Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы және оны орта мектепте оқыту


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы және оны орта мектепте оқыту

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі . . . 11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты

кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы . . . 25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі . . . 41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі . . . 62

Қорытынды . . . 75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78

Кіріспе

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу - заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы - «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі - Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Диплом жұмысында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романының зерттелуіне, романдағы басты кейіпкерлер бейнесінің жасалуына, жазушының тілі, стилі шеберлігіне сипаттама беріледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ш. Құдайбердіұлы жетпіс үш жасына дейін өзінің көп жылдар бойы қаламгерлік тұғырында қазақ әдебиетіне қалтқысыз қызмет етті десе болады. Ақын әдебиетіміздің көп жанрына еңбек сіңірді. Қазақ романдарын бүгінгі жеткен биігін сөз еткенде, Ш. Құдайбердіұлынсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, ақынның «Әділ-Мария» тақырыбына қалам тербеген және дастандары жайында жазған, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары - әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.

Ол - қазақ әдебиетінің аса талантты қаламгері, әдеби тіліміздің дамуына, кемелденуіне ерекше үлес қосқан жазушы. Оның қаламынан қазақтың көптеген поэмалары, дастандары, өлеңдері, мақалалары қайта жаңғырып, құлпырып шықты. Кен іздеген барлаушы секілді Шәкәрім халық тілінің тереңде жатқан неше алуан қазынасын таба білді. Ол әдебиетімізге сөз қолданудың сан салалы үйлесімді үлгілерін әкелді. Шәкәрімнің әрбір шығармасынан маңызды оқиғалар, қызғылықты характерлер ғана табылып қоймай, тіліміздің жаңа қырлары, мол мүмкіншіліктері таныла түседі.

Қаламгердің «Әділ-Мария» романындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау - бүгінгі қазақ романдарынан бастау көздерін анықтауға негіз болады. «Әділ-Мария» романы қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен құнды болып келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романы аумалы-төкпелі өмірге, трагедияға толы заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де, адамзат үшін аса маңызды тақырып болып келді. Ақын қалам тербеген аса елеулі тақырыптарда қоғам, әлеумет мәселелері терең ойшылдықпен көркемделіп, философиялық және терең әлеуметтік мазмұнға ие болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының прозалық шығарма жасаудағы шеберлігін, дүниетанымын ашу - зерттеу жұмысының басты міндеті болып табылады. Жазушының адам, табиғат, заманды тұтастыра көрсетіп, көркем тілмен толымды образ жасауы диплом жұмысының негізгі өзегіне айналды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы әр түрлі ғылым салалары тарапынан зерттеліп, соңғы жылдары Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде біршама жетістіктерге жетіп, қалыптаса бастағаны белгілі. Шәкәрім болмысының күрделілігі мен оның қалдырған мұраларының сан салалы сипаты әр түрлі ғылым өкілдерінің назарын аудартып, тың ізденістер тудыруда. Шәкәрім шығармашылығының роман, дастандарымен ғана шектелмейтіндігі, философиялық тарихи дерек көздері мен ағартушылық-педагогикалық көзқарастарының жүйесін кешенді түрде зерттеудің, енді қолға алына бастауы заман үрдісінен туған қажеттілік.

Сондықтан қазіргі кезеңде Шәкәрім шығармашылығын белсенді зерттеумен әдебиетшілермен қоса, философтар, тарихшылар, педагогика және психология ғылымдарының мамандары айналысуда. 1975 жылы Ы. Дүйсенбаевтың ықпалымен «Краткая литературная энциклопедияның» 8-томына «Худайбердиев Шакарим» атты мақала енгізілсе, 1978 жылы М. Мағауин «Поэты Казахстана» деген жинақта ақынның бірсыпыра өлеңдерін жариялады.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мәрия» романындағы басты кейіпкерлер бейнесі психологиялық тұрғыда өз дәрежесінде берілсе, онда Шәкәрім зерттеулеріне қосылған мол үлес болар еді.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері . Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романының ерекшеліктерін ашу үшін оның дүниетанымына бойлау, ақыл-ойын қалыптастырған негіздерін саралау, сол арқылы қазақтың болмысын келтіру болып табылады. «Әділ-Мария» романы мәңгілік тақырып - махаббатты жырлаудағы ой-сезімнің бітімі мен терең сезімі, психологизм өзгешелігі сарындарын шебер пайдалана білген қаламгерлік ерекшеліктерін саралау арқылы белгілі тақырыпты толғаудағы өзіндік өрнегін айшықтау. Ақын «Әділ-Мария» романындағы махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім сипатынан ашып, адам мен жаратылыс арасындағы үйлесім табиғатымен бірлікте алынуы арқылы өмірдің түпкі мән-маңызын ұқтыруға бағытталатынын айқындау. «Әділ-Мария» романы қоғам мен әлеуметтің өзекті тақырыптарын саралау арқылы негізгі өзекті мәселелерді қозғайды.

«Әділ-Мария» романында табиғаттың болмысының айқын белгісі ретінде адам мен тылсымның арақатынасына бойлау, сол арқылы адамзаттың көнеден бүгінге дейінгі мәңгілік тақырыптары әсерінен махаббат ұғымының да аясы кеңіп, ол адамзатты, жалпы өмірді сүю ұғымына ұласатындығы дәйектеледі.

Зерттеу нәтижесіндегі негізгі тұжырым түйіні - «Әділ-Мария» романында махаббат, сүйіспеншілік сезімдерінің мән-мазмұнының тереңдеп, жалпы ғаламдық, адамзаттық ауқымда алынуы. Махаббат құдіретін адам жанын ізгілікке, мейірімге толтырып, сол арқылы оның бүкіл болмысына әсер ететін күш ретінде бейнелейтін сыршыл ақын бұл идеяларын да таныта бастады.

Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қазақ әдебиеттанушылары ғалымдары ұсынған ғылыми еңбектер қолдандым. Зерттеу жұмысының объектілерін әдеби және романдарға талдау жасауда біз белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар З. Ахметов, Ш. Елеукенов, Б. Майтанов, Б. Әбдіғазиұлы, Ш. Сәтбаева, С. Істілеува, Ә. Мұратов, З. Бисенғали, Қ. Мұхаметханов, М. Әуезов, Шалабаев, Ә. Тәжібаев, М. Базарбаев, М. Мағауин т. б еңбектері мен ой-тұжырымдары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаландым.

Зерттеудің нысаны. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Әділ-Мария» романының ерекшеліктерін анықтау - романның көркемдік әсемдігін, терең ойшылдығын, сыншылдығы мен шыншылдығының табиғатын көрсету болып табылады. Зерттеудің дерек көзі ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының баспалардан жарық көрген шығармаларының жинақтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорларында сақталған құжаттары, Республика кітапханалары қорларында сақталған Шәкәрім шығармаларының қолжазбалары, Шәкәрім туралы оның туыстарының жеке иелігінен алынған түрлі қолжазбалар, деректер және естеліктер пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың негізгі нысаны ретінде Ш. Құдайбердіұлының шығармалары (1988), «Шәкәрімтану мәселелері» екінші, үшінші том (2007), Б. Әбдіғазиұлының «Шәкәрім әлемі» (2008) және тағы басқа зерттеулер және баспа бетінде жарық көрген ғылыми мақалалар пайдаланылды.

Зерттеудің әдістері. Әдебиеттану ғылымына тән кешенділік, жүйелілік, салыстырмалық, объективті-аналитикалық, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, қорыту әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырым байыптаулары, романның табиғатын, эпика жанрлары, дастан, поэмалардың жанрлық-стильдік, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер дипломдық жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі ретінде қарастырылады.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романының зерттелуі

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын, прозаик, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол көркем мұра қалдырды. Шәкәрім әдебиеттану ғылымында ғана емес, тұтастай ұлт өмірінде ерекше қуанышқа айналған, Абайдан кейінгі көрнекті ақын. Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келді. Шәкәрім Құдайбердіұлының телегей-теңіз мол мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеп, танып-білуде ақын өмірі мен шығармаларына қатысты архив деректері мен архивтік документтердің маңызы аса зор.

Өмірінің соңғы жылдары мен күндерін тауда жалғыз өткізіп жүрген жетпіс үштегі Шәкәрім 1931 жылдың 2 қазанында дүниеден кетті. Зұлымның, сұмның қолынан асыл адам қаза тапты. Қаныпезерлер оның сүйегін құдыққа тастайды, туыстары кейін мүрдесін тауып, жерлеген… Оған ұзақ жылдар бойы буржуазиялық ұлтшыл “Алаш” партиясының қызметіне, Совет өкіметін орнатуға қарсылар тобына - бай-қулақ элементтерге қатысы бар делінген кінә тағылды, атын айтуға тиым салынды.

Ақынның 1911 жылы тұңғыш кітабы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» Орынборда басылып шықты, бірқатар туындалары 1912 жылы Семейде басылған ақынның «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жарыққа шықты. Орыс ақыны А. Пушкиннен аударған «Дубровский әңгімесі» (1924 жыл), «Боран» шығармасы (1936 жыл) «Әдебиет майданы» журналында жарияланды. «Ләйлі-Мәжүн» дастаны «Шолпан» журналына басылып, кейінірек С. Сейфуллин басшылығымен жеке кітап болып шықты. Шәкәрімнің шығармашылығының қаншалықты қатаң қыспақты, шытырман шектеулерді бастан кешіргенімен ақынның ойлы да көркем жыр жолдары, өмір даналығын бойына мол дарытқан поэмалары, өзге де өрлі туындылары халықтың жүрегінен алыстаған жоқ. Шәкәрім жарты ғасырдан астам уақытында шығармашылық жолында, әдебиеттің барлық жанрларында қалам тербеді.

Шәкәрім Абайдың маңында жүріп, ұлы ақыннан шығармашылық шабыт дарытқан, өнеге үйренген, талантты шәкірттерінің алдыңғы қатарында болды. Қай жанрда, қай тақырыпта қалам ұстаса да Шәкәрім өз туындысына таңғы шықтай мөлдіреген шындық пен шыңыраудай терең ой дарыта білді. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі халқымыздың сонау тарих тереңінен бүгінге жалғасып келе жатқан аса бай мәдени, рухани қазынасын түгендеу мен бағалаудың құрамдас бір саласы боларына дау жоқ.

Алғаш рет Шәкәрім шығармашылғын ғылыми тұрғыдан негіздеген Ә. Тәжібаев, Ш. Сәтбаеваның, М. Мағауиннің мақалалары жарық көрді. Шәкәрім мұрасына жан-жақты монографиялық деңгейде тұңғыш рет талдау жасап, баға берген Ш. Сәтбаеваның, ақынның поэзиялық мұрасын зерттеуге арналған Б. Әбдіғазиевтің кітаптары шықты [8. 13-б. ] . Шәкәрім сынды сан қырлы талант иесінің барлық жанрларындағы шығармашылық мұралары әдеби дәстүр мен жалғастық, көркемдік таным және уақыт сабақтастығы тұрғысынан тұңғыш рет қарастырылды.

Ш. Құдайбердіұлының шығармалары туралы пікір айту, зерттеу бүгін ғана басталған іс емес. Шәкәрімнің есімі мен әдеби мұрасы ақталып, шығармаларының жинақтары жарық көрген соңғы жиырма жылдың көлемінде, қазақ әдебиеттану ғылымындағы тың серпілістің бір арнасы. Шәкәрім мұраларының терең сырларына үңілуге, оның көркемдік табиғатын ғылыми негіздеуге бағыт алды. Шәкәрім Шығыстың ұлы шайырларының бірі Сағди шығармашылығының арасындағы сюжет алмасу дәстүрінің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасады [8. 15-б. ] .

Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттің даму бағыттары, көркемдік таным арналары әдіс мәселесімен тығыз ұштасады. Өткен күн мұраларын бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста көркемдік әдістер, әдеби бағыт пен ағымдар мәселелері жан-жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді.

Шәкәрімнің прозалық шығармалары, жазушының прозашы ретінде қалыптасу жолын саралап көрсету мақсатында оның көркем прозаға барар жолдағы игі талпыныстары іспетті болған «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» сипатындағы трактат шығармаларына алғаш рет назар аударылды [8. 16-б. ] . Шәкәрімнің көркем аударма саласындағы еңбектері, шығыс әдебиетінің үлгісіндегі нәзирашылдық дәстүрдің Шәкәрім шығармашылындағы үздік көрініс болып табылатын «Ләйлә-Мәнжүн» дастаны. А. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты прозалық шығармаларының ерекшеліктері, оларды аударудағы дәстүрлі аударма ауқымына сия бермейтін көркемдік ізденістер нәзирашылдықтың нысандары арқылы талданды. Шәкәрімнің артына қалдырған өлеңдері үлкен мұра болып қалды. «Жастық туралы» (1879 ж. ), «Кәрілік туралы» (1879 ж. ), «Жастарға» (1879 ж. ), «Жаз келер» (1880 ж. ), «Шын сырым» (1881 ж. ), «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Махаббат пен құмарлық», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» т. б. өлеңдері жарыққа шықты. Шәкәрімнің дастандары «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, «Еңлік-Кебек» поэмасы, «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасы, «Мұтылғанның өмірі», «Ләйлә-Мәжүн» поэмасы 1907 жылы жарыққа шықты.

«Көрініске шоқынған», «Кел, аяқшы қымыз құй», «Ей, жарымыз, ай нұры», «Тұр, аяқшы, бер қымыз», «Көңіл жібі қолымнан», «Анық ерге жолдас бол», «Мәжілісінде досыңның», «Кешегі басшы піріміз» - өлеңдері Шығыстың әйгілі ақыны Хафизден аударған.

Ақын мұрасын насихаттау жағы, шығармаларын орыс және басқа шет тілдерге аудару маңызды іс екені талассыз. Қаламгердің шығармаларын талдап, бағалау, оларды өз тәуелсіздігін қолына алған еліміздің игілігіне аса беруіне үлес қосу - әрбір зерттеушіге ортақ міндет болып табылады.

Шәкәрімнің прозалары мен қара сөздері «Бәйшешек бақшасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» (1930 ж. ), «Шын бақыттың айнасы» (1918 ж. ), «Мәнді сөздер». Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Әділ-Мария» романын 1925 жылы жазған. Бұл қаламгердің кемеліне келген, мол тәжірибе жиған шағы. Алайда түрлі қоғамдық, әлеуметтік және шығармашылық мәселерге байланысты. Бұл романның қолжазбасымен қаламгер алаңсыз айналыса алған жоқ.

«Әділ мен Мария» романы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі игі көремдік ізденістерді таныта алатын романдардың бірі. «Қайғылы роман» деуіне қарағанда романдағы сентименталды пафосты қаламгер айрықша көрсеткісі келген тәрізді. «Әділ-Мария» романы ақынның лирикалық туындыларында, поэмаларында қойылған, көркемдік шешімін тапқан тақырыптарымен, мәселелерімен, проблемаларымен, ой-туындыларымен үндес, сәйкес, тамырлас. Шығармада қазақ ауылының 1910 жылдардағы өмірі қамтылған. Азды-көпті кемшіліктерге қарамастан роман кезіндегі қоғамдық ой-пікірде жиі көтеріліп тұрған бас бостандығына ұмтылыс, әйел теңдігі мәселелерге үн қосқан құнды шығарма.

«Әділ-Марияны» жазған Шәкәрім туылған ғасырдың жиырмасыншы жылдарында айқын және ажарлы, кемел келбетімен көңіл аударған Мұхтар Әуезов әңгімелері, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың туындыларымен таныс болуы мүмкін емес. Эпикалық қарымы өлең құдіретімен асып-таса байқалған ақын қара сөз алқабында да өз бедерімен, артық айшықтарсыз, қарапайым әрі шынайы қасиетімен танылуға тырысқан.

Романда болған уақиғаның уақыты мен орны, қатысқан адамдар аталады. Қаламгердің уақиға желісін сақтай жазуға ұмтылғаны аңғрылады, алайда замана, уақыт тілін түсіне алған Шәкәрім Құдайбердіұлының өз толғамдары мен ой әуендері де аз емес.

Қазақ зерттеушілері романтизмнің ХХ ғасырда жаңаша қарқын алғанын атап өтеді. Т. Кәкішұлы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуында айқын көрініп, «әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал - романтикалық суреттеу тәсілі» екенін ашық айтады.

Қазақ романтизмінің табиғаты, көркемдік әлемі мәселесі оның даму жолын қарастыру қажеттілігінен туындайды. Осы тұрғыдан көркемдік-эстетикалық жүйе ретінде романтизм эволюциясын зерттеу аса маңызды. Сонымен қатар қазақ прозасының қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен романтизм табиғатын, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы прозаның романтикалық сипатын жүйелі зерттеу тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Ш. Құдайбердіұлының қалдырған мол мұрасының идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанрлық молдығы, көркемдік әсерлілігі, стильдік өзгешіліктері, тілдік шеберлігі де, толып жатқан сыр сипаттары, сан алуан қырлары, дәйекті зерттелетін кез енді туды. Шәкәрім Құдайбердіұлы қалдырған мұра идеялық көркемдік мазмұнының байлығымен ерекшеленеді. Шәкәрім ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиет тарихынан үлкен орын алды. Бүгінде халық қазынасына айалып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани, байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларын, мақсат мұраттарын бекітуге қызмет ететіні хақ. Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің бұрынғы жырлардан өзгерегі «Шәкәрім» атты тұңғыш энциклопедияда (2008ж) көрініс тапқан. Шәкәрім поэзиясында ұлттық эпикалық категориялар жүйесі мейлінше кеңейтілген. 2008 жылы жарық көрген («Халықаралық Абай клубы», «Жидебай») Шаһкәрімнің «Қажыма, айым, қажыма», «Өкінішті ғұмыр», «Үзілмеген үміт» атты үш томдық кітаптар жарыққа шықты. Бұл жарияланған Шәкәрімнің өз туындыларынан және ақын туралы зерттеу мақалаларынан тұрады .

Ақынның көп жылдар бойы ардақты есімі, мол мұрасы қалыптаса бастап, қоғамдағы оң өзгерістердің нәтижесінде ХХ ғасырдың соңында ғана ақталған Шәкәрімді алаштың басқа да алыптарымен бірге халқымыз айрықша қуанышпен қарсы алғаны күні бүгінгідей көз алдымызда. Шәкәрім ең алдымен ойшыл ақын Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілі ретінде ол өзі нәр алған дәстүрден үйреніп қана қойған жоқ, оны өзінше даралықпен дамытты. Оның философиялық лирикасы, эпикалық шығармалары, прозасы қазіргі әдебиеттану ғылымында түпкілікті түрде зерттеле бастады.

Академик Заки Ахметов өзінің “Шәкәрім - қазақ әдебиетінің классигі” деген терең танымды зерттеуінде: “Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” дастандарынан халық өмірін терең білетін, сан ғасырлық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасынан өте күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін, жаңашылдығын сезініп, тәнті боламыз. Шәкәрімнің ақындық жаңашылдығы тыңнан қосқан өлең өлшем-өрнектерінен, өлеңдеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынан алғанда, Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде кездеседі деп айта аламыз”, - деп алып ақынның шығармашылығы туралы лайықты бағасын берген еді.

Академик Заки Ахметов романтизмнің әдеби бағыт ретінде, әрі көркемдік әдіс мағынасында қолданылатынын атап өтеді. Ғалым романтизмге тән бейнелеу тәсілдерінің ХХ ғасырда жаңа сипат алып, дами түскенін және романтизмнің «негізгі принциптері көркем өнердің табиғатына сай болғандықтан алдағы уақытта да қолданыла беретінін» жазады [4. 289-б. ] . Романтикалық бейнелеу тәсіліне тән негізгі ұстанымдар (романтикалық кейіпкер, романтикалық көтеріңкі леп, қақтығыс сипаты, қиялшылдық, қоғамға сын көзімен қарау, болмысқа наразылық білдіру) нақтылы тарихи дәуірдің шеңберінен тыс уақытта да болады.

Академик Заки Ахметов «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты жаңа зерттеуіндегі ғылыми тұжырымын теориялық негізге ала отырып:

«Шәкәрімнің қара сөз түріндегі шығармаларына келсек, ол қазақ әдебиетіндегі реалистік психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға аянбай күш жұмсағанын атап айтуымыз қажет. «Әділ-Мария» атты романын «Қайғылы роман» деп сипаттаған шығармасынан, сондағы сан түрлі адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл-күйін, мінезін бейнелеуінен, сондай-ақ табиғатты, мысалы, Шыңғыстауды кейіптеу тәсілімен жан бітіргендей етіп суреттерінен анық байқаймыз. Шыңғыстау бауырында, маңайында болып жатқан жай-жағдай, оқиғаларды біліп, сезіне алатындай әсер туады да, шығармаға тән психологизм, лирикалық сарын күшейе түседі» [3. 223-б. ] .

Әдебиеттанушы-ғалым Б. Майтановтың «Әділ-Мария» романына байланысты айтқан пікірі де осы шығарманың ұлттық және әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығына негізделген жаңашылдығын дәйектейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Абай тұлғасы
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz