Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау


Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы: Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау. Бұл курстық жұмыстың көлемі 43-бет, 8- кесте, 18- бағдарламалық сурет және 5- бағдарламалық беттен тұрады. Жұмыста Delphi 7 бағдарламалау жүйесінің барлық мүмкіншіліктері қарастырылған. Бұл курстық жұмыс М. Ауезов атындағы ОҚМУ университетінде, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында «Ақпараттық жүйедегі деректер қорын жобалау» пәні бойынша жазылған. Курсттық жұмыс мемлекеттік тілде толтырылған.

Мазмұны

Нормативті сілтемелер . . . 5

Анықтамалар . . . 6

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 7

Кіріспе . . . 8

1 Аналитикалық бөлім . . . 9

1. 1 Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау туралы түсінік және олардың қолданылуы . . . 9

1. 2 Ұсақ көтерме кітап дүкенінің міндеттері . . . 10

1. 3 Кітап дүкенінің халыққа қызмет көрсетуі . . . 11

1. 4 Ұсақ көтерме кітап дүкенінің мақсаты . . . 12

2 Жобалық бөлім . . . 14

2. 1Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау … . . . 14

2. 2 Delphi- де жұмыс істеу . . . 15

2. 3 Ақпараттық жабдықтау . . . 19

2. 3. 1 Енуші ақпарат сипаттамасы . . . 20

2. 4 Аппараттық жабдықтау . . . 21

2. 4. 1 Ақпараттық жүйелерді технологиялық жабдықтау . . . 22

2. 5 Есеп кешенін бағдарламалық жабдықтау . . . 24

2. 6Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу . . . 29

2. 6. 1 Пайдаланушы интерфейсін ұйымдастыру . . . 29

2. 6. 2 Бағдарламалық модульдерді сипаттау . . . 32

2. 6. 3 Пайдаланушыға нұсқау . . . 35

Қорытынды . . . 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41

Қосымша . . . 42

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:

СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;

СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;

МЕСТ UCO 8790 - 95 - «Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары»;

МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

Индекстер -кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын механизм болып табылады

Image - элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.

DataSource - деректердің басы

Table - ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы

Query - SQL - сұранысқа негізделген деректер жинағы

StoredProc - серверде сақталатын процедураны шақыру

DataBase - ДБ қосылу

Session - ДБ жұмысының ағымды сеансы

BatchMove - топ жазбалармен операцияларды орындау

Update - деректер жиынтығын модификациялау

NestedTable - қойылған кесте

DCOMConnection - көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу

SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу

RvDataSetConnection - мәліметтермен байланыстырады

RvTableConnection - Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады

TRvQueryConnection - Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады

RvRenderPreview-RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда мүмкіндік береді

RvRenderPrinter-RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа құрылғысына жібереді

Белгілеулер мен қысқартулар

ДҚБЖ-Деректер қорының басқару жүйесі.

ДҚ-Деректер қоры

АЖ -Ақпараттық жүйе

БЖ - бағдарламалық жабдықтама

ҚР - Қазақстан Республикасы

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны

АҚ-акционерлік қоғам

ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік

МБ-мәліметтер базасы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің жұмыс істеу бөлімімен танысу және олардың қызметтерімен танысып оны дельфи ортасында орындау.

Жұмыстың мақсаты. Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметтерінің даму тенденцияларын талдау. Кітап дүкені қызметтерін зерттеу факторларын келтіру.

Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.

Жұмыстың міндеті. Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат.

Жұмыстың жаңалығы. Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді. Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе - қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі.

Ол - мекеменің керекті бағытта жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыратын орта, яғни мекеменің бір бүтін қалыптасып және оның бір мақсатқа бағытталған жұмысын қамтамасыз етіп отыратын біріккен компоненттер жиынтығы. Бұл анықтама бойынша, ақпараттық жүйелер тиімділігі, мекеменің стратегиялық мақсаттағы жетістігі арқылы бағалануы мүмкін.


1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау туралы түсінік және олардың қолданылуы

Ұсақ көтерме кітап дүкені мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады.

XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі - кітапханада және де ұсақ көтерме кітап дүкені екені баршамызға анық.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды ұсақ көтерме кітап дүкенінің алар орны ерекше.

Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.

Ұсақ көтерме кітап дүкендерінде жүйелі түрде ғылыми - практикалық конференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістерін жарнамалау.

Жарнама біздің елімізге нарықтық экономикалық қатынастар мен бірге келіп кірді. Алайда жарнамаға өнер ен мәдениет саласында оның ішінде кітапханада ғылым туындысы емес, насихат құралы ретінде қарау пост кеңестік кеңістікте, соның ішінде республикамызда әлі де басым болып отыр.

Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы - несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақты дамып келеді.

Қазіргі таңда кітапханаларда жарнаманы кеңінен падалана алмайтындағы және арнайы бөлімінің жұмыс жасамайтындығы бізді қатты қынжылтады. Міне, мен сондықтанда осы тақырыпты таңдап кітапханалық жарнаманың кітапханада, оның орны ерекше екендігін атап өтіп, оны кітапханашылар мен студенттер арасында кеңінен насихаттау. Бұл дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының кітапханалық жарнамасының мәселелерін шешудің жолдарын, жарнама жасаудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, жарнаманың кітапханада кеңінен қолдану ерекшеліктерін атап көрсетіп, терең талдау жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздім.

Сонымен проблеманың көкейтестілігі қазіргі кезеңдегі кітапхана ісін одан әрі дамыту және осы кезеңдердегі қағидаларды басшылыққа ала лотырып, кітапхана ісін жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы тауқыметті шешудің негізгі тұтқасы кітапхана ісін жаңа технологиялық әдістермен ұдайы жетілдіріп отыру, ақпарат көздерін қоғамда пайдалануға ықпалын тигізіп, оқырмандардың сұраныс талаптарына жаңаша түрде қызмет көрсетуін жарнамалау арқылы тұтынушыларды оқуға баулу.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, деректі көздері мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері бойынша тұжырымдамалар жасалынып, проблема бойынша келешекте орындалатын зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

1. 2 Ұсақ көтерме кітап дүкенінің міндеттері

Ұсақ көтерме кітап дүкеніне деген қоғамның кейбір бөліктерінің (ең алдымен жастардың) сұранысы артып отырғанына қарамастан, халықтың негізгі тобы, тек қана дені сау азаматтар емес, сонымен бірге мүгедектер де, кәсіпкерлер мен корпорациялар да белсенді түрде кітапхана тапсырысшысы болатындай етіп жұмыс істеу керек екендігі айқын. Бұл бағытта белгілі бір жетістіктерге жету үшін кітапханалық қызмет көрсету бағытьш пайдаланушылардың жекелеген топтарының іс жүзіндегі сұраныстарын қанағаттаңдыруға бет бұру қажет.

Компьютер орталығы 68 терминалмен жарақталған. Олардың кейбірі көзі көрмейтін немесе басқадай мүгедек жандарға арналған. Конгресс Кітапханасы құқықтық ақпараттың бүкіләлемдік желісін жасаған (Global Information Network-GLIN) . Оған кооперативтік негізде барлық кітапханалар шақырылады. Қатысушы елдерде үлттық жұмыс станциясы құрылады.

Негізгі мақсаты - кітапты насихаттау және кітап оқуды дамытуға көмектесу.

Кітапханалық маркетинг-пайдаланушыға бағытталған басқару философиясы, сонымен қатар, кітапхана қызметтері нәтижелерін сыртқы әлеммен алмасу қатынасын реттеу тәсілдері болып табылады. Кітапхана ұсыныстары (өнімдері, қызметтері) кітапханалық акцияларды қолдау, кітапхананың қазіргі және жаңа имиджін (келбетін) нығайту мақсатыңда ақысыз алмастырады.

Кітап дүкендері тәжірибесінде ақпараттық жұмысты жергілікті радио хабар «Іскерліктің ақпараттық мәдениеті», радиожурнал, радиостанция толқындарында шолулар, жаңалықтар бағдарламасында кітапхана қызметі туралы белсенді радиосюжет, пікірталастар өткізіп, видео-жарнама (теле, кино, видео, слайд, т. б. жарнама формалары) роликтер (10 сек-, 60 сек. ) кітапхана туралы жарнамалық фильм, видеоэкспресс хабар (кітапхана өмірінен ерекше жаңалық) слайд-фильмдер, теледидар арқылы хабарландыру, интервью жүргізеді. Жергілікті телеканал ай сайын керекті және қызықты кітаптар, жазушылар, әдеби оқиғалар туралы хабарлар жүргізіп жарнамалайды.

Ұсақ көтерме кітап дүкенінің жарнамасын алғаш жүргізген ғылыми-техникалық кітапханалар өз фирмалық белгісін жасап, оны ҚР Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігіне бекіттірді, «Ақпаратты білетіндер ғана табысқа жетеді» деген фирмалық ұран пайдаланылады.

Ұсақ көтерме кітап дүкендер шетелдік қоғамдық ұйымдармен байланыс «паблик рилейшнз» ғана қолданбайды, сонымен бірге жергілікті экономикалық, мәдени, діни ерекшеліктерді де ескереді. Облыстық, аудандық газетте өз рубрикасы бар. Онда шағын әдебиет шолуы, жаңа кітаптар туралы библиографиялық ақпарат, т. б. материалдар (кітапхана өмірі туралы очерктер, облыс мамандарына арналған республикалық әдебиеттер көрмесінен репортаждар, директормен интервью), тегін жарнамалық хабарландырулар, шақырулар шығады.

Модельді кітап дүкені мәртебесін, имиджін (келбетін) құрастыру бірнеше бағыттан тұрады:

- кітап дүкені және оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат;

- кітап дүкені, оның құрамы мен құрылымы туралы ақпарат;

- кітап дүкені қызмет түрлері және оның интеллектуалдық өнімдері туралы ақпарат, компьютер мен көбейткіш техниканың көмегімен көркейтуге ішкі және сыртқы қажеттіліктерге баспа өнімдері (фирмалық бланкілер, буклеттер, пайдаланушы билеттері, фирмалық конверттер, визиткалар, т. б. басылым өнімдері) кітапхана қызметі нарығындағы бәсекелестікте жеңіп шығуға кемектеседі.

Кітап дүкені витриналарын талғаммен және ақпараттық жарнамалық материалдарға толы етіп өңдеген кітапханада бейдж тағу тәртібін енгізу, пайдаланушылардың талабын зор ықыласпен орындап ақпарат беріп қана қоймайды, жұмысқа құлшыныс туғызатын жайлы көңіл-күй қалыптастырады. Ең жақсы жарнама - ықыласпен тыңдайтын, жинақы көмек көрсете алатын кітапханашы.

Қандай да бір нәрсенің жаңашылдығын түсіну үшін оған ұқсас нәрселерді өткен уақыттан тауып, салыстыру қажет. «Жарнамалау» мен «ақпарат беру» деген ұғымдардың біздің қоғам мүшелерінің түсінігінде синоним болғанына кең уақыт өте қойған жоқ. Бұл екі жағдайда пайдаланушыларға белгілі бір мәліметтер беріледі.

Адам белгілі бір тауарды жеткілікті мөлшерде немесе артығымен шығара бастаған соң-ақ, айырбас үрдісі басталады. Айырбастау үшін нарық қажет. Нарық дегеніміз ең әуелі тұтынушы табу деген сөз. Міне, осылайша маркетинг, жарнама да қажет болады.

1. 3 Кітап дүкенінің халыққа қызмет көрсетуі

Көптеген кітап дүкендері қызмет көрсету аясын кеңейте баспа, білім беру қызметтеріне лицензия алады. Онсыз бірде-бір бұқаралық ақпарат құралдары жарнамалық агенттіктері жарнаманы орналастыруға тапсырыс қабылдай алмайды. Жарнама жарнама ретінде танылуы тиіс, мысалы, кітапханаға экономика, бизнес туралы түскен ақпарат үшін жарнама таратушылар жарияланымға төлем талап ете алмайды.

Ал бұл үшін пайдаланушыларға не маңызды, анық қызығушылығын не нәрсе және қалай тудырады, осы мәселелерді білу қажет. Жарнама маркетингтік байланыстың ең бір көзге түсер белігі ретінде кітапханалық қызмет көрсетуде кітапханашыға маңызды боп көрінбесе де, пайдаланушыға қажетті қызметтер мен олардың формаларын біріиші кезекке қоюға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге кітап дүкендерінің дизайны, сыртқы және ішкі көркемдеу, тіл мәдениетін баулитын жарнамалық хабарландырулардың стилистикасы - осының бәрі эстетикалық әсерді күшейте түседі. Үйреншікті істі көрмені көркемдеу, интерьер элементі ретінде балалар суретін пайдалану, оқу залын жаңадан жоспарлауды жарнама әрлендіріп, әсірелеп жібере алады. Сондықтан жарнаманы кейде заманымыздың жетістіктерін көрсетіп, кемшіліктерін жасыратын макияжбен салыстырады.

1. 4 Ұсақ көтерме кітап дүкенінің мақсаты

Кітапхананың жарнамалық қызметінің мақсатын өркениетті елдерде қабылданған нарықтық талаптарға негізделген. Кітапхана коммерциялық емес ұйым ретінде әлеуметтік жарнамамен айналысатын жарнаманы жасап, тарату, орналастыруда және пайдалану үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуде, занды және этикалық талаптарды сақтамаған жағдайда козсіз тәуекелдікке барады.

Мысалы, кітап дүкеніне келушілерге электронды тасымалдағыштардағы ақпаратты пайдалану оңай, тек сауатсыз адамдар ғана онымен ізденіс жасай алмайды деп жарнамалық хабарландыруда көрсетсе, осы жарнамалық қызметпен пайдаланбайтын адамдарды сенімсіздендіреді, болмаса ғылыми-көпшілік кітапханалар жоғары оқу орындарының студенттерін өзіне тарту үшін оқу орыңдарының кітапханаларында кітап аз деп хабарлайды, озгеге нұқсан келтіреді. Сондықтан анықталмаған жарнама өзекті мәселе.

Қорыта айтқанда, кітап дүкенін пайдаланушылардың барлық топтарының қызығушылықтарын ескеруі қажет: жұмыссыздар, зейнеткерлер, оқушылар - бірінші жағынан, коммерциялық топ өкіддері - екінші жағынан; қызмет көрсету бірдей, ал төлем ақы әртүрлі болуы тиіс.

Кітапхана жарнамасына қойылатын негізгі талаптар:

- шын мәніндегі және ықтимал пайдаланушыларды көп тарату;

- жарнаманың олардың қажеттіліктеріне сай келуі, сенімділігі, қайта жаңарып отыруы;

- қысқа, нұсқа болуы, жылдамдығы, толықтығы (дәйектілігі) ;

- жарнама хабарының есте тез сақталуы, көркемдігі, анықтығы;

- ұсынылатын қызмет деңгейінің жарнамаға сәйкестігі;

- мазмұны мен түрінің нарық қажеттіліктеріне жетелеген пайдаланушылар топтарына сай келуі.

Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері мен логотиптер түпнұсқа тілінде немесе басқа тілде жазылуы мүмкін.

Заңды білу қателіктерден құтқармайды, бірақ олардың санын азайтады. Жарнаманы құрастыруда дәйектерді қысқа, нұсқа «елең еткізерліктей» салауатты сенімді басшылыққа алу қажет.

2 Жобалық бөлім

2. 1 Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау

Құрастырылатын ақпараттық жүйе пайдалану барысында қарапайым, қолда бар техникалық және ақпараттық қамтамаға үйлесімді, қосымша модульдер мен кітапханаларды қосуды қажет етпеуі керек. Құрастыру барысында басты назарды жүйенің интерфейсіне аудару қажет - ол әртүрлі деңгейдегі квалификациялы пайдаланушылар үшін қарапайым және интуитивті түрде түсінікті болуы қажет.

Құрастырылатын жүйе үшін пәндік облысты талдау нәтижесінде келесі орындалатын функциялар ерекшеленіп алынды:

- деректер қорын дұрыс енгізу: деректер қоры кестелеріндегі ақпаратты тұтастығын бұзбай енгізу, өшіру, сақтау, редакторлауды қамтамасыз ету;

- ақпаратты енгізу дұрыстығын бақылау;

- түрлі аспекттегі қолда бар деректер бойынша нәтижелік есеп берулер құру.

Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:

  • иерархиялық
  • желілік
  • реляциялық
  • объекті-бағытталған

Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .

Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.

Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т. б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.

Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына кіретіндер:

  • өріс сипаты
  • кілт
  • индекс
  • өрістің мәтініне шек қою
  • кестелер арасындағы біртұтастықты сақтау
  • парольдер

Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.

2. 2 Delphi- де жұмыс істеу

Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) - Программалар (Программы) - Borland Delphi 7 → Delphi 7 командалары арқылы iске қосамыз.

Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi-дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector) . Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (Сурет 1) .

Сурет 1. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi

Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1. pas) . Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (2. 3-сурет) .

Сурет 2. Delphi-дің негiзгi терезесi

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.

Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (Сурет 3) . Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

Сурет 3. Форма оқиғалары

Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өткізу арналары, деңгейлері
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Тауар арналары және тауар қозғалысы
Өндірушілер көтерме саудасы
Деректер базасын қалыпты формаға келтіру
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Баға белгілеудің жалпы теориялық аспектілері
Тауарлар таратылуының әдістері. Тауарлар өтілін жылдамдату
Сауда жүйесі
Тапсырысты жіберу нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz