Сұланбек Қожановтың өмірі мен саяси қызметі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Халықтар Достығы университеті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Тарих кафедрасы
Мамандығы: 050114 -Тарих
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Сұланбек Қожановтың өмірі мен саяси қызметі»
Ғылыми жетекшісі: Орындаған:
Оразов Қ. Ю. 114-42 топ студенті
т. ғ. к., профессор Ешентаев Жанболат
«___»2008 жыл.
Бақылау: Қорғауға жіберілді:
ТО меңгерушісі Кафедра меңгерушісі
Н. Д. Каменских т. ғ. к., доцент
Найманбаев Б. Р.
«___»2008 жыл. «___»2008 жыл.
Шымкент 2008
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Сұлтанбек Қожановтың өскен ортасы, балалық шағы . . . 11
1. 2 Сұлтанбек Қожановтың жергілікті халық арасында жүргізген
ағартушылық жұмысы . . . 14
ІІ ТАРАУ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК - САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
2. 1. Сұлтанбек Қожановтың Түркістан Орталық Атқару Комитетіндегі
саяси қызметі . . . 22
2. 2 Сұлтанбек Қожановтың Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік қызметі . . . 30
2. 3 Сұлтанбек Қожановтың «Ұлтшыл - ауытқушы» ретінде
айыпталуы . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақ халқы өзінің сан жылдар бойы аңсаған мемлекеттік егемендігіне жетіп, тәуелсіз ел ретінде қалыптаса бастады. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - Қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі болып табылады. Қазан революциясынан кейін халықтың мәдениетін көтеруде, әсіресе ағартушылық салада, халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптасты. Бері келе тоталитаризмнің идеялық саясаты қазақ жерінің тарихын, негізгі тарихы болып келген КСРО тарихының қосымша құралы ретінде оқылып, санамыздан ата-бабаларымыздың мәдени рухани тарихын мүлдем өшіруге тырысты. Ал, ол үшін ең алдымен, халықтың бет тұтарлары болып табылатын зиялыларымызды жоюды мақсат етті. Елі үшін халқына қызмет еткен қазақ зиялыларының өзі халқының тәуелсіздігін қалай алу керектігін ойлап, сол үшін күреске түсіп, «Халық жауы» аталып, өмірден қыршын кетуі әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазіргі тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар біздің ғасырдың 20-30 жылдарында да айдалада бостан -босқа қырыла бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті.
Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды» /1/.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси арендаға азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына ағартушылыққа, елдікке, елдің мемлекет ретінде қалыптасып дамуына ат салыса күрескен ірі қоғам қайраткерлерін, зиялы азаматтарын шығарды.
Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен асқан білімділік деңгейімен, рухани парасаттылығымен суырылып шыққан Алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді.
Шәкәрім Құдайбергенұлы, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов және т. б. бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мәнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен заманның бірі болды. Әрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері ерекше, энциклопедиялық білім, талғам - танымдары жан - жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді. Бірақ көп жылдар бойы Кеңес үкіметі жүргізген озбырлықпен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орыны толмас жұтаңдыққа ұшырап, дамуға үлкен нұқсан келтірді. Соның тікелей кесірінен Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызды «Байшыл», «Кертартпа», «Діншілдер» деп ойдан шығарылған жалған айып тағылды.
Олардың бай мұраларын зерттеуге цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік - лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке «қажетсіз» санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайтып оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Міне, сондықтан да біртуар ұрпақтарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан жақты терең зерттеу, олардың әр қайсысын халық арасында насихаттау, бүгінгі күннің көкейтесті өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздікке жеткізген жол бірсыдырғы болған жоқ. Ол асқар асулардан, қилы белестерден тұрады.
Бүгінгі таңдағы ұлттық санадағы терең өзгерістер, әкімшіл -әміршіл жүйе жылдарындағы орныққан кейбір қатаң танымдарға сын көзбен қарауды қалыптастыруға бағыт ұстады.
«Өз өмірін өз қалауынша құру құқысынан айырған тәуелді халықтар көзімен қарауға тиісті болды. Сондықтанда қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерге, «феодалдық - монархиялық», жалпы ұлттық қозғалыстарға «Буржуазиялық - ұтшылдық», жеке немесе топтық қарсылықтарға «¦лттық ауытқушылық «халықтың өз қарапайым құқықтарын қанағаттандыруын талап еткен ұсыныстарға «Қазақ ұлтшылдығы» сияқты өмірлік шындықтан алшақ, түптеп келгенде ұлттың өз азаттылығына деген табиғи ұмтылысын тұншықтыру мақсаттан туындаған айдарлар тағылды» /2/.
Тәуелсіз Қазақстан елін құру жағдайында ұлттық сананың қалыптасуы, қазақ
этносының тарихи өткенін зерделеудің мейлінше қажеттілігін танытады. Соңғы кезге дейін қазақ этносының тарихы қазақ этносының жекелеген индивидиумдар мен тарихи үрдістер субьектілері тұрғысынан қаралған жоқ. Қоғамдық саяси қайраткерлердің ұлттың зиялы қауым өкілдерінің, тіпті қазақ арасында аса танымал белгілі мемлекеттік қызметтегі адамдардың есімдері 30-шы жылдардан бастау алған тотолитарлық жүйенің арнайы жүргізген шаралары кезінде әдейі ұмыттырылды. Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жекелеген тұлғалардың азаттық жолындағы қасиетті де, қасіретті күрес өз ұлтына деген қызметі, өмір жолдарын зерттеу күні кешеге дейін сыңаржақты бағаланып, оған тарихи шындық тұрғысынан қарауға мүмкіндік бермеді.
Патшалық Ресейдің отарлау саясаты ХХ ғасырдың басында өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлық езгі күшейген сайын, езілген халықтың қарсыласу қозғалысы да белсенді түрде арта түсті. Бұл жерде тарихты халық жасайды, десек те, жеке тұлғалардың халық арасынан шығып, оларды жаңа ұмтылыстарға, үрдістерге бастайтынын ұмытпағанымыз жөн. Ел басына күн туып, ұлттық тәуелділік және кемсітушілік пен ұлттық құқықсыздықтарды қазақ халқы басынан кешіріп жатқанда қазақ халқының қалыптасып үлгерген зиялы қауымының бей-жай қалуы мүмкін емес нәрсе еді.
Қазақ қоғамында ұлт -азаттық қозғалысын дамытуға еңбек сіңірген, халықтың ұлттық сана -сезімін оятуға, оның рухани жағынан өрлеуіне белсене араласқан жарқын жандар аз болған жоқ. /3/.
Құт дарыған құнарлы Түркістан топырағында халқым деп қабырғасы қайысып, қазағым деп қан жұтып, ел тағдырын ойлағанда ет жүрегі езіліп, ұлтым деп ұйқысын ұмытып, бүкіл саналы ғұмырын өзі туған еліне арнаған Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен алуан қырлы саяси-мемлекеттік қызметі соңғы уақытқа дейін зерттелінбей, тарихымыздан тиісті бағасын ала алмай келеді.
Сұлтанбек Қожанов 1916 жылдан 1937 жылдар аралығында ірі мемлекеттік істерге араласып, соның бел ортасында жүрді.
Сұлтанбек Қожанов - Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы тарихында өзіндік орны бар, ерекше роль атқарған саяси қайраткерлердің бірі, сондықтан да тақырыптың өзектілігі, оның бүгінгі тарихымыз үшін қажеттілігі ешқандай күмән келтірмейді. ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттік көкейтесті мәселелерге белсене араласып, ұлттық мүддені еш ауқытта да есінін шығармаған қайраткерлеріміздің тарихы жазылатын мезгіл бүгінде туғанын ескергеніміз жөн.
Жұмыстың мақсаты мен міндетттері .
Жұмыстың басты мақсаты Сұлтанбек Қожановтың мәдени - ағартушылық қайраткер ретінде, халықты ағарту мен мәдениетін дамыту үстіндегі ролін 20-30 жылдары Республикада қалыптасқан экономикалық саяси- мәдени және әлеуметтік жағдайлармен байланыстырып, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан зерттей отырып, бағалау болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы.
1920-1937 жылдар аралығын суреттейді. Зерттеу жұмысымызда Сұлтанбек Қожановтың саяси-ағартушы қайраткер болып сомдалуына себепші болған жағдайларға үңіліп, ағартушылық қызметін кеңінен талдап, Түркістан Республикасының кезеңіндегі қоғамдық - саяси қызметіне тоқталып, оның Каз Крайкомдағы қызметіне баға берілген. Қайраткердің сол тұста шығатын жергілікті баспасөз беттері, яғни «Бірлік туы» мен «Ақ жол» газеттерінің тағдырындағы рөлін анықтаймыз. С. Қожановты «¦лтшыл-ауытқушы» ретінде айыпталуындағы шындық негіздерге сүйеніп, қателіктерді ашамыз. Сондай-ақ, Сұлтанбек Қожановтың Қазақстан Республикасындағы қызметі мен оның өмірінің соңғы жылдарына тоқталамыз.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-қайраткер, әдебиетші, сыншыл-публицистік, ақындық еңбектерін арнауы қарастырып, зерттелген еңбектер барысы жөніндегі игі қадам жасағаны да белгілі.
Кеңестік- тоталитарлық жылдары зерттелген кейбір ғылыми еңбектерде Сұлтанбек Қожанов ресми түрде толық ақталғанан кейін де, тоталитарлық көзқараспен төмендегідей сыналды: « . . . Қазақстан париясының Совет орындарындағы жауапты қызметте отырған Сұлтанбек Қожанов, С. Садуақасовтар 1924 жылы баспадан шыққан М. Жұмабаевтың таңдамалы шығармасының жинағына кіріспе сөз жазып, ол жинақты мадақтады»/4/. Кейбір еңбектерде Сұлтанбек Қожановтың саяси қызметіне қысқаша тоқталған/5/. Бірақ ол еңбектерде Сұлтанбек Қожановты «ұлтшыл», «пантүрікшіл» деп айыптап, оның саяси қызметіне тоталитарлық көзқараспен сыншыл баға береді. Сондықтан бұл еңбектердің қазіргі демократиялық көзқарас қалыптасқан тұста бүгінгі күн талабына сай келмейді деп есептейміз.
Ең алғаш Сұлтанбек Қожановты ақтағаннан кейін, оның саяси өмірінің «ақтаңдақ» беттерін ашып көрсеткен, қайраткерлік саяси тұлғасын сомдап, саяси өмірінің барлық сатысына тоқталған ғалымдар Б. Қойшыбаев /6/, Ж. Әлмішұлы /7/, М. С. Бурабаев /8/, Өзбекстан ғалымы Р. Я. Раджапова /9/ болады.
Сондай-ақ, республикамыздың саяси өміріндегі Сұлтанбек Қожановтың қайраткерлік рөлін қазіргі тарихи көзқарас тұрғысында көрсеткен ғалымдар К. Нүрпейісов /10/, Т. Омарбеков /11/ пен М. Қойгелдиев бірлесіп жазған еңбегінде /12/, О. Қоңыратбаев /13/, Т. Жұртбаев /14/ болып табылады.
Ал, зерттеуші Сімтіков Жомарттың «Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси мемлекеттік қызметі» (Түркістан кезеңі, 1916-1924 жж. ) деген тақырыпқа жазылған тарих ғылымының кондидаты дәрежесін алу үшін зерттелген еңбегі Сұлтанбек Қожановтың туған кезінен бастап Совет өкіметі орнаған кездегі Түркістандағы саяси қайраткерлік қызметіне толық мәлімет бере алады /15/.
Сұлтанбек Қожановтың әдеби мұрасын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалымдар Т. Қожакеев пен А. Шәріпов. Т. Қожакеев өзінің еңбегінде алғаш рет қарастырып отырған қайраткеріміздің ақындық қырын аша келе, оның өз жұртының қамқоршысы екендігіне, дарынды әдебиетші екендігіне көзімізді жеткізді /16/. А. Шәріпов «Сұлтанбек Қожановтың әдеби-публицистикалық мұрасы» деген тақырыпта зерттелген дессертациялық жұмысы Сұлтанбек Қожановтың әдеби-шығармашылық мұрасын, публицистік шығармаларын толық зерттеп, оған филологиялық сын берген /17/.
Белгілі жазушы Сұлтанбек Қожановтың замандасы Сәбит Мұқановтың еңбектеріне тоқталсақ, ол ағартушы қайраткердің адамгершілік қасиеттерін көрсете келіп, заман талабына сай тоталитарлық көзқараспен сынаған/18/. Бірақ жазушының тоталитарлық көзқарас дегенмен ағартушылық мінез-құлқына, адамгершілігіне замандасы ретінде баға беру өте құнды дерек болып табылады. Себебі қазіргі демократиялық кезеңде өткен тарихымызға көз салатын болсақ, біз осындай сын деректерден бізге қалдырған мұрасына ғана негіздеп тарихымыздың қалтарыста қалған беттерін болашақ үшін аша аламыз.
Соңғы жылдары Сұлтанбек Қожановтың замандастары, Ә. Қоңыратбаев/19/, Ғ. Ахмедов/20/, Р. Сарғожиндердің /21/ де естеліктерінде, оның өткір сөзді қаламгерлігі жайлы мәліметтер береді.
Сондай-ақ зерттеу жұмысын жазу барысында мынадай еңбектерді негізгі дерек ретінде нысанға ұстадық, олар, Сұлтанбек Қожановтың замандастары М. Шоқайдың «Түркістанның қилы тағдыры» /22/. «Туркестан под властью Советов» /23/ атты еңбектері, Г. Сафаровтың «Колониальная революция Туркестанский период»/23/, Қ. Кемеңгерұлының «Таңдамалы»/24/ шығармаларында, Н. Төреқұловтың «Шығармалар: Дипломат» /25/, Заки Валиди Тоғанның «Естеліктері» /26/ сияқты еңбектер қолданды.
Зерттеу әдістері. Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау және тағы басқа зерттеу әдістері пайдаланды.
Зерттеу жұмысының құрылым.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес тақырыпшадан және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І ТАРАУ С Ұ ЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Сұлтанбек Қожановтың өскен ортасы, балалық шағы
Атам қазақ қашан да белбеуден ат кетпеуін, ошағынан от кетпеуін, төрінен той тарамауын тілеген. Тәуелсіздік еншімізге тигелі талай арыстарымыздың атын тірілтіп, әруағын тербеттік. Әділдік бар жерде ғана елдік болады. Елдік бар жерде әділдік салтанат құрады.
Өсетін өркендейтін елдің бәрі де өткен тарихын құрметтеп, асыл перзенттерін ардақтап қадір тұтады.
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгіров айтқандай қиын қыстаудан елін қайтсем аман алып қаламын деп шарқ ұра еңіреген ерлер мен топ бастаған көсемдерді халық тағдыры өзі толғатып, отырған. Келелі елге лайықты ұлға халқымыз кемде болған емес /27/.
Халқымыздың асыл ұлдарының бірі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ елінің рухани таяныш - тірегі болған, елдің ел болып мемлекет болып аяқ басуына жан аямай үлес қосқан, ардақты азаматы Сұлтанбек Қожанов қасиетті Созақ ауданының топырағында, Қарт-Қаратау баурайында Ақсүмбеде туып өскен. Қарт -қаратаудың теріскей бетінде бір қиырда жатқан кіші - гірім елді мекен бір кездері әлемге аты шыққан қала болыпты. Ақбикеш атандырған осының барлығы қасиетті өлкенің тарихы тым терең Ақсүмбенің ежелгі аты - Хендохар қаласы болды. Хендохар қаласы бірте-бірте Моңғол шапқыншылығынан кейін ежелгі атынан айрыла бастады. Олар өздері сонда келгенше асқақтай қарап тұрған мұнараға «Ақ соғым» деген ат берді. Монғолша «Ақ серге ». Бұл атаулар қазақтарға кет әрі емес болатын. Қазекем де осы найзаның ұшын «сүмбе»деп атаған. Атақты шығыстанушы Бортольд осы Ақсүмбеге арнайы келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Оның жазған шығармасының үшінші томында мұнараның бұлай аталуы мұнда «дін- мәдениеттің байланыстығынан» деп атап көрсетті. Бір кездегі Хендохар атынан айырылып Ақсүмбе атағын алған мекенге «Темірдің соғыс жорығы» жазбасының авторы Низзам ад-дин Мами мен Шереф ад-дин Али Иезди келген кезде «Ақсүмбе» - Қарашық («Қаратау» тауының биік жотасында сорайып тұрған мұнара қалпында тұр екен. )
Міне осы тарихы мол Ақсүмбеде Сұлтанбек Қожанов 1894 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келді. Ақсүмбені ежелден мекен еткен халық қоңыраттар жәукімдер еді. Бұл қазіргі Созақ ауданының Қаратау ұжымдық бірлестігінің Ақсүмбе бөлімшесі болып табылады /28/.
Жас кезінен алғыр, мән - жайды тез түсінетін, білімге құштар, Сұлтанбек арабша да хат танып білім алған. Кейбір деректерге қарағанда ол алдымен төрт жылдық орыс-қазақ мектебінде оқыған. Өзінің қолымен толтырылған анкетада 1913 жылы үш кластық училищені бітіргендігі жөнінде жазады. Онда өте жақсы оқып, көзге түсті, тіпті мұғалімдердің өзі Сұлтанбекке: «Сенің бойыңда өзгелерге ұқсамайтын табиғи қабілет бар. Сонымен оқуыңды тежеме . Мұнан әрі жалғастыр. » - деп ақыл қосты /29/.
Үш кластық училищені аяқтаған соң, Ташкентке сапар шекті. Жас жігіттің бар арманы мұғалім болып ауылдағы сауатсыздықты жоюға үлес қосуды ойлаған. Ол шақта ұстаз болу, жас ұрпаққа дәріс беру - ең құрметті, ең сыйлы, қасиетті жұмыстардың бірі болып табылды. Оған қол жеткізу арман еді. Ол Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. ¦лағатты ұстаздардан дәріс алып Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Гегель секілді философтар мен үлкен ойшылдар туралы көптеген мағлұматтар алады. Осында жүрген кезде революция дүлейін сезінеді. Осы кезеңде қазақ азаматтарының ұлт - азаттық көтерілісінің куәсі болды. Ташкент қаласы сол кезде оқыған зиялы қауымының бас қосқан, әрқилы пікірталастардың ұясы болған кез еді. Мұндай ағымнан Сұлтанбек те шет қала алмады. Ептеп астыртын ұйымдарға да қатысып көрді. Мұғалімдердің топтасқан «Кеңес» деген жасырын ұйымының жұмысына қолқабыс тигізді. Мұның барлығы оның саяси көзқарасының қалыптасуына игі ықпалын тигізбей қоймады. Сұлтанбек Қожанов Мұғалімдер семинариясын 1916 жылы жақсы үлгеріммен аяқтап шығып, мақтау қағазымен бітірді.
Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын мақтау қағазымен аяқтап келген соң, арнайы жолдамамен Әндіжан уезіндегі орыс-түзем мектебіне мұғалім болып орналасады. Бір жыл ішінде ол мұғалімдік жұмыс барысында көп нәрсені ұғынады. Халықтың тілін тауып жұмыс істеуді үлкен нәтижеге қол жеткізу деп түсінеді.
Сұлтанбек Қожанов ауыл ахуалын ондағы өз ұлтының балаларының сауатсыз қалып қалғанын көріп, жанашырлық танытып, басқа көзқараспен қарап, ауылда мектеп ашуға бірнеше маңызды істерге атсалысады.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы ақпан- қазан төңкерілістері зерек жігітті қатты толғандырды. Ол халықтың жағдайын, мұң-мұқтажын оқыған, көзі ашық азаматтар қозғауы керек деген ойда болды. Қоғамдық жұмысқа Ташкент семинариясында жүрген кезден-ақ араласады. 1917 жылдан бастап Ташкентте шақырылып «Бірлік туы» газетін редакциялауға қатысады. 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдарда Сұлтанбек Қожанов Жас Кеңес өкіметін нығайту ісіне, ол өкметті өз халқының мүддесі үшін пайдалануды мақсат етеді. Бұл кезеңнен бастап Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметтері басталады. Ташкентте педагогикалық оқу орнында сабақ бере жүріп, қоғамдық ұйымдастырушылық жұмыстарды қоса атқарды. Халыққа білім беруде қазақ институтын құрып, оның қабырғасында алғашқы 300 мұғалімді даярлап шығуға атсалысты. Сұлтанбек Қожановтың белсенді жұмыс атқарып, қызмет бабында тез шынығып көзге түскен және үздіксіз өсіп отырған жылдары 1919-1924 жылдар болды. Алғашқыда Түркістанға оралып, уездік оқу бөлімінде қызмет атқарды. Кеңестердің уездік съездін басқарып, уезд атқару комиссиясының төрағасы болып сайланды. 1920 жылы БКбП. қатарына өтіп, партиялық жоғары сайлау органдарына сайланады. Сырдария облыстық конференциясы оны обком (қоғамдық комитет) мүшесі етіп сайлайды. Содан соң ревком (революциялық комитет) төрағасы болады /30/.
Сұлтанбек Қожановтың отбасында жұбайы Күләндә, 3 баласы болған. Қызы Зиба, ұлдары Нұрлан және Арыстан. Күләндә Қожанова АЛЖИР-дің көп қорлығын тартқан.
1. 2. Сұлтанбек Қожановтың жергілікті халық арасында жүргізген ағартушылық жұмысы
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ елінің қоғамдық қалпында, шаруашылығы мен рухани әлемінде бұрын - соңды болмаған елеулі серпіліс ерекше сипатта бой көрсетті. ¦шы қиырсыз Ресей империясының өміріндегі аласапыран өзгерістер, отаршылдық саясаттың ойрандары - бәрі-бәрі бұғаудағы ұзақ ұлыстардың бодандық шырмауынан бостандық шырқауына деген құлшыныс-құштарлығын оятты. ¦лттық сана сезімінің осы күрт жаңару -жаңғыру кезеңінде қилы тағдырлы қазақ халқының да тоғыз жолдың торабында тосын құбылыстардың тоғысында тұрғандығы түсінікті еді.
Ақиқатына жүгінсек жиырмасыншы жылдардағы партия, Кеңес қызметкерлерінің көбісі журналист болған, публицист болған. Уақыт оларды солай қалыптастырған. Қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихында өзіне тиесілі орны бар тұлғалардың бірі Сұлтанбек Қожанов болып табылады.
Сұлтанбектің партия, Кеңес қызметтеріне белсене араласа жүріп, өз ойлары мен тұжырымдарын мерзімдік баспасөз беттерінде жиі жариялауы -негізінен алғанда 1920-1925 жылдар болып табылады /31/.
Осы төрт - бес жыл ішінде Сұлтанбек Қожанов көптеген мақалалар, проблемалық материалдар, публицистикалық ой-талғамдар жариялайды. Оның жазғандары сол кезде үзбей шығып тұрған «Ақ жол», «Жас қайрат», «Еңбекші Қазақ» газеттерінде, «Қызыл Қазақстан» журналында жарық көріп жатты. «Ақ жолда» жарияланған бір қатар мақалаларының тақырыбына тоқтала кетсек: «Аз күн» (Ленин жөнінде) (№396), «Жас буын жаңа жұрт - жаңа жолға түсіңіздер» (№402), «Көп сұмдықтың бірі» (№480), «Міндет ауырлады, шығу керек» (№485), «Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақта болсын» (№507), «¦лт мәселесі - іс мәселесі» (№424), тағы басқа тақырыптың өзі айтып отырғандай, Сұлтанбек сол кезеңде ұлттың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, барлық мәселелерге араласып, өз ойын білдіртіп отыруға тырысқан /32/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz