Супермаркеттің деректер қорын жобалау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Супермаркеттің деректер қорын жобалау» болып табылады. Курстық жұмыс барысында ағымдық бақылауды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтама құру алға мақсат етіп қойылды.
Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады, олар: аналитикалық бөлім, онда тапсырма бойынша қысқаша сипаттама, ақпараттық жүйелерді талдау және оларға шолу жасалынған; жобалау бөлімі, бағдарламалық қамтаманы MS Access деректер қорын кесте түрінде жасау және Delphi бағдарламалау ортасында құрастырылған. Сонымен қатар курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады. Курстық жұмыс 46 беттен, 25 суреттен, 5 сұлбадан және 25 кестеден тұрады.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылған:
ҚР СТ 12. 0. 001 - 2005 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйісі.
МЕСТ 12. 1. 005-88, «Жұмыс зонасының ауасына жалпы талаптар».
МЕСТ 12. 1. 0. 19-79, «Электр құрылғыларын орнату ережелері».
МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы
СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;
СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;
Кәсіпорында еңбекті қорғау басқару жүйесі жалпы талаптар;
СанПиН 2. 24. 548-96, «Өндірістік орындардың гигиеналық талаптары».
ДНАОП 0. 03-3. 01-71, «Өндірістік орындардың санитарлық нормалары-245- 71».
Анықтамалар
Бұл курстық жұмыста сәйкес анықтамалармен келесі терминдер қолданылады:
Экономикалық ақпараттық жүйе- өте қиын жүйе, ол көптік элементтер ретінде және олардың арасындағы қатынас түрінде ұсынылады.
Экономикалық ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету жүйе асты ақпараттың программалық, математикалық, техникалық, ұйымдасты-рушылық және қамтамасыз етуден тұрады.
Ақпараттық жабдықтау деп ақпаратты кодтау және классификациялаудың, құжаттаудың унификацияланған жүйелерінің, ақпараттық ағын схемаларының, сонымен бірге деректер қорын құрудың методологиясының біртұтас жүйесінің жиынтығы болып табылады
Мәліметтер қоры - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы.
Берілгендер қоры - құрылымы арнайы тәсілі бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы.
Жүйеше - бұл белгілі бір атауы бойынша ерекшеленген, жүйенің бөлімі.
Операциялық жүйе дегеніміз - ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.
Жүйе - бұл қызметі нақты пайдалы нәтиже алуға бағытталған өзара және сыртқы ортамен байланысқан элементтер жиыны.
Басқарушылық ақпарат - материалдық игіліктерді өндіру, тарату және пайдалану процестеріне қызмет көрсетіп, экономика салаларын басқарудың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін ақпарат.
Белгілеулер мен қысқартулар
БЖ - бағдарламалық жабдықтама
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны
БҚ - берілгендер қоры
БҚБЖ - берілгендер қорын басқару жүйелері
ҚБ - қолданбалы бағдарламалар
ОББ - Объектті бағдарлы бағдарламалау
ААЖ - Ақпараттық анықтамалар жүйе
Кіріспе
Қазіргі кезде ірі өндірістердің қаржылық жұмысының сапасына қосымша берілетін сұраныстарға қарай отырып, оның әсерлі жұмысы сауда фирмасының автоматтандырылған қойма есебінің компьютерлік жүйесінің базасындағы ақпараттық құралдармен толықтыруына тәуелді болады.
Компьютерлік есептің өзінің ерекшеліктері бар және жай есепке қарағанда радикальді ерекшеленеді. Компьютер құжаттарды (саудалық жұмыстың жүрісінің анализін орындау үшін) әзірлеуге және жиналған мәліметтерді толықтыруға кететін уақытты азайтып отырғанмен, есепті оңайлатпайды. Сауда жөніндегі есепті (компьютер арқылы алынатын) онсыз-ақ алуға болады, бұл жерде компьютерде ешқандай математикалық жүйе сақталмайды, бірақ есептеу үшін біраз уақыт кетеді, немесе есептеу үшін бірнеше есептеуші алуға болады, бірақ олардың айлығы олардың есептеу нәтижесіндегі пайдадан көп болады. Осылай компьютерді қолдансақ сан сапаға ауысады: «есептеудің жылдамдығы өссе, сауданы жұргізудың сапасы жақсарады».
Берілген жобалық жүйенің негізгі мәселесі, сауда фирмаларының тауар қозғалыстарын есепке алып, сыртқы орта үшін стандартты құжаттарды дайындау болып табылады. Шаруашылық процестермен оперативті басқару бірнеше күнге дейін оқиғалардың тіркелуін орындайды. Бұл мәселелер интерактивті, күнделікті сиппатамасы бар, олар шаруашылық процестердің орындаушыларымен орындалады және арнайы арналған алгоритмдерге сәйкес құжаттардың әзірленуі мен олардың жіберілуімен байланысты. Шаруашылық операцияларын орындаудың нәтижелері сәйкес журналдарға тіркеледі. Бұл процестерді автоматтандыру ақпаратты бір базада сақталынады және базаға ақпарат оңай интерфейс арқылы енгізіледі.
Осыған орай сауда фирмасының автоматтандырылған деректер қорын құру үшін, төмендегі мәселелерді шешу керек:
1. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпорынын дамуына жалпы сипаттама беру; .
2. Облысымызда өңiрiнде шағын кәсiпкерлiктiң дамуы;
3. Сауда фирмасының атқаратын жұмысы туралы материал жинақтау;
4. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің кезеңдері;
5. Ақпараттық жүйенің құрудың, технологиясының ұғымы және оның дамуы;
6. Реляциялық деректер қорын құру;
- Жобаның таңдалған вариантын орындау.
Сауда фирмаларының тауар қозғалыстарын есепке алуды автоматтандырудың ақпараттық жүйесі болып табылады.
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Сауда фирмасының атқаратын жұмысы
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы шағын және орта бизнеске көп көңіл бөлініп отырылғаны өзімізге де белгілі. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікке Қазақстан банктері көмегімен несие беру арқылы дамытуда. Сол несиелердің бірін алып, ашылып жатқан кәсіпкерліктің бірі сауда орталығы болып табылады.
Қазіргі экономика эффектілі басқарусыз ойға келмейді. Басқарудың сәттілігі эффектілік интегарцияланған шешімдер қабылдағанда анықталады, олар әр бағыттағы факторлар мен дамуының динамикалық тенденцияларын ескереді.
Интеграциялық шешімдердің маңызды категориясы - бұл өндірістің ақпаратты өңдеу жүйесі. Сауда фирмасының мәліметтерін өңдеу жүйесінің ең негізгі мақсаты жұмыстың эффектілі болуында. Сауда фирмасының мәліметтерін өңдеу жүйесі мынадай болуы керек:
- жұмыс қорытындысы бойынша ортақ және бөлшектендірілген мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- маңызды көрсеткіштердің өзгерісінің тенденциясын оңай анықтау;
- ешқандай күтусіз уақыты бойына критикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету;
- мәліметтерді толық және нақты анализін жүргізу.
Өндірістік процеске ақпаратты өңдеу ретінде қарау басқарудың автоматтандырылған жүйесі жөніндегі мамандармен қабылданған. Ақпараттық процестің рационализациялануы өндірістік істің элементтерінің таратылуымен бірге еңбекті басқарудың эффектілігін жоғарлатуы керек.
Сауда фирмасының мәліметтерін өңдеу жұмысының эффектілігінің негізгі көрсеткіші алынған ақпаратты өңдеуді жылдамдығы болып табылады.
Бұл жақындаудың қарсыластары, өндірістік және басқарулық еңбектің арасында принципиальді айырмашылық бар екенін айқындайды. Олар барлық басқарулық іскерлік творчестволық мінездеме алуынан шығады, басқарулық жұмыстардағы нормаларды және уақыт нормативтерін өңдеу - өте қиын есеп, ол кейде шешілмейтін есеп болады. Алайда мекемелік іскерліктің анализі, құрама еңбектің рутийлі және творчестволық байланысы соңғысының пайдасына емес. Ол мезетте ақпаратты мекемелік технологияларға жіберудің (алмастыру) үлкен бөлігі циклді және стабильді мінездеме ұстанады, ол мекемелік іскерлікке барлық өндірістік процестің атрибуттарын таратудың принципиальді мағынасын береді.
Өндірістің іскерлігін анализдеу өндіріспен шешілетін есептерді класификациялайды. Ең көп оңай есептер толық формализацияланған (құрылымданған) процедура класын шығарады, олар орындаушыларға уақытты шығындаудан басқа ешқандай қиындық туғызбайды. Бұл есептер оңай стандартталады және программаланады. Сауда фирмасының мәліметтерін өңдеу есебіне кіретіндер: есеп және басқару, жалға алушының салық төлемақылары, жалгердің жалдап отырган орнының ауданы, жұмысшылар тұралы мағлұмат және т. б. журналын әзірлеу кіреді.
Сауда ұйымы ішкі жүйеде сату орнын жалға беріп тауарды сатушылармен мен тұтынушылары арасындағы көмекші қызметін атқарады.
Тауарларды сатып алумен сатушылардың өздері айналысады. Бұл бөлім барлық ассортименттегі сатып алу сұрақтарын шешеді. Сатып алу саудагерлердің сұранысының негізінде орындалады.
Автоматтандырылған жүйе сауда фирмасының мәліметтерін өңдеу жұмысының есептерін шешуге арналған. [1]
1. 2 Мемлекеттің шағын және орта бизнесін дамыту туралы сипаттама
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдарға кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірі кәсіпкерлермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалы ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасалуда.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын биснеске анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең көп таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, таңы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындарыдеп санауды ұсынуда. [2]
1. 3 Шағын бизнестің анықтамасы
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Авторлары, шағын бизнесті жұмысшылардың саны капитал айналымы, өндіріс көлемі сияқты және т. б. көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп, қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет көрсету мен сатуды қамтамысыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.
Анағұрлым жаңашыл зертеулерде шағын бизнестің мынадай сипаттамалары ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы; кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі; негізін қалаушылар - тәуекелге бейім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері; менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған; бизнес жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда; акционерлермен өзара қанынас аз, жалаң сипатқа ие; бизнес әртүрлі компентеция түрлерін таңдауда жоғарырақ икемділік дәрежесіне ие болады.
Д. Лонгенеке (Longeneker Justin G. ), У. Петтидің (J. William Petty), К. Мурдың (Carlos W. More) зертеулерінде жеке көрсеткіштер ұстамындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынылды:
- Бизнесті қаржыландыру бір инвесторымен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15 - 20 - дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
- Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
- Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
- Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын болып есептелуі мүмкін.
Бізде шағын бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте шағын кәсіпкерлікпен ұқсастырылады. Әлі сонау 1990 жылдың тамызында КСРО Министрлер Кеңесінің «Шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы» қаулысы қабылданып, соның негізінде Қазақ ССР Министрлер кеңесінің сәйкес №432 қаулысы қабылданды. Шағын кәсіпорынды жіктеу кезінде, онда жұмыс істейтін адамдар саны факторы негізге алынды. Шағын кәсіпорындар азаматтар, жанұя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін басқа тұлғалар тарапынан, мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар әртүрлі заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін еді.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. [3]
1. 4 Шағын фирмалардың жұмыс істеу қарқыны
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50-ші жылдардан бері, келісім-шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санына (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындысында) 53, 5-тен 65, 5 %-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981 ж. 85, 7%-ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес слмағы 90-шы жылдардың басында 80%-ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық - монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Спецификациялық функцияларды істей отырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін-бірі толықтыруда деуге болады. Сондықтан шағын және ірі құрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы заңсыз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді, мысалы, комбинат әсері - бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлде қайда тиімдірек орындайды.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл - шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады [4] .
Шағын бизнестің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді.
Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізінен қалаушы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам.
1. 5 Облыс өңiрiнде шағын кәсiпкерлiктiң дамуы
Облыстағы шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер экономиканың осы саласының даму бағытын, беталысын көрсетедi.
Облыстық салық комитетiнiң ресми мәлiметтерi бойынша, 2012 жылдың 1 қаңтарына облыста 13714 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген, олардың 3017 заңды тұлғалар, 10697-жеке кәсiпкерлер, оның iшiнде 1611 шаруа қожалықтары. Жұмыс iстеп тұрған шағын бизнес субъектiлерiнiң экономикалық қызмет түрлерi бойынша сауда саласында (39, 1 пайыз), көлiк және байланыс (25, 2 пайыз), ауыл шаруашылығы (14, 4 пайыз), өнеркәсiп (2, 1 пайыз), құрылыс (3, 1 пайыз), қонақ ұйлер мен мейрамханалар (3, 1 пайыз), басқа да қызмет түрлерi (12, 9 пайыз) құрайды. Осы салада еңбекпен қамтылғандар саны 23723 адам. Облыста өнеркәсiптiң негiзiн мұнай өндiрушi iрi кәсiпорындар құрауына байланысты, өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiндегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өнеркәсiп саласындағы өндiрген өнiмiнiң үлесi небәрi 1 пайызды құрайды.
Шағын бизнес саласынан облыстық бюджетке түскен түсiмдер үлесi 5 пайыз. Облыста шағын кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн барынша жағдайлар жасалып жатыр. Олар: қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актлердi жүйелеу, ауылшаруашылығын техникамен қамтамасыз ету және жөндеу бағытындағы арготехникалық орталықтар ашу, кәсiпкерлер мүддесiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктер ұйымдастыру, кәсiби салалық кәсiпкерлер ассоциацияларын құру, қаржылық көмек, оқыту мен кәсiби бiлiктерiн жоғарылату.
Облыс аймақтарындағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуын бағалауды күшейту мақсатында рейтингтiк бағалау әдiстемесi қолданылады. Бағалау көрсеткiштерi үш топқа бөлiнген:
- аймақ экономикасының даму деңгейi мен ерекшелiктерiн бағалайтын көрсеткiштер;
- аймақтағы шағын кәсiпкерлiктiң даму деңгейiн, беталысын және жағдайын бағалайтын көрсеткiштер;
- шағын кәсiпкерлiктi дамытуда аудан, қала әкiмi жұмысын бағалайтын көрсеткiштер.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизнес қайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындары-ның, табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.
Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындалай келе келесідей шағын және ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады.
Шағын фирмаларды көбірек құру - жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққын бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Экономиканың бұл күшті қорегін жоғары дамыған елдерде елемей кетпейді, оларшағын бизнесті, сайып келгенде кез-келген ірі бизнестің негізі деп, өздеріне есеп беруде, себебі кез-келген ірі кәсіпорын екі адамның бастапқы аздаған капиталмен өз ісін бастау идеясынан басталады. Идея кәсіпорынның кіріс әкелу мүмкіншілігіне айналады.
Кірістің өсуі өндірістің дамуына жағдай жасайды, бұл кірістің одан әрі өсуіне әкеледі, демек өндірістің әрі қарай даму мүмкіндігі пайда болады. Шет елдегі шағын кәсіпорыннан млн. айналымы бар компанияларға айналатын ірі фирмалардың бастапқы тарихы осындай.
Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарас бар: жаңа кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және жанұялық бизнес (1. 1-сұлба) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz