Кестелермен жұмыс. кесте элементтерін таңдау және өшіру.


ЖОСПАР

Кестені қолдан құру. Кестені сақтау.

Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс касиеттері.

Кесте өрісін индекстеу.

Кесте шебері.

Кестелермен жұмыс. Кесте элементтерін таңдау және өшіру.

Кестеге жазба мен өріс қосу.

Кестені не кесте құрылымын көшіру.

Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы.

Кестелерді байланыстыру жолы.

Қолданған әдебиеттер тізімі.

Кесте

Кестені қолдан құру. Кестені сақтау

Кесте - деректер қорының негізгі объектісі. Кесте кұру үшін ДҚ терезесін ашып, Кестелер - Құру командасын беру керек. (Кестелер қондырмасын, одан әрі Құру түймесін шерту) . Жаңа кесте сүхбаттық терезесі көрінеді. Онда кесте құрудың үш режимі бар:

- Кесте режимі (кестені қолдан қүру) .

- Кестелер шебері (кестемі автоматты түрде құру) .

- Конструктор.

Ассеss 2000-да терезені шығару үшін Кестені деректерді енгізіп күру - Құру командасын беру керек. Алғашқы кездерде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн. Ол кесте құруға машықтандырып, түрлі терминдермен танысуға көмегін тигізеді.

1. "Жаңа кесте" терезесінен "Кесте режимі" қатарын таңдап, ОК түймесін шерту (режим қатарын екі рет шертуге де болады) .

2. Ретімен оның Өрісі, Өріс2, . . . тақырыптарын екі реттен шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын (атауларын) енгізу.

3. Ұяшықтарға жазу элементтерін (өріс мәндерін) енгізу. Ұяшыққа ендірілген элемент оған сыймаса, оны ескерудің қажеті жоқ. Көрінісін көргіңіз келсе, көрсеткішті өріс тақырыбының шетіне әкеліп, баған сызығын әдеттегідей әрі-бері жылжытуға болады. Қатені түзету үшін В5 пернесін пайдалану жеткілікті.

4. Терезенің Жабу түймесін шертіп, терезені жабу. Ассеss кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе шығарады. Оның Иә түймесін шерту керек.

Ескерту. Кесте не басқа ДҚ объектілерінің берілгендері перне тақтадан енгізіліп, бекітілген (курсор басқа ұяшыққа көшірілген) сайын Ассеss оларды автоматты түрде сақтап қояды.

5. Кесте атауы сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Уақытша тағайындалып атауын өзгерткіңіз келсе, жаңа атау енгізіп (мысалы, Сессия), ОК түймесін шерту.

6. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Егер Иә түймесін шертсеңіз, Ассеss автоматты түрде кестеге Код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өріс келешекте қажет болмаса, Жоқ түймесін шерту.

Құрылған кесте ДҚ-ның Кестелер бөліміне жазылып қойылады.

Дайындалған кесте мазмұнын көріп шығу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі Ашу түймесін шертсе болғаны.

Ассеss кесте өрістері типтерін оларға енгізілген мәндер бойынша автоматты түрде анықтап қояды. Бірақ кейде өріске енгізілген бүтін сандық деректер типін мәтіндік деп белгілейді. Кесте құрылымын өзгерту қажет болса, "Конструктор" режимін пайдалану ксрск.

Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.

Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:

- өріс атауын өзгерту; өріс типін өзгерту;

- өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;

- жаңа өріс қосу; өрісті кілттік ету;

- жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету және т. б. Конструктор терезесін ашу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасынан кесте атауын тауып, Конструктор түймесін шерту керек.

Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің "Деректер типі" бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен кажетті типті таңдаса болғаны.

Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң түймесін шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті (не аспаптар панелінің Кілттік өріс түймесін шертуге болады) . Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылады.

Дата/Уақыт және Ақшалық типті өріс қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.

Ескерту.

1. Конструктор терезесінің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес.

2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек.

3. Кестеге жаңа өріс қосу қажет болса да, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.

4. Жаңа кесте құру үшін Кестелер - Конструктор командасының берілуі тиіс.

Өріс қасиеттері

Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері - оның типі мен өлшемі.

Ассеss құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де, ал жаңа кесте үшін қолдан орнату да мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі-түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструкпюр режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылады. Мысалы, мәтіндік типті өріс өлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруга не өріс ұяшығына енгізілетін деректердің ең ұзыны сыятындай етіп басқа санды, мысалы, 15-ті енгізу де мүмкін.

Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мұнда да ескеретін жайт - қасиеттер құрамында "Қолтаңба (подпись) " жолы да бар. Ол - формамен жұмыс істеу кезіндс Ассеss автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.

Сандық типті өріс қасиеттерін орнату. Сандық өрістер бүтін не нақты сандар енгізілетін өрістер болып екіге бөлінеді. Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс қүру не өрісті бапқа келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын (қажет болса, ондық таңбалар санын) орнатып қою керек. Қондырмада типке сәйкес тізімді экранға шығару үшін көрінген сәйкес қатардың таңдалуы тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек. Мысалы, өріс өлшемі үшін экранға шығарылған тізімнен Ұзын бүтін (длинное целое) қатарын шерту. Тізім көрінеді. Тізімде көрінген Байт -[0; 255], Бүтін - [-32708; 32767], Ұзын бүтін - [-2147483648; 2147483647] ., Жылжымаяы нүктелі - [1. 401298Е-45; 3. 402823Е+38] сәйкес аралықтарда сақталады.

Қондырмадан Өріс форматы мен ондық таңбалар санын орнату қатарларын тандап, қатарда көрінген тілсызық түймесін шерткен кезде тізімдер көрінеді.

Дата/Уақыт жоне Ақшалық типті өріс қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.

МЕМО өрісі. Өріс мәтіндік өріс сияқты, бірақ ол ұяшықта [257 . . . 65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік деректерді сыйдыру үшіп таңдалады. МЕМО өрісінің ерекшелігі - деректер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.

Логикалық және Есептсгіш типті өріс форматтарын Ассеss автоматты түрде өзі орнатады. Логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнатуды алып тастау Жоқ, (жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.

ОLЕ объектісінің өрісі басқа программалар арқылы кұрылған сурет және т. б. объектілерді кірістіру үшін, Гиперсілтеме өрісі Интернет не басқа объектінің файлдармен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады.

Алмастыру шебері - өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент. Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа.

Кесте өрісін индекстеу.

Ассеss-те индекс берілгендерді бір не бірнеше өріс бойынша іздеулі жылдамдату үшін пайдаланылады. Кілттік өрісі бар кез келген кесте осы өріс бойынша индекстеліп қойылады. Қажет болса, басқа өрісті не өрістерді колдап индекстеп қоюға да болады. Индекстеуге болатын өріс типтері: мәтіндік, сандық, ақшалық және дата мен уақыт. Бір өрісті қолдан индекстеу үшін конструктор терезесінің жоғарғы бөлігінде көрінген осы өрісті таңдап, төменгі бөлігінің Жалпы қондырмасының Индекстенген өріс қатарына Иә (Да) мәнін енгізу керек. Соңындаа терезені жауып, көрілген сұхбаттық терезелерге оң жауап беру жеткілікті.

Жалпы, конструктор режимі терезесінде не кестелер режимінде ашылған кестенің үлгісімен түрлі редакциялау жұмыстарын жүргізе беруге болады. Оларды жанама тәрізді пайдаланып орындаған жеңіл.

Кесте шебері

Кесте қүрудың келесі әдісі - кесте шебері ішкі программасы арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:

1. Жаңа кесте терезесін ашып, "Кесте шебері" қатарын екі рет шерту (оны және ОК түймесін шертуге де болады) . Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сүхбаттық терезесі көрінеді.

2. Терезеде:

а) "Жеке" не "Жұмыста қолдану" ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады) .

б) "Кесте үлгілері" панелінен кесте типін таңдау (мысалы, "Сотрудники") . Оның өріс атаулары "Өріс үлгілері" панеліне кірістіріліп қойылады.

в) "Өріс үлгілері" панелінен қажетті өріс атауларын "Жаңа кесте өрістері" панеліне көшіру (ол үшін атауды екі рет шертуге, не оны таңдап, көшіру түймесін шертуге болады) .

Мұндағы ескеретін жайт: құрылатын кестенің өріс атаулары "Өріс үлгілері" тізімінде бола бермейді. Ол кезде "Жаңа кесте өрістері" панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің "Өріске басқа ат қою . . . " түймесін шерту керек. Көрінген сұхбаттық терезенің "Өріс аты" өрісінс қажетті атауды енгізіп, ОК түймесін шертсе болғаны. т. с. с.

г) терезенің "Одан әрі" түймесін шерту.

3. Екінші қадам терезесінде кілтті пайдаланушының анықтауы не кілтті автоматты түрде анықтау ауыстырып қосқыштарының бірін орнату. "Кілтті автоматты түрде анықтау" ауыстырып қосқышы орнатылса, Асееss есептегіш типті кілттік өріс құрып шығады. Бірінші аталған ауыстырып қосқыш орнатылған кезде "Одан әрі" түймесін басып, кілтті көрінетін қосымша сұхбаттық, терезеде анықтау керек.

4. Үшінші қадам терезесінде кестені бұрыннан құрылған кестелермен байланыстыру мүмкіндігі бар. Қажет болса, терезеде көрінген нұсқауларды орындау.

5. Соңғы терезеде үш ауыстырып қосқыш корінеді. Олардың қажеттісін орнату.

"Кесте құрылымын өзгерту" ауыстырып қосқышы орнатылса, Кесте шебері талапқа сай орындай алмаған іс-әрскеттерді орындауға арналған Конструктор режимі іске қосылады.

"Кестеде берілгендерді тікелей енгізу" ауыстырып қосқышы ор-натылатын кезде Шебер атау берілген және өріс тақырыптары ензгізілген бос кестені экранға шығарады. Кестеге деректерді енгізіп, жаңа кесте құру керек. Оларды редакциялау да мүмкін. Кестенің бір ұяшығына деректер енгізіліп болған соң Enter пернесі басылуы тиіс.

Кестелермен жұмыс Кесте элементтерін таңдау жоне ошіру

а) Ұяшықты таңдау үшін көрсеткішті оның сол жақ шетіне орна-ластырып, ақ крест түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту керек.

Ұяшықты өшіру үшіп оны таңдап, Бет пернесін басу жеткілікті.

б) Бағанды таңдау үшін оның тақырыбын шертсе болғаны. Тақырып оң түймемен шертілген кезде жанама мәзір ашылады.

Бағанды өшіру үшін оны таңдап, Түзету - Бағанды өшіру командасын беру керек.

в) Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау тышқан түймесін басып тұрып, алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.

г) Жазбаны таңдау үшін оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шерту жеткілікті. Таңдалған жазбаны Бет пернесі арқылы өшіруге болады.

д) Қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау үшін тышқанды басып тұрып, көрсеткішті жазба маркері жолында төмен жылжыту керек Оларды өшіру әдісі жазбаны өшіру сияқты.

е) “Төртбұрышты ұяшықтар блогы” таңдау жолы:

блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп, ол ақ крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диагональ бойынша жылжыту.

ж) Кестені таңдау үшін өрістер тақырыбының сол жағында орналасқан кесте маркерін шерту керек.

Ол оң түймемен шертілген кезде кестемен операциялар орындауға арналган жанама мәзір көрінеді.

Кестеге жазба мен өріс қосу

Кестеге жазба (жазу) қосу үшін ДҚ терезесі арқылы кестені ашып, Кірістіру - Жаңа жазба командасын беру керек.

Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазбаны енгізіп, Enter пернесін басу жеткілікті.

Келесі жолға жазбаны осы әдіс бойынша енгізу мүмкін.

Жазбаны таңдап, оны оң түймемен шерткен кезде жазбамен түрлі операцияларды орындауға арналған жанама мәзір көрінеді.

Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып, Кірістіру - Баған командасын беру керек. Ашылған бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.

Кесте өрісін басқа кестеге көшіру

1. Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl+С пернелерін басу не Түзету - Көшіру командасын беру) .

2. Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс қүру. Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.

3. Құрылған өрісті таңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пунктті орындамай, бірден өрісті таңдау жеткілікті) .

4. Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl + V не Түзету -Кірістіру) .

Кестені не кесте құрылымын көшіру

ДҚ терезесінен тандалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны жанама мәзір арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:

а) ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын оң түймемен шерту.

б) Көрінген жанама мөзірдің Көшіру пунктін таңдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Access-те кестелер және сұраныстармен жұмыc жасау
Access - тің диалогты терезелерімен танысу
Кітапхана картотекасының мәліметтер базасы
Мәліметтер базасының негізгі ұғымы
MS Excel ,MS Access бағдарламасы
Кесте - деректер қорының негізгі объектісі
«Кино жұлдыздары» мәліметтер қорын құру.
Ақпараттың мәліметтер базасында сақталу режимі
Эксперттік жүйе функциясы
MS Acsess-те деректер қорын құру және олармен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz