорлық қондырғы, жылу және канализациялық, су қондырғысын қамтиды.
Электр күштік бөлімшесі электр желілері мен трансформаторлық қондырғыларды біріктіреді. Оның негізгі міндеті-кәсіпорынның барлық бөлімшелерін электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.
Газ бөлімшесі өндірістік желдеткішті көміртекті және тоңазытқыш қондырғыларды, газ топтарын қамтиды. Ол өндірісті көміртекпен, ацетиленмен және т. б. газдармен қамтамасыз етеді.
Әлсіз токты бөлімшеге зауыттың телефон және радио тораптар байланысы жатады. Бұл берілген тәртіпте кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.
Электрлік жөндеу бөлімшесі (цех) электрлік құралдарды және электр аппаратураларын жөндеуде техникалық құралдарымен қамтамасыз етуден және онда жұмыс істейтін мамандардан тұрады. Ірі кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты бас энергетик басқарады.
Энергоресурстарды өндіру және оны жұмсауды мөлшерлеу және жоспарлау.
Мысалы, механикалық цехтағы жоспар жылындағы өнім өндіруге энергияны жұмсау шығыны келесі формуламен есептелінеді:
Pжос = H эл * N
Мұнда,
Pжос - жоспар мерзіміндегі электроэнергияны жұмсау шығыны, кВт. сағ;
H эл - машина бөлікке цех бойынша электроэнергияны жұмсау мөлшері;
N - жоспарлы мерзімге есептелінген машина бөлікке бағдарлама.
Энергияны ұтымды пайдалану - өнеркәсіптік өндіріс энергия ресурстарын көп пайдаланатын тұтынушыларға жатады. Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарда энергия ресурстарын үнемді пайдалану шараларын дәйекті жүргізу экономика үшін маңызды зор мәселе болып табылады.
Энергия тарату жүйелерін дұрыс таңдау . өндірістік үрдісті орындау үшін әр түрлі энергия таратушы жүйелерді пайдалануды қажет етеді. Оларды пайдалану барысында салыстырмалы сипаттамаларын жасау қажеттігі туындайды.
Қайталама энергоресурстарды пайдалануға мысалы, пештен шыққан газдарды, генератор газының физикалық жылуын, бу конденсаторын, суытылған суды, кокс және домна газдарын толық пайдалануды жатқызуға болады.
Негізгі өндірісті ұйымдастыру және технологияны жетілдіру. Энергияны үнемді пайдаланудың негізгі технологиялық шараларына өндірістік үрдістерді интенсивті жүргізу, жаңа жетілдірілген технология мен техниканы енгізу жатады.
Отын мен энергияны үнемдеудің жалпы шаруашылық шараларын жүргізу үшін желдеткіш жүйесінің, су құбырларының жетілдірілген түрлерін, отын мен энергияны үнемдеуді ынталандыру жүйесін қолдануды, отын мен энергияның барлық түрлеріне техникалық негізделген мөлшерлерді енгізу және т. б. пайдалану қажет болады. Энергия үнемдеу мәселесі - қазіргі ғылыми тәжірибелерге қойылған ең негізгі мәселелердің бірі. Ол жылутехнологиясына негізделген өнеркәсіпті өндіріс салаларына маңызды болып саналады. Бұл жерде отын, жылу энергияларының біраз қорын үнемдеу мәселесі ғана емес, сонымен қатар оларды тәжірибе жүзінде кеңінен қолдану мәселесі де қрастырылып отыр.
Бұл қорларды жүзеге асыру тек қана өнеркәсіптік өндірістің прогесс саласында жүреді.
Жылу технологиясының энергетика саласындағы басты міндеті - принципиальді жаңа қалдықсыз жылутехнологиялық жүйелерді қайта құру мен жүзеге асыруға арналған энергия үнемдейтін жылутехнологиялық құрылғыларды өңдеу, зерттеу және жасап шығару т. б.
Мұндай тапсырмаларды орындау үшін ең алдымен жылутехнологиялық энергетика саласын зерттеу қажет және де ғылыми ізденістің тиімді әдісін өңдеуді тездету керек.
Осы зерттеулер мына бағытта болу керек:
- (өнеркәсіптік өндірістің негізгі жылутехникалық энергия сыйымдылығының саласындағы) отын энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығынының төмен деңгейін құру;
- Отын энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығын қорының азаюын табу;
- Осы қорларды толықтай пайдаланатын техникалық құралдарды, әдістерді, негізгі бағыттарды өңдеу;
Энергия үнемдейтін жылутехнологиялың әдістемесі осындай әдіспен қалыптасады және олардың мынадай бағыттары бар:
- энергия үнемдейтін технологияны жақсартуға арналған энергия үнемдейтін жылулық сызбалар;
- энергия үнемдейтін құрылғылар;
Энергия үнемдейтін технологияның бірінші негізгі бағытын қарастырайық.
Жылу технологиясы - заттардың жылулық жағдайын өзгерту негізінде берілген өнімдердің негізгі шикізаттар мен материалдарды жасап шығаратын әдістердің жиынтығы. Жылутехнологиясына сәйкес энергия үнемдеуші дегеніміз - шикізат материалын тауарлық өнімге түрлендіру процесіндегі жылуды тұтынудың барынша төмен деңгейі сейкес келетін технология немесе технологияның энергия үнемдеу коэффициентінің максимал мәні сейкес келетін технология.
Жылу технологиясының энергия үнемдеуші коэффициентін төмендететін маңызды факторларға келесілер жатады:
- жылудың технологиялық өнімдер арқылы қоршаған ортаға таралуы;
- қондырғы жұмысының периодты режимінде жүзеге асатын, технология қатарының көпоперациялылығы, ол негізінде қоршаған ортадағы жартылай өнімнің мура және ұзын конткатілерінің көптеген мөлшерімен сәйкес келеді;
- технологиялық процестердің көпсулы нұсқаларының қолданылуы (мысалы: цементті клинкердің өндірісінің ылғал әдісі) ;
- шикізат материалдарының алдын-ала механикалық өңдеудің энергия сыйымдылық кезеңінің болуы;
- тауар ретінде сатылмайтын технологиялық қалдықтардың бар болуы.
Энергия үнемдей технологиясының жоғары мүмкіндектері технологияның қалдықсыз принциптерін жүзеге асыру кезінде ашылады.
Қалдықсыз жылу технологиясының келесідей бес принциптерін көрсетуге болады:
- негізгі шикізаттың, жартылай дайындалған өнімнің, материалдардың барлық компененттерінің кешенді және тауарлық шығарылуын қамтамасыз ету, яғни технология ресурс үнемдейтін болу керек;
- негізгі шикізатты, жартылай дайындалған өнімді, материалдарды комплексті өңдеу процесіндегі теориялық қажетті, жалпы энергия тұтынудың төменгі деңгейінің болуы, яғни технология энергия үнемдейтін болу керек;
- технологияда суды қолданудың ең төменгі деңгейінің болуы, яғни технология азсулы болу керек;
- қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, яғни технология экологиялық түрде дамыған болу крек;
- адамға қажетті жағдайларды жасау, яғни технология қауіпсіз және жеңіл басқарылатын болу керек.
Осы принциптердің бағыты бойынша қалыптасқан негізгі жылутехнологиялар энергия үнемдеудің жоғарғы деңгейіне потенциальді түрде бағытталады.
Жылутехнологиясындағы энергия үнемдейтін іс-шаралар келесідей үш топқа бөлінеді. Утилизациялық (қолданылатын), оған жылу қалдықтары мен энергия потенциалдарын қолдану шаралары жатады. Энергетикалық модернизация - жұмыс істеп тұрған қондырғылар мен жүйелердегі жылу мен энергияның төмендеуі. Іс-шаралардың осы екі топтары дәстүрлі болып табылады және олардың энергия үнемдейтін эффекттен айырмашылығы болмайды. Осы шаралардың үшінші тобына - интенсивті энергия үнемдеу жатады. Интенсивті энергия үнемдеу интенсивті энергия үнемдеу резервінің потенциалы деп аталатын жылуэнергетикалық объектідегі біркезеңді, ірімасштабты энергия үнемдейтін эффектінің ұлғаюының принципальді жаңа міндетін атқарады. Ол технология мен техниканың принципальді негізінің өзгеру базасында және технологиялық өнімнің сапасын ұлғайту және оны толықтай қолдану базаларында ұлғаяды.
Максималды энергия үнемдейтін эффект - тек қана жабық жылутехнологиялық кешеннің энергетикалық аналыз негізінде және интенсивті энергия энергия үнемдеу іс-шаралардың негізінде ұлғаяды.
Мемлкеттің жылутехнологиялық кешенінде экономикалық ресурстардың шекті толық қорын қарқынды энергия үнемдеудің іс-шараларын келесі топқа біріктіруге болады:
- технологиялық;
- энергетикалық;
- жылутехникалық;
- техникалық.
Технологиялық шараларға, мысалы төмен энергия сыйымдылықты альтернативті шикізатты қолдану, азсулы жылутехнологиялық операцияларды қабылдау, үздіксіз технологиялық операциялар мен қалдықсыз технологияларды, жылудың шекті технологиялық регенерациясын және өнімнің жрғары сапасын қамтамасыз ету шаралары жатады. Ол отын-энергетикалық ресурстардың көпоперациялы технология резервіне арналған энергия үнемдейтін технологияны қалыптастырады. Бірақ оларды жүзеге асыру үшін күрделі энергетикалық, жылутехнологиялық және техникалық шешімдер қажет.
Энергетикалық шараларға - технологиялық обънектілердің энергия үнемдейтін жылулық схемалары мен энергияның энергиря үнемдейтін көздері жатады. Энергетикалық жетілген эталонға жылутехнологиялық объектілердің термодинамикалық идеальды модельдердін жатқызуға болады. Энергетикалық іс-шаралар құрамына дәстүрлі энергия көзінен басқа (дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану) энергиялар да кіреді.
Жылутехникалық шаралар тобы жаңа жоғары коэффициенттілерді іздеу және жалпылай алғандағы жылутехнологиялық процесс ұйымының жаңа жылутехникалық әдістерін жүзеге асырады.
Техникалық шаралар тобы жаңа ұрпақтың энергия үнемдейтін технологиялық құрылғыларын қолдануды қарастырады.
Осы қарастырылған іс-шаралар энергия үнемдеудің мүмкін болатын резервін жүзеге асырады және оның әдісінің тәжірибелік жетістігінің кең спектріне демонстрация жасайды.
Энергия үнемдейтін тиімді жүйені құруға арналған екінші іргелі негізгі - энергия үнемдейтін жылулық сызбаларды дайындаудан тұрады. Бұл бағытта тапсырманы жақсы орындау үшін нақты жылутехникалық процестердің жоғарғы энергоүнемділігіне жетудің принципиальді жолдарын толықтай көрсететін жылулық сызбалардың көптеген нұсқаларын қарастырған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz