Банктердің несиелік тәуекелін басқару


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: Банктердің несиелік тәуекелін басқару.
«Қаржы және несие» мамандығы «Банк ісі» мамандануының 4 диплом күндізгі оқу бөлімінің студенті
Қорғауға жіберілді: кафедра меңгерушісі.
э. ғ. к., доцент Ермекбаева Б. Ж.
Хаттама № қаулысымен ___ 2005 ж.
АЛМАТЫ 2005 ЖЫЛ
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Несиелік тәуекелді басқару
1. 1. Несиелік тәуекелдің экономикалық мәні . . . 6
1. 2. Несиелік тәуекелді басқарудың әдістері . . . 18
1. 3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау . . . … . . . 33
1. 4. Несиелік тәуекелді бағалаудағы дамыған елдердiң тәжірибесі . . . 38
2. Қазақстан Республикасындағы Екiншi Деңгейлi Банктердiң
несиелік тәуекелді басқаруын талдау
2. 1. ҚР Екiншi Деңгейлi Банктердiң несиелік
портфелін талдау . . . … . . . 47
2. 2. Акционерлiк Қоғам “Банк ЦентрКредиттің”
проблемалық несиелермен жүргізетін жұмысы……… . . . 56
3. Несиелік тәуекелді басқаруды жетілдіру жолдары. . 73
Қорытынды . . . 84
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88
Кіріспе
“Банктердің несиелік тәуекелін басқару” атты бітіру жұмысының негізгі өзектілігі банк несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі (несиелік мониторинг) мен несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар мен тексерулер процесі (несиелік авторизация) болып табылады.
Зерттеу субьектісі несиелендіру процесіне қатысатын банк, қарыз алушы, үшінші түлға арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге негізделген.
Жұмыстың негізгі зерттеу обьектісі осы тұлғалар арасында несие алуда пайда болатын қарым қатынасты анықтай отырып, олардың арасында әр түрлі тәуекелдер соның ішінде несиелік тәуекелдің пайда болу себептерін, оны басқару мен бағалау жолдарын, әдістемелік негіздерін анықтау.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты ҚР-ның нарықтық экономикаға көшуінен банк экономикамыздың дамуына күшті әсер ететін сектор және негізгі несиелік операциясының жүргізілуі тәуекелдігімен байланысты болғандықтан несиелік қызметті реттеу және қадағалау, басқару, банкті болатын банкроттықтан сақтап қалу үшін теориялық және тәжірибілік деңгейде мүмкіндігінше белгілі бір іс-шаралар жиынтығын ұсынып, банкке халықтың сенімділігін арттыру болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттер жүктелген:
- несиелік қызметті жүргізуге мамандандырылған белсенді мамандарды таңдау;
- несиелік тәуекелге қарсы провизиялар құру;
- қарыз алушыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтай отырып, уақтылы қарсы шаралар қолдану;
- қарыз алушымен тығыз қарым-қатынаста болу, оның берген мәліметінің дұрыстығын дәлдеп тексеру;
- несие бағасын белгілеу мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан тұрады;
- банк несие саясатын жүргізуде проблемалық несиелерді болдырмауға тиіс, бірақ болған күннің өзінде тек потенциалды қарыз алушыға несие беруі мүмкін немесе ресурстар мен активтерді тиімді орналастыру, т. б.
Несиелік тәуекелді басқару банк ісіндегі негізгі қызметтердің бірі. Бастапқыда банктер тек қана депозиттерді қабылдаумен ғана айналысса, дами келе тартылған қаражаттарды басқа клиенттеріне бере отырып банк делдалдық қызметті атқарды. Осылайша банктер қаражаттарды беру кезіндегі тәуекелді, яғни неселік тәуекелді өздеріне қабылдады. Несие банк қызметінің негізіне айналып, оның сапасына қарай банк қызметі бағаланған. Несиелік тәуекелдерді басқару процесіне ерекше көңіл бөлген жөн, себебі банк қызметінің жетістіктері тікелей осы процесске тәуелді. Әлемнің көптеген банктерінің банкротқа ұшырау себептерін зерттеу барысында, банкроттықтың басты себебі болып, несиелердің төменгі сапада болуы анықталған.
А. Б. Садвакасованың пікірінше, несиелік тәуекелді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу өнері жатады.
Несиелік операцияны жүргізген кезде банк алдында тәуекелді қабылдау не қабылдамау туралы таңдау тұрады. Тәуекелді қабылдамау дегеніміз тәуекелмен байланысты несиелік операцияны жүзеге асырмау. Ал бұл өз кезегінде банк белгілі бір пайда мөлшерінен айрылғандығын білдіреді. Керісінше тәуекелді қабылдау дегеніміз тәуекелмен байланысты операцияны іске асыруды білдіреді. Бұл жағдайда банк тәуекел дәрежесін мүмкіндігінше төмендетуге тырысады. Осыдан келе несиелік тәуекелді басқару дегеніміз банктің тәуекелмен байланысты несиелік операцияны жүзеге асыру не асырмау туралы шешім қабылдауын білдіреді.
Көптеген банктер өңделген несие басқаруларын және несие тәуекел процестерін тиімді жайғастыра алмайды. Сондықтан олар несие ресурстарының қайтарылмау мәселелерімен күнделікті соқтығысып қалады. Бұл өз кезегінде несиелерді сапалы басқару үшін объективті қиндықтардың бар екендігін көрсетеді. Несиелік тәуекелді басқару процесі әр кезең бойынша дамып отырған. Алғашқы кезеңдерде несиелік тәуекелді анықтаған кезде, тек қана несиенің номиналдық құны ғана ескерілген. Кейінірек келе бұл процес жетілдіріліп, енді несиелік тәуекелдің көлемін анықтаған кезде тәуекел дәрежесі де ескерілетін болды. Ғылыми-технология саласындағы жеткен прогресс, несиелік тәуекелді басқару процесінің дамуына және жетілдіруіне бірқатар ықпалын тигізді. Мұны келесі фактілер дәлелдейді :
- ақша-қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз ететін әр түрлі механизмдер есебінен қаржы операцияларының құрылымы өзгертілді. Мысалы ақша қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз етуде кепіл ретінде жылжымайтын мүлік немесе активтер қолданылады;
- қаржылық операцияларды жүргізуде “делдалдардың” бар болуы. Мысалы биржалар мен клирингтік үйлерді қарастыруға болады. Олар екі жақтың, яғни кредитор мен қарыз алушының несиелік тәуекелді минимизациялау үшін қолданатын ерекше шараларды қысқартуға септігін тигізеді ;
- несиелік тәуекелді төмендетуге ықпалын тигізетін несиелік дериктивтердің пайда болуын куәландырады, сондай-ақ, мұндай басқару түрінің маңыздылығын күшейтуді растайды.
Бітіру жүмысын зерттеу барысында 1995ж. 30 наурыз “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі”, 1995ж. 31 тамыз “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы”, 2004 ж. 6 шілде “ҚР-да несиелік бюро мен несие тарихын қалыптастыру туралы” заңдар және 2002ж. 3 маусымдағы ҚР ҰБ Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген “Екінші Деңгейлі Банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы” ереже, сонымен қатар АҚ “Банк ЦентрКредиттің” несиелік саясаты 2004-2005ж. ж., “Проблемалық несиемен жұмыс және несие мониторингінің тәртібі туралы ереже” және де отандық әдебиеттер: “Коммерциялық банктер операциялары”, “Банктік тәуекелдер”, “Банковское бело”, ресейлік ғалымдардың: “Банки и банковские операций”, журналдар: ҚазҰУ Хабаршысының экономика сериясы, Банки Казахстана, Ұлтық Банктің 2003-2004ж. ж. жылдық есебі, АҚ “Банк Центр Кредиттің” 2003-2004ж. ж. жылдық есебі, т. б. заңдар ережелер, әдебиеттер пайдаланылған.
Бітіру жұмысымның құрылымы негізінен үш бөлімнен тұрады, бірінші бөлім несиелік тәуекелді басқару теориясы, яғни теориялық мағынасы қамтылған. Қарастырылған сұрақтар: несиелік тәуекелдің жалпы мәні мен несиелік тәуекелді басқару әдістері, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік тәуекелді басқарудағы шетел тәжірибесі. Екінші бөлім ҚР-ғы ЕДБ-дің қазіргі уақытта несиелік тәуекелді басқарудағы тәжірибелері қалай жүзеге асырылып жатқандығы қарастырылған. Мұнда мынадай сұрақтарға көңіл бөлінуде: ҚР-ғы ЕДБ-дің несиелік портфелін басқару (Қазақстан Республикасының жылдық есебіне негізделген) . Ал екінші сұрақ АҚ “Банк ЦентрКредиттің” проблемалық несиелермен жүргізетін жұмысы жөнінде.
Үшінші бөлім несиелік тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдары мен даму болашағы жөніндегі сұрақтар: қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы несиелік бюро ұйымының автоматтандырылған скорингтік жүйемен бірігіп қызмет ету маңызы және ЕДБ-дің банкроттығын талдаудағы Z моделінің қолданылу ерекшелігі енгізілген.
- Несиелік тәуекелді басқару
1. 1. Несиелік тәуекелдің экономикалық мәні
Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне алып келеді. Несиелік тәуекелді минимизациялау несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет. Несиелік тәуекелге әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Соған сәйкес несиелік тәуекелдің анықтамаларына тоқталып кетейін.
Мақыш С. Б. анықтамасы несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Шаяхметова К. О. несиелік тәуекел немесе қарызды өтемеу тәуекелі бұл қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы.
Сейткасымов Г. С. қысқартылған формада несиелік тәуекел қаржылық мәміле бойынша серіктес келісім-шартта бекітілген шартты орындауға жағдайының болмауы, нәтижеде активті ұстаушы қаржылық шығынға ұшырайды.
Несиелік тәуекел бірқатар себептерге байланысты туындайды:
- қарызгердің жауапкершіліксіздігі;
- қарызгердің өз кінасынан емес, адекватты болашақ ақша ағымдарын жасауға қабілетсіздігі;
- банк басшылығындағы есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және экономикалық ортадағы болжанбаған жағымсыз өзгерістер;
- саяси тұрақсыздық;
- қарызгердің іскерлік репутациясындағы теріс жағдайлар;
- несиеге берілген кепілдеменің сапасына (өтімділігі мен рынокта сатымдылығы) және болашақ құнына сенімсіздігі.
Несиелік тәуекел банктегі жағдайдың нашарлауы немесе оның басты клиеттерінің банкротқа ұшырауы нәтижесінде де пайда болады.
Несиелік тәуекелдің 3 түрін бөліп көрсетуге болады:
1. Бұрмалау тәуекелі банкирлердің немесе клиенттедің заңды бұзу ықтималдығы, ол өз кезегінде банкке айлакерлік шығын әкелу, ұрлау немесе басқа заңсыз іс-әрекеттер жасау салдарынан зиян келтіруі мүмкін.
Бұрмалау тәуекелі банкте кездесетін несиелік тәуекелдің негізгі түрі болып табылады. Банк басшысымен немесе қызметкерімен жасалған айла немесе шығын әкелу банк жағдайын қатты әлсіретуі мүмкін, кейде тіпті банкротқа ұшырауға алып келеді.
Бұрмалау біздің республикамызда 1991-1994 жж. банктердің үмітсіз қарыздануының ең көп тараған себеп-салдары. Елдегі экономикалық тұрақсыздық жағдайы да, ақша-несиелік саясаттың тұрақсыздығы кезіндегі қаржы салаларындағы бақылаудың жоқтығы да, ҚРҰБ-тің тегін немесе жеңілдік несие есебінен айналыс сферасын несиелеу де әсер етті.
Сонымен қорыта келгенде бірінен соң бірінің жағдайлары төмендеп және банкротқа ұшырып жатқан ЕДБ-дің өзіне ауыр тиді. Егер де 1995ж. басында елде 200 коммерциялық банктер болса, бүгін олардың саны 35 болып отыр.
- Шетелдік несиелер тәуекелі70-ші жылдары дамушы елдердің жаппай тоқырауымен байланысты болып келген. АҚШ-та ол бірқатар ірі банктердің банкротқа ұшырауының себебі болды.
- Ішкі қарыздардың төленбеу тәуекеліқарызгердің төлем қабілеттігіне әсер ететін барлық факторларды есепке алудың қиындығымен байланысты.
Сонымен қатар ішкі себептерді де айтуға болады: қызметкерлердің төменгі деңгейде мамандандырылуы, қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы, т. б.
Банктік қызметте несиелік тәуекелдің мынадай деңгейлері қарастырылады:
● жеке келісім бойынша несиелік тәуекел қарыз алушы нақты несиелік келісім-шартты орындамауынан туындайтын шығындар;
● барлық портфелдің несиелік тәуекелі барлық несиелік портфелдің келісім-шарты бойынша тәуекелдер көлемі.
Мемлекеттің банк жүйесінің деңгейін нығайту және тиімді басқару көптеген мәселелерді шешуге алып келетіндіктен әр банк өз тәуекелін минимизациялауды ойлауы керек. Тәуеклді минимизациялау шығындарды төмендетуге күрес, яғни банктің қызмет процесінде қарыз алушының төлемдерді қайтармау тәуекелі. Оның дәрежесіне әсер ететін факторлар:
- рынок конъюктурасындағы жағымсыз өзгерістерге сезімтал келетін кандай да бір саладағы банктің несиелік қызметі концентрациясының жоғарғы дәрежесі;
- қаржылық қиындық көріп жүрген клиеттерге қатысты қамтамасыз етілмеген және үмітсіз несиелердің, басқа келісімнің үлес салмағы;
- кредит беру сияқты банктің саясаты мен стратегиясына жиі өзгерістер енгізу;
- ірі, жаңа клиеттерге берген несиелердің үлес салмағы;
- қысқа уақыт ішінде жаңа банктік қызметтердің өте көп түрін тәжірибеге енгізу.
Несиелік тәуекел мынадай белгі сипаттамаларына байланысты жіктеледі:
1. Берілген несиенің түрі мен жылдамдығының қамтылуына байланысты: ► қамтылған;
► қамтылмаған.
2. Несие берушінің ерекшелігіне байланысты:
► мемлекеттік;
► банктік;
► коммерциялық;
► сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың кредиттері.
3. Дебиторлар түріне қарай: ► ауылшаруашылық;
► өнеркәсіптік;
► комуналдық,
► персоналдық.
4. Пайдалану бағытына қарай: ► тұтынушылық;
► өнеркәсіптік;
► инвестициялық;
► маусымдық.
Несиелік тәуекел жағдайында қарызгердің түріне және мөлшеріне байланысты банк клиенттері 3 топқа бөлінеді: ■ шағын;
■ орта;
■ ірі.
Шағын және орта қарызгер өте икемді, сондықтан олар рынок қажеттіліктеріне тез бейімделе алады. Олардың ұйымдық құрылымы жеңіл болғандықтан оларға жоғары пайда алуға, өзінің іскерлік белсенділігін тез өзгертуге мүмкіншілік береді. Алайда мұндай қарызгерлердің кемшілігі -олар әдетте шағын ғана жеке капитал ұстайды, ал ол деген алдын-ала ойламаған экономикалық және саяси өзгерістерге, қатаң бәсекенің орын тебуінен көбінде банкроттыққа алып келеді.
Ірі қарызгер өте икемсіз болғандықтан рынок қажеттілігі мен нақты тұтынушы қажеттілігіндегі өзгерістерге тез бой бермейді, өзінің іскерлік бағытын жиі өзгертпейді, жеткілікті дәрежеде капиталы болады, соның арқасында сыртқы қоршаған ортадағы жағымсыз жағдайға төтеп бере алады. Банктер несие берген кезде несиенің қайтарылуына сенімді болуы керек. Олардың өздері несие берушілерге қарағанда тәуекелден қашады, сондықтан өздерінің тәуекелге баруын шектеуге тырысады.
ҚР-ның банктік жүйесіндегі несиелік тәуекелдің жоғарғы деңгейі жеке айналым қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздік, дебиторлық және несиелік қарыздарға тән болатын көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайымен сипатталады.
Жалпы тәуекелдің құрамын қарастырып өтейік - несиелік тәуекел, несиені уақытында қайтармау тәуекелі және кепіл мүлік құнының сәйкес келмеу тәуекелі. Несиелік тәуекелдің сыйақы мөлшерін Moody агенттігі орнататын тәуекелдің рейтингтік бағасы моделі арқылы табуға болады (1-кесте)
1 кесте*
Егер қарыз алушы Ваа рейтингін иеленсе, онда сәйкесінше несиелік тәуекелдің сыйақы мөлшері 1, 25% болады. Несиені өтеу мерзіміне байланысты тәуекелдің сыйақы мөлшері анықталады. Біздің мысалда орта мерзімді несие болғандықтан, ол - 0, 65% тең. Кепіл мүлік құнының сәйкес келмеу тәуекелі - кепіл мүліктің құнсызданып кету ықтималдығын білдіреді. Ол біздің мысалда - 0, 10% (орташа тәуекел) тең. Осы кестедег3 барлық компоненттердің қосындысы 15, 61 % тең. Яғни тәуекел дәрежесіне байланысты, несиенің бағасы 15, 61% екенін білдіреді.
Банк тәжірибесінде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің пайда болу себептері мен проблемаларына тоқталайық:
- Пайда мәнінің өсті деп ойлауы. Несиелік портфель пайда алудың негізгі көзі. Пайданы өсіруге деген құштарлық кей жағдайда тәуекелі жоғары немесе банкке тиімсіз шартармен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берілген несиелер одан алатын табысына қарағанда өте қымбатқа түседі.
2. Несиелендіру принципін бұзу. Банк жетекшілігі несиелендіру принципін бұзып тұрғанын біле тұрып тәуекелді несиелерді береді. Мұның себебі шамадан тыс табыс алуға деген құштарлық, бәсекелестердің басынуы, достастық қарым - қатынастың болуы.
3. Қарыз алушы туралы толық емес және сенімсіз ақпарат. Қарыз алушының қызметі туралы толық емес ақпарат кұмәнді несиелерді тудыруы мұмкін. Әрбір несие қызметкері клиент туралы несие тарихын бүткіл құжаттарын тексере отырып жасауы тиіс.
4. Несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы. Несиелік келісім құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс. Банкте несиелік келісім болған күнде де ол негізгі қарыз сомасының өтелумеуінен зардап шегуі мүмкін.
*Диана Мак Нотон “Банки на развивающихся рынках” М. 1994г№ 1, 2 том
5. Тәуекелмен байланысты проблемалық ссудалар. Проблемалық ссудалар бойынша әр банк несиелендіру принципі мен нормларынан ауытқып отырады, сондықтан банк проблемалық ссудаларды дұрыс таңдауы тиіс.
6. Нашар мониторинг. Бастапқыда берілген несиелер стандартты болады, кейіннен олар қанағаттанарлықсыз немесе күмәнді болады. Бұл несие қызметкері тарапынан несиеге дұрыс бақылау жасамауынан болатындықтан олар несиелік талдауда жоғары деңгейде жүргізе алатындай мамандандырылуы тиіс.
Батыс экономистері несиелік тәуекелді екі топқа бөледі (1-сурет) :
1. потенциалды шығындарды бағалауға байланысты қарыз алушымен байланысты тәуекел;
2. ішкі тәуекел, яғни клиент келісімді орындамаған жағдайда банктің ақша ағымының көлемін бағалауы.
1 сурет*
Несиелік тәуекел классификацификациясы
Сонымен қатар ресейлік ғалымдар несиенің келесідей классификациясын ұсынған: (2-сурет) .
Осы несиелік тәуекел классификациясына қысқаша сипаттамаға тоқталып кетейін (2-кесте) .
* Сейткасымов Г:С. “Банковское дело” А. Қаржы қаражат 1998г.
2-сурет*
Несиелік тәуекелдің классификациясы.
2 кесте*
Несиелік тәуекел түрлерінің сипаттамасы.
- Қарыз алушымен, кепіл берушімен, сақтандырушымен байланысты тәуекелОбъективті
1. 2. Субъективті
1. 3. Заңи
1. 1. Қарыз алушының өзінің ағымдағы қаражаттары көмегімен міндеттемесін орындай алу қабілеттігінің жоқтығы.
1. 2. Қарыз алушының іскерлік қабілеттігінің болуы, алған міндеттемелерін орындауға дайындығы.
1. 3. Несилік келісім шартты құрастырған кезде кемшіліктердің болуы.
- Кепіл мүлкімен байланысты
2. 4. Заңи
- Кепіл мүлігін сата алмау.
- Несиелік келісім шарт мерзімінде мүліктің құнсызданып кетуі.
- Кепіл мүлкінің жойылып кетуі.
- Кепіл мүлік туралы келісім шартты құрастырған кезде кемшіліктердің болуы
3. Экономикалық жүйедегі өзгеріс қарыз алушының қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін ( мысалы, салық заңнамасының өзгеруі ) .
4. Жер сілкінісі және т. б. табиғи апаттар, әскери жағдай және т. б.
*Ескерту автор құрастырған
*Ескерту автор құрастырған
Жалпы несиелік тәуекел несие бергеннен пайда болып өтелген кезінде бітеді (3-сурет) .
3 сурет*
Несиелендіру процесі кезінде банк пен клиент
арасындағы өзара байланыс процесі
1 2 3
4
7
6 5
ЕДБ - Екінші деңгейлі банктер
НӨҚ - Несие өтінішін қарау
НБ - Несие өтінішін қанағаттандыру
НҚ - Кәсіпорынның қаражат айналымы процесінде қарыз алушының
несиені пайдалануы
П ( Ш ) - Пайда алу немесе шығынның пайда болуы
ТЖНӨ - Пайданың жартысы несиені өтеуге жұмсалады
НҚ - Несиені қайтару
Несиелік тәуекелді қарастыра келе экономистер несиелік тәуекелдің мына түрлерін көрсетеді:
1) Салалық тәуекел - неғұрлым сала рынокқа сәйкес өзгермесе соғұрлым ол қарыз алушының экономикалық және қаржылық жоспарына әсер ете отырып жоғары дәрежелі тәуекелді тудырады.
2) Ел тәуекелі - шетел қарыз алушыларын несиелендіргенде пайда болады.
3) Ішкі қарыздар бойынша төлемдер тәуекелі - қарыз алушының төлем қабілетіне әсер етеді. Қазіргі банк тәжірибесінде бұл көрсеткіштің жоғары болуы кәсіпорынның әлсіз қаржылық жағдайына: меншікті айналым қаражатының жеткіліксіздігі, төлемқабілетсіздігі, кредиторлық және дебиторлық қарызының көптігімен байланысты.
4) Несиені өтемеу тәуекелі - несиелік келісімді қарыз алушының орындамауы: негізгі қарыз сомасын немесе жартысын уақтылы қайтармауы.
*Ескерту автор құрастырған
5) Төлемді ұзарту тәуекелі несиені қайтаруда кідірістің болу қаупі, процентті уақтылы төлемеуінен банк өтімділігінің төмендеуі. Мұның өзі нәтижеде несиені өтемеу тіуекеліне алып келеді.
6) Несиені қамтамасыз ету тәуекелі тәуекелдің дербес түрі ретінде несиені өтемеу тәуекелі туындағанда бірігіп қарастырылады.
Несиелік тәуекелдің пайда болуы несиелендіру типіне байланысты болуы да мүмкін. Осыған байланысты кез - келген банк несиелік саясатын жүргізуі тиіс, бұл банкке негігі соманың қайтып келуіне көмектеседі. Несиелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады және әр кезеңде белгілі бір несие мөлшерінің қайтпай қалу тәуекелі болады, бұл өз кезегінде банкке шығын әкеледі:
■ несиелендіру туралы ұсынысты алдын ала талдау кезеңі;
■ несиелендіру процесінде қарыз алушының жағдайын бақылау;
■ несиені өтеу процесі.
Несиелік тәуекелдің табиғатын көптеген экономистер зерттей келе мына қорытындыларға тоқталды:
● қарыз сомасы тарабынан қарасақ несиелік тәуекел қарыз алушының қарызын төлемеумен анықталады;
● қарыз алушының экономикалық жағдайына қарай қаржы- шаруашылық қызметінің нақты еместігі;
● құқықтық тараптан несиелік келісімнің шартын орындамауы;
● банктік қызметі бойынша несиелік тәуекел банктің қаржылық нәтижесінің нашарлауымен анықталады.
Осы несиелік тәуекел классификациясын қарай келе негізгі 2 түрін бөліп көрсетуге болады. (4-сурет) :
- Сыртқы несиелік тәуекел;
- Ішкі несиелік тәуекел.
Сыртқы несиелік тәуекел банктің қызметінен тәуелсіз, оған мына факторлар әсер етеді: елдегі және шет мемлекеттегі саяси, макроэкономикалық, заңдық жағдайлар, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz