Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы: Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау болып табылады. Курстық жұмыс барысында ағымдық бақылауды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтама құру алға мақсат етіп қойылды.
Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады, олар: аналитикалық бөлім, онда тапсырма бойынша қысқаша сипаттама, ақпараттық жүйелерді талдау және оларға шолу жасалынған; жобалау бөлімі, бағдарламалық қамтаманы MS Access деректер қорын кесте түрінде жасау және Delphi бағдарламалау ортасында құрастырылған. Сонымен қатар курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады. Курстық жұмыс 97 беттен, 25 суреттен, 5 сұлбадан және 24 кестеден тұрады.
Орындаған: ИП-13-3к2 тобының студенті Егембердиева М.
Курстық жұмыс жетекшісі: т. ғ. к., доцент Исмаилов Х. Б.
Курстық жұмыс «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында жасалған, 2015 жылы қорғалған.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылған:
ҚР СТ 12. 0. 001 - 2005 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйісі.
МЕСТ 12. 1. 005-88, «Жұмыс зонасының ауасына жалпы талаптар».
МЕСТ 12. 1. 0. 19-79, «Электр құрылғыларын орнату ережелері».
МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы
СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;
СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;
Кәсіпорында еңбекті қорғау басқару жүйесі жалпы талаптар;
СанПиН 2. 24. 548-96, «Өндірістік орындардың гигиеналық талаптары».
ДНАОП 0. 03-3. 01-71, «Өндірістік орындардың санитарлық нормалары-245- 71».
Анықтамалар
Бұл курстық жұмыста сәйкес анықтамалармен келесі терминдер қолданылады:
Экономикалық ақпараттық жүйе- өте қиын жүйе, ол көптік элементтер ретінде және олардың арасындағы қатынас түрінде ұсынылады.
Экономикалық ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету жүйе асты ақпараттың программалық, математикалық, техникалық, ұйымдасты-рушылық және қамтамасыз етуден тұрады.
Ақпараттық жабдықтау деп ақпаратты кодтау және классификациялаудың, құжаттаудың унификацияланған жүйелерінің, ақпараттық ағын схемаларының, сонымен бірге деректер қорын құрудың методологиясының біртұтас жүйесінің жиынтығы болып табылады
Мәліметтер қоры - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы.
Берілгендер қоры - құрылымы арнайы тәсілі бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы.
Жүйеше - бұл белгілі бір атауы бойынша ерекшеленген, жүйенің бөлімі.
Операциялық жүйе дегеніміз - ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.
Жүйе - бұл қызметі нақты пайдалы нәтиже алуға бағытталған өзара және сыртқы ортамен байланысқан элементтер жиыны.
Басқарушылық ақпарат - материалдық игіліктерді өндіру, тарату және пайдалану процестеріне қызмет көрсетіп, экономика салаларын басқарудың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін ақпарат.
Белгілеулер мен қысқартулар
БЖ - бағдарламалық жабдықтама
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны
БҚ - берілгендер қоры
БҚБЖ - берілгендер қорын басқару жүйелері
ҚБ - қолданбалы бағдарламалар
ОББ - Объектті бағдарлы бағдарламалау
ААЖ - Ақпараттық анықтамалар жүйе
Кіріспе
Ақпаратты өңдеу, тасымалдау мәселелері ең маңызды мәселелердің бірі. Ол адамзат тарихында оның даму кезеңдерімен қатар еселеп өсіп, мүмкіншіліктері артып келеді. Бұл мәселенің көп жылдардан бергі алғашқы шешімі - адамның миы, тілі, санасы болып келді. Ең бірінші өзгеріс алғашқы жазулармен бірге келді, ал одан кейінгі дамулары кітап баспалары болды. Дегенмен сол кездердегі, кітап баспасы кезінде ақпарат тасушы болып қағаз есептелді. Сол кездердегі ақпаратты тасымалдаушы және жинақтаушыларды «қағаздық информатика» деп атады.
Құжат айналымының жүзеге асуры үшін ұйымдағы (мекемедегі) хат-хабар құрамы мен көлеміне терең талдау жасауды талап етеді. Хат-хабар алмасу процесінде пайда болған құжаттар ең алдымен ұйым әкімшілігіне байланысты. Құжаттарға ұйымдастыру мәселелерінің шешіміне байланысты, есеп, үйлестірімдер, тексерулер және басқа да орындау басқару бағыттындағы әкімшілік іс-әрекеттерінің ақпараттары кіреді. Қазіргі күнде көпшілік қаржы ұйымдары, өнеркәсіптер, сауда-саттық, оқу мекемелер, яғни мектептер, жоғары оқу орындар және т. б. ұйымдар мәліметтер қорысыз жұмыс істеуі өте қиын. Мәліметтер қоры болмағанда олар ақпараттар көшкінінде жай ғана тұншығып қалар еді. Бұл үшін құжат айналымының есебін жүргізу керек болады. Құжат айналымы жөніндегі толық мәліметті хат-хабарландыру қабылдау және тіркеу туралы мәліметтерді қоса барлық құжат айналым көлемі шығады.
Ақпараттандыру концепциясының негізгі идеясы қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына ақпарат пен жаңа ақпараттық технология әсерінің өсе түсуі болып отыр. Осы жерде екі ұғымның түсінігін анықтау проблемасы туады - информациялық ұқыптылық және компьютерлік сауаттылық. Бұл екі ұғымды жиі алмастыру байқалады. Бірақ, алғашқы ұғымның арнасы кеңірек, ол информацияның қай жерде және қандай түрде сақталатынын біле отырып, информацияны табу қабілетін ғана емес, сонымен қатар, ол нақты қандай ақпарат, ол қалай классификациаланып, жөнделген, оны қалай пайдалануға болады және ең бастысы белгілі бір жағдайда ол байлық табу жолында қандай үлес қоса алады деген мәселелер туралы нақты біле алады. Ал мұндай ой еңбегі тек жалпы білімде ғана емес, арнайы дайындықты да қажет етеді. Екінші жағынан, әрбір қоғамның ақпараттандыру деңгейі информация саласында жұмыс істеушілер санымен анықталады. Сондықтан да, жан - жақты білімді және компьютерлік сауатты мамандар дайындау қазіргі заманның үлкен қажеттілігі болып отыр. Информатизация процесінің алдында тұрған тағы бір мәселе - қазіргі заманға сай жаппай компьютер жасап шығару, оларды телекоммуникация жүйелерімен байланыстыру. Мұндай жағдайларда информация жүйелері бизнес жүргізу құралына, кәсіпорынға немесе бөлімге айналады, Қазіргі кезде қолмен пайдаланылатын информациялық жүйе (есептеп шығару техникасының көмегінсіз) және автоматтандырылған информациялық жүйе болып бөлінеді.
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т. б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өндеу, сақтау жиі кездеседі. Осыған мысал ретінде Халыққа қызмет көрсету орталығында:
- жеке тұлғаның құжаттарын (тегі, аты, әкесінің аты, құжатын, адресі, телефоны, жұмыс орнын, т. б. ) тіркеу.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Халыққа қызмет көрсету орталығының құжаттарын басқару ісіндегі жетілдіру жолдарын, құжат айналымының компьютерлендеру жолымен маңыздылығын сипаттауға және жеке басты куәландыратын құжаттарды тіркеу мәселелерін есептеуде керекті сұраныстар мен есептерді құруға байланысты болытын қиын және көп уақыт алатын есептеулерге кететін жұмыс күшін азайтумен осы жұмыстарды жеңілдетуге бағытталған.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады. Деректемелер мен бланктердің түрлері қосымшада көрсетілген.
1. Аналитикалық бөлім
1. 1 Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы", "Халықтың көші-қоны туралы", "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және ол Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, нақты іске асыру тарауында былай деп жазылған: «Электрондық үкімет» жобасын іске асыруды жеделдетсін. Ол үшін биылғы жылы «Біріздендірілген номерлердің ұлттық тізілімі туралы» Заң қабылдануға және «Ақпараттандыру туралы» Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс. Нақты іске асырылған жағдайда мұның өзі әрбір азаматтың енді қазіргі кезде жиі талап етіліп жүрген СТН, ӘЖК, төлқұжат нөмірі және басқа да құжаттардың орнына өзінің әмбебап дербес кодын иеленуіне мүмкіндік беред. Сондай-ақ айтуынша құжаттарды басқару келешекте электрондық жолымен жүзеге асырылады. Құжаттарды басқару жеделдету жолында құжаттарды қазақ тілінде жүргізу аса маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
1. 2 Халыққа қызмет көрсету орталығының міндеті мен қызметі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» деп аталатын жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын - мемлекеттік мекемелерін құру туралы» қаулысының негізінде облыстарда, Алматы және Астана қалаларында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған болатын. Осылайша, Қазақстанның барлық облыстық және аудан орталықтарында, соның ішінде «Казпочта» АҚ жергілікті бөлімшелерін қосқанда 220 ХҚКО ашылды.
Әділет министрлігінің жоспары бойынша 2008 жылдың аяғына дейін елде жалпы саны 418 ХҚКО жұмыс жасауы қажет болатын.
Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының үлгісін әзірлеу кезінде дамыған елдерде, соның ішінде Германия, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты елдерде сәтті жұмыс жасап тұрған баламалы ұйымдардың шетелдік тәжірибесі есепке алынып, қолданылды. Осылайша, шетелдік әріптестердің үздік тәжірибелері біздің экономикалық және әкімшілік жүйені ескере отырып пайдаланылды. ХҚКО-н құру идеясы прогрессивті идея ретінде тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болғандығын дәлелдеп, өзін-өзі ақтап отыр. Мемлекеттік қызметті алуға жүгінген әрбір азамат өзіне қажетті барлық анықтамалар мен құжаттарды «бір терезеден» алып, соның нәтижесінде келесі қандай органға жүгіну қажет, қандай құжаттарды жинау керек, сондай-ақ ең бастысы қажетті құжаттардың әрқайсысын алуға қанша уақыт қажет деген ойда болмайды.
ХҚКО қызметінің бірінші жылдары тұрғындарға барынша жайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын себептерді, бюрократизм мен әуре-сарсаңға салынуды жою бойынша қойылған міндеттерді орындаудағы олардың тиімділігін көрсетті. ХҚКО-ның басты оң қасиеттері ретінде барлық тұрғындар үшін тең қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі, түрлі органдардың құжаттарын әзірлеу бойынша қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжатты әзірлеушілер мен тұрғындар арасында тікелей байланыстың болмауы сияқты маңызды аспектілер болып отыр.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі екі жыл жұмыстан кейін, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 15 қаңтарда №11 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комиетінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын - мемлекеттік мекемелерді жергілікті атқарушы органдардың жүргізуіне тапсыру туралы» қаулысы қабылданды. Уәкілеттікті тапсыру жергілікті биліктің тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болуына және олардың қажеттеліктерін жақсы білуіне байланысты жүзеге асырылған еді. Осылайша, оған қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін атқаратын ХҚКО-ның мемлекеттік басқару органы облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері болды. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №249 Қаулысына сәйкес ХҚКО-ры ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің жүргізуіне тапсырылды (бұдан әрі - Комитет) . ҚР Үкіметінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы №1325 Қаулысының негізінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Осылайша, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 25 республикалық мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін бұдан әрі жетілдіру туралы» 2012 жылғы 20 қаңтардағы №226 жарлығымен Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне біріктірілді.
Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ХҚКО-н бұдан әрі дамыту мақсатында оларды жаңғырту, мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-үдерістерін оңтайландыру және оларды автоматтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырылды. Мысалы, 2011 жылы ірі қалаларда, облыс және аудан орталықтарында орналасқан 28 ХҚКО, 2012 жылы 224 ХҚКО жаңғыртылды.
ХҚКО-н жаңғырту - жаңа инфокоммуникациялық технологияларды енгізумен, бизнес-үдерістерді оңтайландырумен, қажетті құжаттардың санын қысқартумен, кедергісіз қызмет көрсету режимін енгізумен сипатталады. Бұдан өзге, жаңғыртылған ХҚКО-да келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусын бақылау және ХҚКО кезекті брондау функциясы енгізілді; Азаматтарға электрондық Үкіметтің төлем шлюзі арқылы банк карточкасымен мемлекеттік баж салығын төлеу мүмкіндігі ұсынылды; Азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін бизнес аймақтар жайластырылған, онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған;
ХҚКО қызметкерлері ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау үшін екінші монитор. Электрондық кезектің заманауи жүйесі; Балаларға арналған бұрыштар ұйымдастырылды. Бұдан басқа, ХҚКО-рын жаңғырту кезде Комитет мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына аса мән берді, олар үшін әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру түймелері орнатылды.
Елбасының елдің қалың көпшілігіне, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттерін орындау аясында, барлық облыстарда пилоттық тәртіпте 14 мобильдік ХҚКО жұмысқа қосылды, ал 2012 жылы қосымша сондай 56 ХҚКО жұмысы ұйымдастырылды. ХҚКО қызмеін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында, Комитеттің жанында Ахуалдық орталық құрылды, ол on-line тәртібінде 161 ХҚКО қызметіне бейне-мониторинг жүргізеді. Мұндай орталықты ашу жұмыс барысындағы кемшіліктерге, оның ішінде қандай да бір қызметті алу үшін кезек туындаған жағдайларда жедел ден беруге мүмкіндік береді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының жаңа форматына көшу халық үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізуге құралдар жасауға және сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Халықпен жұмыс жасайтын мамандарға жоғары талаптар қойылады. Осылайша, кәсіби және біліктілік дайындық деңгейін, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңдарын білуін анықтау мақсатында, Кәсіпорын филиалдарының қызметкерлері аттестациялаудан өткізілді. Аттестациялауға келесі лауазымдардың 5 552 қызметкерлері жатты: инспекторлар және кеңесшілер, бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары, реттеу залының бастықтары, ұйымдастырушы-бақылаушылар және тәлімгерлер, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу және бақылау қызметтерінің қызметкерлері, жинақтау секторларының бас мамандары, филиал директорлары және олардың орынбасарлары, кеңсе қызметтерінің қызметкерлері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және сервисін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді, бұған жету үшін ХҚКО-да 2012 жылдан бастап енгізілген жаңа институттар маңызды рөл атқарады: Тәлімгерліктік және Ұйымдастырушы-бақылаушылық. Тәлімгерліктік институты қызметкерлерді оқыту және дамытуды қамтамасыз етеді, ал ұйымдастырушы-бақылаушылықтың негізгі міндеті халыққа қызмет көрсетудің технологиялық үдерістерін уақтылы және тиімді қадағалау және мониторинг жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағаты» жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 7-тармағын орындауда Алматы қаласы, Қарағанды облысы жергілікті атқарушы органдарымен бірігіп автокөлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу және жүргізушілік куәліктерін беру бойынша мамандандырылған ХҚКО жобаларын іске қосу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Осылай, Халыққа қызмет көрсету орталықтары өзінің алты жыл жұмыс барысында өз дамуында қызметкерлердің кәсіби деңгейінен бастап заманауи инфрақұрылымға дейін үлкен өзгерістерге ұшырады. Жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны да артуда, мысалы, 2007 жылы ХҚКО мемлекеттік қызметтердің 25 түрін көрсеткен, қазіргі таңда бұл сан 113 қызметке дейін елеулі өскен. Құжат айналымы ұйымның әкімшілік іс жүргізуде аса маңызды рөлі бар. Құжат айналымның дұрыс ұйымдастыру құжаттарды реттеуді жеделдетеді, ұйымда және ведомствоға қарасты объектілердің басқару мақсатындағы ақпараттық құжаттарды пайдалануға әсерін тигізеді. Өз өзіндік дайын ақпараттар үнемі шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Бұл ақпараттарды өңдеу, жүйелеу, талдау, дұрыс шешім шығару алатындай, жаңа сапалы немесе қайталама құжаттық ақпарат шығарады. Кез келген басқару құжаттар қозғалыс іс жатады.
Құжаттардың тиімді тіркеу жүйесінің әзірлеуі іс жүргізудің жетілдіру жолдарының бірі. Құжаттарды тіркеу ұйымдағы жұмыстардың көптеген бөліміне тығыз байланысты және үнемі әсер етеді: орындалуын тексеру, хат-хабар қозғалысының жылдамдығы құжаттарды іздеу және сақтау ұйымдастырылымы, іс жүргізу және тағы басқа. Бұдан өзге, еңбек мөлшері мен уақыттар да құжаттар есебіне байланысты операцияға жұмсалады. Құжаттарды тіркеудің тиімді жүйесін өңдеу кезеңдерімен жүріледі.
Ұйымның әкімшілік іс жүргізуінде құжат айналамының мәні зор. Құжаттарды жедел өңдеу, ұйымды және ведомстволық объектілерді басқару үшін ақпараттық құжаттарды қолдану оларды дұрыс ұйымдастырып реттеуге байланысты болады. Өз өзіндік дайын ақпарат әрдайым шешім қабылдауға жағдай бермейді. Мұндай ақпараттарды өңдеу, жүйелеу, талдау қажет сонда дұрыс шешім қабылдауға жарияланатын болады. Құжат айналымының жүзеге асыруы үшін ұйымдағы (мекемедегі) хат-хабар құрамы мен көлеміне терең талдау жасауды талап етеді. Хат-хабар алмасу процесінде пайда болған құжаттар ең алдымен ұйым әкімшілігіне байланысты. Құжаттарға ұйымдастыру мәселелерінің шешіміне байланысты, есеп, үйлестірімдер, тексерулер және басқа да орындау басқару бағыттындағы әкімшілік іс-әрекеттерінің ақпараттары кіреді. Бұл үшін құжат айналымының есебін жүргізу керек болады. Құжат айналымы жөніндегі толық мәліметті хат-хабарландыру қабылдау және тіркеу туралы мәліметтерді қоса барлық құжат айналым көлемі шығады.
Құжаттамалық процестің іске асырылуы ақпараттың құжаттар мен олардың ағымдағы жүйесі түрде зерттеу көз қарастылығын қажет етеді. Жүйелі көз қарастырылық барлық қажетті мақсатты элементтерін зерттеу және бұл мақсаттардың толық мінездемесін беруге әкеледі. Басқару жүйесінің ішкі элементтермен өзара қатынасы құжаттық ақпараттар арқылы шығады.
Құжаттық ақпараттар ағымдарының әр түрлі бағыттағы айналысы (тура және кері байланыс) жүйелік жұмысын реттейді. Құжаттамалық ағымдары зерттеу тек басқару органдарының арасындағы ақпараттық байланысты ғана емес сонымен қатар олардың іс әрекетінің мазмұны да білдіре алады.
Ақпараттық құжат ағымдарын бөлімінің төменгі звеносынан бастап оның орталық аппаратына дейін жүйелі түрде зерттеу бүкіл жүйенің іс-қимыл әрекеттінің суреттемесін бере алмайды. Нақты зерттеулер автоматтандырылған жүйесін игерумен жүргізіледі. Ақпараттар базасы - басқарудың автоматтандырылған жүйесінің қамтамасыз етілген іске жүйелі болып табылады.
Ұйымдарғы құжаттар қозғалысының ретті ұйымдастырылу құрылымы және шешім қабылдау деңгейінің сонымен тікелей байланыстырып орналасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz