Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1Зерттеу жұмыстарының бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Зерттеу материалдары және әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Экономикалық тиімділікті есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.1 Нәтижелерді қортындылау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.2 Болашақ бағыт туралы ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

Қолданған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.
қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың
басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар.
Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу қолданылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда айтылған жылқының ауру - жарақаттарын клиникалық белгілеріне және рентген сүретіне қарап анықтайды.
Соңғы кездерде ұсақ және ірі жануарлардың ауруларын анықтау барысында рентген тәсілімен бірге ультрдыбыс әдісі қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді.
Айтылған әдісті Қазақстанның жылқы шаруашылықтарында тендинит ауруларында жетілдіру және енгізу өте қажет.
1 Сапожков В.С. Диагностика, терапия и профилактика тендовагинитов у
спортивных лошадей // ж. Ветеринария № 5, 2006, с. 48.
2 Иноземцев И.Е., Матвеев Л.В., Богин Ө.Н. ж. Ветеринария №1, 1996.
3 Ливанова Т.К. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей // ж.
Ветеринария № 1, М. Аквариум. 2000.
4 Насрубаева М.А., Стекольников А.А., Ветеринарное обеспечение в
современном ипобизнесе. Материалы 2- й международной науч.практ
конф.Спб, 2002
5 Калашник И.А., Логвинов Д.Д., Смирнов С.И. Незаразные болезни лошадей М.; Агропромиздат,1990.
6 Шакалов К.И. Болезни конечностей лошадей – М.Сельхозиздат,1952
7 Bayer Health Care Лечение неинфекционных артритов препаратом Хионат //
Рекламный проспект 2006.
8 Бейдик О.В., Шоломов И.И., Ромакина Н.А. и др. Способ лечения дегенеративных заболеваний опорно-двигательного аппарата // Патент RU № 2274472. 20.04.06.
9 Черванев В.А., Стекольников А.А., Трояновская Л.П., Сапожков В.С., Левшиц В.В. Способ лечения острых травматических тендовагинитов у лошадей // Патент RU № 0002277001. 04.04.05.
10 Нepbum, George,R.,Vedeloff, Russel Регулируемая шина для ослабления контрактуры // Патент WO № 2005034798. 28.09.04.
11 Подсобей Г.З., Волков И.Н., Герасимович Н.С. и др. Устройство для лечения контрактур // Патент RU № 0002271177. 30.03.04.
12 Jochum, Herbert Устройство для растягивания сухожилий // Патент WO
№ 2005004759. 09.07.04.
13 Altman, Gregory, H; Kaplan, David, L. et al. матрица для изготовления связок, сухожилий и другой ткани // Патент WO № 3043486.Университет Тафта.15.11.02.
14 Jochum, Herbert Устройство для растягивания сухожилий // Патент WO
№ 2005004759. 09.07.04.
15 Breda Mary*Cullen; Derek Walter*Silcock Пептиды для лечения контрактуры раны // Патент GB № 2373724 А1.28.03.01.
16 Сиваконь С.В., Абалмасов К.Г. и др. Способ хирургического лечения контрактуры Дюпюитрена // Патент RU № 2170549 С1. 20.07.01.
17 Шевцов В.И., Швед С.И. Способ лечения разрыва ахиллового сухожилия // Патент RU № 2152182 С1. 10.07.00.
18 Амlang, Michel ; Thomas Zwipp, Hans Инструмент для чрескожного сшивания ахиллового сухожилия швом, содержащим перитендинит // патент DE № 10015944 А1. Технический университет. Дрезден. 29.03.00.
19 Подсобей Г.З., Волков И.Н., Герасимович Н.С. и др. Устройство для лечения контрактур // Патент RU № 0002271177. 30.03.04.
20 Demopulos, Gregory A.;Yencho, Stephen, A. et al. Устройство для восстанов -
ления сухожилий и связок // Patent JP № 3682299 B22 11500928А. 04.12.1995.
21 Макушин В.Д., Солдатов Ю.Л. Способ лечения больных с контрактурами
локтевого сустава// Патент RU № 02177753 С2. 18.11.1997.
22 Kenney, John P.Ортопедическое устройство для лечения контрактуры // Патент RU № 97827604.2803.97.
23 Meguire David A. Способ и устройство для иссечения сухожилия // Патент US № 6217599 ВА, 27.05.99.
24 Дмитриев Г.И., Алейников А.В., Арефьев И.Ю. и др. Способ лечения тяжелых послеожоговых контрактур суставов // Патент RU № 98108421, 10.03.2000.
25 Григорьева В.Д., Федорова Н.Е. и др. Способ лечения остеоартроза, осложненного синовитом и функциональными контрактурами суставов // Патент RU № 2147851 С1 27.04.00.
26 Дмитриев Г.И., Охотина Л.А. и др. Способ лечения тяжелых сгибательно-разгибательных контрактур кисти после ожога // Патент RU № 2172618 С2. Патент RU № 2172618 С2.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

ИСАБЕКОВ Самат

Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

6 А 1201 – ветеринариялық медицина

Ғылыми жетекші - ветеринария ғылымының докторы,
профессор Наметов А.М.

Ресми оппонент – ветеринария ғылымының кандидаты,
Шманов Ғ.К.

АЛМАТЫ 2007

Мазмұны
Бет.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .13
1Зерттеу жұмыстарының
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3
Зерттеу материалдары және
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Зерттеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...22
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Экономикалық тиімділікті
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.1 Нәтижелерді қортындылау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.2 Болашақ бағыт туралы
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

Қолданған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...46

Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы
шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы
экономикалық тиімділігі бар.
қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың
басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс
бар.
Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық
жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары
шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген
аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы –
тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен,
тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер
бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші
тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу
қолданылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда айтылған жылқының ауру - жарақаттарын
клиникалық белгілеріне және рентген сүретіне қарап анықтайды.
Соңғы кездерде ұсақ және ірі жануарлардың ауруларын анықтау
барысында рентген тәсілімен бірге ультрдыбыс әдісі қолданылады. Бұл
әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді ертерек анықтауға
жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді.

Айтылған әдісті Қазақстанның жылқы шаруашылықтарында тендинит
ауруларында жетілдіру және енгізу өте қажет.
Жоғары көрсетілген ауруларды емдеу барысында тітіркендіргіш майлар,
лай, парафин, ионогальванизация, күйдіру, ұлпалық препараттар, УДТ, лидаза,
массаж және тенэктомия тәсілдерін қолданады.
Көрсетілген емдеу тәсілдері айтылған жылықының ауруларында толық
нәтиже бермейді, сондықтан, қазіргі уақытта белгілі тәсілдерді жетілдіру
керек немесе жаңа әдіс табу қажет.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері

Жоғарыда келтірілген тақырыптардың мәселенің өзектілігін ескеріп,
алдымызға мақсат қойдық: жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау
барысында ультрадыбыс әдісінің қолдану технологиясын дайындау, оның
анықтау қасиеттерін күшейту, оны өндіріс жағдайында сыннан өткізу, және
емдеу тәсілдерін жетілдіру.

Мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттеме қойылды:

• емхана жағдайында жылқының жылқының тұсамыс буынының контрактурасын
анықтау, және ультрадыбыс әдісінің қолдану технологиясын дайындау;
• ультрадыбыс анықтау әдісін күшейту;
• ультрадыбыс тәсілінің технологиялық үрдісін дайындау;
• ультрадыбыс тәсілінің технологиялық ережелерін сынақтан өткізу;
• технологиялық ережелерін өндірісте сыннан өткізу және қолдану нұсқауын
дайындау;
• жылқының тұсамыс буынының контрактурасын емдеу тәсілдерін жетілдіру

Әдебиетке шолу

Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары
Қазақстанның мал шаруашылығына көптеген экономикалық шығын әкеледі Соның
ішінде Қазақстанның жылқы спортына. Осы шығындар мал өнімділігінің
мөлшерінің, сапасының төмендеуінен, төлдің жоқтылығынан және басқадай
шығындардан құралады 1 . Көптеген жылқы ауруларының арасынан ең жиі
кезедесетін аурулардың бірі, ол жылқының аяқ буынының бақайдың буккіш
бұлшықеттерінің, байлам аурулары – тендинит және тендовагинит.
Көбінесе жылқылардың аяғының жіті жарақаттары уақытында анықталмай
қалады, немесе сапалы дәрігерлік көмек жасалмайды. Осы, кезде асыл тұқымды
жылқылардың бағасы - құны төмендейді.
Жылқының аяқ буындарының, бақай буынының бүккіш бұлшық етінің,
байламдарының контрактураларының пайда болу себептері, ол жіті жарақаттар (
соғылған,ұрылған, құлаған кезде), бактерия, вирустар, іріңді қабынулар,
күйік, ісік және т.б.с.
Айтылған, жіті жарақатта себептері қайталанса сол жерде дәнекер ұлпа
дамиды, яғни контрактура пайда болады. Сол, ұлпа бақайдың бүккіш
бұлшықеттерінің айналасы, аралығында өсіп, дами бастайды. Дәнекер ұлпаның
зияны, ол жергілікті қан тамырларын, жүйке талшықтарын қысып жергілікті
ұлпалардың көректенуін, зат алмастыру процесстерін бұзады , жергілікті
ұлпаларда улану басталады 2 . Мұндай кезде, жіті жарақат
созылмалыға айналады.
Ғылыми әдебиеттің деректері бойынша, жылқының аяғының созылмалы
жарақаттары толық емдеуге келмейді 3 Мұндай жылқының, созылмалы
аяқ жарақаттарын емдеу үшін оны жіті түрге айналдыру керек 4 .
Бұл көптеген жануарлардың созылмалы аурулардың емдеу негіздер принципі.
Енді айналдыру тәсілдеріне келсек, ол тәсілдердің саны көп емес. Мысалы, ол
күйдіру, тітіркендіргіш майлар (ихтиол, скипидар, камфора майын, спирт) ,
тенэктомия қолдану 5 . Созылмалы қабынудың жіті түрге айналу
белгілері, ол жергілікті және жалпы дене температурасының көтерілуі,
ауырсынуы, домбығу.
Мұндай жағдайды болдырмау үшін, ең тиімдісі, ол жіті жарақатты ерте
анықтау.Ол үшін жаңа әдістер қолдану кажет. Мысалы, ультрадыбыс
толқындарын ( УДТ ) қолдану тәсілдері 6 . Қазіргі уақытта
жылқылардың аяқ ауруларын анықтайтын көптеген тәсілдер бар ( рентген,
термография, удт т.б.т.). Осы, айтылған тәсілдер туралы арнайы ғылыми
әдебиеттерді зерттегенде келесідей мәліметтер анықталды. Ол, рентген
тәсілдерімен жылқының аяғының ұлпасының жіті жарақатын анықтауға
келмейді 7 . Термография тәсілімен жылқының аяғының ұлпасынгың
патологиялық өзгерістерін ерте анықтауға болады, бірақ , оның жабдықтары
Қазақстан жағдайында өте қымбат, ал ең тиімдісі ол УДТ тәсілін қолдану
8 .
УДТ тәсілінің тиімділігі, ол сезімталдық, жылдамдық, ұлпаларды,
тамырларды, мүшелерді түрлі қозғалыста көру (динамикасы), термография
тәсілімен салыстырғанда, экономикалық тиімділігі, жіті патологиялық
өзгерістерді ерте анықтау 9 .
Тәжірибиелік емдеу жұмыстарында мал дәрігерлері көбінесе жылқылардың
аяқтарының жіті бақай буынының бүккіш бұлшықеттерінің, байлам ауруларын
клиникалық белгілеріне байланысты анықтайды ( ауырсыну, домбығу, ақсау,
жергілікті қызу ) . Бірақ, көптеген жағдайда бұл белгілер толық көрінбейді
немесе анықталмайды. Сондықтан, ұлпалардағы жіті патологиялық өзгерістер,
тек қана термография немесе ультрадыбыс толқындары ( УДТ ) тәсілі арқылы
ажыратуға болады.
Жоғары айтылған тәсілдерді патологиялық өзгерістерді ерте анықтау
мақсатында, пайдалансақ, сапалы дәрігерлік көмекті ұйымдастыруға жағдай
туғызады.
Жоғары, айтылған жаңа екі тәсіл (термография, удт) Қазақстанның мал
дәрігерлік емханаларында жаңа ғана дамып жатыр. Қазіргі уақытта, бұл салада
дайындалған, тиісті сертификаттары бар мамандардың саны өте аз.
Зерттеушілердің ғылыми деректері бойынша жылқылардың аяқ аурулары
анықтау нәтижесінде, келесідей бөлінеді: тендинит пен тендовагинит – 30,3
%,
Миозит – 27, 2 %, бурсит – 21,2 %, периостит – 9,1 %, десмоидит
– 6,1 %, бұлшық еттің контузиясы – 6,1 % 10 .
Көрсетілген тақырыпқа байланысты, зерттеу ғылыми әдебиеттерде
түрлі мамандардың ұсыныстары жылқының аяқ жіті жарақаттарын анықтау және
емдеу тәсілдеріне арналған. Көптеген, авторлар айтылған жарақаттарды емдеу
үшін лазер саулесінің емдік қасиеттерін жоғары бағалайды 11 . Мысалы,
ресейлік зерттеушілер хабарлауы бойынша лазер емдеу аппаратының (Рикта 01
М2В) саулесі жылқылардың аяқ буының бүккіш бұлшықеттерінің және оның
қынабының қабынуының емі 512 Гц импульсының жиеліктігінде, күштілігі 16
Вт, экспозициясы 6 минутта пайда болады. Осы деректер, бойынша бұл тәсіл
жылқының аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің жіті және созылмалы
ауруларында жақсы нәтиже көрсетеді деп хабарлайды 12 .
Жоғары ғылыми ақпаратты, есептемегенде жылқылардың аяқ ауруларын
анықтау және емдеу тәсілдері ( орта мөлшермен 80 % ) көбінесе жіті
ауруларға арналған 13 .
Жоғарыда, аталаған жылқының аяқ ауруларының түрлі емдердің
нәтижесін, қалай бақылауға болады деген сұрақ туады. Осыған, байланысты
көптеген зерттеушілердің деректері бойынша, түрлі дәрілерге, әдістерге,
тәсілдерге баға беру үшін олар жылқының жалпы клиникалық жағдайына,
белгілеріне назар аударады, соңынан қанның лейкоцитарлық формуласының
көрсеткіштерін анықтайды, соның ішінде лимфоциттердің саны есептеледі
14 .
Физикалық анықтау және емдеу әдістерден басқа ( лазер, рентген
саулелері, ультрадыбыс толқындары т.б.т.) химиялық заттардан, дәрі
шөптерден алынатын, биотехнологиялық тәсілдермен дайындалатын, көптеген
дәрі заттар ұсынылады. Екінші жаңа тәсілдердің бірі, ол индометацин,
хондроксид майлары 1:1 пропорцияларында араластырып оған 50 мг ферменттік
препарат карипазим қосып физиологиялық ерітіндісіне араластырып, оны
фонофорез арқылы жергілікті контрактура болған ұлпаға пайдаланады 15 .
Келесі әдістердің түрі, ол жылқының жіті жарақатты асептикалық
тендовагинитті кезінде, күре тамырына 40 мг хионат дәрісі егіледі және
жергілікті ұлпаны лазер саулесімен 6 минут бойы қыздырады 16 .
Жылқылардың аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің
контрактурасын бәсеңдету үшін біраз тәсілдер бар. Мысалы, арнаулы
өзгертілетін шина. Оны түрлі даму сатылардағы контрактураларға пайдалануға
болады 17 . Контрактураны емдеу барысында, ең маңызды жұмыс, уақытында
бақайдың бүккіш бұлшықетін созу. Ол үшін арнаулы құралдар жасалынған.
Өйткені, бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне өлшемді күш пайдаланса
контрактураның дамуы тоқталады 18 .
Кең тараған оперативтік тәсілдердің бірі, ол буын контрактураларында
буынның капсуласын тіліп, оның ішіндегі патологиялы, өзгерген ұлпаларды
алып тастау және метафиздың бетін қатты ми қабатымен жабу. Осы кезде
зақымдалған ұлпаларда регенерация пайда болады 19 .
Күйіктерден болған контрактураларды емдеу кезінде, алғашқыда тыртықты
дәнекер ұлпаларды созу қажет 20 .
Соңғы ғылыми жаңа тәсілдердің бірі, ол зертханалық термостат
жағдайында жібек – бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне волокондық матрицаға
полипотенттік торшалар енгізіп, өсіріп оның байламдарын дайындау 21 .
Жылқының контрактурасын емдеген жағдайда, маңызды жұмыстардың бірі,
ол бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне және байламдарға көп салмақ түсірмеу.
Бұл тәртіпті сақтау үшін арнаулы механикалық жабдықтама жасалған. 22 .
Келесі тәсілдердің бірі, ол артроскоппен бақылап отырып синовиальдық
тыртықтарды гидравликалық, механикалық тәсілмен және буын ішіндегі
тыртықтарды фиброздық капсуладан ажырату 23 .
Ірі буындардың контрактураларын арнаулы СКЭНАР аппараттарымен емдеуде
жақсы нәтижелер анықталды 24 .
Ауыр күйіктерде пайда болған буындардың контрактурасын арнаулы шарнир
дистракциялық аппаратпен емдеуін кейбір зерттеушілер хабарлайды. 25
.
Келоидті контрактураларды емдеу барысында арнаулы хирургиялық
тігістерді қолданған кезде жақсы нәтиже болады деп хабарлайды маман -
ғалымдар 26 .
Жарақат контрактураларын емдеуге арнаулы пептидтермен Х - NН – Gly –
PRO - Ala- Gly – CO – Y танғыштарды ылғаландырып оны қолданып жақсы
нәтижеге жетуге болады 27.
Контрактурамен күресу жағдайында зерттеушілер арнаулы аппарат
жасаған, ол мөлшерлеп тыртықтанған ұлпаны дистракция жасайды 28 .
Жапон патенті 29 бойынша зақымдалған бақайдың бүккіш
бұлшықеттерін және байламды арнаулы биологиялық материалдың бірнеше
қабаттының ішіне салып, штифтермен бекемдейді. Мұндай жалғауда, бақайдың
бүккіш бұлшықеттерімен байлам тез арада механикалық әсерді көтере алады.
Жылқылардың аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшықеті мен байламдарының
контрактурасының алдын алу үшін 5 % диметилсульфоксид ( ДМСО), 1 % иод
ертітінділерін емге қолдануға болады. Бұл дәрілердің қабынуды тоқтататын,
ұлпаларға жылдам әсер ететін, транспорттық, бактерицидтік және
анестезиялық қасиеттері бар
30 .
Мысалы, соңғы ғылыми жаңа, сапасы жоғары импорттық дәрілердің бірі,
ол Хионат. Оның құрамына биотехнологиялық жолмен алынған гиалуронат натрий
кіреді. Ол сульфатсыз гликозаминогликан қоспаларына жатады.
Хионат – жылқының аяқ буындарының синовиальдық сүйықтықты қоюлатады,
синовиальдық мембрананың сұзгіш қасиетін өңдейді, синовиальдық сүйықтықтың
құрамын бір қалыпты ұстайды, гиалин шеміршегінің құрамына кіреді, гиалин
шеміршегін көректі заттармен қамтамасыз етеді 31 .
Екінші дәрі ол, Гиалаза – оның құрамында гиалуронидаза ферменті бар,
оның ерекше қасиеті, ол дәнекер ұлпадан тұратын тыртықтарды – контрактураны
ыдыратады.
Жылқылардың аяқ буындарының контрактурасында қазіргі уақытта ,
қолданатын дәрілердін атаулары санаулы, соның ішінде жоғары аталған екі
дәрі 32 .
Үшінші белгілі ескі халық емдеу тәсілдердің бірі, ол күйдіру ( прижи
-
гание ). Бұл тәсілді көбінесе жылқылардың аяқ буынының бақай
бұлшықеттерінің, байламдарының контрактурасында қолданады. Осы кезде, темір
сымды отқа қыздырып, немесе арнаулы құрал - термокаутерді қолданады.
Жоғары температураның тітіркендіргіш әсерінен жергілікті дәнекер ұлпа
дамыған жерге қанның келуі ұлғаяды, сонымен бірге лейкоциттер келеді, яғни
жергілікті ұлпаның қорғаныс күштері дамып, көтеріледі, ал дәнекер ұлпаның
мөлшері азайып, жойылады . 33 .
Төртінші болашағы мол дәрілердің бірі, ол диметилсульфоксид (ДМСО).
Бұл дәрі органикалық ерітінділерге жатады, ұлпаларға жылдам сіңеді,
қабынуды тоқтататын, ұлпаларға жылдам әсер ететін, транспорттық,
бактерицидтік және анестезиялық қасиеттері бар. Диметилсульфоксидтке
көптеген бактерицидтік, фунгицидтік, инсектицидтік, дератизациялық ,
иммуностимуляторлық және басқадай қасиеттері бар дәрілік өсімдіктерден
алынатын биологиялық заттарды қосуға болады 34,35, 36, 37.
Жылқының аяқ тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің, байлам
аумағында көп мөлшерде дәнекер ұлпа өсіп (контрактура) , дамығанда, бұл
жерде тенэктомия тәсілі қолданылады, яғни операциялық алаң дайындалады,
белгілі антисептикалық дәрілермен өңдейді, жансыздандыру жасалады және
тіліп - кесіп дәнекер ұлпаларды жояды 38 .
Балауы Жылқының аяқ тұсамыс буынының бақай буынының бүккіш
бұлшықеттерінің байлам контрактураларының алдын алу, ол жануарлардың
буындарының жіті жарақаттарын – ұрылған, соғылған, құлаған, секірген
кездерінде тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің созылуын,
үзілуін жедел анықтау.
Қазіргі уақытта, көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарда жылқының
түрлі буын ауруларын клиникалық белгілеріне байланысты анықтайды. Бірақта,
айтылған тәсіл көп жағдайларда толық нәтиже бермейді. Өйткені, бұл
тәсіл буынның жіті ашық жарақаттарын анықтауында ғана жақсы нәтиже
береді.
Ал енді жылқының аяқ буындарының жабық жарақаттарына тоқталсақ,
ондағы ішкі патологиялық өзгерістерді анықтауда көп жылдары бойы рентген
тәсілі қолданып келе жатыр. Мысалы, буынның шығуы, сынуы, байламдарының
үзілуі, созылуы 39 .
Жылқының аяқтарының буын ауруларының арасында ең зияндысы, ол
буынның іріңді қабынулары. Бұл жарақатты, алғашқы он күн уақытында рентген
тәсілі нәтиже бермейді. Он күн өткеннен кейін барып қана, буындардың
шеміршек ұлпаларында деструктивтік қабыну орталары – некроз, скевестр,
бөгде заттар, мерездер пайда болғанда, ғана рентген тәсілі қолданылады.
Жоғыры көрсетілген жылқының аяқ буындарының жарақатында уақытында
сапалы дәрігерлік көмек жасалынса. Жануардың иммунитеті жоғары болса,
жарақаттанған буынның айналасында дәнекер ұлпа өсіп, дами бастайды.
Сондықтан, соңғы жылдары көптеген шет мемлекеттердің
шаруашылықтарында жылқының аяқ буындарының жарақаттарын ерте анықтау үшін
ультрадыбыс толқындарын (УДТ) пайдаланады. Бұл тәсілдің ерекше қасиеті, ол
буынның жабық жарақаттарының патологиялық өзгерістерін
ерте анықтауына көмек береді. Мысалы, жылқының аяғының - тізе, тұсамыс
буындарының қан тамырларының, шеміршек, сүйек үлпаларының патологиялық
өзгерістері және дәнекер ұлпаның өсуі ерте дәлелденеді 40 .

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Зерттеу жұмыстарының бағыты Қазақстанның халық аралық ұйымына
кіруіне байланысты және ғылымдардың дамуына, мал өнімдерін, түрлі
жануарларды сатуға дайындау барысында, олардың сапасын көтеру қажет.
Соңғы кездерде шет мемлекеттерде және ТМД елдерінде ұсақ және ірі
жануарлардың ауруларын анықтау барысында рентген тәсілімен бірге
ультрадыбыс әдісі қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы
патогендік өзгерістерді ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында
сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді. Айтылған әдісті Қазақстанның
жылқы шаруашылықтарында аяқ ауруларын анықтау, жетілдіру және енгізу өте
қажет.
1. Зерттеу материалдары және әдістемелері
Жылқылардың аяқтарының ауруларын анықтау барысында ультрадыбыс
қолдану ережелері, рентген, клиникалық зерттеу тәсілдері пайдаланды. Осы
жылқылардың аяқ ауруларын түрлі тәсілдермен анықтауын жалпы клиникалық
белгілерімен салыстырылды. Анықтау барысында тәжірибиелік және бақылау
топтары құрылды. Зерттеу топтары белгілі әдістермен анықталады, ал бақылау
тобы клиникалық белгілеріне байланысты анықталады. Олардың анықтау уақыт
мерзімдері салыстырылды. Зерттеу жұмыстарын бастау алдында біз жылқылардың
түрлі аяқ ауруларына байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасадық.
Жылқылардың аяғының тұсамыс буындарының контрактураларының алдын алу
шараларының ішінде, ол уақытында патологиялық өзгерістердіі ажыратып –
анықтау. Өндіріс жағдайларында, мал дәрігер мамандары ондай патологиялық
өзгерістерді клиникалық белгілеріне және сипау арқылы анықтайды. Бұл тәсіл
көбінесе толық ақпарат бермейді. Сондықтан, қазіргі уақытта тәжірибиелік
жұмыстарда жылқылардың аяқ буынының бақайдың беткейлік бүккіш бұлшықеті,
байлам жарақаттарын анықтау үшін УДТ және термография тәсілдерін қолданады.
Бұл айтылған әдістер қан ағымының , сүйек аралық , қосымша бұлшық еттердің
патологиялық өзгерістерін ерте ажыратуға және уақытында сапалы дәрігерлік
көмек жасауына көмек етеді. Көбінесе бұл, айтылған екі тәсіл бірге
қолданғанда жақсы нәтиже береді 39 .
Жоғарғы айтылған тақырыпқа байланысты, соңғы ғылыми деректерді қорыту
жұмыстарының нәтижесінде біз келесідей қорытындыларға келдік:
Көптеген жылқылардың аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш
бұлшықеттерінде, басқада ұлпаларында сыртқы механикалық әсердің себебінен
(соққыдан, құлағанда, секіргенде және т.б.с.) жіті немесе созылмалы қабыну
процессі басталады (тендинит немесе тендовагинит).
Жоғары айтылған себептер бірнеше рет қайталанған кезде жіті тендинит
созылмалы түрге айналады. Осы кезде бақайдың бүккіш бұлшық еттінің
талшықтары будасының айналасында немесе аралығында дәнекер ұлпа өсе, дами
бастайды. Бұл кезде дәнекер ұлпа өсіп бақайдың бүккіш бұлшықетінің
талшықтардың аралығындағы қан тамырларын, жүйке талшықтарын қысып,
ығыстырады. Осы жағдайдың әсерінен бақайдың бүккіш бұлшық еттінің ұзындығы
қысқарады, бақайдың бүккіш бұлшық еттінің ұлпасының көректенуі және зат
алмастыру процесстері бұзылады. Осы кезде жылқының аяқ буынының бақайдың
бүккіш бұлшық еттінің аумағында домбығу, ауырсыну, жергілікті ұлпаның
қызуының көтерілу белгілері анықталады, ал бақайдың бүккіш бұлшық еттінің
талшықтарының жұмыстарының бұзылуы, және тіреулі ақсақтық байқалады.
Жоғары айтылған патологиялық өзгерістер көбінесе жылқылардың аяғының
тұсамыс буындарының бақайдың бүккіш бұлшық еттінің аумағындағы дәнекер
ұлпасының өсуін және дамуын контрактура деп атаймыз. Шаруашылықтарда,
біздердің байқауымыз, бойынша көптеген жағдайларда жылқының аяқтарының
тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшық еттінің жіті қабынулары
уақытында анықталмай қалады, сонымен қоса дәрігерлік көмек кеш жасалады.
Осының себебінен қолданған ем шараларының жақсы нәтижесі болмайды.
Жылқылардың аяқтарының тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің
жіті қабынулары клиникалық белгілеріне байланысты анықталды.
Біздердің зерттеулеріміз бойынша көптеген жағдайда жылқылардың
аяқтарының тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшықетерінің жіті
қабынулары клиникалық белгілері толық көрінбейді, сондықтан оған тиісті
және уақытында дәрігерлік көмек жасалмайды. Көрсетілген себептер
қайталанған кезде тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшықетінің
айналасында дәнекер ұлпа өсе бастайды, яғни контрактура пайда болады.
Жылқылардың аяқтарының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшықетінің
жіті қабынуларының белгілері толық анықталмау жағдайында, біз оны дәлелдеу
үшін ультрадыбыс тәсілін қолданып көрдік.
Шаруашылық жағдайда жылқылардын аяқ ауруларын анықтау үшін олардан
зерттеу топтарын құрдық. Бірінші, екінші, үшінші зерттеу топтары, ал
төртіншісі бақылау тобы .
Бірінші топ жылқыларының аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш
бұлшықетінің патологиялық өзгерістері тіреулі ақсақтық пайда болғаннан
кейін клиникалық белгілері және рентген тәсілін қолданғанда үшінші күні
ғана толық анықталды.
Ал ультрадыбыс тәсілін қолданғанда екінші зерттеу тобының
жылқыларының аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық еттінің даму
патологиялық өзгерістері 1, 2, 3 күндерінде анық көрінді, яғни бұл әдіс
жедел анықтау, және аяқтың тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшықетінің
жіті қабынуын анықтауда өте қажет. .
1 сурет. Асыл тұқымды жылқы Маргарита4826
нөмерлі жылқының алдыңғы аяқтарының сыртқы клиникалық көрінісі. Төмендегі
көрсетілген 1 суретте жылқының сол алдыңғы аяғының бақайдың беткеилік
бүккіш бұлшық етінің бүтіндігі бұзылмаған домбығу анық көрініп тұр,
флюктуация байқалады және және қолмен сипағанда ауырсыну анықталады.
2 сурет.Асыл тұқымды жылқы Бакула 4773 нөмерлі жылқының артқы сол
аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің маңында жіті
қабынудың клиникалық белгілері көрінеді, домбығу ауырсыну байқалады.
3 сурет. Төмендегі көрсетілген асыл тұқымды жылқы Маргарита4826
нөмерлі жылқының рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген латера
медиальды көрінісі, сүйек ұлпасы өзгермеген, бірақ бақайдың терең бүккіш
бұлшық етінінің айналасында домбығу бар.
4 сурет: Төмендегі көрсетілген асыл тұқымды жылқы Бакула 4723
нөмерлі жылқының рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген латера
медиальды көрінісі, сезам тәрізді сүйектің ығысуы және тұяқ шеміршегінің
сүйектену байқалады.
5 сурет. Төмендегі көрсетілгенУДТ арқылы асыл тұқымды жылқы
Маргарита 4826 нөмерлі жылқының тұсамыс буынындағы бақайдың беткейлік
бүккіш бұлшық еттінің көлемі Д1-18,4мм.2.Бақайдың терең бүккіш бұлшық
еттінің көлемі Д2-10.3.мм.3.Сүйек аралық бүккіш бұлшықетінің көлемі Д3-
7.55.
6 сурет. Төмендегі көрсетілген УДТ арқылы асыл тұқымды жылқы Бакула
4773 нөмерлі жылқының тұсамыс буынындағы бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық
еттінің көлемі. Д1-10.2.2.бақайдың терең бүккіш бүккіш бұлшық еттінің
көлемі Д2.9.41.3.Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің көлемі Д3-12мм.
7 сурет. Асыл тұқымды жылқы Рита 7978 (зерттеу тобы, емге дейін).
Жылқының алдынғы аяғының рентген суретіне )))))қаптал проекцияда түсірілген
латера медиальды көрінісі.
8 сурет. Асыл тұқымды жылқы Альеонора 4826 (зерттеу тобы, оң
алдынғы аяғы, емге дейін). Алдыңғы аяқтың рентген суретіне қаптал
проекцияда түсірілген дорсальды польмарлы көрінісі.
9 сурет. Асыл тұқымды жылқы Рита 7978 (зерттеу тобы, емге
дейін). Алдыңғы аяқтың топай буынының бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық
еттерінің (УДТ) арқылы көрінісі. Патологиялық қабынудың көлемі D1 – 14
мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі: D2 – 8,49 мм. Сүйек
аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі: D3 – 9,43 мм
10 сурет. Асыл тұқымды жылқы Альеонора 4826 (зерттеу тобы, оң
алдыңғы аяғы, емге дейін). Алдыңғы аяқтың топай буынының бақайдың беткейлік
бүккіш бұлшық етінің қабынған патологиялық қабынудың көлемі D1 – 13,4 мм.
Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі: D2 – 9,13 мм. Сүйек
аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі: D3 – 8,47 мм
11 сурет. Асыл тұқымды жылқы Вальта 3276 (зерттеу тобы, оң алдыңғы
аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 18,4 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 10,3 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 7,55 мм
12 сурет. Асыл тұқымды жылқы Аврора 1265 (зерттеу тобы, оң
алдыңғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 17,7 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 9,86 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 7,67 мм
13 сурет. Асыл тұқымды жылқы Катарина 8521 (зерттеу тобы, сол
артқы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 9,9 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 7,72 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 7,39 мм
14 сурет. Асыл тұқымды жылқы Мадина 2858 (бақылау тобы, сол артқы
аяғы, емнен кейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 12,0 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 6,92 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 6,86 мм
15 сурет. Асыл тұқымды жылқы Вальта 3276 (бақылау тобы, сол
алдынғы аяғы, емнен кейн ) Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 18,1 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 8,99 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 8,3 мм
16 сурет. Асыл тұқымды жылқы Аврора 1265 (зерттеу тобы, оң
алдыңғы аяғы, емнен кейін ). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 16,9 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 9,4 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 8,0 мм
17 сурет Асыл тұқымды жылқы Катарина 8521 (зерттеу тобы, срл артқы
аяғы, емнен кейн ) Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған
патологиялық қабынудың көлемі D1 – 11,6 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінде қабыну көлемі: D2 – 8,0 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің
қабыну көлемі: D3 – 6,0 мм
18 сурет. Бақылау тобындағы асыл тұқымды жылқыЭллада7479 сол
аяғының тұсамыс буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера
медиальды суреті, патологиялық өзгерістер байқалмайды.
19 сурет. Мадина асыл тұқымды жылқының 2858 аяғының тұсамыс
буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды суреті,
патологиялық өзгерістер байқалмайды, тұяқ шеміршектерінің сүйектенулері
анықталады. Зерттеу барысында, жылқының аяғының тұсамыс буынындағы,
бақайдың бүккіш бұлшықетінің қабынғаны байқалады және домбығуы көрінеді.

20 сурет. Вальта 3276 асыл тұқымды жылқының аяғының тұсамыс
буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера медиальдыкөрінісі,
патологиялық өзгерістер байқалады, бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің
ісінгені көрініп тұр.
21 сурет. Аврора 1265 асыл тұқыьды Рентген суретінде сезам
тәрізді сүйектің жоғары ығысуы және тұяқ шеміршегінің сүйектенуі
байқалады.

1 сурет. Жылқының алдыңғы аяқтарының сыртқы клиникалық көрінісі.

2 сурет. Жылқының артқы аяқтарының сыртқы клиникалық көрінісі.

3 сурет. Жылқының алдыңғы аяғының рентген суретіне қаптал проекцияда
түсірілген латера медиальды көрінісі.

4 сурет. Жылқының артқы аяғының рентген суретіне қаптал проекцияда
түсірілген латера медиальды көрінісі.

5 сурет. Жылқының алдыңғы аяғының (УДТ) суретіне тусірілген көрінісі.

6 сурет. Жылқының артқы аяғының (УДТ) суретіне тусірілген көрінісі

Қорытындылап келсек екі рентген суретінде де жылқылардың тұсамыс
буынының бақай бұлшық еттерінің жіті қабынуы немесе басқа да жіті
патологиялары анықталмайды. Бұл тәсілмен, тек қана аяқ аумағындағы
созылмалы патологияларды анықтауға болады. Ал енді сол жоғарыда айтылған
аяқтарды УДТ тәсілдермен тексерілді. Олардың нәтижелері 5 және 6 суреттерде
көрсетілген.
1.2 Зерттеу жұмыстары ЖШС РАХАТ шаруашылығының асыл тұқымды
жылқыларының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының дамуын тексердік. Бұл
зерттеу жұмыстарында жануарларды тексеру кезінде жалпы және жергілікті
ерекше клиникалық зерттеу тәсілдерін қолдандық. Мысалы, рентген және УДТ
әдістері. Айтылған, түрлі патологиялық өзгерістерді анықтау және тексеру
кездеріндерде біз тасымалы рентген ДИНА-1 және ультрадыбыстық
портативтік EICKMEYER MAGIC 2000 мен бірге арнаулы 3,5 МГц R- 60
конвекстік, 80 элементтерден тұратын, 4 баспалдақты, көрсеткіштері жиі
ауысатын ( 2,53,54,05,0 МГц ) датчиктерін қолдандық.
УДТ зерттеулердің нәтижесінде келесідей суреттер жасалынды.

7 сурет. Асыл тұқымды жылқы Рита 7978 (зерттеу тобы, емге дейін).
Жылқының алдыңғы аяғының рентген суретінеқаптал проекцияда түсірілген
латера медиальды көрінісі.

8 сурет. Асыл тұқымды жылқы Альеонора 4826 (зерттеу тобы, оң алдыңғы
аяғы, емге дейін). Алдыңы аяқтың рентген суретіне қаптал проекцияда
түсірілген латера медиальды көрінісі.

9 сурет Асыл тұқымды жылқы Рита 7978 (зерттеу тобы, емге дейін).
Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

10 сурет Асыл тұқымды жылқы Альеонора 4826 (зерттеу тобы, оң
алдыңғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы
УДТ арқылы көрінісі.

11 сурет Асыл тұқымды жылқы Вальта 3276 (зерттеу тобы, оң алдыңғы
аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ
арқылы көрінісі.

12сурет Асыл тұқымды жылқы Аврора 1265 (зерттеу тобы, оң
алдынғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің
домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

13 сурет Асыл тұқымды жылқы Катарина 8521 (зерттеу тобы, сол артқы
аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ
арқылы көрінісі.

14 сурет Асыл тұқымды жылқы Мадина 2858 (бақылау тобы, оң алдыңғы
аяғы, емнен кейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ
арқылы көрінісі.

15 сурет Асыл тұқымды жылқы Вальта 3276 (бақылау тобы, сол алдыңғы
аяғы, емнен кейін ) Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ
арқылы көрінісі.

16 сурет. Асыл тұқымды жылқы Аврора 1265 (зерттеу тобы, оң алдыңғы
аяғы, емнен кейін ). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ
арқылы көрінісі.

17 сурет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру
Жылқының іріңді пододерматиті және оның емі
Жылқының анатомиялық және физиологиялық құрылысы, жылқының (экстерьері) түр - тұлғасы, сырт пішіні
Науқастың төсектегі қалпы
САМАЙ-ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АРТРОЗЫ
Тұяқтың ревматикалық қабынуы
Бұқаның кеуде аяғының тендовагинитін емдеуге арналған ауру тарихы
Жылқыларды жығу тәсілдері
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Пәндер