«Саяхат» туристік компания қызметінің деректер қорын жобалау



Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Туризм тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Туристік фирма туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Туристік фирма қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2 Жобалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Мекеменің қолданбалы деректер қорын жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Мәліметтер базасының кестесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Мекеменің деректер қорын жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
ҚосымшаА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қазіргі таңда Қазақстандағы туризмді жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдарын ашықтау.
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторларын айқындау. Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштерін келтіру.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденцияларын талдау. Фирманың туристік қызметін зерттеу факторларын келтіру. Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы. Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдарын Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттарын ұсыну.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады.Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Жұмыстың міндеті. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат.
Жұмыстың жаңалығы.Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы «Саяхат» туристік компаниясы таңдалды.
1. С.Бабровский «Описание системы и языка программирования Delphi 7», Москва 2006г.
2. Л.М.Климова «Основы программирования .Решение типовых задач», Москва 2006г.
3. Валерий Фаронов «Разработка приложений для баз данных и интернета»,Москва 2006г.
4. Эндрю Возневич «Визуальное программирование на Object Pascal»,Издателство «Бином»
5. В.Гофман, А.Хомоненко «Delphi 5 в подлиннике»,Санкт-Петербург 1999г.
6. В.В. Фаронов. Delphi 1.0. Учебный курс. М.2001г.
7. Майерс Г. Надежность программного обеспечения. –М.:Мир, 1980г.-360с.
8. Шураков В.В. Программное обеспечение ЭВМ. –М.: Статика, 1979г.-376с.
9. А. Полянский. Среда программирования Delphi 5-1. Справочное пособие. М., 2001г.
10. С. Бобровский. Delphi 4. Учебный курс. М., 2001г.
11. Н. Культин. Delphi 1.0. Программирование на Object Pascal. БХВ-Петербург, 2001г.
12. В.В. Фаронов. 1.0. Учебный курс. М. 2001г.
13. Дарахвалидзе П., Марков Е. Программирование в Delphi 4. БХВ-Санк-Петербург.
14. А.Жуков. Изучаем Delphi, 2001г.
15. М.Эбнер. Delphi 4. Руководство разработчика, БХВ, Киев, 2000г.
16. А.Я. Архангельский. Программирование в Delphi 2.0. Издательство БИНОМ. Москва, 2008г.
17. Епанешников А., Епанешников В. Программирование в среде Delphi. Учебное пособие 4-х частях, М. 1997-1993.
18. О. Камардинов., Х. Жантелі. Delphi 5-1. Оқу құралы. Шымкент. 2002ж. - 214 бет.
19. Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 4, М., ЗАО. Издательство БИНОМ 2000г.
20. Тейлор Д. и др. Delphi 3. Библиотека программиста. СПБ, Питер, 1998г
21. Гофман А.С., Хомоненко В. В. Delphi 4.0. –СпБ:2000г.
22. Культин.Н.Б. Delphi в задачах и примерах. С-П. БХВ-Петербург: 2005г.
23. Пачеко К., Тексейра С. Delphi 4.0. Руководство разработчика. Том 1,2-2000г.
24. Васильев Г.П. и др. Программное обеспечение сетей ЭВМ.-М.: Финансы и статистика, 1983г.-87с.

Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы Саяхат туристік компания қызметінің деректер
қорын жобалау. Бұл курстық жұмыста туристік компания қызметінің деректер
қорын жобалауға арналған бағдарламалық қамтама құрастырылған.
Құрастырылған жоба Delphi 7 бағдарламалау ортасында орындалған. Курстық
жұмыстың анықтамалық жазбасы екі бөлімнен тұрады.Курстық жұмыстың
суреттерінің саны 16,беті 39. Курстық жұмыс қазақ тілінде жазылған.

Мазмұны

Нормативті
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Белгілеулер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Аналитикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9
1.1 Туризм
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9
1.2 Туристік фирма
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
1.3 Туристік фирма
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14
2 Жобалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20
2.1 Мекеменің қолданбалы деректер қорын
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Мәліметтер базасының кестесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3 Мекеменің деректер қорын
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
ҚосымшаА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:
СТРК 34.006 – 2002 – Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар;
СТРК 34.007 – 2002 – Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер;
МЕСТ UCO 8790 – 95 - Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің
конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары;
МЕСТ 28195 – 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

Индекстер –кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын
механизм болып табылады
Image – элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.
DataSource – деректердің басы
Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы
Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы
StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру
DataBase – ДБ қосылу
Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы
BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау
Update – деректер жиынтығын модификациялау
NestedTable - қойылған кесте
DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу
SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу
RvDataSetConnection – мәліметтермен байланыстырады
RvTableConnection – Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады
TRvQueryConnection – Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады
RvRenderPreview–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді
экранда мүмкіндік береді
RvRenderPrinter–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа
құрылғысына жібереді

Белгілеулер мен қысқартулар

ДҚБЖ–Деректер қорының басқару жүйесі.
ДҚ–Деректер қоры
АЖ –Ақпараттық жүйе
БЖ – бағдарламалық жабдықтама
ҚР – Қазақстан Республикасы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны
АҚ-акционерлік қоғам
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік
МБ-мәліметтер базасы

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстандағы туризмді жетілдіру деңгейіндегі алынатын
өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса мақсатқа жету үшін келесідей
міндеттер қойылады:
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдарын ашықтау.
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторларын айқындау. Туристік фирма
қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштерін келтіру.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің
даму тенденцияларын талдау. Фирманың туристік қызметін зерттеу факторларын
келтіру. Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр
туристік фирмасы. Туристік фирма қызметінің менеджменттік және
маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдарын Туристік фирма қызметінің
бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттарын ұсыну.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың
құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және
бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып
отырады.Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады.
Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады.
Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Жұмыстың міндеті. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де
мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен
белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер
базасындағы ақпарат.
Жұмыстың жаңалығы.Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік,
бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап
саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше
қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.Көпқолданбалы МББЖ
ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы Саяхат туристік
компаниясы таңдалды.

1 Аналитикалық бөлім

1. Туризм тарихы

Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы
қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм
нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың
20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық
ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп
мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км)
аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және
экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы
төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен
пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу
— Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов,
Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң
бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және
қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты
әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан
өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол
жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық
туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы
ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой
туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында
туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы
50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау
шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған
200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында
Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi
орналасты.
Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер
кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы
мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ)
құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж.
кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма
ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi
кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы,
Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста
экскурсиялық бюро ашылды.
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға
шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар
тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло,
т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес
қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi
атағы берiлдi.
1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан
әрi дамуына әсер еттi.
1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып,
саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар
пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ.
кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат,
экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро,
Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды.
Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.
1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк
экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына
Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р.
Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991
жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан
Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын
дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан
Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi
тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы,
жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда “Қазақстан
Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда
республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары,
туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның
табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға
мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi
ретiнде дамытуды қажет етедi.
2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi
бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк
экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк
фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-
ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб
Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б.
елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.
Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол.,
денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен
серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-
ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық
сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет
көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”,
“Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”,
т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма
және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан — Интерконтиненталь
Астана”; “Комформ — Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын
дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде,
Қазақ Ұлттық ун-тiнде, “Тұран” ун-тiнде, т.б. жоғары оқу орындарында
дайындалады.
Туристiк нысандар. Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени,
сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра
алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн өзге
де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни,
т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-
рекреациялық, тарихи-археол., тәуеп ету, т.б. топтарға бөлiнедi.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау,
Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығ. Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл,
қазақстандық Алтай, Оңт. Қазақстан жерiндегi Батыс, Солт. Тянь-Шань,
Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Бат. Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар,
Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орт. Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай,
Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы обл-
ндағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға
Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы
шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi
жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту
мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келедi. Қазақстан аумағындағы 9
мемл. қорықта да ғыл.-экол. туризмдi дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы
орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-
экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ
қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңт. Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Бат.
Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң
қызығушылығы мол. Археол.-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен
нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр
ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi
бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өз-ндегi
Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы
тастағы суреттер жатады.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6 — 3 ғ-лардан қалған сақ қорғандары,
Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын
адам”, 2001 — 2002 ж. Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд-ның Бергiел
(Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол. туристiк нысандарға
жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз,
Жаркент қ-лары, т.б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып
табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет
Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң
негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар
туристер үшiн тартымды нысандар. Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары
республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi
Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана
зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп
етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.)
Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-
нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi
мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi,
Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.
Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген
құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек
пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.)
Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен
Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б.
жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын
қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi,
Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi
орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды
мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек
кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс,
Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов,
I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар
орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар обл.
Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы таулы-орманды
“Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл.
Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы
“Орал”, Қостанай обл-ндағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңт. Қазақстан
обл. Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор”
базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан.
қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы
(зоол.), Тарбағатай (зоол.), Жалтыркөл (зоол.), Ұлытау (зоол.), Бетпақдала
(зоол.), Қарақия-Қаракөл (зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын
каньоны (ландшафты — палеонтол.) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы”
(ботан.), Күмiс қылқанды орман (ботан.), Жаманшық тауы (геморфол.),
Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол.), Жаңғақ тоғайы (ботан.), Бүркiттау шоқысы
және Тұма бастаулар (гидрол.), т.б.

2. Туристік фирма туралы

ҒаламНұр ЖШС 1998-ші жылы 17 ақпанда ресми тіркелді. Компанияның
директоры да құрылтайшысы да Майра Сырбаева. Заңға сәйкес туристік фирма
жыл сайын туристік қызметпен айналысуға байланысты рұқсат қағаздарын
жаңартып отырады. 2002-ші жылдың 22-ші сәуірінде Қазақстан Республикасы
туризм және спорт агенттігінің шешімімен біздің фирмамызға осы облыста
қызмет етуіміз үшін ұзақ мерзімді рұқсат берілді.Қытаймен шекаралас
болуымыздың өзі алғашқы жылдары фирмамен осы ел арасындағы байланысты
нығайтты. 2000-шы жылдары Үрімші шоп-турлары қазақстандық демалыс
орындарымен толықты. Олардың арасында Голубой залив және Алакөл демалыс
орындарын ерекше атауға болады. Осыдан соң туристік фирма жергілікті
азаматтар үшін шет елге жол ашты.
Бүгінгі күні Шолпан аяғынан нық тұрып, болашаққа үлкен сеніммен қарайды.
Барлық тұрғындарға әлемге есік ашу үшін көмектеседі. Кез келген елге
туристік сапар ұйымдастыру компания үшін ауыр мәселе емес. Сайтта
көрсетілген елдерге баруға біз қолғабыс ете аламыз. Тек тапсырыс берсеңіз
болғаны! Сіз жолда кетіп бара жатқаныңызды байқамай да қаласыз. Сізге
ұсынған бағыттарды біз өз көзімізбен көріп, бақылағанбыз. Сондықтан, біз
қашанда сіздерге тек қана ең тиімді,ең әсем жерлерге баруға кеңес береміз.
Сіз қаржым жетпей қала ма деп алаңдап жүрсіз бе? Бұл жағынан да біз сізге
көмектесеміз. Біз қолыңызда бар қаржыға сай демалыс уақытыңызды қалай жақсы
өткізуге болады, және қайда өткізуге болатындығын асықпай айтып береміз.
Басқа шет елдердегі әріптестерімізбен он-лайн байланыста болғандықтан, біз
қай демалыс орнында қандай жеңілдіктер болып жатқандығынан әр кез
хабардармыз. Біз әлемдік туризмнің соңғы жаңалықтарын қалт жібермейміз!Сіз
Шығыс Қазақстанның ең әсем, ең сұлу әрі сәнді сәулетке толы аймақтарын
аралап көргіңіз келе ме! Бұл үшін ешқандай кедергі жоқ. Шығыс Қазақстанның
әсем әрі тарихи кереметтерге толы жерлері туралы сізге сол аймақта туып-
өскен жергілікті, біз сияқты мамандардан артық ешкім де айтып бере алмайды.
Бізге облыстағы әдемі жерлердің барлығы белгілі, кез-келген емдік, шипалы
орындардың әр қайсысын біз жатқа білеміз, сізге де қолайлы ақыл қосып,
қызмет көрсетеміз. Сондықтан біздің экскурциялық іс-сапарымыз сізді
жалықтырмайды, сіз тек таң қалумен боласыз!Біздің ұжым-жас әрі белсенді әрі
жаңашыл топтан құралған. Сондықтан фирманың үздіксіз да м уына үлкен үлес
қосып келеді. Сонымен қатар мақтан тұтар жайттарымыз да аз емес. Біз жыл
сайын Демалыс және Саяхат – KITF (Қазақстан, Алматы), Astana Leisure
(Қазақстан, Астана), MITT (Ресей, Мәскеу) атты халықаралық ауқымды
көрмелерге қатысу арқылы әріптестік қатынастарымызды кеңейтіп, үлкен
ұсыныстарға ие болып жатамыз. Өз біліктілігімізді арттыру мақсатында
Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі ұйымдастырған
семинарларды да жіберген емеспіз.
Біздің фирмамыз еліміздегі туризмнің дамуына қосқан үлесі үшін
мемлекеттік деңгейдегі мақтау-мадақтау атақтарына да ие болған. ҒаламНұр
туристік фирмасы Семей мемлекеттік туризм және спорт комитетінің сондай-ақ
спорт және туризм министрінің мақтау қағаздарына ие. Әлеуметтік жағдай да
фирма жетекшілігінің назарынан тыс қалған емес. Туристік фирма Исток АҚ
және HOSPICE -тің демеушісі болып саналады. Сонымен қатар жергілікті
телеарнадағы өңір тарихына қатысты бағдарламалардың көрсетілуіне де біздің
фирмамыз демеуші.

1.3 Туристік фирма қызметі

Туристік фирма қызметі – бұл субъектілердің ақшалай қаражаттарымен,
мүліктерді.Туристік қызмет субъектілері өз атынан және өзінің
жекеменшігінің жауапекершілігіне. Туристік қызметтің екі (моделі) үлгісі
белгілі: классикалық туристік қызмет. Классикалық туристік қызмет – қызмет
номеклатурасын жаңарту және ұйым. Инновациялық туристік қызмет ең алдымен
туристік қызмет қызметтегі новаторлықпен. Туристік фирма қызметімен
айналысатын кәсіпкердің бойында болуы қажет қасиеттер:
- Заңды әрекет шеңберінде іскерлік қызметтің кез-келген сұрақ бойынша
- Өз қызметінің нәтижесінде экономикалық және басқа бір қызығушылықты
- Тәуелділікке бойсұну және өз мойнына жауапкершілікті алу. Тәуелділік
- Жұмысқа деген әрқашан да инновациялық тәсілдемені иелену (қызмет
- Қазіргі кездегі жағдайларда табысты істің жетік ұйымдастырылуы үшін
туристік
- Туристік фирма қызметінде келесідей сатыларды бөліп шығарады:
- Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің мүмкіншіліктері мен нарықтық
қажеттіктері
- Қызмет және маркетинг өндірісінің жоспары мен жұмыс жасауды
- Ресурстардағы және тауарды жеткізушілердегі қажеттіліктің анықталуы.
- Жұмыстың жүзеге асырылуы, қызмет өндірісінің техникалық, қаржылық,
ұйымдастырушылық
- Фирманы басқару – бұл жұмыстың түзетілуі және талдануы, бақылау,
- Туристік қызметтік орта – бұл туристік қызметтің нәтижелеріне
Туристік фирмадағы экономикалық жағдай бұл – туристік тауарлардың шын.
Туристік фирмадағы әлеуметтік жағдайлар бұл - туристік қызметті . Туристік
фирмадағы құқықтық жағдайлар бұл – туристік қызметтің дамуы. Ф.Котлер
бойынша туристік қызмет қызметтің мемлекеттік реттелу қажеттілігі,
келесідей
- Фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі, өйткені бәсекелестік
кәсіпкерлердің мүдделеріне
- Тұтынушының таза емес іскер практикадан қорғау қажеттілігі
Қазақстанда кәсіпкерік үшін заңдар жүйесі енді ғана жиналуда, әлемнің
Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер және Менеджер сөздері
синонимдер болып. Туристік қызметтің бәсекеге үнемі қабілетті болу үшін
келесідей түрлерін
- Өндіруші – қызметтің және басқа өнімнің ортаға шығуы;
- Коммерциялық - өндірушіден тұтынушыға жасалған өнімнің қозғалысы бойынша
- Қаржылық- қызмет және өнімнің қайта өңделуі мақсатында
- Кеңес беру-қаржыны, маркетингті басқару. Өндірушілердің мүмкіншіліктерін
Қызметтің алғашқы үш түрін қайта өндірудің сатысымен байланысты айырады.
Қызметтің соңғы түрін (төртінші) туристік қызмет қызметің қөмекші
түрлеріне. Туристік қызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның
туристік қызмет қызметтері. Осылайша, туроператорлардың қызметі көп
жағдайларда турөнімнің және оның бөлшектік. Турагенттер делдалдардың
қызметін – турларды сатушылардың функциясын атқарады.Контрагенттер –
туристік қызметтерді орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар,
тасымалдаушылар,Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату
мен орындауды қоса. Кеңес берушілік туристік қызмет қызмет туризм саласында
кеңінен қолданылады. Туристік фирма қызметіндегі идея бұл – экономикалық
белсенділіктің кәсіпкермен.Кәсіпкердің қызметі идеялардың банкісін құруды
болжамдайды, олар қызмет өндірісінің. Идеялардың алғашқы экспертті
бағалануының кәсіпкердің өзімен жасалуы практикалық. Практикалық позиция
тұрғысынан идеялардың бағалануы үшін нарықтағы жағдайлары. Туристік нарықта
өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс. Екінші эксперттік
бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және Қабылданған
идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:
Бизнес-жоспар, оның мәні, жұмыстың жүзеге асырылуының нақты есептерімен
- Қағазға алынатын қаржы қаражаттары мен серіктестердің тартылуы;
- Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі.
- құрылтайшылардың құрамын анықтау және құрылтай құжаттар өңдеу;
- құрылтайшылар фирманың қызметі мен құрылуы туралы келісім шарт
- директор мен басқа да басшылардың тағайындалуы туралы фирма
- банкте уақытша шот есептің ашылкы;
- фирманың орналасу жері бойынша бөліміндегі тіркеу поштасында фирманың
- фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда
- кәсіпорынның салық инспекциясы бар аудандарда тіркелуі;
- дөңгелек мөр мен бұрыштық штамптың әзірленуіне рұқсат алу;
- Фирманың тауардың өндірісіне ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;
Туристiк фирма қызметі - жеке және заңды тұлғалардың туристiк
1) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер,
туристiк
2) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама,
3) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут
Туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып
туристiк фирма қызметін көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде
Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан
Республикасының
1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:
1) туристiк операторлар (туроператорлар);
2) туристiк агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бiрлестiктерi;
5) экскурсанттар;
6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;
7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн
мемлекеттiк органдар
2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық
Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң,
қоғамдық тамақтандыру.Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің дамуын
талдау қабылданып, жүргізіліп жатқан мемлекеттік, облыстық деңгейлердегі
бағдарламаларға қарамастан оның басқа елдермен салыстырғанда әлі де төмен
дәрежеде екендігін көрсетті. Бұл саланың облыстың туристік-рекреациялық
мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай отырғандығының басты себептері:
1. Көлік мәселесі. Туристердің басым бөлігі сервис және сенімділік
жағынан шетелдік әуе тасымалдаушыларын таңдайды, соның салдарынан
отандық әуе компанияларында жолаушылар ағысы төмен. Әуе билеттері
құнының жоғары болуына байланысты турфирмалар өнімінің бағасы
қымбат, соған орай халықаралық нарықта біздің турөнімнің бәсекеге
қабілеттілігі төмен. Автокөлік шекаралас мемлекеттерге шоп-
турларды ұйымдастыруда және экскурсиялық маршруттарда қолданылады.
Бірақ оның дамуы облыс аймағындағы туристік объектілерге апаратын
жолдардың жағдайына және туристік көлік құралдарына техникалық
қызмет көрсету деңгейіне байланысты артта қалып отыр. Шығыс
Қазақстан облысындағы автобус паркі моральдық, физикалық тұрғыда
тозған автобустар ғана ұсына алады. Облыстағы келешегі бар
туристік объектілерге тікелей темір жол көлігімен жету мүмкін
емес.
2. Туристерді орналастыру орындары. Шетелдік туристерге облыс
орталығының өзінде сапалы қызмет көрсетуге сәйкес қонақүйлер жоқ,
барының материалдық базасы 80% тозған, өйткені олар 60-жылдары
салынған. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша туристік классқа
жататын 2-3 жұлдызды және шағын, орта қонақүйлердің қызметі
рентабелді болып келеді. Облыс орталығының өзінде мұндай
қонақүйлер саны 3-4 аспайды. Ал тікелей туристік объектілерде
қонақүйлер құрылысы әлі күнге қолға алынбай отыр.
3. Кадрлық қамтамасыз етілу. Туризм саласының кадрлармен қамтамасыз
етілу деңгейі осы уақытқа дейін қанағаттанарлықсыз болып отыр.
Облыста туризм менеджерлерін дайындайтын бірқатар жоғары оқу
орындары бар. Ал экскурсия жүргізушілер, гидтер, нұсқаушылар
дайындайтын арнайы оқу орындары жоқ.
4. Ішкі және кіру туризмін дамыту мәселелері. Облыста 2009 жылдың 1-
қаңтарында 48 туристік фирма, оның ішінде 25 туроператорлық, 22
турагенттік және 1 экскурсиялық фирма әрекет еткен. Аталған
туристік фирмалардың көрсететін қызметтерінің 80% жуық үлесін шығу
туризмі құрайды. Бұл фирмалардың ішкі және кіру туризмін дамытуға
ынта білдірмейтіндігінің басты себебі облыстағы туризм
инфрақұрылымының төмен деңгейі және ішкі, кіру туризмін дамытуда
мемлекет, жергілікті басқару органдары тарапынан жеңілдіктердің
қарастырылмауы.
Осы мәселелерді шешу үшін туристік фирмалар қызметінде маркетингті
жетілдіру маңызды.
Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты.
Резидент емес туристер облыс аумағына көбінесе автожол немесе әуе
көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады.
Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының
жағдайына байланысты.Сондықтан Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен, Өскемен-
Шемонайха, Қарағанды-Аягөз, Зырян, Катон-Қарағай, Омбы-Майқапшағай, Зайсан-
Қалжыр-Теректі сияқты туристік объектілерге апаратын республикалық маңызы
бар автомобиль жолдарын күрделі және қайта жөндеуден өткізу қажет.Сонымен
қатар Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту және оның әлеуетін ұтымды
пайдалану үшін келесі шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз.
Кіру туризмi мен iшкi туризмдi дамыту мақсатында көшi-қон, визалық және
тiркеу рәсiмдерiн, кеден және шекара бақылауын жеңілдету мәселелерi
жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру, халықаралық шарттар базасын кеңейту үшін шет
елдермен ынтымақтастықты жандандыру, белгiленген техникалық реттеу
жүйесiнiң талаптарына сәйкес туристiк және қонақ үйлiк қызмет көрсетулердiң
сапасын арттыру қажет.
Туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелерiн шешу үшiн сумен жабдықтау және
су тарту жүйесiнiң құрылысын салу, телефон желiсiн төсеу немесе өткiзу және
спутниктiк байланыспен қамтамасыз ету, көлiк жолдарын салу және қайта
жаңғырту керек. Бірінші орында сұранысы жоғары жағажай және емдеу-сауықтыру
туризмін дамыту аймақтарын коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету қажет.
Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын ескере отырып Алакөл және
Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында туркласс санаттағы
мейманханалар желісін, қонақ үйлер мен кемпингтер салуды қажет етеді.
Сонымен қатар, туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру
мақсатында халықаралық бизнес-қоғамдастықтардың Қазақстанның туристiк
мүмкiндiктерi туралы хабардарлығын арттыру және осыған байланысты шетелдiк
ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, даму институттары мен қорлары, екінші
деңгейдегі банктер қаражатынан қаржыландыру туристік саланы дамытуға зор
ықпал етеді. Инвестиция көздерін табу туристік және кәде-сый өнімдері
индустриясын дамытуға, кіру туризмiн жандандыруға тартымды, әлемдiк
стандарттарға сәйкес келетiн туристiк инфрақұрылым объектiлерi бар аудандар
салудың өңiрлiк жоспарларын әзiрлеуге, киiз үйлер дайындайтын
кәсiпорындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Қазақстанның туристік индустриясын дамытудағы көліктік инфрақұрылымның ролі
Қонақ коды сандар
Брондау және резервтеудің заманауи жүйелері
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Әлемдік ғарыш туризмінің жағдайы
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Туризм туралы түсінік
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Пәндер