ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы



Қазақстан Республикасының мұнай – газ өнеркәсібі экономикасының алдыңғы қатарлы саласы болып табылады. Қазақстан Республикасы өзінің даму ғасырында дүние жүзінің ірі мұнай – газ өндіруші мемлекеттерінің біріне айналды, ол газ және конденсант өндіру бойынша – он бесінші, мұнай өндіру деңгейі бойынша жиырма сегізінші орында. Қазақстан ТМД елдері арасында мұнай қоры және өндіру деңгейі бойынша екінші орынға ие.
Қазақстан Республикасы территориясында 200 – ден астам мұнай және газ кен орындары бар екендігі анықталған.
Республиканың төрт батыс аймағында мұнайдың қалдық алынуындағы қорының 90 дәл осы аймақта ерекше теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай орындары орналасқан.
Табиғи газдың негізгі қоры Батыс Қазақстан Қарашығанақ және Ақтөбе Жаңажол аймақтарында шоғырланған. Бұл аймақтардағы мұнай орындарында ілеспе газдардың қоры да көп.
Отын ретінде қолданылатын табиғи газдың басқа отындармен салыстырғанда келесі артықшылықтары бар:
- газ өндірудегі қорбергіштіктің коэффициенті тас көмірді және мұнайды өндірудегі коэффициенттен алты есе жоғары болады;
- газ өндірудегі еңбек өнімділігі тас көмірді өндірудегі еңбек өнімділігінен 55 есе жоғар және мұнай өндірудегі еңбек өнімділігінен 6 есе жоғары болады;
- табиғи газды отын ретінде қолданған жағдайда қоғамдық еңбектің өнімділігі жоғарылайды;
- металлургиялық кәсіпшілікте табиғи газды қолдану еңбек өнімділігін 10  - ке жоғарылатады, кокстың 15 - тің үнемдейді, шойын мен болаттың өзіндік құнын төмендетеді.
Мұнайдың және табиғи газдың көмірсутекті компоненттері этан, этилен, этил спиртік, ацетил, пропан, пропилен, бутан, бензол, толуол, у химикаттары, ацетон, еріткіштер, фенол, фенолформагельдегидтік пресс – ұнтақтары, каучук және т.б.
Газ конденсаттарны өңдеудің химиялық бағытының келесі артықшылықтары болады:
1. Өнімді өңдеуге кететін келтірілген шығындар азаяды;
2. Қоғамдық еңбектің өнімділігі жоғарылайды.
Кең – байтақ Қазақстанда мұнай – газ кен орындарын барлау Батыс Қазақстан ( Атырау, Ақтөбе, Орал, Жанажол) өлкелерінде ғана емес, Шығыс Қазақстанда Торғай ойпатында жүргізіледі.
Жетібай газконденсат мұнай кеніші. Маңғыстау олысында, Ақтау қаласынан оңтүстік – шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының мұнай – газ өнеркәсібі
экономикасының алдыңғы қатарлы саласы болып табылады. Қазақстан
Республикасы өзінің даму ғасырында дүние жүзінің ірі мұнай – газ
өндіруші мемлекеттерінің біріне айналды, ол газ және конденсант
өндіру бойынша – он бесінші, мұнай өндіру деңгейі бойынша жиырма
сегізінші орында. Қазақстан ТМД елдері арасында мұнай қоры және
өндіру деңгейі бойынша екінші орынға ие.
Қазақстан Республикасы территориясында 200 – ден астам мұнай
және газ кен орындары бар екендігі анықталған.
Республиканың төрт батыс аймағында мұнайдың қалдық
алынуындағы қорының 90( дәл осы аймақта ерекше теңіз, Қарашығанақ,
Өзен, Жаңажол, Кенбай орындары орналасқан.
Табиғи газдың негізгі қоры Батыс Қазақстан Қарашығанақ және
Ақтөбе Жаңажол аймақтарында шоғырланған. Бұл аймақтардағы мұнай
орындарында ілеспе газдардың қоры да көп.
Отын ретінде қолданылатын табиғи газдың басқа отындармен
салыстырғанда келесі артықшылықтары бар:
- газ өндірудегі қорбергіштіктің коэффициенті тас көмірді және
мұнайды өндірудегі коэффициенттен алты есе жоғары болады;
- газ өндірудегі еңбек өнімділігі тас көмірді өндірудегі еңбек
өнімділігінен 55 есе жоғар және мұнай өндірудегі еңбек
өнімділігінен 6 есе жоғары болады;
- табиғи газды отын ретінде қолданған жағдайда қоғамдық еңбектің
өнімділігі жоғарылайды;
- металлургиялық кәсіпшілікте табиғи газды қолдану еңбек өнімділігін
10 ( - ке жоғарылатады, кокстың 15( - тің үнемдейді, шойын мен
болаттың өзіндік құнын төмендетеді.
