Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі


Мазмұны
2. 5 Араб тілін үйрету тәсілдері . . .
2. 6 Араб тілін үйрету әдістері . . .
39
41
КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы. Жоғары білімнің және шет тілдерінде жалпы айтқанда проблема, көбінесе көпаспекті және маңызды. Егер білім нағыз ғылым ортасында, қоғамдық өмірдің динамикасы үшін, өзгерістерге бейімділігі төмен болса, онда көптеген гуманитарлы дициплиналар қоғамдық дамудың шақыруына дәл сол күйде жауап береді. Бұл шет тілдерін үйренуге де қатысты. Бірақ, дәстүр бойынша жоғары білім кез-келген жерде өзінің негізімен, фундаментімен ерекшеленеді. Және бұл университеттік білімнің ерекшелігі ешқандай білім жүйесінде, ешқандай қазақстандық қоғамда, ешбір жел араластыра алмайды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тәуәлсіздігін алып, жаңа шетел мемлекеттерімен жаңа дәрежеде байланысқа шықты. Осылайша, біздің еліміздің социялды өмірінде түбегейлі өзгеріс шарты бойынша, елімізде шет тілдерін оқыту оқу бөлімдерінде үлкен мән берілді және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін, шет тілдерін еркін меңгеруді және оны практикада қолдана білуді қамту керек. Шет тілдерін оқытуды жасау қажеттігі, білімінің даму стратегиясымен, оның рухани-байлығымен, жоғары білімділікпен творчествалық жеке тұлғалық бағытталу және ұлттық әдеттің жалғасуымен және оқытылатын тідің, елінің әдеттері мен танысу, ғылым мен мәдениеттің дамуы мен құрылады.
Білім жүйесінің мамандарына деген талаптардың өзгеретінін жеке атап өту керек. Оқытушы үшін еңбек нарығында қабілетті болу, кәсіби дәрежеде болу маңызды. Қазіргі қоғамда шет тілін үйрену, ол әдетті түсінікке жатпайды, ол тек адам адамның білімінің білімділік тәрбиелік компаненті ретінде қарастырады. Ол кәсіби орнығу үшін және қоғамдық өмірде адам белгілі орынға ие болу үшін қажеттілік ретінде танылады.
Педагогикалық ғылым студенттердің әдістемелік дайындығының құрылуынсыз кәсіптік болып табылмайды. Шет тілінің мамандарының конструктивті және кәсіби оқытуы маңызды болуының себебі, ол социалды- политикалық қатынаста, шет тілдеріне деген қызығушылық өсті. Мұндай жол шет тілдеріне оқыту ортасында мамандардың кәсіби біліміне өзгерісін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты. Араб тіліне байланысты, оның қазіргі өмірде маңызы өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Себебі, ол БҰҰ-ның арнайы тілдерінің бірі болып табылады, бұл оның практикалық маңызын көтереді.
Одан басқа, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында Сауд Арабиясы, Египет Араб Республикасы, Палестина, Ливия мемлекеттерімен елшілік қатынаста, мұндай кезде араб тілін жақсы меңгерген мамандарды Қазақстан Республикасы қажет етеді. Артықшылығы сол, араб тілі барлық Араб жартылай аралдарында, солтүстік Африкада қолданылады. Қазіргі оқытудың әдістемесі бойынша Қазақстанның жоғарғы оқу орындары араб тілінің мамандарын яғни әмбебап мамандарын шығарады, ол мамандар тек бір ғана мемлекетпен ғана шектеліп қалмайды, әрине әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескерген жағдайда.
Жоғарыда айтылғаннан басқа, исламтану үрдісінің күшеюінен, араб тілі діннің тілі ретінде оқытылады.
Бұның барлығы әртүрлі көптекен араб тілін үйрететін орталықтардың ашылуына себеп болады: елшілік кезінде мәдени орталықтардың, мектептер мен университеттердің т. с. с. ашылуы. Ал бұл, өз кезегінде, оқытудың жаңа формаларын үнемі іздеуді қажет етеді, араб тілін оқытудағы бар оқыту әдістемесінің іске асуын қажет етеді. Дәл осы сұрақтарды зерттеу, дипломдық жұмыстың мақсаты болып қойылады. Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер тұр:
- Араб тілі мен шет тілдерін үйрету әдістемесі бойынша оқыту және ғылыми әдебиеттерді оқу.
- Шет тілдерін үйрету әдістемесінің теориялық сұрақтарын оқу: пән және әдістеменің, мақсаттың, міндеттің, оқытудың мазмұнын зерттеу әдістерін оқу, сол сияқты шет тілдерін оқыту құралдарын үйрену.
- Араб тілін үйрету әдістемесінде сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін оқыту әдістемесін үйрену.
Жалпы, араб тілін оқытудың оптимизация үрдісі тәсілдердің жиынтығынан тұрады. Бұл дипломның мақсаты - араб тілін оқытудың оптимизациясының кейбір тәсілдерін қарастыру: оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдау, оқушылардың теріс тәжірбиелері бойынша оқыту материалдарын таңдау және оқыту кезінде араб тілінің ерекшелігін оқытушының белгілеуі бойынша тіркеу.
Теориялық пен практикалық мән, шет тілін үйрену мен үйрету ғылымы ретінде, оқытудың әдістемесін қарастыруда белгіленеді, анығырақ айтқанда араб тілін үйренуде қандай мақсаттар, міндеттер қойылады, қандай тәсілдер мен әдістер қолданылады және үйренушіге араб тілінде тез және таза сөйлеуде көмектеседі.
Зерттеудің әдістері . Әдістемеде мектептің тәжірбиесін ретроспекті үйрену әдістері мен бұрынғы және қазіргі этапында әдістемелік оқуы мен теориясы, оқу орындарында шет тілдерін оқытудың дұрыс тәжірбиелерін жалпылау, бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, эксперимент, тәжірбиелік оқыту сияқты әдістер бар.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде араб тілінде және орыс тілінде жазылған сөйлемдер болды: دكتور فتحي علي يونس
تعليم اللغة العربية للاجانب من النرية الى التطبيق " و رشدي احمد طعيمة " تعليم دكتور حين سليمان قورة " دراسات، العربية لعير الناطقين بيها مباهجه و " اساليبيه تحليلية ومواقف تطبيقية في تعليم اللغة العربية و الدين الاسلامي و جابر توفيق، الهاشمي " الموجه العملي لمدرس اللغة العربية "
Сол сияқты Миньяр- Белоручев Н. Т. « Методика преподавание иностанных языков», Гез Н. И. «Методика обучение иностранных языков», «Методика преподавания русского языка в школе», Гальскова Н. Д. « Современная методика обучения иностранным языком».
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
І Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі
1. 1 Әдістеменің ғылым ретінде қарастырылуы, оның пәні және зерттеу әдістері
«Әдістеме » түсінігі көне грек тілі бойынша зерттеу жолдары, теория, оқу деп аударылады. Осыдан әдістеме арнайы пәнді оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Әдістеме дидактиканың теориялық оқытуынан бөлініп шығып, алғаш рет өзінің толық мағынасымен және негізін сақтай отыра осы күнгі ұлы педагог Янь Амос Каменскийдің 17 ғасырда көрсеткен жолымен бізге жетті.
Оқыту әдістемесіне тереңірек ой жүгіртсек - бұл оқыту мен тәрбие туралы ілім. Бірақ, әдістемені тек қана әдістер, тәсілдкр немесе ұйымдастыру жолдарының жинағы ретінде қарастыру қате болар еді. Бұл өзінің теориясы, практикасы және методикасы бар ғылым. Осы жерден кез-келген басқа ғылым сияқты, бұл ғылымға да сондай көзқарас болу керек.
Шет тілін оқыту әдістемесі шетел тілін оқыту және оны оқу туралы ілім. Ұзақ уақыт бойы шетел тілін оқыту әдістемесін зерттейтін педагогиканың саласы ретінде қарастырды. Бірақ та, педагогикада қарастырылатын оқыту әдістері шет тілдерін оқыту әдістеріне сәйкес келмеді. Олар шет тілін оқыту үрдісі негізінде емес, жалпы оқыту үрдісінің негізінде құрылды.
Әдістемені грамматикалық ережелер жинағына айналдыра отырып, лингвистиканың бір саласы ретінде қарастырды. Бірақ мұндай тәсіл тәжірибе жүзінде іске аспады. Шет тілдерін оқыту әдісін жеке ғылым ретінде қарастыратын уақыт келді.
Әр ғылымның өзінің зерттеу обьектісі, өзінің пәні, өзінің зерттеу әдістері болады. Әдістемеде зерттеу обьектісі - бұл шет тілін оқыту үрдіс, яғни шет тілі туралы және дағдылары мен шет тілінде сөйлеу қабілетінің қалыптасуы туралы білім беру үрдісі.
Шет тілін оқыту әдістемесінің пәні де бар. Бұл оқыту үрдісі, яғни зерттеу обьектісі туралы жиналған білім, шет тілін оқыту үрдісі мен оның фрагменттерін құратын теориялар.
Қоғамдық ғылымдардың оқыту әдістемесі оқытудың жоғары теориялық деңгейін, қатаң ғылымилықты, материалдың нақты және түсінікті жеткізуін қамтамассыз етеді. Оқыту әдістемесі белгілі бір тәсілдер жиынтығы ретінде, оқытылатын ғылым мен оның методологиясының мазмұны мен тығыз байланысты.
Көптеген мысалдар арқылы методология мен оқыту әдістерінің байланысын ашық түрде көрсетуге болады. Мысалы, әдістердің жетілдірілмеуі міндетті түрде лекциялар мен семинарлардың методологиялық деңгейінде кері түрде талқыланады. Немесе керісінше.
Әдістеме оқыту мен тәрбиелеудің әдістері туралы ілім ретінде: ол оқытудың мазмұнының әдістері мен формаларының барлық мәселелерін құратын дидактиканың білім беру мен оқытудың жалпы теориясын көрсетеді. Соңғысы адамдарға білім беруге, оқытуға және тәрбиелеуге үйрететін пәні бар педагогиканың органикалық негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Жеке пәндерді арнайы оқыту әдістемелері педагогика ғылымының негезгі жүйесі болып табылады. Олар педагогика мен дидактиканың негізгі принциптерін нақты пәндерді оқыту ерекшеліктерінде қолданады.
Әдістеме ғылым ретінде де, теория ретінде де өзіндік тапсырмалары мен ерекше мазмұны бар бірнеше нақтыланған әдістерді іске асырады. Жалпы методика щет тілінің оқыту үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін, қай шет тілі туралы айтылып тұрғанына қарамастан зерттеумен айналысады. Бірақ, оқытушы нақтылы бір шет тілінің өзгешеліктерімен қақтығысқанда шет тілінің жалпы оқыту заңдылықтарын білу жеткіліксіз болып қалады. Арнайы әдістеме нақтылы бір шет тіліне ерекше болып табылатын тілдік және сөйлеу құбылыстарын оқытуды зерттейді.
Әдістемеде басқа ғылымдардағы сияқты қорытындылардың дұрыстығы мен ұсыныстардың сенімділігін зерттеу әдістері мен қамтамассыз етіледі.
Ғылыми зерттеулер іргелі және қолданбалы болып бөлінеді: Біріншісі тілді оқыту заңдылықтарын ашу мен сөйлеуді дамыту, әдістеменің жалпы теориялық мәселелерін шешу мақсатында қолданылады, мысалы, жазылым әдісін анықтау; екіншілері практикалық мәселелерді анықтауға бағытталған (жаңа тәсілдер мен оқыту әдістерінің жаңа оқыту құралдарының тиімділігі, жоғарыда айтылғандай әдістемеде мектептің тәжірибесін редроспективті зерттеу) оқу материалдары мен документтерді) мен методикалық ілім мен теорияны бұрынғы және қазіргі этапта зерттеу, оқу бөлімдерінде шет тілдерін дұрыс тәжірбиеде жалпыландыру, бақылаулар, сұқпаттар, сауалнама, тестілеу, экспериментте, байқау және тәжірбиелік білім қолданылады. Отанымыздың және шетел мектептерін тәжірибенің ретроспективті зерттеуі оқыту материалдарымен құжаттарын, зиялы әдіскерлер мен педагогтардың әдістемелік теориялары мен педагогикалық көзқарастарының талдауын анықтайды. Біздің елімізде және шетелдерде шет тілін оқыту теориясымен айырмашылықтарын анықтауға, қазірге дейін құндылықтары жоғалмаған әдістерді өткен тәжірибеге сүйене отырып қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай талдау ғылыми тұрғыда әдістемелік ойлардың дамуын қадағалауға, олардың айырмашылықтарындағы байланыстар мен тізбектерін анықтауға, осы кездегі әдістемедегі теориялық және практикалық мәселелердің шешілуі кезіндегі жаңалықтардың дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Бақылауды зерттеушінің қабылдауына тікелей мүмкіндік беретін әдістемелік құбылыстардың эмперикалық зерттеу әдістеріне жатқызуға болады. Бақылаудың маңызды ерекшелігі ол бақылау үрдісінің барысына әсерін тигізбей, оны тек қана белгілейді. Келесі әдіс - оқытушылардың дұрыс тәжірибесінің жинақталуын ғылыми-эмперикалық әдіс ретінде қарастыруға болады. Себебі, ол оқытушылардың тіжірибесін үйрену мен оның жалпы және маңызды жақтарын қарастыруды болжайды. Жалпылау белгілі бір теориялық көзқарастары бар нақты факторларының сараптамасын талап етеді. Бақылау мен жалпылау зерттеу әдістері ретінде ғылымға пайдасын тигізу үшін олар мақсатқа бағытталған және обьективті болуы керек. Сауалнама жүргізу оқушылар мен оқытушылардың әртүрлі ой-пікірлерін оқытудың, ұсыныстың және жағдайлардың жақсаруы бойынша нәтижелерінің бағалануы әдіс-тәсілдерге қатысты бекітіледі. Бұл әдістің іске асуының негізгі тәсілі зерттеудің ерекшелігімен анықталатын сауалнама, мазмұн және форма болып табылады. Сауалнама зерттеудің мақсаты мен сипатына анық жауап бере отырып, сұралушының мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек және сыналушы мен зерттеушіге арналған сауалнаманы жеңілдететін формасы болу керек. Сауалнамада мүмкіндігінше барлық ықтимал жауаптары болуы және нұсқа балдық жүйеде бағалануы керек. Сауалнаманың артықшылығы осы әдісті қолдану нәтижесінде алынған мәліметтер сандық өңдеуге жеңіл жіберіледі және белгілі бір ғылыми құндылығы болады. Алайда, сауалнама сұрақтарына жауаптар суьективті болуы мүмкін дейік, оларда сыналушының көңіл-күйі мінезінің белгілері көрінуі мүмкін, олай болса бұл әдісті басқа әдістермен байланыстыра отырып қолдану қажет, мысалы бақылау, әңгімелеу және тестілеу сияқты әдістермен.
Әңгімелеу әдісінің мақсаты, жүргізілген зерттеу туралы немесе эксперименттің сыналушы мен басқа да қатысушылармен бірге тікелей байланыстарды зерттеу кезіндегі арнайы құбылыстар туралы ақпараттарды алу болып табылады. Егер бақылаушы күтілетін нәтижелердің нақтылығы мен обьективтілігінің жоғарғы дәрежесіне ұмтылса, онда сауалнама жүргізу сияқты әңгімелеу әдісі зерттеудің басқа да әдіс-тәсілімен үйлесуі керек.
Зерттеу әдістемесінің екінші тобына теориялық және ғылыми- эксперименталды әдістер жатады, нақтырақ айтсақ:
- Әдебиетті талдау әдісі;
- Тестілеу;
- Эксперемент;
- Бұқаралық эксперименттік - тәжірбиелі оқыту.
1. Әдебиетті талдау әдісі мәселелерді әртүрлі көзқараста сыни және обьективті талқылау жасап, дәлелдерінің дәрежесін шығарады және сұрақтың теориялық жағдайын шолады. Ғылыми әдебиеттің қандай талдауы зерттеушіден жаңалықтардың немесе ғылымда белгілі ашылулардың қайталануын болдырмайды және әлі зерттелмеген немесе толық зерттеуден өтпеген мәселелердің шешуін табуға бағытталады.
2. Тестілеу әдісі әдістемеге психоллогиядан келген және іс-әрекеттің психологиялық ахуалын анықтау мен өлшеуге қолданылады. Шет тілдерін оқыту әдістемесінде тест барлық оқушыларға тең талапта өткізілетін бақылау жұмысы ретінде анықталады. Оның орындалу нәтижесі тесттің өтілу кезіндегі оқыту үрдісінің белгілі қорытындыларының көрсеткіші ретінде сандық өңдеуге беріледі. Тесттің қарапайым бақылау жұмысынан айырмашылығы оның қатаң біріңғай және обьектіге тура бағытталған стандартты формасы бар. Тестілеудің обьектілері экспериментті оқытудық нәтижесі болуы мүмкін және сол кезде ғана ол оның компаненті болып табылады.
3 . Экспиремент - бұл ғылымның дамуына қажетті шарттың бірі болып табылатын жалпы практиканың ерекше түрі. Ол ғылыми ұсыныстарды дәлелдеуге немесе теріске шығаруға көмектеседі.
1. 2 Оқытудың мақсаттары, міндеттері және мазмұны
«Мақсат» және «міндет» сөздері не синоним ретінде жиі қолданылады, не жеткіліксіз түрде анық дифференцияланбайды. Г. В. Рогова өзінің « Шет тілдерін оқытудың мақсаты мен міндеті» статиясында бұл түсініктерді дифференциялайды. Мақсат деген кезде студенттерді шет тілінде сөйлеуге уйрету үшін, үлкен, барлығын қамтитын сауалдарды шешудің тәтижелерін меңзейді.
Қазіргі әдістемеде оқытудың үш мақсатын белгілейді: практикалық, жалпы білім беретін және тәрбиелік. Оқытудың практикалық мақсаты, ең алдымен тілді қатынас құралы ретінде практикалық меңгеруді білдіреді. Алайда, бұл мақсаттың кең ауқымды тура түсінігі, тілді оқытудың нақты шарттарына байланысты бөледі. Осылайша тілді практикалық меңгеру дәрежесінің мәселесі мен белгілі бір этап пен оқытудың бағытындағы сөйлеу әрекетінің әр түрінің аралық және соңғы мақсаттарын айқындау қажеттігі туындайды. Бим И. Л мақсаттарды белгілеп көрсетеді.
Тыңдауға үйретудің мақсаттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz