Төлеби ауданының заңды тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау


Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Төлеби ауданының заңды тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау»

Жұмыс Borland Delphi программалау ортасын Paradox мәліметтер қоры программасымен байланыстырылып жасалған. Курстық жұмыста Төлеби ауданының заңды тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау қарастырылған.

Жұмыста ауданынның жеке тұлғаларына қызмет көрсету үшін тиімді, тез, оңай жұмыс істеуіне септігін тигізетін ақпараттық жүйесі құрылды.

Курстық жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе және қорытындыдан, 45 беттен тұрады. Жұмыста 6 кесте, 8 сурет бар.

Мазмұны

Нормативті сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .

Белгілеулер мен қысқартулар . . .

5

6

7

МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: Кіріспе . . .
567: 8
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 1 Аналитикалық бөлімі . . .
567: 9
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 1. 1 Ақпараттық жүйелерді тәлдау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру . . .
567: 9
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 1. 2. Ақпараттық жүйенің теориялық элементтері және интерфейсі . . .
567: 11
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 1. 3 Төлеби ауданы бойынша әкімшілік аппаратының бағдарламаларын және жұмыс міндеттерін талдау . . .
567: 14
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 1. 4 Төлеби ауданы бойынша әкімшілік аппаратының басқару процестері және функциялары . . .
567: 17
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 2 Жобалау бөлімі . . .
567: 22
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 2. 1 Ақпараттық жүйенің бағдарламалық және ақпараттық құрылғыла-рының негіздері . . . ……… . . .
567: 22
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 2. 2 Енуші және нәтижелік ақпарат сипаттам . . .
567: 27
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 2. 3 Бағдарламалық қамтаманы ұйымдастыру . . .
567: 28
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 2. 4 Жобаны іске асырудың алгоритмін және интерфейсін құру . . .
567: 29
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: 2. 5 Программалық өнімді сипаттау . . .
567: 38
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: Қорытынды
567: 39
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізім . . .
567: 40
МазмұныНормативті сілтемелер . . .Анықтамалар . . .Белгілеулер мен қысқартулар . . .: Қосымша . . .
567: 41

Анықтамалар

Курстық жұмыста келесі нормативтік анықтамалар қолданылынган:

Операциялық жүйе - бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты компьютер жұмысын басқару

Мәліметтер қоры - МҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады.

Қолданбалы бағдарламалардың пакеті - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы.

Деректер қорының басқару жүйесі (ДҚБЖ) - бұл деректер қорынан ақпаратты сақтауға және алуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қысқартулар мен белгілеулер

Курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылынған:

МҚ- мәліметтер қоры

АЖ-ақпараттық жүйе

ЕЖ - есептеу жүйесі

ДҚБЖ- Деректер қорының басқару жүйесі

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста мына нормативті сілтемелер қолданылды:

СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;

СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;

МЕСТ UCO 8790 - 95 - «Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары»;

СМК ЮКГУ ПР 7. 04-2012 - Процедура. Учебные занятия. Общие требования к организации, содержанию и проведению занятий

Кiрiспе

Қазақстан қазіргі уақытта дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне аяқ басуға бет бұрды. Заман талабына сай, қоғамымызда адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы да осыған байланысты.

Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық информация өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың әр жылда не тоқсан сайын дайындаған информациясын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін емес.

Информацияны сандық кесте, сурет, құжат (мәтін текст) сияқты түрлі түрде көрсетуі, жинастыруы мүмкін.

Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты түрлі информацияны жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері (информациялық процестер) үлкен көлемде әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр.

Курстық жұмыс мақсаты мен міндеттері болып Төлеби ауданының жеке тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау болып табылады. Әкімшіліктің құжатқа байланысты жұмыстарын автоматтандыру, тіркеуге алу, қажетті ақпаратты іздестіру жұмыстары қарастырылады.

Зеттеу объектісі: Толеби аудандық әкімшілігінің жұмысы.

Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жеткізіп беру, информациялық қызмет көрсету (ИҚК) делінеді. Республика мен ТМД мемлекеттерінде тек ғылыми-техникалық ИҚК-мен айналысатын мыңдаған кітапханалар бар. Олардың анықтамалық-информациялық қорында 2 млрд. -тан аса информациялық мәліметтер жинақталып, көп мәліметтер компьютер дискілеріне жазылып қойылған. Осылардың арасынан керектісін іздеп, тауып беру көп еңбекті қажет етеді, бірақ бұл жұмыстың маңыздылығы өте зор. ИҚК-нің маңыздылығына бір ғана мысал: егер өндіріс басқармасын қажетті информациямен, түрлі ғылыми-техникалық жаңалықтармен дер кезінде қамтамасыз етіп отырмаса, ол жаңа техниканы пайдалануды жоспарлауға, өндірісте еңбек өнімділігін арттыруға үлкен кедергі келтірер еді. Сондықтан информацияны тиімді түрде пайдаланушылар дүние жүзінде негізгі позиция алып келеді. Соның нәтижесінде қоғам, келешекте информациялық қоғам болатыны сөзсіз.

Курстық жұмыс өзектілігі: Төлеби ауданының жеке тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау. Бұл курстық жұмыстың нәтижелері бойынша халықтан түсетін әр түрлі материалдарды тіркеп, оларды орындауға болады. Сонымен бірге, кіріс және шығыс құжаттардың орындалу дәрежесін қадағалап, іздеу жүйесі бойынша қажетті ақпаратты табуға арналған.

1. Аналитикалық бөлім

1. 1. Ақпараттық жүйелерді талдау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру

Ақпараттық жүйе (АЖ) - қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі.

Ол - мекеменің керекті бағытта жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыратын орта. Яғни, ол - мекеменің бір бүтін қалыптасып және оның бір мақсатқа бағытталған жұмысын қамтамасыз етіп отыратын біріккен компоненттер жиынтығы (мәлімет, процедура, персонал, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру) . Бұл анықтама бойынша, ақпараттық жүйелер тиімділігі, мекеменің стратегиялық мақсаттағы жетістігі арқылы бағалануы мүмкін.

Ақпараттық жүйелердің жұмысы - ол мекеменің барлық ресурстарын тиімді пайдалануын қаматамасыз етіп отыруы үшін қажетті ақпаратты өндіру, мекемені басқару үшін ақпараттық және техникалық ортаны құру. Кез келген типтегі ақпараттық жүйенің жұмысын қаматамасыз етіп отыратын процестер: ақпараттық қажеттіліктерді айқындау; ақпарат көздерін таңдауды жүзеге асыру; ақпаратты жинауды жүзеге асыру; сыртқы немесе ішкі ақпарат көздерін енгізуді жүзеге асыру; оны ыңғайлы түрде беруі үшін ақпаратты өңдеу, оның маңыздылығы мен толықтығын бағалау; тұтынушыларға немесе басқа жүйеге енгізу үшін ақпаратты шығару; тенденцияларды бағалауда ақпаратты қолдануын ұйымдастыру; болжам жасау үшін; стратегияларды құру үшін, шешудің және іс-қимылдардың баламасын бағалауда; ақпаратта - кері байланыс орнатуды ұйымдастыру, кіріс ақпаратты түзету[1] .

Ақпараттық жүйені құруда түрлі бағдарламалар қолданылады, соның бірі Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасы, ол кез келген ақпараттық жүйені дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа мәлiметтер қорымен жақсы байланысатын болуы.

Мәліметтер қоры дегеніміз құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептелінеді.

Мәліметтер қорымен жұмыс істей білу, бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналып отыр.

Ақпараттарды қорғау Delphi объектiлi программалау ортасында мәлiметтер қоры ретiнде жасау барысында жұмыс жағдайын жеңiлдету қарастырылады.

Осы программаны жасаудағы негiзгi мақсат ақпараттарды қорғау жұмысында кездесетiн жұмыстарды жеңiлдету, тез орындау және уақытты үнемдеу болып табылады.

Программа негiзiнен екi бөлiктен тұрады:

1. Borland Delphi объектiлi бағдарлы бағдарламасы;

2. Database Desktop қабықша бағдарламасы;

Осы мәлiметтер қорын жасау программасының барысында Delphi мен Database Desktop программалау орталары өзара байланыстырылып жұмыс атқарады.

Мұндағы Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасын қолдану себебiм, өйткенi ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар. Мұнда көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Дәстүрлі Паскаль программалау тілі оқып-үйренуге жеңіл және MS-DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Delphi-ді Windows ортасында пайдаланатындықтан программаны көбінесе қосымша деп атайды) .

Берiлгендер қорын басқару жүйесi (БҚБЖ) - Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi Paradox тiлi болып табылады.

Database Desktop программасының таңдалу себебi, ол Delphi ортасымен өте жақсы байланысатын және де Windows элементтерi сияқты терезе түрiнде ашылуы болып табылады.

Windows операциялық жүйесiнiң элементтерiмен таныс кез-келген қолданушының Database Desktop программасын оқып үйренуiне қиындық жоқ десе де болады. Өйткенi, Database Desktop программасымен жұмыс iстеу принциптерi Windows жүйесiне негiзделген, яғни оның объектiлерi терезе түрiнде ашылады.

Қарастырылған мәлiметтер қорында Database Desktop программасында кестелердi жаратып және оны сақтау үшiн, ал Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасы осыларды, яғни жаратылған кестелердi басқару үшiн қолданылған.

Бұл программадағы негiзгi жұмыстар кадрларды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады. Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра аламыз.

Сұраныс дегенiмiз - мәлiметтер қорынан өзiмiзге керектi информацияны бiр немесе бiрнеше кестелерден алуға мүмкiндiк беру болып табылады.

Осы программада сұранысты жаратуда SQL тiлiн пайдаланамыз. SQL - бұл Structured Query Language, яғни "Сұраныстар тiлiнiң құрылымы" деп аталады. Сұраныс жаратуда Select (iрiктеу), Insert (кiрiстiру), Update (өзгерту), Delete (жою) операторларын қолданамыз. Өзiмiзге керектi нәрсенi табу, яғни мәлiметтi iздеу үшiн Find, Locate процедураларын пайдаланамыз. Егер кестеге сандық өрiстер енгiзiлген болса, SQL тiлiнде олардың қосындысын (sum), ең үлкен мәнiн (max), ең кiшi мәнiн (min), орта мәндерiн (avg), және бiр өрiске енгiзiлген барлық мәндер санын (count) есептеп шығаруға болады. Ол үшiн Delphi-дiң арнайы агрегаттық функциялар деп аталатын функциялары бар.

Мұнда кестелердi немесе шартымызды қанағаттандырған сұранысты принтерде форматты түрде басып шығару жолы да қарастырылған. Мұндай файлды басу үшiн форматты түрде дайындалған қағаз парағының не парақтарының түрiн есеп деп атайды[2] .

1. 2 Ақпараттық жүйенің теориялық элементтері және интерфейсі

Ақпараттық жүйенің мәлiметтер қоры кестесi Delphi құрамына енгiзiлген Database Desktop (Мәлiметтер қоры жұмыс столы) қосымша программасы арқылы орындалады (құралады) . Олар төмендегi амалдар арқылы iске асырылады:

1. Tools - Database Desktop (Сервис - Мәлiметтер қоры жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрiнедi.

2. Терезеден File - New - Table (Файл - Жаңа - Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесi шығады. Онда ашылатын тiзiмнен қажеттi кесте форматында Paradox таңдалып қойылған. Алғашқы рет Paradox_7 форматы iске қосылып, терезе өрiсiнде осы атау көрiнедi.

3. Paradox_7 форматын таңдап, Ok түймесiн шерту керек (Онда пайдалануға болатынын басқа да өрiс типтерi жеткiлiктi) . Бiрiншi бағанында автоматты түрде өрiстiң нөмiрi жазылып қойылған кесте өрiсi атауын сипаттау терезесi көрiнедi.

  1. Екiншi бағаннан бастап өз ретiмен (FieldName) - өрiске берiлетiн атауды, (Type) - өрiс типiн, (Size) - өрiс өлшемiн енгiзудi (өлшем өрiс символдық типтi болса ғана енгiзiледi) орындау керек. Өрiстi кiлттiк ету қажет болса, онда бесiншi бағанда (Key) - өрiсiн пайдалануға болады. Ол "*" символы арқылы белгiленедi. (Жалпы кiлт Borland Delphi-де және MS Access сияқты басқа да арнайы Мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнде кеңiнен пайдаланылады) .

Database Desktop арқылы Астана Моторс фирмасының жұмысына керектi мәлiметтер, яғни автомобильдер туралы мәлiметтердi толтырамыз, Яғни Маркасы, Түсi, Нөмiрi, Сериясы, Шыққан жылы, Мотор номерi, Көлiк иесiнiң аты-жөнi, Мекен-жайы, Телефоны, Көлiк құжаты (N, Markasi, Tusy, Nomeri, Seriasi, Shikkan jili, Motor nomeri, Kolik iesinin aty-joni, Meken jayi, Telefoni, Kolik kuzhati) құрып және осы кестенi құру үшiн алдымен өрiс атауын сипаттап терезесiн толтыру керек. Өрiс атауларын қазақ алфавитi шрифтерiмен теруге болады, бiрақ олар формада дұрыс көрiне бермейдi.

1) Өрiс атауының ортасында нүкте (. ) символы енгiзiлгенi жөн;

2) Өрiстердi сипаттау немесе дайындау терезесiнiң бiрiншi бағанында автоматты түрде атаулардың реттiк нөмiрлерi көрсетулi тұрады. Оларға көңiл бөлмеу керек. Кезектi өрiске мән енгiзiлгеннен соң КҚ не сәйкес курсорды басқару пернесiнiң төменге бағытталғанын басуы жеткiлiктi. Сонда курсор келесi өрiске орналастырылып қойылады.

3) Үшiншi бағанға өрiс типiнiң (Type) бiрi енгiзiлуi тиiс. Ол үшiн курсор бағанда орналасқаннан соң Бос орын пернесiн басу керек. Сонда төменде мына өрiс типтерi көрiнедi:

Тип
Белгісі
Мән
Тип: Alpha
Белгісі: A
Мән: Символдық жол. Ұзындығы [1. . 255] аралығында
Тип: Number
Белгісі: N
Мән: Мәні [10 -308 10 308 ] аралығында алынатын 15 мәндік цифрлық нақты сан
Тип: Short
Белгісі: S
Мән: Мәні [-32767. . 32767] аралығында алынатын бүтін сан
Тип: Long Integer
Белгісі: I
Мән: Мәні [-2147483647. . 2147483647 аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан
Тип: Memo
Белгісі: M
Мән: Alpha-ның мәндер аралығынан үлкен болатын (>=255 байттық) символдық жол
Тип: Money
Белгісі: $
Мән: Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан
Тип: Date
Белгісі: D
Мән: Дата
Тип: Logical
Белгісі: L
Мән: Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан
Тип: Autoincrement
Белгісі: +
Мән: Кестеге жол қосылған сайын мәні бірге өсіп отыратын бүтін сан

4) Өрiстер типiн таңдап болғаннан соң курсор келесi төртiншi бағанға өтедi. Онда өрiс өлшемiн (Size) ендiремiз.

5) Жалпы барлық өрiстер сипатталып болғаннан соң сол терезенiң төменгi жағында орналасқан Save As. . түймесiн шерту керек. Құрылатын кесте атауы сұралатын Save Table As. . терезесi көрiнедi.

6) Терезеде кесте атаулары сақталатын iшкi бума (мысалы, My Databases Documents) құру және оны ашу (егер iшкi бума бұрын құрылған болса, сол буманы ашу жеткiлiктi) . Файл атауы өрiсiне кесте атын енгiзу (мысалы Auto1. db) және каталог алиасы үшiн терезеде көрiнген Work: атауын қалдырып, Сақтау (Сохранить) түймесiн шерту. Кесте құрылымы Auto1. db атауы бойынша My Databases Documents бумасында сақталып қойылады.

7) Терезенi жабу керек.

Осылай өрiстер сипатталып болғаннан соң кестенi құру қиын емес. Ол үшiн:

1. Database Desktop терезесiнiң мәзiрiнен File - Open - Table (Файл - Ашу - Кесте) командасын беру. Open Table терезесi көрiнедi. Осы терезеден My Databases Documents iшкi бумасын ашып және каталог алиасы үшiн жүйелi дайындалған Work: атауын қалдырып, бума iшiндегi қажеттi өрiс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Auto1. db) таңдап, одан әрi Ашу (Открыть) түймесiн шерту керек. Өрiстер енгiзiлген терезе ашылады.

2. Кестенi толтыруға, Мәлiметтердi редакциялауға мүмкiндiк беретiн Table - Edit Data (Кесте - Мәлiметтердi редакциялау) командасын беру (аспаптар панелiнiң аттас пернесiн басуға да болады) . Auto1. db атауының астына 1 саны жазылып, (+) өрiсiне курсор орналастырылып қойылады.

3. Сонан соң жалпы барлық өрiстердi толтыру керек.

4. Соңынан терезенi жабу.

Кестенi қазақ алфавитi әрiптерiмен теру тәсiлi әдеттегiдей. Егер бұл тәсiл жүрмесе Data Desktop мәзiрiнен Edit - Preferences (Редакциялау - Ұнамды) командасын берiп, ашылған терезенiң General (негiзгi) қосымша бетiнен Change (Өзгерту) түймесiн шерту керек. Change Font (Шрифтi өзгерту) терезесi көрiнедi. Терезеден қажеттi шрифтi таңдап, OK түймесiн шертемiз. Сосын Database Desktop жұмыс столын жауып, оны қайта қосуымыз керек. Сонда ғана амалымыз орындалады.

Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу кезiнде кестеге қол жеткiзетiн жолды енгiзу көп қиындық туғызатыны белгiлi. Delphi-ге жолды тек Мәлiметтер қорының атауымен алмастыратын тәсiл енгiзiлген. Мұндай атау бүркеншiк атау не алиас (Alias) деп аталады. Арнайы құрылған Мәлiметтер қоры бумасын алиас түрiнде қарастыру үшiн Delphi құрамына енгiзiлген BDE утилитасы пайдаланылады (BDE - Borland Database Engine - Borland корпорациясының Мәлiметтер қоры құрамы) .

Жалпы, BDE - Delphi-дiң құрылған қосымшамен Мәлiметтер қоры арасында байланыс орнату, олармен жұмыс iстеу жүйесi. Ол Paradox, dBase Мәлiметтерi қоры жүйелерi үшiн, ал соңғы кездегi Access, FoxPro үшiн де басқару жүйесi болып табылады. Бiрақ соңғы жүйелерге қол жеткiзу үшiн арнайы программаны пайдалану керек.

BDE утилитасы Мәлiметтер қоры кестелерiмен жұмыс iстеу үшiн драйверлер деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға Мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнiң атауларымен бiрдей атаулар берiлген, мысалы, Paradox_7, dBase_IV. Олардың бiрiн таңдау үшiн сәйкес Мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнде құрылатын кестенiң өрiс типтерiн бiлу жеткiлiктi.

1. 3 Төлеби ауданы бойынша әкімшілік аппаратының бағдарламаларын және жұмыс міндеттерін талдау

Төлеби ауданы бойынша әкімшілік аппаратының қызметкерлері, ауыл активтері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттын басты мақсаты» атты Жолдауын жүзеге асыруды және ауыл округінің әлеуметтік - экономикалық саласын дамуында бір қатар жұмыстарды атқарды.

Президент Жолдауы бойынша ауыл округінде іс-шаралардың жоспары бекітілген. Барлық ауыл округіндегі мектептерде, Өндірістік кооперативтерде, мекемелерде, ауруханаларда және ауылдарда халық арасында Жолдауын талқылау бойынша кездесулер өткізілді.

Жолдауды қолдау бойынша ауыл әкімшілігі және «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясының ауылдық бастауыш партия ұйымы тарапынан мектеп оқушылары, мұғалімдер арасында байқау өткізілді. Байқаудың бірінші кезекте 10 мектептін 76 оқушылары Шымкент қаласында тест орталығында тест тапсырды. Екінші кезегі 2009 жыл наурыз айының 16 жұлдызында «Мен, өзге ұлт өкілі, мемлекеттік тілде бәсекелесе аламын» атты байқауын оқушылар арасында өткізілді. Үшінші кезекте 17 мамыр күні мектеп мұғалімдері арасында өткізіліп, мұғалімдердің біліктілік қабілеті анықталды. Байқауға 14 пәннен 47 жас мұғалімдер қатысты.

Екінші кезектегі байқауға Қазақстан Республикасы Парламент мәжіліс депутаты, облыстық, аудандық «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясы, тіл бөлімдері, мәдениет орталықтары, «Хабар», «Отырар», «Төлеби», «Қазақстан-Шымкент» бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Жеңімпаздар аудан, ауыл округі әкімдерінің және облыстық, аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның «Алғыс хаты», сыйлықтарымен марапатталды.

Жолдау бойынша ауыл округінде көрнекі құралдары (пано, щиттер, т. б. ) істелініп, Жолдауды ауыл тұрғындарына жеткізу бойынша 21 оқу насихат топтарында оқулар өткізілуде.

Құрметті әріптестер. Төлеби ауданы округінде 2009 жылдың 22 қаңтар күні аудан әкімі Мұхит Оралбайұлы және бөлім басшыларының ауыл округінің тұрғындары алдында 2008 жылдағы аудан көлеміндегі атқарылған жұмыстары туралы кездесу есебінде ауданның әлеуметтік экономикалық және барлық салалардағы жетістіктері, Президенттің Жолдауында көзделген мақсаттарға мән беріп өтті.

Ауыл тұрғындары аудан әкімнің есебін жақсы деп бағалады. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған 8 сұрақтың бүгінгі күнде үшеуі өз шешімін тапты. Атап айтқанда құрылысы тоқталып қалған З. Хусанов атындағы 960 орынды мектеп құрылысы 2009 жылдың қыркүйек айына іске қосылуы жоспарланып отыр.

Ауыл округінде халықтың әл-ауқатын жақсарту кәсіпкерлердің жұмыстарының жақсы жүруіне жағдай жасау мақсатында және кәсіпкерлердің шығарған өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруына әкімшілік мүмкіндігінше көмек беріп, ықпал жасауда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы
Бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
Кіші елді мекенді жобалау
Жер учаскелерінің кадастрлық құнын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz