Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.7
1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АНА ТІЛІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.18
1.2. Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.33
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімдерін педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34.43
2 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие берудің зерттеу деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44.52
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ..53.62
2.3. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеудің тәжірибелік.эксперимент нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63.71
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72.73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..74.76
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә

Зерттеудің өзектілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады [1; 12-13].
«Қазақстан – 2050» бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген [2; 26-27].
Басты назар аударатын мәселелердің бірі – отансүйгіштік. Отаншылдық отансүйгіштік тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.
Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды. Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр [3; 8-9].
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.
Отанды сүю, патриотизм, отаншылдық деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен

1. Қазақстан Республикасының орта білімнің тәлім-тәрбие тұжырымдамасын // Егемен Қазақстан, Алтамы, 2003, 26 желтоқсан. [1; 12-13]
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы 2011 [2; 26-27]
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, Алматы, 2004 [3; 8-9]
4. 1993Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, Алматы 2004 [4; 32]
5. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999, [5; 13-15]
6. А.Қоңыратбаев. Алматы, 1999, [6; 56]
7. С.Қасқабасов. Алматы, 2001, [7; 78]
8. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде . Алматы, [8; 200]
9. Ж.Қалиев.Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Астана,2005 [9; 236]
10. С.Мусин. Педагогика тарихы. А., 1997, [10; 225]
11. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан болашағы қоғамның ұлттық бірлігінде. Алматы. Қазақстан, 1993 жыл [11; 22-35]
12. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика, А, 2002, 350 б. [12; 350]
13. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // Қызылжар нұры – 2006 - 24 қараша. [13; 380]
14. М.Құрманбаева. М.Ғабдулин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алматы, 2003 [14; 109-111].
15. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 - 73 бет [15; 72-73]
16. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы 2011[16;28-36].
17. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 [17; 7-9]
18. Жарықбаев Қ. Б., Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. – Алматы, 1965. [18; 36-39]
19. Т.Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары, А, 1978, [19; 225]

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Таймаганбетова Т.У
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қостанай 2014

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
Лиходедова Л.Н.____________
Дипломдық жұмыс

5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
бойынша
Орындаған:
Таймаганбетова Т.У.
Ғылыми жетекші: Айдналиева
Н.А.
Педагогикалық
ғылымдарының
кандидаты, доцент.
Қостанай 2014
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...4-7
1 тарау. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы
отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негізі.
1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие
жайында жалпы түсінік
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-18
2. Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..19-33
3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімдерін педагогикалық
тұрғыдан
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34-43
2 тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің
әдіс-тәсілдері мен жолдары.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік
тәрбие берудің зерттеу
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...44-52
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштік
сезімін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... .53-62
2.3. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында отансүйгіштікке
тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперимент
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63-71
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .72-73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .74-
76
Қосымша А
Қосымша Ә
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең,
ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім
беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен
тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы
ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды,
қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы
білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру;
айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім
қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген
жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін
ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым –
қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады [1; 12-
13].
Қазақстан – 2050 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық
жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап
ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік,
білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп
қалыптастыруымыз керек, - делінген [2; 26-27].
Басты назар аударатын мәселелердің бірі – отансүйгіштік.
Отаншылдық отансүйгіштік тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны
белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары,
сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін
қалыптастырады.
Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп
оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін,
тілін таниды. Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты
саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп
алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту
сатысындағы оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық
тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне,
жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі
күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр [3; 8-9].
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік
жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан
бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық
өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт –
дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне
пайдалануға жол ашып отыр.
Отанды сүю, патриотизм, отаншылдық деген ұғымдар мектепке,
үйге, жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен
басталады. Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата – баба дәстүрін,
ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ
халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан
бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды
соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан – қилы ырымдар мен
кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.
Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар
қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан
көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы
сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген
мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты
халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін
ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі [4; 32].
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік,
сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап,
соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе
бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп
жүргізуі тиіс.
Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды
деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, ана тілі сабағында
отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс –
шараларға бөлуге болады:
¬ тілді құрметтеу;
¬ ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;
¬ елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
¬ ата – бабалар өсиетін орындау;
¬ жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Яғни, отансүййгіштікке тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі,
табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу
үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені
мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды.
Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған
бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар – бір – біріне ажыратуға
келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы
қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ
[5; 13-15].
Табиғаттану сабақтары еліміздің жер байлығы мен әсем табиғаты
туралы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың елі үшін мақтаныш
сезімін оятып, мұндай байлықты қорғау қажеттігін көрсетуі тиіс.
Ана тілі сабақтарында жазушыларымыздың айтқан өсиеттері арқылы
оқушыларда отаншылдық сезімін оятуға болады. Ел болам десең, бесігінді
түзе, - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар
бойы қалыптасқан салт – дәрсүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері
соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт – санасын, мәдени
мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Оқушыларды өз елін, туған
жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай
бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы
тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру
мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің
өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені
сөзсіз [6; 56].
Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен
адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық
отаншылдық сезімі асқақтай түседі.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың
тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын
сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш
туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен
айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.
Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын
құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда отансүйгіштің рөлі
ерекше. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбымды Бастауыш сынып
оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу деп
таңдауыма негіз болды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік
сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағында
отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, елін, жерін сүюге оны қорғауға
шақыру.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта отансүйгіштік сезімді жетілдірудің
жолдарын педагогикалық үдерісті қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Отансүйгіштік туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой –
пікірлерді анықтау;
2. Отансүйгіштік тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой -
пікірлерді айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу
құндылықтарын белгілеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін
педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ана тілі сабағында отаншылдық
тәрбиенің бастауыш сынып кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының
отансүйгіштік сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан Республикасының
өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет
көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің
отансүйгіштік мүмкіндіктерін дамытуды меңгереді.
Зерттеу әдістері: педогогикалық, психологиялық, этно –
педагогикалық, тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш
әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық
талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып
мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық
тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Зерттеу базасы: Қостанай қаласының №24 А Бастауыш қазақ мектебінің
4 А және 4 Б сыныптары.
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, үш
тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік
тәрбие жайында жалпы түсінік беру.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып
саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі.
Отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриотизм, отаншылдық деген сөздер бір ұғымды
білдіреді. Отансүйгіштік - отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-
қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін,
елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Отансүйгіштік грекше patriotes-
отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік -
адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін
өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен
туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін,
сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің
саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың
құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке,
елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған
әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек
жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық
отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:
• Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық,
отансүйгіштік сезімді түсіндіру;
• Қазақстанда қызмет етуді мойындату;
• Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз
мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік
тәрбие бар [7; 78].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы адамзаттық құндылықтарға
негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл
идеологиялардың негіздерін патриотизм, қазақстандық отансүйгіштік және
ұлтжандылық ұғымдары құралады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық
сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу
орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің
аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің
тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.
Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм" ұғымдары сол
заманның ақиқаты – наным- сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан
бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа
сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді [8;
200].
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде.
Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі
тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-
жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын
арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы
күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның
педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын
тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген
сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен
білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау
болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу
де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек [9; 236].
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де
байланысты. Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді.
“Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон
“Мемлекет туралы диалогінде”. Патриотизм идеясының дамуына француз
материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол. Орыс
революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді. Жүсіп
Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б.
еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар
жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті. Патриоттық
сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан
да байқауға болады. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол
адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси
-әлеуметтік құбылыс [10; 225].
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен
мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын
түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін
сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны
төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм",
"қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ,
өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның
қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар
жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан
қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, -
деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр. Бүгінгідей демократиялық
бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне,
отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда
патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз. Біздің
пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз
мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып
біліп, құрметтеуі тиіс [11; 225].
Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында
еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында
патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше.
Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай
шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын-
жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең
жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық
сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен
қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның
байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі
орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді
ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге
тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен-өзі
келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім
әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып,
тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша,
отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық
ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада
тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ
жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын
патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева,
А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық,
мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын
патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді:
педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас
түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді
оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие
болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен
практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа
идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек. Мектеп
оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың
еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің
іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге
тәрбилеу; оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған
бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық [12; 350].
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан оқытушылар өз
қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына
деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және
насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар
достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Соның бір айғағы
жылда өткізілетін Халықтар достығы фестивалі. Демек патриотизм – қоғамдық
сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға
түседі.“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе
кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы
түсінуіміз қажет [13; 380].
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі дүниежүзілік
қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты
сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Ежелгі грек ғұламалары
Аристотель, Платон, Цицерон 18-ғасырда француз матералистері, неміс
философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын
еліне, жеріне деген ұлтжандылық және отансүйгіштік сүйіспеншілік көрініс
тапқан. Отансүйгіштік тәрбиенің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік
топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын
айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыптастыру
[14; 109-111].
Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы отаншылдық -
Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді
екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген
ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және
болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді,- деп атап көрсеткен болатын.
Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеулерде жастарды
отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық тұстарының ескерілмей келгені де
байқалады. Міне, осы проблемалардың бәрі отансүйгіштік тәрбие мәселесінің
белсенділігін көрсетсе керек [15; 72-73].
Қазіргі егеменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу,
олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын
азамат болып өсуін қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге
болады. Жоғарыда отансүйгіштік ұғымына берілген сипаттамалар мен
зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне сүйене
отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік. Отансүйгіштік-ол өзінің туған
жеріне, тіліне, еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол
мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу,қызмет
ету. Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында: - Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға
тиіспіз, - деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапрандарды басынан
өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика.
Сондықтан оның берік болуы отансүйгіштік тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге
байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да
республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі - қазақстандық
патриотизм деп атап көрсетілген [16; 28-36].
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған
жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар
мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп
танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға
еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті
өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан
азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-Отан-
анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы
білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне
арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық
патриотизм құрамына кірсе керек [17; 7-9].
А.Абижанов-патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан, ол
ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға хәм қоғамдық сана элементтерінен
тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, нығайтуға бағытталған сезім болып
табылады-деген. Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және
сезімімен байланыстырып отыр, демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық
сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын пратриотизмге
тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі
ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеудің дамуы еңбегін атауға тұрарлық. Онда,білімнің
мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың
әдіс-тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу
оларды оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру
секілді ұсыныстар берілген [18; 36-39].

қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан-
дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі
айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра
келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс-әрекеттерін
ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын
осы бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий,
соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман
конференцияларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар
жинау фото қалқаншалар, фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді
ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары ұлтжандылық,
ұлттық патриотизмдік сананы қалыптастыру болса, ол-ар, намыс, ождан,
қарыз, парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды; олар
туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп,
тереңдетуді; сөйтіп Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, атамекен секілді киелі
ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе жатқан жас
буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың
әрқайсыларының өзін ұлтының перзентімін деп сезінуін нысанаға ала отырып,
Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда ұлтты сақтап, одан әрі өркенін өсірудің
кепілі,-деп білген жөн. Мұның өзі ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу
идеясы басын құраған адамдардың шынайы жүрек жарды бірлестігі деген
идеядан өрбиді [19; 225].
Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш,
мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу,
ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім-
жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол қоғамдық мәнді
және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге қатысты болып келеді, ол
сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен
патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі
мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады
[20; 26-38].
Философиялық еңбектерді талдау барысында біз Отан және Атамекен
ұғымдарының іс-жүзінде мағыналас екеніне, бірақ Қазақстан Республикасы осы
мемлекетте туып, тұрғылықты тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне Отан
болғанымен тек тұрғылықты қазақ халқына ғана Отан және Атамекен болып
саналады.
Отансүйгіштік ұғымының құрылымын айқындау кезінде біз үшін
М.Н.Росенко ұсынған моральдық таным деген ұғым жақын болды. М.Н.Росенко
бойынша моральдық таным тұлғаның мінез-құлық нормалары мен принциптерінде,
нысаналы қондырғыларда, сенімдерінде анықталады. Ол адамдар арасындағы
қарым-қатынастарда реттеуіштердің екі деңгейінде қызмет етеді: олар
эмоционалды-сезімдік және рационалды-теориялық. Осылардың негізінде
моральдық танымнан туындайтындардың бірі ретінде эмоционалдық және
интеллектуалдық компоненттерді қамтиды. Интеллектуалдық компонеттерді
қалыптастыру өз Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрлері және т.б. туралы
білімдерді игеруді көздейді. Оқушы патриотизмнің қалыптасуы мен дамуына
әсер ететін оқу-тәрбие факторларын айқындау кезіндегі өз зерттеулерімізде
біз этномәдени білім берудің мемлекеттік тұжырымдамасында көрсетілген үш
бағыт туралы ережеге арқа сүйейміз: институционалдық (балабақша, мектеп,
гимназия, лицей, колледж, ЖОО-лар және т.б ); институционалдық емес
(курстар, кітапханалар, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени ұйымдары,
орталықтар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар), ресми емес (отбасында оқыту
мен тәрбиелеу, достармен, таныстармен, көршілермен араласу және т.б.) [21;
87-92].
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып өркендеп гүлденуі
ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары-ана тілі,
ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін
сақталып, тәулелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған
қазақ халкының тарихына көз жіберсек сонау Күлтөгін, Білкеқаған, Тоныкөктен
бастап ерін, елін, жерін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы.
Күлтегін жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнаттым...- дейді.
Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне
қылышпен қарсы шабуылға щығуына да осы потриатизмнің қуатты күші. Ежелгі
ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні,
асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендіксөз, айтыс өлеңдері,
ою-өрнектері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз
туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі,
адамгершілік ар - ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені
тарихи шындық. Олай болса тәуелсіздік туы желбіреген еліміздің болашақ
отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық,
кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүйушілік секілді ең асыл
қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ұлттық құндылықтарды басшылыққа
алсақ, өте ұтымды болар еді [22; 135-139]
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадыр-
қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,
Махмұд Қашқари т.б. айтқан болатын.
Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалым Ш. Уалиханов өзінің патриотық
сезімін білдіре келіп, Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка
сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде бір сандық), мен ең
алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ,
ел-жұртым, руластарым, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей
жұртын қадірлеймін,- деген екен. [23; 96-105]
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне,
ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин
болды. Ол көшпелі елдің басына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді
армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ жастарды ерлік
рухта, потриатизімге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін
оятуды үнемі мақсат етті. Оның Азаматтың бәрін сүй бауырым-деп деген сөзі
ұлы гуманистік идеяның айқын көрінісі еді. [24;10-15]
Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқараспен қарап, соған сәйкес
оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен
салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды, оқушыларың
білім сапасын жетілдіруді талап етуде.
Орта мектепте оқытылатын жаратылыстану курстарының мазмұндарын халық
педегогикасымен сабақтастырудың мүмкіндіктері мол. Осы мүмкіндіктердің бірі-
жаратылыстану пәндерінің сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарында халық
педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Педагогикалық зерттеулерде оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін
қалыптастыру мәселесі жеке дара қарастырылмаған, көптеген зерттеулерде
оқушыларға адмгершілік (Р.Төлеубекова, Р.Елубаев, А.Қисымова,
Ж.Сәдірмекова, А.Аманжолова, С.Әбілдина ), патриоттық (К.Әбілғазиева,
А.Жұмаханов, С.Иманбаева,) т.б. тәрбиелерімен үнемі бірге жүріп жатыр.
Біздің ойымызша, атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыратын тәрбиемен білім
беру мәселесін арнайы зерттеулерде жеке бағыт ретінде бөліп қарастыруға
болады, өйткені оның өзіндік мақсаты мен өзіне тән міндеттері бар. Бүгінгі
таңда атамекен ұғымына әр ғылым саласындағы ғалымдар әртүрлі анықтамалар
беріп жүр. Атамекен сөзі араб этимологиясында мекен – жай, орын деген
сөзден туындап, кір жуып, кіндік кескен аймақ, өңір дегенді білдіреді.
Атамекен сөзі түркі қауымына ортақ ата сөзімен қосылып, әуелде ата қоныс
ұғымында қолданған [25; 366-378]
Атамекенге деген сүйіспеншілік Асан Қайғы бастаған XV-XVIII ғғ. Ақын-
жыраулардың сыртқы жаудан қазақ жерін қорғаудағы ерлік және жауынгерлік
дәстүрлерінде, қазақ демократ-ағартушыларының ұлттық мұраларымызды
өркендету жолындағы еңбектерінде, қазақ зиялыларының қазақ қоғамын, оқу-
ағарту және мәдениет салаларының дамуына қосқан үлестерінде, Ұлы Отан
соғысында қазақ жауынгерлерінің Кеңестік Отанды қорғаудағы көзсіз ерліктері
мен кешегі Желтоқсан оқиғасында өрімдей қыздарымыз бен жігіттеріміздің
еліміздің бостандыққа ұмытылып, азаттық алу жолындағы күрестерінде көрініс
тапты. Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастырушы тәрбие адамгершілік
тәрбиесімен тығыз байланысты. Өйткені адам бойындағы асыл қасиеттер
атамекенге деген сүйіспеншіліктен де туындайды. Оқушылардың атамекенге
деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда жеке тұлғаның әлуметтік жағынан құнды,
жағымды қасиеттерін дамыту ғана емес, сонымен халық педагогикасы арқылы
оқушыларға сапалы білім беріліп, біліктері мен дағдыларын орнықтыруға да
назар аударылған. Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру кең мағынада
ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға халық педагогикасы
негізінде сапалы білім беру, оларда іскерлік пен дағдыны дамытуға
шығармашылықты арттыруға, жеке тұлғада атамекенді қадірлеу, сүю, көркейту
секілді атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгілерін, қалыптастыруға, саяси
сана мен ойлау қабілетін арттыруға бағытталған. Мысалы география пәнінде
оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыратын халық
педагогикасымен сабақтастыруда пәнаралық байланыстардың артатыны байқалады.
Туған өлке географиясы– тақырыбын өткенде ауылдың, яғни атамекеннің
өсімдігі мен жануарларын түсіндіргенде биологиямен, атамекен шежіресін
өткенде тарих пәнімен, атамекен жырларын келтіргенде әдебиетпен, тіпті
атамекеннің көрікті жерлерінің суреттерін салдырғанда бейнелеу өнері
пәндерімен байланыстырамыз. Мысалы, Туған өлке географиясы тақырыптарын
өткенде поэзия жанры мен туған өлке материалдары арқылы оқушыларды
атмекенді сүю қорғау, қастерлеу және көркейту сияқты борыштарын дамыту
көзделді. Оқушылар өздері тұратын жерлердің өсімдік, жануар дүниесімен
танысып су, ауа мен топырағына зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Теориялық
тұрғыда өз жерлерінің тарихи шежіресіне шолу жасап, мәдениеті мен тарихын
қарастырады. Нәтижесінде олардың шығармашылық, іздемпздық, орындауылық
қабілеттері дамиды. Осы тақырыпты орта мектепте өткенде оқушыларға көптеген
тапсырмалар беріліп, материалдар жинақталды. Ауылдың ландшафтын білу үшін
оқушылар таным жорықтар мен топсеруендерге шықты. Бұл ауыл жайында өлең-
жырлар жинақталған. [26;12-17]
Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын советтік патриотизм Ұлы
Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу
жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, коммунистік мораль
қалыптастыру аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу
мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрады. Патриотизмнің
тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік
түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизм
мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген
көз қарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриотизм қазақ халқымен
бірге жасасып келе жатқан рухани сезім болып, ауыз әдебиетінен кең орын
алған. Орхон-Енесей жазбаларында патриотизмнің қайнар көзі Мемлекет, Отан,
Атамекен, ел-жұрт - деген сияқты ұғымдар келтірілсе, Қорқыт ата кітабында
жауынгерлердің мінез- құлқына сипаттама беріледі. Отанға, елге деген
сүйіспеншілік батырлықтың келіп шығу тегі, батырлардың мінез-құлық
ерекшеліктері, батырлық кәсіптің маңызы, ер азаматтардың міндеті жайлы
Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауй, Сайф-Сайран, Әбу-Насыр-әл–Фараби,
Махмұд Қашқари т.б. еңбектерінде пікір айтылған. Мектептегі тәрбие жұмысын
халықтың педагогика негізінде ұйымдастыру туралы көп жылдардан бері айтылып
келеді. Егер осы идея толығымен жүзеге асатын болса, оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеу мәселесін ерекше бөліп қараудың қажеті бола қоймас
еді. Өкінішке орай сабақтан тыс тәрбие жұмысы бір жүйеге түсе қойған жоқ,
әлі де болса стихиялы сипатқа ие. Өсіп келе жатқан жас буындарға патриоттық
тәрбие берудің психологиялық тетіктерін Ә.Алдамұратов, С.Әсімбетовалар
Азамат болу, ел қамын ойлау атты еңбектерінде көрсеткен. Сонымен бірге
Қ.Б.Жарықбаев халықтық педагогика, ұлттық психологияға қатысты еңбектерінде
отаншылдыққа тәрбиелеуге мән берді. Жастардың бойында ұлттық патриоттық
сана-сезім қалыптастыруға зиянын тигізіп отырған аппарат құралдарын сынай
келе Рухани жұтаңдық қайдан шығады атты мақаламен Б.А.Абыраев
жастарымыздың кафе, мейрамханаларға әуес болып, жеңіл-желпі ән-күйлерге
еліктеуінің рухани жұтаңдыққа апаратынын баяндайды. [27;10-15 ]
Қазіргі таңда қоғамның сұранысына сай “Қазақстан Республикасының
жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие
берудің тұжырымдамасы” дайындалды. Тұжырымдаманың мақсаты – қоғамның
әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің
жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің
бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін
тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында
төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне,
Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне,
мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып
есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың
тілдеріне құрметпен қарау;
- халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық
қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;
- Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның
экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық
тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;
- жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті
бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік,
ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);
- мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей
отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық
прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің
өзіндік атқарар міндеті бар.
- Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды
қалыптастыруда пән сабақтарына қойылатын негізгі талаптар айқындалды:
- пән сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін патриоттық
тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен
тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;
- пән сабақтарының алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және
педагогикалық тұрғыда негізделуі;
- сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның
қамтылуы, сабақ мазмұнының оқушылардың патриоттық іс-әрекетінің негізі
болуы, берілетін білім мен оқушылардың патриоттық іс-әрекеті арасында
байланыстың болуы;
- пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін
материалдардың қамтылуы;
- сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне
ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне
әсерлі болуын ескеру;
- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін
айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-
сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң
тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат
тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Төмендегі
сызбадан көруге болады [28; 79-82].[Қосымша А]

маңызы.
Бауыжан Момышұлы балаларға айтқан тілегінде: Отан сүйер ұлан
болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болыңдар! деген болатын. Сондықтан ,
өз Отанынымызды сүйіп, құрметтей, қорғай білейік![29; 108]
Білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш сынып оқушыларын
айналадағы дүниемен белсенді әріптестік тәрбие түрлеріне бай сезім қарым-
қатынас дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи әлеуметтік
ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады.
Басты назар аударатын мәселелердің бірі - отансүйгіштік. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында азаматтық пен отансүйгіштікке, өз
Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспешілікке, мемлекеттік рәміздерін
құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім
саясатының басым ұстанымы екендігін атап көрсетіп отыр. Отансүйгіштік
тәрбиесі проблемасын зерттеумен біздің Қазақстандық бірқатар ғалымдар
айналысады. [30; 46-48]
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға мектептің тәрбиелік жұмыстарының
аса маңызды бөлігін құрайтындықтан өмірде болып жатқан бетбұрыстар
қоғамдағы саяси көзқарастар әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің
тарихына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүріне құрметпен қараумен
қатар оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. [31;28-36]
Бастауыш сыныптардағы ана тілі – маңызды пән, имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың
құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы.
Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда ана тілі сабағында
оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру
әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде ана тілі
оқулықтарында берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Ана тілі
оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар
Отанға, елге, жерге арналған. [32; 78-86]
Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген.
Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені
қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты
қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.
Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық
тәрбие беруге мүмкіндік береді.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге
көңіл аударылды:
-туған тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу
мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу –
оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
-туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің
орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау,
күтіп баптау;
-туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-
ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел
экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;
-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу,
қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет
қалыптастыру аясы;
-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру
– ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге
ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен
үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы. [33; 56-59]
Бастауыш сынап ана тілі оқулығында оқушыларды отансүйгіштікке
тәрбиелеу мақсатында көптеген тақырыптар бар. Соның ішінде бірінші сынып
оқулығындағы тақырыптар:
Туған тілім 6-бет
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілов)
Осы өлеңде бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке, өз тілін
құрметтеуге, қастерлеуге,оны барлық тілдерден үстем қоюға, өз ана тілін
сүюге ынталандырған. Автор өз ойын белгілі сөздермен жеткізуге тырысып ана
тілімізді асқақтатып көрсеткен. Егер әр елдің өз тілдері болса сол сияқты
біздіңде қазақ тілімізді жақсы меңгеріп, құрметтеу керек екенін айтқан.
Автор өз өлеңінде Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-
ақ алыңдар деп айтқан сөзі қазақ тілін соншалықты қадірлейтінін,
қастерлейтінін, егер туған тілім болмаса мен неге өмір сүремін деген өзін
өлімненде қорықпайтынын айтқан. Сол сияқты қазіргі жас ұрпақтың бойына
осындай қасиеттерді сіңдіріп тәрбиелеу керек сондықтан туған тіл туралы
өлеңдерді бастауыш сыныпқа көптеп енгізген.
Отан 39-бет
Отан - атам,
Отан - әжем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: Атамекен?!
(Әбдірашт
Жарасқан)
Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу керек,
сонда келешек ұрпақ отанын сүйіп оны қорғай біледі. Осы өлеңде оқушыларды
отанын сүюге, оны қастерлеуге, адалдыққа, елжандылыққа, жауапкершілікке
тәрбиелеу мақсатында ана тілі кітабына енгізген. Автор өз ойын Отанды ата,
әже, әке, анаға теңеп оқушыларды осы ұғымдар арқылы отанын сүюге шақырған.
Туған өлкем 41-бет
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
(Өтебай Тұрманжанов)
Қазақстан жерін сұлу, әсем екенін айтып, өлеңде оқушыларды отанын
сүюге тәрбиелеген. Кең байтақ, сұлу, әсем жеріміздің көгінде күн, жерінде
гүл жайқалып тұрғанын автор айтып өткен. Осы сұлу, әсем, көркем
Қазақстанымызды жаудың қолына түсірмей қорғап қалу керектігін оқушылардың
санасына сіңдіру мақсатын көздеген. Әрбір оқушы туған өлкесін сүйіп оны
қастерлеп өтуін де үйрету керектігін білдірген.
Жусанда туған жердің иісі бар 47-бет
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары
ұстап, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде
өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты. Бір күні Бейбарыс сұлтан
серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді.
Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін
толқытады. Қазақта: Жусанда туған жердің иісі бар деген осыдан қалған.
(Менің алғашқы энциклопедиям
кітабынан)
Оқушыларды туған жерге деген ұлы сезімдерін, өз еліне деген
сағыныштарын осы мәтінде көрсетіп, түсіндірілген. Әрбір оқушы қай жақта
жүрседе өз елін, жұртын ұмытпай есте сақтау керектігі айтылған. Сонда
мәтінді оқып оқушылар өздеріне отанды сүйіп, оны қастерлеп, ұмытпау керек
екенін ойларына түйеді.
Қазақстан байрағы 51-бет
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдары.
(Мұзафар
Әлімбаев)
Қазақстан туы көгілдір түсті, қыран бүркіт, қазақтың ұлттық оюы
бейнеленеген осының бәрін оқушылар біліп үйренгені дұрыс. Осы мақсатта
автор өлеңінде барлық мәлімметтер көрсетілген. Ал оны оқушылар осы өлеңнен
оқып біледі. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін рәміздердің барлығын
көрсетіп оны жете түсіндіру қажет.
Біздің елтаңба 54-бет
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
(Оразақын Асқар)
Әрбір оқушы өз елінің рәміздерін біліп жүруі керек. Елтаңба туралы
білімдерін арттырып, елтаңбаның бөліктерін, қандай бейне бар екенін оның
жай бейне емес екенін түсіндіріп көрсеткен. Бұл өлеңде автор елтаңбаныңәр
бөлігін жекелеп көрсеткен. Осы арқылы оқушылар өз білімдерін арттырып,
тәрбиеленеді.
Мемлекеттік тіл 55-56 бет
Егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстан Республикасы
конституциясының 7-бабында Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік тілі –
қазақ тілі деп көрсетілген.
(Менің алғашқы энциклопедиям
кітабынан)
Әрбір оқушы өзінің қазақ тілінде сөйлеп, осы тілді жете меңгеруі
керек. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Әрбір елдің ең басты
белгілерінің бірі ол тіл. Осыны оқушыларының санасына ұғындыру үшін
бастауыш сыныпта оқып жатқан кезден бастап үйретеді. Осындай мәліметтер
арқылы оқушыны өз тілін үйренуге, қадірлеуге, қастерлеуге, өз отанын сүюге
үйретеді.
Әнұран 57-бет
Әні
Сөзбен толығып,
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz