Интернет технологиялары пәнінен электронды оқулық жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ сму

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

Золотов А. Д.

«___»2009ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Интернет технологиялары пәнінен электронды оқулық жасау»

Орындаған ВТ-527 топ студенті Айткешұлы Е.

қолы

Жетекші: аға оқытушы Мадиев Т. Б.

қолы

Семей

2009

Реферат

Дипломдық жоба 88 беттен, 36 суреттен, 5 кестеден, 1 қосымшадан тұрады.

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, АҚПАРАТ, ИНТЕРНЕТ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ, ПРОГРАММА, ПӘН АЙМАҒЫ, КЛИЕНТ, ШЫҒЫСТЫҚ ЖӘНЕ КІРІСТІК ҚҰЖАТТАР, АВТОМАТТАНДЫРУ, МӘЛІМЕТ, АҚПРАТТЫ БЕРУ, АЖО

Дипломдық жобаның тақырыбы: «Интернет технологиялары пәнінен электронды оқулық жасау»

Дипломдық жобаның мақсаты Delphi ортасында HTML тілінде құрылған электронды оқулық құру.

Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс.

Зерттеудің пәні - ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.


Кіріспе

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

1 Жоба сұрағының қойылуы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Каф. меңгерушісіА. Д. Золотов

«»2009 ж.

(күні) (айы)

Дипломдық жобаның тақырыбы - Интернет технологиялары пәнінен электронды оқулық жасау.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде студенттерді мемлекеттік тілге үйретуге айтарлықтай көңіл бөлінген. Сонымен қоса ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сондықтан кәсіби даярлау жүйесінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту, жоғары мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.

Осы қарама-қайшылық зерттеудің проблемасын тудырды, яғни - студенттерді іс қағаздарын жүргізуге ақпараттық технологиялар арқылы оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті маманды даярлау, «Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары» тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеп құрастыру.

Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс.

Зерттеудің пәні - ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеудің негізіне келесі ғылыми болжам қойылды: егер жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі енгізілсе, онда іс қағаздарын жүргізуге оқыту қызметінің білім берудегі тиімділігі арта түседі, өйткені мұнда бәсекелі маманды оқытуда жүйелілік пен біртұтастық принциптері жүзеге асады.

Зерттеудің міндеттері:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың мәнін ашу;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы - жоғары оқу орнының педагогикалық процесіне ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды енгізген жағдайда студенттерде іс қағаздарын жүргізу білімі, білігі және дағдысы қалыптасады, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға кең мүмкіндіктер жасалынады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілілк қатынас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеудің көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың, құжаттанушылардың және іс қағаздарын жүргізушілердің еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы және «Қазақстан-2030» стратегиясы, мамандықтардың білім беру стандарттары және жұмыс оқу жоспарлары; бірқатар жоғары оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламалары; оқулықтар; сөздіктер; мәселе бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар) .

Зерттеу әдістері - педагогтардың, психологтардың, философтардың, құжаттанушылардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, тіл және информатика саласының мамандарының әдебиеттерін теория жүзінде талдау; оқытуда, педагогикалық іс қағаздарын жүргізуде және құжаттамада, оқулықтарда ақпараттық технологиялар бойынша жинақталған педагогикалық тәжірибе бойынша талдау және жалпылау; байқау, әңгімелесу, анкета жүргізу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, тәжірибелі-педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.

Зерттеу кезеңдері:

  • бірінші кезеңде (2000-2002 ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, іс қағаздарын жүргізу, құжаттану бойынша әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.
  • екінші кезеңде (2002-2005 ж. ж. ) айқындаушы эксперимент іске қосылды, іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары жасалды, студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту білімін, білігін және машығын қалыптастыру деңгейлері анықталды және негізделді; арнайы курс жасалды; жасалған технология практика жүзінде тексерілді.
  • үшінші кезеңде (2005-2007 ж. ж. ) студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің негізгі базасы: Эксперименттік жұмыс Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби көркем-өнер, шет тілдері, педагогика факультеттері.

Орындаушы Айткешұлы Е.

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жоба жетекшісі Мадиев Т. Б.

(қолы) (аты-жөні)


2 Техникалық-экономикалық негіздеме

Әзірленген программалық қамсыздандыру «Интернет технологиялары» пәнінен электронды оқулық жасаумен негізделеді.

Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кіру білім жүйесінің халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.

Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің әмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.

Осы аталған барлық дәлелдемелерден қазіргі таңда жоғары білім саласына ақпараттық технологиялардың, соның ішінде электронды оқулықтардың қажет екендігі айқындалып отыр.

Осы дипломдық жобалау барысында жобаның техникалық- экономикалық тиімділік есебі жасалды.

Әзірленген программалық қамсыздандыру жоғары білім саласында қолдану үшін арналған. Оқулықта өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.

Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру пәндік құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады.

Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады.

Экономикалық тиімділік есебінің көрсеткіштері енгізілетін программаның тиімді екенін көрсетеді:

Төмендегі кестеде дипломдық жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштері берілген.

Кесте 2. 1 Экономикалық тиімділік

Есеп түрі
Программаны енгізгенге дейін
Программаны енгізгеннен кейін
Үнемдеу
Есеп түрі: Бір жылғы жалпы шығындар
Программаны енгізгенге дейін: 349609, 5 тенге
Программаны енгізгеннен кейін: 306058, 35 тенге
Үнемдеу: 43551, 15 тенге
Есеп түрі: Құрал-жабдықтың жылдық жұмыс уақыты
Программаны енгізгенге дейін: 1524 сағат
Программаны енгізгеннен кейін: 1333, 5 сағат
Үнемдеу: 190, 5 сағат
Есеп түрі: Жылдық еңбек ақысы
Программаны енгізгенге дейін: 344080 тенге
Программаны енгізгеннен кейін: 301070 тенге
Үнемдеу: 43010 тенге
Есеп түрі: Жұмыс уақытының тиімді қоры
Программаны енгізгенге дейін: 2024 сағат
Программаны енгізгеннен кейін: 1771ағат
Үнемдеу: 253 сағат
Есеп түрі: Енгізілетін программаның ақтау мерзімі, ай
Программаны енгізгенге дейін:
Программаны енгізгеннен кейін: 11, 3
Үнемдеу:


3 Жоба тақырыбына сипаттама

3. 1 Қазақстандық ақпараттық технологиялар

Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.

Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.

Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.

Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.

Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.

3. 2 Қазіргі жай-күйін талдау

3. 2. 1 Халықаралық тәжірибе

Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.

Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.

Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:

1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;

2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority) ;

3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;

4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;

5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ) .

Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD) . Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.

Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.

Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.

Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз) ; авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар) ; жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді.

Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.

Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:

1) халықаралық;

2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде) ;

3) ұлттық.

Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.

Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды.

Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтың құрылымы
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Ақпараттық өріс
Химияны оқытуда компьютерді қолдану
«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау
JavaScript- та бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz