Қаржы қатынастары мен саясаты
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қаржылық қатынастар ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қаржы саясаты мен қаржылық қатынастардың өзара байланысы ... ... ... ... 7
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қаржы саясаты . нарықтық экономикада әлеуметтік.экономикалық мәселелерді шешуші процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 2013.2015 жж ҚР қаржы саясатының негізгі бағыттарын талдау ... ... ... ... .
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .11
3.2Қаржы саясатын жүргізуде кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.3 Мемлекеттің қаржы саясатын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.

1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
10. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.
11. Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.
12. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.
13. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.
14. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 1993ж.
15. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998ж.
16. В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 1995.
17. Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы рыночной экономики» Алматы, «Рауан» 1997ж.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

Қаржылық қатынастар ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... 5

Қаржы саясаты мен қаржылық қатынастардың өзара байланысы ... ... ... ... 7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Қаржы саясаты - нарықтық экономикада әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуші процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.3 2013-2015 жж ҚР қаржы саясатының негізгі бағыттарын талдау ... ... ... ... .
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .11
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.2 Қаржы саясатын жүргізуде кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13

3.3 Мемлекеттің қаржы саясатын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 - наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
- Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
- Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпоры
Курстық жұмысымның тақырыбы Кәсіпкерлік орта. Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым.
Екінші бөлім аты Кәсіпкерлік бәсекелестік. Бұл бөлімде бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған.
Үшінші бөлім Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу. Бұл бөлімде кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы баяндалған.
Курстық жұмысымның басты мақсаты Кәсіпкерлік орта деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі - белгілі бір істің түрі; екіншісі - сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
дербестік және тәуелсіздік;
экономикалық ынталылық;
шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;
Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика - зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша - бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек - бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
Жер, су бергеніне рента алады.
Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік - бұл шығын-өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде - қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік іс туралы заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
Айқындалған факторларды талдау.
Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:
а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
Материалдық зиян - бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
Еңбек зияны - жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.
Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.
2. Кәсіпкерлікті дамытудың проблемелары және оның шешу жолдары
...Еңбек етуші халықтың 60 % - ы шағын жəне орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады... - деп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев айтқандай. Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың əрбір бесіншісі шағын жəне орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы - жеке кəсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кəсіпорындар мен кəсіпкерлердің 90% -нан артық бөлігі шағын жəне орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа əлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз.
Біздің еліміз үшін абзал міндеттің бірі - шағын бизнесті дамыту. Шағын бизнес жұмыссыздықтың төмендеуіне, нарықты отандық тауарлармен жəне қызметтермен толықтыруға мүмкіндік тұғызады, бəсекелестік ортаны қалыптастырады, ЖІӨ-ге жəне ел бюджетіне əсер етеді. Ең бастысы, шағын бизнес қоғамның тұрақтылық негізі ретінде ортаншы классты құруға платформа болып табылады.
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік жаппа және айтарлықтай құбылыс болды.
Тіркелген қожалық етуші субъектілердің жалпы санындағы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі:
Тіркелген жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санындағы белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 2006-2010 жылдары 68-69% тұрақты деңгейде болып келді. Тіркелген қожалық етуші субъектілердің жалпы санындағы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үлесі 2006 жылғы 92%-дан 2010 жылғы 93%-ға дейін 1 пайыздық тармаққа өсті.
Белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің ұйымдық - құқықтық тұрғыдағы құрылымы көрсетіп отырғандай, жеке кəсіпкерлер 2010 жылдың бірінші қазан айына шаққанда 383,3 мың субъектіні немесе 61,1%-ды, заңды тұлға болып табылатын шағын бизнес кəсіпорындары 65,5 мың субъектіні немесе 10,4%-ды, заңды тұлға болып табылатын орта бизнес кəсіпорындары 8,9 мың субъектіні немесе 1,4%-ды, шаруа (фермерлік) қожалықтары - 170,1 мың субъектіні немесе 27,1%-ды құрады.
2010 жылдың бірінші қазанында аймақтық тұрғыдағы белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жасалған шолу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында (119 мың), Алматы облысында (103 мың) және Шығыс Қазақстан облысында (62 мың) жұмыс істейтінін көрсетеді. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда (13 мың ), Маңғыстау (16 мың), Атырау (18 мың) және Батыс Қазақстан (18 мың) облыстарына тиесілі.
Соңғы жылдары кəсіпкерліктің даму қарқынының жоғарылығына қарамастан, экономиканың осы секторының сапалы дамуына тежеу болып отырған біраз проблемалар бар. Атап айтқанда:
- заңнамалық базаның жетілмегендігі - жеке кəсіпкерлік туралы заңнама нормалары ескірген. Шағы және орта бизнесті дамыту мəселелері бойынша нақты норма жоқ, бұл əкімшілік тосқауылдардың көбеюіне жəне қолданыстағы заңнаманың екі түрде түсіндірілуіне алып келеді;
- кəсіпкерлік субъектілерін анықтау өлшемдерінің проблемалары - кəсіпкерлік субъектілерін шағын жəне орта бизнес санатына жатқызу өлшемдері əлемдік іс-тəжірибеге сай емес. Төмендетілген құндық өлшемдер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай келмейді. Олар бизнестің табиғи ұсақталуына жол береді, отандық кəсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бəсекелесу қабілетінің төмендеуі орын алады;
- сындарлығы жеткіліксіз салық жүйесі - Қазақстанның салық жүйесі шағын бизнес ауқымының өсуіне жəне оның біртіндеп орта бизнеске айналуына ынталандыратын қозғаушы күштерді қарастырмайды;
- əкімшілік тосқауылдар - əкімшілік тосқауылдардың болуы шағын жəне орта бизнестің дамуы үшін елеулі кедергі болып табылады. Алайда оларды кешенді түрде талдау аталған проблеманы барынша тиімді шешудің жолы болып табылады;
- кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының əлсіз жəне жарым-жартылай дамуы - Қазақстанда орын алған шағы және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы шағын жəне орта бизнестің кешенді қолданылуын қамтамасыз етпейді жəне жоғары транзакциялық шығындардың болуына себепші болады;
- шағын жəне орта бизнес өнімінің бəсеке-қабілеттілігінің төмендігі - тұтастай алғанда шағы және орта бизнесті секторының қормен жарақтандырылу деңгейінің жеткіліксіздігі, тозу деңгейінің жоғарылығы жəне негізгі қаражаттың жеткіліксіз жаңартылуы, сондай-ақ технологиялылығының төмендігі шағын жəне орта бизнес өнімінің экономикалық тиімділігін жəне бəсекелесу қабілетін төмендетеді;
- қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы - əлемдік қаржы дағдарысы шағы және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың тапшылық проблемасын тереңдетіп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын дер кезінде іске асыру - дағдарыс құбылыстарының шағы және орта бизнес секторына жағымсыз əсерін ішінара бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді.
Мемлекет Басшысы Н.Ə. Назарбаевтың Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты 29.01.2010ж. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі 13.04.2010 ж. Бизнестің жол картасы 2020 атты Кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын əзірлеп, бекітті. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу жəне жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Бизнестің жол картасы 2020 Бағдарламасын іске асыру кəсіпкерлікті қолдаудың үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларына қаржылай қолдау, яғни аймақтарда жаңа заманауи кəсіпорындар құрылатын болады.
Екіншіден, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықты басынан өткізген, қазір жұмыс істеп тұрған бизнеске қолдау көрсету.
Үшіншіден, экспортқа бағдарланған өндірістерге қолдау көрсету, яғни өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кəсіпкерлерді қолдау. Аталған бағыттардың іске асырылуына 2010 жылы республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге бөлінді.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне жаңа өндірісті іске асыру үшін кредитке кепілдік беру бірінші бағыт бойынша басты қолдау механизмі болып табылады.
Екінші бағыт бойынша мемлекеттің кəсіпорындардың берешектерін құрылымдауға қатысуы бұрынырақ берілген проблемалы кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне төлемақы өсімі есептелместен бюджетке салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру есебінен жүзеге асырылады.
Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдау банктердің бұрынғы кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Даму Қоры кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламаларының қаржы агенті ретінде осы үш бағыттың барлығына қатысады.
Сондықтан, шағын бизнестiң экономиканың мықты секторына айналуы үшiн мемлекет негiзiнен заңдылықты әрi қарай жетiлдiру, оның орындалуының мiндеттiлiгi, коммерциялық қызметтi белгiленген тәртiппен жүргiзу, қажеттi бәсекелiк ортаны қалыптастыру, бүкiл құқықтық реттеу жүйесiн, ұйымдастыру институттары, салықтық жеңiлдiктер мен қаржылық-несие тетiктерiн қалыптастыру, оларды жетiлдiру сияқты мәселелерге жете ден қойған жөн.
Шағын кәсiпкерлiк қызметiнiң негiзiнен сауда мен қызмет көрсету саласына бағыт алып, өндiрiстен аластауы қазiргi экономиканың маңызды секторының жүйесiз, бейберекет қалыптасу сипатында екендiгiн көрсетедi. Шағын бизнестiң экономиканың мықты секторына айналуы, оның дамуына кедергi болатын факторларды анықтап, оларды жою арқылы шағын бизнестiң дамуына қолайлы жағдай жасау қажет. Бұл мәселе шағын кәсiпкерлiктiң даму процесiн реттеу механизмдерiн жетiлдiрiп, жаңа реттеу әдiстерiн iздеу арқылы шешiледi.
3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметінің дамуының статистикасы
3.1 Кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Тəуелсіз Қазақстан қалыптасқаннан бастап, кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1. Бірінші кезең - 1992 -1994 жылдар аралығы;
2. Екінші кезең - 1994 - 1996 жылдар аралығы;
3. Үшінші кезең - 1997 -2000 жылдар аралығы;
4. Төртінші кезең - 2001 - 2003 жылдар аралығы;
5. Бесінші кезең - 2004 -2007 жылдар аралығы;
6. Алтыншы кезең - 2008 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін.
Мемлекеттің 1992-1994 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту бағдарламасын қабылдауы осы саладағы бастапқы шаралардың бірден бірі болып табылады, ол жеке кəсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының, оны ауқымына қарай бөлместен, тұтастай алғанда негізін қалады. Сол кезде кəсіпкерліктің дамуына басты кедергі болғандар тұтас жəне тұрақты заңнаманың, тиісті салық саясатының болмауы, инвестиция жəне кре дит, өндіріс ғимараттарын, шикізат ресурстарын, ақпарат алудың қиындықтары, яғни құрылуы. Бағдарламада болжанған кəсіпкерлікті мемлекет тарапынан нақты қолдау механизмінің болмауы. Кəсіпкерлік топтарын белсенді қалыптастыру үшін қажетті жағдай туғызу мақсатында, сонымен республикада экономикалық реформаның сенімді əлеуметтік базасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне дамыту жөніндегі 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама əзірленіп, қабылданды. Сол кезеңнің басты мақсаты салық ауыртпашылығын бұрын қолданылған салық жəне төлемдерді қысқарту арқылы төмендету, сонымен қатар елдің барлық аумағында салық ережелерінің бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету болып табылған салық реформасын жүзеге асырумен есте қалды. Ел экономикасын реформалау үдерісінде шағын бизнес басты рөль ойнады. Шағын кəсіпкерлікті өнеркəсіп секторын əртараптандырумен бірге дамыту Қазақстан - 2030 Стратегиясының бірден бір негізі болып табылды. Шағын кəсіпкерліктің дамуына кедергі болатын алдыңғы кезеңдегі проблемаларды болдырмау, жəне мемлекеттің қол жеткізген оң беталыстарын бекіту мақсатында, 1997- 2000 жылдар аралығында келесі шаралар жүзеге асырылды:
1) Шағын кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды жəне жандандыруды күшейту шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы қабылданып, ол шағын кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту шараларының мəртебесін мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласымен ресми түрде бекітті жəне жүзеге асырылатын ша-раларды, бірінші кезекте, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, олардың əлеуметтік проблемаларын шешуге жəне еңбек белсенділіктерін арттыруға, тұтыну нарығын көптеген тауарлар мен қызметтердің түр-түрімен толтыруға жолдады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 26 сəуірде Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құрды (Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сəуірдегі № 665 қаулысы).
3) Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарлама қабылданды, ол мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда, нарық экономикасындағы оның ерекше рөліне байланысты, шағын бизнесті қолдаудың басты бағыттарын белгілеп берді. 2001 жылы Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған кезекті мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол шағын кəсіпкерліктің құрылып жатқан қолдау жəне қорғау инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін арттыруды, шағын кəсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті қолдаудың қаржы-кредит механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті кадрмен, ғылыми- əдістемемлік жəне ақпарат жағынан қамтамасыз етуді, шағын кəсіпкерлікті аймақтық дамытуды топшылайды. Шағын кəсіпкерлікті одан əрі дамыту мақсатында мемлекет 2004 - 2007 жылдар аралығында шағын бизнестің жақын перспективасының басты бағыттарын, оның ішінде кəсіпкерлік ахуалды, бəсекелі ортаны, қосымша құны жоғары өндірісті құру үшін жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі. Қазақстан Республикасындағы Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау бойынша 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында, шағын кəсіпкерліктің əртараптандырылуы үшін институционалдық жағдайды қамтамасыз ету, профильділігін ұлғайту, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға аудару, шағын кəсіпкерлік кəсіпорындарының активтерін ұлғайту, шетке шығаруға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін өндірістер құру жəне шағын кəсіпкерлік өнімдерін (жұмыс, қызмет) сыртқы нарыққа шығару жөніндегі міндеттер тұрды. Үкімет Шағын кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама бойынша шаралардың іске асырылуының аяқталғанын күтпестен тағы бір бағдарламаны - Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес əзірленген
Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама ШОБ-қолдау жəне дамыту бойынша мемлекет тарапынан өткізіліп отырған макроэкономикалық саясат аясына қисынды үйлесіп кететін Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына жəне Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге даму Стратегиясына негізделген аса пəрменді шараларды қарастырады.
2007 жылдың соңынан бастап мемлекет ШОБ үшін əлемдік қаржы дағдарысының салдарынан туындаған кредит қаражатының тапшылығын қысқарту мақсатында, қаражатты кейіннен ШОБ-ті жеңілдік шарттарымен несиелендіру үшін, Даму Қоры оператор болып табылатын, екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Мемлекет Басшысы Н.Ə. Назарбаевтың Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты 29.01.2010ж. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі 13.04.2010 ж. Бизнестің жол картасы 2020 атты кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын əзірлеп, бекітті. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу жəне жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Бизнестің жол картасы 2020 Бағдарламасын іске асыру кəсіпкерлікті қолдаудың үш бағыты бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларына қаржылай қолдау, яғни аймақтарда жаңа заманауи кəсіпорындар құрылатын болады.
Екіншіден, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықты басынан өткізген, қазір жұмыс істеп тұрған бизнеске қолдау көрсету. Үшіншіден, экспортқа бағдарланған өндірістерге қолдау көрсету, яғни өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кəсіпкерлерді қолдау. Аталған бағыттардың іске асырылуына 2010 жылы республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге бөлінді. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне жаңа өндірісті іске асыру үшін кредитке кепілдік беру бірінші бағыт бойынша басты қолдау механизмі болып табылады.
Екінші бағыт бойынша мемлекеттің кəсіпорындардың берешектерін құрылымдауға қатысуы бұрынырақ берілген проблемалы кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне төлемақы өсімі есептелместен бюджетке салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру есебінен жүзеге асырылады.Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдау банктердің бұрынғы кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. Даму Қоры кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламаларының қаржы агенті ретінде осы үш бағыттың барлығына қатысады.
3.2 Даму кəсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арқылы іске асырылатын кəсіпкерлікті қолдау бағдарламалары
Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру жəне шағын бизнесті қолдауға бағытталатын мемлекеттің қаржы қаражатының тиімді пайдаланылуын жақсарту мақсатында, 1997 жылы Даму кəсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құрылды. Даму Қоры 1997 жылдан бастап отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) жəне Азия даму банкінің (АДБ) несие желілері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын есепке алу жəне бақылау жөніндегі агент функциясын орындап келеді. 2002 жылдан бастап Даму Қоры шағын бизнесті тікелей өзінің меншік қаражатынан несиелендіре бастады. Қор Шағын кəсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет қаражатынан несиелендіру бағдарламасын жəне Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырды. Даму Қоры 2005 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасында шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сəйкес, шағын кəсіпкерлікті төмендегі бағдарламаларды іске асыру жолымен қолдауды жүзеге асырды: жобалық қаржыландыру жəне лизинг; Қазақстанда шағын несие беру жүйесін дамыту бағдарламасы; Шағын жəне орта бизнестің екінші деңгейдегі банктерден алатын несиелеріне кепілдік беру.
2006 жылғы қыркүйектен бастап Қор Қазына Орнықты дамыту қоры акционерлік холдинг құрамында, ал 2008 жылғы қазан айынан бастап, Самұрық- Қазына Ұлттық əл-ауқат қоры АҚ ұлттық басқарушы холдингінің құрамында жұмыс істейді. Даму Қоры өзі жұмыс істей бастағаннан бастап 2008 жылға дейін 2878 шағын кəсіпкерлік жобасын жалпы сомасы 33,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. 2007 жылдың аяғынан бастап, қазіргі уақытта Даму Қоры Қаражатты кейіннен шағын жəне орта бизнес субъектілерін несиелендіру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырып отыр:
1) Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламасының 1-ші траншы (Тұрақтандыру бағдарламасының 1-ші траншы);
2) Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламасының 2-ші траншы (Тұрақтандыру бағдарламасының 2-ші траншы);
3) Аймақтық бизнес жобаларды жергілікті атқару органдарымен бірлесіп қаржыландыру
бағдарламасы (Даму-Аймақтар Бағдарламасы);
4) Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламасының 3-ші траншы (Тұрақтандыру бағдарламасының 3-ші траншы);
Осы бағдарламаларды іске асыру нəтижесінде: 420 млрд. теңгеден астам қаражат игерілді, оның 340 млрд. теңгеден астамы - мемлекет қаражаты; 8 мыңнан астам жоба қаржыландырылды жəне қайта қаржыландырылды; 12 мыңнан астам жұмыс орындары құрылып, қолдау тапты; екінші деңгейдегі банктердің несие портфеліндегі мемлекеттік қаржыландыру үлесі 20%-ға дейін, ал тұтастай алғанда тұрақтандыру бағдарламалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz