Электрондық курс құру


1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРС және оны құру

Электрондық курс студенттер үшін мектепте, жоғарғы оқу орындарында оқыған жылдарының барлығында да, өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін, мәліметтер базасы болып табылады. Электрондық курстармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады. Электрондық оқулыққа мынандай анықтама беруге болады:

Электрондық курс - бұл компьютер арқылы оқу курсының немесе оның кез келген бөлімін өз бетінше меңгеруге көмектесетін бағдарламалық-әдістемелік комплекс.

Ал мұғалім үшін электрондық курс - күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы жүргізілетін жұмыстарға қайта оралып келіп, түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте -бірте арттыратыны талас тудырмаса керек. Мұғалімнің бұрынғы рөлі өзгереді, енді мұғалім білім мен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керекті мәліметтерді әр жерден тауып алуға көмектесетін кеңесші, әрі әріптеске айналып кетеді.

Қазіргі кезде білім процесінің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар бір-бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды, мысалы, мұғалімдер - мұғалімдермен, мұғалімдер - оқушылармен, мұғалімдер - ата-аналармен, мұғалімдер - оқулық жазушылармен, т. б.

Электрондық курстар студенттерінің сабақтан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Курстың модульдік жүйеге негізделіп құрылғаны, оқулықтың тиімділігін айқындай түседі. Сонымен қатар әртүрлі салада электрондық оқулықтарды жасауда қазіргі кезде мамандар көп айналысады. Осындай оқу құралдарды білім беру ортасына арнап дайындау, оқушыларға, студенттерге және ұстаздарға өте қолайлы.

Электрондық курс - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де, әрбір адамның бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.

1. 1 Электрондық курс туралы ұғым, құрылымы және қасиеттері

Электрондық курс көбінесе үш бөлімнен құралады:

  1. презентациялық бөлімі;
  2. оқу құралының негізгі ақпаратынан құралған тапсырма бөлімі;
  3. оқушыларды немесе студенттерді объективті түрде бағалау үшін зертханалық жұмыс бөлімі.

Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек. Осындай қасиеттерге:

  1. интерактивтік қасиет - қайтымдылық шарты;
  2. тез арада керекті ақпаратты табу мүмкіншілігі;
  3. түсіндірмелерге көп рет қатынау кезіндегі жұмсалатын уақытты өнімдеу қасиеті;
  4. мәтінді экранға шығарып қана қоймай, оны түсіндіріп көрсетуге, модельдеуге және т. б. мүмкінділік беру - осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкіншілігі байқалады (көркемділік және қатынау принципі) ;
  5. кез келген адам үшін тез арада белгілі бір бөлімге қатысты өзінің білімін тексеру мүмкіншілігі;
  6. керекті оқу ақпаратын мысалы, Интернет арқылы жаңарту, өңдеу қасиеттері жатады.

1. 2 HTML тілі туралы негізгі мағлұматтар

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol- гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web- тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдалатындай түрінде интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web - парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырып отырады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

World Wide Web астарында HTML құжаттарының форматы және гипермәтіндік сілтемелер деген екі ұғымы бар.

1. 2. 1 HTML құжаттарының форматы

HTML - мәтіндік құжаттарды форматтауға арналған арнайы тіл (оны құжаттарды белгілеу тілі деп те атайды) .

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті - олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарын жасау бағдарламалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Электрондық Web-құжаттар (Web-парақтар) баспаға шығаруға емес, экранда қарауға арналған. Бұл құжаттарды қандай компьютерде оқитыны алдын-ала белгісіз. Сондай-ақ, құжатты оқитын компьютерлерде ол жазылған әріптің (шрифттің) түрі орнатылған ба, жоқ па, терезенің өлшемі қаншалықты екені белгісіз.

HTML - белгісіз құрылғылар арқылы қарауға болатын экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл деп те айтуға болады. HTML тілінде құжат құру бағдарламалауға ұқсас болады. Құжаттың авторы әдеттегі мәтінге арнайы кодтарды (оларды тэг деп атайды) енгізеді. Құжатты оқыған мезетте осы тэгтер командалардың қызметін атқарады.

1. 2. 2 Гипермәтіндік сілтемелер

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне енгізу.

Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

HTML тэгтері құжаттың жолдарын туралау, экран фоны мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік беретінін білеміз. Тэгтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі суреттер енгізіп, олардың айналасына мәтін жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Сол себепті осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды, әрі тартымды Web-құжаттарды құруға мүмкіндік бар.

Web - құжаттарды кәдімгі газет-журналдар сияқты оқитын болғандықтан, Web - жарияланымдар деп те атайды.

HTML тэгтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер де құруға арналған арнайы тобы бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз басқа Web - парақтардың желілік адресімен байланысқан мәтіннің немесе суреттік бейненің ерекшеленген бөлігі. (Әдетте гипермәтіндік сілтемелер астын сызу немесе басқа түспен ерекшеленеді) .

1. 3 HTML тілінің командалары

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг «кіші» (<) символынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осыдан қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тэг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регістері ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тэг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

HTML тілінің бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі - ашады , екіншісі - жабады . Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен ( / ) басталуы тиіс.

Кейбір тэгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тэгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

1. 3. 1 HTML құжаттарының құрылымы

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіннен және белгілеу тэгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін, мысалы Windows ортасындағы блокнотты, пайдалана беруге болады.

HTML құжатының кез келгені < HTML > тэгінен басталып, соған сәйкес < / HTML > түрінде жабылу тэгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тэгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті <TITLE> … </TITLE> тэгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын <BODY> … </BODY> тэгтерінің ортасына жазылады.

Осы айтылған төрт тэг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TITLE> тэгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені, алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қалай жұмыс істейтіні бағдарлама құрушыға белгісіз болады ғой.

Енді қарапайым түрде дұрыс құрастырылған HTML құжатын мысал ретінде келтіре кетейік.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Бұл мәтін экранға шығады

</BODY>

</HTML>

Осы құжат жұмысы нәтижесінде экранға мынадай мәтін ғана шығады:

Бұл мәтін экранға шығады

1. 3. 2 FONT тэгін пайдалану

HTML 4. 0 нұсқасынан бастап кез келген құжатты әдемілеп, әшекейлеу ісін, сол құжаттан бөлек жасауға болатын болды. Алайда бұл мүмкіндікті көптеген броузерлер арқылы әзір жасауға болмайды. Сол себепті HTML тілінде, тек қана құжаттарды безендіру үшін ғана қолданылатын тэгтер бар. Олар:

1) әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <FONT> тэгін пайдаланады. Бұл қосарланған тєг, оның ашылған және жабылған тэгтері арасында орналасқан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. <FONT> тэгінде қолдануға болатын SIZE=…; COLOR=…; FACE=…; тәрізді үш атрибуттың бірі тұруы тиіс.

SIZE=… атрибуты әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды. Әріптердің алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар бірден жетіге дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол үшке тең болып саналады.

COLOR=… атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді, ол ағылшын тіліндегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED-қызыл) немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен (мысалы, #FF-бұл да қызыл) берілуі мүмкін.

FACE=…атрибуты қаріп (шрифт) типін береді Осы атрибуттың мәні компьютерде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті осы атрибутты көрсетпеген дұрыс.

Мысалы:

<BODY>

Алдарыңызда <FONT COLOR=”red” FACE=”Arial” SIZE=”3”> үшінші мөлшермен Arial типімен жазылған қызыл түсті әріптер </FONT>

</BODY>

Мұның нәтижесі: Алдарыңызда ү шінші мөлшермен Arial типімен жазылған қызыл түсті әріптер

2) осы параметрлердің барлығы бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тэг пайдаланылады. Бұл тэгте де жоғарыда келтірілген атрибуттар пайдаланылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады;

3) тэгтердің тағы бір арнайы тобы қаріптердің сызылымын өзгерту мүмкіндігін береді. <B> және </B> тэгтері араларында орналасқан мәтін қарайтылған қаріпке ауысады. < I > және < / I > тэгтері қаріптерді курсивпен берсе, <U> және </U> тэгтері мәтіндердің астын сызып, <S> және </S> тэгтері - белдерінен сызылған символдарды бейнелейді.

1. 3. 3 Web - параққа мультимедиялық объектілерді енгізу

Бұл ең қарапайым әдістің бірі, ол <A> гиперсілтеме тэгін пайдалану арқылы жүзеге асады. Осындай сілтемені қалыптастыру ең жеңіл нәрсе және бұл жағдайда мультимедиялық файл оқырманды HTML құжатындағы басқа мазмұндық мәліметтерден назарын аудартпайды.

<HTML>

<HEAD> <TITLE> Құжаттағы мультимедия </TITLE> </HEAD>

<BODY> <HTML>

1. 4 FrontPage бағдарламалық жабдығы

Егер бірінші ЭЕМ-нің бүгінгі күннен тек жарты ғасыр ғана бұрын құрылғандығын ескеретін болсақ, онда Internet компьютерлік әлемнің ардагері деуіміз дұрыс болар. Себебі Internet тарихы осыдан 30 жыл бұрын басталған. Алпысыншы жылдардың аяғында құрылған Internet АҚШ елдерінде көбінесе коммуникациялық желі ретінде қолданылған (ARPAnet деп аталған) . Ол көбінесе жоғарғы оқу орындарында қолданылып, тек сексенінші жылдары ғана бұл желі өз қанатын бүкіл елге жайып, Internet - деген атау алады.

Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web-беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML-редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы - FrontPage бағдарламасы да Web-беттерді құру үшін құрылған.

Web-беттерді құрудың ең оңай жолы - бұл мастер мен шаблондарды қолдану болып саналады.

1. 4. 1 Мастерлер мен шаблондарды құру

Шаблон каркас тәріздес, ол жаңа құжаттар құру кезінде қолданылады. Ал мастер бір немесе бірнеше экран беттерінен құрылған бірнеше сұрақ қою нәтижесінде, сіздің қажеттіктеріңізді анықтайтын және результат нәтижесінде қанағаттанған құжатты генерациялайтын (арттыратын) бағдарламалық модуль. Бұл жағдайда шаблоның мастерге қарағанда мүмкіншілігі аз, бірақ екі жағдайда да біз Web-беттің негізі бола алатын құжатты ала аламыз.

Шаблондар дегеніміз - мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі. Олар мастерлер секілді сайт пен беттерді құрудағы мәрелік (старттық) аудан болатын құрылымды құрайды. Бірақ мастерлер тапсырыс берілген сайт пен бет үрдісін ұсынады, сонда шаблонды таңдап алып, осы шаблонның нақты мәтін үлгісі бар сыңарын аласыз. Соңынан оны өзіңіз жасаған шаблонмен ауыстыруға болады. Frontpage шаблон беттердің көптеген түрлерін ұсынады, олар, таза бет каркасы тәріздес Normal Page - кәдімгі бет шаблоннан басталып, Three Column Staggered ең қиын үшбағанды бет шаблонына дейін өзгереді. Бар сайтқа шаблон арқылы құрылған жаңа беттерді қосқанда, өзіңіздің Web-бетіңізді тез және оңай түрде өзгерте аласыз.

1. 4. 2 Құрал-саймандар панелімен жұмыс жасау

Редактордың құрамына құралдыр панелі кіреді және оларды View менюі арқылы басқаруға болады, олар:

- Standard (Стандарттық) ;

  • Format (Форматтау) ;
  • Image (Сүрет салу) ;
  • Forms (Формалар) ;
  • Table (Таблица) ;
  • Advanced (Қосымша) .

Сонымен қатар View менюінің құрамына Status Bar (Жолдар жағдайы) Format Marks (Символдарды форматтау) қосымша бөлімдер кіреді.

Бұл бөлімдерде редактордың көмегімен беттерге қоюға болатын элементтердің көбі сипатталып жазылған. Олардың барлығы беттердің кәдімгі элементтері, мысалы, текст құжаттары, гиперссылкалар, тақырып аттары, таблицалар (tables), фрейм (frames) және жылжымалы жолдар (marquees) . Сонымен қатар редактордың көмегімен WЕВ-беттерге формаларды (forms) және компоненттерді (Components) қоюға болады. Меню, құралдар панельдері және элементтердің көбі Word бағдарламасында жұмыс істеуімен өте ұқсас болып келеді.

1. 4. 3 Web-беттермен графикалық жұмыс жасау

Web-беттермен графикалық жұмыс істеген кезде ең негізгі мәселенің (проблеманың) бірі болып, браузер бетінде пайда болған бейне суреттердің жылдамдығы файлдардың алатын жады көлеміне байланысты. Графикалық форматтар көбінесе сол форматпен байланысқан кеңейткіштер арқылы аталады. Ал олар өз алдына көптеген қиындықтарға әкеледі. Осындай форматтарға BMP, GIF, EPS, TIF, JPEG, WMF және т. б. жатады. Бірақ та Frontpage тілінде Web-беттермен жұмыс істеген кезде біз көбінесе екі түрлі бейне суреттерді ғана қолданамыз, олар: JPEG және GIF. Олардың екеуі де қысылған және Web-беттермен жұмыс істеген кезде ең жиі қолданатын графикалық форматқа жатады. Frontpage көп түрлі графикалық форматтарды импорттап алады, олар:

- JPEG (JPG) ;

- CompuServe GIF (GIF) ;

- BMP файлдары;

- TIFF (TIF) ;

- Метафайлдар Windows (WMF) ;

- Sun Raster (RAS) ;

- Postscript (EPS) ;

- Paintbrush (PCX) ;

- Targa (TGA) ;

Web-беттерге бейне суреттерді қойған кезде және егер олар сақталмаса, осындай бетті жабу немесе сақтау кезінде Frontpage олардың әрбіреуін тиісті сайт үшін сақтауды сұрайды. Frontpage GIF жєне JPEG форматтардан бөлек файлдарды автоматты түрде GIF форматта сақтайды. Ал егер сіз бейне суреттерді JPEG форматта сақтағыныз келсе, онда Web-бетті сақтағанға бұрын Image Properties (Бейне қасиеттері) диалогтық терезеде сол форматты көрсету керек.

JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group - фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) - бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы.

GIF форматы (Graphics Interchange Format - графикалық мәліметтерді алмастыратын формат) - бұл 256 немесе одан да аз түсті бейне суреттер үшін арналған қапталған формат. GIF форматы көбінесе біркелкі түстерден тұратын бейне суреттерден құралған (мысалы, безендіру сияқты) . Сонымен қатар, GIF форматы мөлдір және жолдық бйнелерге де қолданады.

  1. Анимациялар

Интерактивті оқулықтың Web-беттеріндегі сөздері және әріптері қозғалу үшін біз Frontpage редакторындағы анимация опциясын қолданамыз. Ол үшін керекті мәтінді белгілеп, Format менюінен Animation пунктін таңдап, берілген анимациялар ішінен біреуін таңдаймыз.

Frontpage тілінде 14 әртүрлі дайын анимациялар бар, олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру
Функцияны интерполяциялау материалдары негізінде электрондық курс құру
Мәліметтер базасын жобалау бойынша электрондық оқулық
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Электрондық курстың құрылымы
«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Электрондық курс және оны құру
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz