Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1 Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
басты тақырыптары

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

1. 2 Жасөспірімдерге арналған өлеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

1. 3 Табиғат тақырыбына арналған өлеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29


2 Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
өзіндік ерекшеліктері

2. 1 Ақын өлеңдерінде кездесетін троптар мен
фигуралардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

2. 2 Ақын өлеңдерінің негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

3 Т.Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні және
оның орта мектепте оқытылуы

3. 1 Т.Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
3. 2 Т.Молдағалиев шығармашылығын орта мектепте
оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
.


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі – Т.Молдағалиев.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Тұманбай ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Т.Молдағалиев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды.
Т.Молдағалиев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде балаларға арнап жазған туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.
1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. –Алматы:Жазушы,1976 ж.-228 б.
2. Молдағалиев Т. Махаббат оты сөнбейді. –Алматы: Жазушы, 1975 ж. -240 б.
3. Молдағалиев Т. Қош, Көктем. –Алматы: Жазушы, 1971 ж. -240 бет.
4. Моладағлиев Т. Жүректегі жазулар. –Алматы: Жалын, 1981 ж. -200 бет.
5. Молдағалиев Б. Бөбегімін Ильичтің. –Алматы: Жалын, 1977 ж. -244 бет.
6. Молдағалиев Т. Хаттар, Хаттар. //Балалар әдебиетінің хрестоматиясы. –Алматы: Жазушы, 1974 ж. -170 бет.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Жазушы, 1983 ж. -456 бет.
8. Әлімбаев М. Сара сөздің сардары. Егеменді Қазақстан. 1995 ж. 24-наурыз. №10. 5-б.
9. Молдағалиев Т. Олар мені Тұмаш деуші еді. Жас Алаш. -1995 ж. №9-10. 3 бет.
10. Молдағалиев Т. Асыл жүрек айнымас. –Алматы: Жазушы, 1982 ж. -144 бет.
11. Молдағалиев Т. Таудан түскен сәуле. –Алматы: Жалын, 1979 ж. -232 бет.
12. Молдағалиев Т. Әлі-ақ таң қалдырамын, ұлы бір дүниемен. Жұлдыз журналы. -1995 ж. №9. 3-4 бет.
13. Молдағалиев Т. Өлең сөздің патшасы. Қазақстан әйелдері журналы. -1995 ж. № 4. 25-бет.
14. Әлімбаев Т. Толқыннан толқын туады. Егемен Қазақстан газеті. -1991 ж. 221-230 бет.
15. Молдағалиев Т. Алатаудың акиығы – алпыста. Заман Қазақстан. 1995 ж. 2-маусым. 5-бет.
16. Кекілбаев Ә. Ақ ниеттің адал жаршысы. Егеменді Қазақстан азеті. -1996 ж. 12-кыркүйек. № 77. 4 бет.
17. Елубаев С. Жыр жампозы (Ақын Т.Молдағалиев 60-жаста: акын жайлы замандастырының пікірі). Парасат журналы. 1995 ж. № 3. 2-3 бет.
18. Асанов С. Өлең боп туған адам. Қазақстан әйелдері журналы. 1995 ж. № 4. 25-бет.
19. Асқарова С. Тұманбай өлеңдеріндегі эпитеттің қызметі. Зерде журналы. -1996 ж. № 6. 16 бет.
20. Дәдебаев М. Ақын әлем (Т.Молдағалиевтің лирикасы жайында). Қазақ тілі мен әдебиеті газеті. -1998 №9-10. 108-бет.
21. Дәуітов С. Өлеңге айтам, өзгеге айтпас нәрсемді. (Ақын Т.Молдағалиев творчествасы жайында). Қазақ әдебиеті. 1990 ж. 31-тамыз. 3-б.
22. Сариев Ш. Жүрегі ояу қашанда: (Ақын Т.Молдағалиев 50 жаста). Жұлдыз журналы. -1985 ж. № 3. 183-185-бет.
23. Ақметова К. Махаббат пен жастық жыршысы: (Т.Молдағалиев 50 жаста) // Қазақ әдебиеті, 1985 ж. 22-мамыр. 10-бет.
24. Дәуітов С. Ақынның аялы алақаны (Т.Молдағалиевтің творчествосы) //Лениншіл жас, -1984 ж. 7-декабрь. 3-б.
25. Оразалин Н. Т.Молдағалиев туралы толғау сөз. Егеменді Қазақстан, 1995 ж. 8-маусым. 8-б.
26. Әлтай А. Қазақ балалар поэзиясы. Астана: Фолиант, -2009. – 384 б.
27. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. 3 т. –Алматы:Қазығұрт баспасы, -2007. – 421 б.
28. Ыбырайым Б. Сырлы әлем (Қазіргі қазақ балалар прозасы). –Алматы, -1977. – 31-б.
29. Уақыт және қаламгер, 4-кітап. –Алматы, -1976. – 296-бет
30. Тұрманжанов Ө. Балалар әдебиетін жетілдіре түсейік. //Лениншіл жас, 1974. 29-мамыр.
30. Мәмбетова А. Т. Қазақ балалар поэзиясындағы фольклорлық дәстүр (ХХ ғасырдың 1920-1990 жылдар аралығы, автореферат). – Алматы, -2006. -28 б.
31. Қирабаев С. Қазақ балалар поэзиясы [Алғы сөз] //Қазақ балалар поэзиясының антологиясы /Құраст.М.Әлімбаев, Қ.Баянбаев. –Алматы, -1977.–460-б.
32. Ергөбек Қ. Бөбек деп, өбектеп өткен ақын //Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы /Құрастырған Қ.Ергөбек. – Алматы, -1987. –190 б.
33. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. -Алматы, -1965.
34. Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет. -Алматы, -1984.
35. Құлгелдиева Л. Саралай, деңгейлей оқытудың тиімділігі// Қазақ тілі мен әдебиеті,- 2004 ж. №8. 7-9-беттер.
36. Масалов Ә. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі // Қазақстан мектебі, -2006. №3. 9-бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік
ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1 Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
басты тақырыптары

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

1. 2 Жасөспірімдерге арналған өлеңдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

1. 3 Табиғат тақырыбына арналған өлеңдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

2 Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
өзіндік ерекшеліктері

2. 1 Ақын өлеңдерінде кездесетін троптар мен
фигуралардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .32

2. 2 Ақын өлеңдерінің негізгі ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

3 Т.Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні және
оның орта мектепте оқытылуы

3. 1 Т.Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
3. 2 Т.Молдағалиев шығармашылығын орта мектепте
оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...52
.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 7

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .60

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні
тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап
отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша
ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала
санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес
мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп
отыр.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар
поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге
келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби
шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде
де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде
қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан
да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын
керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп,
бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол
кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке
мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы
алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр.
Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек
пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың
бірі де бірегейі – Т.Молдағалиев.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық
көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның
қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту
келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін
бақыт. Оны Тұманбай ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ
елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Т.Молдағалиев мұрасына бұрынғыдан
әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың
жаңа бір кезеңі басталды.
Т.Молдағалиев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды
балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының
өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның
шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-
жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде балаларға арнап жазған
туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін
жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау
бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар
Тұманбай Молдағалиев қаламынан шыққан әр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам
жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері
екенін аңғарамыз. Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді
дамытушылардың бірі де бірегейі, ол – Тұманбай. Ақын шығармашылығынан
адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты
молынан кездестіреміз.
Тұманбай дүниетанымы өзі өсіп-өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл
адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның поэзия
әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының ерекшеліктері жан-
жақты қырынан қарастырылғанымен, балаларға қатысты өлеңдері сошалық ерең
зерттелінбеген.
Т.Молдағалиевтің балаларға арнап жазылған өлеңдерінің
ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай
қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып
әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген
тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігі мен қызықтығы осында болды. Ақынның
өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған
пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы
материалдар азғантай. Балалар әдебиетінің соңғы кездерде көзден тасалау,
елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер
айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол
кездегі көзқарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі
балалар әдебиеті мен оның өкілдері, олардың әдебиетке енгізіп жатқан
ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай
ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің
жұмысымыз өзімізге аздап қиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз
ақынның балаларға арнап жазған өлеңдері болды.
Тақырып тың болғандықтан оның айтар пікірі де көп болуы табиғи
құбылыс. Біз оның жолында барымызды салдық. Диплом жұмысын үш тараудан
құрап, бірінші тарауда ақынның балалар әдебиетіндегі орны, оның өлеңдерінің
негізгі тақырыптары және сюжеттік желісін қарастыра отырып, көркемдік
ерекшеліктері мен өлең құрылысына мән бердік. Ондағы мақсатымыз ақын
өлеңдерінің тақырыптық жақтан талдап сюжет құрылымдағы, тілдік қорындағы
ерекшеліктерді танытып, көркем сөзге деген шеберлігімен жете таныстыру
болды. Яғни, ақын ұстанған бағыттың бетін ашып көрсету болды деп айтсақ та
болады.
Екінші тарау – әдебилігінен гөрі, ғылымилылығы басым тарау. Онда біз
ақын өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, оның өз өлеңдерінде көркемдік тәсілді
қалай және қай дәрежеде пайдаланғанын, көркемдік тәсілдердің қайсысы ақын
өлеңдерінен көп кездескенін және не үшін олай қолданылғанына өз пікірімізді
айтуға тырыстық. Бұл оның поэтикасын айтуда жасалынған жұмыс. Екінші
тарауда ақынның өлеңдерін өзімен үзеңгілес, дәуірлес үндес ақындар және
балалар әдебиетінің өкілдерімен салыстыра отырып қарастырдық. Ол ақынның
өлеңдерінің өзіне тән ерекшеліктерін, жалпыға тән бірлігін көрсету
мақсатында жүргізіледі. Бұнда да біз тың әрі айтылмаған ойларға баруға
тырыстық.
Үшінші тарауда Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің орта
мектепте өтілу мәселесі жіне онда қолданылатын қазіргі әдіс-тәсілдер
тиімділігі сөз болады.
Қорытынды бөлімінде диплом жұмысының жалпы мақсатының орындалу
барысындағы өзгешеліктер, кездескен қиындықтар мен жалпы тараулардағы
айтылған ойлар қорытынды жасадық. Бұл тың тақырып жөнінде балалар
әдебиетіндегі алатын орны, оны дамытудағы негізгі қажеттіліктер өзіміздің
пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды ортаға салдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ балалар әдебиеті әр жылдардың
белеңінде жаңа зерттеулермен толығып отырғаны белгілі. Бұл әдебиеттің жанды
процесс екенін көрсетсе, екіншіден әдебиет өкілдерінің осы саладағы тың
ізденістері мен ерен еңбектерін паш етеді. Әр кезеңдерде балалар поэзиясын
зерттеуге үлес қосқан ғалымдар, ақын-жазушылар, сыншылар бұл саланың
қырларын соны ізденістермен, ғылыми-зерттеу еңбектерімен байытып келді. Бұл
күнде сол мұра балалар поэзиясының дамуына ерекше ықпал жасап отырғанын
атап өту шарт.
Әр кезеңде балалар әдебиетінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы жолындағы
Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” (1879 ж.), М.Дулатов “ Қирағай”,
“Балаларға тарту” (1927ж.), І.Жансүгіров  “Ел өтірігі”, Х.Досмұхамедов 
“Қазақ халқының әдебиеті”  зерттеулері. Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмаиылов, Х.Бекхожин, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, Б.Г.Ерзагович, Б.Уахатов,
Қ.Ергөбеков, Б.Ыбраимов, Қ.Ісләмжанұлы  т.б. жазушылар мен әдебиеттанушы-
ғалымдар балалар әдебиетіне назар аударып, жан-жақты зерттелуіне үлес
қосты. Зерттеу еңбегімізде нысана етіп алып отырған осы  және Т.Молдағалиев
туралы әр жылдары жарық көрген баспа материалдары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – қазақ
балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттей
отырып, оған жан-жақты талдау жасау. Сондай-ақ ақынның қазақ балалар
әдебиетіндегі орнын айқындау, шығармаларын тақырыптық тұрғыдан жүйелеу,
көркемдік-эстетикалық ерекшелігін, авторлық қолтаңбасын, ақындық шеберлігін
анықтау. Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынандай
басты міндеттерді шешу алға қойылды.
- Зерттеуде Тұманбай Молдағалиев шығармашылық өмірінің негізгі
кезеңдеріне тоқталу;
- Тұманбай шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры – тіл
тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық
тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне
назар аудару;
- Балалар поэзиясына қойылатын көркемдік талаптарды ойға ала отырып,
ақынның жеткен жетістіктерін саралау;
- Ақынның балаларға арналған әдеби мұрасын талдап, көркемдік мәнін,
мазмұндық тұстарын жан-жақты ашу.
- Т.Молдағалиев шығармашыларының ұлттық рухын айқындау, тәрбиелік мәнін
ашу.
- Қазіргі орта мектептерде ақын шығармаларының өтілу үлгісімен
таныстыру.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған
мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ақынның балаларға арналған
өлеңдеріндегі көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың
сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген
идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-
тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері.
Дипломдық зерттеу жұмысын жазуда әдебиетттану ғылымындағы осы зерттеудің
тақырыбына қатысы бар отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық
талдаулары, тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тұманбай Молдағалиев
шығармашылығындағы балаларға арналған бөлігі түгелге дейін дербес
зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында, не
әлденеше авторлардың айналасында қарастырылатын. Бұл жолғы зерттеу
арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан дипломның ғылыми
жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен
айқындалады.
- Тұманбай шығармашылығының сүйенген үш тағаны, байланған үш қазығы
бар. Оның біріншісі – ақынның әрқашан да жанымен ақтарылып айтқан
бүкпесіз де қарапайым сыршылдығы. Екіншісі – асқақтық яғни өмірді сындарлы
санамен екшеп, елеп парасатты пайым жасап, күрделі қорытындылар шығаратын
сыншылдық көркемдеу жүйесі. Үшіншісі азаматтығы – қоғамдық әлеуметтік
мәселелерді, күллі тыныс-тіршілікті өлеңіне арқау еткен ақын
кемелдігі дәлелденеді.
- Еңбекте Тұманбай шығармаларындағы ұлттық айшықтар кең ауқымда,
алдыңғы толқындармен ұштастырыла, кейінгі буындармен сабақтастырыла,
ұлттық идея мен идеология негізінде, өмірмен өзектестіріле қарастырылады.

- Тақырып аясында көркемдік ой-санаға қозғау салып, ұлттық рухтың
оянуы мен терең тамырлануына жетелеуде әдебиеттің орны Тұманбай
поэзиясы мысалында ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.
- Көркемдік – поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты сүйкімділігі,
адам болмысын билер әсерлілігі. Жүйе – бір қалыпқа түскен арна, тоғыз
ағыстың тоғысуы. Т.Молдағалиев поэзиясының көркемдік жүйесі біршама
саралынып көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні: Жұмыстың нәтижелері мен
тұжырымдары орта мектептерге, жоғарғы оқу орындарына арналған
оқулықтар жазуда, хрестоматиялар құрастыруда, бағдарламалар жасауда,
сондай-ақ қазақ әдебиеті бойынша арнаулы курстар мен семинарлар
жүргізуде, қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен өнеріне қатысты
зерттеулерде ғылыми мағлұматтар беруге көмектесері анық.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың
соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты
тақырыптары

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі

Балалық кез – әрбір адамзат ғұмырының ұмытылмас естен кетпес кезеңінің
бірі. Өмірінің балалық балдәурен кезі қандай болмасын, мейлі ол қиындық пен
қасіретке толы болсын, мейлі қуаныш пен еркеліктің құшағында өтсін, ол
бәрібір адам өмірінің ұмытылмас та тәтті кезеңі болып қала бермек. Әрбір
адам жасы есейе келе өткен күндерін, сол бір балалық шағы, бала болып
ойнаған кездерін есіне ала отырып толғанысып: сағынышты ыстық леппен айтары
сөзсіз.
Қазіргі қазақ балалар поэзиясы – кең тынысты поэзия. Бала сезіміне,
оның ой өрісіне ыңғайлай отырып, бүгін ол біздің бай қоғамдық және
азаматтық өміріміздің барлық мәселелелерін поэзия тілімен әңгімелеуге
көтерілді. Оның таырыптық байлығын айтқанда, алдымен еске түсетіні осы.
Поэзия тек баланың дүниетану мөлшерін кеңейту ғана емес, өмірдегі жақсы-
жаман әрекеттің бәріне де бала сезімін ортақ етеді, оны ойлантады, шешім
қабылдауға үйретеді. Мұның бәрі бала бойында адамгершілік сезімді оятуға,
оларды ерлік пен ізгі мінезге тәрбиелеуге қызмет етеді.
Бұл күнде білім іздеп, білгенін үстемелеуші қаламгер ғана табиғи
талантын қырнап, ұштайды, тапқырлықтың жаңа жолдарын, тың тәсілдерін таба
алады. Жанрдың ішкі мүмкіншіліктерін игере отырып, балалар поэзиясының
кемелденуіне едәуір үлес қосқан ақын Т.Молдағалиевтің қазақ әдебиетінің
көркейіп, гүлденуінде өзіндік орны бар. Оның өлеңдері ой-пікір анықтылығы,
жинақылығы, тапқырлығы, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығы жағынан
әсерлі келеді.
Поэзия – сөз өнері. Поэзия арқылы қаламгер әлеуметтік, қоғамдық
құбылыстарды бейнелеп көрсете алады. Оны жанды көрініске айналдыра алады.
Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің
қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді
саласы. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз – өмір
құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен көркем ой-сезім
қуаттылығымен терең тамырланып, қабысып жататындығында.
Поэзияда тек тіл, сөз ғана емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне
көркемдік қуат дарытатын, сипат, өң беретін сол ой-сезім тереңдігі,
өткірлігі, әсерлілігі.
Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге
поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе – ақындық ой-сезімнің
таңдауы, талғауы, көркемділігі.
Ғасырлар қойнауынан жол тартқан бай тарихы, сан-салалы дәстүрі, алуан
стильдік тармағы бар әдебиеттің даму жолына тыңнан соқпақ қосу – кез-келген
қаламгердің қолынан келе бермейтіні белгілі. Әр ақын сөз өнеріне
айтарлықтай жаңалық алып келе бермеуі мүмкін. Ақын өз шығармалары арқылы
танылып, кейінгі әдебиетке үлгі боларлықтай дәрежеде болса, ұлттық болмысты
таныта алса ғана рухани қазынаға қосылған өміршең жаңалық болмақ.
Қазақ балалар әдебиетінен өз орнын алып, жалпы әдебиет деген қазына
аралында ғасырдан-ғасырға жететін байлық қалдырып отырған көрнекті
ақынымыз Тұманбай Молдағалиев те балалық шақ, оның қызығы жайлы, қала берсе
балаларға тәрбие берерлік көптеген өлеңдер жазды. Сол өлеңдері жинақ болып,
балалардың сүйікті кітаптарына айналып, жарты ғасырдай олармен бірге өмір
сүріп келеді. Бұдан кейін де өмір сүре бермек. Оның басты себебі, ақынның
түсінікті де жеңіл тілі, адам психологиясын жете түсінуі, балаларды үлкен
адамдарша елеп, олармен тез тіл табысып кетуінде сияқты. Себебі ол да бала
болды. Артықшылығы, өсе келе жұртына танымал ақын болып жетілді. Оның өмірі
туралы деректері көбінесе мынадай болып келеді
Ақынның осы қысқаша өмір хронологиясына мән берсеңіз, балаларға жақын
жүргенін аңғару соқырға таяқ ұстанқандай-ақ белгілі болып отырады. Ол алғаш
жұмысын сол кездегі балалардың сүйікті журналы Пионерден бастайды.
Кейінен бүлдіршіндердің сүйіктісі Балдырғанда жауапты хатшы міндетін
атқарады.
Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20-наурызда Алматы облысы, Еңбекші-
қазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев –
сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің
бас редакциясы мен “Жалын”-ның бас редакторы болып істеді.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып
басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі “Украина қызына”
жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді.
Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж.
”Кәмила”, 1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. ”Алатау қызы”, 1964 ж. ”Ферюза
туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ж. ”Жүрегім менің сапарда” т.
б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген “Жаңа дәптер” атты кітабы үшін
1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. “Ескерткіш”
(1969), “Шақырады жаз мені” (1970), “Жүрек ояу қашанда” (1972) атты
кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның “Қош, көктем” атты
таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), “Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974) жарық
көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын Семиречья” (1962), “Первая
встреча” (1968), “Новая тетрадь” (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның “Құстар қайтып барады”
(музыкасы Н.Тілендиевтікі), “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш.
Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), “Шақырады көктем”
(муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең
тараған. Ол Байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян,
Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б.
ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы
14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы оған Физули атындағы
Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев
шығармашылығының ең басты ерекшелігі – оның өлеңдері сезімге толы.
Ол поэзияға келген кездерден-ақ балаларға арналған көптеген өлеңдердің
авторы болып саналады. Өзі туралы Менің есімім [2, 25-б.] деген өлеңінде
былай дейді.
Бір, бұйырмаған бір бала,
Жатыпты өтіп өмір – нала, жыл нала.
Қабағына бұрым орнапты әкемнің,
Құдайына жалыныпты мұңлы ана.
Жалыныпты: Жалғыз шырақ бер! – депті,
Күңің болып күн кешейін мен, – депті.
Біреу емес көріпті анам бес шырақ,
Бәрін бірақ әкем ерте жерлепті, –
дейді де, өзінің анасының тағдырын айта келіп, екі адамның оны калай
күткенін анасының дәрменсіз жағдайы мен әкесінің қайғысын, өзінің алдыңғы
туылған бауырларының жасқа толмай суық тиіп, көз тиіп өмірден өтіп кете
бергендігін айтады. Онан соң:
Тағы анам зар қылыпты құдайға,
Бақытым аз сорлымын ғой былай да.
Ғұмырлы ғып бір перзент бер және
Ұқсамай-ақ қойса қойсын түрі айға –
деп анасының құдайға еткен зарымен жалғастырады. Анасының қатты
күйзеліске түскенін, құдайға жалбарынып, ғұмырлы етіп бір перзент бер –
дегенін айтады. Мейлі оның түрі әдемі, келісті болмай-ақ қойсын, аузы қисық
болса да сенен сұрайтыным бір бала бер деп жалбарынады. Адам сезімін дір
еткізетін мына шумақтарды қараңыз:
Нұр көтерген ана жаны қандай шат,
Құрметтейді оны жұрттың әрқайсысы-ақ.
Алатауға құстар қайтып жатқанда,
Мен келіппін дүниеге айқайлап.
Ананың тілегі құстар келіп жатқанда орындалады. Бұл қуанышқа әке де
ортақ. Сонау қойлы ауылдан әжесі де келеді. Қазақтың калыптасқан дәстүрі
бойынша әжесі:
Ұлықсат болса егер, жамағат,
Бұл жанға ат қоямын мен! – депті.
Оған ешкім әрине қарсы келмейді. Сонан соң ақынға өзінің айтуы бойынша
сәл ерсілеу ат қойылады. Әжесі ақынның атын жай қоя салмайды. Ырымдап
ескі дәстүр бойынша қояды:
Келінім сен талай құрсақ көтердің,
Баласы-ай бір емес, сен екі өлдің.
Бар балаңды жақсы құдай өзі алды,
Сол құдайға өкпелеуің бекерлік.
Сол құдай да бір жаңылыссын ғұрпынан,
Көріп тұрмын сыртта күн тұман.
Тұманбай деп бұл жаманды атайық,
Құрдастары күліп жүрсін сыртынан –
деп Тұманбай аты иесін табады. Әжесі өзі қойған есімі туралы:
Әдемі емес қойған атым түсінем,
Кем болмасын заты жақсы кісіден.
Құдайдың көзі түспесін бұған.
Аңғармасын қою тұман ішінен –
дейді. Оған жиылған жұрт бір ауыздан қосылыпты. Сонымен өмірдің қанша
басына салған қиындығы, бала Тұманның көңілін жамау етсе де, ол өсіп, ер
жете береді.
Талай күліп, жолда талай мұңайдым,
Байқамаймын қанша өткенін күн-айдың.
Жүріп келе жатырмын ба әлде мен,
Көңілі түсіп, көзі түспей Құдайдың –
дейді ақын өзінің өмір жолы туралы ақын тамаша шумағында. Өлеңінде
әжесінің мейірімін, оған деген шексіз махаббатын да қамти кеткен. Ақын
өлеңнің соңғы шумағын әкесіне айтқан сөзі ретінде былай бітіреді:
Күндіз-түні жетпейді көп үміт,
Ой шаңына жүрем ылғи көміліп.
Сен айтпақшы, құдай мені көрмесін,
Жүрсем болды адамдарға көрініп [2, 221-б.].
Осы өлеңнің өзі ақынның өткен өміріне саяхаты ретінде жазылып, балаларға
беретін тәрбиелік, танымдық әсері басымдағымен ерекшеленеді. Өзі туралы
айта отырып, балалардың әрқайсысын өзінің қалай туылып, өздеріне қандай ат,
оны қалай қойғандығы жайында ойланады. Білмесе сұрайды.
Барлық жақсы ақындар сияқты Тұманбай өмірі де оның өлеңдерінде. Оның
туған ауылы, өскен ортасы, көрген өмірі, Отан, ел, адам сүю сезімдерінің
қалыптасуы жайлы мәліметтерді ақын шығармалары бізге толығырақ береді. Оның
лирикалық каһарманы балалығын соғыстың ауыр кезінде өткізген, содан жанына
ұмытылмас жара түскен (әке өлімі, жоқшылық, жетімдік сезімдер) жас адамның
көңіл күйін бейнелейді. Өмір сүйгіш ақ көңіл жастың бойындағы жұмсақ мұң
да, ойлы сезімталдық та содан туады. Жаны жайсаң адамдар алақанында,
мейірімді ана бауырында, Алатудың сұлу табиғаты құшағында өскен жастың
әсемдікке, сұлулыққа табыну сезімдеріде қалай туғанын аңғару қиын емес.
Осының бәрі кейін ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбына айналады. Ол адамды,
оның қилы-қилы тағдырын, жастықты, Отанын талмай жырлайды.
Т.Молдағалиев шығармалараның дені балалар әдебиетіне арналған десек
қателеспейміз. Оның алғашқысы балаларға арналған өлеңдері мен дастандары.
1961 жылы Құралай атты балаларға арналған өлеңдер жинағы шықты. Содан
кейін 1977 жылы Бөбегімін Ильичтің деген атпен керемет жинағы жарық
көреді. Сонымен қатар бірнеше өлеңдері баспа жүзінде басылып тұрады.
Әсіресе Пионер, Балдырған журналдарында көптеп жарық көреді. Біздің
жұмысымыздың негізгі тақырыбы, ақынның балаларға арнап жазған өлеңдерінің
денін көрсетіп оларды белгілі тақырыптарда топтап өлең жүйесі мен
құрылысына, өзгелерден ерекшелігіне көңіл бөлу. Ең алдымен Т.Молдағалиевтің
өлеңдерін, яғни, балаларға арналған өлеңдерін тақырыптарға топтастырып
қарастыруды көздеп отырмыз. Алдымен ақынның өзі туралы, өзінің балалық шағы
туралы жазғанын, жаза отырып жалпы оқырман қауымға балалық өмірі туралы
түрліше ой салатын, күлдіріп, бас шайқатып, жылатып еске алдыратын
шығармаларына тоқталайық.
Т.Молдағалиевтің өмір жолы, әсіресе, балалық шағы қиын-қыстау кезеңге
тура келген. Әрине ол кездің балаларының барлығы дерлік қиындық көріп өсті.
Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі кезде барлық балалар өз басынан сондай
қиындықты өткізді деуге болады. Т.Молдағалиевтің әкеден, шешеден жетім
қалғаны, оның өмірі одан әрі қиындата түседі. Өзімде туралы сыр деген
өлеңінде ақын өзінің осындай қиындықпен өткен балалық шағын еске алады.
Екі әкенің, екі ананың ұлымын,
Екі ананың бірдей алдым жылуын.
Екі әкенің өжеттігін алдым мен,
Екі әкенің жығылмаған туымын, –
деп ұрандата да жаздады. Одан кейін өзінің туған әкесінен, туған
анасынан қалай айырылғанын былайша көрсетеді:
Туған әке күні бітіп ерте өлген,
Орын тапты менің туған өлкемнен.
Інісіне бала болып мен қалдым,
Сол інісі табыстырды ертеңмен.

Туған анам, есімде әлі түр-түсі,
Есімде оның сәл жымиған күлкісі.
Мен көшеден шаң-шаң болып оралсам,
Маған құшақ жаятұғын бір кісі.

Ол да кеткен бұл өмірден тым ерте,
Көз алдымда қалып қойды көлеңке.
Құшағына оны да алды кең өлке, –
дейді. Өз анасы мен әкәсінен ерте айырлған ақын келесі шумақта өмірге
деген назасын білдіреді:
Өмір қалай анашымды жатсынған,
Here мені айырған жалғыз жақсымнан.
Көзін мәңгі ақырғы рет жұмарда,
Ол да мені келініне тапсырған, – дейді. Содан кейін өзінің қиын өмірін
былай ұштайды.
Әкең кім? – деп сұрай қалса кімде-кім,
Әкем менің жер суғарып жүр, – дедім.
Шын әкемді ұмытпасамда ұмыттым,
Шын әкемді біле тұра білмедім.

Апаң кім? – деп сұрай қалса кімде-кім,
Анам менің сиыр сауып жүр, – дедім.
Шын анамды ұмытпасамда ұмыттым,
Шын анамды біле тұра білмедім.
Ол екінші әкесі мен анасының қамқорлығын да жасырмайды. Соғыс кезінде
мерт болған аға, оның атын өшірмес қайнысына ана болып отырған жеңгей жайлы
жазады. Келесі шумақтарында ақын өзінің әке болғанын, балалық шағының солай
өткеніне кім кінәлі екенін, өмірге, оның сұрапыл тағдырға қарсы қояр
өлеңінің жәрдемі тиер ме екен деген тармақтарымен түйіндейді.
Кәдімгідей мен де әкемін осы күні,
Көп тілеймін бөбегімнің өсуін.
Немересі өз атасын білмейді,
Естіген жоқ әкесінің есімін.

Шыдатпайды, шыдатпайды ар мені,
Тиер мекен өлеңімнің жәрдемі.
Айтсаңшы, апа, кінәсі не олардың,
Айтсаңшы, өмір, менде кінә бар ма еді?! [3, 45-б.].
Керемет келтірілген шумақтар. Осы өлеңнен оқырман өзіне қажетті көптеген
материял алуы мүмкін. Мейлі оның тағдыры ақын тағдырымен
ұштаспасын, мейлі ол балалық шағын бақытты өткізсін, бәрібір әр
баланың көңіліне, жүрегіне өзінің ата-анасына деген махаббат отын лаулата
түсетін өлең екенін тану қиын емес секілді.
Т.Молдағалиевтің көптеген өлеңдері негізінен бірінші жақта жазылып,
балалардың жүрегіне, орнына жаңа жол, жаңа арна салуға арналған десек
қателеспейміз. Оның өлеңдері кішілеу философиядан тұрады. Балалардың өз
өмірі жайында ойлануына, болашағын кіші кезінен-ақ болжауына жағдай
жасайды. Мәселен Заманның ұлы болуды [3, 30-б.] деген өлеңінде
жеткіншектердің арманын өз арманындай етіп көрсете:
Заманның ұлы болуды,
Ойлайды іштей әркім-ақ.
Тыңдай ма бірақ оныңды,
Тіршілік деген арғымақ –
деп сегіз буынды, егіз өлең ұйқасымен өріп, әркімнің-ақ арманын өз
атынан ойлайды да, тіршілік деген арғымақтың ол арманыңды тыңдай ма деген
ой тастай кетеді.
Көп гүлің әлі ашылмай,
Жуынбай нұрға тұрып-ақ.
Екпінің әлі басылмай,
Сен бара жатып зымырап,
Құлайсың қатты,
Соңғы арман
Тұншығып барып өледі.
Co кезде достар, анамнан
Мен қайта туғым келеді –
дейді де, өзінің көп көрген жерін, көп түңілген жағдайымен барлап
жастардың да тамырын басады. Әсіресе, оның жетімдік күйі сол күндері есіне
алып, жастық кезіне көңілсіздеу саяхат жасататын өлеңдері де көпшілік.
Оның бір жарқын көрінісін Әпкеме [4, 165-б.] деген өлеңінен де көреміз.
Бақыт бастан тайған күн,
Екеуімз жетім қалғанда.
Сен мен жайлы ойладың,
Менде ойлайтын хал бар ма?
деп бірінші шумақтан-ақ оқырманды елітіп ала жөнеледі. Оқырманға одан
бергісі, қандай күн болған екен деген сұрақтың жемісінде болады.
Мен бес жасар бала едім,
Жазығым ешбір жоқ еді.
Үйренген ауыл әдебін,
Сен қыз едің әдемі.
Әкеміз жолда құлады,
Сүйрелеп ауыр жүкті өрге.
Сен мен үшін жыладың,
Ананың демі біткенше, –
деп, ана мен әкенің, әпкесінің мейірбан сезімін еске алады. Әкесіз,
анасыз қалудың қиын екендігін өзі үшін әпкесінің де көп жұмысқа, тағдыр
өтіне қарсы тұрып жүргенін былайша келтіреді.
Артымнан ерген жалғызым,
Жарар ма деп сүйеуге.
Болсақ та үлгі бар қызғы,
Сен ерте шықтың күйеуге.

Жыладым жасып мен сонда,
Басыма түсіп жалғыздық.
Қайтсін-ай – деп ел сонда,
Айтып та жүрді аңыз қып.

Қалтама салдың барыңды,
Арқаңа жүрдің көтеріп.
Қинайсың қазір жанымды,
Түндерде үзақ жөтеліп, –
ия, өзінің әпкесін анасындай көреді, әпкесі болса өз інісіне деген
махаббатын, туысқандық сезімінен де жоғары, әпке мен іні қатынасынан да
күрделі биігіне жеткізеді. Анасындай болған әпкесі ол қолына келгеннің
барлығын істейді. Сондықтан да, оның әпкесі түндер бойы жөтеліп шығады.
Оған бұның жаны ашып:
Өтті ме жетім күндердің,
Суығы сенің арқаңнан.
Сен үшін бүгін түнердім,
Сұрадым жылу қаңтардан.

Арқама мен көтеріп,
Анаң да болғым келеді.
Қасыма сені әкеліп,
Панаң да болғам келеді.

Көретін күнің бар ертең,
Алатын сиың өмірден.
Сен үшін ғана жан әпкем,
Дәрігер болсам дедім мен, –
дейді. Әрине, өз анасындай болған адамға кімнің жаны ашымасын. Кім өз
анасын науқастыққа қиғысы келеді?. . . Кім өз анасына еркелемейді?
Шықпайды рас таңсыз күн,
Менің де таңым бар екен.
Сен барда өзім қамсызбын,
Сен барда көлмін, жан әпкем!

Тірлікке бүгін ел ғашық,
Жыл менен өмір.
Сен жүре берші жер басып.
Бақытты болсын десең мен [3, 62-б.].
Егер автордың өз туған анасы тірі болғанда, осы шумақтардың әпкесіне
арналып жазылары екіталай еді-ау – деген ой туады. Көп ақындар анасына
арнайтын осындай жолдарды біздің авторымыз әпкесіне арнап отырғандығы
таңдандырарлық емес. Оның себебін осы өлеңнің жоғары шумақтарынан
байқауымызға болады.
Т.Молдағалиев жан-жақты жырлай білді. Оның кең ауқымды лирикасы туған
жерді, махаббаты, азаматтықты паш етуге арналды. Туған жерді сүю, сиқырлы
табиғатының қадір-қасиетін сезіну Тұманбай жырларында ерекше көрініс
табады. Ақынның туған жерге арналған әрбір өлең жолдары кең байтақ қазақ
жерінің бай табиғатымен байланыса жырланады. Қазақ халқының сұлулыққа толы,
әсем табиғаты арқылы қазақ жерінің ұлттық қасиетін танытады.
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді
білдірген. Оның махаббат жырлары ой-сезім қайталау, теңеу, метафора,
эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері,
ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.
Ақын өз өлеңдерінде әйелдердің әсемдігін, яғни тамаша келбетін, ажарлы
бетін, алтын шашын, қиғаш қасын, әйелдің қасиеттерін жан-жақты сұлулық,
сүйкімділігін, жанының нәзіктігін суреттеген.
Иә, Тұманбай да жас буынның жақсы азамат болып өсуі үшін, елім деп
еңірейіп, халқы үшін барын салар ұрпақ тәрбиелеп шығару үшін солардың
патриоттық сезімін оятып, рухын көтеретін өлеңдерді жарыққа шығарды.
Ақынның еңбегі еш кетпеді, қазір де Тұманбайдың өлеңдерін оқымаған қазақ
жоқ. Үлкендер де, балалар да жастықтарына жастанып, барынша сүйіп оқиды.
Тұманбай балаларға арнап сан алуан тақырыпта қалам тербеді. Жалынды
жырларының көбі өлеңі балаларға арналып жазылған. Мысалы, өнер-білім, Отан,
бейбітшілік, туған жер, т.б. Осындай тақырыпта жазылған өлеңдердің
негізінде тәрбие жатары анық.

1. 2 Жасөспірімдерге арналған өлеңдер

Жастардың ғұмыры айқын айнасы боларлықтай етіліп Т.Молдағалиевтың

Бала күннің достары атты өлеңі жазылған. Өлең он бір буыннан тұрады да,
қара өлең ұйқасымен жазылады. Ақынның алдынғы өлеңдері секілді бұл өлеңі
де сюжетке құрылған.
Жалаң аяқ жүрген кезде доп қуып,
Шақырады алыс жаққа отты үміт.
Көп-ақ еді айналамда достарым,
Көңілімде болмаушы еді көп күдік, –
деген сағынышпен басталатын өлең, негізінде сол балалық кездің достарын
еске алу мақсатында жазылғанын көреміз:
Өткен жылдар сирепті сол көп досты,
Әркімді бір өз алдына жол тосты.
Балалықтың көші қалды кейінде,
Қазір кімдер бастайды екен сол көшті?
Coл бір күндер кетуші еді ой салып,
Жақын едік, тату едік соншалық.
Бәріміздің қабағымыз түнерсе,
Екіншіміз қалушы едік томсарып –
дейді. Осынысымен сол күндегі балалар өмірінің қиын кездерден
өткендігін, соның нәтижесінде қыл өтпес татулықты мейірім мен достық
жылулығын көрсетеді. Оның себебі деп:
Ылғи бірге күрсінетін жүз кеуде,
Қиял бұлттың ар жағында жүзгенде.
Қатар жүріп соғысқан соң әкеміз,
Қатар жүріп жаттық біздер де –
дегенді айтады. Әкелер үмітін ақтайтын етіп, солардың желе ұшпасын деп
бір жүріп бір жатқан балалардың солай береді. Өлеңді қорытындылай келіп:
Бүгін, міне, көп ініге ағамын,
Бақытымды күн қойнынан табамын.
Бала күннің досын көрсем бірақ-та,
Іштей үнсіз бір ойланып қаламын.
Бәріміз де күнге ғашық бір адам,
Уақыт өзі талай рет сынаған.
Менің бала күндерімнің достары,
Жылатпаңдар, онсыз олар жылаған! –
деп [3, 64-б.] бітіреді. Бұл өлеңнен сол кездің балаларын, олардың
өмірін әрқайсысының образымен таныса отырып бағалай алатын тәрбиелік
мәліметтері көп деп ойлаймыз.
Ендігі кезекте жеткіншектерге емес, балдырғандарға арнап
Т.Молдағалиевтің өлеңдерімен танысайық. Бұл топтағы өлеңдер көбінесе,
жеңіл тілменен, ұйқастар мен өлеңнің беретін балдырғандармен балдырған
бола отырып жазған. Мысалы, жас бүлдіршіннің үлкен қуанышы туған
күн мерекесі екенін білеміз. Ия, туылған күні болатын ересектер де, сол
күні көтеріңкі көңіл-күйде болады, ал балалар ше, балалар, оны бір үлкен
мереке ретінде қабылдайды емес пе? Сол күннен бір апта алдын асыға күтеді
емес пе? Т.Молдағаливтің осы тақырыпта жазған Туған күн өлеңі де сол
балалық шақтың тәтті күндерін есіне салады. Ал, балалардың өзіне туылған
болған күнді, ендігі туылған күн болатын күнді есіне салары сөзсіз:
Туған күнім менің бүгін,
Күліп жүрмін, күліп жүрмін.
Достар түгел келіп жатыр,
Сыйлық әкеп беріп жатыр.

Жайраң қағып Галя келді,
Бір ойыншық ала келді.
Шолпан келді, Мәкен келді,
Бір, бір кітап әкелгені –
деп бастайды қуаныш иесі. Ол қуанып жүр. Қуанышын бізбен бөлісіп жүр.
Спутник-кораблін
Берді бүгін папа маған.
Дастарханда дәмді ет те мол,
Қанша жесең конфетте мол.
Әнді де айттық, тақпақ айттық,
Жақсы айтқанға мақтау айттық.
Мәз болып үлкен апам да жүр,
Бізбен билеп папам да жүр, –
дейді біздің кейіпкеріміз. Үлкен апасының, папасының өзімен билеп
жүргеніне оның мәз болып жүргенін біз шумақтан көрсек, ол апасы мен
папасының мәз болғандарын қимылдарынан көріп жүр. Ол өзінің осындай
күндерін көп бола берсе деп армандайды. Тез ержеткісі де келеді. Достары
өзімен мәз болып жүргенін, осы қызықтың құмарын күнде болса деп ойлайды.
Алты жаста едім бұрын,
Жетідесің, – дейді, – бүгін
Туған күнім бола берсе,
Үйге достар тола берсе.
Бұл бала күндегі әрқайсысымыздың арманымыз екені сөзсіз. Бүлдіршіндерді
сөйлету арқылы барлық баланың көңіліне, жүрегіне от тастап оятатын,
келешектегі мамандығы туралы тәтті армандар құшағына ендіріп ала жөнелетін
өлеңдеріне Ұшқыш бала [5, 24-б.] өлеңін жатқысаң болады. Бұл өлеңде жас
мөлшерін есепке ала отырып, шебер психологиялық, педагогикалық
көзқарастардың нәтижесінде жазылған өлеңдердің бірі.
Көкке ұшам,
Ұшқыш бала боламын.
Соңына ерем,
Гагариндей ағаның.
Батыр болам –
Көк аспанды сүйемін.
Жүлдыздарға,
Барып келіп жүремін – дейді. Бұл сарынға Ракета ұшырдық деген өлеңінде
де тоқталған:
Шақырады көгіміз,
Бәрімізде космонвт.
Сайрап жатыр жолымыз,
Самғайды алыс жас қанат.

Жұлдыздарға ұшамыз,
Ағаларға еріп біз.
Айды барып құшамыз,
Біз – Отанға көрікпіз.

Оқу оқып біз мұнда,
Өнер сырын түсіндік.
Сонау алыс жұлдызға,
Ракета ұшырдық –
деп жазады. Бұл да әрине жеңіл тілмен, жас мөлшерін есептеп,
бүлдіршіндер ойымен санасып жазылған өлең. Осы өлең бізге өте карапайым
көрінгенімен, оның жас балаларға берер тәрбиелік, патриоттық күші өте
жоғары болады. Бұлдіршіндерді білімге, тәрбиелеуге, оларды қызықтыра түсуді
ақынның Менің оқуым өлеңі жақсы орын алады:
Балдырғанды береді де,
Оқы – дейді әкем күліп.
Жалған айтып керегі не,
Мен алғашта қалам тұрып.
Суреттерге қарап алып,
Судырата жөнелемін
Кәдімгідей маған налып,
Отырады әкем менің.
Оқымасам әжем маған,
Ренжи ме деп ойлаймын.
Хат жазған боп кешке таман,
Қағазды да шимайлаймын.
Бір оқыған жерлерімді,
Оқытады қайтадан ол.
Алданышым-ай – дейді мені,
Алдаған соң айтады ол.
Міне шағын өлең осылай бітеді. Бұдан кейін бала өзінің оқуын қолға
алмаса да Балдырған журналын қолына алып, оның суреттеріне қарап, әжесі
мен атасы алдағысы келеді. Алдау тәрбиелік мәндегі жұмыс па, жақсы қасиет
пе деп ойлап қалуыңыз да мүмкін. Сонда ақын балдарды алдауға үйретіп отыр
ма деп те қалуларыңыз мүмкін. Жоқ ақын мұнда әке-шешесін немесе басқа
кісілерді бүлдіршінге алдап деп отырған жоқ. Бірақ оны оқыған бүлдіршін дәл
солай түсінері сөзсіз. Бірақ ол сонысымен журнал бетіндегі суреттерді
көріп, өзгені алдаймын-ау деп оған сөйлем құрастырып, ақын кейіпкеріне
еліктемеймін деп, қағаз-қалам алып хат жазуға кіріскенін өзі де сезбей
қалады. Міне, өлеңнің мәні қайда жатыр!
Т.Молдағалиев балалардың барлық жастағыларына дерлік өлең жазғанын
білеміз. Тек қана өзі туралы жазды, жетімдіктің сары уайымын қозғап қана
қойған жоқ, немесе бұлдіршіндерге ғана жазып оңай тілді, жеңіл ойдың авторы
болып қалған жоқ. Түрліше тақырыпта сегіз қырлы, бір сырлы өлеңдер жазды
десек қателеспейміз. Ол балалармен балаша, баланы өзімен ересектерше
сөйлесуге баулыды. Мәселен мұнда сөздің орайы келгенде мына бір жерге
тоқтала кетейік. Ол балаларды патриоттық сезімге, отансүйгіштік дәстүрлерге
тәрбиелеуде және оларға әсер етудің тиімді әдістері мен формаларын үздіксіз
іздестіруде елеулі еңбек етіп, қазақ балалар әдебиетіне мол үлесін қосып
келе жатқан талантты әрі зерделі ақындардың тобына жатады. Сол себепті,
балаларға арналған, өмір шындығына құралған оның әрбір өлеңінде жүрек
тебірентерлік шалқыған ой жатты. Баланың балдай тілімен сөйлей отырып,
олармен бірге әңгімелесе біледі. Мәселен Ұлымен сырласу өлеңін алайық. Ол
өлең бірден оқиғадан басталады:
Соғыс жайлы кино бітті, Дәуренім,
Қайғымды қозғап кеттің сен менің.
– Папа, сенің әкең батыр болды ма? –
Ойлатты ғой деп бір сұрақ бергенің.
Бұнда оқиғаны неден басталғанын қалай басталғаны бірден балаларды өзіне
баурап алады. Әкесінің әкесі кім болғанын білгісі келіп сұрағанына, жауап
күтіп отырған Дәурен көзінен жас кетпейтін ерке тотай езде емес, әрнәрседен
хабардар болғысы келетін айналасына қызыға қарайтын, жүрегінің оты бар,
зерделі бала. Дәуреннің бұл сұрағы жетімдік қасіретін көп көрген, қиын
кезді қайыспай өткізген ақынды үлкен ойға қалдырып, терең тебіреніске
түсіреді. Балаға ойнап сөйлесең де ойлап сөйле дейтін дәстүріміз бойынша
ақын Дәуренінің бұл сұрағына үлкен мән берген. Балаларды биік, адал, асқақ
мұраттарға тәрбиелеуді көздеп қаһарман етіп көрсете отырып ата образын
ұтмыды суреттеген:
Менің әкем диқан еді жер жыртқан,
Ылғи алыс алушы еді ел жұрттан.
Кетуші еді жұмысына ол ерте,
Атып келе жатқанда жым-жырт таң.
Құс қиқулап келсе ауылдың көктемі,
Иығына түспеуші еді кетпені.
Оның жаны жомарт еді даладай,
Оның бітік шығушы еді еккені.
Ақынның өлең жолдарынан еңбекшіл диқан адамның кесек тұлғасы көрініп,
өзінің жайдар, жарқын жүзді, жақсы мінезімен, ел сүйенерлік ерлік еңбегімен
оқушысын өзіне баурап ала бастайды.
Жазда ыстық сапыратын қырманда,
Одан өткен диқан жоқ-ты бұл маңда.
Нағыз батыр шығар деймін ішімнен,
Ол күрегін көкке сермеп тұрғанда.
Маңдайынан тер моншағы саулайтын,
Ісін бітпей демін де алмайтын.
Соңына ерген көлеңкесі секілді,
Жазды күні қасынан мен қалмайтын.
Ақын одан әрі тыңдаушысын қызықтыра берді. Өмірден алып, ой елегінен
өткен жанды фактілерге құрылған мұндағы өмір көріністерін шынайы
бейнелеумен жас ұрпақтың жанына ерекше әсер қалдырады. Атасының қандай
болғанын білгісі келіп отырған Дәуренге мұның өзі үлкен оқиғаның басталып
кететініндей сезіліп, одан ары тыңдай беруге құштарлығын арттыра түседі.
Бұл өлеңдегі әрекет тұтастығы, психологиядағы динамикалық күштілігі бірден
байқалып, бүлдіршін ынтасын, бар ықыласын өзіне әп сәтте-ақ баурап алады.
Шынында да әдемі ұйқас, өрелі ой, қызықты уақиғалармен қатар көркем
шығармалардың қадір-қасиеті баланың жан дүниесін тебірентетін эмоциялық
әсеріне байланысты бірден-бірге күшейіп отырса керек. Мына өлеңнің желісі
оқушыға соны аңғартады. Ата жайлы, ата қадірі жайлы әңгіме өріс алған сайын
сом тұлғасы, құдіреті күшті бір бейне, ата бейнесі пайда болғандай оқиғаның
жалғасына баланың аңсары ауып, ата ерлігін онан әрі тыңдай бергісі келеді.
Мәз болатын алты бидай тербелсе,
Кетуші еді кейде шалқан жерді өлшеп.
Біз далада түнеуші едік жаз бойы,
Біз жаз бойы үй қарасын көрмеуші ек.

Анадайдан көрінетін зор дене,
Мендей болып ту дегендей өңгеге!
Алып енді менің әке жан балам,
Өзі тіреу болатындай бөлмеге!
Тұманбай өлеңінен еңбек адамы жаны жомарт асыл бейнесін көріп отырамыз.
Үш жігіттің жұмысын жалғыз өзі қиратып тастайтын ата оброзы, бала көзіне,
баланың балдәурен сезіміне ерекше әсер қалдырады. Ата ерлігіне сүйсінген
баланың алып ұшқыш сезімі көңіл, албұртқан сезімі, лапылдаған сезімі өзіне
ерік бермей атасындай болуға жігерлене түседі. Баланың жігерлене түсуі
өлеңнің әсерімен ерекшелене туады. Ол ерекшелік ақынның бір құбылысқа әр
қырынан келіп, адам әрекеттерін, адамның жан дүниесін тереңнен тану
шарттарын белгілеп беруінен көрінеді. Өлеңнің эмоциялық мәнінің арта түсуі
де осыған байланысты болса керек. Әлгінде ғана атасының ерлік еңбері мен
табыстарына сүйсініп отырған балдырғанға аяқ астынан мына бір сұмдық
хабардың caп ете қалуы қандай әсер етті десейші:
Дауыл тұрды ер азамат атқа мін!
Деген жырды қайталадым жаттадым.
Мен білмеппін, мен білмеппін ол күнде,
Батыс жақта соғыс болып жатқанын.

Биыл менде оқимын-ау хат танып,
Деп достарға жүргенімді мақтанып.
Күзгі салым қоштасты бізбенен,
Қан майданға әкем кетті атанып.
Мұндай суық хабар, ызғар төккен суық сөз кімнің болса да жанын
түршіктіріп, тас түйіндей етеді. Өзін беріктікке, берілместікке,
ұстамдылыққа баулып, жауға деген, ашуы мен назарылығының уытты күшін
білдіртеді. Бар құбылысқа әр қырынан келген баланың өлең әсері, эмоциялық
күштілігі мен психологиялық өзгершеңдігіне жасаған жауабы осында секілді ме
қалай? Елжіреген бос сөздерден гөрі осындай өміршең оқиғалардың, жүйелі
жасаған істің маңызы зор болмақ. Маңызды мәселеге баланың да жүрегі
тебіреніп көзіне жас алады. Терең ойға қалады, буыны беки бастайды. Зерделі
болып өсуіне, атасындай еңбекқор, ержүрек болып өсуіне әсер тигізеді.
Ыстық жасқа толтырады да жанарды,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Қазақ жырының Қадыры
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Шәкәрімнің қай шығармасынан
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ана тілін оқыту әдіістемесі
Пәндер