Қазіргі қазақ поэзиясындағы метаморфоза құбылысы



Метаморфоза – мифологиялық ойлау дәуірінен туындаған заттың бір түрден екінші түрге алмасуы, өзгеруі. Өзінің архаикалық формасында метаморфоза ежелгі мифопоэтикалық ойлау сипаттарын танытады. Заттың бір түрден екінші түрге ауысуы, адамның аңға, құсқа немес тасқа айналуы, сондай-ақ табиғаттағы басқа да өзгерістер көне дәуір адамдарының түсінігінше, адам мен табиғат тепе-теңдігінен туындайды. Адам мен табиғатты тұтас жаратылыс деп қабылдаған сенім уақыт өтке келе көркем туындыларда басқаша , яғни көркемдік аспектіде қызмет атқара бастады. Сол желі күні бүгінге дейін тартылып келе жатыр.
Мифтік құбылушылық көркемдік тәсіл ретінде көркем жазба әдебиетте кеңінен қолданылды. Қазақ жазба әдебиетінде фольклорлық-мифологиялық сюжеттерді, бейнелерді шығарма мазмұнына арқау ету бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Қазіргі қазақ ақын-жазушылары авторлық позициясын танытуда, шығарманың идеясын ашып, көркемдік айшықтарын бедерлей түсуде мифтік сюжеттерді, мифологиялық түсініктерді, оның ішінде мифтік құбылушылықты мақсатты түрде пайдаланып, шығармашылықпен дамыта қолданғанын байқауға болады. М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің көркем туындыларында құбылушылық орын алса, мұндай желі қазіргі ұлттық әдебиетімізде де кездеседі.
Мифтік құбылушылық мақсатты және мақсатсыз болып келеді. М.Жұмабаевтың “Оқжетпестің қиясында” поэмасындағы Пір-бабаның тасқа айналуын мақсатты құбылушылыққа жатқызсақ, Р.Нүрпейісовтің “Ақ бұғы және аңшы”, М.Айтқожинаның ғашықтардың аққуға айналуы жайлы поэзиялық туындылары да осы құбылушылыққа үндеседі. Мифтік құбылушылық ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде суреткердің көркемдік-идеялық тәсілі ретінде көрінді.
Мифтік құбылушылықтың бір себебі қатты шаршағандықтан болса, С.Сейфуллин шаршап жатып, ұйықтап кеткен батыр туралы мифті былай жырлайды:
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр (18).
Бұл жерде батырдың тасқа айналуы өз қалауынан емес, құбылу себебі

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МЕТАМОРФОЗА ҚҰБЫЛЫСЫ
Метаморфоза – мифологиялық ойлау дәуірінен туындаған заттың бір
түрден екінші түрге алмасуы, өзгеруі. Өзінің архаикалық формасында
метаморфоза ежелгі мифопоэтикалық ойлау сипаттарын танытады. Заттың бір
түрден екінші түрге ауысуы, адамның аңға, құсқа немес тасқа айналуы, сондай-
ақ табиғаттағы басқа да өзгерістер көне дәуір адамдарының түсінігінше, адам
мен табиғат тепе-теңдігінен туындайды. Адам мен табиғатты тұтас жаратылыс
деп қабылдаған сенім уақыт өтке келе көркем туындыларда басқаша , яғни
көркемдік аспектіде қызмет атқара бастады. Сол желі күні бүгінге дейін
тартылып келе жатыр.
Мифтік құбылушылық көркемдік тәсіл ретінде көркем жазба әдебиетте
кеңінен қолданылды. Қазақ жазба әдебиетінде фольклорлық-мифологиялық
сюжеттерді, бейнелерді шығарма мазмұнына арқау ету бұрыннан қалыптасқан
дәстүр. Қазіргі қазақ ақын-жазушылары авторлық позициясын танытуда,
шығарманың идеясын ашып, көркемдік айшықтарын бедерлей түсуде мифтік
сюжеттерді, мифологиялық түсініктерді, оның ішінде мифтік құбылушылықты
мақсатты түрде пайдаланып, шығармашылықпен дамыта қолданғанын байқауға
болады. М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің көркем туындыларында құбылушылық орын
алса, мұндай желі қазіргі ұлттық әдебиетімізде де кездеседі.
Мифтік құбылушылық мақсатты және мақсатсыз болып келеді. М.Жұмабаевтың
“Оқжетпестің қиясында” поэмасындағы Пір-бабаның тасқа айналуын мақсатты
құбылушылыққа жатқызсақ, Р.Нүрпейісовтің “Ақ бұғы және аңшы”,
М.Айтқожинаның ғашықтардың аққуға айналуы жайлы поэзиялық туындылары да осы
құбылушылыққа үндеседі. Мифтік құбылушылық ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде
суреткердің көркемдік-идеялық тәсілі ретінде көрінді.
Мифтік құбылушылықтың бір себебі қатты шаршағандықтан болса,
С.Сейфуллин шаршап жатып, ұйықтап кеткен батыр туралы мифті былай жырлайды:
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр (18).
Бұл жерде батырдың тасқа айналуы өз қалауынан емес, құбылу себебі –
шаршап ұйықтап кету. “Көптеген аспани және тотемдік мифтерде тірінің өліге
айналуының басты себебі қатты шаршағандық болып келеді. Қатты шаршаған
мифологиялық кейіпкер қозғалуға шамасы келмегендіктен тасқа айналып, тыныш
табады” (2,70). С.Сейфуллиннің осы “Көкшетау” поэмасында Бурабай тасы
туралы да миф кездеседі.
Оқ тиіп қансыраған бура жатқан жерінде қозғалуға шамасы келмегендіктен
тасқа айналып кетеді. Ақын мифтік сюжеттерді көркемдік тәсіл ретінде
Көкшенің өткенін жырлауда шебер қолданған. Ақын Көкшедегі тас, шындардың
пайда болуын түсіндіретін мифтік құбылушылықты биік суреткерлік дәрежеде
бейнелеп берген.
“Мифтік дәуірде адам өзінің әр түрлі жанды-жансыз нәрсенің кейпіне
кіріп, өзгеріп кететіндігіне кәміл сенген. Адам өзін бірде аспандағы аққу
кейпіне, бірде жортып жүрген жолбарыс кейпіне ауыса алады деп сенген” (4,
44-45). Әсіресе, қазіргі көркем әдеби туындыларда адамның аққуға айналуы
туралы мифтерді кездестіруге болады. Қазіргі қазақ поэзиясы өкілдерінің
бірі М.Айтқожина өлеңінен мысал келтірейік:
Дегендей мынау неткен сұмдық еді,
Мұңға оранып тұрады шың жүрегі.
Қос аққу содан қалған деп атайды
Шындық па, аңыз ба әлде, кім біледі (19, 353 ).
Ақын сүйіктісін сағына күткен жас арудың жан тебіренісін шебер суреттей
отырып, мифтік құбылушылықты шығарма идеясына сай сәтті пайдалана білген.
Қазақ мифологиясында күнәсына байланысты деп түсіндірілетін мифтер, мифтік
сананың кейінгі, дамыған кезеңімен байланысты екенін айтып өттік. Бұл
кезеңде адам тірі мен өлінің арасында алшақтық бар екеніне көзі жетіп, енді
адам басқа нәрселерге сыртқы бір күштің әсерінен айналады деп сенген. Жеке
батырдың, ақ бас бураның тасқа айналуы амалсыздықтан, әрі мақсатсыз болып
түсіндірілсе, екі ғашықтың аққуға айналуы – қатал тағдырдан қашу түрінде
көрінеді. Бұл да амалсыздық, алайда мақсатты.
Мифтік құбылушылықтың тағы бір себебі – күнәлі болу немесе қарғысқа
ұшырау болса, Р.Нүрпейісовтің “Ұларға тұзақ құрғанда” өлеңінде ұларға тұзақ
құрған адамның бұл дүниеде оңбайтыны айтылады.
“Мифтердің айтуы бойынша, рудың төтемдік қағидаларын бұзған немесе
оларды құрметтемеген адамды жан шошырлық жаза күтеді. Сондай жазалардың
бірі – адамды аңға, я болмаса жансыз нәрсеге айналдыру деп ұғынылған.
Мұндай жаза түріндегі құбылу сөздің құдіретті күші бар деген сеніммен
байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Көркем әдебиеттегі «образдылық» пен «көркем образ» мәселелері. әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. өлең сөздің теориясы
Әдебиеттің тектері мен түрлері
Мифтік ұғымдар және әдебиет
Абай мұрасындағы әйел бейнесі
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Жағыпар Мұсаұлы Мусин тіл білімінің білікті ұстазы ретінде
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Пәндер