Delphi бағдарламасында Шымкент қалалық жол полициясының деректер қорын жобалау



Нормативті сілтемелел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қысқартылған сөздер мен белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1Жол полициясы қолданатын алдын.алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Жүргізушілердің жалпы міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Көлiк құралдарын басқару құқығын алу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Айыппұл кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 Жобалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Жол полициясыныңдеректер қоры жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2Шымкент қалалық жол полициясының мәліметтер қорын енгізу ... ... ... 21
2.3 ADO технологиясымен Delphi ортасын байланыстыру ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.4 Программаны іске қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қосымша А
Қазіргі Жол полициясының қызмет ету аясы 1878 жылы полиция қызметкерлері міндеттеріне кірген. Оларға жолдардың жағдайы, көпірлер, өтпелдер, жас азаматтарды уақытында дұрыс жолға қою, телеграф жүйелерінің бөлінбестіктеріне, қыс мезгілінде өзендер, көлдер мен алқаптардан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен бірге белгілер мен жолдың шетінде отырғызылған ағаштардың тұтастығына қарау, ресми өкімі берілген, олардың бұзылғандығы байқалса дереу Становтық Приставқа жеткізілген.
Мемлекеттік автомобиль инспекциясын құру Орталық жол-көлік басқармасы шешімімен 1934 жылы қарашада қабылданды. Автоинспекция 1936 жылдың 3 наурызына дейін ведомствалық орган болды. Сол күннен бастап МАИ жұмыс-шаруа милициясы Бас басқарма­сы құрамына кірді. Ал 1936 жылы 3 шілдеде КСРО ХКК МАИ туралы қаулы қабылдады. Та­рих бойынша бұл күнді МАИ туған күні деп санауға болады. Егеменді Қазақстанда Мемавто­инспекциясы туралы бірінші қағида 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Ми­нистрлер Кабинеті Қаулысымен бекітілген. Нақ осы күн Қазақстан Республикасы МАИ туған күні болып саналады.
1996 жылы қаңтардың 3-де Мемлекеттік автоинспекциясының атауы Жол полициясы болып ауыстырылды. Бұл жай ғана атауын өзгерту емес, жұмыс негізі де өзгертілді. Қазіргі жол полициясының алдыңғы деңгейдегі тапсырмасы қоғамдық тәртіпті, қылмыспен күресу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып азаматтарды қылмыстық қастандықтан, қорғау міндеті болып табылады. Бүгінгі күні жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы осыдан 20 жыл бұрынғы жұмыстардан сапалығымен айрықшаланады: адамдар өзгерді, олардың қарым-қатынастары да өзгерді. Қазіргі кезде инспектор тек қана жол қозғалысы ережесін жетік білуден басқа, сонымен бірге заңдар жиынтығын, психология негіздерін, қазіргі техниканы, оның ішінде компьютер, және тағы басқаны білуге міндетті.
1. С.Бабровский «Описание системы и языка программирования Delphi 7», Москва 2007г.
2. Л.М.Климова «Основы программирования .Решение типовых задач», Москва 2005г.
3. Валерий Фаронов «Разработка приложений для баз данных и интернета»,Москва 2006г.
4. Эндрю Возневич «Визуальное программирование на ObjectPascal»,Издателство «Бином»
5. В.Гофман, А.Хомоненко «Delphi 5 в подлиннике»,Санкт-Петербург 1999г.

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:
СТРК 34.006 - 2002 - Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар;
СТРК 34.007 - 2002 - Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер;
МЕСТ UCO 8790 - 95 - Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары;
МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Тақырапша - өрістердін тақыраптарын анықтайды.
Хабарландыру - мәліметтерді дұрыс енгізбегенде ол жайлы хабарлап шығатын терезе
Мәліметтер - өрістерге енгізілетін по умолчанию мәліметтері
Индекстер - кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын механизм болып табылады
Image - элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.
Формат-форма мен отчетқа Browse терезесіндегі мәліметтерді көрсетеді.
Енізіу - мәліметтерді енгізу үшін шаблон қолданады.

Белгілеулер мен қысқартулар

ДҚБЖ - Деректер қорының басқару жүйесі.
ДҚ - Деректер қоры
АЖ - Ақпараттық жүйе
БЖ - бағдарламалық жабдықтама
ҚР - Қазақстан Республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны

Мазмұны

Нормативті сілтемелел ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Қысқартылған сөздер мен белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Жол полициясы қолданатын алдын-алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Жүргізушілердің жалпы міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Көлiк құралдарын басқару құқығын алу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4 Айыппұл кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2 Жобалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.1 Жол полициясының деректер қоры жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Шымкент қалалық жол полициясының мәліметтер қорын енгізу ... ... ... 21
2.3 ADO технологиясымен Delphi ортасын байланыстыру ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.4 Программаны іске қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қосымша А

Аннотация

Бұл кустық жұмыста Delphi бағдарламасында Шымкент қалалық жол полициясының деректер қорын жобалау.
Мұнда Шымкент қалалық жол полициясы бөлімінің құжаттар бөлімі, жол ережесін бұзғандығы, тұратын жері туралы анықтама беретін бөлімдер қарастырылды. Бұл бөлімдердін Delphi бағдарламасында қалай жасалғандығы және Delphi бағдарламасының компаненттері қарастырылған
Курстық жұмыс мынадай бөлімнен тұрады: Жол полициясының деректер қоры жобасын құру, Шымкент қалалық жол полициясының мәліметтер қорын енгізу, Қорытынды, Қолданылған әдебиеттер тізімінен және Қосымшалардан.

Кіріспе

Қазіргі Жол полициясының қызмет ету аясы 1878 жылы полиция қызметкерлері міндеттеріне кірген. Оларға жолдардың жағдайы, көпірлер, өтпелдер, жас азаматтарды уақытында дұрыс жолға қою, телеграф жүйелерінің бөлінбестіктеріне, қыс мезгілінде өзендер, көлдер мен алқаптардан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен бірге белгілер мен жолдың шетінде отырғызылған ағаштардың тұтастығына қарау, ресми өкімі берілген, олардың бұзылғандығы байқалса дереу Становтық Приставқа жеткізілген.
Мемлекеттік автомобиль инспекциясын құру Орталық жол-көлік басқармасы шешімімен 1934 жылы қарашада қабылданды. Автоинспекция 1936 жылдың 3 наурызына дейін ведомствалық орган болды. Сол күннен бастап МАИ жұмыс-шаруа милициясы Бас басқарма­сы құрамына кірді. Ал 1936 жылы 3 шілдеде КСРО ХКК МАИ туралы қаулы қабылдады. Та­рих бойынша бұл күнді МАИ туған күні деп санауға болады. Егеменді Қазақстанда Мемавто­инспекциясы туралы бірінші қағида 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Ми­нистрлер Кабинеті Қаулысымен бекітілген. Нақ осы күн Қазақстан Республикасы МАИ туған күні болып саналады.
1996 жылы қаңтардың 3-де Мемлекеттік автоинспекциясының атауы Жол полициясы болып ауыстырылды. Бұл жай ғана атауын өзгерту емес, жұмыс негізі де өзгертілді. Қазіргі жол полициясының алдыңғы деңгейдегі тапсырмасы қоғамдық тәртіпті, қылмыспен күресу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып азаматтарды қылмыстық қастандықтан, қорғау міндеті болып табылады. Бүгінгі күні жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы осыдан 20 жыл бұрынғы жұмыстардан сапалығымен айрықшаланады: адамдар өзгерді, олардың қарым-қатынастары да өзгерді. Қазіргі кезде инспектор тек қана жол қозғалысы ережесін жетік білуден басқа, сонымен бірге заңдар жиынтығын, психология негіздерін, қазіргі техниканы, оның ішінде компьютер, және тағы басқаны білуге міндетті.

1 Аналитикалық бөлім

1.1 Жол полициясы қолданылатын алдын-алу шаралары

Жол полициясы комитеті республика аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарды анықтау және ұстау жөнінде тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Жол полициясы бөліністері барлық автоматтандырылған есептер бойынша міндетті тексерістерді жүзеге асыруға бағытталған белгілі бір жұмыс атқаруда. Осы тек­серістердің нәтижесінде іздестірудегі адамдардың есебі бойынша өтетін 413 адам анықталды.
Республика аумағында кең ауқымды Іздестіру жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілуде, онда жол полициясы бөліністері жол-көлік және басқа да қылмыстарды жасағаны үшін іздестірудегі адамдарды анықтау мен ұстау, автокөлік құралдары мен олардың жүргізушілеріне қатысты жасалған қылмыстарды, сондай-ақ олардың қатысты жасалған қарақшылық шабуыл мен тонауды ашу мен анықтауға бел­сенді қатысты.
Қабылданған шаралардың арқасында Іздестіру жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде құрылған ұтқыр топтардың құрамында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен іздестіруге жарияланған 65 адам, оның ішінде ТМД елдерінің іздестіруіндегі - Ресей Федерациясының 1 азаматы және Түркияның 1 азаматы ұстал­ды, хабарсыз кеткен 8 адамның тұрғылықты жері анықталды.
Ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының деңгейін одан әрі көтеру, көлік құралдарын пайдаланумен немесе оларды заңсыз иемденумен байланысты қылмыстарды ізін суытпай ашуға кешенді тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті ай сайын Тосқауыл арнайы жоспарын жүргізу кезінде жұмыс нәтижелерін қорытындылайды. Осылайша 2008 жылдың 12 айында қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау және айдап әкетілген көлік құралдарын ұстау мақсатында облыстардың ІІД-де Тосқауыл жоспары 806 рет енгізілді, оның нәтижесінде 477 қылмыскер және 587 көлік құралы ұсталды.
Жедел-іздестіру бөлімшелері автокөліктік кәсіпорындарының басшыларымен, гараж кооперативтерінің төрағаларымен және автотұрақ меншіктерінің иелерімен өз мүлкін сақтау бойынша шаралар қабылдау үшін және күзет құрылымдарының көмегі арқылы бейнебақылау камераларымен және басқа да техникалық құралдармен жабдықтау бойынша тұрақты негізде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Автоәуесқойлар арасында автомобильдерді ұрлаудың, айдап әкетудің және де күзетілмейтін аумақтарда бақылаусыз қалдырылған көлік құралдарының салондарынан жеке заттарды ұрлауды ескерту және жол бермеу мақсатында буклеттер таратылды. Жедел-профилактикалық іс-ша­раларды өткізудің барысы және нәтижелері туралы ақпарат республикалық Хабар, КТК, 31 арна телеараналарына, Тревожная зона, Полицейский патруль те­лебағдарламаларына, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілді.
Қылмастарды ашу әрекетінде: Жол полициясының жедел-іздестіру бөліністері Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жүйесінде 2002 жылғы маусымда құрылды және қазіргі уақытқа дейін өздерінің қызметін жүзеге асыруда.
Жедел-іздестіру бөліністерінің негізгі міндеттері: республиканың автомагистральдарында және олардың инфроқұрылым объектілерінде жасалатын қылмыстарды ескерту, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша ішкі істер органдары үшін заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде об­лыстардың ІІД жол полициясы басқармаларының жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, бұл ретте Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 және 297-баптарын­да көзделген адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларымен байланысты қылмыстарды, көлік құралдарын басқаратын адамдарға қатысты жасалған қарақшылық шабуылдар мен тонауларды ескерту, олардың жолын кесу және ашу негізгі басым бағыттары болып табылады.
- қылмыстарды ескерту, анықтау, жолын кесу және ашуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыста ІІМ-нің басқа да қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;
- облыстардың ІІД ЖПБ жедел-іздестіру бөліністерінің қызметін ақпараттық-аналити­калық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және жүктелген міндеттерге сәйкес жедел-іздестіру бөліністері мынадай функцияларды:
- республиканың автомагистральдары мен олардың инфрақұрылым объектілерінде жа­салатын қылмыстарды ескертуді, жолын кесуді және ашуды жүзеге асырады.
Жол полициясы комитеті және оның жергілікті жерлердегі құрылымдық бөліністері көлік құралдары мен жүргізушілерге қатысты жасалған қылмыстардың алдын алуға, ес­кертуге және ашуға бағытталған белгілі бір жұмыс атқарған болатын.
Қабылданған шаралар қандай да бір деңгейде жол полициясы жедел-іздестіру бөліністері қызметінің тиімділігін арттыруға, еліміздің автожолдарында қылмысқа қарсы күресті жақсартуға ықпал етті.
Бас прокуратураның деректеріне сәйкес жол полициясы қызметкерлерінің қатысу­ымен 18003 қылмыс немесе ішкі істер органдары ашқан барлық қылмыстардың 29,3% ашылды, оның ішінде кісі өлтіру - 315, қарақшылық шабуыл - 334, тонау - 1464, бөтеннің мүлкін ұрлау - 8528, автомобильді заңсыз иелену - 616.
2008 жылдың 12 айында жол полициясы жедел құрамының қатысуымен 4932 қылмыс ашылды, бұл 2007 жылдың көрсеткішінен 0,5% көп. Жедел-іздестіру бөліністерінің тікелей қатысуымен 1964 (9,9%) қылмыс ашылды. Адамдар қаза тапқан тіркелген жол-көлік оқиғаларының санынан 725 қылмысты жол полициясы қызметкерлері ашқан.
2008 жылы жол полициясының саптық бөліністері республика бойынша 7915 қылмыс ашқан, олардың 2114-і жедел уәкілдердің үлесіне тиесілі.
Шеп жүйесінің стационарлық-бақылау бекеттерінде 1361 қылмыс, оның 618-і алынған жедел ақпарат бойынша ашылған, іздестіру жарияланған 55 адам табылды, нөмірлік агрегаттары қираған 83 көлік құралы анықталып ұсталған.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокура­турасының статистикалық деректеріне жедел ақпарат бойынша ашылған, іздестіру жарияланған 55 адам табылды, нөмірлік агрегаттары қираған 83 көлік құралы анықталып ұсталған сәйкес көрсетілген кезеңде республикада ав­токөлік ұрлаудың 600 фактісі және ұрлау мақсатынсыз автокөлік құралын заңсыз ием­денудің 2123 фактісі тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда ұрлық 31,9% өскені және айдап кету -11,1% төмендегені байқалады.

1.2 Жүргізушілердің жалпы міндеттері

Көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелерге және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамта­масыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiне сәйкес көлiк құралдарының дұрыс жай-күйi шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету. Бұдан әрi -- Негiзгi ереже.
Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң 5.3. -тармаққа сәйкес берiлген талап етуi бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындау.
Көлiк құралы жүргiзушiсiнiң құжатын тексеруге немесе көлiк құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң талап етуi бойынша мастығы туралы куәландыру өту.
ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.3.3. -1 тармағымен толықтырылды
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жағдайларда Ережелердi бiлуiн тексеруден өту.
Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.
Көлiк құралын: Жолжөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жәрдем қажет ететiн азаматтарды емдеу мекемелерiне алып бару үшiн медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне беруг Авария кезiнде зардап шеккен көлiк құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 1заңда көзделген, өзге де кейiн қалдыруға болмайтын жағдайларда iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне беру. Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.

1.3 Көлiк құралдарын басқару құқығын алу тәртiбi

1) "А", "В", "С", "Д", "E" санатындағы көлiк құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында даярлықтың толық курсынан, ал оқу басталғанға дейiн Қазақстан Pеспубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өткен адамдар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама ұсына отырып;
2) "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар;
3) дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда А және В санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі.
Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда 6 айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі. Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi.
"А", "В", "С", "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгi ТЕБ-де теориялық және практикалық емтихан, Е санатына - практи­калық емтихан, ал трамвай немесе троллейбусты басқару құқығына - теориялық емти­хан тапсырған адамдарға беріледі.
Теориялық емтихан кезінде ЖҚЕ-ні білуі, алғашқы медициналық көмек көрсете білуі тексерiледi. Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан теориялық емтиханды табысты тапсырғаннан кейін екі кезеңде: біріншісі - автодромда, екіншісі - елді мекеннің көше-жол торабында өткізіледі.
Көлiк құралдарын басқару құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:
- Он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мо­токөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты);
- Он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi;
Рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С"санаты) жүргi­зуге;
- Жиырма бір жасқа толғандарға - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргi­зушiнің орындығынан басқа отыратын орны сегiзден артық автомобильдердi ("Д" са­наты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;
- Көлік құралының санатына сәйкес келетін кемінде он екі ай басқару өтілі бар болған жағдайда, "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлiк құралдарын басқару құқығы бар адамдар тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" санаты ).
"D" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы белгіленген бағдарламалар бойын­ша даярлықтан өткен және теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі.
А санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы В, В,С, С, В,С,Д, Д санат­тарындағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге практикалық емтихан тапсырғаннан кейін берілуі мүмкін.
В санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы С, В,С,Д, Д санаттарындағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге тіркеу-емтихан бөлімше­лерінде практикалық емтихан тапсырғаннан кейін берілуі мүмкін.
Бір жылдан астам мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам­дарға жүргізуші куәлігін қайтару теориялық және практикалық емтихандар тапсырған­нан кейін жүргізіледі, бұл ретте практикалық емтихан жүргізуші басқару құқығынан айырылған көлік санатынан жоғары көлік құралында қабылданады.
Жүргізуші куәлігін берудің алдында көлік иесі іздестіруде болу тұрғысынан Іздестіру есептері бойынша тексеріледі.

1.4 Айыппұл кестесі

Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтаруы. Жеке тулғаларға- 20 айлық есептік корсеткіш
Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарын пайда­лану ережелерiн бұзуы
1. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талапта­ры бұзыла отырып орнатылған, тiр­келген көлiк құралдарын басқару, бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым са­лынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлiк құралдарын басқару, - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралына көрінеу жалған (жасан­ды) мемлекеттік тіркеу белгілерін
(белгісін) орнату - жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш, көлік құралдарының пайда­ланылуына жауапты лауазымды тұлғаларға -- елу айлық есептік көрсеткіш, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып та­былатын заңды тұлғаларға -- бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3 - 1. Көрінеу жасанды мемлекеттік тіркеу белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару -- жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және ал­ты мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көрсетiл­ген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету­дiң белгiленген ережелерiне сай келмей­тiн көлiк құралдарын басқару, - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тежегiш жүйесiнiң, басќару рулiнiң, же­тектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлше­рiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жаб­дықталған көлiк құралын басқару, - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлше­рiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралдарын басқару, -- үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет­тер, -жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көлік құралын басқару кезінде адамның телефон не радиостанция пайдалануы
Көлік құралын басқару кезінде адам­ның телефон не радиостанция пайда­лануы - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көздел­ген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -- жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма ки­лометрге дейiнгi шамаға арттырып жi­беруiбес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiлен­ген жылдамдығын сағатына жиырма ки­лометрден қырық километрге дейiнгi ша­маға арттыру, -- он айлық есептiк көрсеткiштiң мөлше­рiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiлен­ген жылдамдығын сағатына қырық ки­лометрден астам шамаға арттыру, - он бес айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қай­талап жасалған іс-әрекеттер -жиырма айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң марш­руттық көлiк құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау және жол қозғалы­сы ережелерiн басқадай өрескел бұзуы
Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң маршруттық көлiк құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк бел­дiктерiмен жабдықталған көлiк құралда­рымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдiкте­рiн, мотоциклдердi жүргiзу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мо­тошлемдердi пайдалану, көлiк құралда­рын сүйретуге алу, тәулiктiң қараңғы уақытында немесе анық көрiнбейтiн ала-көлеңке кезде жарық беретiн құрал­дарды пайдалану ережелерiн бұзу, - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көздел­ген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -- он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеп соғады.
Қиылыстардан өту ережелерін бұзу
1. Жүргізушіні тоқтауға мәжбүр еткен көлік кептелісі пайда болған жағдайда көлденең бағыттағы көлік құралда­рының қозғалысы үшін кедергі келтіріп, жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту, -бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі ережелерінің қиылыстан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау, -бес айлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің өндіріс статистикасы бөлімінің деректер қорын жобалау
«Су ресурстары қызметі» ЖШС-ң құжат айналымын автоматтандыру
Төлеби ауданының заңды тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау
Бағдарламалық қамтаманы жобалау
Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда дәрігердің жеке картасын жүргізу мен тіркеу бойынша аж құру
Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру
Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі маманының автоматтандырылған жұмыс орнын құру
“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру
Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
«Саяхат» туристік компания қызметінің деректер қорын жобалау
Пәндер