Автосалон жұмысының деректер қорын жобалау


Aннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы «Автосалон жұмысының деректер қорын жобалау». Курстық жұмыс объектке бағытталған бағдарламалау ортасында автосалон қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орнын құру мәселесіне арналған.

Курстық жұмыс қазақ тілінде жазылған. Жалпы көлемі - бет. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны

Нормативті сілтемелер. . . 5

Анықтамалар. . . 6

Белгілеулер мен қысқартулар. . . . 7

Кіріспе. . 8

1 Аналитикалық бөлім. . 11

1. 1 Автосалон жұмысының деректер қорын құру. ………11

1. 2 Database Desktop утилитасы. Кесте құру. 12

2 Жобалық бөлім . ………. 15

2. 1Автосалон жұмысының деректер қорын құру. 15

2. 2 Мәлiметтер қорында кестенi жарату және толтыру. . ………15

2. 3 Мәліметтер қорында сұраныс жарату. . 21

2. 4. Мәлiметтер қорында есеп жарату23

2. 5 Кестелерді Delphi объектiлi программалау тiлiнде

байланыстыру жолдары. . . . . 24

2. 6 Delphi объектілі бағдарлы программасының "Автосалон ақпаратты

жүйесін құру" проектісін жаратудағы компоненттері 28

Қорытынды . ……. . 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі37

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:

СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;

СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;

МЕСТ UCO 8790 - 95 - «Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары»;

МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

Индекстер -кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын механизм болып табылады

Image - элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.

DataSource - деректердің басы

Table - ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы

Query - SQL - сұранысқа негізделген деректер жинағы

StoredProc - серверде сақталатын процедураны шақыру

DataBase - ДБ қосылу

Session - ДБ жұмысының ағымды сеансы

BatchMove - топ жазбалармен операцияларды орындау

Update - деректер жиынтығын модификациялау

NestedTable - қойылған кесте

DCOMConnection - көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу

SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу

RvDataSetConnection - мәліметтермен байланыстырады

RvTableConnection - Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады

TRvQueryConnection - Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады

RvRenderPreview-RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда мүмкіндік береді

RvRenderPrinter-RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа құрылғысына жібереді

Белгілеулер мен қысқартулар

КАЖ- Компьютерлік ақпараттық жүйесі

ЭАЖ-электронды ақпараттық жүйе

КМҚ- Компьютерлiк мәліметтер қоры

КФҚ - Компьютерлiк файлдар қоры

КО- Компьютерлiк орталық

САЖ- Салық ақпараттық жүйесі

Кiрiспе

Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден білетініміздей уақытылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады.

Курстық жұмысымның тақырыбы: "Автосалон жұмысының деректер қорын құру" . Мәлiметтер қорын Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасында жасалыну себебi, өйткенi Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа мәлiметтер қорымен жақсы байланысатын болуы.

Мәліметтер қоры дегеніміз - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.

Мәліметтер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды.

Жоғарыда көрсетiлген жұмыс салаларының бiрi ретiнде Автосалон мекемесінің жұмысын алуға болады. Автосалон мекемесінің негiзгi жұмыстарының бiрi ретiнде машинаны сату, жеткізу, реттеу, жөндеу және т. б. жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды Delphi объектiлi программалау ортасында мәлiметтер қоры ретiнде жасау барысында жұмыс жағдайын жеңiлдетудi қарастырдым.

Осы программаны жасаудағы негiзгi мақсат Автосалон мекемесінің жұмысында кездесетiн жұмыстарды жеңiлдету, тез орындау және уақытты үнемдеу болып табылады.

Программа негiзiнен екi бөлiктен тұрады:

1. Borland Delphi объектiлi бағдарлы программасы;

2. Paradox мәлiметтер қоры программасы;

Осы мәлiметтер қорын жасау программасының барысында Delphi мен Paradox программалау орталары өзара байланыстырылып жұмыс атқарады.

Мұндағы Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасын қолдану себебiм, өйткенi ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар. Мұнда көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Дәстүрлі Паскаль программалау тілі оқып-үйренуге жеңіл және MS-DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Delphi-ді Windows ортасында пайдаланатындықтан программаны көбінесе қосымша деп атайды) .

Берiлгендер қорын басқару жүйесi (БҚБЖ) - Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi Paradox тiлi болып табылады.

Paradox программасының таңдалу себебi, ол Delphi ортасымен өте жақсы байланысатын және де Windows элементтерi сияқты терезе түрiнде ашылуы болып табылады. Paradox Database Desktop утилитасының құрамындағы ең қолайлы, көп тараған программа.

Windows операциялық жүйесiнiң элементтерiмен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуiне қиындық жоқ десе де болады. Өйткенi, Paradox программасымен жұмыс iстеу принциптерi Windows жүйесiне негiзделген, Яғни оның объектiлерi терезе түрiнде ашылады.

Қарастырылған мәлiметтер қорында Paradox программасында кестелердi жаратып және оны сақтау үшiн, ал Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасы осыларды, яғни жаратылған кестелердi басқару үшiн қолданылған.

Бұл программадағы негiзгi жұмыстар машиналарды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады. Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра аламыз.

Сұраныс дегенiмiз - мәлiметтер қорынан өзiмiзге керектi информацияны бiр немесе бiрнеше кестелерден алуға мүмкiндiк беру болып табылады.

Осы программада сұранысты жаратуда SQL тiлiн пайдаланамыз. SQL - бұл Structured Query Language, яғни "Сұраныстар тiлiнiң құрылымы" деп аталады. Сұраныс жаратуда Select (iрiктеу), Insert (кiрiстiру), Update (өзгерту), Delete (жою) операторларын қолданамыз. Өзiмiзге керектi нәрсенi табу, яғни мәлiметтi iздеу үшiн Find, Locate процедураларын пайдаланамыз. Егер кестеге сандық өрiстер енгiзiлген болса, SQL тiлiнде олардың қосындысын (sum), ең үлкен мәнiн (max), ең кiшi мәнiн (min), орта мәндерiн (avg), және бiр өрiске енгiзiлген барлық мәндер санын (count) есептеп шығаруға болады. Ол үшiн Delphi-дiң арнайы агрегаттық функциялар деп аталатын функциялары бар.

Мұнда кестелердi немесе шартымызды қанағаттандырған сұранысты принтерде форматты түрде басып шығару жолы да қарастырылған. Мұндай файлды басу үшiн форматты түрде дайындалған қағаз парағының не парақтарының түрiн есеп деп атайды.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Берілгендер қоры. БҚБЖ жөнінде

Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т. б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, автосалон жұмысын автоматтандыруға дайындалатын мәліметтер:

- автосалондағы машиналар жөніндегі мәліметтік тізімдер;

- машиналар түрлері жөнінде мәліметтік тізімдер;

- ұсынушылар жөнінде мәліметтік тізімдер;

- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдың тізімі (тегі, аты-жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т. б. ) ;

Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі - оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры (БҚ) - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер - күрделі жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда БҚ кестесі берілгендер файлы ретінде құрылып, онымен жұмыс істеу үшін программаға арнайы процедуралар мен функциялар енгізілетін[1] . Соңғы кездерде кестелерден тұратын БҚ құрып, оларды өңдейтін көптеген программалар жүйесі дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері (БҚЖБ) деп атайды. Белгілі БҚЖБ-лер:

Dbase, FoxBase, FoxPro, Paradox, Access, т. б.

Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBase-тің түрлі варианттары, FoxPro, Paradox, т. б. жүйелер MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін және программалауды да қажет ететін. Шағын бизнесті кішігірім мекемелерде программалаудың көп қиындық тұғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары программалауды қажет ете бермейтін Microsoft Office (Windows) кірістірілген Access сияқты жан-жақты мүмкіндікті БҚБЖ-лері жарық көрді. Access-тің бірнеше нұсқалары бар, олардың ішінде соңғы жылдары шыққандары: Access-97, Access 2000 (access - кіру, еркін ену) . Бұлар - жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.

Кесте жөнінде. Кестеде берілгендер адресі жолдар мен бағандар қиылы арқылы анықталады. Бағанды өріс деп, жолды жазу деп те атайды.

БҚ кестесінің өрістер құрылымы жөнінде ескеретін ерекшеліктер:

  • өріс атауларыбірегей(қайталанбайтын) болуы тиыс. Атау үшін әріптерден басталатын цифрлар тізбегін алуға болады;
  • әр өріске бір типті ғана берілгендерді (мәліметтерді) енгізу мүмкін (Excel-де бұл міндетті емес болатын) . Типтер мәтіндік, сандық, логикалық, ақшалық, дата/уақыт, т. б. болып, бірнеше түрге бөлінеді;
  • жазуда кейбір өрістер толтырылмауы мүмкін, бірақ олардың жазуда қатысуы міндетті;
  • Delphi-ді берілгендер қоры элементтерін (кесте, сұраныс) құруға пайдалануға болады. Бұл дипломдық жұмыста БҚ-мен жұмыс істеудің кейбір мүмкіндіктері қарастырылған.

1. 2 Database Desktop утилитасы. Кесте құру

БҚ кестесі Delphi құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша программасы ( утилитасы ) арқылы құрылады:

  1. Tools - Database Desktop (Сенвис - БҚ жұмыс столы қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді (1 - сурет) .

Сурет 1. Database Desktop қосымша программасының негізгі терезесі

  1. Терезеден File-New-Table (Файл-Жаңа-Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматын таңдау (ParadoxнеdBase) . Алғашқы ретParadox7форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді.

Сурет 2. Өрісті сипаттау терезесі

  1. Paradox7форматымен келісіп, ОК түймесін шерту (онда пайдалануға болатын өріс типтері жеткілікті) . Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің нөмірі жазылып қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді (2 - сурет) .
  2. Екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (Filename), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс символдық типті болса ғана енгіледі) . Өрісті кілттік ету қажет болса, оның бесінші бағанда (Key) көрсетілуі тиіс. Ол “*” символы арқылы белгілінеді (жалпы, кілт Delphi-де және MS Access сияқты арнайы БҚБЖ - лерінде кеңінен пайдаланылады) .

Database Desktop арқылы Аты-жөні, туған жылы, ұлты (Fam, Tjili, Ulti) құрылымды төмендегі кестені (1-кесте) құру үшін алдымен өріс атауын сипаттау терезесін 3-суреттегі сияқты толтыру керек. Өріс атауларын қазақ алфавиті шрифттерімен теруге болады, бірақ олар формада дұрыс көріне берілмейді.

Кесте 1

Студент туралы мәлімет

:
Аты-жөні(Fam): Аты-жөні (Fam)
Туған жылы(Tjili): Туған жылы (Tjili)
Ұлты(Ulti): Ұлты (Ulti)
:
Аты-жөні(Fam): Мәдіходжаев Султан
Туған жылы(Tjili): 1984
Ұлты(Ulti): Қаз
:
Аты-жөні(Fam): Оралханова Мәлика
Туған жылы(Tjili): 1981
Ұлты(Ulti): Қаз
:
Аты-жөні(Fam): Қамардинұлы Ержан
Туған жылы(Tjili): 1980
Ұлты(Ulti): Қаз
:
Аты-жөні(Fam): Нұрланқызы Маржан
Туған жылы(Tjili): 1985
Ұлты(Ulti): Қаз

Сурет 3. Өрістер сипатталған Терезе

Кесте 2

Өрістерді сипаттау

Тип: Тип
Белгілеме: Белгілеме
Мән: Мән
Тип: Alpha
Белгілеме: A
Мән: Символдық жол. Ұзындығы [1. . 255] аралығында
Тип: Number
Белгілеме: N
Мән: Мәні [10 -308 ; 10 -308 ] аралығында алынатын 15 мәнді цифрлық нақты сан
Тип: Short
Белгілеме: S
Мән: Мәні [-32767. . 32767] аралығында алынатын бүтін сан
Тип: Long Integer
Белгілеме: I
Мән: Мәні [-2147483647. . 2147483647] аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан
Тип: Memo
Белгілеме: M
Мән: Alpha-нің мәндер аралығынан үлкен болатын (>=255 байттық) символдық жол.
Тип: Money
Белгілеме: $
Мән: Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан
Тип: Date
Белгілеме: D
Мән: Дата
Тип: Logical
Белгілеме: L
Мән: Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан
Тип: Autoincrement
Белгілеме: +
Мән: Кестеге жол қосылған сайын мәні 1-ге өсіп отыратын бүтін сан

Өріс атауының ортасына нүкте (. ) символы енгізілмегені жөн. Өрістерді сипаттау не дайындау терезесінің бірінші бағанында автоматты түрде атаулардың реттік нөмірлері көрсетулі тұрады. Оларға көңіл бөлмеу керек. Кезекті өріске мән енгізілген соң КҚ не сәйкес курсорды басқару клавишінің басылуы тиіс. Курсор келесі өріске орналастырылып қойылады.

Үшінші бағанға өріс типінің ( Type ) енгізілуі тиіс. Ол үшін курсор бағанда орналасқан соң Бос орын клавишін басу керек. Таңдалған Paradox форматында пайдаланылатын тип атаулары тізімі көрінеді. (2 - кесте) . Тізімнен қажетті тип таңдалуы тиіс. Оның бір әріптен тұратын қысқашада белгілемесі курсор орналасқан орынға енгізіліп қойылады. Мысалы, Fam өрісі - символдық типті, таңдалатын тип - Alpha. Ол таңдалған кезде өріске тип белгілемесі (A) енгізіліп қойылады.

2 Жобалау бөлімі

2. 1 Көлік пен оның иесі туралы мәліметті алу үшін деректер қорын құру

"Көлік пен оның иесі туралы мәліметті алу үшін деректер қорын құру " Borland Delphi объектілі бағдарлы программалау ортасында жасалыну барысында төмендегідей жұмыстарды ретімен орындаймыз. Оларға: машиналарды сату, жеткізу, қосу, реттеу, жөндеу т. б. жұмыстар жатады. Бұл жұмыс барысында Автосалон мекемесінің негізгі жұмыстары жайлы, яғни машина туралы нақты деректемелер, оларды сату, өңдеу, енгізу, реттеу туралы қарастырылады.

Бұл жұмысты орындау барысындағы негізгі мақсат болып Автосалон мекемесінің жұмыстарын жеңілдету, керекті информацияны тез және нақты, анық түрде алу, яғни сұранушының талабын тез арада іздеп қанағаттандыру болып табылады.

2. 2 Мәлiметтер қорында кестенi жарату және толтыру

Мәлiметтер қоры кестесi Delphi құрамына енгiзiлген Database Desktop (Мәлiметтер қоры жұмыс столы) қосымша программасы арқылы орындалады (құралады) . Олар төмендегi амалдар арқылы iске асырылады:

1. Tools - Database Desktop (Сервис - Мәлiметтер қоры жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрiнедi.

2. Терезеден File - New - Table (Файл - Жаңа - Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесi шығады. Онда ашылатын тiзiмнен қажеттi кесте форматында Paradox таңдалып қойылған. Алғашқы рет Paradox_7 форматы iске қосылып, терезе өрiсiнде осы атау көрiнедi.

3. Paradox_7 форматын таңдап, Ok түймесiн шерту керек (Онда пайдалануға болатынын басқа да өрiс типтерi жеткiлiктi) . Бiрiншi бағанында автоматты түрде өрiстiң нөмiрi жазылып қойылған кесте өрiсi атауын сипаттау терезесi көрiнедi.

  1. Екiншi бағаннан бастап өз ретiмен (FieldName) - өрiске берiлетiн атауды, (Type) - өрiс типiн, (Size) - өрiс өлшемiн енгiзудi (өлшем өрiс символдық типтi болса ғана енгiзiледi) орындау керек. Өрiстi кiлттiк ету қажет болса, онда бесiншi бағанда (Key) - өрiсiн пайдалануға болады. Ол "*" символы арқылы белгiленедi. (Жалпы кiлт Borland Delphi-де және MS Access сияқты басқа да арнайы Мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнде кеңiнен пайдаланылады) .

Database Desktop арқылы Автосалон мекемесінің жұмысына керектi мәлiметтер, яғни автомобильдер туралы мәлiметтердi толтырамыз, Яғни Маркасы, Түсi, Нөмiрi, Сериясы, Шыққан жылы, Мотор номерi, Көлiк иесiнiң аты-жөнi, Мекен-жайы, Телефоны, Көлiк құжаты (N, Markasi, Tusy, Nomeri, Seriasi, Shikkan jili, Motor nomeri, Kolik iesinin aty-joni, Meken jayi, Telefoni, Kolik kuzhati) құрып және осы кестенi құру үшiн алдымен өрiс атауын сипаттап терезесiн толтыру керек. Өрiс атауларын қазақ алфавитi шрифтерiмен теруге болады, бiрақ олар формада дұрыс көрiне бермейдi.

1) Өрiс атауының ортасында нүкте (. ) символы енгiзiлгенi жөн;

2) Өрiстердi сипаттау немесе дайындау терезесiнiң бiрiншi бағанында автоматты түрде атаулардың реттiк нөмiрлерi көрсетулi тұрады. Оларға көңiл бөлмеу керек. Кезектi өрiске мән енгiзiлгеннен соң КҚ не сәйкес курсорды басқару пернесiнiң төменге бағытталғанын басуы жеткiлiктi. Сонда курсор келесi өрiске орналастырылып қойылады.

3) Үшiншi бағанға өрiс типiнiң (Type) бiрi енгiзiлуi тиiс. Ол үшiн курсор бағанда орналасқаннан соң Бос орын пернесiн басу керек. Сонда төменде мына өрiс типтерi көрiнедi:

Кесте 3

Өрістер мәні

Тип
Белгісі
Мән
Тип: Alpha
Белгісі: A
Мән: Символдық жол. Ұзындығы [1. . 255] аралығында
Тип: Number
Белгісі: N
Мән: Мәні [10 -308 10 308 ] аралығында алынатын 15 мәндік цифрлық нақты сан
Тип: Short
Белгісі: S
Мән: Мәні [-32767. . 32767] аралығында алынатын бүтін сан
Тип: Long Integer
Белгісі: I
Мән: Мәні [-2147483647. . 2147483647 аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан
Тип: Memo
Белгісі: M
Мән: Alpha-ның мәндер аралығынан үлкен болатын (>=255 байттық) символдық жол
Тип: Money
Белгісі: $
Мән: Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан
Тип: Date
Белгісі: D
Мән: Дата
Тип: Logical
Белгісі: L
Мән: Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан
Тип: Autoincrement
Белгісі: +
Мән: Кестеге жол қосылған сайын мәні бірге өсіп отыратын бүтін сан

4) Өрiстер типiн таңдап болғаннан соң курсор келесi төртiншi бағанға өтедi. Онда өрiс өлшемiн (Size) ендiремiз.

5) Жалпы барлық өрiстер сипатталып болғаннан соң сол терезенiң төменгi жағында орналасқан Save As. . түймесiн шерту керек. Құрылатын кесте атауы сұралатын Save Table As. . терезесi көрiнедi.

6) Терезеде кесте атаулары сақталатын iшкi бума (мысалы, My Databases Documents) құру және оны ашу (егер iшкi бума бұрын құрылған болса, сол буманы ашу жеткiлiктi) . Файл атауы өрiсiне кесте атын енгiзу (мысалы Auto1. db) және каталог алиасы үшiн терезеде көрiнген Work: атауын қалдырып, Сақтау (Сохранить) түймесiн шерту. Кесте құрылымы Auto1. db атауы бойынша My Databases Documents бумасында сақталып қойылады.

7) Терезенi жабу керек.

Осылай өрiстер сипатталып болғаннан соң кестенi құру қиын емес. Ол үшiн:

1. Database Desktop терезесiнiң мәзiрiнен File - Open - Table (Файл - Ашу - Кесте) командасын беру. Open Table терезесi көрiнедi. Осы терезеден My Databases Documents iшкi бумасын ашып және каталог алиасы үшiн жүйелi дайындалған Work: атауын қалдырып, бума iшiндегi қажеттi өрiс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Auto1. db) таңдап, одан әрi Ашу (Открыть) түймесiн шерту керек. Өрiстер енгiзiлген терезе ашылады.

2. Кестенi толтыруға, Мәлiметтердi редакциялауға мүмкiндiк беретiн Table - Edit Data (Кесте - Мәлiметтердi редакциялау) командасын беру (аспаптар панелiнiң аттас пернесiн басуға да болады) . Auto1. db атауының астына 1 саны жазылып, (+) өрiсiне курсор орналастырылып қойылады.

3. Сонан соң жалпы барлық өрiстердi толтыру керек.

4. Соңынан терезенi жабу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Toyota» автосалон деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Деректер базасын жасау
MS Access программасын оқып үйрену және оны қолдану
Компьютерлік техниканың даму сатысы
Мәліметтер қорын басқару жүйесі бойынша дәрістер
Мадияр-Құрылыс ЖШС компаниясы - Диплом алды практика
Автосалон туралы мәліметтер
«Саяхат» туристік компания қызметінің деректер қорын жобалау
Информатика - Пәнді оқыту
Мәліметтер базасы обьектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz