Екі қабат әйелге қамқорлық



Шешендік өнерді пән ретінде оқытудағы негізгі мақсатымыз - дәстүрлі шешендікпен; қатар, ертеде ел емірінде ғасырлар бойы қолдынылған салт-дәстүрлеріміздегі, жұмбақтардағы, айтыстағы, салт-тұрмыс жырларындағы шешендік сөздердің мән-мағынасын ашып, ұмыт болғандарын еске түсіріп көшпенді халықтың мүрагері, бүгінгі ұрпақтың бойына атадан қалған асыл сөздерді сңіру.
Шешендік сөздер қай халық өмірімен тығыз байланысты туатындықтан үйлену дәстүрі жөн-жоралғыларындағы сөз өнерімен бір-екі мысал келтірейік. Қыз көру, не жар таңдау. “Сұлулыққа жаны үйір халқымыздың ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз іздеген, осыдан халық арасында: Тегіне қарап қызын ал", соғуына қарап қару ас, көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық". шешесін көр де қызын ал". "аяғын көріп асын іш" деген сөз тіркестері қалған.
Шешендік өнер негізінде ақыл – ой еркіндік кең жерде халықтың – демократиялық қоғамдарда өсіп өркендеген. Ежелгі Нреция мемлекеті мен Рим республикасында шешендіктің қалыптасып халықтық дәстүрге айналуына сондай халықтық – демократиялық дәстүрлер себеп болған.
Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, алар баласы болуын арман етеді. Себебі бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой топшылаған.
Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермегенмен, жас келіннің аяқ басқаны, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы тәжірибелі ененің көз қиығынан қалыс қалмайды. Баласынан немере сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіні келе сала бала көтермесе, алаңдай бастайды. Ал келіні көп кешікпей екіқабат болса, енесі келінін ерекше қамқорлыққа алып аялайды.

ЕКІ ҚАБАТ ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Жаңа үйленген жас жұбайлардың қас-қабағына қарау, өз білгенін үйретіп, үнемі ақыл-кеңес беру енелердің борышы болып саналған.
Әсіресе жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып, бәле жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Шешендік сөздер 6 – 9 беттер.
2. Қазақтың салт – дәстүрлері. 11- 27 беттер

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Шешендік өнерді пән ретінде оқытудағы негізгі мақсатымыз - дәстүрлі
шешендікпен; қатар, ертеде ел емірінде ғасырлар бойы қолдынылған салт-
дәстүрлеріміздегі, жұмбақтардағы, айтыстағы, салт-тұрмыс жырларындағы
шешендік сөздердің мән-мағынасын ашып, ұмыт болғандарын еске түсіріп
көшпенді халықтың мүрагері, бүгінгі ұрпақтың бойына атадан қалған асыл
сөздерді сңіру.
Шешендік сөздер қай халық өмірімен тығыз байланысты туатындықтан
үйлену дәстүрі жөн-жоралғыларындағы сөз өнерімен бір-екі мысал келтірейік.
Қыз көру, не жар таңдау. “Сұлулыққа жаны үйір халқымыздың ғасырлар бойы
ерге адал жар, сенімді серік болар қыз іздеген, осыдан халық арасында:
Тегіне қарап қызын ал", соғуына қарап қару ас, көріп алған көріктіден,
көрмей алған текті артық". шешесін көр де қызын ал". "аяғын көріп асын іш"
деген сөз тіркестері қалған.
Шешендік өнер негізінде ақыл – ой еркіндік кең жерде халықтың –
демократиялық қоғамдарда өсіп өркендеген. Ежелгі Нреция мемлекеті мен
Рим республикасында шешендіктің қалыптасып халықтық дәстүрге
айналуына сондай халықтық – демократиялық дәстүрлер себеп болған.
Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, алар баласы болуын арман
етеді. Себебі бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-
зайыптылардың тіреу-діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы Бесіксіз үйде береке
жоқ деп ой топшылаған.
Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермегенмен,
жас келіннің аяқ басқаны, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы тәжірибелі ененің көз
қиығынан қалыс қалмайды. Баласынан немере сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған
аналар келіні келе сала бала көтермесе, алаңдай бастайды. Ал келіні көп
кешікпей екіқабат болса, енесі келінін ерекше қамқорлыққа алып аялайды.

ЕКІ ҚАБАТ ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Жаңа үйленген жас жұбайлардың қас-қабағына қарау, өз білгенін
үйретіп, үнемі ақыл-кеңес беру енелердің борышы болып саналған.
Әсіресе жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз
қамқорлығына алып, бәле жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей
бастайды. Абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап, құрсақ тойын өткізеді. Оған
жиналған әйелдің бәрі шашуларын әкеп шашып, келінге бата-тілектерін
білдіріседі. Өз білген ақыл-кеңестерін аямайды. Өмір тәжірибесі мол қарт
аналар жас келінге бойға бала біткен соң біржарым айда жерік басталатынын,
ол кезде жүрек айну, бас айналу, құсу сияқты белгілердің болатынын айтып
түсіндіреді. Сондай-ақ бойға біткеніне бес ай болған баланың қимылдап
қозғала бастайтыны, ол кезде ауыр жүк көтермеу, түрлі тағамдар ішіп, бойды
таза ұстау керектігі айтылады. Тіл-көз тимесін деп молдаларға дұға
жаздырып, бойтұмар тағып береді. Оны мойынға асып алады немесе омыраудың
астыңғы жағына тұмаршаға жеті ұсақ тасты тігіп қояды. “Тіл-көзің тасқа
деген қарғыс осыған байланысты туған.
Түнде екі қабат келіншекті далаға, қараңғы қораға жалғыз жібермейді.
Жалғыз үйде қалдырып түнетпейді. Ондай жерлерде жын-шайтан, пері,
албастылар жүреді деп ұққан. Солардың қастандығынан екі қабат әйел
шошынады, ауруға шалдығады деген наным-сенім берік орын алған. Екіқабат
әйелдің басына пышақ, балта жастатып, қасқырдың азуын, бүркіттің тырнағын
іліп қою ырымдары жын-шайтан сескенсін деген ұғымнан туған.
Бала туысымен оны жерден көтеріп алуды көп бала тапқан мосқал
әйелдердің біріне тапсырады. Ол әйел өзінің көңіл жақындығымен, жайдары, ақ
жарқын мінезімен, мейірімділігімен сол үйге жаққан адам болуы шарт. Себебі
баланы жерден алғаш кім кетеріп алса, бала соған тартады деп есептелген. Ол
әйел баланың ұл, не қыз екенін ажыратып, сүйінші сұрайды да, кіндікті
балтамен немесе пышақпен кесіп, тарамыспен буып байлайды. Кіндік шеше жас
босанған ана көтерілгенше 4—5 күн сол үйдің шаруасын істеп, босанған әйел
мен нәрестені күтіп көмектеседі.
Кіндік шеше босанған әйелге қалжаға қой сойып әкеп, балаға ит көйлек
кигізеді. Әйел босанған соң баланың жолдасы түсісімен оны тазалап жуып,
бөтен адамдарға керсетпей, адам баспайтын таса жерге мұқият көмеді. Бо-
санған әйелді жуындырып жатқызады, үйді жылы ұстауға, ананың жас сорпа ішіп
әл жинауына мүмкіндік туғызады. Бір жылдан соң бала қаратабан болып жүруге
жараған кезде кіндік шеше бір қойын сойып, көйлегін алып келіп, кіндік
баланың әке-шешесінен жалаған затын сұрап алады. Мұны қазақта қалау
дейді.
Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той,
салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы — жарыс қазан.
Жарыс қазан атанатыны, мұндайда аяу, ірку, мөлшерлеу деген болмайды. Қазан
әр үйде бірнеше жерде асылады. Келіншек аман-есен босансаі, босанған
әйелдің қалжасынан ауылдың үлкен-кіші, еркек-әйелі түгелдей дәм татып, ет
жеп, сорпа ішеді. Жас босанған әйелге де жас сорпа баптап беріп қалжалайды.
Нәрестенің дүниеге келген қүрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі
—шілдехана. Жарыс қазанның арты іле-шала, не сол күні - түнде, не
ертеңіндегі кеште шілдехаңаға жалғасады,
Сүйінші.Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы
мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі
немесе атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас
нәресте дүниеге келсе қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп,
түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.
Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат
терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден
жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіңдегі киімін, сауыт-сайманын,
астындагы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде,
кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда
соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан
сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса Ат ұстар деп, қыз болса қырық
жеті деп хабарлаған. Кейінгісі қызды қалың малға беруге, жат жұрттың
адамы деп қарауға байланысты туған ой-пікірлердің көрінісі.
Балаға ат кою. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндеп
аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын
қойғызады. Кейде Қырықтың бірі қыдыр деп құдайы қонаққа да баланың атын
қойғызатын сәттер болады.
Көбінесе молданы әкеп азан шықыртып, баланың атын қойдырған. Ат
қойыстың өзінен де бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, таным-түсінігі,
ой-арманы ап-айқын көрініп тұрады.
Мәселен, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан
сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген сияқты келеңсіз, оғаш
есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттарға орайлас
болып келеді. Айталық: 1) бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген
тілекпен: Байбол, Дәулет, Алтынбек, Малдыбай; 2) күшті де батыл, қырағы да
сақ, ер жүрек болсын деп: Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Алпамыс, Тарғын,
Қамбар, Қобыланды, Қожақ, Әлібек; 3) сұлу да, көрікті, ажарлы да,
әлдемі болса екен деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әссм, Аққыз, Арайша,
Ботакөз, Раушан;
4) денсаулыты зор, өмір жасы ұзақ болса скен деп: Ұзақбай, Өмірзақ,
Мыңжасар, т. б.; 5) мырза, жомарт болса екен деп: Жомарт, Мырзабек,
Қайыржан 6) ақылды да тапқыр болса екен деп: Ақылбек, Данабек,
Еспол, Асыл, т. б. есімдерді таңдап қойған.
Көп реттерде ертедегі есімдер халықтың әдет-ғұрып, салт-сана, күн,
жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы: Наурызбай, Жұмабай,
Бейсенбай, Мешітбай, Тышқанбай, Аманжол, Жомарт, Жолшыбай, т. б. Ал ба-
лалары тұрмай өле берген үйлерде өмірге жаңа келген сәбилерге: Тоқтар,
Тұрсың, Ізтөлеу, Төлеген, Ұлжан деген сияқты есімдер қойылған.
Күнделікті уақыт көшінен қалыспаймыз деген оймен кейбір қазақтар
балаға есімді ойланбай қоя берген. Мысалы, Мэлс, Социал, Ким, Армиял,
Марлен, Ауданбек, Совхозбек, Колхозбек, Сиязбек, Майданбек, Маршал,
Космосбек, Октябрь, Өндіріс, Мәдениет, т. б. — өткен дәуір талабынан туған
есімдер.
Жалпы адам есімі тілге жеңіл, жүрекке жылы,
мағыналы, әрі мәнді, әрі сәнді болуы қажет. Себебі есім аламмен
бірге жасайтын тарихи заңды құбылыс. Оған құбылыс болса солай жауапсыз
қарауға болмайды.
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік кешпелі
өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың
ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрст жүретін жерді
тесіп ойып қояды. Оған киіздең түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын
кеудеше, аяқ жакты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып
қояды, басына кішкене жастық салады. Баланың бесікте кіші дәретке отыруына
қолайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден
түбек жасайды. Оған орта беліне деиін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің
өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан,
кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан
жабу — ержеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген, жабу — ат
ұстайтын азамат болуын тілеу, кебенек, қамшы жабу — ел қорғайтын батыр
болсын деген тілек.
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіреді. Ал
бесікке салған бәйбішеге таза матадан көйлек кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден, көшіп-
қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте
ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып
та емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. Үшіншіден,
бесік баланын денесінің тазалығына, ұйқтауына қолайлы. Баланың нәжісі
(зәрі) денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының элементтерін пайдалану
Отбасы ұғымы
Отбасы түрлері және оның қызметтері
Отбасы әлеуметтануы туралы
Әйел заты
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі салт- дәстүрлердің алатын орны
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
Халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі рөлі
«Жұмақ ананың аяғының астында»
Баланың өсуіне байланысты әдет - ғұрыптар
Пәндер