Мұнайдың және табиғи газдың көмірсутекті компоненттері этан,
этилен, этил спиртік, ацетил, пропан, пропилен, бутан, бензол, толуол,
у химикаттары, ацетон, еріткіштер, фенол, фенолформагельдегидтік пресс
– ұнтақтары, каучук және т.б.
Газ конденсаттарны өңдеудің химиялық бағытының келесі
артықшылықтары болады:
1. Өнімді өңдеуге кететін келтірілген шығындар азаяды;
2. Қоғамдық еңбектің өнімділігі жоғарылайды.
Кең – байтақ Қазақстанда мұнай – газ кен орындарын барлау
Батыс Қазақстан ( Атырау, Ақтөбе, Орал, Жанажол) өлкелерінде ғана
емес, Шығыс Қазақстанда Торғай ойпатында жүргізіледі.
Жетібай газконденсат мұнай кеніші. Маңғыстау олысында, Ақтау
қаласынан оңтүстік – шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта
орналасқан. Құнарлы беткейлер 1700-2500 м тереңдікте. Жинауыштар
кеуекті, ашық кеуектілігі 16 - 22( өнімділігі 0,06 – 0,239 мкм²,
мұнайға қанық қалыңдығы 1,3 – 21,2 м, газға қанық қалыңдығы 2
-14,4 м.
Маңғыстау облысындағы “Өзенмұнайгазда” Өзен және Қарамандыбас дейтін екі
кен орны бар. Осы кәсіпорын Тасболат, Батыс Теңге, Ақтас және Оңтүстік
Жетібай кен орындарынан газ конденсатын өндіреді. Шығыс Өзен газ кен орны
да майлы түбектегі мұнайшылардың қажырлы еңбегімен игеріліп жатыр. Облыста
ондаған бөлімшесі жұмыс істейтін “Өзенмұнайгаздың” бұдан өзге бірнеше
серіктестіктің жарғылық капиталында үлесі бар. Ал, “Ембімұнайгаз” құрамына
да осындай бірнеше бөлімше мен еншілес кәсіпорын кіреді. Мұнай өндіретін 6
басқармасы Атыраудың төрт бірдей ауданының экономикасын өрге сүйреп келеді.
Мұнайлы түбектегі “Өзенмұнайгаз” да солай, маңғыстаулықтардың басты
арқасүйеріне айналғалы қашан.Екі ірі кәсіпорынды біріктірген “ҚазМұнайГаз”
Барлау Өндіру” компаниясы былтыр 8892,8 мың тонна қара алтын мен 26,1 мың
тонна газ конденсатын өндіріп, өнім көлемін бір жылда 1 миллион тоннаға
ұлғайтты. Мұндай оңды нәтижеге өндірісте жаңа технологияларды кеңінен
қолданудың септігі тиіп отыр. Соның ішінде жер астындағы мұнай қабаттарына
электрмен әсер етудің тиімділігі дәлелденсе, “Темпоскрин” технологиясын
енгізу де нәтиже бере бастаған. Сонымен қатар, ішкі нарықты шикі мұнаймен
басты қамтушының бірі ретінде “АтМӨЗ”-дің тұрақты өнім өңдеу ырғағына дем
берген бұл компания 60 жылдан бері үздіксіз қара алтын өңдейтін байырғы
зауыттың 86,7% акциялар пакетін басқаруға алды. Ал мұның астарында өз
нарығымызды арзан мұнай өнімдерімен қамтуды жолға қою мақсаты жатыр. Ең
бастысы, бұл отандық мұнайшылар басқаруындағы зауытта өңделетін қара алтын
көлемінің артуына, сөйтіп, диқан қауымын арзан мұнай өнімімен қамтуға
бастар оң қадам. Осы айтқанымызды дерек тілімен өрнектер болсақ, былтыр
ішкі нарыққа 2944 мың тонна шикізат жеткізіліп, межеленген үде 22,7 пайызға
артты.
Қосшағыл кен орны ашылуының тарихына шолу жасасақ, ел аузындағы
аңызға бергісіз әңгіме желісі былайша өріледі: Бешім Қызылбасов деген қарт
1926 жылдың жаз айында көрші ауылдан келе жатып, шағылдар арасындағы қара
қоңырланған жерді байқайды. Атынан түсіп, зер сала қарағанда қою қара
майдың жиналып қалғанын байқаса керек. Осы өңірдегі шаруа адамының білімі
болмаса да елдегі болып жатқан оқиғаларға құлағын түріп жүретін, былайша
айтқанда, мұнай туралы, оны игеруге талпыныс жөнінде желдей ескен жағымды
жаңалықтардан үнемі хабардар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың
қатарындағы Бешім қарт жер бетіне шыққан майды торсығына құйып, дорбасына
салып алады. Қозыкөш жерден үйіне келген соң торсығындағы майды отқа жағып
көреді. Пышырлап алаулай жанған майды мұнай деп топшылаған Бешім қарт оны
шалғай болса да Доссордағы мұнай кәсіпшілігіне жеткізу үшін атына мініп,
желе жорта жөнеледі.
1911 жылдан бері Доссордың жоғары сапалы қара алтын селін тасытып жатқан
мұнай кәсіпшілігіндегілер торсығына мұнай, дорбасына майлы топырақ салып
әкелген ауыл ақсақалын жылыұшырай қарсы алады. Өйткені, ел ішіндегі мұндай
жершіл көнекөз қариялардың жаңа кен орындарының ашылуына септігі тиетіні
даусыз еді. Бешім қарт әкелген майлы топырақтан көз алмай, өз байламын
қапелімде айтуға асықпаған кәсіпшілік басшылары зерттеу жұмысын сол кездегі
жас геолог, кейіннен осы саланың білгір ғалымы атанған профессор Петр
Авровқа тапсырады. Меркі өңірінде кіндік қаны тамып, қазақтармен етене
болып ержеткен П. Авров геологтарын ертіп, Бешім қарт көрсеткен шағылдар
арасына әлденеше рет келеді. Әр келген сайын Бешім қартты қасынан тастамай,
жолбасшы етіп жұмысқа алады. Осы қарияның көмегімен Жылыой өңіріндегі кен
орындарының картасын жасаған дейтін дерек те шындыққа жанасатындай.
Торсығына май құйып алған Бешім қарт та, оның айтқанына иланып қана қоймай,
шағылдар арасына ілесіп келген П. Авров басқарған өзге геологтар да
зерттеу, бұрғылау жұмыстарына үлкен үмітпен кіріскен еді. Сол үміт 6 жылдан
кейін ақталып, 1932 жылғы 28 қарашада №6 ұңғымадан 450 метр тереңдіктен
алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Алғашқы ұңғыманың тәулігіне 250 тонна мұнай
бергені мұнай іздеушілерге жол көрсеткен Бешім қартты да, геологтарды да,
бәрінен бұрын сол өңірдегі дүйім жұртты алабөтен қуанышқа кенелтті.
Геологтар жаңа кен орнын таптық, ауыл адамдары мұнайдың қадірін көреміз деп
қуанған еді. Жергілікті халықтың үлкенді сыйлайтын дағдысын жақсы білетін
П. Авров өзіне жолбасшы болған қариядан мұнай шыққан жерге ат қоюын
өтінеді. Дала академигі атанған Бешім қарт шағылдар арасындағы мұнайлы
жерге “Қосшағыл” деген атаудың жөн екенін алға тартқанда, геологтар да осы
уәжге тоқтам жасапты. Осыдан кейін Бешім қарт пен геолог Петр Авров
Қосшағылға таяу 13 шақырым жерге көшіп келіп, татулығы жарасқан көрші,
жақсы жолдас болыпты. Алғашқы жылы Қосшағылда 18 ұңғымадан ғана мұнай
өндіріліп тұрды. Жыл ішінде 56 мың 431 тонна мұнай алу әрине, аз көрсеткіш
емес. Бір жылдан кейін мұнай берген ұңғымалар саны 110-ға жетіп, 234 мың
968 тоннаға дейін мұнай өндірілгені кәсіпшілікті игеруге белді бекем буған
қазақ-орыс мұнайшыларын қанаттандырды. Қосшағыл мұнай өндіру цехында 2001
жылы 4066 тонна қара алтын өндіріліпті. Былтырдан бері 4686 тонна мұнайдың
өндірілгені, алдыңғы жылғы көрсеткіштен біраз ілгерілеудің барын байқатады.
Биылғы табыс та аз емес, жеті ай ішінде 2705 тонна қара алтын қайнарын
тасытқан қосшағылдықтардың жыл соңында былтырғы өндірілген өнім межесінен
асудың мүмкін екені байқалып отыр. Бұған “ҚазМұнайГаз” Барлау. Өндіру”
акционерлік қоғамы құрылғаннан кейін өндірісті басқарудағы тың қадамдардың,
соны ізденістердің серпін бергенін мұнайшылар жасырмайды.
Былтырғы көктемде Атырау және Маңғыстау облыстарынан қара алтын өндіретін
отандық қос алып – “Ембімұнайгаз” бен “Өзенмұнайгаз”  кәсіпорындарының
бірігуімен “ҚазМұнайГаз” Барлау. Өндіру” акционерлік қоғамының  құрылуына
қос аймақтағы қара алтын өндірушілер  түсіністікпен қарады. “ҚазМұнайГаз”
Барлау Өндіру” компаниясын басқаруды қолға алған осы саланың қыр-сырына
қанық, тәжірибелі мұнайшы Жақып Марабаевтың айтуынша, қос алыптың
бірігуінің астарында бірнеше себеп бар. Біріншіден, іріленген отандық
кәсіпорынды шетелдік алпауыттармен бәсекелес болатындай деңгейге көтеру
міндеті тұрды. Бұл әлем компаниялары көз тігіп отырған кеніштердегі
инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін молайтады. Осы
орайда, Каспий теңізінен мұнай алу жобасына атсалысудың мүмкіндігі туатыны
анық. Әсіресе, ресейліктермен бірлесе игерілетін “Құрманғазы”
 кен орнынан мұнай алуға қатысу үшін осылай күш біріктіру қажеттігі
туындайды. Жалпы, Каспий теңізінен мұнай өндіруге салынатын инвестицияның
көлемі орасан. Мұнай қоры бар болуы мүмкін дейтін кен алаңдары да көп.
Осындай кен орнының бірі – Түпқарағанның бір өзінде 19 блогы бар.Екіншіден,
қос алыптың тізе қосуындағы негізгі мақсаттар орындалып келеді. Компанияны
ірілету нәтижесінде қаржы айналымын тиімді пайдаланып, өндіріске жаңа
техникалар мен технологиялар ендіру, күрделі жөндеу жұмыстарын жақсарту,
халықты әлеуметтік қолдаудағы бірізділікті жолға қою мәселелері шешімін
тауып отыр. Үшіншіден, мұнай және газ конденсатын өндіру межесі төмендеген
жоқ. Төртіншіден, мұнайшылар құрамында қысқарту болмайды деген болжамдар
растығына көз жетті. Өйткені, былтырдан бері жұмыстан қысқардық деп шағым
айтқан бір мұнайшы жоқ.
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ – ұлттық мұнай-газ саласында қазақстандықтардың
мүддесін қорғаушы. Ол мұнай-газ саласындағы жобалардан  елімізге барынша
көп пайда түсуіне ат салысады. Осы мақсатта біздің Компания мына үш бағытта
жұмыс жүргізеді: экономикалық мүддені көздейді, стратегиялық мүддені
қамтамасыз етеді және тиімділігі жоғары халықаралық сыныптағы мұнай-газ
компаниясын құрады.
         Экономикалық және стратегиялық мүддеге мына бағыттағы іс-әрекет
арқылы қол жеткізуге болады:
1. Ресурстық  базаны дамыту
2. Мұнай-газ саласының инфрақұрылымын дамыту
3. Мұнай өңдеуді және мұнай химиясын дамыту
4. Бизнес географиясын кеңейту
5. Көмірсутекті тасымалдау бағытын диверсификациялау
6. Көлемді жобалардағы қазақстандық үлесті көбейту.
         Біз халықаралық сатыдағы компания болу үшін менеджмент жүйесін
тұрақты түрде жетілдіріп отырамыз. Біздің халықаралық стандарттар талабына
сай екендігіміз халықаралық аудиторлардың сертификатымен дәлелденген.
Біздің еншілес компаниямыз еліміздің болашағына ақша салу мақсатында
халықаралық қор нарығына шықты.
2002 жылы 20 ақпанда Қазақойл ҰМК мен Мұнай және газ тасымалы ҰК базасы
негізінде ҚазМұнайГаз Ұлттық мұнай-газ компаниясын құру жөнінде 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. Компания
көмірсутегі өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарлы орынға ие,
магистральды құбыр жол арқылы мұнай тасымалдаудың 80 пайызын, газ
тасымалдаудың 100 пайызын, мұнай өңдеудің 50 пайызын қамтамасыз етіп отыр.
2006 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 9,5 млн. тоннаны құрап, 2002
жылмен салыстырғанда көмірсутегі өндіру 29 пайызға өсті.
2004 жылдан бастап ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының бюджетке беретін
төлемінің өсім қарқыны әлемдік мұнай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚазМұнайГаз
Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
Жарнаманың тарату құралдары
ҚР қызмет жасайтын нақты бір компанияның халықаралық орта факторларын талдау. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ
ҚазМұнайГаз еліміздің ең ірі Мұнай-газ компаниясы
Акционерлік қоғамдар
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының түсінігі
Аралық қаржылық есептілік
Пәндер