«Қан түзуші жүйе» пәні бойынша электронды оқулық дайындау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Алиева Инара Бадалкызы
«Қан түзуші жүйе» пәні бойынша электронды оқулық дайындау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы
Түркістан 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Компьютерлік инженерия
кафедрасының меңгерушісі
Б. Қуатбеков
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қан түзуші жүйе» пәні бойынша электронды оқулық дайындау
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы
Орындаған Алиева И. Б.
Ғылыми жетекші
техн. ғ. д., профессор Раимбердиев Т. П.
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Электронды оқулықтар жөнінде жалпы мәліметтер
1. 1 Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
1. 2 Электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар
1. 3 Электронды оқулық құрудың жолдары
II. Электрондық оқулықты жасаудағы технологиялар
2. 1 Adobe Flash Professional cs6 мүмкіндіктері
2. 2 Adobe Photoshop редакторы туралы жалпы түсінік
2. 3 ActionScript тілі
III. Практикалық бөлім
3. 1 “Қан түзуші жүйе” дәріс бойынша электронды оқулық құру
3. 2 Электронды оқулықтың құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып табылады.
Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақтары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да оқытудың компьютерлік құралдар кеңінен қолданыс табуда. Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электронды оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.
Электронды оқулық бiрiншi кезекте жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек. Электронды оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады. Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Электронды оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т. б. Электронды оқулықтың басты мақсаты оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ медицина саласына қазақ тілінде электронды оқулықты құру. Мұндай құрылған бағдарлама студентерге білімін көтеруге көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, практикалық эксперимент) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік - әдістемелік жұмыстарды
жүргізу, медицина саласындағы есептеу әдістерін қолданылды.
Дипломдық жұмысының құрылымы мен мазмұны.
Кіріспе, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде курс жұмысының мақсаты, өзектілігі, зерттеу әдістері және құрылымы мен мазмұны берілген.
Теориялық бөлімінде Электрондық оқулықты пайдалану және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік қарастырылған.
Практикалық бөлімінде электронды оқулықтың құрылуы, яғни электронды оқулықтың құрылымы, мазмұны, анимацияларды жасау әдістері көрсетілген.
Қорытындыда жалпы жұмыстың қортындылай келген мәліметі көрсетілген.
Қосымшада бағдарлама орындалу барысындағы негізгі кодтар көрсетілген.
I. Бөлім Электронды оқулықтар жөнінде жалпы мәліметтер
1. 1 Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - студентерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық -құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану бағыттарының бірі оқытуды жеңілдететін электрондық кітаптар мен әдістемелердің жасалуы. Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат пәннің оқу материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады.
Электронды оқулық - бұл компьютерді қолданып, оқу курсын өз бетімен немесе оқытушының көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық әдістемелік кешен. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Электронды оқулықтың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Элекронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар.
Электронды оқулықтың басты мақсаты оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электронды оқулық әрбір адамға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетімен білім алуын қамтасыз етеді және белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды оқыту үрдісінде қолдану сапалы білім берудің қазіргі таңда өзекті мәселесі екенін ерекше атауға болады. Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануі мақсат емес тек оқыту құралы және бұрынғы оқыту формалары мен әдістерін толықтырады. Оқыту барысында бағдарламаның жабдықтарын тиімдісін, пайдалысын көрсете отырып, мамандарды дайындау сапасын арттырады.
Электронды оқулық жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты ақпараты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді;
- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді.
-гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Электронды оқулықтың ерекшеліктері:
- оқытуды дараландырады;
- программалық өнімді қамтиды;
- тың оқу материалын қамтиды;
- оқытудың тиімділігін арттырады;
- оқу әрекетінің өнімділігін артырады,
- білім алушының оқуға деген қызығушылығын және ынтасын артрады;
- материалдың ресурстарға кететін шығындарды азайтады;
- электронды оқулықпен жұмыс істеу сұқбаттық түрде жүргізіледі.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері:
Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
- бақылаусыз оқыту;
- бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
- қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.
Электрондық оқулықтың негізгі функциялары мен мүмкіндіктері:
- оқыту процесінің оптимизиясы мен модернизациясы;
- оқу материалын өз бетінше оқу мүмкіндігі;
- білім беру процесінің көп деңгейлігін вариациялығын, икемділігін, тұлғалық бағдарын қамтамасыз ету;
- оқушының әлеуметтік және кәсіби белсенділігі, матевация деңгейін көтеру;
- дүниетанымын кеңейту;
- танымдық және кәсіби әректтердің модельдерін қалыптастыру;
- оқулықты қашықтан оқыту және өздік жұмыс құралы ретінде қолдану.
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:
- оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т. б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
- дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
- көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
- барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануыға мүмкіндік беру;
- жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
- шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да сөздерді пайдалану.
- Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет.
Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
- лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді. арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін карастырайық. Электронды оқулықтың кұндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:
- Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т. с. с түрінде беріледі. Сонымен кодтар мұнда, кдрапайым оқулықга мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты Компьютерде тән элементтер орын алуы мүмкін .
- Схемоқурс - оқулықгың мазмұнын қысқартылған мәтін график түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.
- Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақгар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықгың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықгың авторлары кұрған тестер қорынан тұрады. бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады .
Электронды оқулықгың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. мүнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықгың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.
Мазмұн электронды оқулықгың ең маңызды кұрылымдық элемент. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде кұрылуы қажет. Жақсы электронды оқулықгы кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек, яғни мәтін, графиктер болуы тиіс.
Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақгар мен тапсырмалар береді. Егер тапсырмалар толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өте алмайды. бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалдарын мүқият қайталауға мәжбүр етеді.
Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытынды білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақгар түрінде беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықгы жазушылар тандап, құрастырып, текстік сүрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.
Авторлар жөнінде мәліметтер - оқулықгы кұрастырушылардың аты - жөндері, туылған жылдары, жүмыс орындары, телефоны, электрондық почта адресі т. с. с
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі падаланушыға оқулықгың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Әдетте қысқа әрі нақты подсказкалар түрінде болып келуі керек .
1. 2 Электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар
Электронды оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электронды оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электронды оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электронды оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек - компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек. Электронды оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады.
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:
- тандалған курс бойынша ақпарат жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
- текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе виде түрдегі ақпараттан түру керек ("жанды лекциялар") .
"Жанды лекциялардың" міндетті интерфейс элемент ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек; текстік ақпарат "Жанды лекциялардың" кейбір бөліктерін кайталауы мүмкін; күрделі модельдер мен қүрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн; керекті ақпаратты іздеу уақытын қыскартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім камтамасыз етілуі тиіс. Бір пән аумағында арнайы түсіндірме сөздік енгізілген болу керек; материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға өзі көрмеген кейбір құбылыстарды (сарқырыма, өрт, т. б. ) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар: дидактикалық, методикалық, бағдарламалы - техникалық, психологиялық және т. б.
Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар:
- Адаптивтілігі - электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары қарым-қатынас жасау мәнерін, оқушының білім деңгейін және жұмыс істеу қабілетін ескерген жөн. Сонымен қатар оқушының білім деңгейінің жоғарлауына байланысты оқылатын мәселе қиындығының дәрежесінде көтеру керек.
- Мотивация берушілігі - электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары оқуышының визуальды қызықтыратын ойындармен зертелінетін тапысрмалармен мәселелі есептермен жұмыс істеу әрекетін және бақылау жұмыстарын қадағалау іс-әркеттерін қолдау қажет.
- Өзектілігі - электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары таңдап алынған пән бойынша жетімді формада ең соңғы ақпараттапрдың бар болуын қамтамасыз етуі.
- Императивтілігі- электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары білім берудің индуктивті және дедуктивті әдістерін іске асыру алгоритмінен және оқушыдан әр түрлі іс-әрекетті (жазу, сызу, және т. с. с) талап етектін сұрақ жауаптардан құрылуы қажет.
- Модульдігі - электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдарында материдар модульдерге немесе блоктарға бөліну қажет.
- Көпдеңгейлігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында көмек сыбыр сөздер және әдістемелік нұсқау деңгейлері өзгеріп отыру қаждет. Оқытудың бастапқы кезеңдерінде оның деңгейі жоғары, ал оқушының оқу материалын меңгерунің сәтті болуына байланысты бұл деңгей төмендетілуі керек.
- Көркемділігі. Электронды оқулық тағайындалуның бдағдарламалық құралдарында оқу материалды есте сақтауға, қорытындылауға мүмкіндік беретін тиімді иллюстрациялар (суреттер, сызбалар, сызулар және басқа да визуальды объектілер) болуы керек.
- Тест жауаптарының өтілген материалға сәйкес жасалынуы. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы барлық жауаптар (дұрыс және қателері) ұсынылған оқу материалына сәйкес жасалынуы қажет.
Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар: электронды оқулық меңгеруді жеңілдету мақсатында оқу материалын эстетикалық және қолайлы ұсынатындай етіп, өңделу керек. Электронды оқулықтың ақпараттық тығыздығын арттыру үшін мәтін ақпаратын арнайы дидактикалық құралдармен бөліп көрсетуге болады (астын сызу, дыбыстық эффектілер, анимация, түсін өзгерту) .
Дисплей экранында орналасқан мәтінді қабылдау процесіне көптеген факторлар әсер етеді:
- мәтіндік зона ені;
- мәтінді тегістеу тәсілі;
- оның экран бетіндегі орналасуы;
- қаріп өлшемі, таңбасы;
1. 2 Электронды оқулық құрудың жолдары
Кез келген оқулық екі негізгі бөлімге бөлінеді: мазмұнды және процессті. Сонымен қатар, тағыда екі бөлім қосылады: басқарушы және диагностикалық. . Оқулықтың мазмұнды бөлімі келесі компоненттерді қосады: танымдық, демонстарциялық. Процесттік бөлім келесі компонеттерден тұрады: модельдеуші, бақылаушы, бекітуші. Танымдық компоненет оқушыға білім беруге бағытталған. Бұл, мәтіндік ақпарт болып табылады. Демонстрациялық компонент бұл - бақылау тапсырмалары, яғни танымдық компонентті толыққанды ашушы бөлім. Бақылау - бекітуші компонент оқушының материалдық қадам көрсетеді. Бағыттаушы бөлім электронды оқулықтың программалық қабықшасы. Диагностикалық бөлім нақты программының статистикалық ақпаратын сақтайды.
Электрондық оқулықты құрғанда келесі негізгі нұсқаулар жетекшілікке алынды:
• навигациалау жүйесінің жақсы дамуы;
• барлық теориялық материалды меңгеруге және есте сақтауға ыңғайлы түрде ұсынуы;
• әрбір меңгерілген дәрістен кейін тест болу қажет;
• әрбір тестілеуден кейін алынған білімге баға мен пәннің ары қарай меңгерілуіне ұсыныстар берілуі тиіс.
Әрине, электрондық оқулық студент үшін дайын материал, сондықтан қазіргі таңда білім жүйесінің барлық сатыларында электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.
Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:
- Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.
- Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
- Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Мемлекеттік стандарт бойынша электронды оқулықтың басылымына мынадай талаптар қойылады: оның құрылымы, функциясы, мазмұны, оқыту элементтері, көркемделуі, құжаттандырылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz