Қабылдау бөлімі бағдарламасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
II. ЖАЛПЫ БӨЛІМ8
2. 1. Қолданбалы бағдарламалар және операциялық жүйелерге сипаттама8
2. 2. Бағдарлама тілін сипаттау10
2. 2. 1. Delphiдегі деректердің типтері16
2. 2. 2. Агрегаттық деректер18
2. 2. 3. Циклдік және тармақталу процестерін бағдарламалау19
2. 2. 4. Delphi процедуралары мен функциялары21
2. 2. 5. Ақпаратты ендіру шығару22
2. 2. 6. SQL - құрылымдық сұраныс тілі23
2. 2. 7. Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі27
Мәліметтер базасының негізгі түсініктері27
III. АРНАЙЫ БӨЛІМ34
3. 1. Есептің қойылымы34
3. 1. 1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бөлімінің құжат айналымы34
3. 1. 2. Іс қағаздарды автоматтандырудағы кәсіпорынның қиындықтары34
3. 1. 3. №4 Кәсіптік лицейге студенттерді құрамын тіркеу бағдарламасын құруға есептің қойылымы34
3. 2. Бағдарлама алгоритмін сипаттау61
3. 2. 1. Алгоритм түсінігі. Жобада пайдаланылған алгоритмдер түрі61
3. 2. 2. Бағдарламаның алгоритмі блок сызба түрінде62
3. 3. Кіріс шығыс құжаттарды сипаттау. 64
3. 3. 1. Мәліметтер базасын құру64
IV. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ69
V. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ72
5. 1. 3. Бағдарламаны жазуға және түзетуге кеткен шығындар72
5. 1. 4. Бағдарламаны енгізуге кеткен шығындар есебі73
VI. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ77
6. 1. ДК. құрылғысының техникалық қауіпсіздігі77
6. 2. ДЭЕМ және бейнедисплейлік терминалға сұраныс79
6. 3. БДТ, ДЭЕМ және дербес компьютермен жұмыс істеу кезінде еңбек режимі мен демалуды ұйымдастыру шаралары. 80
VII. ҚОРЫТЫНДЫ82
VIII. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР83
IX. ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР84
ҚОСЫМША85
АННОТАЦИЯ
Бұл дипломдық жобада мәліметтер қорының сипаттамасы жүзеге асырылған. Сонымен қатар, орта кәсіптік оқу орындары болып табылатын техникалық білім беру мекемелер оқушылары контингентінің ақпараттық деректер (ақпараттық жүйе - деректер қоры және қолданбалы қосымша) қорын жасау міндеті қойылған, үлгі ретінде №4 Кәсіптік Лицейдің оқушылар контингентін автоматты түрде есепке алу. Ақпараттық жүйе интегралданған орта Delphi Borland 7 да құрылған, ал деректер қоры Мәліметтер базасын басқару жүйесі (Microsoft Accsese 2003) тұтынушылық қосымшада жасалған. Бұл жүйе құрылымының өзектілігі оқушылар туралы үлкен көлемді ақпараттарды есепке алу қажеттілігі шартталған.
Студентпен дипломдық жұмысты жазу барысында тұтынушылық қосымша жасалуы және мәліметтер қоры құрылымы, ақпараттық жүйе архитектурасын өңдеу жүргізілген.
Экономикалық бөлiмде енгiзiлетін жүйеден алған экономикалық пайданың есептеуi шығарылған.
Тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi бөлімінде колледждiң компьютер дәрiсханаларындағы жасанды жарықтандыру және есептеулерi көрсетілген.
КІРІСПЕ
Ақпараттық технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам дамып келе жатыр. Бірақ дегенмен де ақпараттану әлі ғылым деп есептелмейді. Біз білгендей, әр ғылым дамығанда, адамзатқа небір пайда немесе жақсылық әкелуге бағытталады. Ақпараттық технологиялар адамзатқа деген көмегі - адамзат қозғалысындағы біріңғай процестерді автоматтандыру. Жылдан жылға халық саны өсіп келеді, сонымен бірге олардың сұраныстары өсіп келе жатыр. Адамзат XXI-ғасырға ақпараттық технологиялармен бірге аттанады. Күнделікті өмірде жан жағыңа қарасаң, ақпараттық технологиялар элементтерін әрбір жерден көруге болады. Көшеде тұрған банкоматтар, сатушылар қолданатын компьютерлер, бұлар алғаш пайда болған ақпараттық технологиялар көріністері. Келе-келе бұндай ақпараттық технологиялар адамзат шаруашылығының әр саласына ене бастады.
XXI ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Бүгінгі таңда информациялық технологиялар жоғарғы деңгейде дамуда. Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Бұл дипломдық жоба Borland Delphi-де №4 Кәсіптік лицейге студенттер құрамын қабылдау базасы атты тақырыпқа құрылған. Бұл дипломдық жобаның негізі лицейге келген студенттердің толық мәліметтерін ендіру, бағдарламадан өшіру, өзгерту, мамандықтар құрамы бойынша есеп беру, ұлттардың құрамы бойынша есеп беру, сақтау, барлық есептеулерді баспаға жіберу функцияларынан тұрады. Дипломдық жоба Microsoft Office Accses 2003 мәліметтер базасында құрылып, Borland Delphi - объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында байланыстырылып құрылған. Бағдарламаны қолданып отырған қолданушы әрбір тіркелуші адамнан мынадай мәліметтерді талап етеді:
- Аты - жөні;
- Туылған жылы күні - айы;
- Ұлты;
- Мекен - жайы;
- Мамандығы;
Бұл құрылған бағдарламаны тек лицейде ғана емес басқа да оқу
орындарында, мектептерде, мекемелерде қолдануға болады. Бағдарламаның тиімділігі адамды қағаз бастылықтан айырады. Қазіргі кезде заманауи технология қарқынды даму сатысында келе жатыр сондықтанда біз компьютерлік қызметтердің көбеюіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Есептеу техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: ХVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613- 1662) сандарды қоса алатын механикалық құылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. ХІХ ғасырда Ч. Бэббидж (1792-1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 40-жылдардың соңғы кезінде қазіргі кезде қолданылып жүген ЭЕМ-дердің құрылу принціпінің негізінде бірсыпыра машиналар дайндалды. Алғашқы ЭЕМ-ді құру оның жқмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты матиматик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін информация мен өңдеу програмасын сандық түрде пайдалану, деректер мен программаны машинаның жадына орналастыру тәсілдері де қарастырылған. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC («Electronic Numerical Integrator and Computer» - Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл өте қиын іс болғандықтан программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын. ІІ кезең (1955-1965 жылдар) Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары 50-жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1959 жылдан бастап жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМ-дер дүниеге келді. Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы секундына 200 мың операцияға дейін артып, ішкі жадының көлемі де бірінші кезеңнің компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді.
Бұл компьютерлердің жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер мен магниттік ленталар қолданыла бастады. ІІІ кезең (1965-1980 жылдар) 1958 жылы америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналастыруды үйренді. Бұларды интегралды схемалар (ИС) деп атады. Интегралды схемалардың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды схемалар компьютерлердің жылдамдығын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн операциядан жоғары), оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болды. Осы кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты. Бұрынғы ЭЕМ-дер тек күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық мақсатта қолданылса, ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында: зауыттарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т. б жерлерде қолданыла бастады. IV кезең (1980 жылдан бері қарай) Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді. Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. . Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты. 1977 жылы Apple-2 пайда болған. Қазір әлемде дербес компьютерлердің жылына миллиондаған данасы сатылады. V-кезең V кезеңнің ЭЕМ-дері деп жақын болашақта пайда болатын компьютерлерді айтуға болады. Есептеу техникасының дамуына Интернетті де қосуымызға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару. Қазіргі заманғы компьютерлерді қарастырған кезде, олардың бұрынғы есептеуіш машиналардан бір маңызды ерекшелігін байқаймыз: қажетті бағдарламаларды қолдану арқылы кез-келген компьютер басқа бір компьютердің әрекеттерін орындай алады (әрине, бұл мүмкіндік мәліметтерді сақтау құрылғыларының сыйымдылығымен және жылдамдықпен шектеледі) . Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлер болашақта құрылатын кез-келген есептеуіш техниканың жұмысын эмуляциялай алады деп есептеледі. Бұл қабілет арқылы жалпы мақсаттағы компьютерлерді және арнайы мақсаттағы құрылғыларды ажыратуға болады.
Ғалымдар болашақтың компьютерлері бүгінгі компьютерлермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты, қолданыста ыңғайлы және интеллектуалдық қабілеті өте жоғары болады деп болжамдайды. Бұл компьютерлерге барлық мәліметті қазіргідей пернетақтамен емес, дауыстап командалар беру арқылы енгізіп, олардың адам секілді машиналық «көру», «есту», «иіс сезу» қабілеті болады деп болжамдалуда.
Есептеу техникасының қазіргі уақытта қолданылып жатқан аясы
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты) . Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Қазіргі таңда есептеу техникалары көп салаларда қолданылып жатыр. Мекемелерде, оқу орындарында, медецина салаларында, завод - фабрикаларда, теір жолдарда, авиа жолдарда, Қарулы күштер қатарында тағыда басқа көптеген орындарда қолданылады. Қолданылатын аясын мысалға келтіретін болсақ: Оқу орындарында қашықтықтан оқыту, білім алушыларды заман талабына сай білім беру. Соңында, қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру - дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі алдындағы жауапты міндет. Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім берудің қамтитын, қашықтан білім беру жүйесін дұрыс түсінсек, оның бағытын дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп сенеміз. Қашықтан оқыту жүйелері тек білім берудің ұлттық жүйелерінде ғана дамып қана қоймай, кәсіпкерлік саласында дайындық жүргізуге бағыт алған коммерциялық компаниялар тарапынан да қолдау тауып, өрістей түсуде. Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілімен жүргізілетін жоғары білім беру жөніндегі бағдарламалардың төрттен бір бөлігі кәсіпкерлік саласын қамтиды. Осындай бағдарламалардың ішінде бакалавр, магистр дәрежелерін алу жолындағы мамандарды дайындау туралы бағдарламалар саны басымырақ.
Бұл күндері NTU және EuroPace корпорацияларын есептемегеннің өзінде де тек IBM фирмасының ішкі спутниктік қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру электрондық жүйелері жоғары білім беру ісіндегі аса маңызды бөлім болып табылады. Жекеше корпоративті компаниялар білім беру желілерін қашықтан оқыту ісіне кең пайдаланып келеді, олардың қатарында General Motors, J. C. Penney, Ford, Walmart, Federal Exprass және басқалары бар. Осы оқыту жүйелері университеттерде құрылған қашықтан оқыту жүйелерінен саны жағынан да, күрделілік пен кең таралуы жағынан да анағұрлым артық болып саналады.
Қазіргі заманғы техникалық құралдардың көмегімен білім беру ақпараттық технологияларды игерудің көп тараған тәсілдерінің бірінен саналады.
Дипломдық жобаның мақсаты
Дипломдық жобаның мақсаты “ №4 Кәсіптік лицейге оқушылардың құрамын тіркеу ” бағдарламасын құру жұмысын автоматтандыру болып табылады. Дипломдық жоба Мәліметтер базасын басқару жүйесін (Microsoft Accsese 2003) SQL - құрылымдық сұраныс тілін қолдана отырып, Borland Delphi 7- объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында байланыстырылып құрылған. “ №4 Кәсіптік лицейге оқушылардың құрамын тіркеу ” атты дипломдық жоба лицейдің қабылдау бөліміне жаңадан түскен оқушылардың деректерін (аты-жөнін, туылған күн, ай, мекен-жайын, ұлты, жынысы, оқыту түрін, оқу түрін, мамандығын, қабылданған, оқуға түскен мерзімін ) ендіру және сақтау қабылдау бөлімінде пайдалануға арналып құрылған.
Бағдарлама функциясы:
- Мәліметтерді ендіру;
- Өзгерту;
- Өшіру;
- Сақтау, іздеу;
Бағдарлама келесі деректер құрамы бойынша есеп беруі қажет:
- студент туралы толық мәліметті;
- ұлттардың құрамы бойынша;
- мамандықтар құрамы бойынша;
- студенттердің жас аралаығы бойынша;
- мәліметтерді баспаға шығару.
II. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
2. 1. Қолданбалы бағдарламалар және операциялық жүйелерге сипаттама
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы бағдарламалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның бағдарламаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, бағдарлама жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі- операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды. Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар құрастырыла бастады. Бірақ олар негізінен текстік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік бағдарламалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жүмыс істеуге өз септігін тигізді.
DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы болып, оның бір мезетте бірнеше есепті қатар шығару мүмкіндігі, яғни бірнеше бағдарламаларды параллель орындау қасиеті есептелді.
80-ші жылдардың ортасында MS PQ-DOS мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше
есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды, солардың бірі Windows жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады. 80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1 бірте-бірте бүрынғы текстік бағдарламалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессррлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3. 1 немесе одан кейінгі Windows 3. 11 версиясы қондырылған MS-DOS операциялық жүйесі орнатыла бастады. Microsoft корпорациясының ОС жасау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графиктік интерфейсгің қондырылған бағдарлама күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені құру болып саналады. Осылайша Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 98 жүйесінің, соңдай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейсі стандарттары Windows 3. 1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологаясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3. 1-ден Windows 95-ке өту әрине MS-DОS-тан бірден Windows 98-ге өтуге қарағағда біршама жеңіл екені түсінікті. Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition - редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды. Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты. Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.
Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады. Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы Windows Server 2003 операциялық жүйесін жазды. Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа версиялардың бәрі де уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.
Дербес компьютерге арналған жаңа операциялық жүйе бүгін бүкіл әлем бойынша сатылымға түседі. Нью-Йорк - та 2009 ж., 22 қазан - Бүгін Microsoft корпорациясы Windows ® 7 жаңа операциялық жүйесінің сатылымға түсуі жөнінде бүкіл әлемге жариялады. Windows ® 7 -ні жасап шығару барысында жетекшілікке алынған қағида қарапайым - қолданушылар үшін ДК-де жұмыс жасауды барынша жеңілдендіру. Жаңа операциялық жүйе қолданушының жетілдірілген интерфейсі мен күнделікті тапсырмаларды орындауды жеңілдететін және қолданушыларға кез келген пішіндегі, түрдегі компьютерлерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа сипаттамаларды ұсынады.
Алғашқы күнінен бастап Windows ® 7 -ні жасап шығару үрдісі Microsoft инженерлері мен дизайнерлерінің ДК-де жұмыс жасауды жеңілдететін операциялық жүйені жасап шығару мақсатында қолданушылар мен серіктестермен әріптестік қатынас орнатуына бағытталды.
2. 2. Бағдарлама тілін сипаттау
Borland Delphi ортасы туралы түсінік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz